Хатшылық және Халықаралық ислам


МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ. 3
КІРІСПЕ . . . 4
І ТАРАУ. ИСЛАМ ЕЛДЕРІНІҢ ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ДІНИ НЕГІЗДЕГІ ҰЙЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1. 1 Ислам әлемінің саяси үрдістеріне діни фактордың ықпалы . . . 8
1. 2 Ислам ұйымының қалыптасуы мен даму үрдісі . . . 13
1. 3 ИКҰ-ның халықаралық мұсылман ұйымы ретіндегі ерекшеліктері . . . 21
ІІ ТАРАУ. ИСЛАМ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ҮЙЛЕСУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
2. 1 ХХ ғ. 90-жылдарының басында басталған жаһандық өзгерістерге ислам ұйымының бейімделуі . . . 26
2. 2 2003 жылғы Ирак дағдарысынан кейінгі Ислам Конференциясы Ұйымы . . . 32
2. 3 Қазақстан Республикасының ИКҰ-мен үйлесу үрдісі . . . 36
2. 4 Ислам Конференциясы Ұйымын жаңғыртудағы өзекті мәселелер мен даму болашағы . . . 43
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғ. 90-жылдардың аяғы, әсіресе 2000-жылдардың басында исламға бүкіл әлемнің ерекше назары ауғаны айқын. Өйткені әлемдік саясатта ислам дінінің өсуі мен маңыздылығы бірнеше факторларға негізделген. Біріншіден, Араб Шығысының геосаяси маңыздылығы, онда мәдениет пен өркениеттің құрамдас бөлігі және де қоғамдық өмірдің факторы ретінде исламның рөлі өте зор. Араб Шығысы - исламның өзегі. Екіншіден, әлемдегі қақтығыстардың көпшілігі ислам діні дәстүрлі таралған елдерде өтуі жиі байқалады. Араб Шығысы көптеген ірі діни қақтығыстардың түйіні болды. Бұл ең алдымен, өткен ғасырдың 40-жылдарының аяғында басталып осы күнге дейін аяқталмаған араб-израиль қақтығысы. Үшіншіден, Еуропа елдерінде осы құрлыққа жұмыс пен жақсы өмірді іздеп келіп жатқан мұсылман тұрғындары санының көбеюі.
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде мұсылман әлемі көрнекті орын ала бастады. Оның мәні бірқатар экономикалық, саяси және діни сипаттағы факторлармен қамтамасыз етілген. Әлемде исламның ықпалының өсуі қазіргі уақытта мұсылмандар өздерін қауым ретінде сезініп және әлемдік сахнада өздерін көрсетпекші.
Соңғы кезеңдердегі саяси ахуалдар арнасында әлемнің қуатты державалары тарапынан әр түрлі формада жасалынатын кейбір экономикалық қысымына қарсы тұру үшін және бір мезгілде әлемдік шаруашылық жүйесімен үйлесімді интеграциялану, батыстың рухани құндылықтарының күшті ықпал ету жағдайында өзінің дәстүрлі мәдени мұраларын сақтау және нығайту әр түрлі формада жүзеге асырылатын мұсылман мемлекеттері күштерін бірігіп нығайтуды талап етті. Халқы ислам дінін ұстанатын және ислам мемлекеттік дін болып табылатын мемлекеттерде ислам және саясат бір-бірімен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықтағы мұсылмандық Уммаға жататын исламдық саясат пен мақсатының тоғысуы мұсылмандық үкіметтік ұйымдардың құрылуында, қызметінде және де белсенді іс-әрекеттерінде көрініс табуда. Соның бірі Ислам Конференциясы Ұйымы болып табылады, ол дүние жүзі халықтарының ¼ бөлігінің саяси позицияларын үйлестіреді.
Халықаралық мұсылман ұйымын құрудың бастамашылары ресми идеологиясында «ислам бірлігі» идеясына белгілі бір саяси мән беретін араб мемлекеттері болып табылады.
Ислам Конференциясы Ұйымы - дамыған органдар жүйесі мен кең компетенциялы ең ірі халықаралық үкіметаралық ұйым.
ИКҰ-ның 57 мүше-мемлекеттің 28 мемлекетінде ғана ислам мемлекеттік немесе ресми дін ретінде танылған, ал 18 мемлекетте мұсылмандар тек әсер етуші азшылық болып табылады. Осылайша, діни қауым белгілері мүшеліктің географиялық белгілеріне негізделген басқа да ұйымдармен салыстырғанда ИКҰ мүшелерінің құрамын тек шектеп қана қоймай, кеңейтеді.
Ислам Конференциясы Ұйымы өзінің дамуының бірінші кезеңінде (1969 жылдан 1973 жылға дейін) екі форум, яғни мемлекет және үкімет басшыларының Конференциясы (Саммит) және сыртқы істер министрлері Конференциясы шеңберінде халықаралық Ислам конференциясы формасында дамыды. Халықаралық Ислам конференциясының халықаралық ұйымға трансформациясы 1972 жылы осы форумның Бас Хатшылығының құрылуынан басталды.
Араб тілінен орыс тіліне аударудың жалпытанылған ережесіне сәйкес белгілі бір лингвистикалық тіркесі мағыналық талаптарына сай беріледі. Осыған сәйкес, Ислам конференциясы ұғымына Ұйым атауы оның мәртебесі өзгергеннен соң берілді. Осылайша, аталған ұйымның атауы ресми аудармаларда Ислам конференциясының Ұйымы ретінде емес, ислам конференциясы Ұйымы деп бекітілді.
Төрт құрлықтың мемлекеттері қатысатын ИКҰ-ның аймақаралық мәртебесі Ұйымның қызмет ету аясына кіретін мәселелердің сандық және сапалық деңгейін анықтайды. ИКҰ Саммиттері мен Сыртқы істер министрлері конференцияларында жалпы міндетті мәселелермен қатар, арнайы міндетті мәселелер қарастырылады. ИКҰ-ның басты пленарлы органдары мүше-мемлекеттерге, сондай-ақ әлемдік қауымдастыққа қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Осылайша, «Ислам әлемінің діни негіздегі интеграциялық үрдісі: мәні мен ролі» тақырыбы өзекті болып табылады. Осы тақырырыпты ғылыми негізде талқылаудың өзектілігі ешқандай күмән туғызбайды.
Жұмыстың мақсаты. Осы жұмыста әлемдік саясаттағы діни фактордың ғаламдық деңгейде өсуі кезіндегі Ислам әлемінің діни негіздегі интеграциялық үрдісінің мәні мен ролін анықтау мен зерттеу басты мақсат болып отыр.
Жұмыстың міндеті. Алға қойылған мақсатты ашу үшін негізгі міндеттер қойылды. Олар:
- Ислам әлемінің саяси үрдістеріне діни фактордың ықпалын сипаттау;
- Ислам ұйымының қалыптасуы мен даму үрдісін қарастыру;
- ИКҰ-ның халықаралық мұсылман ұйымы ретіндегі өзіне тән ерекшеліктерін анықтау;
- ХХ ғ. 90-жылдарының басында басталған жаһандық өзгерістерге ислам ұйымының бейімделуі мәселесін қарастыру;
- 2003 жылғы Ирак дағдарысынан кейінгі Ислам Конференциясы Ұйымының жағдайын айқындау;
- Қазақстан Республикасының ИКҰ-мен үйлесу үрдісі мәселесіне тоқталу;
- Ислам конференциясы ұйымын жаңғыртудағы өзекті мәселелер мен даму болашағы мәселесін талқылау.
Зерттеу жұмысының мерзімдік шеңбері. Қазіргі кезеңдегі ислам әлемінің діни негіздегі интеграциялық үрдісін зерттеу мерзімі 1969 жылдан, яғни Ислам Конференциясы Ұйымының құрылуынан бастап 2009жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді алудың басты себебі 2009 жылы ИКҰ-ның құрылғанына 40 жыл толуымен негізделеді.
Жұмыс құрылымы. Алға қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес жұмыс ішкі құрылымға бағынады. Ол кіріспеден, екі тараудан, жеті параграфтан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ. ИСЛАМ ЕЛДЕРІНІҢ ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ДІНИ НЕГІЗДЕГІ ҰЙЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
- Ислам әлемінің саяси үрдістеріне діни фактордың ықпалы
Мұсылман халқының тәуелсіздік алуы олардың алдына әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың жолдарын таңдауға байланысты жаңа мәселелер тудырды. Ислам әлемінде капиталисттік және социалисттік тұжырымдамадан ерекшеленетін «үшінші жол» секілді көптеген тұжырымдамалар пайда болды. Зайырлы және рухани бағыттың қоғам қайраткерлері әлемдік үшінші діннің таралу елдеріне тән «исламдық жол» тұжырымдамасын алға тартты. Оның негізінде «исламдық мемлекет», «исламдық экономика» және осы секілді концепциялар туындады.
«Исламдық мемлекет» тұжырымдамасы ХХ ғасырдың 70-жылдарының аяғында кең етек алды, ол әр түрлі дәрежеде зайырлы және діни биліктің қосылуы шеңберінде қазіргі жағдайдағы қоғамның саяси органының исламдық моделін іске асыруды жобалады. Негізінен бұл теориялар исламның мемлекеттік-құқықтық нормаларын іске асыруды көздейді.
«Исламдық мемлекет» тұжырымдамасымен қатар, «исламдық экономика» тұжырымдамасы да жасалынған еді. Ол «жаңа экономикалық тәртіп» жағдайында Құранда жазылған әлеуметтік әділдік, меншік иелері мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету, шаруашылық өмірді реттеуде мемлекеттің ролін маңызды фактор деп мойындау қағидаларын жүзеге асыруды жария етті. Бұл идеялар пайызсыз банктер мен сақтандыру компаниялары құрылған кезде нақты іске асты. «Исламдық экономика» теориясының жеке ережелері Сауд Арабия, Ливия, Пәкістан және басқа да елдердің заңнамаларында көрініс тапқан [32, с. 638-639] .
ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында әлемдік саясатта діни фактор едәуір маңызға ие бола бастады. Әлемдік саясатта, халықаралық қатынастарда және ішкі мемлекеттік байланыстардағы едәуір жағдайлар діни сарында көрініс тапты және олардың алғашқы себептері ретінде конфессиялық қақтығыстар, мүдделер, радикализмді айтуға болады. Діни фактор үрдістердің жиынтығы ретінде алға шығады, оның негізі діннің өзі, оның құндылықтары, «құлықтылық» және «жауапкершілік» секілді діни санаттар, діни ұйымдардың ішкі және сыртқы қызметтері, олардың өзара қарым-қатынастары болып табылады [35] .
ХХ ғасырдың аяғы-ХХІ ғасырдың басында зерттеушілер, саясаткерлер, экономисттер, халықаралық қауымдастық және де қалың бұқара топтарының басты назарында әлемдік қауымдастықтың дамуындағы ислам факторында болды. Себебі, бұл кезде этникааралық және конфессияаралық қақтығыстар, мемлекетаралық қақтығыстар жиілеп кеткен болатын.
ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында халықаралық қатынастарда жаңа феномен - мемлекеттердің діни негіздегі саяси және экономикалық интеграциясы пайда болды. Ол дін әсерінің жоғарылуының заңды нәтижесі еді. Мұсылман әлеміндегі діни белсенділіктің қазіргі жағдайы отарлық уақыттан бері келе жатқан панисламизм идеясының «ислам ынтымақтастығы» қозғалысымен орнын басуын көрсетеді [16, с. 290-291] .
Ислам қазіргі уақытта да әлемдік дін болып қала береді. Америка Құрама Штаттарының бұрынғы Мемлекеттік Хатшысы Олбрайт М. пікірінше, исламды соғыс діні ретінде санауға болмайды, ол өте бейбітсүйгіш дін. Және де терроризм және ислам ұғымдарын теңестіру қате және теріс түсінік [24, с. 10-11] . Ислам - ең соңғы, ең кемел дін. Ислам - адамдардың осы дүниеде тыныштық пен еркіндікке өмір сүруін қамтамасыз ететін қағидалар жиынтығы. Ислам мемлекеттерді дамытуды қалайды. Сондай-ақ, ислам бейбіт өмір қалап, мұсылмандарға қиянат етпейтін барлық халықтармен бейбіт келісім жасап, олармен достық қарым-қатынастарда болуға үндейді. ХХғасырда ислам әлем бойынша ең көп, ең жылдам таралған дін болды. Оның жолын ұстаушылардың саны 1, 5 млрд адамнан асады. Ислам әлемі Африканың Атлант жағалауынан Азияның шығыс шетіне дейін созылып, кең байтақ территорияны алып жатыр. Олардың қатарына мұнай долларларының миллиардына ие мемлекеттер (Сауд Арабиясы, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі) мен әлемнің кедей мемлекеттері, феодалды-теократиялық және конституциялық монархиялар, зайырлы және ислам республикалары кіреді.
Ислам факторының халықаралық саясатқа ықпалын бірнеше деңгейде қарауға болады: мұсылман мемлекеттері араларындағы өзара қарым-қатынастарда; мұсылман мемлекеттерінің мұсылман емес мемлекеттермен өзара байланысында және мұсылман емес мемлекеттердің ислам таралған елдерге қатысты саясатында. Бір мемлекеттерде мұсылмандар тұрғындардың көпшілігін құраса, ал басқаларында ықпалды азшылықты құрайды. Осы елдердің барлығында да ислам ішкі және сыртқы саясатқа маңызды әсерін тигізеді. Сыртқы саясатта ислам қағидаларын жүзеге асыру жөніндегі конституциялық ережелерге келетін болсақ, олар жалпы және ресми түрде айтылған сипатқа ие және де дипломатиялық тәжірибеде исламның формаларын айқындамайды [1] . Соған дәлел бірнеше елдің Конституциясына тоқталып кетейік. Мысалы, Мавритания Конституциясының кіріспесінде мемлекеттің ислам және 1981 жылы 28-маусымдағы адам құқықтарының Африка Хартиясында және 1948 жылғы 10-желтоқсандағы Адам құқықтарының жалпы декларациясында, сондай-ақ Мавритания қол қойған басқа да халықаралық келісімдердегі анықталған демократияның қағидаларын ұстанатыны жазылған [2] .
Катардың негізгі құжатының 5-бабы сыртқы саясаттың ұстанымдарын анық және толық бекіткен. Мұнда мемлекеттің «барлық араб елдерінің одағы . . . өз аймағы мен ұлы араб отанында бейбітшілік пен ынтымақтастыққа деген күреске ұмтылысы жарияланады. Мемлекет осындай одақтың нығаюына мүмкіндік беретін барлық шаралар мен туысқан елдермен бірлікті қамтамасыз ететін қызметтерді қолдайды». Катар өз жағынан осы шаралардың іске асырылуына кепілдік береді және «туысқан араб елдерімен ынтымақтастық дәнекерлерін нығайту мен араб ұлтының бірлігінің бекітілуіне» қол жеткізеді [3] .
Ислам бірлігіне шақыру басқа араб мемлекеттерге қарағанда Сауд Арабиясы үшін маңыздырақ. Сонымен, Сауд Арабиясының «Билік жүйесінің негізінде»: «Мемлекет араб ұлтының ынтымақтастық және үндестік жөніндегі арманын және достық елдермен қарым-қатынастарын бекітуді жүзеге асырады» [4] .
Ислам ресми діні болып табылатын мемлекеттердің ынтымақтастығы идеясының шынайы тарихи тамырлары бар. Ол мұсылман халқы араларындағы негізгі теңқұқылы ынтымақтастықтың негізі Ислам деген ережеге сүйенеді. Осы идея шеңберінде бірқатар авторлардың айтуынша, «исламдық экономика», «жаңа исламдық экономикалық тәртіп» тұжырымдамалары жасалынған, олар Батыстың дамыған елдерінің экономикасынан ислам әлемінің тәуелділігін азайтуға бағытталған.
Азияда Батыс елдері ықпалының күшеюіне қарсы ислам ынтымақтастығын нығайту мақсатындағы қозғалыс Таяу және Орта Шығыстағы антиимпериалисттік көңіл-күйдің даму үрдісінде өткен жүзжылдықтың 20-жылдарында басталды. Деректерге сүйенсек, Таяу және Орта Шығыс халықтарының мұсылман ынтымақтастығының көрінуін Ұлыбритания үкіметі, сондай-ақ Кеңестік Ресей басшылығы осы аймақта өзінің ықпалын нығайту үшін пайдаланбақ болды деген қорытынды жасауға болады.
1926 жылы осындай идеялар Сауд Арабиясының негізін қалаушы - Абдель Азиз ибн-Саудтың қызметінде көрініс тапты, ол Меккеде көпшілік мұсылман елдері қатысқан алғашқы дүниежүзілік мұсылман конгресін ұйымдастырған болатын. Аталмыш іс-шара еуропалық отаршылармен күреске ресми бағытталды, сонымен қатар Ибн-Сауд тәртібінің нығаюына мүмкіндік туғызуы тиіс еді.
Сонда да конгресс мақсаттарының бір жақтылығына қарамастан, ол ислам лидерлерінің өздерінің көршілері мен пікірлестерімен конструктивті байланыс орнату үшін, сондай-ақ Батыс елдерімен өзара әрекеттестік саласында ортақ мәселелерге бірлескен шешім қабылдау үшін қажетті тәжірибе жинақтауына мүмкіндік туғызды. Осындай тәжірибенің жинақталуына 1931 жылы (Иерусалим), 1949 жылы (Карачи), 1962 жылы (Бағдадтағы) ұқсас шаралардың өткізілуі де мүмкіндік берді.
Екі дүние жүзілік соғыстар аралығындағы кезең діни ұстаным негізіндегі халықаралық ұйым құру әрекеттерімен көрінді. Олар 1924 жылы шілде айында жарияланған Мекке Конвенциясы, 1926 жылы мамырда жария етілген Каир Конвенциясы және де 1931 жылғы Иерусалим Конвенциясы. Олар араб әлемінің үш мемлекеттік бірлестігінің саяси аренаға шығуының нәтижесі болды.
1924 жылғы Мекке Конвенциясының инициаторы Қызыл теңіздің шығыс жағалауындағы сол кезде өмір сүрген тәуелсіз мемлекет - Хиджаздың билеушісі Шериф Хусейн болды. Конференцияның құжаттарында «араб бірлігі ислам елдері бірлігінің болашақ негізі болуы тиіс», араб тілі Умма хашимиттерінің белгісімен біріккен болашақтың тілі болуы керек деп ерекше көңіл аударған. 1924 жылы қазанда Неджда басқарушының әскерлері Меккені алды. Абдель Азиз ибн-Сауд Хиджаздың королі атанды. Арабия түбегінің едәуір бөлігін өзінің территориясына қосқан Сауд корольдігі шынайы болды.
Мұсылман әлеміндегі ірі және де ең беделді діни университет аль-Азхар орналасқан Каир мұсылман әлемінің саяси бірлігінің қалыптасуындағы қозғалыстың екінші орталығы болды. Осы университеттің улемінің мүддесімен 1926 жылы мамырда Египет астанасында Дүние жүзілік мұсылман конгресі шақырылды. Алайда ол елеулі нәтижелер бермеді. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі көптеген мұсылман мемлекеттерінде пайда болған ұлттық үкіметтер бәрінен бұрын саяси тәуелсіздік алуға мүдделі болды. Сондай-ақ, Египет королі Фуада саясатының проағылшындық бағыты оны басқа мұсылман елдері алдында әйгілі етпеді. және елеулі бір кезең Каир конгресінің жұмысында кеңес мұсылмандарының делегациясы қатыспады [54] .
1931 жылы Иерусалимде Палестинаның ұлы муфтиі Амин аль-Хусейнидің мүддесімен жаңа жалпымұсылмандық конгресс өтті. Конгресс қатысушыларының басты назарында ең алдымен аль-Кудс - Иерусалимдегі мұсылман қасиеттілерінің тағдыры болды. Амин аль-Хусейнидің сол кездегі Палестинадағы ағылшын мандаттық үкіметімен едәуір тығыз қарым-қатынастары конгресс қатысушыларының назарын палестина мәселесін талқылауға аударуға мүмкіндік берді. Конгресс Иерусалим-аль-Кудс ісі бойынша тұрақты хатшылық құрды және оның төрағасы ретінде сол кездегі Иран саяси қайраткерлерінің бірі Зия ад-Дина Табатабаиды тағайындады. Алайда, 1936 жылы ағылшын үкіметі хатшылықты таратып, Конвенцияның Палестинаның мандатпен басқарылатын территориясы ішіндегі қызметіне тыйым салды.
Аталған үш форумда бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін пайда болған мемлекеттердегі басқарушы элита тобының өкілдеріне сүйенген жалпымұсылмандық қозғалысты дамыту үшін шешуші маңызы болмады.
1935 жылы Парижде тұратын египеттік журналист, адвокат және саяси эмигрант Махмуд Селим Женевада жалпымұсылмандық съезд ұйымдастырды. Форум өзінің арнасына еуропалық континенттің мұсылман азшылығын тартуды қажет деп санады.
1954 жылы Сауд Арабиясы, Египет және Пәкістанның бастамасымен жалпыға бірдей ислам конференциясы құрылды. Алайда, жаңадан құрылған ұйымнан саяси немесе идеологиялық сипаттағы емес, ең алдымен мәдени-ағарту міндеттерін шешу талап етілген.
1962 жылы Меккеде Сауд Арабиясының мүддесімен ислам мемлекеттерін діни принцип бойынша біріктірген алғашқы «толық қанды» халықаралық ұйым - Ислам әлемінің лигасы құрылды. Бұл ұйымның Хартиясы төмендегідей мақсаттарды жария етті:
- Ислам ынтымақтастығын нығайту;
- Ислам идеяларын кеңінен тарату;
- Діни қайраткерлер және ғалымдармен тұрақты байланысты қолдау;
- Мұсылман емес мемлекеттерде тұратын Ислам адептілерімен тығыз қарым-қатынасты жөнге салу және дамыту;
- Қай жерде болмасын «мұсылмандардың қасиетті соғысын қолдау».
Лиганың құрылымы анық айқындалмады. Аталмыш ұйым біртұтас ислам әлемінің негізгі аймақтық және ғаламдық қауіптерге әсер етуге тырысты, алайда барлық мұсылман елдері үшін ортақ экономикалық және әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешудің механизмдерін жасауға ұмтылмады. Бұл оның дәрменсіздігін және салыстырмалы тиімсіздігін айқындады [39] .
Осылайша, 1920-1960 жылдар аралығында ислам қауымдастығы мұсылман мемлекеттері тәуелсіздік алғаннан кейін тап болған мәселелерді бірлесе шешу үшін эффективті мемлекетаралық әрекеттестік механизмін құра алмады. Осы кезеңде ислам елдерінің діни негіздегі ынтымақтастығының перспективті дамуы бірқатар мемлекет лидерлерінің өз тәртібін нығайту және де Таяу Шығыстық аймақтық саяси аренада, сондай-ақ әлемдік сахнада өзінің беделін көтеру үшін қолайлы құрал-сайман ретінде қарастырылды. Алайда, осы кезеңде жинақталған мемлекеттердің ынтымақтастық тәжірибесі болашақта әлемдік сахнада Ислам адептерінің конструктивті өзара әрекетін дамыту үшін айтарлықтай берік негіз құруға мүмкіндік берді.
ИКҰ-ның құрылуы мұсылман мемлекеттерін біріктіру жолындағы жаңа қадам болып табылды. 60-жылдардың ортасына қарай ислам ынтымақтастығы қозғалысы мұсылмандардың әр түрлі саладағы ынтымақтастығын ұйымдастыру ісінде біршама тәжірибе жинақтап, өзінің дамуында едәуір қиын жолдардан өтті.
1926 жылдың өзінде Сауд Арабиясының королі Ибн Саудтың мүддесімен Бүкіл әлемдік Ислам Конгресі құрылды; ал 1954 жылы Египеттің президенті А. Насердің белсенді түре күш салуынан кейін Бүкіл әлемдік Ислам Конгресінің негізі қаланды; 1962 жылы Меккеде Ислам Әлемінің Лигасы құрылды. Көптеген мұсылман халықтары мен азшылықтарын біріктірген бұл үкіметтік емес ұйымдар алдына қойған мақсаты мұсылмандар арасындағы «исламдық үндеу» («ад-даува аль-исламия») және «рухани байланыстарды дамыту» болды. әр түрлі елдерде негізі қаланған мұсылман орталықтары арқылы аталған ұйымдар ислам тарихы, мұсылман парызы мен философия жайлы зерттеулерге басшылық жүргізіп отырды [49] .
ДИК, ДМК және ИӘЛ сонымен қатар маңызды халықаралық және аймақтық саяси мәселелерге ( Таяу Шығыс қақтығысы, босқындар мәселесі) белгілі бір назар аударып отырды, алайда олардың басты қызметі ынтымақтастықтың әлеуметтік-мәдени және діни салаларына шоғырланды. Қандай да бір саяси мәселелерді шешуде мұсылман мемлекеттері іс-әрекеттерінің үйлестігі басқа да халықаралық ұйым, ең алдымен БҰҰ шеңберінде жүріп отырды. Уақыт өте, әлем деңгейіндегі оқиғаларға ықпал ете алатындай, бірыңғай ислам саяси платформасына негізделген, бүкіл ислам мемлекеттерінің басын қоса алатын бірегей ұйымның қажеттілігі мұсылман әлемінде қатты сезіле бастады. бұл өзекті мәселені келесі параграфта толығымен қарастыратын боламыз.
- Ислам ұйымының қалыптасуы мен даму үрдісі
Ислам Конференциясы Ұйымының құрылу үрдісі әжептеуір өзгешелікпен жүрді, себебі алғашында мұсылман елдерінің мемлекет және үкімет басшыларының мерзімді кездесулерінің қажеттілігі ғана қарастырылған болатын.
1965 жылы болған ИӘЛ конференциясы мен ІІІ жоғарғы деңгейдегі араб кеңесінде мұсылман мемлекеттері басшыларының арнайы конференциясын шақыру жөнінде ұсыныс берген болатын. Бұл ұсыныс осыны жүзеге асыруды өз жауапкершілігіне алып, 1965 жылдың желтоқсанынан бастап 1966 жылдың қыркүйек айына дейін Иран, Гвинея, Иордания, Судан, Пәкістан, Түркия, Марокко, Тунис және малиде сапармен болған Сауд Арабияның королі Фейсалға тікелей арналған еді. Фейсал королдің пікірінше, алдағы конференцияның міндетіне мұсылман мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастардың нығаюы, мұсылман қасиеттілерін қорғау және де исламға қас идеологияға бірлескен қарсы әрекет жасау кіруі тиіс болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz