Салыстыру - универсалды әдіс


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы : Қазақ және орыс тілдеріндегі ауру-сау ұғымдарын білдіру амалдары.

Жұмыстың құрылымы : Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Жұмыстың көлемі : ** бет.

Жұмыста пайдаланылған әдебиеттер саны - **.

Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер : контрастивті лингвистика, концепт, лексика, семантика, антоним, синоним, лексика-семантикалық өріс.

Зерттеу әдісітері : салғастырмалы, контрастивті, компоненттік талдау.

Зерттеу материалы ретінде лексикографиялық еңбектерден жинақталған ауру-сау ұғымдарына қатысты 167 қазақ тіліндегі, 130 орыс тіліндегі, барлығы 297 лексикалық бірлік алынды. Лексикалық бірлік ретінде омонимдер, синонимдер, антонимдер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, табу мен эвфемизмдер алынды.

МАЗМҰНЫ

:
Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
4: 4
: 1
Кіріспе . . .: Салғастыру - универсалды лингвистикалық әдіс
4:
: 1. 1
Кіріспе . . .: Тілдегі лексикалық ұғым түсінігі және лингвистикалық әдістер
4:
: 1. 2
Кіріспе . . .: Концепт ұғымының анықтамасы.
4:
: 2
Кіріспе . . .: Ауру-сау ұғымдарының екі тілдегі концептік көрінісі
4:
: 2. 1
Кіріспе . . .: Лексикалық бірліктер - екі тілдегі семантикалық мағынаның көрінуі
4:
: 2. 2
Кіріспе . . .: Ауру-сау ұғымдарының синоним, омоним, антоним арқылы берілуі
4:
: 2. 3
Кіріспе . . .: Ауру-сау ұғымдарының ұлт танымымен байланыста көрінісі(тұрақты тіркес, мақал-мәтел, табу, эвфемизмдер материалы негізінде)
4:
:
Кіріспе . . .:

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер

4:

КІРІСПЕ

Тілдерді салғастырмалы типологиялық тұрғыда зерттеу әр түрлі қырынан (семантикалық, прагматикалық, психолингвистикалық, т. б. ) жүргізіліп, ауқымы кеңеюде. Генетикалық және типологиялық жағынан сәйкес келмейтін тілдер фактілерін түрлі қырынан салғастыру белгілі бір тілде жеке алып зерттегенде байқала бемейтін тілдік құбылыстардың ерекшеліктерін жете түсінуге, тілдер арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды айыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар салғастырмалы талдау нәтижелері әр тілде сөйлейтін ұлттардың дүниетанымымен, наным-сенімімен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен, психологиялық танысуға да септігін тигізеді. Адам факторымен тілдің осылайша ажырамас бірлікте алынып қарастырылуы-лингвистикалық ғылымының соңғы жылдардағы жетістігінің бірден-бір көрінісі.

Тілдерді салғастырмалы зерттеу тұтас тілдік жүйені немесе тілдің белгілі бір саласын ғана қамтуы мүмкін. Тілдің кез келген деңгейіндегі кез келген бірліктері, олардың құрылымдық-семантикалық, функционалдық, этномәдени, әлеуметтік лингвистикалық және өзге де ерекшеліктері контрасивті талдаудың нысаны бола алады /1, 34/. Соның бір нақты көрінісі қазақ және орыс тілдерінің ауру сау ұғымдарының берілу амалдары. Әлбетте, осы ұғымдардың құрамын, оның құрылымын, элементтері арасындағы семантикалық байланыс түрлерін анықтау қандай да бір тілдің лексикалық ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

Жұмыстың өзектілігі. Біріншіден тілдің лексика-семантикалық жүйесін жан жақты қарастырудың жалпы бағытымен, лексикалық микрожүйелерді зерттеуді қазіргі таңдағы өзекті мәселелермен ұштасып жатуынан көрінеді. Сонымен қатар салғастырмалы тіл білімінде арнайы зерттеу нысаны болмаған қазақ және орыс тілдеріндегі ауру-сау ұғымдарының лексика-семантикалық өрістері және екі тілде көрінісі қарастырылады. Жұмыстың мақсаты : қазақ және орыс тілдеріндегі ауру-сау ұғымдарының лексика-семантикалық өрісін тауып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып анықтау.

Міндеттер :

  • Әр түрлі тілдердің лексика-семантикалық зерттеулердің жетістіктеріне сүйене отырып, зерттеуде басшылыққа алынатын теориялық ұстанымдарды негіздеу.
  • Қазақ және орыс тілдеріндегіауру-сауұғымдарының білдіру амалдарын анықтау, қазақ және орыс тілдеріндегіауру-сауұғымдарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
  • ауру-сауұғымдарының когнитивтік лингвистика ғылымындағы орнын анықтау;
  • ауру-сауұғымдарының қазақ тіліндегі мағыналық ерешеліктерін топтастыру және оның орыс тіліндегі мағынасымен салыстыру;
  • ауру-сауұғымдарының концептілік өрісін, парадигмалық және синтагмалық байланысын ашу. Осыған байланысты бітіру жұмысымда ;
  • Ауру-сауұғымдарының тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер құрамында келуін, табу мен эвфемизм түрінде келуін анықтау.

Зерттеу нысаны ретінде қазақ және орыс тілдеріндегі ауру-сау ұғымдарын білдіретін лексикалық амалдар алынды.

Зерттеу пәні - қазақ және орыс тілдеріндегі ауру-сау ұғымдарының берілу амалдары.

Зерттеу әдістері. Бітіру жұмысымның салғастырмалы, контрастивті, компоненттік талдау әдістері пайдаланады.

Зерттеу материалы ретінде лексикографиялық еңбектерден жинақталған ауру-сау ұғымдарына қатысты 167 қазақ тіліндегі, 130 орыс тіліндегі, барлығы 297 лексикалық бірлік алынды. Лексикалық бірлік ретінде омонимдер, синонимдер, антонимдер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, табу мен эвфемизмдер алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері.

Жұмыста қазақ және орыс тілдеріндегі ауру-сау ұғымдарының құрылымы, онда орнайтын синонимиялық, антонимиялық, омонимиялық, фразеологиялық, т. б. амалдар түрлері алғаш рет салғастырмалы тұрғыда қарастырылып, екі тілдің лексика жүйесіндегі ерекшеліктерге байланысты олардың өрісте түзелу сипатындағы ұқсастықтарымен айырмашылықтары анықталады.

Нәтижелер.

  • Екі тілдеауру-сауұғымдарының омоним, синоним, антоним ретінде көрініс табуы, оның ішінде омонимдердің аясы тар болып келеді. Орыс тілінде синонимдердің көрінуі тек қана басқа сөзбен берілмей, префикстер арқылы да көрінеді.
  • Ауру-сауұғымдарын білдіретін тұрақты тіркестер мен мақал - мәтелдер көптеп кездеседі. Сонымен қатар екі тілде бірдей көріністер бар.
  • Екі тілдегі лексикалық амалдардың тірек сөзіне байланысты мақал-мәтелдер іштей лексика-семантикалық топтарға бөлінеді.
  • Табу мен эвфемизмдерге келетін болсақ, олар тек қазақ тілінде кездеседі. Орыс тілінде көрініс аз. Бұл ұлт танымымен, менталитетпен байланысты.

Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 ТАРАУ. Салыстыру-универсалды әдіс.

1. 1. Тілдегі лексикалық үғым түсінігі және лингвистикалық әдістер

Адам баласы шындық болмыстағы заттар дүниесі мен түрлі құбылыстарды танығанда олардың ортақ белгілері мен ерекшеліктерін назарға алып санасында белгілі бір тәртіппен ретпен бейнедлейді. Сондықтан тілдегі сөздермағналаларының жуықтығы не қарама-қарсылығы сияқты қасиеттеріне байланысты белгі бір топтарға топтасып, лексикалық жүйелік сипатын айқындайды. Қазіргі таңда тіл білімінде сөзік құрамды тоқтай сипаттауда негізге алынатын нәтижелі тәсіл өрістік тәсіл болып саналады. Себебі бұл ұғым лексикалық семантиканың басты мәселелерін шешуге лексиканың жүйелілігін басшылыққа алатын қағидаға негізделген.

Лексика-семантикалық өрісті анықтау екі жолмен - ұғым арқылы (ономасиологиялық) тұрғыда және сөз арқылы (семасиологиялық) тұрғыда жүзеге асады (29, 5. ) . Мысалымызда бірінші кезекте ауру-сау атауларының лексика-семантикалық өрісі құрамына енетін бірліктердің бір ұғымға байланыстылығы негізге алынып, олар әр түрлі сөздіктерден жинақталды, екінші кезекте сол сөздердің арасындағы лексика-семантикалық байланыстар айқындалып, өріс құрамы нақтылана түсті.

Өріс теориясының одан әрі дами түсуі өріс құрамындағы элементтер арасындағы лексика-семантикалық қатынастарды айқындаумен тығыз байланысты. Себебі «мұнда лексикологияның, синонимияның, антонимия, гомесемия және сөз бен ұғымның арақатынасы секілді негізгі мәселелер ұштасып жатады. Лексикадағы семантикалық өріспен байланыстыміндеттерді шешу санамаланған мәселелерді жаңаша түсіндіруге мүмкіндік береді» (29, 6. ) М. Оразов айтқандай парадигмалық қатынастар лексика-семантикалық топ мүшелерінің арасында болады және олар бір лексика-семантикалық топтың құрамында кезесіп, өзара байланысып та жатады. (35, 15. ) . Сондақтан лексика-семантикалық өз ішінде синонимия, антонимия, меронимия, гипер-гипонимя т. б. жекеленген категорияларды біріктіретін және тілдің жүйелілігін айқын бейнелей алатын жоғарғы деңгейдегі лексиканың категориясы деп есептеліп, тілде шындық болмысты бейнелеп, бір бүтін құрылымды түзететін, бірліктері әр түрлі лексика-семантикалық қатынастармен байланысып жататын ортақ семантикалық компонент негізінде біріккен сөздер тобы ретінде анықталады. лексика-семантикалық байланыс түрлері лексика-семантикалық өріс тұтасьығын қамтамасыз ететін және оның құрылымын айқындайтын негігі белгі болып табылады.

Тілдің көне қабатынан орын алатын сөздердің осындай топтарын салғастырмалы тұрғыда «лексика-семантикалық талдау олардың семантикалық құрылымындағы, қолданылуындағы ұқсастықтармен айырмашылықтарды айқындауға сәйкес келетін синонимдік қатарларды қарастыруға, әр тілдің лексика жүйелерінің өзіндік ерекшеліктерін терең түсінуге және ортақ заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді» (29, 8. ) .

Жұмыста қарастырылатын талдау түрлеріне тоқталайық, контрастивті семантикалық - бұл талдау екі және одан да көп тілдердің әмбебап ұқсастықтарымен ерекшеліктерін анықтаудың әмбебап лингвистикалық әдіс болып табылады. Осы талдау негізінде алынатын ұқсастықтармен ерекшеліктер арқасында контрасивті лексикологиядағы эквивалентті сәйкестіктермен белгілі - бір сәйкессіздіктер туралы арнайы жүйе құрылады.

Э. Д. Сүлейменованың көрсетуі бойынша контрасивті талдау нысаны ретінде салғастырылатын тілдердің кез келген құбылыстары және сонымен қатар пайда болу, таралу дәрежесі мен басқа тілдерге әсер етуіне тәуелсіз кез келген тілдер (1, 23)

Сонымен қатар тақырыптық топтарға контрасивті-семантикалық салғастыру жасау үшін компоненттік талдау да пайдаланады, оның көмегімен біз мағына тереңдігін ашамыз.

Тілдерді салғастырмалы типологиялық тұрғыда зерттеу әр түрлі қырынан жүргізіліп, ауқымы кеңіюде. Генетикалық және типологиялы жағынан сәйкес келмейтін тілдер фактілерін түрлі қырынан салғастыру белгілі бір тіді жеке алып байкала бермейтін тілдік қбылыстардың ерекшеліктерін жете түсінуге, тілдер арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды айыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар салғастырмалы талдау нәтижелері әр тілде сөйлейтін ұлттардың дүние-танымымен, наным-сенімімен, әдет-ғұрпымен мәдениетімен, психологиялық ерекшелігімен жақынырақ танысуға да септігін тигізеді. Адам факторымен тілдің осылайша ажырамас бірлікте қарастырылуы-лингвистика ғылымының соңғы жылдардағы жетістігінің бірден-бір көрінісі.

Тілдерді салғастырмалы зерттеу тұтас тілдік жүйені немесе тілдің белгшілі бір саласы ғана қамтуы мүмкін. «Тілдің кез келген деңгейіндегі кез келген бірліктер олардың құрылымдық-семантикалық, функционалдық этномәдени, әлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық және өзге де ерекшеліктері контрасивті талдаудың нысаны бола алады »

Салыстырмалы тіл білімі, тілдерді сипаттаудың жүйелі түрін жүзеге асыра отырып, олардың арнайы ерекшебелгілерін айқындайды, сондықтан салғастыру барлық элементтер және толығымен тіл жүйесі бойынша жүргізіледі.

Салғастыру бір тип шеңберіндегі тілдік құбылыстарды сипаттай отырып, сонымен қатар басқа да бір типке жататынтілдік құбылыстарды анықтайды. Контрастивті лингвистикалық салыстыру универсалды лингвистикалық тәсіл ретінде негізгі алынған әр түрлі әдістер пайдаланады.

Салыстыру тілді тану процесіне ене отырып, тілдік бірліктерді үйрену мүмкіндік береді.

Контрастивті талдау өз ішіне жалпы және жеке әдістерді, эмпирикалық салыстырудың нақты әдіс-тәсілдерін жинақтайды.

Нақты бір мақсатта қолданып, тілдің салыстырмалы үйрену қызметіне бағынбайтынбірде-бір лингвистикалық әдіс ретінде негізделіп, салыстырылатын тілдің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтауға бағытталған.

Тілдерді салыстыруда әт түрлі тілдік сәйкестікткр, тілден тілге аударыла аулу қабілеті, жеке белгілері ескеріледі. Ол тіл тасушылардың «ментальды» табиғатына қатысты болады.

Қазіргі тіл білімінің актуалды мәселелерінің бірі тілдік бірліктер қызметінің жүйесін зерттеу болып табылады. Ол үшін грамматикалық категорияларды олардың семантикалық қызметінен бөлмей қарастыру керек. Зерттеу екі бағытта жүргізіледі - грамматикалық категориядан қызметтерге және керісінше. Аталған функционалды грамматика функционалды - семантикалық өрістерді сипаттауға негізделген. Функционалды-семантикалық өріс теориясын орыс тілінің материалы негізінде А. В. Бондарко зерттеп жатыр. Ол мынадай анықтама береді: «Функционалды-семантикалық өріс - берілген тілдің грамматикалық құралдарымен қалыптастыратын екі жақты біртұтастылық».

Функционалды-семантикалық өріс білдірудің әр деңгейлі құралдарын біріктіру үшін универсалды-ұғымдық негіз пайдаланады, ол белгілі бір ұғымдық категориялармен байланысты. «Ұғымдық категориялар, бір жағынан нақты шындықтың қатынасы мен қасиеттерінің көрінісі бола отырып, екінші жағынан - тілге сүйенеді. Мұнда бір тіл және әр түрлі тілдер аясындағы мүмкін болатын құралдар жиынтығы туралы айтылады».

Функционалды-семантикалық өріс теориясы салғастырмалы грамматикаларды құрау үшін негіз бола алады, ол А. В. Бондарко еңбектерінде көрсетілді. « . . . Функционалды-семантикалық өріс бөлек тілдердің ұқсастықтар мен айырмашылықтарын, жалпы заңдылықтарын анықтауға көмектесетін салыстыру үшін негіз бола алады. Функционалды-семантикалық өріс салғастыру мазмұн мен көрініс аясындағы инварианттылықтардын тууына әкеледі». Функционалды-семантикалық өріс негізінде салғастыру барлық салғастырылатын тілдердің грамматикалық құрылымын тереңірек түсіну үшін және жалпы тілдік себептерді жасауға көмектеседі. Осы орайда бір-бірінен генетикалық және типологиялық жағынан алыс қазақ және орыс тілдерінің Функционалды-семантикалық өріс салғастыруға болады.

Жоғарыда айтқанымыздай Функционалды-семантикалық өріс туралы ілім негізінен орыс тілінің негізінде ғана жүргізілген, қазақ тілі бұл жағынан зерттелмеген.

Функционалды-семантикалық өріс негізінде орыс және қазақ тілдерін салғастырудан бұрын, бірлі-жарым анықтаулар енгізу керек. Зерттеуіміздің объектілері әр жүйелі тілдер болғандықтан «грамматикалық категория» терминін нақтылау керек, өйткені екі тілде ол әртүрлі сипатта болады. В. Г. Гузев пен Д. М. Насиловтың мақалаларында көрсетілгендей түркі тілдерінің көптеген грамматикалық категорияларында міндеттілік, бір сөз табымен байланыс жоқ, сондықтан орыс және қазақ тілдерін салғастыру үшін бізге грамматикалық категория терминін анықтау керек: грамматикалық категория - белгілі бір грамматикалық мағыналарды білдіретін бір-бірімен байланысты грамматикалық қалыптар қатары.

В. С. Храковскийдің айтуынша әр жүйелі тілдерді салғастыруда ұшырасатын қиындық - іс-әрекет әдістерінің морфологиялық болып келуі. Ғалым әдіс ретінде «етістіктің түпкі лексикалық мағынасына қосылып, онымен бірге жаңа мағына құрайтың белгілі бір типтік мағынаны» алады.

Функционалды грамматиканың негізі - тілдік құралдарды жабдықтандыру емес, олардың сөйлеу кезінде, контексте көрінуі, қызметінің талдануы. Ол үшін әр тілдік белгіні бөлек қарастыру керек. Біздің жағдайымызда, қазақ тілінің тілдік, құралдары зерттелмеген кезде, ал орыс тілінің тілдік құралдары толық қарастырылмағандықтан, біз категориялды жағдайларды анықтай алмаймыз.

Функционалды-семантикалық өріс құрылымы оның компоненттеріне семалық талдау жасауымен байланысты анық көрінеді. Грамматикалық мағына ішкі ұйымдасу мен құрылыммен ерекшеленетін лексикалық семема сияқты семалар жиынтығы ретінде қаралады. Сонымен қатар, жалпы және жеке семалар, анық көрінетін және жасырын семалар ерекшеленеді.

Семалық талдау тілдік мағынаның нақты ұйымын көрсетеді. Ю. К. Лекомцевтің көрсетуінше «тілдің білімі санаға байланысты». Мысалы: мағынаның тек қана саналы түрде көрінетін компоненттері кездеседі. Сөйлеуші сөйлеген кезде тілдік бірлікті басқаша емес былай қолдануының мүмкіндігін ажырата алмайды. Әлем түсінігінде және оның тілде көрінуіндегі салыстырудың маңызы туралы В. М. Огольцев былай деген: «Салыстыру объективті шындықты түсінудің ең басты әдісі, сонымен қатар басқа логикалық әдістер ішінде салыстырудың орны ерекше, өйткені ол алғашқы және басты элемент болып табылады. Талдау, синтез, жалпылау - осының бәрі салыстырусыз мүмкін емес. Сонымен қатар салыстыру семантика, грамматикалық мағына негізінде жасалған». Салыстыруды зерттеу бірнеше бағытпен жүрген: алдымен сын есімдердің шырайлары, сапалық сын есімдер талданады; әртүрлі тілдік деңгейлерде қалыптастырудың көрінуі. Сонымен қатар тілдік салыстыру кешенді қаралады: тілдік құралдардың семантикалық жағы, құрылымдық ерекшеліктері талданады.

Тіл білімінде «салыстыру» терминін қолдануда белгілі бір тұрақты және ұзақ сақталған дәстүр бар, бұл дәстүр салыстырмалы-тарихи тіл білімімен байланыста бола отырып, салыстырылатын тілдердің туыстығын орнатады. Осы орайдан алып қарасақ, салыстыру көлемі ұлғайып, бұл термин тек қана туыс тілдер арасында ғана емес, сонымен қатар туыс емес тілдерді де салыстыру үшін пайдаланады. «Салыстыру» терминінің аясының кеңеюімен байланысты «салыстырмалы типология» ұғымы пайда болды. Салыстырмалы-тарихи зерттеу-өзара туыстас, төркіндес тілдер семьясын жеке-жеке зерттегені болмаса, әр семьяға жататын тілдерді бір-біріне салыстыра жинақтап қарау, сөйтіп дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ типтік сипаттарды ашу дәрменсіз. Ал жалпы тіл білімі тек тілдер туыстастығын айқындауды ғана көздемейді, ол дүние жүзіндегі тілдердің жалпы адамдық сипаттарын, типтік белгілерін ашып, тіл атаулынын барлығын да қамти алатын типологиялық классификация жасауды да қажет етеді. Осы мақсатты іске асыру үшін салыстырмалы-тарихи зерттеумен замандас салыстырудың екінші түрі, типологиялық салыстыру дүниеге келді. Лингвистикада зерттеудің бұл түрі салғастырмалы әдіс, типологиялық әдіс, типологиялық лингвистика деп аталады.

Типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, зерттеудің бір әдісі ретінде қалыптасуы ХІХ ғасырдың бас кезі болған, онын алғашқы әліппелері-көп тілді салыстырмалы сөздіктер, рационалды грамматика.

Екеуінде де тіл фактілерін салыстыру болғанымен, типологиялық зерттеу-салыстырмалы-тарихи зерттеуден өзгеше. Бұлардың объектісінде де, көздейтін түпкі мақсатында да өзгешелік кездеседі. Типологиялық зерттеуде туыстас тілдер ғана емес, бір-бірімен ешқандай туыстық жақындығы жоқ тілдер фактілері де салыстырылады.

Екіншіден, салыстырмалы-тарихи әдістегідей тілдік жүйедегі жеке элементтер емес жүйе құрылымы салыстырылады.

Үшіншіден, мұнда тілдік тұлғалардың материалдық туыстастығын ашу көзделмейді, салыстырылып отырған тілдердің ортақ белгілерін, типтік сипаттарын айқындау, сөйтіп тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу көзделеді. Типологиялық зерттеудің алға қоятын мақсаты-барлық тілдерге немесе тілдердің көпшілігіне ортақ универсалды, типтік белгілерді ашу. Бұл зерттеудің типологиялық деп аталуы да осыдан.

Ғылымда типологиялық зерттеуді сипаттама зерттеудің жалғасы, соның енінші басқаша деу бар. Бұл орынды да, өйткені типологиялық салыстыру үшін, алдымен, дүние жүзіндегі тілдердің әрқайсысының құрылымдық сипаттары жеке-жеке зерттелген болуы керек. Типология сол айқындалған құрылымдық сипаттарды өзара салыстыра қарау арқылы тілдерде болатын ортақ қасиеттерді, типологиялық белгілерді айқындайды.

Типологиялық зерттеу мәні, функциясы жағынан тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ, жалпылық сипаты бар объектілерді салыстырады. Мұндай объекті тілдің фонология саласында да, семантикалық, грамматикалық салаларында да болады. Типология тілдердің осы аталған жүйелеріндегі жалпылық мәні бар объектілерді бір-біріне салғастыра қарау арқылы олар арасындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктерді ашады. Мысалы, фонология саласында дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың болып бөлінуі, т. с. с. тілдердің барлығына немесе басым көпшілігіне тән типтік белгілер. Типологиялық зерттеуде осылар сияқты универсалды тұлғалар салыстырылады.

Типологиялық әдістің тіл білімінде қолданыла бастағанына біраз уақыт болғанымен, ол туралы әр елдің көрнекті лингвистерінің көпшілігі пікір айтқандарымен бұл мәселе күні бүгінге дейін бір ізді шешімін тапқан жоқ.

Салыстырмалы тіл білімі, тілдерді сипаттаудың жүйелі түрін жүзеге асыра отырып, олардың арнайы, ерекше белгілерін айқындайды, сондықтан салғастыру барлық элементтер және толығымен тіл жүйесі бойынша жүргізіледі.

Салғастыру бір тип шеңберіндегі тілдік құбылыстарды сипаттай отырып, сонымен қатар басқа бір типке жататын тілдік құбылыстарды анықтайды.

Контрастивті лингвистикада салыстыру универсалды лингвистикалық тәсіл ретінде негізгі алынған әр түрлі әдістер пайдаланады. Лингвистикалық методдеп тіл білімінде қолданылатын зерттеу әдістерін айтады. Кейбір әдебиеттерде лингвистикалық әдістерді бір сөзбен филологиялық, немесе гуманитарлық әдіс деп атаушылық та бар. Әлем лингвистикасында болсын әдістің түрін айқындауда, оны жіктеуде бірізділік жоқ. Біраз әдебиеттерде әдістемеге жатқызуға тиісті тәсілдерді де әдіс құрамына енгізіп, әдіс санын мейлінше көбейтсе, екінші біреулерінде жеке әдіс ретінде қарауға тиісті әдістерді бір-біріне қосып, өзара топтап екеу-үшеү етіп қене көрсетеді. Мысалы, О. С. Ахманова құрастырған «Лингвистикалық терминдер сөздігінде» әдіс саны 15-16-ға жеткізілсе, 1973 жылы жарияланған «Общее языкознание» атты еңбектің үшінші томында салыстырмалы-тарихи, лингвогеографиялық, құрылымдық, типологиялық деп төрт түрге ғана бөледі. Сондай-ақ, Б. Н. Головин 1973 жылы шыққан «Введение в языкознание» деп аталатын оқу құралында әдісті сипаттама, салыстырмалы-тарихи, тарихи-салыстырмалы, құрылымдық, стилистикалық, сандық, автоматикалық талдау әдістері деп сегіз түрге бөлсе, В. И. Кодуховтың 1974 жылы басылған «Общее языкознание» атты оқулығында әдісті зерттеудің негізгі бағытына қарай топтауды жөн көріп оны сипаттама, салыстырмалы, нормативті-стилистикалық әдіс-аспект деп үш түрге бөледі де, құрылымдық әдістісипаттама әдіс құрамында, салыстырмалы-тарихи, тарихи, салыстырмалы деп аталатын әдістерді салыстырмалы әдістердің салалары ретінде қараған. Ал енді, О. С. Ахманова, Б. Н. Головин еңбектерінде әдіс ретінде қаралған басқа түрлерін В. И. Кодухов сипаттама әдіске тән тәсілдер деп санаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерфейс әдістері
Видеокарталар
Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
«Ойлау» фразеосемантикалық өрісіндегі тіларалық фразеологиялық баламалар типологиясы
Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы
Әлеуметтік жұмыс технологиясының түсінігі
Лингвистикалық ілім тарихы Ежелгі дәуір тіл білімі
Программалау жүйесінің программалық жабдықталуы
Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма
Сұрыптау әдістері жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz