Бухгалтерлік баланс түрлері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5

1 БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ТҮРЛЕРІ,
ӨЗГЕРІСІ

1.1 Қазіргі бухгалтерлік есептің мәні 7
1.2 Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның түрлері 10
1.3 ХҚЕС – бойынша баланс құрылымы оның баптарының мазмұны
15
1.4 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің есеп беруі –
халықаралық стандартпен есеп саясатын құрудан және есеп беру 18
әдістемесінен басталады
1.5 ҚБЕС – нан 2 ҰҚЕС өту кезеңдері 25

2 ХЛЕБОКОМБИНАТ ВОСТОК ЖШС-нің БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСЫ ЖӘНЕ
БИЗНЕСІН БАСҚАРУДАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы және техникалық-экономикалық 29
көрсеткіштері
2.2 Кәсіпорын қызметінің қазіргі жағдайдағы есеп саясатының
қалыптасуы 31
2.3 Хлебокомбинат Восток ЖШС-гі бухгалтерлік есептің
ұйымдастырылуы 33
2.4 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен
құрылымының өсіңкілігін талдау 41

3 БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫ ДҰРЫС ЖҮРГІЗУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Кәсіпорынның баланс өтімділігі көрсеткіштері негізінде төлем
қабілеттілігін бағалау 52
3.2 Кәсіпорынды басқаруда туындаған мәселелер жағдайында
бухгалтерлік есеп пен балансты ұйымдастыру 56

ҚОРЫТЫНДЫ 68

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 70

ҚОСЫМШАЛАР 72


КІРІСПЕ

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады.
Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді
қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа
да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің
қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп
жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады
және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің
құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін
қамтамасыз етеді.
Халықаралық қаржылық есеп стандартына көшуіне байланысты Қазақстандық
кәсіпорындарға ең бастысы есеп саясатын қайта құрастыруы және халықаралық
стандарттардың талаптарына сай келтірілуі қажет болып табылады.
Ең алғаш ХІХ-ғасырдың басында Италияның ғалымы Эмануэль Пизани баланстың
теориялық негізін салған. Ол сатио-баланс, графия-жазып, талдау деген
мағынаны береді. Баланс сөзі латын тілінен аударғанда тепе-теңдікті,қандай
да бір қызметтің тараптары арасында қатынастың сандық көрсеткішін
білдіреді. Баланс кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы
мен орналасуындағы өзгерістер, олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер
алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен
берілген.
ХҚЕС-бойынша бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде қысқа мерзімді
активтер және ұзақ мерзімді активтер көрінсе, пассив бөлімінде ұзақ
мерзімді міндеттемелер, қысқа мерзімді міндеттемелер, меншікті капитал
көрініс табады.
Осы дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімінде ХҚЕС-бойынша бугалтерлік баланс туралы түсінік және
олардың құрылымы мен өзгерісіне тоқталдық.
Ал екінші бөлімінде Хлебокомбинат Восток ЖШС-нің бухгалтерлік
балансы және бизнесін басқарудағы қызметтерінің ерекшеліктері, ХҚЕС-бойынша
бугалтерлік баланстың шаруашылық операцияларының түрлері мен олардың
бугалтерлік балансқа тигізетін әсері туралы қарасырылған.
Үшінші бөлімінде бухгалтерлік балансты дұрыс жүргізуді жетілдіру
жолдары ұсынылған.
Бұл дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты – экономика мен базарлы
сауданың өрістеуіне байланысты Қазақстандық бугалтерлік есеп жүйесі
халықаралық стандарт талаптарына көшірілуіне байланысты ең бастысы есеп
саясатын қайта құрастыруы халықаралық стандарттың талаптарына сай
келтірілуі болып табылады. Бұл кәсіпорынның есеп жүйесімен саясатын
өзгертумен байланысты үлкен мәселе болып табылса, екіншіден инвесторлармен,
кредиторлармен жаңа дәрежеде қарым-қатынас құру мүмкіндігі болып табылады.
Бұл дипломдық жұмысымның міндеті – нарықтық қатынастар мен
әрекеттесуші жақтардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында дайындалып
ұсынылған есеп ақпараттарын сапалы және сенімді, анық және түсінікті,
сондай – ақ талдау мен шешім қабылдауға ыңғайлы дайындалған жағдайда
қаржылық қорытынды есеп жүйесі тұнық болады.
Бұл дипломдық жұмыстың өзектілігі – бухгалтерлік баланстың ХҚЕС-ның
талаптарына сай болуын қамтамасыз ету.

1 БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ, ТҮРЛЕРІ, ӨЗГЕРІСІ

1. Қазіргі бухгалтерлік есептің мәні

Есеп бұдан мыңдаған жылдар бұрын адамзат өркениетінің келіп шығуымен
бірге пайда болды және оның алғашқы қадамдары тарих үшін үлкен әсерін
тигізеді. Шамамен ХV ғасырдың соңында таяу қосарлы жазуға негізделген
бухгалтерлік есеп теориясы қалыптасты. Бұл әдіс қазіргі уақытта да негізгі
әдістердің бірі болып келеді. Сол уақыттардан бері баланс, калькуляция,
дебет, кредит, контировка және т.б. сияқты көп терминдер сақталып қалған.
Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан бухгалтерлік есеп жүйесін
жетілдіру жолдары. Нарықтық экономика мен базарлы сауданың өрістеуіне
байланысты Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттарға
көшірілуде. Еліміздегі бухгалтерлік есеп процесін халықаралық таным
бағытына қарай ауыстыру мәселелері ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан басталады.
Мұның ішінде біздің еліміздегі қызмет атқарушы бухгалтерлер мен студенттер
қауымына дәріс беруші жоғары оқу орындарының оқытушылары 1994 жылдан бастап
халықаралық бухгалтерлік есеп принциптері мен стандарттар жүйесін шетелдік
маман эксперттердің дәріс беру негізінде оқи бастады. Бухгалтерлік есеп
өрісінде міндет атқарушы Қазақстандық мамандар мен оқытушылар Британ Кеңесі
тарапынан қайта даярланды. Британ кеңесі еліміздегі бухгалтерлік есеп
мамандарын халықаралық стандарттарға сәйкес даярлау шараларына арнайы
қаражат бөліп, Алматы, Тараз, Қарағанды қалаларында есеп және аудит
өрісіндегі оқытушылар мен кәсіпкерлерді қайта даярлау жобасын ашты. Бұл
жоба үш жылдай қызмет атқарып, жүздеген Қазақстандық бухгалтерлік есеп
мамандары қайта даярланды. Қаржылық қорытынды есеп қалыптастыру төмендегі
өзара байланысқан баланстық жинақтаулардан тұрады.
-Ұйымдар активі =меншікті капитал + міндеттемелер теңдеуі әрқашанда
бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп жүйесінде міндетті түрде
сақталады.
-Табыстар =жұмсалған ресурстар сомасы + еңбекақы шығындары +
міндеттемелер жөніндегі пайыздар + салық төлеу шығындары + бөлінбеген табыс
теңдігі сақталады.
-Бөлінбеген табыс = дивиденттер + мақсаттық қорлар құру резерві +
бөлінбей қалған табыс(таза пайда) сабақтастығы сақталуы керек.
-Операциялық қызметтен түскен ақша түсімі + инвестициялық қызметтен
түскен ақша + қаржылық қызметтен түскен ақша(жал төлемі, зайымдар т.б.) =
міндеттемелерді төлеу + бюджет сыртындағы қорларға төлеу + еңбеккерлер
алдындағы міндеттемелерді төлеу + меншік иелері алдындағы міндеттемелерді
төлеу + өтеушілік дәрежесінің өсімін төлеу.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары қаржылық есептің негізін
құраушы халықаралық деңгейдегі ресми құжаттар мазмұнында қаралған. Әр түрлі
елдердің есеп жүйесіндегі есеп фактілері мен қаржылық ақпараттары
бірегейлік ұқсастықты қамтамасыз ете отырып, сыртқа (экспорт) немесе
сырттан (импортқа) қалыптасуы мүмкін. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп
стандарттарының дәлме-дәл атаулары әр елде әр түрлі берілген.
Стандарт терминін ресми түрде ең бірінші рет қаржылық қорытынды есеп
халықаралық стандарттары жөніндегі комитет (ХҚЕС) қолдана бастады.
Стандарттар Ұлыбритания, Ирландия елдерінде Есеп тәжірибесінің стандарттық
ережелері, АҚШ елінде Қаржылық есеп стандарттарының ережелері, деп
аталынады. Жоғарыда аталған комитет әлемдік деңгейде бухгалтерлік есеп
стандарттарын икемді жолдармен жасау жөніндегі ең беделді ұйымдар қатарында
танылған. Мысалы, Тайота фирмасы экономикалық мазмұны жағынан Дженерал
Моторс фирмасымен жалпы ұқсас екендігіне сай Жапон елінің есеп
тәжірибесіне №27 Қаржылық есепті шоғырландыру және еншілес компанияны
инвестициялау есебі стандартын түгелімен қабылдап, бұл стандарттың
қызметін барлық Жапон еліндегі компанияларға таратқан.
Дей тұрғанмен кейбір елдер үшін стандарттар мазмұны ұсыныс ретінде
қабылданып, ірі компаниялар өз қорытынды есебін жасау мақсатында өз
шешімдер мен технологиялық ерекшеліктеріне қарай стандарттарда қабылдау
немесе бұларды негізге алу мәселелерін бейтараптық жолдармен шешу
мүмкіндігі сақталған. Осы айтылғандарға орай ХҚЕС комитеті және халықаралық
деңгейдегі кәсіби бухгалтерлік ұйымдар мен елдерде сақтауды талап ету
жөніндегі өкілеттілігі жоқ.
Стандарттар қаржылық қорытынды есеп жасау ережелерін гармониялық
экономикалық байланысқа түсіру, сондай-ақ бухгалтерлер мен аудиторлар,
қаржылық менеджерлер т.б. арасында кәсіби сенімділік туғызу мақсатында
жасалынады. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының кейбір ережелері
мен стандарттарына түсінік беру жақтары тұрақты комитетте дайындалып, мұның
мазмұны ХҚЕС Комитетінің Басқармасында қабылданды. Бұл ұйымдар ХҚЕС
негізінде дайындалатын қаржылық қорытынды есеп стандарттарының бірегейлігін
қамтамасыз ету және қаржылық қорытындыны салыстырудың мәні мен маңызын
жоғарлату мақсатында жұмыстар атқарады. Сонымен қатар жоғарыда айтылған
комитет пен басқарма стандарттарды тәжірибеде қолдану барысында жіберілген
кемшіліктерді түзету, сондай-ақ нарықтық қатынастардың дамуына байланысты
бухгалтерлік есеп өрісінде пайда болған жаңа сұрақтарға жауап беру
қызметтерін атқарады.
Қазіргі кезеңдегі ХҚЕС мыналардан құралады:
1) Тұжырымдамалық концепциядан;
2) 40 – тан аса қолданбалы стандарттардан;
3) 25 – тен аса қосымша түсіндірулерден.
Тұжырымдама жөніндегі ұғым стандарт құжатына жатпайды. Мұнда қаржылық
қорытынды есеп пайымдау мен тапсырудың жалпы принциптері ашылады. Барлық
елдерде жүргізілетін бухгалтерлік есеп пен стандарттар негізі арнайы
ережелерден тұратын принциптерден қаланған. Қаржылық есеп қорытындысының
принциптерінде стандарттаудың мәндік қасиеті анықталған. Арнайы зерделеніп,
халықаралық деңгейде қабылданған принциптер қаржылық есеп қалыптастырудың
мәселелерін, сондай-ақ есеп жүргізудің әдіснамалық жолдарын белгілейді.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқаруда үлкен роль атқарады, өйткені
оның қызметі оның қызметі, қаржылық жағдайы туралы толық ақпарат береді.
Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлі есептің ролі мен маңызы күшейе
түсті.
Қазіргі бухгалтерлер тек шот жүргізумен ғана емес, сонымен қатар
жоспарлау және шешім қабылдау, бақылау, бағалау, шаруашылық қызметке баға
беріп, аудиторлық тексеру жұмыстарымен де айналысады. Қазіргі бухгалтерлер
есеп ақпараттарын пайдаланушыларды, олардың ішкі немесе сыртқы пайдаланушы
еместігіне қарамастан, қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен, бухгалтерлік есеп дегеніміз – белгілі кәсіпорын жайлы ақпараттарды
өлшеп, өңдеуден өткізіп пайдаланушыларға беріп отыратын жүйе. Бұл ақпарат
пайдаланушылардың кәсіпорын қызметін басқаруда дұрыс шешім қабылдануына
мүмкіндік туғызады.
Бухгалтерлік есеп – кәсіпорын шаруашылық қызметі мен адамдар
арасында, тиісті шешім қабылдауға мүмкіндік туғызатын байланыстырушы буын.
Ол, біріншіден, шаруашылық қызметті тіркеу арқылы, яғни ол мәліметтерді әрі
қарай пайдалану үшін өлшеуден өткізеді; екіншіден, ақпараттарды өңдеуден
өткізіп, белгілі мерзімге дейін оларды сақтап, тиімді етеді; үшіншіден,
қаржы есептіліктері негізінде ол ақпараттарды тиісті шешім қабылдау үшін,
пайдаланушыларға береді.
Адамдар көбінесе бухгалтерлік есеп пен шот жүргізу арасындағы
айырмашылықты түсіне бермейді. Шот жүргізу – бұл шаруашылық операцияларын
тіркеуден өткізу арқылы бухгалтерлік есеп жүргізіп, есеп құжаттарын сақтау.
Бұл көп рет қайталанатын, пайдаланушылардың қажеттілігін
қанағаттандыратын механикалық бухгалтерлік есептің бір бөлігі. Оның
негізгі мақсаты – талдау, ақпараттарды қажеттілігіне пайдалану.
Бухгалтерлерді қызықтыратын өңделген ақпараттар негізінде ішкі резервтерді
ашып, әр түрлі оның тиімділігін анықтау.
Көптеген кәсіпорындар сонымен қатар қаржылық емес ақпараттарды
қолданады. Әр түрлі өз ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
басқарушы ақпараттық жүйе құрады. Бухгалтерлік есеп – бұл басқарушылық
ақпараттар жүйесінің қаржы орталығы. Ол басқарушы аппарат пен сыртқы
пайдаланушылардың кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы толық мәлімет
алуына мүмкіндік тудырады.
Меншік иелігінің түрлеріне қарамастан, кез келген ұйым, қаржылық
есебін дәл және уақытында жасау үшін, есеп сапасын арттыру мен ішкі бақылау
принциптерін басшылыққа алуға тиіс.
Кез келген ұйым меншік иелігінің түрлеріне қарамастан, меншігіндегі
мүліктері, алған міндеттемелері және шаруашылық операциялары туралы,
қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті.
Кәсіпкелік субъектілеріне бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйесін
енгізу мақсатында, ҚР қаржы Министрлігі 1 қаңтар 2008 жылдан бастап
күшіне кірген, бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесін 22 маусым 2007 жылғы
№221 бұйрығымен бекітті.
Бухгалтерлік есепті жүргізудің басты мақсаттары:
• инвесторлардың, құрылтайшылардың, сатып алушылардың, қарыз
берушілердің, мемлекеттік органдардың, банктердің және өзге де мүдделі
тұлғалардың бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес шұғыл басшылық жасау және басқару
үшін, сондай-ақ пайдалану үшін қажетті;
• дара кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызмет
нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық әрі дұрыс
ақпаратты қалыптастыру;
• шаруашылық операцияларды жүзеге асыру және олар мақсатқа сай
болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау үшін
қаржы есептілігін ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті ақпаратпен
қамтамасыз ету;
• шаруашылық қызметінің теріс нәтижелерін болдырмау және қаржылық
тұрақтылықты қамтамасыз етудің ішкі шаруашылық резервтерін анықтау;
• материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалана
отырып, мүліктің болуы мен қозғалысына бақылау жасау болып табылады.

2. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның түрлері

Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі
мен функциясының бірі – пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық
жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақытылы жеткізіп
беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі болып –
бухгалтерлік баланс болып табылады. Баланс сөзі француз тілінен алынған.
Бұл қазақ тіліне аударғанда таразы немесе тепе-тең деген мағынаны
білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив
және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол
жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі
мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында,
яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады.
Бухгалтерлік баланс түрлері. Ұйымның құрылуын, қаржылық жағдайдын,
үздіксіз қызмет атқаруын, жойылып кетуін немесе аналық үлкен компания
құрамына ену жағдайын ескере отырып, бухгалтерлік баланс үшке бөлінеді: 1)
кіріспе баланс; 2) аралық баланс; 3) жойылуға байланысты баланс.
Кіріспе баланс ұйымдар мен фирмалар т.б. заңды тұлғалардың жарғысы
тіркелгеннен соң, меншік иелерінің салған қаражатын және басқа да қаржы
салымшыларының, несиелендірушілердің қаражаттарынын кіріске алып, жарғылық
қор мен активтерді қалыптастырудан басталады.
Аралық баланс белгілі бір тапсырмаға байланысты, айға, күнге, тоқсанға
қарай жасалынады. Мысалға, капиталдың шеңберлі айналысы фазаларына, активі
қаражаттар қозғалысына талдау жасау жұмысын және арнайы тапсырмаға
байланысты ұйым қызметіне толық тексеру жұмысын жүргізу үшін жасалынатын
балансты аралық баланс деп атайды.
Жойылуға байланысты баланс. Ұйым банкротқа ұшырап, өзқызметін
тоқтатқан жағдайда арнайы комиссияның қатысуымен ұйымды жою мақсатында
баланс жасалынады. Жою балансы екі кезеңнен тұрады.Бірінші кезең осы
ұйымның жабылуына байланысты жасалса, екінші кезеңде ұйымның
жойылғандығының қорытындысын бағалау үшін жасалынады.
Заңды тұлға болып танылған ұйымдардың барлығы да бухгалтерлік баланс
жасауға міндетті. Егер заңды тұлғалар құрамына енген еншілес ұйымдар
құрылған жағдайда, негізгі ұйым басшыларының рұқсаты бойынша еншілес
кәсіпорындар да баланс жасалуына болады.
Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив
бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктер
қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс
таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде
таниды. Ал баланстың пассиві – деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану
көздері туралы ақпаратты мәліметтер жазылады. Ұйымның қорлану көздері
меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған,
қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал
дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни осы ұйымның басқа заңды және
жеке тұлғаларға қандайда бір операциялар нәтижесіне сәйкес болып табылады.
Кредиторлардың қатарына осы кәсіпорыннан алашағы бар заңды немесе жеке
тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы
қарызын уақытылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымнан активтерін сату
арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы
инвесторлардын мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан
міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың
кредитордан айырмашылығы – кредитор өз алашағын алу үшін жанталасатын
(тырысатын) болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан
міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға
ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды
қортындылай отырып, ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың
меншігі екенің аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына
теңдіктің әрдайым тең болатыны сөзсіз.
актив = меншікті капитал + міндеттеме
Бұл теңдікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетеді:
актив – міндеттеме = меншікті капитал
Әдетте кәсіпорынныңт бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай
негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдын басына жасалады. Баланстың актив
бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп бөлінеді. Ұзақ
мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері,
негізгі құралдары, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал
ағымдағы активтер тарауында ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары,
дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы
кезең шығындары, ақша қаражаттары және басқа да ағымдағы активтерпі
қарастырылады. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады.
Оның бірі меншікті капитал деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры,
резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі.
Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тисінше ұзақ мерзімді және
қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары
жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер тарауында ұйымның алдағы
кезеңдерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы,
жабдықтаушы – мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы
бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық
борыштары көрсетіледі.
Бухгалтерлік баланс төзінің жасалу уақытында (мерзіміне) және
қолданылу барысына қарай әр түрлі болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан
құрылған уақытында жасалынған бухгалтерлік балансы кіріспе балансы деп
аталады. Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық
капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпопрын
иелерінің, яғни құрылтайшыларының, акционерлерінің осы ұйымды жаңадан құру
(ашу) уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп
жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең
болуы ықтимал.
актив = меншікті капитал
Бұл теңдік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды
тұлғалардың алдына міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып
есептеледі.
Ұйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа,
яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес
кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгілеген есеп беретін уақыттағы
(айдың, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы ағымдағы
бухгалтерлік баланс болып есептеледі.
Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде,
таратылатын уақытта жасалады. Осы аталған жойылу балансының өзі әр түрге
бөлінеді. Жойылу балансын еліміздегі бухгалтерлік есеп және аудит
мамандарын даярлауда көп еңбек сіңіріп жүрген белгілі ғалым Әбдіғали
Әбдіманапов өзінің Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері атты
еңбегінде екі түрге бөледі және оның бірі ұйымның жабылуына байланысты, ал
екіншісі ұйымның жабылғандығын қорытындылау үшін құрастырылады деп жазған
болатын. Сонымен қатар Ресей ғалымдары Л.А. Крятова мен Х.Х. Эргашев
өздерінің Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері атты еңбегінде жойылу
балансы үш кезеңнен тұрады және оның біріншісі кәсіпорынның жабылуы
алдында, екіншісі жабылуы барысында, ал үшіншісі осы кәсіпорын жұмысын
тоқтатқаннан кейін жасалынады деп атап өткен. Жалпы, бұл айтылғандарды
талдай отырып, авторлардың қай қайсынның да пікірлері дұрыс деуге болады.
Себебі кәсіпорынның жойылу балансының саны, яғни оның жасалыну кезеңдері
ұйымның таратылуына кететін уақытпен тікелей байланысты. Егер кәсіпорынның
таратылуы, яғни жабылуы ұзақ уақытқа созылатын болса, жойылу баланстарының
саны да соған сәйкес және қажеттілігіне қарай арта түсуі мүмкін.
Бухгалтерлік баланс деп – ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен
міндеттемелер жөніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті
айтамыз. Баланс активтерді (осы ұйымның қаражаттарын) және бұларды
қаржыландыру көздерін экономикалық маңызына қарай белгілі бір уақытта
жинақтап отырады. Баланс көрсеткіштері ақшалай бағаланады. Міндеттемелер
қанша ақшаның қайдан алынғандығын көрсетеді. Активтер алынған ақшаның
немесе қражаттардың қалай жұмсалғандығын, қайда тжәне не үшін жұмсалғанын
көрсетеді. Меншікті капитал осы ұйымды құрып қалыптастырушы жеке тұлғаның,
ұйым иесінің салған ақшасынан тұрады.
Нәтижесінде активтердің жалпы сомасы алынған міндеттемелер мен
меншікті капиталдың жалпы сомасымен тепе – тең болатындығын тағыда
қайталаймыз. Осындай сабақтастық жолдармен бухгалтерлік баланс әдісі
қалыптасып қордаланып отырады. Кез келген бухгалтерлік балансқа баланс
жасаушы ұйымының аталуы және баланстың қай уақытқа қоытындыланып жасалған
күні жазылады.
Көптеген тұлғалар өздерінің бухгалтерлік балансын әрбір кезеңдерге
қарай жасап, қолда бар қаражатының барын, басқа тұлғаларға қанша көлемде
берешегінің бар екендігін көрсетіп отырады. Яғни бухгалтерлік баланс осы
ұйымның қолда бар активті қаражаттарын және берешектерін белгілі бір
уақытқа қарай көрсетіп отырады деу орнықты ұғым. Тағы да қайталаймыз:
белгілі бір ұйымының қолда бар мүліктері активтер деп аталынады. Ал осы
ұйымының басқаларға берешегі міндеттемелер деп аталынады. Активтер құрамына
осы ұйымының меншігіндегі: жер, ғимараттар, өндірістік жабдықтар,
тасымалдау құралдары, өлшеу т.б. приборлар, өнім беретін малдар, күш беруші
машиналар т.с.с. жатады. Сонымеғн қатар осы ұйым меншігіндегі тшикізаттар
мен материалдар, босалқы бөлшектер, тауарлар, дайын өнімдер, ақшалай
өлшеммен өлшеніп, осы ұйымның меншігінде болады. Бұлардың барлығы да
активтер түрінде классификацияланады.
Осы жерде ұйымдар өзінің активті қаражаттарын толықтырып, бұларды
өндірістік үрдіске тиімді пайдаланып отыруы үшін әртүрлі көздерден ақша алу
мүмкіндігі болатындығын тағы да қайталайық. Қосымша алынатын ақшаларды,
бұлар компаниялардан немесе банктерден алады. Алған ақшалары үшін осы ұйым
қарыз алушының қатарына (категориясына) түседі. Қарызға алынған ақшаларды
міндеттемелер деп атайды. Банктерден алынған несиелерден бөлек осы ұйым
басқа да тұлғалардан көп көлемде қарыз ақшалар алуына болады (мысалы,
өзінің үлес қосушы акционерлерінен). Ірі акционерлерден алынған
қаражаттарды акционерлік капитал деп атайды. Осы ұйымды қолдаушы кейбір
акционерлік компаниялар акцияларға жазылады немесе акционерлер осы ұйымның
қызметін жалғастыра беру үшін белгісіз уақытқа дейін акционерлік ақша
береді. Қандай да болмасын алынған акционерлік капитал, ең соңында жазылған
акцияларға сай қайтарылады. Яғни осы ұйымының алған акционерлік ақшасы
уақытша алынған қарыз ақша түріне саналады. Акцияға жазылған, түбінде
қайтарылатын ақшаны міндеттемелер деп атайды. Нарық экономикасы жағдайында
бухгалтерлік баланс әр түрлі әдістермен жасалынып,әрқашан да активтер мен
міндеттемелер сомасы бірдей тепе – теңдік жағдайда болады. Бухгалтерлік
баланс жекелеген синтетикалық счеттар қалдығын жинақтаудан туындайды.
Баланс қорытынды есеп жасаудың ең негізгі болып табылады. Әрбір келесі
кезеңге қорытынды есеп жасау үшін барлық бухгалтерлік есеп мәліметтерін
топтастырып жинақтау мақсатында баланс құрылады. Баланс құруды екі жақты
принциптің қолданбалы әдісі деп те түсінуге болады. Әрбір келесі кезеңге
баланс құруда бұрында бухгалтерлік баланста көрсетілген көрсеткіштер, яғни
(мәліметтер) баланстың жекелеген элементтері арнайы счеттарға таратылып
жазылады. Әрбір жекелеген счеттар материалдық және қаржылық объектілерге,
мысалға, несиелендірушілер, алашақтар,берешектер, меншік иелері,
инвесторлар, негізгі құралдар, қоюшылар т.с.с. жатады. Бухгалтерлік баланс
ұйымдардың қарнжылық жағдайын белгілі бір кезеңге қарай жинақтап көрсетеді.
Баланс деп – ұйымдар қызметіндегі активтер, меншікті капитал және
міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалық маңызына
қрай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеуді айтады. Бұл
анықтамада 1) баланс; 2) үлгі; 3) пайдаланушылардың мүддесі;
4) сыртқы сипаты; 5) белгілі бір мерзім; 6) қаржы жағдайы;
7) кәсіпорындар (ұйымдар) деген сияқты элементтер қатысады. Баланс -
латын сөзі. Бұлсөз екі табақты таразы деген ұғымды білдіреді.
Үлгі – баланс мәліметтерін пайдаланушылардың талабына сай,
кәсіпорынның активі қаражаттары мен меншікті капиталының, міндеттемелерінің
жағдайы мен бұлардың қозғалысын жинақтап көрсетуші қағаз. Баланстық үлгі
қағаз қорытынды есеп жасау қажеттігінен туындаған. Бұл үлгіге жазылған
жазулар ұйымының қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланстық үлгі қағазға (сызық
жолдарға) жазылған жекелеген көрсеткіштер баланстың белгілі баптары деп
аталынады. Балансты тек үлгі қағаз ретінде ғана қарамай, мұның өзі
ұйымдардың шашыранды шаруашылық қызметін жинақтап көрсететін бухгалтерлік
есеп объектілерінен туындайтын жалпы есеп жүйесінің маңызды категориясы
екендігін білген жөн.
Пайдаланушылардың мүддесі. Баланс көрсеткіштеріндегі сомаларды оқып
отырып, әрбір пайдаланушылар өз мақсатын шешуге ұмтылады. Бухгалтер
баланстағы жекелеген баптарға жазылған сомалардың дұрыстығын тексереді.
Бұдан баланстың теңдігі – активтер мен пассивтер сомаларының дәлдігі
туындайды. Несиелендірушілер ұйымының төлем өтеушілік қабілетін біліп
отырғысы келеді. Яғни ұйымның мүліктік жағдайы бухгалтерлік балансқа
жазылуы керек.
Сонымен қатар, ұйым басшылары мен қожайындары таза пайдамен жұмыс
істеуге ынталы болады. Есепті жыл ішіндегі ұйымның қаржы қортындысын шығару
үшін капитал қозғалысы көрсеткіштері де бухгалтерлік балансқа жазылуы
керек. Салық органдары үшін барлық ұйымдар декларация жасап тапсырады.
Декларация көрсеткіштері арасында сәйкестік болуы шарт. Баланс баптары
салықтың белгілі бір түріне қарай топтастырылуы мүмкін. Яғни баланста
көрсетілген пайда көлемі салық салынатын көлеммен бірдей болуы міндетті.
Сыртқы сипаты. Баланс көрсеткіштерін тігінен және көлденеңінен оқып
сипаттауға болады. Баланс мазмұнын тігінен қарағанда екі жақты кестеден,
сол жағы актив, ал оң жағы пассив болып еіге бөлінеді. Сыртқы
пайдаланушылардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен активтерді қаражаттар,
ал пассивтерді қаражат көздері деп те атауға болады. Сонымен қатар капитал
айналысына тікелей байланысты қозғалыстарды да бухгалтерлік баланс арқылы
талдауға болады.
Балансқа көлденең жазылған көрсеткіштер есеп объектілерінің өзара
байланысын көрсетеді. Қандай жағдайда болмасын балансқа көлденең жазылатын
көрсеткіштер счеттардағы қлдық сомаларымен бірдей сомада болуы керек. Яғни
дебеттік қалдық баланстың активінде, ал кредиттік қалдық пассивінде
жазылады.
Белгілі бір мерзім. Әдетте бухгалтерлік баланс айдың, тоқсанның және
жылдың 1-күніне жасалып, ұйымының қаржылық қызметінің жағдайын көрсетеді.
Ұйымының қаржылық жағдайы түскен пайданың мөлшерімен сипатталады. Сондықтан
пайда айдың, тоқсанның, жылдың біріне ғана жаза салатын көрсеткіш емес,
пайда өткен шақтағы атқарған ұйымның қаржылық нәтижесін көрсететін ең
негізгі көрсеткіш болып табылады.

3. ХҚЕС – бойынша баланс құрылымы, оның баптарының мазмұны

Жоғарыда аталып өткендей, экономикалық мағынасы бойынша біртектес баптар
топтарға, ал топтарбөлімдерге бірігеді. Бөлімдердің мазмұны шаруашылық
қорлары мен олардың көздерінің жіктемесіне сәйкес келеді.
1 – бөлім. Бұл бөлімде ұзақ мерзімді активтер көрсетіледі:
Материалдық емес активтер – бұл бап бойынша ұзақ мерзімді кезең бойы
(бір жылдан астам) шаруашылық қызметте қолданылатын және табыс келтіретін
материалдық емес объектілерге кәсіпорын салатын салымдар көрсетіледі. Бұл
орайда түсіндірме жазуларда амортизация есептеудің әдісі, есептеу мерзімі,
сондай-ақ есепті кезеңдегі: гудвилл-патенттердің, тауар таңбаларының және
басқалардың есептен шығарылуы көрсетіледі.
Негізгі құралдар – бұл материалдық салада, сондай-ақ өндірістен тыс
салада қызмет мерзімі бір жылдан аспайтын материалдық активтер.
Мұнда мынындай баптар ашылуға тиіс:
А) жер;
Ә) үйлер мен ғимараттар;
Б) машиналар мен жабдықтар;
В) жіктемесіне сәйкес негізгі құралдардың басқа да түрлері;
Г) жинақталған тозу;
Д) аяталмаған күрделі құрылыс;
Бұған қоса түсіндірме жазуларда ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі
құралдар ментөлемі кейінге қалып, сатып алынған негізгі құралдар бөлек
көрсетіледі.
Инвестициялар – кәсіпорынның табысты активтеріне (бағалы қағаздар,
акциялар, облигациялар), жарғылық қорына және басқа кәсіпорынға салған ұзақ
мерзімді (бір жылдан астам мерзімге) инвестициялары, өзге кәсіпорындарға
берілген қарыздар көрсетіледі.
Мұнада мынадай баптар ашылады:
а) еншілес серіктестерге берілген инвестициялар;
ә) тәуелді заңды ұйымдарға берілетін инвестициялар;
б) ағымдағы құнды көрсететін өзге де инвестициялар, бұл олардың
баланстық құнынан ерекшеленеді.
2 – бөлім. Ағымдағы активтер.
Өңдеу және сату мерзімдеріне қарамастан тауарлы-материалдық қорлар
(шикізат қалдығы, негізгі және көмекші материалдар, отын, сатып алынатын
жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер).
Алдағы кезең шығындарға – есепті күннен бастап бір жыл ішінде есептен
шығарылуы мүмкін
Ақша қаражаттары. Пайдаланылуына шек қойылған ақша қаражаттарынан
Шектеулер бір жыл ішінде алынып тасталса,олар ағымдағы активтерге
қосылады.
Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары – мерзімі біржылға дейін.
Дебиторлық берешек – есепті күннен бастап бір жыл ішінде алынуы
мүмкін.
Мұнада мынадай баптар ашылуы тиіс:
а) аванстық төлемдер;
ә) алуға арналған шоттар мен вексельдер;
б) еншілес серіктестіктердің дебиторлық берешегі;
в) лауазымды тұлғалардың дебиторлық берешегі;
г) өзге де дебиторлық берешектер.
Сомасы бір жыл ішінде алынбаса, дебиторлық берешек ағымдағы
акктивтерге толықтай қосылады.
3– бөлім Меншікті капитал иен резервтер
Баланстың пассивінің меншікті капиталының бірінші бөлімінде меншікті
капитал туралы ақпарат ашылып көрсетіледі.
Жарғылық капитал – кәсіпорынның құрылтай құжаттарына сәйкес оның
меншік иелерінің (қатысушыларының, құрылтайшыларының) салымдары есебінен
құралған жарғылық қор.
Түсіндірме жазуларда есепті кезеңде жарғылық капиталда болған
өзгерістер жайлы ақпараттық ашып көрсету керек.
Акционерлік қоғамдарда мынадай ақпараттар ашылып көрсетілуге тиіс:
а) мәлімделген, шығарылған және айналымда жүрген (мәлімделген,
жазылатын және төленген капитал) акциялардың саны мен сомасы;
ә) төленбеген капитал;
б) акцияның номиналдық және ағымдағы құны;
в) оларға ие адамдардың құқы, дивидендттерді бөлу мен мүлік бөлігін
төлеудің шарттары;
г) ерекшеленген акциялар бойынша төленбеген дивиденттер;
д) өтемі төленіп алынған меншікті акциялар (алынып қойылған капитал);
е) болашақта шығаруға мәлімделген акциялар.
Өзге меншікті капитал:
а) номинал құнынан артық төленген капитал;
ә) негізгі құралдар мен қаржы инвестициясын қайта бағалау сомасы.
Резервтік капитал. Бұл бап бойынша кәсіпорында қалыптасқан резервтік
капиталдың қалдығы көрсетіледі.
Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян).
2. – бөлім. Шығарылған капитал.
3. – бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, бір жылдың ішінде
өтелуге тиіс бөлігін қоспағанда, мыналар жеке ашылып көрсетілуге тиісті:
а) қамтамасыз етілген несиелер;
ә) қамтамасыз етілмеген несиелер;
б) еншілес серіктестіктер ұсынған несиелер;
в) төлемі кейінге қалдырылған салықтар.
Түсіндірме жазбада проценттік ставканы, несиені өтеудің, мерзімін
өтеудің мерзімін өтеудің тәртібін және шартта көзделген басқа да талаптарды
көрсету керек.
4. – бөлім. Ағымдағы міндеттемелер.
Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы
бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың
ішінде өтелуге тиісті ұзақ мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда,
мынадай баптар ашылуға тиіс:
а) қысқа мерзімді несиелер немесе овердрафт;
ә) салықтар бойынша берешек;
б) төлеуге арналған дивидендтер;
в) еншілес серіктестіктерге берешек;
г) акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына берешек;
д) өзге кредиторлық берешек.
Төлеуге есептелген шығындар – болжанбаған жағдайлар бойынша есептелген
төлемдер.
Алдағы кезеңдердің табыстары – бұл бапта есепті жылы алынған, бірақ
болашақ есепті кезеңге жатқызылатын (жалдық төлем) қаражаттар көрсетіледі.

1.4 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің есеп беруі –
халықаралық стандартпен есеп саясатын құрудан және есеп
беру әдістемесінен басталады

Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық рынокта
бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ-ға кіруі,
елдегі нарықтық қатынастар дамуының стратегиялық бағыттағы есеп пен есептік
ақпараттық сапасына айрықша талаптар қояды. Сондықтан қазіргі кезде
бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектілерінде ерекше маңызды
орынға ие. Ол Бухгалтерлік есеп туралы, Салық және бюджетке төленетін
басқа да төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының стандартында,
субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің типтік шоттар
тізбегінде бекітілген ортақ принциптер мен ережелер, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Бухгалтерлік есепке алу жөніндегі Ұлттық комиссиясының
бухгалтерлік есепке алу жөніндегі шығарған нұсқаулары, ережелері мен
ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Оның үстіне Республикада қолданылып
жүрген бухгалтерлік есепке алу жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп
стандартына барынша жақындатылған. Халықаралық стандартпен есеп саясатын
құрудағы мақсат – қаржылық есеп берудегі есебін ұйымдастыруда халықаралық
тәжірибелерді оңтайлы басқару шешімдерін қабылдауын қамтамасыз ету
мақсатымен Республикадағы акционерлік қоғамның шаруашылық жүргізу
ерекшеліктерін ескере отырып, есеп беру есебінің әдісімен әдістемесін
пайдалана отырып әзірлеу, енгізу.
Бухгалтерлік есеп әдістемесі үшін бухгалтерлік табыстың шамасы
мен оның салық салынатын базамен қандай байланысы бар екендігін түсіну және
оны түсіндіру маңызды мәселе болып табылады. Оның басты ерекшелігі: кез-
кекелген қаржылық қорытынды есеп мемлекеттік салық органдарының мүддесі
үшін құрылуға тиіс.
Республикамызда бухгалтерлік есепті реформалау үшін ағылшын-
американдық модель таңдалды. Қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі,
кәсіпорынды ашығырақ көрсетуге, ішкі және сыртқы инвесторлардың назарын
көбірек бұруға мүмкіндік береді.
Акционерлік қоғамдардың есеп беруі: методикасы мен методологиясын
халықаралық стандартында Қаржылық қорытынды есеп берудің төмендегі
концепциаларымен қарастырамын:
- Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебін жүргізу мақсаты;
- Бухгалтерлік ақпараттардың сапалық сипаттамасы;
- Бухгалтерлік ақпараттарды есепке алу принциптері;
- Қаржылық қорытынды есеп элементтері.
Еліміздің бәсекелестікке қабілетті қабілетті 50 мемлекеттің
қатарына қосуда экономикада болып жатқан түбегейлі өзгерістер қатарына
бухгалтерлік есепке алу жүйесінің халықаралық стандартқа көшуі де жатады.
Оның ішінде еліміздің бухгалтерлік есепке алу жүйесі – халықаралық
қаржылық есеп стандартына көшуі.
Сондықтан қоғамымыздың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау
және ол заңдарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп
жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Сонымен қатар бухгалтерлік есеппен қазіргі экономика жүйесін
ұйымдастыру мен басқару,іскерлік, экономикадағы саясат пен шешімі,
стратегиа мен тактиканы қабылдау ісіне мәліметтерді таңдауға ақпараттар
дайындау болып табылады. Осы күнгі ұйымдардың барлығы кәсіпкерлік мақсатпен
әрі өнім өндіріп, әрі ол өнімді сату арқылы табыс табу үшін
құралады.Табысқа жетуде басты мақсаты талдау, түсінік беру және ұйымның
даму бағытын анықтауға, басқару шешімін қабылдау үшін түрлі баламалы
мәліметтерді таңдауға ақпараттар дайындау болып табылады.
Біріккен сауда ұйымдарға (БСҰ) кіру шеңберіне көшу рәсімін реттейтін
құжат 1 ХҚЕС –ын алғашқы қолдану ХҚЕС (ІҒRS)болып табылады.БСҰ-на
Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары мен ұйымдары Бастапқы
Балансты қалыптастыруы қажет, ондағы мақсат бастапқы баланс кейіннен ХҚЕС-
ын қолдану үшін бастапқы нүкте болып табылады.
Мұнда ХҚЕС бойынша алғашқы қаржылық есептілікті жасаған кезде
қолданылатын есеп саясаты есептік күнгі ХҚЕС талаптарына сәйкес келуі тиіс
және есеп беру методологиясы осы стандартта айқындала түседі. 1-ХҚЕС есеп
саясатындағы өзгерістер ХҚЕС-на көшкен күннен басталатын кезеңдерге
қолдануы тиіс деп нақтылайды.
ХҚЕС1 ХҚЕС бастапқы қолдану басты мақсаты жалпы бағыттағы қаржылық
есепті ұсыну үшін негізін ашу болып табылады.
Стандарт келесілерді камтиды:
- қаржылық есепті ұсынудың жалпы ерекшесі;
- қаржылық есеп құрылымы бойынша ұсыныстар;
- қаржылық есеп мазмұны бойынша минималды талаптар;
- қаржылық есептің ХҚЕС-на сәйкестігіне ұсыныстар;
- қаржылық есептің ХҚЕС-тан мүмкін ауытқулары бойынша ұсыныстар.
Әдістеме –латын тілінен аударғанда, қандайда ғылыми құбылыстарды
зерттеу әдістер жалпыламалары.
Әдіс термині бір нәрсеге жету жолықарағанда, әдістеме дегеніміз
шаруашылық жүргізуші субъектінің нәтижелерінің функционалданушылық кешенді
түрлі әдістермен зерттеу.
Әдістеме сөзі қоршаған ортадағы құбылыстардың өзгеру жүйесіндегі
көзқарастың фундоменталдық концепциаларының негізінде құрылады.
Егерде ХҚЕС әдістемесіне келсек, ол қаржылық есеп берудегі
ақпараттарды даярлауға негізделген.Ал мұның байланысы дүние жүзілік
бухгалтерлік қоғамдықтың біліктілік деңгейде қызмет атқару үшін ХҚЕС
қолдануы.
ХҚЕС-ң жалпы әдістемесі белгілі бір ережелермен жұмыс жасауды
негіздесе,қаржылық есеп беру мақсаты ақпараттарды пайдаланушыларды
ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржылық есетің есеп ақпарат жүйесі субъектінің активтерінің,
капиталдары мен міндеттемелерінің мәліметтеріне, сондай-ақ шаруашылық
өміріндегі материалдық құндылықтардың қозғалысында, өндірілген өнімдер мен
оны сатып өткізулерінде болған фактілерге сүйенеді. Бухгалтерлік ақпарат
жүйесі сыртқы (қаржылық) және сытқы ішкі (басқару есебі) болып бөлінеді.
Қаржылық есеп жөніндегі ақпараттар қаржылық есеп беру есебіне қажет
ағымдағы шығыстар және ұйымның табыстары мен дебиторлық және крндиторлық
қарыздардың көлемі туралы, қаржылық инвестицианың мөлшері мен одан алынатын
табыстардың, қаржыландыру көздерінің т.б. жағдайларынан құралады. Қаржылық
есепті барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер жүргізуге міндетті және оны
ашық бұқаралық ақпарат құралдарында жариалап отырулары керек. Дер кезінде
есеп жұмысының уақтылы және сапалы жүргізілуінін қамтамасыз ету қажет.
Ол үшін шаруашылықта болып жатқан өндіріс процессін және оның
нәтижесін бейнелеу үшін бухгалтерлік есеп әдістері мен өлшеуіштерін білу
керек.
Есеп әдістеріне жататындар: құжаттау, түгендеу, бағалау және
калькуляциялау, екі жақты жазу және шоттар жүйесі, баланстық тәсіл және
қорытынды қаржылық есеп. Ал жалпы есеп жұмысында қолданылатын
өлшеуіштердің негізгі түрлері зат өлшеуіші, ақша өлшеуіші және еңбек
өлшеуіштері қолданылады. Бухгалтерлік есептің мақсаттарын теориялық аспект
бойынша есептің даму кезеңдерімен келесі тәртіппен көрсетуге болады:
1) меншік иелерінің мүліктерінңің амандығын сақтау;
2) ұйымдардың тиімді басқаруын қамтамасыз ететін бақылау құралы ретінде;
3) қаржылық нәтижелерді есептеу, яғни шаруашылық операциалардың
экономикалық және құқықтық салдарын анықтау;
4) экономикасы дамыған шет елдерге тән бухгалтерлік есепті халық
шаруашылығындағыресурстарды қайта бөлу құралы ретінде қарайды. Осы
төртінші мақсатты жүзеге асыру үшін екі шартты жүзеге асыру керек:
- экономикалық субъектілердің қаржылық есеп беру есебінің ашықтығы;
- дамыған бағалы қағаздар нарығы.
ХҚЕС-тің әдістемесінің негізін терминология (лат.тілінен шектеу,
шекара) түсінігі, яғни стандарттардың мағынасын ашу, пайдаланушылардың
кезекті өзекті проблемаларын оңай жолдармен есеп кезінде қолдану. Атап
айтқанда практика жүзіндегі стандарттарды жеңіл түрде қолдану.
Сәріктестіктегі бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік ұсыныстары
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне, ҚР Президентінің Заң күші
бар ҚР Ұлттық Банкі туралыЖарғылығына сәйкес және қаржылық есеп берудің
халықаралық стандартымен субъектілердің қаржы- шаруашылық қызметінің
Типтік шот жоспары, басқада нормативтік және құқықтық актілер негізіне
байланысты жүргізіледі. Осы аталған құжаттардың негізінде ұйымдар өз есеп
саясатын құрады.
Есеп саясаты – ол ұйымдардың басқару органдарының бухгалтерлік есеп
жүргізі және қаржылық есептемесін ашып көрсету туралы әдістемелер жиынтығы.

Есеп саясатын құру маңызды процедура болып табылады және ол қаржылық
есептеме дайындауға әсер етеді. Шаруашылық субъектілері сиақты Қазақстан
Республикасының ұйымдары бухгалтерлік есепті және қаржылық есептеме жүргізу
үшін ішкі және сыртқы пайдаланушыларына есептік саясат жүргізеді.
2000 жылы Кеңеспен шығарған ХҚЕС-ты үш буклеттер: ХҚЕС, Қорытындылауға
арналған негіз және қолдану жөніндегі нұсқама мен шыққан. Осыған байланысты
Есеп саясаты ХҚЕС кешенділігіне және әдістемелік қиындығына байланысты
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдануға мүлдем келмейді. Олар
үшін оңайтылған нысандары жасалуда.
Есептік саясатты жүргізу барысында 1- ХҚЕС бастапқы қолдану ІFRS-на
және басқа да стандартқа сүйенеді. Акционерлік қоғамдар өз қаржылық
жағдайларына байланысты өздеріне қажет және әрі пайдалы әдістерді таңдап
алулары керек.
Есеп саясаты келесідей негізгі аспектілерден тұрады:
- есептік саясаттың жалпы жағдайы;
- есептік саясаттың нормативтік құқықтық базасы;
- есептік саясаттың таратылытын есептік кезеңдері;
- бағалау әдістері және қаржылық активтері мен міндеттемелерді
[бастапқы толық құны (нарықтық құны), ағымдағы құны (нарықтық құны), сатып
өткізу құны( әділетті құны), дисконтталған құны] тану;
- ұйым қызметінің табыстары мен шығыстарын тану тәртібі және басқада
табыс-пен шығыс баптарын ашу;
- қаржылық есеп беру консолидациаланған тәсілдері (егер ұйымдарының
филиалдары немесе еншщілес заңды тұлғалары болған жағдайда);
- ұйымда қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін ұйымдастыру, оларды
әрбір қаржылық есептеме баптарына пайдаланылады.
Есеп саясаты өз құрылымы мен мазмұндық нысаны бойынша үш дәстүрлі
блоктардан тұрады:
1) жалпы бөлім;
2) ұйымдастыру бөлімі;
3) әдістемелік (методологиялық) бөлімі.
Жалпы ережелер бөлімінде қарастырылады:
• ұйым туралы жалпы мәліметтер;
• қаржылық жағдайлар, қызмет нәтижелері және осы ұйымның қаржылық
жағдайындағы өзгерістер туралы шынайы ақпаратты қалыптатырудың
қамтамсыз етілуі туралы оның есеп саясатының негізгі мақсаты;
• таңдап алған есеп саясаты арқылы қаржы есептілігінің халықаралық
қаржы есептігінің барлық талаптары мен Түсіндірмелер жөніндегі
тұрақты комитеттің түсіндірмелеріне жекелей, сондай –ақ жиынтық
түрінде сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысуды көрсету.
Әдістемелік бөлім ақпаратты қаржы есептілігінде көрсетудің ХҚЕС ұсынатын
таңдаулы баламаларға орай нақты тәсілдердін қамтуға тиіс.
Акционерлік қоғамның есеп саясатын қалыптастырған кезде қабылданған және
түсіндірме жазбада ашылуға тиісті бухгалтерлік есеп жүргізу тәсілдеріне
мыналар жатады:
• кірістерді тану;
• жиынтық қаржылық есеп жасау қағидаттары;
• материалдық (негізгі құралдар) және материалдық емес активтерді
тану және
амортизациясы;
• заемдар бойынша шығындары және басқа шығындары капиталдандыру;
• мердігер шығындары;
• инвестициалық меншік;
• қаржылық құралдар және инвестициалар;
• қорлар;
• салықтар, оның ішінде төлеу мерзімі өткен салықтар;
• резервтер (күмәнді борыштарға, кепілдіқызмет көрсетуге және т.б)
• ақша қаражатын және олардың баламаларын айқындау;
• маңызды қателер, сипаты, ағымдағы кезең үшін және барлық өткен
кезеңдерге берілгендер үшін түзету көлемі;
• есеп саясатындағы өзгертулер.
Өзгертулер туралы ақпаратқа мыналар кіруі тиіс:
а) есеп саясатын өзгертудің себептері;
ә) өзгертулер салдарларының ақшалай көрсеткендегі бағасы;
б) есептік жылға қаржылық есепке енгізілген бұрынғы есептік кезеңдердің
тиісті деректерінің түзетілгенін көрсету.
Ұйымдастыру бөлімі бухгалтерлік есепті жүргізуге, бухгалтерия құрылымын
ұйымдастыруға және оның қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бөлуге,
бухгалтерлік есеп жүргізудің қолданылатын нысандарын, шоттардың жұмысшы
жоспарын және басқаларды сипаттауға жауапты тұлғаларды анықтайтын елеулі
мәселелерді қамтиды.
Егер де ағымдағы кезеңде есептік саясатта өзгеріс болса, оның болу себебін
анықтап ашып көрсету керек, өзгеруінен болған нәтижелер Бөлінбеген пайда
(жабылмаған залал) шотында ХҚЕС-тың көшу күніне орай танылуы қажет.
Қаржы есептемесінің сыртқы пайдаланушылары ұйымның қаржылық жағдайында,
оның қызмет нәтижесі мен ақшалай қаражат ағынында үрдістерді анықтау
мақсатында қаржы есептемесінің бірнеше жылдық көрсеткіштерін салыстыру
мүмкіндігіне ие болуы керек.
Есеп саясаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік баланстың құрылымы және мазмұны
Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы, түрлері, өзгерісі
Бухгалтерлік баланс туралы
Бухгалтерлік баланс туралы жалпы түсінік
Бухгалтерлік баланс ұғымы
Кәсіпорын балансы
Бухгалтерлік баланстың құрылымы
Бухгалтерлік есеп және аудит туралы ақпарат
Бухгалтерлік баланс пен шоттар және олардың байланысы
Баланс түрлері
Пәндер