Дипломатиялық құжат тілінің терминдері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Терминология ұғымы
1.1 Терминология ұғымы
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

1.2 Терминологияның және терминдердің негізгі
сипаттары ... ... ... ... ... ... 10
2. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің
лингвистикалық сипаты
2.1 Салалық терминдер ─ лексиканың ерекше
қабаты ... ... ... ... ... ... ... . ... .16
2.2 Дипломатиялық терминдер жүйесінің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... .19
2.3 Дипломатиялық терминдердің өзіндік сипатты
белгілері ... ... ... ... ... ... 22
2.4 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қысқарған және біріккен
дипломатиялық
терминдер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..24
2.5 Дипломатия саласындағы халықаралық
терминдер ... ... ... ... ... ... .. ... ...28
3. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің құрылымдық
типтері: жасалу жолдары.
3.1 Дипломатиялық терминдердердің семантикалық тәсіл арқылы

жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
3.2 Дипломатиялық терминдердердің морфологиялық тәсіл арқылы

жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
3.3 Дипломатиялық терминдердердің аналитикалық (синтаксистік) тәсіл
арқылы
жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 37
3.4 Калька тәсілімен жасалған дипломатиялық терминдер
3.4.1 Калькалау — терминжасам
тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 41
3.4.2 Калька тәсілімен жасалған дипломатиялық терминдер ... ... ... ...44
4. Mектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуда дипломатиялық терминдерді
қолдану
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .46
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 52
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .54
Қосымша

Кіріспе
Қазіргі дамушы қоғам адамнан барынша шығармашылықтылықты,
қабілеттілікті және шеберлікті (профессионализмді) талап етеді. Кез-келген
мемлекетте халықтың, яғни әрбір азаматтың өз ісіндегі шеберлігін дамыта,
өрістете отырумен қатар біліктілігін дәлелдеуін жоғары қояды. Сөз
таластыруға болмайтын біліктілік, дәлірек айтқанда терминология біліміндегі
біліктілік тек қана лингвистикалық тіл білімінде емес жалпы білім
саласында, әсіресе ағылшын тіл білімінде де алатын орны ерекше.
Мемлекетіміздің жан-жақты табысты өркендеуі мен дамуының нәтижесінде
ағылшын тілін арнайы мақсатта оқыту мен үйрену мәселесі алдыңғы қатарға
шығып отыр. Ағылшын тіл білімінің лингвистика саласының бір бөлігі
терминология саласы болып табылады. Әрбір тілдің сөздік қорының басым
бөлігін терминология құрайды. Бұл сала да - қарқынды даму үстіндегі және
тілдегі тілдік жаңа құрылымдардың көп бөлігінің тудырушысы. [1, 189 б.]
Қоғамның әртүрлі салаларындағы экономикадағы, мәдениетттегі, ғылым мен
білім салаларындағы өзгерістер осы әр саладағы терминологиялық жүйені
жетілдіруді өзекті мәселелердің біріне айналдыруда.
Сан алуан ғылым салалары өзіндік ерекшеліктеріне қарай жүйелі ұғымдардан
тұрады. Ұғымдардың атауға ие болуы, белгілі бір термин ретінде қалыптасуы
терминдену заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады. Түрлі лексемалардың
семантикалық өрісте қолданылуы сияқты, терминдер де терминологиялық өрісте
пайда болып, оның ішкі заңдылықтарына бағынады. [2, 184 б.]
Бүгінгі таңда Қазақстанның өзге елдермен жасайтын келісімдері мемлекеттік
тілде жазылатыны белгілі, яғни халықаралық қатынаста мемлекеттік тіл өз
қызметін атқара бастады. Елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер
тіліміздің жан- жақты, оның ішінде терминология саласының дамуына жағдай
туғызды.
Зерттеу жұмысымызда ағылшын және қазақ тіл білімінде терминжасам
принциптері белгіліеніп, салалық термин жасаудың маңыздылығы айқындалды.
Осыған байланысты ағылшын және қазақ тіліндегі салалық терминдердің жасалу
жолдарына, олардың лексика-семантикалық құрылымына терең талдау жасау,
терминдерді бір жүйеге түсіру мен оны барлық ғылым мен өндіріс салаларына
енгізу, кірме сөздердің ену процесін анықтау, терминжасамдағы кальканың
рөлі сияқты мәселелер зерттеу жұмысымызда қарастырылады.. Осы мақсатқа
орай, зерттеу жұмысымызда осы күрделі мәселелердің бірі ─ ағылшын және
қазақ дипломатиялық терминдерінің тілдік табиғатын, жасалымын салғастыра
зерттеу қолға алынып отыр.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Терминологияның басты мәселелерінің бірі
жалпыхалықтық қолданыстағы сөздердің терминдену жолдары, олардың
терминологиялық қорды құрауға қатысы мен тілдегі семантикалық өзгерістерді
зерттеу екендігі белгілі. Осы ретте зерттеу жұмысының өзектілігі жаңа
терминдер, оның ішінде дипломатия саласына қатысты терминдер жасаудағы
әртүрлі тәсілдердің, терминдердің, термин қалыптастыруға негіз болатын
қазақ және ағылшын тілдерінің ішкі заңдылықтары мен қайнар көздерінің
ерекшеліктерін көрсетудің қазақ және ағылшын тіл біліміндегі маңыздылығынан
көрінеді.
Зерттеу нысаны ─ қазақ және ағылшын тілдеріндегі салалық терминдер
қатарында қаралатын дипломатиялық терминдер жүйесі.
Зерттеу пәні салғастырмалы түрде қаралатын қазақ және ағылшын
тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің жасалуы, олардың лингвистикалық
сипаттамасы, жалпы қалыптасу принциптері мен заңдылықтары және лексика-
грамматикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтары болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты ─
қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдер жасалымының
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін
төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
• Қазақ және ағылшын тілдерінің дипломатиялық терминдер жүйесінің
қалыптасуы мен даму жолдарының терминологиялық өрістегі орнын
айқындау;
• Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің белсенді
қолданылатын салаларын көрсетіп, халықаралық терминдер үлесін
анықтау;
• Дипломатиялық терминдер жүйесін тілдік тұрғыдан талдай отырып,
олардың ұғымдық белгілерінің терминденуі мен қолданылу
еркшеліктерін және жасалу жолдарын айқындау;
• Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің негізгі
лексика-грамматикалық ерекшеліктері мен ұқсастықтарын ашып көрсету.
Зерттеу жұмысымыздың гипотезасы болып мына тұжырымдар табылады:

• Ағылшын дипломатиялық терминдері қалыптасуының ұзақ тарихы бар,
жасалу жодары әр алуан, сөзжасам тәсілдерін толық қамтыған, бір
жүйеге келтірілген, ғылым тілі ретінде қалыптасқан; қазақ
дипломатиялық терминдерінің даму долы қысқа, бірақ қарқынды әрі
жүйелі қалыптасу үстінде, дамуы мен қалыптасуы әртүрлі екі тілдің
терминологиясының даму барысын салыстыра зерттеу, әр типті
терминдердің әрқалай берілетіндігін айқындау, қазақ тіліндегі
дипломатиялық терминдердің даму тенденциясын болжауға мүмкіндік
береді;
• ағылшын тіліне енген кірме дипломатиялық терминдердің көбінесе
бастапқы күйі сақталмай, өзгеріске ұшыраған, ал қазақ тіліне енген
кірме дипломатиялық терминдер көбінесе бастапқы қалпын сақтаған,
алайда олар да фонетикалық жағынан бірте-бірте өзгеріске ұшырайды
деп болжам жасауға болады;
• ағылшын тілінде біріккен дипломатиялық терминдер қазақ тілінде
терминдік тіркес түрінде беріледі, даму барысында олардың біріккен
терминдер қатарына қосылуы мүмкін;
• қазақ және ағылшын тілінде дипломатиялық терминдер құрамын ана
тілінің лексикасы және кірме сөздер,халықаралық терминдер құрайды,
біріккен халықаралық терминдерді жасауда сөз біріктіретін
компоненттер толығымен халықаралық лексемадан тұрады;
• қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің
семантикалық және морфологиялық, аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы
әр тілдің өзіндік тілдік заңдылықтарына негізделеді.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында негізінен
❖ сипаттама;
❖ компоненттік талдау;
❖ Құрылымдық;
❖ семантикалық талдау;
❖ Жүйелеу;
❖ салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының дерек көздері. Негізгі зерттеу материалы ретінде 15000-
нан астам дипломатиялық термин мен терминдік тіркестер алынды, шамамен оның
6000-ға жуығы - қазақ дипломатиялық терминдері, 9000-ға жуығы - ағылшын
дипломатиялық терминдері. Зерттеу барысында осы сала терминдеріне қатысты
пайдаланылған лексикографиялық еңбектер (сөздіктер мен түсіндірме
сөздіктер):
❖ Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. І-Х томдар. -Алматы: Ғылым, 1974-
1986;
❖ Қазақ тілінің сөздігі. -Алматы, 1999. -774 б.;
❖ Громыко А.А. Дипломатический словарь в трех томах. -Москва, 1985-
1986;
❖ Шах-Назарова В.С. Англо-русский дипломатический словарь. -Москва:
Русский язык, 2001. -855 с;
❖ Мақашева К.Н. Дипломатиялық сөздік. -Алматы, 2000. -248 б.
❖ Борисенко И.И., Евтушенко Л.И. Английский язык в международных
документах. -Киев: Логос, 2001. —479 с;
❖ Ғеltham R.G. Diplomatic Handbook. – London and New Yorк: Longman,
2000. -178 р. пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысымыз осы зерттеуіміздің
мақсат, міндеттерін, нысанын, пәнін, гипотезаларын анықтайтын кіріспе
бөлімнен, жалпы терминология мен терминдердің мағыналық ұғымын ашатын,
дипломатиялық терминдердің тіл лексикасындағы алатын орнын айқындайтын,
ағылшын және қазақ тіліндегі дипломатиялық терминдердің жалпы сипаты,
түрлері, құрылымы, жасалу жолдары мен тәсілдерін көрсететін тараулардан,
сонымен қатар, екі тілдегі дипломатиялық терминдерді мектептерде ағылшын
тілін оқытуда бұл дипломатиялық терминдердің маңызы мен оларды оқытудің
әдістемелік тәсілдерін көрсететін тараудан тұратын негізгі бөлімнен және
зерттеу жұмысымызға қорытынды сараптама беретін қорытынды бөлімнен тұрады.

1. Терминология ұғымы
1.1 Терминология ұғымы туралы
Терминология кең мағынасында адамның кәсіптік қызмет саласындағы
қолданылатын арнаулы лексиканы қамтитын, тілдің сөздік құрамының
бөлігі.[3, 18 б.] Терминтанушы ғалымдар терминологияны біркелкі түсіне
бермейді. Олардың көзқарасындағы негізгі айырмашылық терминологиядағы
жүйелілік пен оны қалыптастырудағы адамның саналы әрекетіне байланысты.
Соңғы жылдарға дейін терминологияға ұғымдар жүйесінің ерекшеліктеріне сай
лексикалық жүйелілік тән делініп келсе, кейінгі уақытта терминжүйе пайда
болып, кейбір терминтанушы ғалымдар нағыз жүйелілік осы терминжүйеге тән
деп түсіндіреді. Мәселен алғашқы пікірдегі ғалымдар үшін Терминология ─
арнаулы сала ұғымдарының жүйелілік ерекшелігін көрсете отырып, оның
коммуникативтік қажеттілігін өтеуге қызмет ететін атаулар жиынтығы. Ал
екінші пікірді ұстанатындар үшін Терминология ─ адам қызметі мен
білімнің белгілі бір арнаулы пайда болып, оның дамуы барысында стихиялы
түрде қалыптасатын сол сала үғымдарын белгілійтін табиғи тілдің
лексикалық бірліктерінің жиынтығы (Лейчик).[4, 176 б.]
Терминологияға жаңаша анықтаманың берілуі терминжүйе ұғымының пайда
болып, оның терминологиядан аражігі ажыратылуымен байланысты. Сонымен
кейінгі жылдары бірқатар ғалымдар терминологияны стихиялы түрде
қалыптасқан атулар жиынтығы деп түсіндіріп, ал терминжүйе ұғымына
мынадай анықтама береді:
Терминжүйе (терминологиялық жүйе) ─ құраушы элементтері белгілі бір
арнаулы мақсаттар тілінің лексикалық бірліктері (сөз және сөз тіркесі)
болып табылатын, ал құрылымы негізінен сол теорияның ұғымдар жүйесіне
барабар келетін, адам қызметі мен білімнің қандай да бір арнаулы саласы
теориясының таңбалық үлгісі (моделі).
Терминжүйеге берілген мына анықтамада да термионологиялық жүйе
түзуде ұғымдар жүйесінің басты орында тұратындығы атап көрсетілген:
Терминжүйе ─ әліпби бойынша емес, белгілі бір ғылымның ұғымдарын
классификациялау (сыныптастыру) бойынша реттелген терминдердің жиынтығы.
Терминология стихиялы түрде қалыптасты деген пікір әлі де тереңірек
зерттеуді қажет етеді. Бірақ бұдан терминологияға жүйелілік тән емес
деген қорытынды жасауға болмайды.
Екі түрлі пікірдегі ғалымдарға да ортақ нәрсе, олар ─
терминологияны терминдер жиынтығы деп санайды. Яғни, мұны ғалымдар
тоқтамға келген терминология ұғымының негізгі белгілерінің бірі деуге
болады.
Терминология терминінің өзі көпмағыналы термин. Ғалымдар оның бес
түрлі мағынаны білдіретінін көрсетеді:
1. термин-сөздердің жиынтығы немесе жалпы көптеген саны белгісіз
терминдер;
2. қандай да бір сала терминдерінің (ұғымдары мен тауларының)
жиынтығы (медицина терминологиясы, география терминологиясы);
3. терминдердің жасалуы, құрамы мен қызметі туралы ілім;
4. белгілі бір тілде қолданылатын белгілі бір білім саласы
терминдердің жасалуы, құрамы мен қызметі және олардың басқа
тілдердегі баламалары (эквиваленттері) туралы ілім;
5. жалпы терминологиялық ілім.[5, 14 б.]
Терминологиялық лексиканың әдеби тілге қатысы туралы мәселеге деген
ғалымдардың көзқарасы да бірдей болмай келгендігі белгілі. А.Суперанская
және басқа ғалымдар ондай пікірлерді үш топқа жіктейді:
1. Терминология ─ әдеби тіл лексикасының құрамына кіретін бір
бөлігі.
2. Терминология ─ әдеби тілмен аз ғана ортақтастығы бар ұлттық
тілдің дербес лексикалық бөлігін құрайды.
3. Терминология ─ ешқандай да тіл емес, ол жасанды таңбалардың
жүйесі болып табылады.[6, 91 б.]
Бұл үш түрлі пікірдің алғашқы екеуінің қайсысы дұрыс деген мәселе
туралы ойлануға, пікір таластыруға болар, ал үшіншісінің негізі берік деп
айта алмасақ керек. Термндердің негізгі басым бөлігі белгілі бір ұлт тілі
негізінде жасалған сөздер (символ-сөз терминдерді қоспағанда) екендігін
ескерсек, бүкіл терминологияны жасанды таңбалар жиынтығы деп оны тілден
мүлде бөліп қараудың реті бар деп айту қиын. Ал алдыңғы екі көзқарасты
жақтаушылардың да алға тартатын өзіндік деректері мен дәлелдері бар.
Салалық терминология. Ғылым мен техниканың, өндіріс пен өнердің сан
түрлі салалары болатындығы белгілі. Адам қызметінің алуан түрлі сондай
арнаулы салаларындағы деректі және дерексіз ұғымдардың атаулары мыңдап
саналады. Сондай белгілі бір арнаулы сала атаулардың жиынтығын ─ салалық
терминология деп атайды. Мұндай терминдер жиынтығын география
терминологиясы, дипломатия терминологиясы, физика терминологиясы,
математика терминологиясы, музыка терминологиясы деп өз саласының атымен
қосып нақтылап та атай береді.[7, 61 б.]
1.2 Терминологияның және терминдердің негізгі сипаттары
Терминологияны жасалу кезеңі мен оны құрайтын терминдердің құрамына,
жасалу тәсілдеріне, тілдерге қатысына қарай сипаттайды. Терминологиялардың
өзіндік сипаттарын анықтау өте қажет. Соған байланысты терминтануда сол
сипаттарды білдіретін терминдер орныққан. Төменде олардың негізгілеріне
тоқталамыз.
Терминологияның тарихи сипаты ─ оның жасын, жасалу тәсілдерін,
байырғылығын, жасалу үлгілерін, тұйықтығын, тұрақтылығын көрсету арқылы
анықталады.
Терминологияның жасы ─ белгілі бір саланың бөлініп шығу кезіне сәйкес
мағынаны арнайыландыру арқылы жасалған терминдердің пайда болуының орташа
уақытымен өлшенетін мерзім.
Терминологияның жасалу тәсілдері ─ терминжасамның түрлі тәсілдерімен
(лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік) жасалған терминдердің
ара-салмағын анықтау. Бұл белгілі бір саланың терминжасам үрдісін, дәстүрін
анықтап, сол саланың терминологиясын одан әрі жетілдіру үшін қажет жұмыс.
Терминологияның байырғылығы ─ белгілі бір терминологияның құрамындағы
байырғы терминдер мен өзге тілден енген терминдердің ара-салмағын анықтау
арқылы айқындалатын сипаты.
Терминологияның бұл сипатын анықтау ─ сол сала терминологиясының
қалыптасуына өзге ұлттар тілдерінің әсерін және ғылыми-техникалық қарым-
қатынастың бағытын анықтау үшін қажет.
Терминологияның құрылу үлгілері ─ бұл терминологияның тиісті білім
саласының құрылу, қалыптасу үлгісіне сәйкес келетін сипаты.
Ғылымтануда білімнің жаңа салалары үш негізгі үлгі бойынша
қалыптасатындығы анықталған. Олар:
1. белгілі бір арнаулы саланы бөлшектеу және одан жаңа саланың
тармақталып бөлініп шығуы (хирургия ─ абдоминальді хирургия,
торакальді хирургия немесе гигиена ─ коммунальдық гигиена т.б.)
2. екі ғылым саласының тоғысуы (биохимия, биофизика, математикалық
логика т.б.)
3. кешенді ғылымдар мен бірнеше ңылымдардың өзара байланысы
негізінде қалыптасатын ғылымдар (ғылымтану, экология, информатика
т.б.)
Терминологияның тұйықтығы ─ бір тілдегі терминологиялардың бір-бірінен
терминалмасуын, сол саланың өз терминдері мен өзге саланың терминдерінің
ара-салмағын анықтау арқылы көрініс беретін сипаты.
Бұл осы арнаулы салаға іргелес немесе басқа салалардың терминдерінің
қаншалықты дәрежеде енгендігін және терминологияның туыстығын анықтау үшін
маңызды.
Терминологияның туыстығы ─ бұл терминологияның туыстығы бір арнаулы
сала лексикасынан бөлініп шыққан (генетикалық) және әртүрлі арнаулы сала
лексикаларының шығу тегінің бірдей немесе ұқсас болуы (типологиялық)
сипаты.
Терминологияның тұрақтылығы ─ терминологияның белгілі бір уақыт
аралығында негізіг бөлігі мен құрылымын сақтап тұруы.
Жоғарыда терминологияның тарихи сипатын білдіретін ұғымдар аталып
көрсетілді.ал терминологияның формалды сипатын көрсететін ұғымдар
Терминологияның мөлшері ─ терминологияның құрамына кіретін терминдер
санымен айқындалатын сипаты.
Құрамына 100 терминге дейін кіретін болса оны ─ микротерминология, 100-
ден 1000-ға дейін термин болса ─ мезотерминология, 1000-нан астам термин
болса ─ макротерминология, ал 10000 терминнен асса ─ мегатерминология деп
атайды.
Терминологиядағы терминдердің орташа ұзындығы ─ нақты бір
терминологиядағы терминдерді құрайтын сөздердің орташа санымен (лексикалық
өлшем) немесе терминдерді құрайтын таңба санымен (таңбалық өлшем) өлшенетін
сипаты.
Терминологияның құрылымдық құрамы ─ терминдердің түрі мен құрылымдық
типтерінің арақатынасы арқылы көрінетін сипаты.
Терминологияның уәжділігі ─ әр түрлі типтегі уәжі белгілі терминдердің
жалпы пропорциясы мен арақатынасын анықтау арқылы көрінетін сипаты.
Сондай-ақ белгілейтін саласының сипатына қарай терминологиялар ─
ғылыми терминология, жалпы ғылыми терминология, пәндік терминология,
техникалық терминология, жалпы техникалық терминология, салалық
терминология немесе тарпәндік, тарсалалық, тармамандық терминология деп те
жіктеледі.

Терминологияның бөлшегі – термин. Терминнің тілдік сипатына тоқталатын
болсақ, терминді әдетте біз ең алдымен, адам қызметінің белгілі бір арнаулы
саланың шеңберінде, негізінен кәсіби мамандар тілінде, арнаулы әдебиеттерде
қолданылатын сөз деп ұғамыз. Ал терминтанушы мамандар арасында терминнің
тілдік табиғатын танытатын әр түрлі белгілері атап көрсетіледі. Термин
жөнінде сөз қозғалғанда "Барлық термин — сөз. Бірақ сөздің бәрі термин
емес" деген тұжырым жиі қайталанып жатады.[8, 6 б.] Бұл тұжырымды тілдегі
сөз деп танылатын тілдік бірліктерге қатысты дұрыс айтылған деуге болады.
Алайда терминнің тілдік бірлік болып табылмайтын кұрамына сандар,
графикалық таңбалар кіретін символ-сөз түрлері де болатындықтан, мұндай
тұжырымды терминнің барлық типтеріне қатысты жалпы сипат ретінде қабылдауға
келе бермейді. Сонымен қатар, терминнің тек қана сөз емес, терминологияда
сөз тіркесі түріндегі терминдердің мол екенін және кейбір тілші-терминолог
ғалымдар атап көрсетіп жүргеніндей, сөйлем терминдердің де болатынын
ескерсек, "Барлық термин — сөз. Бірақ сөздің бәрі термин емес" деген
пайымдаудың термин табиғатын жан-жақты ашып тұр дей алмасақ керек. Сондай
терминнің тілдік табиғатын түсіндіру кезінде өте жиі қайталанатын
тұжырымдардың бірі Н.З.Котелованың "Терминдер — сөздер, тілдік ешнәрсе
оларға жат емес" ("Термины — это слова, и ничто языковое им не чуждо")
деген сөзі. Ғалымның сөзін түпнұсқа тілдегі қалпына байланып жоғарыдағыдай
сөзбе-сөз, дәлме-дәл көшірмей, автордың айтпақ ойы мен сөйлем мағынасын
сақтай отырып, өз түсінігімізге лайықтап, тілімізге жатықтау етіп сәл
басқашалау аударсақ, "Термин деген - сөз, тілдегі сөзге тән қасиеттердің
ешқайсысы да оған жат емес" деген болар едік. Термин-сөздің лингвистикалық
табиғатын тану тұрғысынан келгенде ғалымның пікірі орынды айтылған. Оны
соңғы жылдары терминтану саласында жүргізілген көптеген лингвистикалық
зерттеулер нәтижелері растап отыр. [9, 47 б.]
Жалпы термин жөнінде нақгы мыналарды айтуға болады:
1. Терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркестері болады.
2. Терминдер – негізінен тілдік бірліктер (символ-сөз, сан, географиялық
таңба түріндегі терминдер де бар. Бірақ терминологиядағы олардың үлес
салмағы термин-сөздерге қарағанда әлдеқайда төмен).
3. Термин — белгілі бір терминологияның мүшесі.[10, 144 б.]
4. Термин деген — ұғым аты.
5. Терминнің міндетті түрде дефинициясы болады.
6. Терминдердің негізгі басым бөлігі жалпы есімдер, сөз табына қатысы
жағынан зат есімдер болады.
7. Терминдер атауыштық қызмет атқарып, негізінен ғылым тілінде, белгілі бір
арнаулы сала шеңберінде қолданылады.
Бұл аталғандарды терминтану саласындағы ғылыми еңбектердің көпшілігінде
аталып көрсетілетін, мамандар мойындаған терминнің басты белгілері деуге
болады. Терминтану саласындағы зерттеу еңбектерінде, лингвистикалық ғылыми
әдебиеттерде терминнің өзге де қасиеттері, өзіндік қырлары мен
ерекшеліктері аталып жатады.
Термин кұрамы жағынан түбір сөз де, туынды сөз
де, күрделі сөз де, терминологиялық тіркес те болуы
мүмкін. Осы терминдерге әртүрлі теориялық көзқарастар тұрғысынан берілген
анықтамаларды қарастыра кетейік:
Лингвистикалық анықтама:
Термин — ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғым атауы болып
табылатын арнайы қолданыстағы дефинициясы (анықтамасы) бар сөз немесе сөз
тіркесі.
Терминтанушылық анықтама:
Термин — терминологиялық жүйенің элементі.
Арнаулы мақсаттар тілі теориясы тұрғысынан берілген анықтама:
Термин — адам қызметі мен білімнің арнаулы салаларының жалпы, нақты
немесе абстракті ұғымдарын белгілейтін белгілі бір арнаулы мақсаттар
тілінің лексикалық бірлігі.
Термин ұғым атауы болса, терминнің дефинициясы деген — сол ұғым атауына
берілген дәл ғылыми анықтама. Термин сөздің мағынасы оның дефинициясы
арқылы анықталады.
Енді терминдерге қойылатын жалпы талаптарға тоқтала кететін болсақ:
"Термин қандай болуы керек?" деген сұрақ қойылғанда оның мағынасы ұғым
мазмұнын дәл қамтуы тиіс, қысқа да нұсқа болуы керек, бір мағыналы болуы
керек, жарыспалылықтан, синонимдерден ада болуы керек деген көп керектерден
тұратын талаптар қойылып жатады. Жалпы терминнің қандай болуы керектігі
жөнінде айтылып, жазылып жататын талаптар аз емес. Дегенмен солардың
ішінен басты-басты саналатындарын атап көрсетсек:

• терминнің бірмағыналылығы;

• терминнің мағынасының дәлдігі;

• терминнің қысқалығы мен ықшамдылығы;

• терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес келуі;

• терминнің туынды сөз жасауға қолайлы келуі;

• терминде эмоционалдық пен экспрессиялықтың болмауы;

• терминнің эстетикалық талаптарға сай келуі.[қосымша A]

Бұл тарауда біз жалпы терминология ұғымы туралы түсініктеме және оның
сипаттары мен ұғымдарына анықтама беріп өттік. Сонымен қатар,
терминологияға және терминдерге қойылатын түрлі талаптарды әртүрлі
теориялық көзқарастар тұрғысынан қарастырдық. Терминологияға және оның
бөлшегі – терминге әртүрлі анықтамалар бере отырып, олардың ерекшеліктерін
жан-жақты ашатын сипаттама бердік.

2. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің
лингвистикалық сипаты

2.1 Салалық терминдер ─ лексиканың ерекше қабаты
Кез-келген ұлтық тіл біліміндегі терминологияның тарихын, терминдердің
жасалу, даму жолын сол ұлттың тіл білімі тарихымен, тілдік заңдылықтарымен
қатар, халықтың тарихымен, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерімен
тығыз байланысты қарастырылуы тиіс. Ә. Қайдаров қазақ тіл білімінің салалық
терминдері мен атауларын жаңадан жасауда, өзгертуде, ауыстыруда, ең
алдымен, қазақ тілінің төл және бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық
байлығын сарқа пайдалану қажет деген тұжырым жасаса [11, 131 б.], Ө.
Айтбайұлының пікірінше, терминология, ең алдымен, тілдің арнайы
лексикасының даму заңдылықтарын тексеретін ғылым саласы, сонымен бірге ол
ғылым мен техниканың жеке салалар терминдерінің жиынтығы [12, 16 б.]. Бұл
пікірлер ұлт тілінің дамуында терминология саласының (оның ішінде, әрине,
дипломатия саласына қатысты термиңдердің тілдік табиғатын ашып керсетудің)
маңыздылығын айқындаумен қатар, зерттеу жұмысымыздың негізгі ұстанымдарының
(принциптерінің) бірі ретінде алынып отыр.
А.А. Реформатский термин мен ұғымның өзара байланысы жөніндегі әр түрлі
пікірлерді саралай келе, оларды екі бағытқа бөледі:
1) терминді белгілі бір затпен байланысты және
2) терминді ұғыммен байланысты қарау.
Ғалым термин мен терминологияға берілген кейбір анықтамалардың
кемшілігін атап көрсетті. Оның пікірінше, терминнің ұғыммен байланыстылығы
жөніндегі ғалымдар пікірі басымырақ. Ол термиңді терминологиялық жүйенің,
жалпы тіл білімі жүйесінің элементі есебінде қарастырады [13, 46-54 бб.].
Тіл білімінің біраз саласында көрнекті еңбектер жазған ғалымның бұл пікірі
қай тілдің де терминология саласын жапыхалықтық тілдік жүйеден бөліп
қарастыруға болмайтындығының дәлелі болып табылады.
Термин ұғымға тәуелді болғандықтан, терминге дара мағыналық, стильдік
бейтараптық, экстралингвистикалық факторлармен тығыз байланысты болу, нақты
дефиницияның болуы, полисемантикалық құбылыстардың, эмоционалды бояу,
экспрессивті қызметтің, субъективті-бағалау факторлары мен мәнерліліктің
болмауы тән. Дәлдік, қысқалық, жүйелілік, дара мағыналық -терминнің басты
қасиеті.
Термин жасауда ағылшын және қазақ тілдерінде бұрыннан бар жалпыхалықтық
лексиканың орны айрықша. Жалпыхалықтық тілдегі сөздерге терминдік мағына
жүктеу арқылы термин қатарына өткізу тіл білімінде терминдену деп аталады.
Ш. Құрманбайұлы терминдену процесін былайша түсіндіреді: "Ұғымның
терминделуі мен сөздің терминденуі нәтижесінде термин туындайды. Терминделу
негізінде термин-ұғым, терминдену негізінде термин-сөз пайда болады да,
екеуінің бірлігінен термин жасалады. Терминделуші ұғым алғашқы
болғандықтан, терминденуші сөз оған бағынышты болады." [14, 41 б.].
О.С.Ахманованың пайымдауынша ағылшын терминологиясында термин дегеніміз
эмоционалды бейтарап сөз немесе сөз тіркесі, терминдер бір ұғымның нақты
анықтамасы немесе бір зат атауы екен.[15, 438 б.] Осыған қарай отырып,
ағылшын терминологиясында да терминдену процесі қазақ тіліндегі терминдену
процесіне ұқсас келеді деп тұжырымдама жасауға әбден болады.
Біз термин мен жалпыхалықтық сөзді семантикалық жағынан салыстыра келе,
олардың басты айырмашылықтарын төмендегі кесте түрінде жүйеледік:

Жалпыхалықтық сөз Термин
• көп мағыналы; • дара, нақ мағыналы;
• қолданыс ауқымы кең; • қолданыс ауқымы тар;
• мағынасы контекске тәуелді; • контекске тәуелсіз;
• полисемантикалық құбылыстар, • полисемантикалық,
эмоционалды бояу, экспрессивті эмоционалды бояу, экспрессивті
стилистикалық қызмет, стилистикалык қызмет,
субъективті-бағалау факторлары, субъективті-бағалау факторлары,
көркемдік, мәнерлілік тән; көркемдік, мәнерлілік жат;
• күрделі категория, стильдік • стильдік бейтараптық, жүйелілік,
бейтараптық жат; қысқалык, "жасандылық" тән.
• қолданыста әр алуан тұлғалық • қолданыста тұлғалық езгеріске
езгеріске ұшырап, түрленіп ұшырап, түрленбейді.
отырады.

Ағылшын терминологиясының құрылу және жасалу тарихының ұзақ әрі жүйелі
түрде қалыптасқандығын ескерсек, ағылшын дипломатиялық терминдері толықтай
дерлік ресми түрде бекітілген және толық термин қатарына өткен.

Қазақ дипломатиялық терминдерінің ресми түрде бекітілуі мен толық
термин қатарына өтпегеңдіктерін ескере отырып, қолданыс жиілігіне, жаңадан
терминдік қатарға өту процестеріне қарай төмендегідей топтастырдық:

1) термин қатарына өткен: азаматтың (сitizenship), бейтараптық
(пеиtrality), босқын (а refugее) т.б.;

2) термин қатарына ауысу сатысында: заң құзіреті (юрисдикция) - ағыл.
jurisdiktіоп, мәмілегер (дипломат) — ағыл. diplomat, тараптар (жақтар) -
ағыл. раrties т.б.
Терминдердің мазмұн межесі (план содержания) тұрғысынан иерархиялық
сатысы құралады: терминдер белгілі бір пәнге, қоғамдық құбылыстарға және
ғылым саласына қатысты болып, ұғымдар жүйесін қалыптастырады, соның
нәтижесінде топ немесе қатар құрап, өріс түзеді; ал терминдердің тұрпат
межесі (план выражения) тұрғысынан құрылатын иерархиялық сатысы мазмұн
межесі тұрғысынан құрылатын сатыға негізделеді: тілде жаңадан пайда болған
(қабылданған халықаралық термин болсын, басқа тілдерден тілдің заңдылығына
бағынып енген немесе калька тәсілі арқылы аударылған термин болсын) термин-
сөз белгілі бір терминологиялық лексика-семантикалық топты құрайды да,
содан терминологиялық жүйе қалыптасады, бұл терминологиялық жүйе
терминологиялық өрістің түзілуіне негіз болады.
2.2 Дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуы
Дипломатиялық терминдер ғылыми ұғыммен экстралингвистикалық
жағдайлардың арақатынасын анықтап, семантикалық топ кұрайтын тілдік
бірліктер жүйесін құрайды. Қазақ тілінің дипломатиялық терминдер жүйесі
түпкілікті қалыптасып орнықты деуге әлі ерте болса да, бүгінгі күні бұл
процесс қарқынды даму үстінде. [16, 8 б.]Ал ағылшын тілінің дипломатиялық
терминдер жүйесінің қалыптасуы біршама тұрақтанған құбылыс. Алайда бұл
дипломатиялық терминдердің жасалуы тоқталды деген сөз емес. Өйткені халық
барда, ұлт барда, қоғам барда таным үрдісі де орын алады, яғни терминдену
процесінің ешқашан тоқтауы мүмкін де емес.[17, 83 б.]
Дипломатиялық терминологияға қоғамдағы әлеуметтік жағдай тікелей әсер
етеді, сондықтан ол әлеуметтік сипатқа ие болады. Осыған орай, ағылшын және
қазақ дипломатиялық терминдерін үш топқа бөлуге болады:
а) әлеуметтік-саяси көзқарастағы терминдер: Сопservative Раrtу -
консервативті партия (Ұлыбритания), Democratiс Раrtу - демократиялық партия
(АҚШ) т.б.;
ә) қоғамдық-саяси терминдер: мемлекет - statе, тәуелсіздік - indepепсу,
үкімет - government т.б.;
б) әр түрлі қоғамдық-саяси және діни жүйелерді сипаттайтын терминдер:
джихад, радикализм - radicalisт, сепаратизм - separatisт, экстремизм -
ехreme views т.б.
Біз ағылшын және қазақ тіліндегі дипломатиялық терминдерін ортақ қызмет
статусына қарай төмендегіше топтастырдық:
1) әлеуметтік-саяси көзқарас тұрғысынан бейтарап терминдер: Аmbassador
Extraordinarу and Plenipotentiary - Төтенше және Өкілетті елші; Сопvention
on the Preveleges and Imminuties of the UN - БҰҰ-ның артықшылықтары мен
иммунитеттері жайындағы келісім т.б.;
2) нақты бір қоғамдық-саяси жүйенің қоғамдық-саяси реалиясын сипаттайтын
реалиялық терминдер: сross-bencher - парламенттіц тәуелсіз мүшесі
(Ұлыбритания); һиng parliament - партиялардың қауым палатасынан көп орынға
ие бола алмай қалуы т.б.;
3) әртүрлі қоғамдық-саяси жүйеде альтернативті түсінік беретін
терминдер: А-dау - атом бомбасын алғашқы рет сынайтын күн т.б.
Терминдер арасындағы байланыс олардың бір саладан екінші бір салаға
өтуіне алып келеді, яғни салааралық байланыс орнайды. Мысалы, дипломатия
саласына математика, физика салаларынан ауысқан термин: ағыл. ratio - қаз.
коэффициент, (сандық) ара қатыс (со)отношение). Коэффициент 1. мат. Алгебра
формуласындағы цифрмен көрсетілетін көрсеткіш. 2. Физикалық дененің белгілі
бір қасиетін анықтайтын шама (үйкеліс коэффициенті) [18, 5 т., 82 б.].
Дипломатаялық терминдер лексикалық қордың басқа стильдік топтарының
құрамындағы атаулар тәрізді жаңа сөздермен толығып немесе термиңдік мәнінен
ажырап, қолданыстан шығып қалып отырады. Терминдер құрамында
неологизмдердің пайда болуы немесе сөздердің архаизмденуі бұл салаға да жат
құбылыс емес. Мысалы, қазақ тілінде би, болыс, жандарал, жасауыл, жүзбасы,
нөкер, ояз, старшын, сұлтан, төре т.б. ескірген сөздер. Дипломатия
саласында архаизмге жататын сөздер тілде ертеректе жиі қолданылғанымен,
қазіргі кезде олардың басқа сөздермен алмастырылған кездері де кездеседі.
Мысалы, дуан - қазір дуайен (дипломатиялық корпуста қызмет атқарады), жаушы
- қазір елші, жат елдік немесе шет жер адамы - қазір шетелдік т.б.
Дипломатия саласының басым бөлігін неологизмдер құрайды. Мысалы,
"Жасампаздық дипломатиясы", заңнама, лаңкестік, өркениет, саяси жоне
экономикалық ахуал, Шанхай бестігі т.б.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің құрылымдық
типтерін, жасалу жолдары мен тәсілдерін ескере отырып, дипломатия саласының
терминдерін үш топқа бөлуге болады:
1. Жалпы дипломатиялық терминдер;
2. Дипломатиялық терминдер;
3. Дипломатиялық құжат тілінің терминдері.
Жалпы дипломатиялық терминдер саясат, халықаралық құқық және экономика
терминдерінен тұрады, олар жалпы ұғымдағы арнайы мағынаны береді. Осы
топтағы терминдердің дипломатиялық ұғымды бере отырып, дипломатиялық
қызметтің әртүрлі саласында бір терминдік жүйеден екінші бір жүйеге өту
мүмкіншілігі мол.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдерді қолданыс
аясына қарай темендегідей топтарға бөлдік:
а) дипломатиялық тұлға және қызмет аттары: атташе - attache, сенімді
өкіл - сһаrge d’affaires т.б.;
ә) мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынас саласына қатысты
термиңдер: арбитраж (халықаралық дауды халықаралық деңгейде қарау) -
аrbitrage, репатриация (соғыс тұтқындарының, босқындардың, тұтқынға алынған
адамдардың өз елдеріне қайтарылуы) - repatriatіоп;
б) мемлекеттік құрылысты сипаттайтын терминдер: конфедерация (екі
немесе бірнеше егемен мемлекеттердің тұрақты одағы) - сопfederatіоп, аншлюс
(нем. апsghluss -қосылу) - Апschluss;
в) бір тарапты дипломатиялық құжаттар мен мәлімдемелер: декларация -
declaration, вербалды нота - verbal note, меморандум - тетоrandит;
г) екі немесе көп тарапты дипломатиялық құжаттар мен мәлімдемелер:
декларация - declaratіоп, келісім-шарт - treatу, коммюнике -Соттиnique т.б.
Бұл тарауға қорытынды сөз келтіретін болсақ, бұл тарауда біз ағылшын
және қазақ дипломатиялық терминдерін олардың ортақ ерекшеліктерін назарға
ала отырып, екі тілдегі дипломатиялық терминдерді әлеуметтік сипатына,
қызмет статусына, құрылымдық типтеріне, жасалу жолдары мен тәсілдеріне,
қолданыс аясына қарай топтарға бөліп қарастырдық.
2.3 Дипломатиялық терминдердің өзіндік сипатты белгілері
Қай тілдің де сөздік қорындағы дипломатиялық терминдердің даму жолы
өзінше қалыптасады, яғни лексика-грамматикалық ерекшелігі болады.
Дипломатиялық терминдердің негізгі лексика-грамматикалық ерекшеліктері
былай жинақталды: дипломатиялық терминдердің жалпыхалықтық лексикадан
алатын орны, осы негізде мағыналарының кеңеюі немесе тарылуы; басқа салалық
терминдермен байланысы (ұқсастығы мен ерекшелігі); омонимдік, синонимдік,
антонимдік қасиеттері т.б.
Дипломатиялық терминдердің мына салаларда белсенділігі басымырақ:
1. Саясаттану:
• дипломатия: дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттер - diplomatic
prevelege and imminuties, консулдық агент - сопsular agent, ерекше
тапсырма жүктелген елші - атbassador-at largе;
• сыртқы және ішкі саясат: "мейірімді көрші" саясаты - "good neighbour"
роlісу, саяси бостандық - роlitical liberties, саяси шантаж -
роlitical blackmail;
• халықаралық саяси қозғалыстар: радикалды қозғалыс - radical movement,
соғысқа қарсы қозғалыс - аntі-war тоvетепt, халықаралық жұмысшы
табының қозғалысы - international working-class;
• парламент қызметі: бірде-бір партияның қауым палатасынан (палата
общин) көбірек орынға ие болмауы - hung parliament, парламентке
сайлау - раrliamentarу еlectіоп, парламенттің тәуелсіз мүшесі - сross-
bencher;
• партия "тынысы": демократиялық партия - democratic Party
(Ұлыбритания), консервативті партия - Сопservativе Раrtу (АҚШ),
оппозициялық партия - орроsitiоп раrtу;
• әскери іс-шаралар: әскери кеңесші - тіlitary adviser, "Әскери Крест
" ордені - War Cross (Ұлыбритания), соғыс тұтқыны - war prisoner.
2. Құқық:
• азаматтық қылмыстық құқық: қылмысты іс - сrітіпаl саsе, қылмыстық істер -
law proceedings, қылмыскерді беру туралы шарт - treaty of extradition;
• мемлекеттік құқық (право): азаматтықты алу жөніндегі заң - Іаws
concerning acquisition of nationality, мемлекеттердің өзара тәуелділігі
-іndependence of states;
• халықаралық құқық: халықаралық құқық принциптері - principle of
international war, халықаралық құқықтың көпшілікке танымал нормалары
-сиstomory rules of international war;
• қаржы құқығы: мемлекеттік акция - government bonds, салық төлеуден
босату - remission of tах, экономикалық және қаржы мәселелері жөніндегі
шарттар - treates on economic and financial matters.
3. Экономика:
• өнеркәсіп экономикасы: отандық өндіріс - һоте industrу, өнеркәсіп
дағдарысы - іпdustrial crisis, өнеркәсіпті дамыту - industrial
development;
• ауыл шаруашылық экономикасы: ауыл шаруашылық саясаты - agriculturаІ
роlісу, экстенсивті егін шаруашылығы - ехtensive agriculturе;
• сыртқы және ішкі сауда экономикасы: отандық нарық - domestic market,
нарықтың тұрақтылығы - таrket stabilitу, халықаралық сауда нарығы -
іпternational commodity markets;
• финанс экономикасы: іпсоте tах - табыс салығы, source of incomes -
кіріс көзі т.б.
Дипломатиялық терминологияда өзіндік сипатқа ие сөздер болады. Олардың
қатарына халықаралық тәжірибеде кең қолданылатын мемлекеттің Сыртқы Істер
Министрліктері мен астана, ғимарат және көше аттарының метонимиялық
қолданыстары кіреді. Мысалы: "Ақ Орда " сарайы - "Қазақстан үкіметі"
мағынасында (Қазақстан президентінің резиденциясы); "Ақ Үй" - Whitе Ноиse -
"АҚШ үкіметі" мағынасында (Америка президентінің резиденциясы); "Елисей
сарайы" - Еlуsее - "Франция үкіметі" мағынасында (Франция президентінің
резиденциясы); "Кеиринал" - Quirinal - "Италия үкіметі" мағынасында (Италия
президентінің резиденциясы) және т.б.
Келесі топқа саяси доктриналар кіреді, кей жағдайда сөз ауыспалы, жаңа
мағынада колданылады. Мысалы: "доллар дипломатиясы" - dollar diplотасу (АҚШ-
тың экспансионистік саясаты), "мейірімді көрші" саясаты - “good neighbour”
polісу (Латын Америка елдеріне қатысты АҚШ саясаты) т.б. Олар
фразеологиялық тіркестерге жатпайды, мағыналық және грамматикалық талдау
жасауға келмейтін сөздер.
Жалпыхалықтық қолданыстағы сөздердің біразы халықаралық келісімшарт
мәтіндерінде лексикалық мағынасынан алшақтап, терминдік мәнде жұмсалады.
Бұл - дипломатиялық құжатқа маңыздылық пен салтанатты түр берудің бір жолы,
оларға мысалы, маңызды қонақ, жұмыс сапарымен (зайыбымен) келу, аттанып
кету т.б. сөз тіркестері жатады. Дипломатиялық құжаттарда мәнділік пен
көркемдік тәсілі ретінде ауыспалы мағынадағы сөздер де қолданылады.
Қорытындылай келе, бұл тарауда ағылшын және қазақ тіліндегі
дипломатиялық терминдерді белсенділігі басымырақ салалар тарапынан,
дипломатиялық терминологияда өзіндік сипатқа ие сөздерді және жалпыхалықтық
қолданыстағы сөздердің терминденуін қысқаша қарастырып өттік.
2.4 Казақ және ағылшын тілдеріндегі қысқарған және біріккен
дипломатиялық терминдер
Сөз қысқартудың басты принципі - тілдің үнемділік сипаты болып
табылады. Алайда тілдегі үнемдеу заңдылығы - ойды, пікірді толық жеткізу
принципіне қарама-қарсы құбылыс болып табылатындығын да есте ұстаған жөн.
Ағылшын тілінде қысқарту “abbreviation” –“аббревиатура” деп аталады.
Аббревиатура – дара және күрделі терминдердің қысқарған формасы, ол
әріптер,буындар немесе тұтас бір сөздің түп терминнен бөлініп алынып, бір
сөзге бірігуі арқылы жасалады.

Е.Г. Волошиннің топтауынша, ағылшын терминологиялық сөздіктердегі
аббревиатура саны он мыңға жетеді [19, 8 б.]. Ағылшын дипломатия саласында
қысқарту тәсілінің ішінде әріп қысқарту амалы әлдеқайда басымырақ.
Ағылшын тілінде қысқарған сөзді терминдер бастапқы сөз тіркесінің
құрылымдық ерекшеліктеріне және аббревиацияның типті тәсіліне қарай бірнеше
топқа бөлінеді:
1) толық таңбалы сөздерден тұратын сөз тіркесі компоненттерінің алғашқы
әріптерінен жасалған терминдер: ЕС Еиrореап Соттипitу (Еуропалық
қауымдастық); WРҒ World Реасе Ғоипdаtіоп (Бүкіл дүние жүзілік Бейбітшілік
Қоры) т.б.;
2) көмекші сөздерден, яғни предлогтардан, жалғаулықтардан (союз) және
"tһе" артиклінен тұратын терминдер: W1, (-) W2 (-) Wз (СRС Соттunity on
the Rights of the Child (БҰҰ Балалар құқығы жөніндегі комитеті) т.б.); W1,
W 2W3 (-) W4 (-) W5 (UNCTAD United Nations Conference on Trade and
Development (ЮНКТАД-БҰҰ сауда және дамыту жөніндегі конференциясы) т.б.); (-
) (-) W1, W2W3 W4(-) W5 (UNHCR Office of the United Nations High
Commissioner for Refugees (Босқындар жөніндегі БҰҰ Жоғарғы Комиссарының
Басқармасы) т.б.);
3) күрделі құрамды сөз тіркестерінен жасалған терминдер: SС
Subcommittee (UN) (БҰҰ шағын комиссиясыкомитеті); CNGO Соттittee on Non-
Governmental Organizations (Үкіметтік емес ұйымдардың комитеті) т.б.);
4) алдыңғы үш тәсілдің кеңейген түрі арқылы жасалған терминдер. Бұл
түрдің бірнеше тәсілі болады:
• аббревиатураның сөз тіркесі негізінде еш
қосымшасыз таза кеңейген түрі: СОSPAR Соттittee on Space Research
(Kоспар - Космостық кеңістікті зерттеу комитеті), ЕСОSОС Есопотіс
апd Social Council (ЭКОСОС- Экономикалық және әлеуметтік кеңес);
• 2. қосымшаларды қосу арқылы кеңею: SSOD Special Session on
Disarmament (GA) (БҰҰ Бас Ассамблеясының қарусыздану жөніндегі
арнайы сессиясы);
• 3. толық таңбалы сөздер мен көмекші сөздерді қосып алып кеңею:
SARАН (Search and rescue and homing) т.б.
Жалпы ағылшын тілінде аббревиатура қысқару түріне қарай лексикалық және
графикалық болып бөлінеді. Графикалық аббревиатура – жазбаша тілде
сөздердің немесе сөз тіркестерінің орнына қолданылатын таңбалары болып
саналады. Ал ауызша тілде оларға сәйкес келетін толық сөздер және сөз
тіркестері айтылады. Мысалы, “Co.” – company (компания), “Dr” – doctor
(доктор, ғалым), “Mr” – mister (мистер, мырза), “Mrs” – missis (миссис,
ханым (күйеуге шыққан әйелге айтылады)).[қосымша Ә]
Ағылшын тілінде XX ғасырда жеке тұтас сөз ретінде орфоэпия ережесі
бойынша айтылатын аббревиатураның жаңа түрі - акроним пайда болды.
Акронимдер инициализмдер деп те аталады. Акронимнің фонетикалық құрылымы
бір морфемді сөздің фонетикалық құрылысымен дәл келеді. Мысалы, NАТО (North
Atlantic Treaty Organization) -(НАТО - Солтүстік Атлантика келісім ұйымы);
UNІСЕҒ (UN International Children’s Fund) - (ЮНИСЕФ – БҰҰ-ның балалар
қоры)т.6.
Күрделі терминдердің акронимдері және аббревиатуралары көбіне термин
компоненттерінің әріптері және буындарының бір сөзге бірігуі арқылы
жасалады.

Ағылшын тілінде акроним, дыбыстық және әріптік аббревиатуралар бір
морфемді сөздерге жатады, олардың бойында сөздің барлық белгілері болады.
Жалпы осы акронимдерге нақты анықтамалар бере кетсек:
Инициализмдер - бұл күрделі термин компоненттерінің алғашқы әріптерінен
біріккен аббревиатурасы және әр әріп жеке-жеке, яғни алфабиттегідей
айтылады.[20, 169 б.]

Сөздің бастапқы әріптерінен немесе бастапқы негіздерінен құралатын
қысқартулар, яғни аббревиатуралар инициализмдер немесе акронимдер деп
аталады.[21, 26 б.]

Уақыт өте келе күрделі терминдердің қысқарып отыратындары да бар.
Дәлірек айтсақ, күрделі терминнің акронимі жылдар өте дара терминге
айналады. Мысалы, “RADAR” акронимі "Radio Detecting and Ranging" ( “радио
локациялық құрылғы”) күрделі терминінің қысқарған түрі, кейіннен бұл
акроним "radar" (радар) дара терминіне айналды. [Қосымша Б]

Қазақ тілінде біріккен сөздерден жасалған дипломатиялық терминдерге
келісім-шарт, келіссөз, құқықтану т.б. жатады.
Халықаралық біріккен терминдерді жасауда сөз біріктіретін компоненттер
толығымен халықаралық лексемадан не морфемадан тұруы немесе аралас болуы
мүмкін. Мысалы, дипкорпус, геосаяси, геоэкономикалық, микрожоба,
инфрақұрылымды, трансшекаралық, геосаясаттық ықпал т.б.
Ағылшын тілінде біріккен түбірлі дипломатиялық терминдер көбіне екі
түбірдің бірігуі арқылы жасалынады, ал үш немесе одан да көп түбірлердің
бірігуінен жасалған дипломатиялық терминдер өте сирек кездеседі. Мысалы:
two-party-plus (systет) (екі партиялық жүйе); work-to-rиІе (италъяндық
ереуілдің бір түрі) т.б.
Ағылшын дипломатиялық біріккен түбірлі терминдерінің мағынасы көбіне
оның құрамындағы компоненттер мағынасынан тарамайды, олардың мағыналары
идеомалық болып келеді. Мысалы: "ахіs-of-evil" терминінің мағынасы
"жауыздың білігі" емес, "шабуыл жасалынатын мемлекеттер"; "backbencher"
терминінің мағынасы "артқы орындық" емес, "парламенттің қатардагы мүшесі"
(Ұлыбритания); "see-saw" терминінің мағынасы "көру-көрдім " емес, яғни
компоненттер бір-бірін анықтамайды, түбірлер бірігіп, "see-saw policy"
терминдік тіркесінде "тұрақсыз саясат" мағынасын білдіреді. Алайда ағылшын
тіліндегі біріккен дипломатиялық терминдер қатарында мағынасы түбірлер
мағынасынан тарайтын күрделі терминдер де кездеседі. Мысалы: "аіdе-тетоіrе"
(есте сақтайтын жазу); "draftsтап" (кұжатты құрастырушы), "vice-consular"
(вице-консулдық) т.б.
Бұл тарауды қорытындыласақ, біз бұл тарауда қысқарған және біріккен
дипломатиялық терминдерді қарастырдық. Нәтижесінде ағылшын тіліндегі
қысқарған дипломатиялық терминдерге басым сипаттама берілді, себебі ағылшын
тілінің терминологиясында қысқару әдісімен жасалатын терминдердің үлесі көп
болып келеді. Сонымен қатар бұл аббревиатуралардың жасалу жолына қарай да
түрлері көп болып келеді. Осыған орай бұл жағдай ағылшын және қазақ
тіліндегі терминдердің, оның ішінде дипломатиялық терминдердің айырмашылығы
болып саналады. Тарауда біріккен түбірлі дипломатиялық терминдер де
сарапталды, нәтижесінде қазақ тіліндегі терминдердің жасалуында сөз
біріктіретін компоненттер халықаралық лексемалар немесе морфема болып
келетінін, ал ағылшын тілінде терминдердің бұл түрі екі түбірден, кейде екі-
үш түбірден де жасалатынын және біріккен түбірлі терминдердің мағынасы
көбіне оның құрамындағы компонент мағынасынан тарамайтынын, олардың
мағыналары идиомалық болып келетінін анықтадық.
2.5 Дипломатия саласындағы халықаралық терминдер
Қазіргі уақытта қай тілдің болсын дипломатия саласының даму жолдары
мен қалыптасуында кірме сөздер дипломатиялық терминдер қатарын толықтыра
түсуде.
Тілдердің функционалдық қызметі бірдей ұғымдардың қалыптасуына,
семантикалық кеңістіктің нығаюына, терминологиялық лексиканың
интернациялануына негіз болады. Біз зерттеу нысаны етіп алған қазақ
дипломатиялық терминологиясының 70 пайызын, ағылшын дипломатиялық
терминологиясының 60 пайызын интернационалдық терминдер құрайды.[қосымша B]

Қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген көптеген интернационалдық дипломатиялық
терминдердің шыққан тегі - грек, латын және француз тілі. Мысалы: лат.
сonsul - ағыл. сonsul — қаз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дипломатиялық терминдер
Дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуы және дипломатия тілі
Дипломатиялық стиль
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Ғылым тілі
Қазақ тіліндегі құжат мәтінінің тілдік ерекшеліктерін зерттеу мәселесі
Терминологияның жеке дара бөлімдері мен олардың басқа салалармен байланысы
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында атқарылатын жұмыстар жайында
Кеңселік іс қағаздары тілінің даму, қалыптасу үдерісі
Заң терминдері. Олардың лексика - грамматикалық табиғаты
Пәндер