Республикасының Заңы тілі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе . . . 6

1 Жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктері теориялыќ негіздері . . . 9

1. 1 Жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің сипаттамасы . . . 9

1. 2 Жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктерінің мәні . . . 29

2 Жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктерін зерттеу . . . 36

2. 1 Жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктерін зерттеуді ұйымдастыру жєне оның әдістемелері . . . 36

2. 2 Жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерінің қорытындылары . . . 47

Қорытынды . . . 50

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 54

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған [1] .

Қазақстан Республикасының білім туралы заңында: «Жалпы білім беретін мектеп - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны . . . » деп көрсетілген [2] .

Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар - Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру.

Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің сатыларының бірі - жалпы білім беретін орта мектептерде баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор.

Жаћандану дәуірінде этностық-мәдени ерекшелік мәселесі үлкен маңызға ие болуда. Адамзат қоғамы екі бағытта дами алады деп болжайды: мәдениеттің бір-бірімен араласуы немесе мәдениеттің бір-біріне қайшы келуі. Бірақ, екі көзқарас та тарихи дағдарысқа алып келуі ықтимал. Бұдан шығудың үшінші жолы бар, ол мәдениеттердің диалогы, мұндай жағдайда бірде-бір мәдениет өз ерекшелігін жоғалтпай, әлемдік қоғамға шығуына мүмкіндік алады. Міне, сондықтан да мәдениеттердің диалогына шығу проблемасы этностық-мәдени ерекшеліктің қалыптасуы арқылы шешіліп, этникалық қауымдастықтардың мәдени түрде өзара әрекеттесуіне әкеледі.

«Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру» тұжырымдамасында (1996) атап көрсетілгендей, халықтың этностық-мәдени ерекшелігі өз тарихында, мәдениетінде болған оқиғаларды білу, қалыптасқан рухани құндылықтарға адалдық, ұлт қаћармандарын қастерлеу нәтижесінде құралады. Ол ұлттық азат және ерікті жасампаздық шығармашылығы процесінде қалыптасады. Этностық-мәдени ерекшелік жағдайына халықтың өзі тудырған әлеуметтік-мәдени жүйе арқылы қол жетеді. Бұл жүйеге отбасы, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындары, ұлттық, мәдени орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, көркем және ғылыми әдебиет, ғылыми-зерттеу және әкімшілік мекемелері, тағы басқалары жатады [3] .

Бұл жағдайларда жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің мәселесін педагогикалық тұрғыда зерттеу маңыздылығы артады. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісінде балаларды жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді жүзеге асырып, жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім беруге мүмкіндік беріп, халықтың рухани мәдениетін зерде мен ой елегінен өткізіп, оны қазіргі заман құндылықтарымен байланыстыра білуге машықтандырады.

Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында этностық, этностық-мәдени мәселесі философия, саясаттану, тарих және этнографиялық салада (Э. З. Александренков В. И. Козлов, Б. Ф. Поршнев, және т. б. ) ; этнопсихологияда (В. А. Вяткин, О. Х. Аймаганбетова, А. П. Оконешникова, Ю. В. Хотинец, Е. И. Шлягина және т. б. ) көрінетіні айқындалды [4-10] .

Қарастырылып отырған мәселенің педагогикалық аспектісін талдауға бірқатар этнопедагогикалық зерттеулер арналған (Г. Н. Волков, А. Э. Измайлов, Е. Л. Христова, Ж. Ж. Наурызбай, Р. Қ. Дүйсембінова және т. б. ) . Қазақстандық педагогика ғылымында этностық мәдениет бойынша этнопедагогикалық зерттеулер баршылық (И. Өршібеков, А. Х. Мұхамбаева, Г. Р. Бахтиярова, Р. М. Айтжанова және т. б. ) . Соңғы уақытта қазақ этнопедагогикасының мәселесі бойынша ғылыми жұмыстар саны жас педагогтардың зерттеулерімен көбеюде [11-19] .

Жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше шетел және отандық ғылыми зерттеушілерді атап өтуге болады: Т. В. Черник, О. В. Леонова, М. Г. Евграфова, Е. А. Иванова, Е. Н. Кергилова, Т. Иманбеков, К. Сейсембаев, Т. А. Левченко, Е. Ф. Вертякова, Л. Д. Вавилова, В. Д. Ботнарь, О. Н. Юденко, С. Д. Кириенко, Б. Н. Галаева, Ж. С. Хасанова, Ж. М. Акпарова, К. Т. Жанабаев, А. Ә. Капенова, Т. Төленова [20-38] .

Көптеген зерттеулердің әдіснамалық бағдарына Ж. Ж. Наурызбайдың Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы алынды [3] .

Зерттеудің нысаны: жалпы білім беретін орта мектептердің педагогикалық процесі.

Зерттеудің пәні: жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктері.

Зерттеудің мақсаты: жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктерін теориялық тұрғыда негіздеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктері айқындалып, сол арқылы оның үлгісі жасалып, сонымен қатар жүйесі құрылып, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктерінің тиімділігі артады, өйткені мұндай жағдайда қарастырылып отырған процестің жүйелілігі мен тұтастығы қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің міндеттері:

  1. жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктерінің сипаттамасын ашу;
  1. жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктерінің теориялық үлгісін әзірлеу;
  1. жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: мәдениет жеке тұлға факторы ретінде, сананың мәдени-тарихи даму теориясы; этнос; жеке тұлғаның әлеуметтік, этностық ерекшелік; мектеп жасына дейінгі балалардың даму заңдылықтары мен принциптері; тәрбиенің этнопедагогикалық аспектілері; оқушыларға этностық-мәдени білім беру тұжырымдамасы; зерттеу проблемасы бойынша философтардың, мәдениеттанушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; оқу-әдістемелік кешен; аналитикалық (ғылыми, әдістемелік әдебиеттерді талдау, модельдеу, жіктеу, жүйелеу, жалпылау, т. б. ) ; диагностикалық (сауалнама, жеке және топтық әңгіме, сұхбат, бақылау, тестілеу, т. б. ) .

Зерттеу базалары:

Тәжірибелі-педагогикалық жұмыс Қарағанды қаласының № 39 М. Жұмабаев атындағы гимназия мектебінде жүргізілді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы:

Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеудің ғылыми болжамы, теориялық және әдіснамалық негіздері, зерттеу әдістері мен зерттеу базасы беріледі.

«Жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктерінің теориялық негіздері» атты бірінші тарауда жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктерінің сипаттамасы, жалпы білім беретін орта мектептердің мәні қарастырылады.

«Жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктерінің қалыптасуы бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыс» атты екінші тарауда жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктері эксперимент арқылы көрсетіледі.

Қорытындыда зерттеу нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

1 Жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің ерекшеліктерінің теориялық негіздері

1. 1 Жалпы білім беретін орта мектептерде этно-мәдени білім берудің сипаттамасы

Жиырмасыншы ғасырдың екінші жарты жылдығынан бастап өз этностық-мәдени ерекшелігін саналы түрде меңгеріп алу процестері, яғни нақты этносқа, этникалық қауымға тиістілік мәселелері күрделі маңызға ие болуда.

Этно-мәдени білім берудің өсуі XX-ғасырдың екінші жартысындағы адамзат дамуының негізгі сапаларының бірі деп қарастырылады. Жеке адамдар мен жалпы халықтардағы өзінің тарихына деген қызығушылық әр түрлі формада көрінеді: ежелгі салттарды, фольклорды т. б. қабылдаудан бастап өзінің ұлттық мемлекетін құруға дейінгі ұмтылысы.

Егер адамның белгілі бір халыққа тиістілігі екенін саналы түрде меңгеру, оның ерекшеліктерін іздеу және оны зерттеу, этно-мәдени білім берудің ерекшеліктерінің педагогикалық аспектісін қарастырудан тұрады.

Этно-мәдени білім беруді түсіну оның табиғатын зерттеп, мәнін талдаудан тұрады.

Әлеуметтану сөздігінде этносқа мынадай анықтама береді: этнос (гректің «еthnos» - «тайпа», «халық» деген сөзінен шыққан) - ортақ белгілері мен тұрақты тілі, мәдени және психологиялық ерекшеліктері, ортақ салт-дәстүрлері бар белгілі территорияда тарихи қалыптасқан адамдар тобы. Этностың пайда болуына территория мен шаруашылық бірлігі әсер етеді. Даму барысында территория ортақтығы жеке белгі ретінде жойылуы да мүмкін. Этнос - белгілі бір мәдени тұтастық. Оған «біз» - «олар» деген антитеза тән, яғни әрбір этностың өзіндік этникалық санасы бар.

Біздің зерттеу проблемамызды анықтау «мәдениет» терминін талдаудан тұрады.

Этнопсихология мен этнологияда «мәдениет» термині әр түрлі этникалық қауымдарды айқындау үшін және мәдениет пен адамның психологиялық сипаттамалары арасындағы өзара байланысты зерттеуде қолданылады.

«Мәдениеттану» сөздігінде мәдениетке мынадай анықтама беріледі: мәдениет - адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және осы қызметтің жемістері мен нәтижелері [39] .

Мәдениет - әлеуметтік табиғаты бар күрделі динамикалық жүйе, ол әлеуметтік қатынастарда көрініп, адам іс-әрекетінің заттары мен тәсілдерін, құнды бағалықтарын құруға, сақтауға, кең таратуға бағытталып, әр түрлі жағдайларда адамдардың өзара түсінушілігін қамтамасыз етеді.

Әрбір нақты қоғамдастық (цивилизация, мемлекет, халық) бірнеше ғасырлар бойы өзінің мәдениетін құрады және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Нәтижесінде бірнеше мәдениеттер пайда болады.

Психологтарды алуан түрлі мәдениеттің әлеуметтік-психологиялық себептері қызықтырады. Алуан түрлі мәдениеттің себептері мыналар бола алады: идентификациядағы қажеттілік, табиғи және географиялық ортаның, ландшафтың, климаттың жағдайлары. Мәдениет пен этностың шекарасы сәйкес емес. Мәдениеттің жалпы элементтері кездесетін халықтарда, мысалы, діні бір болса, дүниеге көзқарастың, мораль, мінез-құлықтың формаларында өзгерістерді байқауға болады.

Психология ғылымында Л. С. Выготскийдің адамның дамуындағы мәдениеттің ролі туралы көзқарасы өте маңызды болып табылады [42] .

Мәдениет - әлеуметтену процесінде және басқа мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас негізінде бір адамнан екінші адамға беріліп қана қоймай, сонымен қатар адамның нақты бір қауымға жататынын қалыптастыратын сезім, яғни сәйкестілік сезімі. Әсіресе этностық-мәдени ерекшелік тұрақты және адамдар үшін үлкен маңызға ие. Жеке тұлға үшін өзінің этникалық тобы оның өмірлік ұмтылысының бағыттарын анықтайды және ол этостық-мәдени ерекшелік өзінен жоғары тұрып, одан кейін де өмір сүретінін біледі. Өз этносын табиғи түрде қабылдағанда адам оны таңдамайды. Этностық-мәдени ерекшелік өмірге келумен, ана тілінде сөйлеу іскерлігімен, мәдени ортамен анықталып, мінез-құлық ережелерімен және жеке тұлғаның дамуымен анықталады. Адамдар үшін этностық-мәдени сәйкестілік дегеніміз рефлексияға жатпайтын, «Мен кіммін және Мен кімдермен біргемін?» деген сұраққа өз бетімен жауап бере алуы.

Адам өз ұлтының құндылықтарын, ережелерін меңгере отырып, ұлттық мәдениетке көтеріледі.

Мәдениет туралы пікірталастар көп болғанымен барлық анықтамаларда оның мазмұнынының сабақтастығы, ұрпақтан ұрпаққа оның құндылықтарының ауысып, жалғасып жататындығымен, тұрақтылығымен көрінеді. Атап айтқанда, бұл игілік, мұрат ұлттың сақталуын, бұзылмауын қамтамасыз етіп, тарихи тәжірибе мен табиғи ортаға бейімдейді. Осы негізде мәдениеттің дәстүрлі түрлеріне, ұлттық болмыстың жолын ұстауға мүмкіндік жасайды.

Ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуі, оның тарихи аясының кеңеюі ұлт тағдыры үшін зор маңызды, ол ұлттың қабілеттілігін, рухани күшінің жеткіліктілігін көрсетеді. Ұлттың рухани мұралары мен дәстүрлерін, қахармандық, ерлік салтын қастерлеу - ұлттық идеяның басты көзі болады, оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігін нығайтады.

Л. С. Выготский жеке адамның эмоционалдық өрісінің дамуын көрсетуде өнер мен мәдениет оның қайта құрылуындағы негізгі құрал екендігін айтып, «өнер адамның асфектілі көрінісін өзгертіп, оның мінез-құлқының дамуында, әлеуметтенуінде келелі роль атқарады» - деген.

Этностық-мәдени ерекшелікті қалыптастыруда оқу-тәрбие факторлары әсер етеді. Сонымен қатар оған биологиялық және басқа да әлеуметтік факторлардың әсерін де ұмытпауымыз қажет. Жеке тұлғаның психологиялық және дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, біз жеке тұлғаның этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға оқу-тәрбие факторларының әсері көп екенін айтамыз.

Этностық-мәдени ерекшелікті қалыптастыру процесінде тәрбиелеу мен оқытудың ролін көрнекті ғалымдардың пікірлерінен көруге болады.

С. Л. Рубинштейн «Тәрбие дамуды бағыттап отырады, ол жеке тұлғаны қалыптастырудағы негізгі күш, біз «тәрбие» түсінігіне «білім беруді» де қосар едік, себебі қазіргі кезде маңызды роль білім беруге берілетінін педагогикалық шындық көрсетеді. Тәрбие білім беру процесі арқылы жүзеге асырылады» - дейді.

«Жеке тұлға» түсінігінің тарихи және логикалық мағынасында әр түрлі варианттар бар. Жеке тұлға қоғамда онтогенез процесінде қалыптасады. Сондықтан да «жеке тұлға» түсінігіне пара-пар категория «қоғам». Жеке тұлға теориясында даралық түсінігі де қарастырылады. Б. Г. Ананьев «даралық - нақты индивидуумның биоәлеуметтік тұтастығы» - дейді [43] .

Жеке тұлға ең алдымен, дәуір, класс, топ, ұлттың сапаларын тасымалдаушы әлеуметтік тип. Ұлт, өзінің этностық-мәдени сәйкестілігінің элементтерімен арнайы ортада өмір сүреді, ал ол ортада жеке тұлғаның қалыптасуы мен даму процесі жүзеге асырылады. Қалыптасу мен даму процесінде жеке тұлғаға ұлттық ерекшеліктер әсер етеді, олар: әрбір ұлттың тұрмысы, салт-дәстүрлері, материалдық және рухани өмірі. Ұлттық, этникалық ерекшелік мәдениет, тұрмыс ерекшеліктері арқылы ғана көрінбей, сонымен қатар жеке тұлғаның этностық-мәдени ерекшелігінен көрінеді.

Ұлттық ерекшеліктер, оның ішінде этностық-мәдени ерекшелік тума қасиет емес. Ол жеке тұлға дамуымен қатар әр түрлі факторлардың әсерімен этникалық әлеуметтену процесінде қалыптасады. П. И. Кушнер былай деп жазады: этностық-мәдени сәйкестілік адамның тума қасиеті емес [44] . Ол этникалық қауымның өте ерте формаларын сезінуден тұрады және қоғамның дамуына сәйкес бірнеше кезеңдерден өтеді. Тіл, салт-дәстүр адамның тұқымқуалаушылық механизмдері арқылы берілмейді. Тіл, салт-дәстүрлер, талғам - өскелең ұрпақтың еліктеуі, тәрбиесі, әлеуметтенуі, интеллектуалды, әлеуметтік тәжірибесін игеруі арқылы беріледі.

Этнос бұл орайда ортаны мекендеуші және мәдениетті иеленуші, ал мәдениет оның өмір сүретін ортасының антропогендік бедерінің бірі ретінде ұғынылады. Этностық-мәдени ерекшелік әрбір этнос мәдениетінің өзге этностардың мәдениетінен өзіндік сипаттары бойынша ерекшеленеді. Мұндай сәйкестіліктің негізі этностықтың кезеңдігі, өзіне-өзі ұқсастығы мен оның мәдениетінің дамуындағы сабақтастық болып табылады. Бұл - мәдениеттің басқа этникалық мәдениеттерге ықпал ету қабілетін туындатады.

Этностық-мәдени ерекшелік қисынды ортаның бәрінде сақталуы керек, тек сонда ғана ол «халықтың тарихи тағдырынан» тамырын үзбейді.

Сонымен қатар елімізде қабылданған «Тіл туралы» заң, оны жүзеге асыру кездері, ана тіліміздің арнасын кеңейту, қажеттілігін арттыру мәселелері төңірінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Оның айғағы қазақ балабақшаларының, мектептерінің санын өсіру, қала жағдайында аралас балабақша мен мектептердің қажетсіздігі дәлелденіп, қазақ тілді кадрлардың ғылыми-кәсіптік деңгейін көтеруге күш салынды.

Қазақстанда 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеуге арналған мектепке дейінгі ұйымдар ашыла бастады. Ұлттық мектептердің тәрбиеші-педагогтарына жаңа жағдайларға байланысты жаңа талаптар да ұсынылды.

Жоғары жеке бастық мәдениеті бар және өзіндік білім алу дағдысы мен іскерлігімен көрінетін жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі мыналарды білу қажет:

  • мектептің оқу-тәрбие процесіне ұлттық тәрбиенің негізгі заңдылықтарын, жолдарын, құралдарын, форма мен әдістерін бере алу;
  • туған өлке тарихын, ауызекі шығармашылығын, өз халқы мен басқа халықтардың қолөнер кәсібін;
  • оқушылардың халық шығармашылығының әр түрлі жанрларын қабылдау ерекшеліктері, салт-дәстүрлерге қатынасы, баланы мәдениетке, халық өнеріне, салт-дәстүрлеріне үйретудің дәстүрлі әдістемесін;
  • ұлттық тәрбиенің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын, инновациялық жетістіктерін;
  • оқушының қоршаған этностық-мәдени ортаның жағдайы мен деңгейін талдап оған қорытынды жасай алу;
  • ұлттық дәстүрлердің сақталуын, дамуын;
  • этностық-мәдени мәселелер бойынша ғылыми-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді, жазбаша және ауызша сөйлеуді, ана тілін білу және басқа халықтардың тілдерін меңгеру;
  • этностық-мәдениеті қалыптастыруда ата-аналарға көмек көрсету.

Этностық-мәдени ерекшелік - өзін-өзі кедергісіз анықтау мен іске асыру бағдары. Бұл этнос пен мәдениеттің өзара байланысының жағдайы. Олардың арасында тұрақты бір қашықтық сақталғанымен этнос өз мәдениетін қорғайды, сақтайды, дамытады, туындатады. Мәдениет - этностың өрісі, панасы, болмыс тынысы, онсыз ол өмір сүре алмайды, демек, мәдениет этносты қорғап, сақтайды. Мәдениетті санаулы адамдар емес этнос қана сақтай алады. Төл мәдениетін сақтау арқылы ғана этнос өзін сақтайды.

Этностың мәдениеті - оның қуат өрісі, басқаларға сіңісуден, жойылып кетуден сақтайтын құралы. Бұл сонымен қатар оны ерекшелейтін белгі, әрі оның басқа этностармен байланыс, қарым-қатынас құралы. Ұдайы этникалық мәдениет «киімінде» көрінетін жалпы адамзаттық құндылықтарды этнос өз мәдениетінен табады және сол құндылықтармен аралас-құраластық арқылы өзгелермен байланыс орнатады.

Этностық-мәдени ерекшелік қалпына халықтың әлеуметтік-мәдени жүйесі арқылы қол жетеді. Бұл этностық-мәдени ерекшелікке жетуге септігін тигізетін тетіктер жиынтығының дәл өзі. Оған біз мектепке дейінгі балалар мекемелерін, оқу орындарын, ұлттық-мәдени орталықтарды және т. б. жатқыза аламыз.

Қандай мемлекетке де барша мемлекеттік құрылымы тәуелсіз мемлекеттік белгілермен сәйкес келетін сәйкестілік жағдайына қол жеткізу - өмірлік қажеттілік. Бұған жетуде өзіндік сәйкестілік процестерінің тоғысуы ерекше. Мұнда, бір жағынан, мемлекеттің біртұтас халқының бір бөлігі ретінде барлық азаматтардың, ел аумағында қызмет етіп жатқан мемлекеттік құрылымдардың және барша саяси күштердің қалыптасқан жағдайға берген бағасы айрықша маңызға ие болса, екінші жағынан, тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанға халықаралық қоғамдастықтың берген бағалауы да басым роль атқармақ.

Этностық-мәдени ерекшелікті қарастырғанда бір мәселені еске алған жөн болар еді. Өзінің ұлттық түбірінен қол үзген адамды толыққанды тұлға санауға болмас та, бірақ, этникалық мәдениет рухында тәрбиеленсе де, басқа ұлттық әуенді білмеген, оны сезініп, түсінбейтін, адам да - рухани жарымжан.

Ұлттық мәдениеттің қуатты таратушысы әрі оны жалпы адамзаттық мәдениетпен байланыстырушы ретінде оқу-тәрбие мекемелеріндегі балаларды өз халқының жүрек лүпілін сезінуге, ұлттық асылдарды (тіл, зерде және т. б. ) көздің қарашығындай сақтауға, озық дәстүрлер мен тәжірибені дамытуға, бөгде мәдениетті, басқалардың да этникалық-ұлттық және мәдени-әлеуметтік қажетсінулерін түсініп, мойындауға үйретуге тиіс. Бұл үшін ол тәрбие берудің жоғары руханилыққа, ой-сана мен адамгершілікке бағытталған әдістері мен құралдарының бара-бар жиынтығын, тәлім-тәрбие әдістемесінің тың жолдарын игере білуі керек. Сондай-ақ, білім берудің мазмұны мен құрылымын да қайта қарау қажет.

Сондықтан да мәдени-этникалық білім беру стратегиясы мына мақсатты - этностық сәйкестілікті жүзеге асыруға бағытталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақстан – Менің болашағым
Тілдік қызметті жетілдіру
Балаларды конкурстарға қатысуға дайындау
Қазақстан тарихындағы тіл саясаты
Оқу-танымдық тәжірибе есебі
Заң мәтіндерінің қазақ тіл білімі тұрғысынан зерттелуін қарастыру
XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы
Қазақстан Республикасының ата заңдарының тарихи - құқықтық сабақтастығының алғы шарттары
Мемлекеттік тілді жүргізу тетіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz