Инвестициялық банктердің портфелін қалыптастыру


.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
тақырыбы: « Инвестициялық банктер және олардың қаржы нарығындағы қызметі »
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
мазмұны
КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі Жеке капиталды инвестициялаудың жаңа мүмкіншіліктерінің пайда болуына байланысты елдің қор нарығының даму қарқыны, сонымен қатар қаржы құралдарының жаңа түрлерінің пайда болуымен байланысты Үкіметтің 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениетін және қаржылық сауаттылығын дамыту бағдарламасы қабылданғанын айта кеткен жөн. Бұл бағдарламаның басты мақсаты елдің экономикалық өсуі үшін халық жинағын тартуды қамтамасыз ету және инвестициялық белсенділігін жоғарылату болып табылады.
Алғашқы жолдаудан бері арада он жылдай уақыт өтті. Осы уақыт аралығында жасалған жұмыстардың нәтижелері жақсы деп нық сеніммен айта аламыз. Президентіміз алға қойған мақсатқа жету үшін ауқымды шаралар жүргізудің арқасында қазіргі кезде біз экономикалық дамуға қол жеткіздік деп айтуға болады. Еліміздің экономикасы, сонымен қатар басқа да салалары жоғары қарқынды даму үстінде.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2006 жылы
1 наурызында «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты жолдауында: «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.
Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді».
2007 жылы ақпанның 28-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз осы заманғы әлемде Қазақстанға және қазақстандықтарға лайықты орын, бүкіл ел халқының әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс деңгейінің елеулі жақсаруын қамтамасыз ету үшін сыртқы рыноктарға шығып, сенімді орнығуға міндеттіміз. Бұл жолда Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің: біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет; екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек», - деп еліміздің дамуы, экономикамыздың өсуі үшін Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолын таңдап алғандығы жайында баяндап берді.
Осындай секторлардың бірі қаржы нарығының негізі болып табылатын банк жүйесі деп айта аламыз. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін экономикалық салада бірнеше реформалар жүргізілді. Осы реформалардың нәтижесінде бұрынғы әкімшіл-әміршіл экономикалық жүйенің орнына Қазақстан нарықтық экономика жүйесіне көшті. Еліміздегі барлық экономикалық салалар өзгеріске ұшырады. Міне сол кезде Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық Банк мемлекеттің орталық банкі болып табылады және ол банк жүйесінің бірінші деңгейіне жатады. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкілердің бәрі банк жүйесінің екінші деңгейіне жатады.
Екінші деңгейдегі банктер халыққа түрлі банктік қызметтер көрсетеді, сол операциялары нәтижесінде проценттік және басқа да комиссиялық табыстарды алады.
Елдің экономикасы үшін екінші деңгейдегі банктердің маңызы зор және сонымен қатар олардың қаржылық жағдайы мен тұрақтылығының деңгейінің де жоғары болуы маңызды. Егер де мемлекеттің қаржы нарығы тұрақты, банктерінің қаржылық жағдайы жақсы және сенімді болса, онда елдегі басқа да экономикалық салалар одан әрі дами түседі, өндіріс көлемі артады, яғни халықтың әл-ауқаты жақсарады.
Еліміздің беделді қаржыгерлердің бірі Бикбаев А. өзінің бір сөзінде: «Жаһанданудың күшеюі және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жағдайында елдің бәсекеге қабілетті банк жүйесін дамыту бойынша жұмыстар жүргізу керек. Халықаралық нарықтарда Қазақстанның қаржылық институттарының белсенді қызметі әмбебап тәжірибе алуға мүмкіндік береді, елімізге деген инвестициялық қызығушылықты арттырады, арзан және ұзақ мерзімді қаржылық қаражаттарды тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді. Осы мәселелерді ары қарай дамытуда Қазақстан Даму Банкінің орны еркше. », -деп отанымыздың қаржылық нарығының тұрақтылығы мен экономикамыздағы банктердің, соның ішінде, Қазақстан Даму Банкінің орнын көрсетті.
Банктердің қаржылық жағдайы олардың қаржылық және шаруашылық қызметін, яғни олардың активтері мен пассивтерін басқару тиімділігінің жалпылама сипаттамасы болып табылады. Банктердің қаржылық жағдайын үш негізгі құрылымдық бөлімдер бойынша талдау - банктің активтерін сапалы басқаруды талдау, банктің пассивтерін сапалы басқаруды талдау және банктің қаржылық жағдайының негізгі көрсеткіштерін талдау - банктің қызметін жүйелі және комплексті тұрғыдан зерттеу және бағалауға мүмкіндік береді.
Инвестициялар бойыша бірнеше еңбектердің авторы Игонина Л. Л. : «Банктердің инвестициялық процестерге қатысуы, олардың қызмет түрлерінің көбеюімен қатар, өз пайдасын жоғарлату мүмкіндіктеріне ие болып және жалпы мемлекет экономикасын өркендетуде де маңызды орын алады», - деп жазған еді. Бұл басқарудың стратегиялық мақсаты - сапалы, масштабты және үнемі өсіп отыратын таза проценттік табыстың ағымын құру, яғни өтімділік пен тәуекелділіктің қажетті деңгейін ұстап тұрып қаражаттарды тарту мен орналастырудың проценттік мөлшерлемелерінің айырмасын мейлінше өсіру.
Диплом жұмысының мақсаты - қаржы нарығындағы инвестициялық банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқару әдістерін зерттеп, оның жетілдіру жолдарын іздеу болып табылады.
Мақсатпен байланысты дипломдық жұмыстың жазылуының келесідей міндеттерін бөлуге болады:
- қаржы нарығындағы инвестициялық банктердің теориялық негіздері
- инвестициялық банктердің қаржы нарығындағы қызметінің мазмұны мен мәні
- инвестициялық банктердің портфелін қалыптастыру
- инвестициялық банктердің қаржы нарығындағы қызметінің шетелдік тәжірибесі
- инвестициялық банктердің қаржы нарығындағы қызметін талдау
- нарықтық экономика жағдайында банктердің қаржы нарығындағы қызметтерін талдау
- инвестициялық банктердің қаржы нарығындағы қызметін жетілдіру жолдары.
Жұмыстың зерттеу объектісі - қаржы нарығындағы инвестициялық банктер.
Жұмыстың зеттеу пәні инвестициялық банктердің портфелін қалыптастыру кезіндегі экономикалық қатынастар жиынтығы.
Диплом жұмысының жаңалығы ретінде қазіргі кездегі инвестициялық банктің қаржы нарығындағы мәселелерді жолдары ұсынылады.
Диплом жұмысының негізгі бөлімі кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, 2 суреттен, 9 кестеден тұрады.
1 қаржы нарығындағы инвестициялық банктердің теориялық негіздеРІ
1. 1 Инвестициялық банктердің қаржы нарығындағы қызметінің мазмұны мен мәні
Инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында қаржы нарығының сараптамашыларының пікірі бойынша жаңа типтегі инвестициялық банктер құрылды. Олардың ерекшеліктері: әлемнің әр алуан айлағында масштабыты келісімдер жасауға мүмкіндік беретін әрекеттің жаһандық көрінісі және үлкен еркін капиталдың болуы; операцияның тиімділік өсімі мен кірістің тұрақты көлемін қамтамасыз ететін әртараптандырылған және кешенді қызметтердің толық жинағы; активті басқаруға қажет өзіндік бизнестің құрылуы (зейнетақы және инвестициялық қор жолымен) бұл арқылы брокерлік жүйенің дамуы көмегімен ұсақ және орта салымшылармен операциялар жүргізуге болады.
Бұл жағдайда инвестициялық қызмет нарығының дамуының негізгі бағыттары болып капитал концентрациясы және инвестициялық - банктік сферадағы билік жаһандық олигополяның құрылуы, коммерциялық және инвестициялық бантктер арасындағы қырлары болып табылады.
Инвестициялық банктер әрекетінің негізгі бағыттары мыналар: бағалы қағаздармен операция жасау, ұзақмерзімді несиелерді ұсыну, инвестициялық жобаларды қаржыландыру, қаржылық және қаржылық емес капиталына қатысу, шағылысу жіне жұтылу арқылы бизнестің реструктуризациясы, жылжымайтын мүлікпен келісім жасау, консалтингтік және депозитті-кастодиандық қызметтер.
Инвестициялық банктердің негізгі ауданы тұрақты процетті бағалы қағаздарға салымдар болып табылады. Бағалы қағаздар банктер үшін өтімді резервтердің бірі болғандықтан оларды таңдау барысында негізгі назар сенімділікке беріледі. Банк жеке дара сауда жүргізуші ретінде өз портфелі үшін бағалы қағаздарды сатып алады және сатады. Сауда операцияларды жүргізудегі банктердің басты мақсаты - бірдей бағалы қағаздардың әртүрлі курстарынан табысты алу. Бұл оепрациялар тез өткізілетіндіктен олар бағалы қағаздарға курстардың теңестірілуіне мүмкіндік береді. Клиентпен бағалы қағаздармен банкте жасалған мәмілелер тікелей деп аталады.
Коммерциялық банктер инвестициялық компаниялар рөлінде үшінші тұлғалардың пайдасына бағалы қағаздарды орналастыру бойынша кепіл беруі мүмкін. Бұл бағалы қағаздарды орналастырумен айналысатын эмиссионды консорциумдар немесе инвестициялық компаниялардың тәуекелдерін сақтандыру болып табылады.
Инвестициялық банктік филиалдар торын кеңейту арқылы коммерциялық банктер халықаралық бағалы қағаздар нарығына шығады. Шетелдік филиалдардың инвестициялық қызметі банктердің бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге шектеу салынатын елдердің банктерде кең масштабта болады.
Банктер уақытша бос ақша-қаражаттарды жинақтап және оны белсенді қызмет ететін капиталға айналдырады. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің дамуы әлі қарай даму үстінде.
Банктік қызметті клиент қызығушылығындағы белгілі бір іс-әрекеттерді банктің орындауы деп айтуға болады.
Бірақ соңғы кезде банктік сфераның кеңеюіне байланысты, банктен шығаралатын айналымдағы қаржылық міндеттемелерді сату-сатып алу сияқгы қызмет көрсетумен байланысты емес, жаңа банктін өнімдер шықгы.
Кез-келген банктің өнім негізінде қандайда бір қажеттілікті қанағаттандыру жатыр.
Мысалы, клиент ақша қаражаттары талап еткенге дейінгі депозитке салып ғана қоймай, өзінің қажетілігін инкассация қызметтерінен, есептік қызметтерінен, қаражаттарды электрондық аудару, инвестицияларды және нақтылыкты басқару бойынша, шетел валютасын айырбастау бойынша қызметтерден қанағаттандыруға мүмкіндігі бар. Басқаша сөзбен айтқанда банк үшін өзінің өнімін ұсыну және тарату емес, одан өзінің клиенті үшін нақты пайда әкелу маңызды.
Негізгі банк қызметтеріне нақ осы уақытты баяғыдай салымдарды тарту және ссудаларды беру жатады. Осы қызметтер бойынша банктер процент айырмашылығынан көп мөлшерде пайда алады.
Қазіргі кезде көптеген әмбебап банктер тәжірибелік банк кьізметінің және қаржылық қызметінің барлық аспекттерін қамтитын өнімнің кең қатарыл ұсынады. Сол уақытта басқа банктер бәсекелестік жағдайын ұстап қалу және жаулап алу мақсатында қатал анықгалған қызмет түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады. Бір қызметті әр түрлі банктер әрқайсысы басқаша көрсетеді.
Көрсетілетін банк қызметінің қатарының тез өсу қарқыны бүгінгі күнде қызметшілерден жақсы білімді және өнімнің барлық модификацияларын талап етеді, тек ғана өзінің банкі ғана емес, сонымен қатар банк ісінің әлемдік тәжірибесіндегі де.
Қызметтердің жеке жеке түрлерін қарастыру үшін олардың классификациясына келу қажет. Сонымен қатар классификация банктің өнім жүйесінде анықгалып жатқан қызметтің орнын аныктауда көмектеседі.
Осындай классификациялардың бірнешеуі бар, бірақ олардың
анықгалған шарттылыктары бар. Мүмкін болатын жіктемесі
келтірілген.
Екінші деңгейдегі банктер несиелік қызметтердің алуан түрін көрсете отырып, олармен шектеле қоймайды. Принцип бойынша банктің несиелік қызметтерінің катары шексіз. Сондықган әрдайым оның жаңа түрлері пайда болып отырады. Ол клиенттердің қажеттіліктерін максималды канағаттандыру және банктің бәсекелестік қабілеттерін арттыру мақсатында жаңа қызмет түрлерін өндеу бойынша жұмыс нәтижесі болып табылады. Ал енді банктің несие операциярын жоғарыда келтірілген жекелеген белгілері бойынша топтарға сәйкес қарастырамыз.
Инвестициялық операциялар - нарықтық экономика жағдайында екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық қызметі орындаусыз активті операцияларды сапалы етеді деу қиын. Банк барлық тартылған қаражаттарын дұрыс қолдануы мүмкін емес, олар есебінен ссуда беру арқылы банкпен тек ссудалық операцияларды жүргізу жеткілікті пайда алуға мүмкіндік береді, бірақ төмен деңгейі тәуекелді қамтамасыз етпейді. Банктер ссуда беріп, олардың қайтарылмай тәуекелін өзіне алады. Сондықтан активті операцияларды тек несиелік қызметтерімен ғана шектеліп қоймау қажет.
Банк өзінде бас қаражаттарын сақтап, сәйкесіне пайда алып ғана қоймай, өтімділігі және диверсификациясына да көңіл бөлуі қажет. Бұл талаптарға банктің инвестициялық операциялары толық жауап береді.
Банкте бар және алынатын бағалы қағаздар үлкен 2 топқа бөлінеді.
- бірінші резерв (несие инвестициялар)
- екінші резерв
Бірінші резервке жататын бағалы қағаздар, банктің табыстылық мақсатына қызмет етеді.
Өз иелеріне жеткілікті табыс әкелетін көптеген бағалы қағаздар бар. Бұл ұзақ уақыт аралығына каражат ағымын қамтамасыз ететін, мемлекеттік облигация жөнінде айтылып жатыр. Бағалы қағаздың жоғары табыстылығы, оның өтімділігінен көрінеді.
Екінші резервке жататын бағалы қағаздар, банктің өтімділігін үстау үшін арналған. Өтімді активтер үлкен табыс әкелмейді. Бірақ бұл жоғары табыс әкелетін бағалы кдғаздар автоматты түрде бірінші резервке жататындығын білдірмейді.
Көбіне бағалы қағаздардың өтімділігі олардың өтеу мерзіміне тәуелді болып келеді. Неғұрлым мерзімі аз болса, солғүрлым міңдеттеме өтімді. Өтеу мерзімі үзақ бағалы кағаздар, үлкен табыс әкеледі, бірақ ақша нарығында ставкалардың өзгеру нәтижесінде оның нарықтық құнымен төмендеуімен байланысты үлкен тәуекелмен байланысты.
Екінші деңгейлі банктің инвестициялық байланысты келесідей бағдардан қарастыруға болады.
- банктің инвестициялық саясаты;
- бағалы қағаздар нарығындағы операциялар,
- банктің басқа да қызметтері.
Екінші деңгейдегі банктер негізгі пайда бөлігін несиелік операциялар өткізу нәтижесінде алады. Олардың орындалуына, депозиттерді қабылдауды ұйымдастыру нәтижесіңце қаражат көздерінен алады. Банктердің инвестициялық қызметі оларға қосымша табысты қамтамасыз етеді және тәуекедді төмендетуге мүмкіндік береді. Сондықган банкгердің ұсынатын өнім қатары қосымша қызметтер есебінен әрдайым ұзарып отырады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығы даму үстінде. Оған мемлекет тез аяғынана тұрып кетуі үшін биржаға көбірек инвестициялар тарылуын қадағалауда.
Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығының қалыптасуында проблемалар жеткілікті. Қазақстан қор биржасының дамуына кері ықпалын тигізіп отырған факторлар:
- жеткілікті дәрежеде қаржы құралдарының болмауы;
- туынды бағалы қағаздардың дамымауы;
- қатысушылар санының шектеулілігі;
- бағалы қағаздар нарығының құрамдастарындағы алып сатарлықтың болмауы;
- АҚ-ның өздерінің қызметтерінің және олардың қаржылық есептерінің ашық еместігі;
- корпоративтік басқарудың тиімділігінің төмен деңгейі.
Қазақстан Республикасының қаржылық секторының дамуының 2007-2011 жылдарға арналған Концепциясында жоғарыда аталған проблемаларды шешу мақсатында Қазақстан қор нарығының дамуының келесідей бағыттары анықталды:
- акция нарығының дамуы;
- ұсынылатын қаржы құралдары спектрінің кеңеюі;
- бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымының жетілдірілуі;
- бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылар қызметінің пруденциалдық реттеуін жетілдіру және сонымен қатар тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу;
- туынды бағалы қағаздар нарығының дамуы.
Банктерді бағалы қағаздармен жұмысын кеңейтудегі жағымды шарттарға қарамастан, қор нарығының қызметіне және сонымен байланысты қызмет көрсету сферасының дамуына банктердің мүдделеріне кері әсер ететін субъективті және объективті проблемалар бар. Оларға осы тиімділігі және мақсаттылығығындағы проблемалар заңнамалық проблемалар, ұймдастыру-техникалық, психологиялық проблемаларды жатықзуға болады.
Банктер үлестік бағалы қағаздар -акциялардың көбірек активті эмитенттері болып табылады. Кейбір банктер бірден акционерлік банктер түрінде құрылса, екіншілері пайлық формадан акционерленген болып табылады. Қарыздық сипаттағы бағалы қағаздарға қарағанда үлестік бағалы қағаздар тартымдырақ.
Жақында ғана отандық банктердің шаруашылық субъектілермен қарым-қатынасы туралы, яғни олардың нақты секторды несиелеуіне байланысты сынға алынды. Қазақстандық экономикаға айналмалы және инвестициялық қаражаттар жетпеді, яғни бұл қаражаттарға сұраныс несиелеумен де жаппады. Бұл сын негізінен әділетті болды, бірақ бұл жылдары банктердің саясатын объективті жағдайлармен түсіндіруге болады, яғни банкирлердің өздері бұны «сапалы» қарыз алушылардың аздығымен және несиелеу үшін дәлелденген, анық жобалардың жеткілікті көлемдерінің болмауымен байланыстырады.
Шындығына келетін болсақ, банктер мен нақты сектор арасындағы қарым-қатынастың «салқын» болуы жоғарыда аталып өткен себептермен ғана шектелмеді, яғни бұл жылдары банктердің инвестициялық қызметтерінің шектеулі болуы негізінен нақты секторды несиелеудің жоғары жүйелі тәуекелдердің болуымен байланысты, сонымен қатар несиелердің проценттерінің жоғары болуына байланынсты қарыз алушылардың төлем қабілеттілігінің төмен болуы, қарыз алушылардың қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуы да өз әсерін тигізді. Банктердің мүмкіндіктері де шектеулі болды, сонымен қатар табысты мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында да алуға да болатын, ал олардың тәуекел деңгейі мейлінше төмен болатын. Сонымен бірге қаржылық сектордан нақты секторға ақшалай ағымдардың шектеулігі басқада себептерге де байланысты болатын.
Бұл жағдай 2000 жылдан бастап өзгере бастады және бүгінгі таңда банк активтерінің 60%-і экономиканы несиелеуге бағытталған. Өндірістің өсумен байланысты, сонымен қатар қаржылық нарықтың тұрақты дамуымен байланысты және ресурстық базаның өсуімен байланысты банктер нақты секторды несиелеуге байланысты өз қызметтерін қарқынды жоғарлатты. Банктердің несиелік портфелі 2006 жылы 1 086, 6 млрд теңгені құраса, ал 2007 жылы 1 813, 4 млрд теңгені құрап отыр. Яғни банктердің несиелік портфелінің қарқынды өсуімен қатар, банктердің нақты секторды несиелеуі де өте жоғары деңгейге жетті.
Сонымен қатар несиелер көлемінің көбеюіне тағы да бір әсер еткен фактор- бұл банктердің ресурстық базаның қарқынды көбеюі болып отыр. Бұл банктердің жеке және заңды тұлғаларға арналған депозиттерінің көбеюіне байланысты болып отыр. Ресурстық базаның және меншікті капиталдың көбеюі банктерге экономиканы несиелеуге және инвестициялауға үлкен мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар несиелеу көлемінің өсімі тек банк жүйесінің жалпы активтерінің өсімімен ғана емес, сонымен бірге банктердің өздерінің несиелік белсенділігіне де байланысты болып отыр. Активтер құрлымының несиелік портфельге қарай өсу өзгерісі, бұл қаржылық нарықтың өзгеруіне байланысты болып отыр. Яғни инфляция және девольвацияның салыстырмалы жоғары емес деңгейі негізгі қаржылық инстументтердің табыс деңгейінің төмендеуіне алып келді. Демек банктер мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында және валюталық нарықта жоғары табыс алуынан айырылды, ал бұл өз кезегінде банктердің несиелік операциялар көлемінің ұлғаюын талап етті, яғни негізгі табыс көзі ретінде енді несиелік операциялар болды. Қазір банктердің беретін несиелерінің негізгі бөлігі саудалық операцияларды қамтамасыз ету үшін беріледі, бұл банктердің несиелік портфеліндегі барлық несиелерінің үштен бірін құрап отыр. Несиелеу көлемі бойынша несиелер құрлымы аздаған өзгеріске ұшырады, яғни несиелердің негізгі көлемі қарыз алушылардың айналым капиталын толықтыру үшін алынады, яғни бұндай несиелердің барлық берілетін несиелер көлемінің үштен екі бөлігін құрайды. Негізгі қорды алу үшін, жаңа құрылыс жүргізу үшін, тұрғын үй сатып алу үшін несиелердің жалпы үлесі төмендеді, бірақ нақты бұл мақсаттарға несиелер көлемі салыстырмалы өсті. Сонымен қатар тұтыну және бағалы қағаздарды сатып алуға байланысты несиелер көлемі жоғарлады.
Сонымен қатар осы өткен жылдарда болған өзегерістер несиелеу көлемінің өсуімен қатар несие құрлымындағы экономиканың салалары және объектісі бойынша несиелеуді өзгерткен жоқ деуге болады және несиені беру мерзімдері бойынша осындай жағдайдың сақталуын көруге болады, яғни қысқа мерзімді несиелердің көлемі несиелердің барлық көлемінен 50% шамасында қалып отыр. Тұрақты өсуге байланыссыз айырбастау курсы өзегеріссіз қалуда, берілген шетел валютасындағы несиелер көлемі 50%-тен аса шамасында қалып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz