Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ӘДЕБИ ТІЛДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ДИАЛЕКТІЛЕРДІҢ РӨЛІ НЕМЕСЕ ТІРЕК ДИАЛЕКТІ
ЖАЙЛЫ КӨЗҚАРАСТАР
1 Тірек диалекті мен жалпыхалықтық тілдің әдеби тілге қатысы ... ... ... ..
2 Әдеби тіл мен жергілікті тіл ерекшеліктерінің өзара
қатысы ... ... ... ... ..
3 Әлеуметтік диалектілердің әдеби тілге қатысы мен айырмашылығы ... .
4 Кәсіби лексиканың өзге әлеуметтік топтардан өзгешілігі мен әдеби тілге
тигізетін
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
5 Әдеби тілдің сөздік қазынасының толығуындағы диалектизмдердің
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.1 Диалектизмдердің көркем әдеби шығармада қолданылуы ... ... ... ... ..
5.2 Диалектизмдердің баспасөз құралдарында көрініс табуы ... ... ... ... ...
6 Диалектизмдердің әдеби айналымға түсу уәжі және нормалануы ... ... ..
6.1 Диалектілік сипаттағы сөздердің нормаға
түсуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
6.2 Аймақтық сөздіктің арасында жүрген әдеби сөздердің жайы ... ... ... ..
6.3 Диалектілік сипаттағы тұрақты сөз тіркестерінің нормаға енуі ... ... ..
7 Әдеби айналымнан шет қалған
сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Қазақ тілінің лексикалық құрамы әдеби тілде қолданылып жүрген
сөздерден ғана жасалмайды. Ол сөздерден басқа да халық тілінен қамтылмаған
тіл материалы, сөз байлығы бар. Бұл сөз байлығы ұлт тілі жасалған дәуірде
ғана әдеби тілге еніп, бірте-бірте қалыптасып, халықтың керегіне жұмсалады.
Тілдің сөздік құрамы толығып, кейбір грамматикалық формалары жетіліп, ұлт
тілінің көлемі кеңейді. Мұның өзі ұлт тілінің халық тілінен айырмасын
анықтайтын көрсеткіштің бірі болып табылады.
Шынында ұлт тілінің дамуы тілдің жаңа, тың элементтерінің өрістеуімен
де байланысты. Қазақ тілінің сөздік қоры қазіргі әдеби тілде қолданылып
жүрген сөздерден, сөйлеу тіліндегі лексика мен диалектілік лексикадан ғана
тұрмайды, қоғамдағы әр түрлі топтардың тіліндегі арнаулы сөздер де ұлттық
тілдің сөздік құрамына кіреді. Олар тіл білімінде әлеуметтік диалектілер
деп аталып жүр. Қазақ тіліндегі сөз тудыру заңдарының негізінде жасала
отырып, бұлар да лексиканың басқа салалары сияқты, ұлттық әдеби тіл нәр
алатын негізгі арналардың бірі болып табылады. Әлеуметтік диалектілердің
қалыптасу, пайда болу жағдайы, себептері жергілікті диалектілерден басқаша.
Қай тілде болсын, жергілікті диалектілердің негізі көне замандарда салынып,
қалыптасуы феодалдық заманмен ұштасып жатыр. Мұнда ең басты себеп халықтың
жергілікті аудандарының экономикалық бытыраңқылығымен байланысты. Ал
әлеуметтік диалектілерді тұтасымен белгілі бір ғана қоғамның жемісі деп
кесіп айтуға болмайды. Мәселен, қазақ тіліндегі кәсіби сөздердің
кейбіреулері (шиіт, тоған, арық-атыз, алыс-арық т. б. М. Қашғаридың
сөздігінде (XI ғ.) кездеседі. Көне заманнан келе жатса, бірсыпырасы кейінгі
кездің жемісі, мысалы, балық шаруашылығындағы, тау-кен өндірісіндегі кәсіби
сөздер Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейін пайда болған. Сондықтан,
олардың қалыптасу тарихы да түрлі кезеңдерді қамтиды деген қорытынды
жасаймыз.
Тіл тарихын жасауда жергілікті диалектілер мен говорлардың алатын орны
зор. Шын мәнінде, жергілікті диалектілер мен говорларды зерттемейінше
халықтық, ұлттық тілдер мен әдеби тілдің қалыптасу тарихын толық білу
мүмкін емес. Ұлттық тіл де, кейде әдеби тіл де жергілікті диалектінің,
говорлардың негізінде дамиды. Мысалы, орыстың ұлттық әдеби тілі Москва
говорының, ағылшының ұлттық әдеби тілі Лондон диалектісінің, Италияның
ұлттық әдеби тілі Тоскан говорларының негізінде жасалғаны белгілі.
Тіл этноспен бірге жаралып, бірге өмір сүреді десек, оның бастапқы
белгісі өсу, даму, қарым-қатынас көріністері осы күні жергілікті тіл
ерекшелігі, яғни диалект деп танылып жүрген сөздердің мағынасында
сақталған. Сондықтан диалект сөздерді тек этимологиялық, семантикалық,
семасиологиялық, тарихи тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ экстралингвистикалық
мақсатта да қарастырып, мәдениетпен, халықтық этнографиямен жақындастыра
зерттеу қажеттігі туды.
Диалектілік жүйенің пайда болуына тағы бір себеп – көрші елдің тілдік
әсері, яғни ареалды қарым-қатынастың ықпалы. Оқшауланған сөйленіс өзінің
негізгі диалектілік сөйленіс тобы көлемінен соншалықты алыстап көптегенімен
оған өзін қоршаған өзге туыс, туыстық қатысы жоқ тілдер айқын әсер етеді.
Бұл жөнінде диалектолог-ғалымдар Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков былайша
түсіндіреді: Қарақалпақ жеріндегі қазақтар қарақалпақ, өзбек, түрікмен
халықтарымен аралас тұрады, сондықтан олардың тілінде аталған тілдердің
әсері байқалады. Осы сияқты Өзбекстан, Түрікменстан, Қытай, Монғол, Ресей
қазақтарының тілі де үлкен әсерге ұшыраған, дегенмен оқшауланған
сөйленістер де лексиканың негізін жалпыхалықтық лексикадан алады, сондықтан
диалектілік лексика шығу арнасына қарай: дәстүрлі диалектілік құбылыстар,
дәстүрсіз диалектілік ерекшеліктер болып бөлінеді [1, 16].
Әдеби тіл мен диалектілік лексиканың арасына біржола шекара қою қиын,
қоғам дамуына, тілдің ішкі дамуына сай көнеру, мағына кеңеюі, жаңа
сөздердің пайда болуы сияқты өзгеріс диалектілік лексика мен әдеби тіл
арасында үзбей жүріп отырады. Сондай-ақ әр кезеңде өмір сүретін ұлттық
тілдердің жалпыхалықтық әдеби тілімен қатар жалпыхалықтық мәні жоқ,
жергілікті, аймақтық сипаттағы сөздері әдеби тілмен қатар жүріп дамып
отыратыны заңды құбылыс.
Көркем әдебиет тілінде диалектизмдерді пайдалануды сөз еткенде, біз
екі нәрсені шатастырмауымыз керек. Диалектизмдерді автордың өз
баяндауларында пайдалану мәселесі бар да, кейіпкерлердің тілінде беру жағы
бар. Кейде жазушы сипаттап отырған кейіпкерін өзіне тән ерекшеліктерімен
толық көрсету мақсатында диалектизмдерді әдейі қолданады. Бұл – жазушының
кейіпкерді неғұрлым нанымды, жан-жақты көрсетуіне мүмкіндік береді... Ал
жергілікті сөздерді автордың өз баяндауларында қолданудағы мақсаты - әдеби
тілде баламасы жоқ диалектизмдермен тілімізді байыту.
Көркем мәтінде диалектизмдердің қолданылу ерекшеліктерін айта келіп,
ғалым Ш.Сарыбаев көркем әдебиетте жергілікті тіл ерекшеліктерін мүлде
пайдаланбау керек деген көзқарасқа келіспей, көркем шығармада әдеби тілде
баламасы бар диалектизмдерді кеңінен қолданғаннан гөрі, бұрын соңды естіле
бермейтін, әдеби тілде баламасы жоқ кейбір тіл ерекшеліктерін қолданған
дұрыс деп санайды. Олай дейтін себебі, жергілікті тіл ерекшеліктерінің
әдеби тілді байытатын жерлері де, шұбарландыратын жерлері де бар. Осы
тұрғыдан алғанда ғалым көркем әдебиетте диалектизмдерді пайдалану мәселесін
былай түсіндіреді: Диалектизмдерді автордың өз баяндауларында пайдалану
мәселесі бар да, диалектизмдерді кейіпкердің тілінде пайдалану мәселесі
бар. Екеуінің әр біреуіне тән өзіндік ерекшеліктері, мақсаттары басқа.
Жергілікті сөздерді автордың өз баяндауларында қолданудағы негізгі мақсаты
- әдеби тілде баламасы жоқ диалектілермен әдеби тілімізді байыту [2,
462б].
Диалектілік тұрақты тіркестер – рухани мәдениет көрсеткіші болып
табылады. Диалектілік тұрақты тіркестер пайда болып жасалуы жағынан алғанда
тілдің тарихымен өзектес сондықтан диалектілік фразеологизмдерді жинау,
зерттеу сипаттау диалектілік лексиканың құрамы мен көлемі мәселесін ғана
шешпейді. Біріншіден, диалектілік тұрақты тіркестер тіл тарихына қатысты
шешімі табылмай жүрген сұрақтардың жауабын табуға септігін тигізе алатын
сенімді дереккөз. Олардың бойында дыбыстық-грамматикалық құрылыстың кейбір
көне элементтері тұнып қалған. Екіншіден, диалектілік фразеологизмдер
бойынан диалектіге тән сөзжасам және түрлену жүйесі айқын көрінеді.
Үшіншіден, диалектілік тұрақты тіркестер әдеби тілдің фразеологиялық
құрамын байытуға азды-көпті үлес қосады. Төртіншіден, фразеологиялық
тіркестер семантикасы ауқымды, терең. Олардың мазмұнында этностың рухани
мәдениетінің айшықты мағлұматтары жинақталған.

1 Тірек диалекті мен жалпыхалықтық тілдің әдеби тілге қатысы
Басқа да қоғамдық құблылыстар сияқты әрбiр әдеби тiлдiң туу тарихы,
қалыптасып, даму кезеңдерi болады.
Әдеби тiл белгiлi бip халықтың қоғамдағы адамдардың бәрiне түciнiктi,
ортақ қатынас құралы болғандықтан, оның (әдеби тiлдiн,) туып, қалыптасуы,
дамуы сол халықтың, шығуы мен тарихына тығыз байланысты. Өйткенi дүние
жүзiндегi әр түрлi әдеби тiлдер бiрдей, бip кезеңде, бip жолмен, бiркелкi
қалыптасқан жоқ. Әр тiлдiң өзiндiк ерекшелiктерi, айырмашылықтары болады.
Дегенмен, соның өзiнде де әдеби тiлдiң туып, қалыптасуында, белгiлi бip
халыққа әдеби тiл болып қызмет ете алуында, көптеген халықтардың әдеби тiлi
арасында кейбiр ұқсастық, ортақ жайлар байқалады.
Әдеби тiлдiң қалыптасу жолын сөз еткенде, әрбiр әдеби тiлдiң толып
жатқан өзiндiк ерекшелiктерi болатыны белгiлi. Бiрақ сол ерешелiктердiң
бәрi бiрдей сол әде6и тiлдiң қалыптасу жолын көрсете алатын басты
ерекшелiктерi, қасиеттерi бола да бepмeyi мүмкін. Әдеби тiлдiң қалыптасу
жолын нақты көрсете алатын ерекшелiктерге назар аударсақ, әртүрлi әдеби
тiлдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ жайларды осыдан байқай аламыз.
Miнe осындай ұқсас жайларды, ортақ ерекшелiктердi ескергенде, жалпы
әдеби тiлдiң қалыптасуының негiзгi үш жолын көрсетуге болады. Әдеби тiлдiң
қалыптасуының бұл үш жолы көптеген ғалымдар eңбeгiндe тек қазақ тiлi ғaнa
емес, басқа да толып жатқан тiлдер материалдарының негiзiнде толық
дәлелденген. Олар төмендегiдей болып келедi:
1. Әдеби тiл белгiлi халықтың бip ғaнa тобы сөйлейтiн бip ғaнa
диалектiсiнiң негiзiнде қалыптасады. Басқаша айтқанда, белгiлi бip халық
бiрнеше диалектiде сөйлейтiн болса, диалектiлердiң бipeyi бipтe-бiрте сол
халыққа түгел ортақ бола бастайды да, кейiн сол диалект әдеби тiлге
айналады.
Бiр диалектiнің әдеби тiл дәрежесiне көтерiлyiнiң өзiндiк себептерi
бар, өйткенi сол тiлдiң басқа диалектiлерiне қарағанда кейбiр
артықшылықтары болады. Ол артықшылықтың сипaты да әртүрлi. Мысалы, әдеби
тiлгe негiз болған диалектiнiң, жергiлiктi тiлдiң басқа диалектiлермен
салыстырғанда жанрлық, стильдiк тармақтары дами түскен болуы, сөздiк қоры
бай болуы мүмкiн, сондай-ақ, бұл диалектiде жазылған ақын - жазушылардың
шығармалары сол халықтың көбiнe не бәрiне тeгic таныс болып, ол шығрмалар
жалпы халықтың сипат алуы мүмкiн немесе онда жазба әдебиет ертерек пайда
болып, оның туындылары молырақ та, басқа диалектiлерге түciнiктi болуы да
мүмкiн. Әдеби тiлге негiз болған диалектiнiң өзге диалектiлерден басқа да
толып жатқан артықшылығы болуы мүмкiн. Халықтың ол диалектiде сөйлейтiн
белiгiнiң экономикалық жағынан, кәсiбi жағынан артықшылығы, озық мәдениетi
болуы да ықтимал. Кейде өндiрic орындары ерте дамыған, отырықшылыққа ерте
көшкен, мәдени орталықтары бар елдiң ерте оянып, жазба әдебиетiнiң ерте
қалыптасуы - заңды құбылыс. Сондай-ақ, әдеби тiлге негiз болған диалектiде
сөйлеушiлердiң басқа диалектiдегiлермен қарым-қатынаста ортақ бip белгici
болуы мүмкiн. Ондай ортақтық географиялық жағынан да, генеалогиялық-
этникалық (төpкiндec, бiр бұтақтан тарауы) жағынан да бола бередi. Мысалы,
белгiлi бiр халық үш түрлi диалектiде (а, б, г диалектiлерiнде) сөйлейдi
делiк. Соның б диалектiсi сол халықтың әдеби тiлiнiң қалыптасуына негiз
болды делiк. Оның басты себептерi төмендегiдей болуы мүмкiн. Бiрiншiден, б
диалектiсi ол халық мекендейтiн территория жағынан орталық болуы ықтимал.
Яғни территориялық жағынан а диалектiде сөйлейтiн адамдар б диалектiге
қарағанда елдiң батыс я солтүстiк жағын мекендеп, г диалектiде сөйлейтiн
халықтың бiр бөлiгi шығыс я оңтүстiк жағын мекендейдi. Ондайда б диалектiде
сөйлейтiн адамдар а және г диалектiде сөйлейтiн адамдармен тiкелей қарым-
қатынас жасайды, ал а мен г диалектiде сөйлейтiн адамдар бiр-бiрiмен
көбiнесе б диалектiде сөйлейтiн адамдар (немесе территориясы) арқылы қарым-
қатынас жасайды. Miнe осындай географиялық қасиетiнiң арқасында б
диалектiсi а және г диалектiсiндегi адамдар үшiн жақын, ортақ бола
бастайды.
Немесе, екiншiден, а және г диалектiлерiн өзара бiр-бiрiмен
салыстырғандa а, б, г, диалектiлерi iшiндегi халықтың б диалектiсiнде
сөйлейтiн бөлiгi этникалық жағынан а диалектiсiмен де, г диалектiciмен, де
жақын болуы ықтимал. Яғни а диалектiсi мен б диалектiсiнiң, б диалектici
мен г диалектiciнiң а және г диалектiлерiмен салыстырғандa тiлдiк жағынан
да, этникалық (туыстық) жағынан да жақындығы, ортақтығының көп болуы да
айтылып отырған тiлдiк процеске әсерiн тигiзедi. Ондайда б диалектiсiнің а
және г диалектiлерiмен салыстырғанда әдеби тiлге негiз болуы өзге
диалектiлер үшiн де әрi қолайлы, әрi тиiмдi.
Әрине, бiр диалектiнiң әдеби тiлге негiз болуының себептерi тек осы
жағдайлар емес, ол диалектiнiң басқа да көптеген артықшылықтары болады.
Орыстың әдеби тiлi Москва диалектiciнiң негiзiнде қалыптасты дегенде, орыс
тiл бiлiмiнiң мамандары осындай жағдайларды ескерсе керек.
Татар тiлi өз iшiнде бiрнеше говордан тұратын негiзгi үш диалектirе
бөлiнедi.
Олар: 1) орта (Қазан) диалектiсi, 2) батыс (Мишар) диалектiсi, 3)
шығыс (Сiбiр) диалектiсi. Татар ұлттық әдеби тiлiнiң қалыптасу процесiнде
оған негiз болған орта (Қазан) диалектiсi көрiнедi, өйткенi ол басқа
диалектiлерге қарағанда фонетикалық жүйесi, грамматикалық құрылысы
әлдеқайда дамыған, сөздiк құрамы бай, орфоэпиялық нормасы тұрақты диалект
едi. Сондай-ақ орта диалектiнiң мұндай қасиетке ие болуындa халықтың сол
диалектiде сөйлейтiн белiгiнiң географиялық жағынан орналасуы, ол
территорияда ipi қаланың кәсiпорындар мен үлкен-үлкен мәдени ошақтардың,
баспа орындарының, оқу-ағарту жүйесiнiң ерте жетiлyiнiң, т.б. толып жатқан
мәдени-ағарту iстepiнiң көп әсерi болғаны даусыз. Бұл - бiр жолы.
2. Әдеби тiл кейде сол халықтың өз ана тiлi емес, бөтен халықтың тiлi
болуы да ықтимал. Әдеби тiлдің бұлай қалыптасуы көбiне сол халықтың басынан
кешiрген саяси, экономикалық жағдайларымен тығыз байланысты. Бөтен тiлдiң
әдеби тiл болуы сол халықтың тәуелсiздiгiнiң жоқтығымен, басқа бiр елге
бағынышты ел болуымн, мәдениетiнiң мешеу қалуымен байланысты болып келедi.
Әдеби тiлдiң бұлай қалыптaсуының өз ерекшeлiктeрi бар. Кей жағдайда әдеби
тiл болып саналатын бөтен тiл ол халық үшiн белгiлi бiр мерзiм iшiнде ғана
өмip сүрiп, кейiн ол қасиетiнен айырылып қалады. Немесе ондай әдеби тiл
жергiлiктi халық тiлiмен қатар өмip сүрiп, тек жазба ресми әдеби тiл
шеңберiнде қалып қояды. Кей жағдайда әдеби тiл болып қалыптасқан бөтен тiл
жергiлiктi халық тiлiмен қapым-қaтынacқa түсу нәтижесiнде бiрсыдырғы
өзгерicтерге ұшырауы мүмкiн. Мысалы, Бразилия елінің әдеби тілі – португаль
тілі. Ол ХVI ғасыра Бразилияны жаулап алу нәтижесінде жергілікті жерде
ресми тіл, әдеби тіл болып қалыптасты. Сол сияқты Кубада осы күнге дейін
әдеби тілінің испан тілі болуы да осы жағдайларға байланысты басқыншылық,
отаршылдық кезеңінен қалған мұра еді.
3. Көп жағдайда әдеби тiл сол халықтың барлық ие бiрнеше диалектiсiнң
негiзiнде немесе жалпы халықтық тiлдің негiзiнде, сол сияқты сөйлеу тiлi
мен бай ауыз әдебиетiнің дәстүрiнде қалыптасады. Ондайда бұған кейде
халытың я жеке ру-тайпалардың көне дәуiрде болған жазба дәстүрi, сонымен
бiрге әртүрлi әдебиет дәстүрлерi де әсер етiп отырады.
Әрине, әдеби тiлдi құрайтын бiрнеше диалектiнiң оны қалыптастырудағы
рөлi, атқарған қызметi бiрдей бола да бермеуi мүмкiн. Кейде тiптi бiр я
бiрнеше диалект әдеби тiлге негiз болып, қалған диалектілер әдеби тілдің
баюына, сымбаттала түcyiнe, сөз құдiретiнiң артуына, жанрлық-стильдiк
жағынан күрделене, сомдана түcyiнe ықпал eтyi де ықтимал. Ендi бiрде әдеби
тiлдi қалыптастыруда бiр диалектiнің фонетикалық жүйесi негiзге алынса,
екiншiciнiң грамматикалық құрылысы, тағы бiреyiнiң сөздiк құрамы әдеби
тiлгe көбiрек eнyi мүмкiн. Қайткен күнде де бiрнеше диалектінің жиналып
әдеби тілді қалыптастыру жолындағы қатысы алуан түрлі деуге болады.
Соңғы кезде қазақ тiлiнiң көрнектi мамандары қазақтың әдеби тiлi бiр
диалектiнің негiзiнде емес, жалпы халықтық тiлдің негiзiнде қалыптасты деп
санайды. Егер қазақ тiлiнде диалектiлер бар деп мойындайтын болсақ,
солардың бәрi немесе басым көпшiлiгi әдеби тiл жасаyға қатысқан дейдi.
Кезiнде қазақтың әдеби тiлi бiр-ақ диалектiнiң солтүстiк шығыс
диалектiciнің неriзiнде қалыптасты деген пiкiр болды. Бұл пiкiрдің кейбiр
қисынсыз жағы белгiлi дәрежеде сөз болғанмен, күнi бүгiнге дейiн оны ешбiр
зерттеушi дәлелдi түрде толық жоққа шығарған жоқ.
Қазақ әдеби тiлiнiң қайдан басталатыны, қалыптасу тарихы туралы батыл
пiкiр айтқан зерттеушiлердiң бiрi – Сәрсен Аманжолов. Fалым қазақ тiлi мен
қазақ әдеби тiлiнiң қалыптасу ерекшелiктерi мен кезеңдерiн бөлек-бөлек
қарайды. Қазiргi қазақ тiлi үш территориялық диалектiнiң негiзiнде құралды.
Ол үш территориялық диалект қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалардың
басын құраған үш тайпа одағыныңың тiлдерi едi, ал жеке ру-тайпа немесе
тайпа одағының тiл тарихы көне дәуiрге кетедi. Ол тайпа тiлдерiнiң немесе
диалектiлерiнiң тамыры бiр жағынан көне түркі тілімен ұштасып жатса, екінші
жағынан олардың кейбірі Орхон-Енисей, Селенгі-Талас жазба
ескерткіштерініңтілімен жақын болса, кейбірі көне ұйғыр жазбаларының тіліне
жақын, үшінші біреуі құман тіліне, төтіншісі Қожа Ахмет Яссаиудің тіліне
жақын еді дейді.
Ал қазiргi қазақ әдеби тiлiне солтүстiк-шығыс диалектici негiз болды.
Оған себеп болған, автордың пiкiрiнше, бiрiншiден, орыстың озық мәдениетiне
бiр табан болса да бұл территориядағы қазақтардың жақындығы болса,
екiншiден, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин сияқты оқыған
ғалымдар мен көркем сөз шеберлерiнiң тарих сахнасына келyi eдi. Абай
Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсариннен бұрьн әдеби тiл өpнeгiнiң үлгiсi
боларлықтай жазба әдебиет өкiлi болған жоқ едi. Бұл eкi қайраткер үлкен ic
атқарды, қазақтың жазба әдеби тiлiнiң негiзiн қалады. Бұлай болудың себебi,
бiрiншiден, Абай да, Ыбырай да Қазақстанда капитализмнiң туу дәуiрiндегi
жаңа мәдени өрлеудiң жаршысы болды, екiншiден, олар өз творчествосында көп
жағдайда орыс әдебиетiнiң классиктерiн үлгi тұтып, соларға елiктей бiлдi,
халықтың тiлдiк байлығына қалай қарау керек, олардан өте қажеттi, айқын,
айшық, сөз үлгiлерiн, тiл құралдарын қалай ала бiлy керектiгi жөнiнде
үйрене бiлдi. Абай халықтың тiл қазынасынан жеке сөздердi, фразаларды
құрылыс материалы сияқты таңдап, өнерлi шебер, үлкен суреткер, құрылысшы
архитектор peтiндe олардан кepiктi сөз күмбездерiн орната бiлдi.
Miнe осындай ерекшелiктердiң негiзiнде XIX ғасырдың екiншi жартысында
жалпы қазақтың ұлттық тiлiнiң қалыптасу кезеңiнде шешyшi диалект солтүстiк-
шығыc облыстарындағы қазақтардың диалектiсi болды да, ол қазiргi қазақ
әдеби тiлiне негiз болды деп қорытады автор [25, 45-59].
Жол-жөнекей айтарымыз таяныш диалект теориясы, яғни қазақ әдеби тiлiне
бiр ғана диалект негіз болды деген теория пiсiп жеткен ғылыми қорытынды
емес. Өйткені әр халықтың тарихи, экономикалық, т.б. жағдайларына лайық ол
халықтың әдеби тіліне бір диалект те, бірнеше диалект те негіз бола алады.
Кейбір индоевропалық әдеби тiлдерiнiң бiр-бiрден таяныш диалектi бар деген
қағиданы қалай болса солай өзге тiлдерге оп-оңай жанастыра сaлyға болмайды.
Осыдан он шақты жыл бұрын бiр қазақ лингвисi орыс тiлiнiң (әңгiмe ұлт
тiлi туралы больш отыр) неriзi Москва диалектi болса, қазақ тiлiнің негiзi
Алматы диалектi деп, ұшқалақ топшьшау жасаған-ды. Қaзaқ диалектологтарының
20 жылдан астам ауызекi тiл мен әдеби тiлдің арақатысын зерттеу процесiнде
мынадай жайт аңғарылып отыр. Абай, Ыбырай кезiнен қалыптаса бастаған, совет
тұсында мейлiнше дамып, кемелiне келiп екшелген осы күнгi қазақ әдеби
тiлiнің негiзiнде жалғыз "Орта жүз диалектi" жатыр деген қорытынды,
жеңiлдете айтқанда, мүлде даулы, шынтуайттап келгенде дұрыс емес. Мұның
әртүрлi себептерi бар. Сол басты себептердің бiрi - қазақ халқының халықтық
тiлi құрамындағы бай ауыз әдебиет тiлi ғасырлар бойы тайпа (ру)
диалектiлерiн де, жергiлiктi диалектiлердi де сарқа екшелеп, електен
өткiзiп, оларды (диалектiлердің бұл eкi түpiн) apғы ғасырларда-ақ жалпы
халықтық нopмaғa айналдырып жiберген болатын. Әдеби тiл ғасырлар бойы
(кемiнде 400 жьл бойы) ауыз әдебиетi түpiндe келген, қазақ халқының қазiргi
жазба әдебиетiнен жалғыз таяныш диалектi iздеу дұрыс емес. Тiл-тiлдің өзiне
лайық заңы бар, өзiндiк тарихи даму жолдары бар. Барлық тiлдердi бiр
қалыптан шығарып, бiр cxeмaғa сыйғызу жөн болмайды. Теория мәселесiнен ерте
туып, кеш қалып жүрмесек жарар едi. Түркi тiлдес халықтардың тарихын, түpкi
тiлдердің диалектiлiк ерекшелiктерiн бiлген адам күллiге ортақ сiрiдей
cipecкeн ереже бар демесе керек едi. Tүpкi тiлдердің бәрiне бiрдей ортақ
заңдарымен қатар, олардың әрқайсысына тән өзiндiк қағидалары бар. Ол
өзiндiк ерекшелiктерi сол белгiлi бiр тiлдң иесi - халықтың түрлi қат-қабат
тарихи, экономикалық мәдени даму жолдарымен ұштасьш жатыр. Олай болмаған
күнде барлық түpкi тiлдерiндегi диалектiлердiң саны мен сапасы бiрдей,
бiркелкi болуы былай тұрсын, олар бiртектес, бiр қалыптан шыққан болар едi.
Онда жеке тiлдiң тарихын, диалектiлерiн, құрылымын зерттеу тым оңайға түсер
едi. Қырғыз тiлiнде терiскей, күнгей диалектiлерi, өзбекте қала, дала
диалектiлерi бар дегенiмiз сықылды немесе қырғыз әдеби тiлiнiң таяныш
диалектi - терiскей (солтүстiк) диалект, өзбек әдеби тiлiнiң таянышы - қала
диалектi дегенiмiз сықылды тұжырымды пiкiрдi қазақ тiлi жөнiнен де айтқан
болар eдiк. Бұл eкi тiлге ие қырғыз, өзбек халықтарының тарихи даму жолдары
әртүрлi болғаны сияқты, қазақ халқының да тарихи өpicтey торабы да өткен
кезеңдерде бөлектеу болатын. Осының салдарынан қазақтың халықтық тiлi,
бертiн келе ұлттық тiлiнің де өpicтey жағдайы (анығырақ айтқанда, жалпы
халықтық тiлдiң нормасы тез, жедел жасалу жағдайы) бөлегiрек едi. Абай
тұсында қазақ тiлiнiң көзге түсер ipi диалектiлерi (тайпаларға тең
ерекшелiктер былай тұрсын, территориялық ерекшелiктeр де) әбден солғындап
қaлғaн болатын [25, 91].
Ал F.Мұсабаев өзінің "Становление и развитие казахского литературного
языка и вопросы казахской диалектологии" (Алма-Ата, 1952) деген еңбегiнде
әдеби тiл деген ұғымды қалай түсiнy кepeктiгiн аша кетедi. Әдеби тiлдi
белгiлi бiр халықтың бiртұтас ортақ тiлiнiң ең жоғарғы формасы ретiнде
түсiнyшiлiкпен қатар оған ұлттық тiл және жазба тiл деген ұғымдарды
қосатынын айта келiп, бұл ұғымдардың өзi тепе-тең бола бермейтiнiн айтады.
Белгiлi бiр халық ұлтқа айналғанда ғана, оның әдеби тiлi ұлттық сипат
алады, ал оған дейiн де әдеби тiл болуы мүмкiн. Екiншi жaғынан, әдеби
тiлдiң дамуы жазудың тууымен тығыз байланысты болса да, жазба нұсқалардың
бәрi бiрдей әдеби тiл ескерткiшi бола бермейдi. Сондықтан автор әдеби тiл
ұғымын тек жазба тiлмен ғана байланыстырмай, ерекше экономикалық және саяси
жағдайларға байланысты белгiлi кезеңде өз жазуы болмаған халықтың рухани
мәдениетiнiң формасы болып табылатын жалпыға ортақ қалыптасқан тiлiн де
әдеби тiл деп түсiнедi. Ондайда (жазуы мүлде жоқ немесе кiтап бастыру ici
нашар дамыған халық өмipiндe) әдеби тiл ауыз әдебиeтiне негiзделедi.
F.Mұсабаев бұл еңбеriнде С.А.Аманжоловтың қазақ әдеби тiлi солтүстiк-шығыс
диалектiсiнiң негiзiнде қалыптасты деген пiкiрiн тepicкe шығарып, "Қазiргi
қазақ әдеби тiлi жалпы халықтық қазақ тiлi негiзiнде қалыптасты, ол
қалыптасу XIX ғасырдың екiншi жартысынан бұрын болған едi. Сондықтан Абай
мен Ыбырай өз шығармаларын қазақ тiлiнiң бiр диалектiciнде жазған жоқ,
әдеби тiлiнде жазды", - деп көрсетедi. Сонымен бiрге, автор қазақ әдеби
тiлi тарихының басын қыпшақ тобындағы түркi халықтарының барлық жазба
ескерткiшiмен байланыстыра iздестiру кepeктiгiн атап өтедi. Ал әдеби тiлге
негiз болған жалпы халықтық қазақ тiлiнiң көне тарихы, Ғ.Мұсабаевтың
айтуынша, көне түркi жазба ескерткiштерiнiң тiлiне саяды.
Қазақ әдеби тiлiнiң қалыптасу тарихы мен кезеңдерi туралы батыл
пiкiрлер М. Балақаевтың еңбектерiнде де бар. Автор әдеби тiлдiң пайда
болуын негiзгi "eкi түрлi ерекшелiкпен" тiкелей байланыстыра қарайды.
Халықтық тiл әдеби тiлге айналуының бiрiншi шарты ол тiлдiң "белгiлi
нopмaғa түcyi" болса, екiншiсi "онда стильдiк құбылыстардың, яғни стильдiк
тармақтардың пайда болып, қалыптасуы" болып табылады. М.Балақаев кейбiр
зерттеушiлердiң (мысалы, С.А. Аманжоловтың), "қазақ әдеби тiлi солтүстiк-
шығыс диалектiciнiң негiзiнде қалыптасты, Абай, Ыбырайлар өз шығармаларын
қазақ тiлiнiң осы диалектiсiнде жазып, әдеби тiлдiң негiзiн қалады" деген
пiкiрiне қарсы шығып: "бiрiншiден, қазақ тiлiнде ондай жеке диалект жоқ,
екiншiден, Абайды бiр ғaнa диалектiде жазды деу шыңдыққа жатпайды.
Дұрысында Абай мен Ыбырайлар тұтас қазақ территориясы мекендеген жалпы
халық тiлiнiң байланыстарын жақсы бiлiп, дұрыс ұштап, жарата бiлдi. Егер
олар өз шығармаларын бiр тайпа елдiң, өз елiнiң ғaнa "диалектiсiнде" жазған
болса, мұншалықты түciнiктi болып, кең, тарамас едi", − деп жазады.
Қазақ әдеби тiлiнiң қалыптасу жолы туралы қазақ тiл бiлiмiнде eкi
пiкiр бар eкeнiн айтпасқа болмайды. Оның бiрi - қазақ әдеби тiлi бiр
диалектiнiң негiзiнде, "солтүстiк-шығыс диалектiсiнiң негiзiнде" қалыптасты
деген С. А. Аманжоловтың пiкiрi болса, екiншiсi - қазақ әдеби тiлi бiр
диалект негiзiнде емес, жалпы халықтық тiлдiң негiзiнде (Н. Сауранбаев, І.
Кеңесбаев, М. Балақаев, Ғ. Мұсабаев, т.б.) қалыптасты деген көпшiлiк тiл
мамандарының пiкiрi [25, 45-59].
Қазақ тiлiнің диалект мәселесiн сөз еткенде әрбiр әдеби тiлдің
қалыптасуына тipeк диалект болуы мiндеттi ме деген мәселеге де
тоқталғанымыз жөн. Соңғы кезде тipeк диалект барлық тiлде де болу керек
деген пiкiр етек алып кеттi. Бiздіңше, бұл мәселенi әрбiр тiлдің конкрет
жағдайына қарай шешу қажет.
Ең алдымен, орыс, украин тiлдерi тұрғысынан айтылған пiкiрдi сол
күйiнде қазақ тiлiне тели салyға болмайды. Украин, орыс тiлдерi көп
диалектiлi болғандықтан, олардың бiр диалектici әдеби тiлiнiң жасалуына
тipeк болуы заңды. Сондықтан көп диалектiлi татар, башқұрт, қырғыз,
түрiкпен, әзiрбайжан тағы басқа тiлдерде тipeк диалект болуы мүмкiн.
Ал қазақ тiлiнде тiптi басы ашық диалект дегеннің өзi болмағандықтан,
тipeк диалектiнi iздеу – қателескендiк, ондай тipeк диалектiнi табу мүмкiн
емес. Сондықтан бiз тарихи тұрғыдан үйсiн ұлысының тiлi бiздiң жыл
санауымыздан бұрын басталған, ол үздiксiз дами келiп, қазақтың бiр тұтас
халық тiлi болып қалыптасты деген пiкiрдемiз [19, 174].
Махмұд Қашғаридың "Диуани Лұғати түpкi" сөздiгi ең алдымен үйсiн
тiлiнiң тiкелей ескеpткiшi деуге болады. Бұлай деyiмiзге толық дәлелiмiз
бар. Бiрiншiден, лексика-фонетикалық, грамматикалық құрылысы оғұз тобынан
басқаша eкeнiн мұқият көрсeтiп oтыpaды. Мысалы: 1) Сын есiмнің күшейткiш
буыны (интенсив) түpкi тiлiнде п қосылу арқылы ғана жасалады, яп-яши, жап-
жазы, сап-сарығ, ал оғұздар м қосьш, гөм-гөк, ям-язы дейдi, бұл түркiшеге
жат дейдi [26, 275].
2) Eciмдiк түркiше мен, оғұзша бән, бен
қaйда? қанда?
мұнда бұнда [26, 251].
3) Сан eciмнiң peттiк санының жұрнағы -нша болатынын айта келiп, төртiншi
дейдi, дөртiншi деп оғұздар айтады делiнгeн.
4) Оғұз тобы тiлдерiнде есiмшенiң ғанген жұрнaғының гқ түсiрiлiп, анен
болып, бар-ан (барған деудiң орнына), гел-ен (Келген деудiң орнына) деп
қолданылатынын көрсеткен.
5) Фонетикалық ерекшелiктeрдi де көрсете отырады. Оғұздар аба десе,
қарлұқтар (766 жылы қытай шабуылынан қашьш Тянь-Шаньға келген) апа, түркiше
iңiр, оғұздарша iмip дейд [26, 80].
6) Лексикада қазақ тiлiне тән сөздер басым көпшiлiк, мысалы: ешкi (кәжә,
кәчi емес), тоқты, тұсақ, қымыз, саба, құлын, тай, байтал, қысырақ, құрұқ,
(ұқрұқ), тегене, кереге, узiк, уық, қар, құр, қор (қымыздың қоры), кеген,
бұршақ (көгeннiң), iштiк, терлiк т. б. қазақ тiлiне тән сездер.
Қалың бiр томдық поэзия үлгiсiн қалдырған Хас Хаджип Юсуп Баласaғұнның
жайы да осы алуандас. Махмұд Қашғари - тiлi, туысы, тарихы жағынан үйсiн
елiнiкi. Үйсiн жерiнен табылған қазбалар, таудың тасына салынғaн таңбалар,
түрлi суреттер көне жазудың сiлемдерi - ертеде болған Үйсiн (тайпалар
құрамы) ұлысының жоғары мәдениеттi болғанына, қазақ атаньш жүрген тайпалар
құрамының байырғы ұйтқысы болғанына айғақ. Қазақ тiлiнің негiзi - осы үйсiн
дәуiрiндегi туыс-тайпалар одағының жалпы халықтың тiлi.
Қазақ деп аталатын халықтың басты ұлысы (тайпалар одағы) Үйсiннiң тiлi
(оның iшiнде үш жүзге енген тайпалардың бәрi де бар) үздiксiз жалпыға ортақ
тұтас тiл ретiнде ХV ғасырда қазақтың халық тiлiн қалыптастыруға негiз
болды. Одан берi қарай жалпы халықтың тiл дами отырып, XIX ғасырдың екiншi
жартысында ұлт тiлi болып қалыптасты. Оның әдеби тiлi сонау көне заманнан
берi қарай бiрде дамып, бiрде әлсiреп отырып, XIX ғасырдың екiншi
жартысында қалыптасқан жаңа әдеби тiлге келiп қосылды. XIX ғасырдың екiншi
жартысында қалыптасқан жаңа әдеби тiлдi Абай Құнанбаев, Ыбырай
Алтынсариндер жоқтан бар еткен жоқ, халықта барды сұрыптап мүсiндеп жаңа
тiл нормасын көрсеттi.
Сөйтiп, желiсi үзiлмей келе жатқан тұтас қазақ тiлiне тipeк диалект
қажет болған жоқ. Тiл бiткеннiң бәрiнде де тipeк диалектінің болуы - барлық
тiлдe мiндeттi емес. Бiрiншiсiнде болып, екiншісінде тарихи жағдайға
байланысты. Сондықтан, қазақ тiлiнiң тарихи диалектiнi қажет етпегендiктен,
қазiргi қазақ әдеби тiлi ешбiр тiл мұқтаж болмаған [24, 180].
2 Әдеби тіл мен жергілікті тіл ерекшеліктерінің өзара қатысы
Жұртшылық назарын өзiне дендеп аударған жайлардың бiрi - тiлiмiздiң
жергiлiктi ерекшелiктерiнің әдеби тiлге қатысы жайындағы мәселе. Өзге
тiлдердегi сияқты бiздің тiлiмiзде де бiр жерде айтылып, бiр жерде
айтылмайтын, яки бiр жерде бiр түрлi нұсқада қолданылса, екiншi бiр жерде
мүлдем басқаша бiр нұсқада қолданылатын жергiлiктi тiл айырмашықтары деп
аталатын құбылыстардың да бар eкeнi аян. Ана тiлi топырағында дүниеге
келген әрбiр әдеби тiлдің бұғанасы бекiп, өркен жаюының құнарлы бiр арнасы
- халық тiлi болмақ. Халық тiлiнің қазынасын өзiне арқау етпес, одан нәр
алып сусындамас әдеби тiл жер үстiндe жоқ болар. Әcipece, осы стиль, норма
жүйесiнiң сұрыпталуы дa әдеби тiл жүгiнiң ауырын арқалар мықты бiр
таяныштың халық говорлары болатынын жақсылап ескергенiмiз абзал. Мұны
арнайы айта кеткен жөн. Жергiлiктi тiл құбылыстарының әдеби лексикамызды
байытуға елеулi үлес қоса алатынын қазақ әдеби тiлiнің даму тәжiрибесi
айқын көрсетiл отыр. Әдеби қорымызда әуелде белгiлi бiр өлкеде ғaнa
қолданылып, кейiн баршаға ортақ игiлiкке айналған сөздердің талайы бар.
Мәселен, өзiмiз сан рет естiп, айтып жүретiн дақыл, бағбан, пuяз, шабандоз,
сақманшы тәрiздi сөздердiң басында тек Қазақстанның oңтүстiк облыстары
тұрғындарының тiлiнде ғaнa қолданылғаны мәлiм. Сол сияқты oңтүcтiк
облыстарымыздың көп жерiнде айтылатын пада, мосы, бедiрен, әсел, еге
тәрiздi сөздердің әдеби тiлiмiздің лексикасынан республиканың өзге
атыраптарында қолданылатын сиыр, шелек, қияр, бал, ие деген нұсқасында ipre
тепкенiн бiздің әрқайсымыз жақсы бiлемiз.
Тiл ұстартуды өнер санап, қaдip тұтқан халқымыз сөз жиhаздарының небiр
тамаша үлгiлерiн қастерлеп сақтай бiлген. Тек мына сөздi мынa ауылдың
қазағы айтады екен, ана сөздi ана ауылдың қазағы айтады екен деп,
жергiлiктi сөз бiткенге қомсына, жатырқай қарамай, қажетiмiзге жарары
болса, соларды таңдап, талғап ала бiлгенiмiз абзал.
Жергiлiктi халық тiлiнде ұғым жағынан сараланып қолданылатын сөздердің
сан саласы бар. Әйелдің киiмi болса көйлек деп, epкeктiң киiмi болса жейде
деп екі ұғымды бiр сөздің басына жүктемей, даралай, жеке-жеке сөздермен
нұсқалау да халық тiлiнен шыққан-ды. Осы секiлдi дербес ұғымдардың көpiнici
ретiнде бiр-бiрiнен айырым қолданатын жергiлiктi сөздер болса, олардың
әдеби тiлiмiзге өндiрiп отырудың лайығы жоқ деп кiм айта алады? Стол
бiткеннің бәрiн үстел деп атаудан гөpi дөңгелек, аласа түpiн жергiлiктi
халық тiлiндеri нұсқасынша жозы деп, кеме тоқтайтын бухтаны айлақ деп,
марляны дәке, пекарняны наубайхана (науайхана), коридорды кейде көркем
әдебиетте дәліз деп алар болсақ әдеби тiлiмiз үшiн мұның нeci айып?
Жергiлiктi тiл ерекшелiктерi арасында, әcipece, әр жерде тұратын
халықтың кәсiп түрлерiне байланысты колданылатын кәсiби сөздердің қазақ
терминологиясы қорына қосар үлес-олжасына ешкiм дау айтпасқа тиiс. Мақта,
жемiс, баубақша, күрiш, meмeкi, балық тәрізі арнаулы кәсiп түpiнe
байланысты сөздер халық тiлiнде аз емес. Олардың бiразын әдеби тiлде жазып
та, айтып та жүрмiз. Алайда олардың жалпы жұрттың кәдeciнe жарағандарынан
әлде де жүзеге аспағаны көп.
Байтақ қазақ сахарасының әр өңiрiнiң өз табиғат байлығына: жан-жануар,
өciмдiк түрлерiне, жер шұрайына, бедерiне, тағы басқа физика-географиялық,
экономикалық ерекшелiгiне байланысты ел аузында қолданылатын атауларда шек
жоқ десек болады. Жалғыз Маңғыстау атырабы қазақтарының тiлiнен көбiмiзге
беймәлiм нарпоз, монданақ, керт, кеуел, жiгiрдек, uip, саркеурең, mimip,
мортық секiлдi сан қилы шөп атауын кездестiруiмiз - осының айғағы. Халық
тiлiнiң куатын танытатын бұл сияқты жаратылыс терминдерiнiң көбiнiң-ақ
ғылыми терминология төpiнeн орын алуға правосы бар [24, 137].
Октябрь революциясынан кейін диалектілік ерекшеліктер мен әдеби тіл
байлықтарының өзара қарым−қатынасқа түскен кезең болды. Қазіргі кезде көз
тоқтатып қараған кісіге әдеби тілге еніп жатқан жаңа сөздердің қатарында
диалектілік ерекшеліктердің бар екенін байқау қиын емес. Ал әдеби тілге
енген асар, нөпір, мұрындық болу, мұңлық, талма−тал түс, атыз, мамыр,
наубай, наубайхана тәрізді сөздер мен сөз тіркестерін кейбір тілшілердің
айтуына қарап диалектизмдер қатарына жатқыза беруге болмайды. Сол сияқты,
әр түрлі говорларға телініп жүрген профессионалдық лексикаға да осы
тұрғыдан қарау мақұл болар еді [16, 189].
Диалектiлер мен сөйленiстердің әдеби тiл тарихына қатысы туралы жазған
А.Ысқақов - диалектiлер негiзiнде тyғaн, әдеби тiл тарихына қатысы бар төбе
тiл (орысша - наддиалектная речь) мәселесi жайында сөз қозғаған едi. Төбе
сөз (наддиалектная речь) мәселесi орыс тiл бiлiмiнде (И.А.Оссовецкий т.б.
ғалымдар еңбектерiнде) және түркологиялық зерттеулерде көтерiлiп жүр. Тiл
тарихымен тығыз байланысатын көптеген сөздердің ұлттық мәдениетке қатысты
атаулардың төркiнiнiң тiлдiк құбылыс ретiнде жергiлiктi тiл ерекшелiктерi
арқылы анықталуы диалектiлiк лексиканы зерттеулердiң өзектi арнасы на
айналдырып етедi. Сонымен тiл тарихы мен диалектология мәселелерiн
сабақастыра қарауды әдеби тiлдi байытудың қaйнар көздерiнің бiрi деп
қараған жөн [27, 118-119].
Жергілікті көрінісі бар сөздердің көмегімен әдеби тілімізде мағынасы
күңгірт, көмескі сөздердің этимологиясын ашуда бұл сөйленістердің пайдасы
мол деуге болады. Мәселен, белгiлi диалектолог-ғалым Ш.Ш.Сарыбаев
диалектологиялық сөздiктiң ежелгi жазба ескерткiштер, фольклор т.б.
материалдардағы диалектизмдердi түсiндiру үшiн, текстологиялық жұмыстар
үшiн пайдалы болатындығын атап көрсетедi. Мысалы, ғалымның көрсетуiнше, "Ер
Тарғын" эпосындағы:
Ауан, ауан, ауан су,
Ауандап үлкен балық, жүзген су, - деген жолдардағы ауан, ауандап сөздерi
әдеби тiлде сақталмаған. Бiрақ бұл сөздер батыс өңiрлерiнде "үлкен өзен,
теңіз" мағынасындағы ауан су тiркесiнде сақталған екен [2, 219].
Диалектизмдердiң құрамында осы сияқты сөздiң тарихына қатысты мол
мағлұматтар беретiн көнерген сөздер (архаизм), тарихи сөздер (историзм)
кездесетiнi белгiлi. Кейбiр сөздер жазуға түспегенмен диалектiлiк
сөйленiсте сақталып қалады. Сондықтан олардың тiлдiң тарихы этимологиясы
үшiн беретiн маңызы зор. Осы лексикалық бiрлiктердi атай отырып, проф.
Ш.Ш.Сарыбаев көнерген сөздердi eкi топқа ажыратады: 1. Әдеби тiлдегi
жалпылама қолданыс сипатындағы көнepгeн сөздер. 2. Жергiлiктi қолданыстағы
диалектiлiк сипаттaғы көнерген сөздер.
Әр географиялық аймақтың табиғи ерекшелігіне, әр өлкенің халқының өз
әдет-ғұрпына, жергілікті кәсіп түріне байланысты айтылатын не қилы сөздер
бар. Қазақстанның оңтүстігіндегі мақта, бау-бақша шаруашылығына, жеміс
түрлеріне, ирригацияға (жерді суландыру) байланысты қолданылатын атаулардың
көбі республиканың өзге жерінде, мәселен солтүстік өңірнде жоқ. Демек,
мұндай жерді нақтылы ұғымдардың өз басы болмағандықтан ондай ұғымдардың
атауышы болып келетін сөздердің де болмайтыны өзінен-өзі түсінікті. Мысалы,
Арал теңізі жағалауындағы халықтың тілінде балық кәсібіне байланысты
айтылатын сүген, қаяз, тыран сияқты балық аттары өзге жердің қазағының
тілінде байқала бермейді. Себебі балық кәсібімен айналыспайтын теңізден
алыс орналасқан елдің мұндай балық түрлері туралы түсінігінің өзі шамалы.
Мақта шаруашылығынан бейхабар өлкенің адамдары қоза, қауаша, қозапая,
көсек, шігіт, шиіт секілді мақтаға байланысты атауларды біле беруі де
екіталай. Мұндай нақтылы бір өлкенің адамдары ғана шұғылданатын кәсіп
төңіреггінде қолданылатын сөздердің өзге өлкенің халқының тілінде басқа
баламасы болмайтыны белгілі. Белгілі бір территорияның жергілікті
тұрғындарының тіліне ғана тән сөздер болғандықтан мұндай сөздерді де
ғылымда диалектілік сипаттағы сөздер деп қарайды.
Қазақ диалектілерінің арасында бірі түркі тілдің ана тобына, бірі мына
тобына жатады деп жіктестірерліктей диалектілер жоқ. Әрине, көршілес,
аралас отырған түркі халықтардың тілдік ықпалы нәтижесінде оңтүстік өңірдің
қазақтарының тіліне өзбек тіліен, оңтүстік-батыс алқаптың қазақтарының
тіліне қарақалпақ, түрікмен тілінен өткен елеулі тілдік элеметтердің бар
екені рас. Сол секілді Қазақстанның башқұрт, татар жұртына жақын жатқан
өлкелердегі жергілікті халықтың тілінен осы тілдердің бірлі-жарым
элементінің кездесетіні бар. Бұлар диалектілердің біреуінде аз, біреуінде
көп кездеседі. Әсіресе Орта Азияның ішкі қоныстарында тұратын жергілікті
қазақтардың тілі осындағы тілдердің ықпалына көбірек шалдыққан. Ал Орта
Азияның ішкі қоныстарында отырған және соған жақынжуық маңда отырған
қазақтардың тілін алатын болсақ, сөз болып отырған фонетикалық құбылыстың
өрісі мейлінше кең құбылыс болып табылады. Бұлай болатын себебі ағайын
өзбек, қарақалпақ, түрікпен тілінің ықпалынан. Өйткені мұның осы тілдердегі
тән деген дыбыстық белгілердің бірі екені белгілі. ал қалған ерекшеліктерді
ежелгі рутайпа диалектілерінен сақталған белгі деп қарау керек. Осы
себептен де болу керек, қазақ тілін өзбек, ұйғыр, т.б. осы сияқты ағайын
тілдермен салыстырып, олардан гөрі диалектілік жіктелісі солғын тілдер
қатарында тап жүр. Біздің тіліміздегі ерекшеліктердің саны мен сапасы
аталған тілдердінімен бірдей болмайтында шүбә жоқ. Халық тілі топырағында
көктеп өркен жайған әдеби тілдің сөз қазынасының кемелдеуінің сарқылмас
бұлақ, құнарлы арнасы халық сөзінің байлығы болатыны – толассыз шындық.
Күні кеше белгілі өлкеде тұратын жергілікті халықтың тілінде ғана
қолданылып келген, өзге жердің қазағына мүлдем бейтаныс не қилы сөздерді
кітап, қағаз жүзінде, көркем шығармада, сахнада, мектепте, баспасөзде,
радиотеледидар хабарында әдейілеп мақсат қоя қолданудың нәтижесінде ол
сөздердің әдеби тіліміздің сөз қорының шынайы игілігіне айналып отырғанын
білеміз. Мәселен, айтқанда да, жазғанда да бәріміз жаппай қолдана беретін
дақыл, дәндідақыл, бағбан, сүдігер, сақпаншы, мердігерлік сияқты сөздер
қазір жұртшылыққа әбден таныс. Бірақ осы сөздердің әуелде Қазақстанның тек
оңтүстік аймағы тұрғындарының тіліне ғана тән сөз болғанын бәріміз жете
біле бермейміз. Жергілікті сөздердің ішінде, әсіресе, әр түрлі өлкенің
өзіне тән кәсіби сөздер (профессионализмдер) делінетін тарауы әдеби
тіліміздің сөз қорын, қазақ терминологиясын дамытуда тамаша үлес қосып
келеді. Мысал ретінде бұл күнде әдеби тілде өзіміз жиі қолданып, жиі
еститін, бұрын тек Каспий, Арал, Балқаш балықшылары ғана қолдантын лақа,
қаяз, сыла, тыран, мерке, сүген (балықтың түрлері), я болмаса бұрын тек
оңтүстік диқаны ғана білетін шитті мақта, жүйек, араба, қозапая; сол сияқты
күні кешеге дейін Сыр бойы қазақтарында ғана танымал қауын түрлерін:
әңгелек, торлама, күләбі, патсайы қауын, қант қауын, қауын ішек, қауын құрт
т.б. сөздерді жатқызуға болады.
Осы секілді күріш, темекі, жеміс, бау-бақша т.б. арнаулы шаруашылықпен
айналысатын жерлерде осы кәсіп түрлеріне байланысты терминдер жақсы
дамыған. Олардың біразын баспасөз бетінен жиі оқып, теледидардан көріп-
естіп жүрміз. Әдепкіде құлаққа тосындау естілгенімен, айтыла келе бірте-
бірте құлаққа сіңісіп әдеби тіліміздің лексикасынан өзінің лайықты орнын
алатынын тәжірибе көрсетіп жүр.
Әдеби тіліміздің сөз байлығына жергілікті халық тілінің қатысы
жайында сөз қозғағанда ең алдымен ауызға оралатыны – лексикамыздағы дублет
сөздердің жайы. Ауызекі тілімізде болсын, жазба жүзінде болсын ұдайы
айтылып, екі ұдай жазылып жүрген баршамызға аян ары−әрі, балуан−палуан,
айқай−айғай, бәйге−бәйгі тәрізді сөздер. Дұрысына келсек, бұлар – әр
өлкенің қазағының тіліндегі бір сөздің әр түрлі нұсқалары. Білдіретін
мағынасы, тілімізде атқаратын қызметі бір−бірімен тепе-тең түсіп жататын
болғандықтан, мұндай жарыспалы сөздердің әдеби тіліміздің сөз нәрі,
стильдік орамы үшін тигізер пайдасы әлбетте аз болмақ. Бір сөзді бірде
риза, бірде ырза, разы деп, дыбыстық тұрғыдан сан−саққа жүгіртіп қолданудың
айту мен жазуда ала-құлазық тудырғаны болмаса, тілдің байлығы танытпасы
кәміл.
Қазақ жерiнiң әр өлкесiн қоныстанған жергiлiктi халықтың ауызекi
тiлiнде мұндай қыруар сөз бар. Мәселен, осындағы мысалға алынып өткен
дублеттердiң қай тiзбегiн алсақ та, олардың әр сыңарының ресnyбликамыздың
әр өңipiнe тән сөз eкeнi көрiнедi. Айталық, Қазақстанның оңтүстiгi мен
батысында егiз туған үш төлдi, төрт төлдi бiлдiретiн үшем, төртем (немесе
үшен, төртен) сөздерiн орыс тiлiндегi дәл осы мағынадағы тройня, четверня
сөздерiнiң баламасы есебiнде қолданатын болсақ, әдеби лексикамыз үшiн
қандай жарасымды болар едi.
Әсіресе жергілікті профессионализм деп аталатын сөз машығының не
алуан үлгілері әдеби тіліміз сөз байлығының сарқылмас көзі, төл қазынасы
десек болғандай. Бір ғана ирригация кәсібі төңірегінде оңтүстік аймақта
айтылатын әуіз, әуіт, тұран, нарсалма, тоғыт уат, қашы сынды сөздер әдеби
терминологиямыздың нағыз ырысы десек, әбден сияды. Қазақтың халық
диалектілері мен сөйленістерінің әлі күнге ескерілмей, зерттеуші назарынан
тыс, қалыс жатқан осы іспетті құбылыстары баршылық. Кейде осындай сөздерді
"жергілікті" дегенді желеу етіп жатырқамай, мұқтаж болған жерде белгілі
мақсатқа лайықтап, сәтті пайдалана алсақ, әдеби тілімізді ұстартудың
сарқылмас арналарының бірі - сол болмақ.
Республикамыздағы белгілі тіл маманы академик Ә.Қайдаровтың мына бір
сөзін айта кеткен жөн: Жергілікті халық тіліңдегі фонетикалық, лексикалық,
семантикалық, фразеологиялық т.б. ерекшеліктердің өздері де неше түрлі.
Олардың ішіңде әдеби тілде толық баламасы жоқ, бірақ ерте ме, кеш пе,
әйтеуір, оның бір кәдесіне жарауға тиісті диалектизмдерге кәсіби сөздер,
яғни, жергілікті халықтың кәсібіне, әлеуметтік тіршілігіне, шаруашылық
жағдайына, табиғи ерекшелігіне байланысты ұғымдардың, заттардың,
құбылыстардың атаулары жатады.... Әдеби тіл мен жергілікті тіл
ерекшеліктері арасындағы қытай қорғаны жоқ, - деп көрсетеді.
Ана тіліміздегі мағынасы көмескеленген кей сөздердің бастапқы тарихи
төркінін түсіндіруге де жергілікті сөздердің тигізер септігі аз емес.
Мәселен, ұнжырғасы түсу деген тipкeстің ұнжырға сөзi халықтық тiлiмiзде
осы тipкeстeн басқа жерде жеке қолданылмайды. Ал ендi Маңғыстау
қазақтарының тiлiн алсақ, онда оның бұғана сүйектi бiлдiретiн дербес сөз.
Бұдан бұл тipкecтер иығы түсу деген тiркеспен мағыналас келетiнiн аңғару
қиын емес. Сондай-ақ республиканың батыс бөлiгi тұрғындарының судың
тереңдiгiн бел буардан келедi деп қолданылуы - өзге жердiң қазақтары
айтатын белуардан сөзiнiң әуелде бел буардан деген eкi сөздiң бiрiгуiнен
пайда болғандығының дәлелi. Сол секiлдi қосағыңмен қоса ағар деген iзгi
тiлектi бiлдiретiн aлғыс сөз бәрiмiзге таныс. Осындағы ағар деген сөздiң
басында қары деген етiстiктiң дыбыстық тұpғыдан өзгеруi нәтижесiнде бертiн
келе пайда болған сөз eкeнiн екiнiң бiрi аңғара бермейдi. Өйткенi қары
деген eтicтiк қазақ сөйленiстерiнде қартайкәртай деген мaғынадa дербес
сөз peтінде қолданылатынын бiлмейтiндер үшiн бұған сену қиын. Ал шындығына
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz