Құрылыс өндірісіндегі бухгалтерлік есептің міндеттері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ .: КІРІСПЕ .
3: 3
КІРІСПЕ .: 1 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МАҢЫЗЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ . . .
3: 5
КІРІСПЕ .: 1. 1 Қазіргі бухгалтерлік есептің мәні мен рөлі . . .
3: 5
КІРІСПЕ .: 1. 2 Бухгалтерлік есепті құжаттау және түгендеу . . .
3: 8
КІРІСПЕ .: 1. 3 Құрылыс өндірісіндегі бухгалтерлік есептің міндеттері . . .
3: 13
КІРІСПЕ .: 1. 4 Дамыған елдердегі бухгалтерлік есеп . . .
3: 19
КІРІСПЕ .:
3:
КІРІСПЕ .: 2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . .
3: 22
КІРІСПЕ .:
  1. «Сомбель» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы . . .
3: 22
КІРІСПЕ .: 2. 2 Кәсіпорынның есеп саясаты және оның қалыптасуы . . .
3: 26
КІРІСПЕ .: 2. 3 «Сомбель» ЖШС-гі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы . . .
3: 31
КІРІСПЕ .: 2. 4 Құрылыс өндірісі шығындарының есебін жүргізу тәртібі . . .
3: 39
КІРІСПЕ .: 2. 5 Өндірісте материалдарды пайдалануды бақылау және оның есебі . . .
3: 41
КІРІСПЕ .:
3:
КІРІСПЕ .: 3 КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ЖҮРГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ . . .
3: 45
КІРІСПЕ .:

3. 1 Инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп және есептілікті

ұйымдастыру . . .

3: 45
КІРІСПЕ .: 3. 2 Құрылыс монтаждау жұмыстарының өзіндік құнын калькуляциялау . . .
3: 57
КІРІСПЕ .: 3. 3 Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстандық бухгалтерлік есеп және аудит жүйесін жетілдіру . . .
3: 61
КІРІСПЕ .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 73
КІРІСПЕ .:
3:
КІРІСПЕ .: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 75
КІРІСПЕ .:
3:
КІРІСПЕ .: А-қосымшасы - «Сомбель» ЖШС-нің ұйымдастыру құрылымдық бөлімшелері . . .
3: 78
КІРІСПЕ .: Б-қосымшасы - Кәсіпорынның негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері . . .
3: 79
КІРІСПЕ .: В-қосымшасы - «Сомбель» ЖШС-нің бухгалтериясының құрылымы . . .
3: 80
КІРІСПЕ .: Г-қосымшасы - Объектілер құрылысына кеткен материалдық ресурстар жазбалары . . .
3: 81
КІРІСПЕ .: Д-қосымшасы - Инфляция жағдайында қаржылық есептілікті түзету алгоритмі . . .
3: 82

КІРІСПЕ

Құрылыс халық шаруашылығының маңызды саласы болып табылады. Ол материалдық өндірістің дамуына өндірістік күштердің орналасуына және болашақта инвестициялық процестерді басқаруды жетілдіруге шешуші әсер етеді. Құрылыстың негізгі міндеті өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды жасақтау және тез жаңарту болып саналады.

Құрылыстың өнімі пайдалануға беруге дайындықтан өткен және толықтай аяқталған әрі жаңадан салынған және қайта қалпына келтірілген өндірістік кәсіпорындар, цехтар мен басқа да объектілер, сондай-ақ тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және коммуналдық ғимараттар мен құрылыс-жайлар болып табылады.

Соңғы уақытта құрылыс одан әрі дамуын жалғастырып келеді, соның ішінде тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени құрылыс тез қарқынды дамуда.

Өзгеріс құрылыс ұйымдарында да жүруде. Құрылыс негізінен, тапсырыс берушімен келісімшарт негізінде мемлекеттік емес мердігерлік ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үй құрылысында негізінен жеке тұлғалар мен тұрғындар өзара қатынаста болады. Тапсырыс берушілер мен мердігерлік ұйымдар арасында байланыс 11 «Құрылыс келісімшарттары» қаржылық есептің халықаралық стандарты (ҚЕХС) негізінде құрылады. Құрылыстың сапасын және тиімділігін жоғарлату бойынша міндеттердің орындалуына ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау және басқарудың маңызды ақпараттық базасы ретінде бухгалтерлік есептің алатын орны өте зор.

Соңғы уақытта құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға байланысты белгілі бір өзгерістер қалыптасты. Егер бұрын жалпы және әкімшілік шығындар үстеме шығындардың құрамында есептеліп, құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құнына қосылған болса, ал қазір құрылыс ұйымдары бұл шығандарды 7 «өнімнің (жұмыс пен қызметтің( өзіндік құнына енетін шығындардың құрамы мен жіктемесін қалыптастыратын материалдық қорлардың есебі» стандартарының әдістемелік нұсқауына сәйкес жеке шотта есептеп, қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесіне шығарады.

Дипломдық жұмысты жазу барысында бухгалтерлік есеп, аудит, басқару, қаржылық-экономикалық талдау саласындағы отандық және шетелдік ғалым-экономистердің еңбектері негіз болды. Зерттеу барысында құрылыс саласына қатысты заңдар мен заңдық күші бар жарлықтар, құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер мен әдістемелік ұсынымдар, Қазақстан Республикасы Президентінің дәстүрлі халыққа жолдаулары мен Үкіметтің қабылдаған қаулы-қарарлары басшылыққа алынып, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігінің ресми ақпараттары мен мерзімдік басылымның мәліметтері пайдаланылды.

Дипломдық жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру формалары және олардың қазіргі жағдайға жаңғыртылуыдың теориялық және әдістемелік негізін, тәжірибесін зерттеу, және қазақстандық жағдайларға бейім есеп пен есептіліктің объектілерін түзетуді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмысты жазу барысында төмендегідей міндеттер қойылды:

  • қазіргі бухгалтерлік есептің мәгі мен рөлін негіздеу;
  • құрылыс өндірісіндегі буххгалтерлік есептің міндеттерін сипаттау;
  • кәсіпорынның есеп саясаты және оның қалыптасу мәселелерін белгілеу;
  • өндірісте матриалдарды пайдалануды бақылау және оның есебін қарастыру;
  • инфляция жағдайдағы бухгалтерлік есеп және есептілікті ұйымдастыруды ұсыну;
  • халықаралық стандарттар негізінде Қазақстандық бухгалтерлік есеп және аудит жүйесін жетілдіру жолдарын көрсету.

Осы дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Бірінші бөлімінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру маңызы мен негіздерінің теориялық аспектілеріі қарастырылды.

Ал, екінші бөлімінде кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және оның ерекшеліктері туралы түсінік берілген.

Үшінші бөлімде кәсіпорында бухгалтерлік есепті жүргізу тәжірибесі және оны дамыту перспективалары бойынша ұсыныстар енгізілді.

Жалпы, бұл дипломдық жұмыстың өзектілігі -құрылыстағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы қазіргі заман талаптарына сай болуын қамтамасыз ету.

1 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МАҢЫЗЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ

  1. Қазіргі бухгалтерлік есептің мәні мен рөлі

Есеп бұдан мыңдаған жылдар бұрын адамзат өркениетінің келіп шығуымен бірге пайда болды және оның алғашқы қадамдары тарих үшін үлкен әсерін тигізеді. Шамамен ХV ғасырдың соңында таяу қосарлы жазуға негізделген бухгалтерлік есеп теориясы қалыптасты. Бұл әдіс қазіргі уақытта да негізгі әдістердің бірі болып келеді. Сол уақыттардан бері баланс, калькуляция, дебет, кредит, контировка және т. б. сияқты көп терминдер сақталып қалған.

Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру жолдары. Нарықтық экономика мен базарлы сауданың өрістеуіне байланысты Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттарға көшірілуде. Еліміздегі бухгалтерлік есеп процесін халықаралық таным бағытына қарай ауыстыру мәселелері ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан басталады. Мұның ішінде біздің еліміздегі қызмет атқарушы бухгалтерлер мен студенттер қауымына дәріс беруші жоғары оқу орындарының оқытушылары 1994 жылдан бастап халықаралық бухгалтерлік есеп принциптері мен стандарттар жүйесін шетелдік маман эксперттердің дәріс беру негізінде оқи бастады. Бухгалтерлік есеп өрісінде міндет атқарушы Қазақстандық мамандар мен оқытушылар Британ Кеңесі тарапынан қайта даярланды. Британ кеңесі еліміздегі бухгалтерлік есеп мамандарын халықаралық стандарттарға сәйкес даярлау шараларына арнайы қаражат бөліп, Алматы, Тараз, Қарағанды қалаларында «есеп және аудит өрісіндегі оқытушылар мен кәсіпкерлерді қайта даярлау» жобасын ашты. Бұл жоба үш жылдай қызмет атқарып, жүздеген Қазақстандық бухгалтерлік есеп мамандары қайта даярланды. Қаржылық қорытынды есеп қалыптастыру төмендегі өзара байланысқан баланстық жинақтаулардан тұрады.

- Ұйымдар активі =меншікті капитал + міндеттемелер теңдеуі әрқашанда бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп жүйесінде міндетті түрде сақталады.

- Табыстар =жұмсалған ресурстар сомасы + еңбекақы шығындары + міндеттемелер жөніндегі пайыздар + салық төлеу шығындары + бөлінбеген табыс теңдігі сақталады.

- Бөлінбеген табыс = дивиденттер + мақсаттық қорлар құру резерві + бөлінбей қалған табыс(таза пайда) сабақтастығы сақталуы керек.

- Операциялық қызметтен түскен ақша түсімі + инвестициялық қызметтен түскен ақша + қаржылық қызметтен түскен ақша(жал төлемі, зайымдар т. б. ) = міндеттемелерді төлеу + бюджет сыртындағы қорларға төлеу + еңбеккерлер алдындағы міндеттемелерді төлеу + меншік иелері алдындағы міндеттемелерді төлеу + өтеушілік дәрежесінің өсімін төлеу.

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары қаржылық есептің негізін құраушы халықаралық деңгейдегі ресми құжаттар мазмұнында қаралған. Әр түрлі елдердің есеп жүйесіндегі есеп фактілері мен қаржылық ақпараттары бірегейлік ұқсастықты қамтамасыз ете отырып, сыртқа (экспорт) немесе сырттан (импортқа) қалыптасуы мүмкін. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп стандарттарының дәлме-дәл атаулары әр елде әр түрлі берілген.

«Стандарт» терминін ресми түрде ең бірінші рет қаржылық қорытынды есеп халықаралық стандарттары жөніндегі комитет (ХҚЕС) қолдана бастады. Стандарттар Ұлыбритания, Ирландия елдерінде «Есеп тәжірибесінің стандарттық ережелері», АҚШ елінде «Қаржылық есеп стандарттарының ережелері», деп аталынады. Жоғарыда аталған комитет әлемдік деңгейде бухгалтерлік есеп стандарттарын икемді жолдармен жасау жөніндегі ең беделді ұйымдар қатарында танылған. Мысалы, «Тайота» фирмасы экономикалық мазмұны жағынан «Дженерал Моторс» фирмасымен жалпы ұқсас екендігіне сай Жапон елінің есеп тәжірибесіне №27 «Қаржылық есепті шоғырландыру және еншілес компанияны инвестициялау есебі» стандартын түгелімен қабылдап, бұл стандарттың қызметін барлық Жапон еліндегі компанияларға таратқан.

Дей тұрғанмен кейбір елдер үшін стандарттар мазмұны ұсыныс ретінде қабылданып, ірі компаниялар өз қорытынды есебін жасау мақсатында өз шешімдер мен технологиялық ерекшеліктеріне қарай стандарттарда қабылдау немесе бұларды негізге алу мәселелерін бейтараптық жолдармен шешу мүмкіндігі сақталған. Осы айтылғандарға орай ХҚЕС комитеті және халықаралық деңгейдегі кәсіби бухгалтерлік ұйымдар мен елдерде сақтауды талап ету жөніндегі өкілеттілігі жоқ.

Стандарттар қаржылық қорытынды есеп жасау ережелерін гармониялық экономикалық байланысқа түсіру, сондай-ақ бухгалтерлер мен аудиторлар, қаржылық менеджерлер т. б. арасында кәсіби сенімділік туғызу мақсатында жасалынады. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының кейбір ережелері мен стандарттарына түсінік беру жақтары тұрақты комитетте дайындалып, мұның мазмұны ХҚЕС Комитетінің Басқармасында қабылданды. Бұл ұйымдар ХҚЕС негізінде дайындалатын қаржылық қорытынды есеп стандарттарының бірегейлігін қамтамасыз ету және қаржылық қорытындыны салыстырудың мәні мен маңызын жоғарлату мақсатында жұмыстар атқарады. Сонымен қатар жоғарыда айтылған комитет пен басқарма стандарттарды тәжірибеде қолдану барысында жіберілген кемшіліктерді түзету, сондай-ақ нарықтық қатынастардың дамуына байланысты бухгалтерлік есеп өрісінде пайда болған жаңа сұрақтарға жауап беру қызметтерін атқарады.

Қазіргі кезеңдегі ХҚЕС мыналардан құралады:

  1. Тұжырымдамалық концепциядан;
  2. 40 - тан аса қолданбалы стандарттардан;
  3. 25 - тен аса қосымша түсіндірулерден.

Тұжырымдама жөніндегі ұғым стандарт құжатына жатпайды. Мұнда қаржылық қорытынды есеп пайымдау мен тапсырудың жалпы принциптері ашылады. Барлық елдерде жүргізілетін бухгалтерлік есеп пен стандарттар негізі арнайы ережелерден тұратын принциптерден қаланған. Қаржылық есеп қорытындысының принциптерінде стандарттаудың мәндік қасиеті анықталған. Арнайы зерделеніп, халықаралық деңгейде қабылданған принциптер қаржылық есеп қалыптастырудың мәселелерін, сондай-ақ есеп жүргізудің әдіснамалық жолдарын белгілейді.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқаруда үлкен роль атқарады, өйткені оның қызметі оның қызметі, қаржылық жағдайы туралы толық ақпарат береді. Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлі есептің ролі мен маңызы күшейе түсті.

Қазіргі бухгалтерлер тек шот жүргізумен ғана емес, сонымен қатар жоспарлау және шешім қабылдау, бақылау, бағалау, шаруашылық қызметке баға беріп, аудиторлық тексеру жұмыстарымен де айналысады. Қазіргі бухгалтерлер есеп ақпараттарын пайдаланушыларды, олардың ішкі немесе сыртқы пайдаланушы еместігіне қарамастан, қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен, бухгалтерлік есеп дегеніміз - белгілі кәсіпорын жайлы ақпараттарды өлшеп, өңдеуден өткізіп пайдаланушыларға беріп отыратын жүйе. Бұл ақпарат пайдаланушылардың кәсіпорын қызметін басқаруда дұрыс шешім қабылдануына мүмкіндік туғызады.

Бухгалтерлік есеп - кәсіпорын шаруашылық қызметі мен адамдар арасында, тиісті шешім қабылдауға мүмкіндік туғызатын байланыстырушы буын. Ол, біріншіден, шаруашылық қызметті тіркеу арқылы, яғни ол мәліметтерді әрі қарай пайдалану үшін өлшеуден өткізеді; екіншіден, ақпараттарды өңдеуден өткізіп, белгілі мерзімге дейін оларды сақтап, тиімді етеді; үшіншіден, қаржы есептіліктері негізінде ол ақпараттарды тиісті шешім қабылдау үшін, пайдаланушыларға береді.

Адамдар көбінесе бухгалтерлік есеп пен шот жүргізу арасындағы айырмашылықты түсіне бермейді. Шот жүргізу - бұл шаруашылық операцияларын тіркеуден өткізу арқылы бухгалтерлік есеп жүргізіп, есеп құжаттарын сақтау. Бұл көп рет қайталанатын, пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын механикалық бухгалтерлік есептің бір бөлігі. Оның негізгі мақсаты - талдау, ақпараттарды қажеттілігіне пайдалану. Бухгалтерлерді қызықтыратын өңделген ақпараттар негізінде ішкі резервтерді ашып, әр түрлі оның тиімділігін анықтау.

Көптеген кәсіпорындар сонымен қатар қаржылық емес ақпараттарды қолданады. Әр түрлі өз ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басқарушы ақпараттық жүйе құрады. Бухгалтерлік есеп - бұл басқарушылық ақпараттар жүйесінің қаржы орталығы. Ол басқарушы аппарат пен сыртқы пайдаланушылардың кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы толық мәлімет алуына мүмкіндік тудырады.

Меншік иелігінің түрлеріне қарамастан, кез келген ұйым, қаржылық есебін дәл және уақытында жасау үшін, есеп сапасын арттыру мен ішкі бақылау принциптерін басшылыққа алуға тиіс.

Кез келген ұйым меншік иелігінің түрлеріне қарамастан, меншігіндегі мүліктері, алған міндеттемелері және шаруашылық операциялары туралы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті.

Кәсіпкелік субъектілеріне бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйесін енгізу мақсатында, ҚР қаржы Министрлігі 1 қаңтар 2008 жылдан бастап күшіне кірген, бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесін 22 маусым 2007 жылғы №221 бұйрығымен бекітті.

Бухгалтерлік есепті жүргізудің басты мақсаттары:

  • инвесторлардың, құрылтайшылардың, сатып алушылардың, қарыз

берушілердің, мемлекеттік органдардың, банктердің және өзге де мүдделі тұлғалардың бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шұғыл басшылық жасау және басқару үшін, сондай-ақ пайдалану үшін қажетті;

  • дара кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызмет

нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық әрі дұрыс ақпаратты қалыптастыру;

  • шаруашылық операцияларды жүзеге асыру және олар мақсатқа сай

болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау үшін қаржы есептілігін ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • шаруашылық қызметінің теріс нәтижелерін болдырмау және қаржылық

тұрақтылықты қамтамасыз етудің ішкі шаруашылық резервтерін анықтау;

  • материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалана

отырып, мүліктің болуы мен қозғалысына бақылау жасау болып табылады.

1. 2 Бухгалтерлік есепті құжаттау және түгендеу

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтарлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігі бәрімізге мәлім. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.

Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорые мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.

Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.

Бухгалтерлік құжат-кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.

Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.

Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу себебінен бастапқы құжаттардың нысаны (формасы) бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.

Міндетті деректемеге жататындар:

- құжаттың аты, нысанының коды;

- құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы және жылы) ;

- құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;

- шаруашылық операцияның мазмұны;

- шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай) ;

- шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;

- жауапты атқарушының қолы.

Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік нөмірі, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмірі, шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және басқалары.

Құжаттардың нысандары (формалары) келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:

  1. ауыл шаруашылық өнім мен шикізат;
  2. еңбек жіне еңбекақы;
  3. негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
  4. материалдар;
  5. кем бағалы және тез тозғыш заттар;
  6. капиталдық құрылыстағы жұмыс;
  7. құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;
  8. автокөліктегі жұмыс;
  9. түгендеу нәтижелері;
  10. кассалық операциялар;
  11. сауда операциялары.

Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкін болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады. Уақытында толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады жіне ол операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі кешіктірілуі мүмкін.

Құжаттардағы жазбалар сиямен, шарикті қаламсаппен, жазба машинасымен (компъютермен) және басқа да олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтырылады. Құжаттағы жазбалар анық және дұрыс көрсетілуі керек. Құжатты толтырған адам тиісті жеріне өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен тағайындайды.

Ақша операциялары бойынша толтырылатын құжаттар және есеп айырысу құжаттары, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық-несиелік міндеттерін куәландыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз (жарамсыз) болып саналып, оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды орындау барысында кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің көзқарастары әр түрлі болған жағдайда оларға толтырылатын құжаттар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімі бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшін барлық жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы өз мойнына алады.

Алғашқы (бастапқы) құжаттарды толтырғанда жасалған қателерді келесі жолдармен түзетуге болады: дұрыс емес тексті не соманы оқылатындай етіп түзу сызықпен сызады да оның жанына дұрыс жазба жазылады. Бұл құжатқа түзету енгізілгені жазылып және уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіліп құжат толтырушы өз қолын қояды.

Кассалық және банктік құжаттарға түзету енгізуге болмайды. Егер аталған құжаттарды толтыру барысында қате жіберілген жағдайда оларды қайта толтыру қажет.

Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын алғашқы құжаттардың басқадай түрлеріне түзету енгізу тек қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың келісімімен жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап, түзету енгізілген уақытты (күні, айы, жылы) көрсетіп қолдарын қояды.

Бухгалтерлік толтырылған құжаттар - ұйымның бухгалтериясы жасаған әр түрлі анықтамалар, бухгалтерлік есепшоттары бойынша орындалатын операцияларға негіз болатын кәсіпорынның бухгалтері толтырған есеп айырысулар. Оларға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, әлеуметтік сақтандыру аударымдары, еңбекақы төлемдері және тағы басқа бухгалтерия толтырған құжаттар жатқызылады.

Біріктірілген құжаттарының құрамына бірнеше функцияны қатар атқаратын барлық құжаттар кіреді. Мысалы: кассирге орындауға берілген кассалық шығыс ету ордері оны орындағанша үкімдік болып есептелінсе, кассир ақшаны алушыға бергеннен кейін атқарушылық болып есептеледі. Біріктірілген құжаттардың бухгалтерлік есепте қолданылуы өте ыңғайлы, ол құжаттың өңделуін жеңілдетеді және құжаттың санын қысқартады.

Толтырылатын (қарастырылатын) орнына байланысты құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Ішкі құжаттар дегеніміз белгілі бір кәсіпорында толтырылып оның ішінде жүргізілетін құжаттар болып табылады. Құжаттардың бұндай түрі арқылы қандайда бір кәсіпорынның ішкі операциялары құжатталады. Ондай құжаттардың қатарына тауарлы-материалды құндылықтардың ішкі қозғалысы барысында толтырылатын жүкқұжаттарды (накладнойларды), жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеуге арналған төлем тізімдемелерін (ведомостарын), есеп айырысуға тиісті тұлғаларға толтырылатын аванстық есептерді және тағы басқа құжаттарды жатқызуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық аспектісі
Жұмыстың көлемі мен құрылымы
Аяқталмаған құрылыс есебі
Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері, құрлыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы
Кәсіпорында бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебі
Бухгалтерлік құжат - кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде беретін жазбаша куәлік
ЖШС aqua КИП engineering компаниясының міндеті
Мал шаруашылығының дайын өнімі
КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz