Транзиттік тауарларды тасымалдау тәртібі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Көлік құралдары мен тауарлардың халықаралық транзиттік тасымалдаудың өзекті мәселелері

Мазмұны

Кіріспе

1. Тауарлар мен көлік құралдарының халықаралық транзитін реттеудегі халықаралық тәжірибе

1. 1. Тауарлар және көлік құралдарының халықаралық транзиті: түсінігі,

маңызы құқықтық реттеу негіздері.

1. 2. Тауарлар мен көлік құралдарының халықаралық транзитін реттеудегі халықаралық тәжірибе.

1. 3. 1975 ж. ХЖТ Конвенциясы ережелерін пайдалану: Еуропалық стандарттардың қажеттіліг, тиімділігі, шешуді талап ететін мәселелері.

2. Тауарлар мен көлік құралдарының халықаралық транзитінің құқықтық негіздері.

2. 1. Ішкі кедендік транзиттің құқықтық негіздері.

2. 2. Транзиттік тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру тәртібі мен құқығы.

2. 3. Тауарлар мен көлік құралдарын алып жүруге рұқсат алу

құжаттары.

3. Қазақстан Республикасында тауарлар мен көлік құралдарының халықаралық транзитінің құқықтық негізі.

3. 1. ҚР көліктік-транзиттік потенциалы және оны тиімді пайдалану

мәселелері.

3. 2. ЕурАзЭС-ке мүше мемлекеттердің тауар және көлік транзиті жағдайларын жетілдіру мәселелері.

3. 3. ОҚО кеден департаментінің қызметі бойынша тауарлар мен көлік құралдары транзиті режимін қолдану.

3. 4. Қазақстан Республикасында тауарлар және көлік құралдары транзиті режимін пайдаланудың құқықтық негіздерін жетілдіру жолдары.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жыл сайын қазақстан халқына жасайтын Жолдауында ҚР Президенті маңызды мәселе ретінде экономика дамуын және оның бәсекелік қабілеттілігін арттыруды ұсынады. Он бірінші басымдық ретінде - инфрақұрылым стратегиясын дамыту, бұл салада басқару сапасын мемлекеттік басымдық рангіне көтеру. Әлемдік сауданың дамуы халықаралық көліктік ағындарды ұлғайтады. Қазіргі кезеңде көліктік ағындарды қалыптастыратын тұрақталған сауда байланыстары бар. Бұл сауда байланыстардың тенденциясында, әлемдік жүк ағынын игеруде ҚР көліктік жүйесінің рөлін тікелей немесе жанама болжауға мүмкіндік береді. Әлемдік экономика дамуы негізгі қаржы және тауар ағындары АҚШ-Еуропа-Оңтүстік-Шығыс Азия және Қытай үшбұрышында шоғырланғанын көрсетеді. Бүгінде Қазақстанның маңызды мәселесінің бірі - өзінің ұтымды геостратегиялық орналасуын - Еуропа және Азия арасында трансконтинентальды көпір болуын мейлінше толық пайдалану. Еуропа және Азия арасындағы сауда айналымы жылына 2 трлн. долл. тең, оның ішінде көліктік шығындар 200 млрд. долл.

Соңғы 5ж. Қазақстанның сауда айналымы 3 есе өсті және бүгінде 41 млрд. долл. маңайында. Біздің негізгі сауда әріптестеріміз Ресей Федерациясы, Орталық Азия елдері, ЕО және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, оның ішінде Шығыс көршіміз - Қытай.

Қазақстанның Еуразия материгінің ортасында орналасуы, кең көліктік-коммуникациялық жүйеге ие болуы халықаралық транзиттік тасмалдау рыногында маңызды орынға ие болуға барлық мүмкіндігі бар. Ол үшін келесі мәселелерді айқындау қажет:

  • Голландия, Орталық және Шығыс Еуропа сияқты басқа елдердің жетістіктерін мысал ретінде негіге ала отырып транзитті пайдаланудың мемлекеттік идеологиясын жасау;
  • Қазақстанның ішкі қажеттіктеріне де қызмет ететін транзиттік (халықаралық) көліктік дәліздерді дамыту бағдарламасын жасау;
  • Көп елдер қолданатын инвестицияның жаңа нысандарын енгізу;
  • Инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға халықаралық заемдардың көлемін ұлғайту;
  • Транзиттік тасымалдау саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, әсіресе қазақстандық транзитке мүдделі елдермен.

Қазақстан экономикасында транзит үлкен рөл ойнайды. Транзит қызметін дамытуға Қазақстанда барлық мүмкіндік бар және ұлттық масштабтағы мәселе ретінде қарастырылуы қажет. Мемлекеттің экономикалық стратегиясы және құрылымдық саясаттың өзгеруімен тікелей байланысты. Транзиттің дамуы аймақтық масштабта Қазақстанның орнына және рөліне түбегейлі әсер етеді - тек көліктік кешенді ғана емес, жалпы Қазақстан экономикасын дамытады. Отандық экономиканың экспортын шикізаттан дайын жоғары технологиялық өнімдерге бұруға, шетел инвестицияларын тартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, Қазақстан территориясы бойынша кедергісіз транзиттік тасымалдауға қажетті құқықтық жағдайларды жасау Орталық Азия аймағында, Еуразиялық кеңістігінде интеграциялық процестердің дамуына ықпал етеді.

Максимальды ыңғайлы, ұтымды транзиттік шарттарды ұсынушы мемлекет ретіндегі статус Қазақстанға бірнеше сыртқы саяси және сыртқы экономикалық сұрақтарды тиімді шешуге ықпал етеді. Осынан туындайтын негізгі мәселе - транзиттік потенциалды мейлінше тиімді пайдалану механизмдерін жасау, әлемдік қызмет рыногында бәсекелі қабілетті отандық көлік-коммуникациялық кешенді жасау, республика территориясы арқылы транзит ағынан ынталандыру.

1 Тауарлар мен көлік құралдарының халықаралық транзитін

реттеудегі халықаралық тәжірибе

1. 1 Тауарлар мен көлік құралдарының халықаралық транзиті: түсінігі, маңызы құқықтық реттеу негіздері

Әлемдік тәжірибеде транзиттің түсінігіне белгілі бір мемлекеттің территориясын кесіп өтетін шетел тауарлары, багаждары, көлік құралдары және халықаралық почта жіберілімдері өтетін мемлекеттің территориясы арқылы транзиттің толық маршрутының жүру жолының бір бөлігі оның шегінен тыс жерде болса, яғни басталуы мен аяқталуы. Басқаша айтқанда, тауарлары және көлік құралдарының халықаралық транзиті - бұл белгілі бір мемлекеттің территориясынан, оның белгілі бір шекарасынан кесіп өткен тауарлар және көлік құралдары.

«Транзит» деген сөздің түсінігін - бұл «жіберу мен жеткізу бекеттерінің арасындағы жүктерді, жолаушыларды аралық бекет арқылы тасымалдау». «Транзит» сөзі латынның «transitus» деген сөзінен шыққан, оның мағынасы «өту» (присхождение) дегенді білдіреді. «Халықаралық транзит» түсініг - бұл белгілі бір мемлекеттің территориясынан, оның белгілі бір шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарының кесіп өтуі.

Транзиттің анықтамасы ГАТТ-тың (қазіргі ДСҰ) тарифтер және сауда бас келісімінде берілген. Онда «тауарлар (багаждарды қосқанда) сонымен қатар кеме және тағы басқа көлік құралдары келісілген жақтардың территориясы арқылы өткізу болып табылу керек, жол жүрудің бір бөлігі болып, басталуы мен аяқталуы келісілген жақтардың шекарасынан тыс жерде болады. Мұндай тасымалдау -«транзиттік тасымалдау» деп сипатталды».

Халықаралық транзиттің экономикалық маңызын жетілдіруге әсер етеді:

  • сыртқы сауданың және халықаралық тауар тасымалдауының дамуы (сыртқы аспект) ;
  • жаңа жұмыс орындарын құру, көлік құралдарын тасымалдауда және жүктерді қайта өңдеуде қызмет салаларында белсенділік қарым-қатынасын күшейту (ішкі аспект) .

Мемлекет транзиттік тасымалдау операцияларды дамытудан алатын экономикалық артықшылығы - транзиттік баждың алып тасталуына итермелейді. Транзиттік баждар - бұл мемлекеттің территориясы арқылы жүретін транзиттік тауарлар мен көлік құралдарына қолданылатын баж.

Халықаралық транзиттің даму мақсатын жетілдіруде ГААТ (п. 3 бап V) бекітілген принципте тауарлар мен көлік құралдарды транзиттік тасымалдауда салықтан толық босатылады: « . . . транзиттік тасымалдау . . . тасымалдаудағы алымдар және транзитпен туындаған немесе ұсынылған қызмет құны мен әкімщілік шығындар мөлшерлемесімен тең алымдарды қоспағанда, транзитке қатысты бекітілген кеден баждарымен және барлық транзиттік және басқа алымдардан толық босатылуы тиіс».

ГААТ-тың аталған осы бабында (п. 2) еркін транзит принципі төмендегілермен сәйкесінше аталып өтілген:

  1. халықаралық транзит осы жолдар үшін мейлінше қолайлы түрде жүзеге асуы тиіс;
  2. кеменің туына, шыққан жеріне, жіберілуіне, кіруіне, шығуына немесе тағайындалуы немесе тауар меншігіне қатысты, кеме немесе басқа көлік құралдарының жағдайларына байланысты, олардың арасында ешқандай айырмашылық болмауы керек.

Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің «тауарлар транзиті» кеден режимін реттеу халықаралық стандарт нормаларын ескере отырып қарастырылған.

Транзиттік операцияларды құқықтық реттеу негізі:

  • халықаралық конвенциялар ережелерін қолдану арқылы транзит сұрақтары бойынша немесе басқа халықаралық келісімдердің жеке ережесінің арнайы транзит сұрақтарына арналмаған ережелерін қарастыру арқылы реттеледі (мысалы, Бүкіләлемдік почта конвенциясы, ол транзиттің почталық жіберілімінің тәртібін бекіткен) ;
  • тауарлар транзиті, ұлттық заңдылықтарға сәйкес жүзеге асырылады;
  • халықаралық құқықтық актілер арасында транзиттік тасымалдауда орнатылған тәртіпте екі және көп жақтама келісім шарттарды ескеру қажет.

Транзиттік операцияларды реттеу сұрақтары ұлттық заңнамаларда және заңды актілерде көрсетілген. Заңдардың арасында Қазақстан Республикасының 5. 04. 2007 жылы заңды күшіне енген «Кеден Кодексі» орна ерекше. Жаңа «Кеден Кодексі» қабылданғанға дейін, қазіргі таңда күшін жойған «Кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы қолданылып келді.

Транзиттік жеке ережелерді орнатуда, аталған актілерге жататындар:

  • Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы (мысалы, 12 мамырдағы 2008 жылғы № 2275 Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы «Қазақстан Республикасы жүктерді халықаралық тасымалдауда ХЖТ кітапшасын қолдану туралы Кеден конвенциясына қосылу туралы» (ХЖТ кітапшасы) 1975 жылы) ;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (мысалы, 2008 жылы 4 тамызда № 1204 «кеден одағына қатысушы мемлекеттер мен кеден органдарының арасынан тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарға кедендік бақылау туралы бекітілген Хаттама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы) ;
  • Кеден комитетінің нормативті-құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік табыс жөніндегі Министрліктер және тағы басқа билікті орындаушы органдар (мысалы, 29. 03. 2009 жылы № 266 Қазақстан Республикасының мемлекеттік табыс жөніндегі министрі мен 31. 03. 2009 жылы № 152 Қазақстан Республикасының қаржы министрлігімен бірге «Кедендік алып жүру ережесін бекіту туралы немесе Қазақстан Республикасын Мемлекеттік табыс Министрлігі Кеден комитетінің 2. 08. 2008 жылғы № 348-П жарлығы «Байқоңыр» комплексін жұмыспен қамтамасыз ету үшін Қазақстан мен Ресей шекарасы арқылы өтуде кедендік рәсімдеу туралы» ортақ жарлық) .

Қазақстан Республикасының 2009 жылы 5сәуірде қабылданған Кеден кодексіндегі тауарлар транзит режиміне берген анықтамасы бойынша, шетелдік тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша кедендік бақылаумен олардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағына келген жері мен олардың осы аумақта әкетілген жерінің арасында тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, тарифтік емес шараларды қолданбастан, кедендік баждарды және салықтарды төлеместен өткізу болып табылады.

Қазақстандық тауарлар шет мемлекеттің аумағы бойынша олардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілген жері мен олардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына келген жерінің арасында, тауарлардың қауіпсіздігі жөнінде талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, кедендік баждарды төлеместен және тарифтік емес реттеу шараларды қолданбастан өткізілетін кедендік режим. «Тауарлар транзиті» режимі Қазақстан Республикасының территориясы арқылы және шетел мемлекеттерін кесіп өткен кезде кеден ағымдары мен салықтары алынбастан, салықтар мен тарифтік емес шаралар қолданбастан өтуін қамтамасыз етеді.

«Тауарлар транзиті» кедендік режиміне кез-келген тауарларды орналастыруға болады:

  • Қазақстан Республикасына әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлардан басқасы;
  • егер Қазақстан Республикасының Үкіметі транзитінің жолдары мен бағыттары белгіленген болса, тауарлар сол бойынша тасымалданады;
  • тауарлар көлік құралының белгіленген маршрутының мүмкіндіктерін және тасымалдаудың басқа жағдайларын негізгі ала отырып, бірақ бір айға екі мың шақырым деп есептелген шекті мерзімнен аспайтын, кеден органы әдеттегі жеткізу мерзімдеріне сәйкес белгіленген мерзімді тасымалдануы;
  • тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, тауарлар өзгеріссіз қалпына жеткізілген жағдайда орналастыруы мүмкін.

Транзиттік тауарлардың кейбір түрлеріне тыйым салу мен шектеу қою талаптары қойылуы мүмкін, бұл жөнінде төменде атап көрсетіледі.

Тауарларды транзит режиміне орналастырудың қосымша жағдайына жататындар:

  1. көлік құралдарының жабдықталуы;
  2. кедендік алып жүру;
  3. кедендік тасымалдаушымен тауарларды тасымалдау;
  4. кеден төлемдерін төлеуін қамтамасыз ету;
  5. транзиттік тасымалдауға қатысушылардың сақтандыру, қаржылай кепілдіктерді ұсыну, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаны және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігіне зиян келтірмеу мақсатында қосымша шығындардың орнын толтыру.

Транзиттік тасымалдауда тасымалдаушы және оның көлігі кеден заңдылықтарын сақтай алатыны туралы кепілдік бере алмаған жағдайда қосымша транзиттік жүру шешімін кеден органы қабылдайды.

Тауарлар транзиті кезінде, жоғарыда аталған қосымша жағдайларға байланысты тасымалдаушының тасымалдау кезіндегі пайда болған шығындарын кеден және басқа да мемлекеттік органдар орнын толтырмайды.

Қазақстан Республикасына шетел тауарларының келуі Үкіметтің бекіткен тізімі бойынша жүзеге асады. Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы транзитіне кедендік баждары және салықтарды төлеуін қамтамасыз етілген жағдайда ғана жол беріледі. Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша транзит - бұл шетелдік тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы транзитінің тәртібі белгіленген ережелерді ескере отырып белгіленеді. Қазақстан Республикасының шетелден келген транзиттік тауарларды қайта тиеу және тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша өткізілетін тауарлар мен өзге де операциялар жүзеге асырылады.

Шетелден келген транзиттік тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралы белгілі бір жағдайлармен бұзылған кезде мұндай тауарларды түсіруге және Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы қоймада уақытша сақтауға жол беріледі. Транзиттік тауарларды қоймада уақытша сақтау кеден органы құрған уақытша сақтау қоймасында, ал ол болмаған жағдайда тауарларды уақытша сақтауға қойылатын өзге де уақытша сақтау орындарында жағдайлар мен талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады. Транзиттік тауарларды уақытша қоймада сақтау мерзімі тасымалдаушыға көлік құралдарын жөндеп, қалпына келтіру үшін қажет. Бірақ сақтау мерзімін тауарларды уақытша сақтаудың шекті мерзімінен аспайтын уақытты негізге ала отырып белгілейді. Қызмет аймағында транзиттік тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын кеден органы, жөнелтуші және межелі кеден органдарын тауарларды жеткізу мерзімін ұзарту мақсатында көлік құралының бұзылу жайлары туралы хабардар етеді.

Тразиттік тауарлардың жойылуына, елеулі түрде бүлінуіне немесе жоғалуына нақты қауіп туындаған және транзиттік тауарлар мен операциялар жасау кезінде белгіленген талаптарды сақтау мүмкіндігі болмаған жағдайда тасымалдаушы өз қалауы бойынша қажетті іс-әрекеттерді келесі негізде жүзеге асырады:

  • тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге және қажетті шаралар қолданылған жағдайда және оларды заңсыз пайдалануға жол берілмейді;
  • жақын орналасқан кеден органдарының транзиттік тауарларды тасымалдаудың тоқталуының мән-жайлары туралы дереу хабарланған жағдайда жүргізілуге құқылы.

Қазақстандық тауарларды шет мемлекеттің аумағы арқылы тасымалдағанда, тауарлар транзиті кеден режиміне сәйкес тасымалдау транзит жүргізілетін мемлекеттің заңдарына сәйкес транзит мерзімдерімен транзиттік тауарлардың жай-күйін өзгертпеу жағдайлар сақатала отырып жүзеге асырылады.

Тауарлар және көліктер транзиті Қазақстан Республикасы кеден органдарымен жүргізіледі. Бұған Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті шетел мемлекеттері мен олардың одақтарының Қазақстан тұлғаларына кемсітушілік немесе басқадай қысым жасаушылық әрекеттеріне жауап шара ретінде өзгеше шешім қабылдаған жағдайлар жатпайды.

Жалпы ереже бойынша, бұл режимді қолдануда және оны жүзеге асыруға рұқсат қажет. Кеден органына толтырылған кеден декларациясын тапсырғаннан бастапжәне оның мазмұнында тауарлар туралы ақпараттың болу, тасымалдау мақсаты туралы айқындалған болса және т. б. мәліметтер болғанда және декларацияны қабылданған кезде ғана жол беріледі. Жүктің кедендік декларациясы (ЖКД) ресімдеу Қазақстан Республикасының кедендік бақылау агенттігінің төрағасының № 149 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Кедендік ресімдеудің жалпы ережесінен тыс басқа формадағы құжаттарды ұсынғанда ЖКД толтырылмайды. Мысалы, тауарға байланысты Кеден Конвенциясында қолданатын ХЖТ Конвенциясына қатысты тасымалдауда ХЖТ кітапшасын қолдану «TIR контейнерлері» кітапшасы.

Жөнелтуші кеден органы (дәл осы әкелінетін тауарлар ҚР территориясына өткізетін кеден органы болып табылады) . Ол транзиттік тауарларды басқа көлік құралына ауыстыруға рұқсат бере алады. Сонымен қатар, мұндай тауарлар міндетті түрде қоймасы бар аймақта жіберіледі. Онда кеден органдары түсіріп арту операцияларын жүзеге асыра алады. Мұндай жүк операцияларды жүзеге асыру үшін кеден органының лауазымды тұлғасына немесе оның орындағы орынбасарына жазбаша форма негінде береді. Кеден органының лауазымды тұлғасы өзінің аумағына қарайтын уақытша сақтау қоймаларында транзиттік тауарлармен жүк операциялары жасауға немесе осындай жүк операцияларын жүзеге асыру үшін әр бір жағдайда белгілі бір уақытша сақатау қоймаларды және операцияларды жүзеге асырудағы рұқсат беру талаптардың тізімін бекітуге, уақытша сақтау қоймаларының санын шектеуге құқылы.

Транзиттік тауарларды тасымалдауда ҚР-ның территориясы арқылы өтеді және кедендік бақылауда болады, түсіріп немесе жүк операцияларын жүзеге асырып жатқан уақытта да бұл операциялар жүреді.

Транзиттік тауарларды межелі кеден органына дейін тасымалдауда, тауарларды жеткізу ережесіне тиісті кедендік бақылауда болады. Транзиттік жағдайда, ҚР территориясы арқылы тауарларды тасымалдағанда ЖКД негізінде тауарларды жеткізілім бақылау құжатын қолданады (ЖБҚ), ХЖТ процедурасы арқылы тасымалданған жағдайды қоспағанда.

Межелі кеден органына келесі құжаттар тапсырылуы тиіс:

  • ЖБҚ (орыс тілінде ДКД) немесе транзиттік декларация;
  • көліктік және тауарларды алып жүру құжаттары (ұсынылған құжатта тауар алушы ҚР шекарасынан тыс жерде екені мазмұндалуы тиіс; егер онда тауарды алушы ҚР территориясында орналасқан болса, онда тауарлар межелі кеден органына жеткізілу ережесіне сәйкес кедендік бақылау негізінде жіберіледі) ;
  • егер транзиттік тауарларды түсіруде - жөнелтуші кеден органында ресімделген транзиттік декларацияның көшірмесі.

Егер, тауарлар транзиті ХЖТ процедурасы бойынша жүзеге асырылса, онда кеден органына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • ХЖТ кітапшасын толтыру мен ресімдеу;
  • жүк және тауарларды алып жүру құжаттары;
  • тауарларды кеден мөрі және пломбалары арқылы көлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат куәлігі;
  • тауарлар транзитінің кедендік режимі шетелдік тауарлардың ҚР-нан тысқары жерлерге әкетілуімен және Қазақстандық тауарлардың ҚР-ның кедендік аумағына әкелінуімен;

Тауарларды ұсыну қажет:

  • егер тасымалдаушы транзиттік тауарларды одан әрі өткізуге мүмкіндік бермейтін не тиімсіз ететін апаттың немесе ырық бермес күштің салдарынан тауарлар транзитінің кедендік режимінің шарттары мен талаптарының орындалуын қамтамасыз ете алмаған;
  • транзиттік тауарлардың меншік иелері болып табылатын тұлғалар өз ниеттерін өзгерткен жағдайда өзге кедендік режимдерге орналастырумен аяқталады.

ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша транзит режиміне ҚР әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлар тізімі бойынша тауарларды орналастыруға болмайды. Жөнелтуші кеден органы, тағы бір жағдайда транзит режимінің тәртібін сақтау үшін Қазақстан территориясынан тасымалдауға болмайтын тауарларды ескереді.

ҚР-на әкелуге тыйым салынған тауарлар тізімі:

  • әскери үлгідегі қару жарақтар және оқ дәрілерді; Ескертпе, аталған қаруларды ерекше жағдайларда ҚР-ның Қорғаныс Министрінің, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетімен және Ішкі Істер Министрінің рұқсатымен алып келуге болады.
  • есірткі және психотропты заттарды және оларды қолдануға арналған арнайы бұйымдарын; Ескертпе, аталған заттарды ерекше жағдайларда ҚР Денсаулық сақтау Министрінің рұқсатымен алып келуге болады.
  • соғысты, терроризмді, расизм, зорлықты болдыратын және пропагандалық материалдары бар баспалы және бейнелейтін материалдарды әкелуге тыйым салынады.

Енді ҚР-нан шығаруға болмайтын тауарлардың тізімі:

  • есірткі және психотропты заттарды және оларды қолдануға арналған арнайы бұйымдарын; Аталған заттарды ерекше жағдайларда ҚР Денсаулық сақтау Министрінің рұқсатымен алып келуге болады.
  • өнер туындылары, ескі көрнекті бұйымдар, тарихи маңызы бар заттар, ғылыми және мәдени құндылықтар;
  • сайгак мүйіздері, бұғы терілерін. Бұл аталған заттар сыртқы сауда бірлестіктерімен ерекше жағдайларда шығаруға Сауда және Индустрия Министрдің рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
  • есірткі және психотропты заттарды және оларды қолдануға арналған арнайы бұйымдарын;
  • күшін жоғалтпаған бағалы қағаздары.

Қазақстан территориясы арқылы транзиттік тасымалдауға тыйым салынған тауарлар тізіміне кіретіндер:

  • қару жабдықтары, әскери қару-жарақтар және оқ-дәрілері;
  • ұшатын құралдар, олардың бөліктері, оқтау үшін арналған құралдар;
  • жарылғыш заттар;
  • күшті әсер етеін улы заттар;
  • машина және қару-жарақтарын жасайтын және оқ дәрімен ұшатын құралдарды, станоктарды;
  • және оған қоса ҚР әкелуге қойылған шектеулер де жатады.

Жоғарыда аталған шектеулер ҚР экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Олар өмір қорғаумен адам денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін және қоршаған ортаны, табиғи ресурстардың жойылуын тоқтатуға, ҚР тарихи, мәдени құндылықтарын сақтауға, қоғамдық рухани және құқықты тәртіптің сақталуын қамтамасыз еті үшін қосымша кепіл ретінде қызмет етеді.

1. 2 Тауарлар және көлік құралдарын халықаралық транзитін реттеудегі халықаралық тәжірибе

Бұл сұрақта транзиттік тауарлар мен көлік құралдардың құқықтық реттеудегі халықаралық аспектісін қарастырамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендік рәсімдеудің басы
Қазақстанның мен Қытай арасында халықаралық транзиттік тасымалдар мәселелерінің заңдылықтары
Тауар қозғалысының бухгалтерлік есебі
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жетілдірудің негізгі шаралары
Көлік қызметтерін реттеу қажеттілігі
Кеден баждарын төлеуді бақылау тәжірибесі
Халықаралық көлік құқығы
Қазақстан Республикасында еркін экономикалық аймақты басқаруды жетілдіру
Халықаралық транспорттық операциялар және халықаралық жол жүрулер
Тауарлар мен көлік құралдарын жекелеген кедендік режимдер бойынша кедендік ресімдеуді ұйымдастыру тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz