Қазақстан құрылыс материалдар өнеркәсібі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Дипломдық жұмыстың мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.Қазақстан құрылыс индустриясының қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ..5

1.1Құрлыс индустриясының Кеңестік дәуірдегі даму
жағдайы ... ... ... ... ... ... 5

1.2Састөбе цемент зауытының қалыптасу
жағдай ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 18

1.3Састөбе цемент зауытының шикізат
базасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .26

2.Қазақстан құрлыс индустриясының даму жағдайы
және
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 33

2.1 Қазақстан құрлыс индустриясының қазіргі даму
жағдайы ... ... ... ... ... ... .33

2.2 Қазақстан экономикасындағы құрлыс индустриясының
кластерлік
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..45

2.3 Қазақстан құрлыс индустриясы және Састөбе цемент
зауытының даму
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 49

2.4 Састөбе цемент зауытының қоршаған ортаға экологиялық

әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..62

Қосымша

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы шарушылығының маңызды
саласының бірі құрлыс материалдар өнеркәсібі болып табылады, Ол
өнеркәсіптің конструкциялық өндіріс тобына жатып, шығарлатын өнімдері
өнеркәсіптің түрлі салаларында пайдаланылады. Әсіресе түрлі құрлыстар, оның
ішінде тұрғын-үй, ғимараттар, зауыт-фабрикалар т.б. өндіріс орындарын
салуда қажет.
Құрылыс материалдар өнеркәсібі 20-дан астам салалардан тұрып,
салмағының ауырлығы, шығаратын өнімдерінің көлемінің үлкендігімен
байланысты кәсіпорындары түтыну аудандарында салынады.
Құрылыс материалдар өнеркәсібінде цемент өндірісінің орны ерекше.
Қазақстанда 5 мемлекеттік цемент зауыттары болса, соның бірі Оңтүстік
Қазақстан облысы аумағындағы Састөбе цемент зауыты. Аталынған зауыт 1952
жылы іске қосылған, содан бері жұмыс істеп келеді. Аталынған кезеңде зауыт
түрлі ауырытпашлықтарды басынан кешірді, шикізат және қаражаттың тапшылығы,
зауыттың әркімге қарауы т.б.
2006 жылы Састөбе цемент зауытын Базэл цемент компаниясының сатып
алуынан кейін оган жан бітты, содан бері тоқтамай, тұрақты жұмыс істеп,
цемент өнімін беруде жылдың өнім өндіру көлемі қазір 360000 тонна болса,
ендігі міндет оны 600000 тонаға жеткізу болып отыр.
Жалпы Қазақстан цемент зауыттары жылына 5 млн тонна өнім шығарады, ал
еліміздің қажетті 8 млн. тонна. Тұтыну өнімнен басым болып отыр. Сондықтан
Қазақстан цемент шығарушы кәсіпорындарының алдында зор міндеттер тұр.
Біздің дипломдық жұмысымыз Қазақстанның құрлыс материалдары
өнеркәсіптің даму жағдайын Састөбе цемент зауыты мысалында көрсету болып
табылады. Еліміз шаруашылық салаларының құрлыс матиралдарымен қамтамасыз
етудегі міндеттерді ашып көрсету, біздің дипломдық жұмысымыздың
көкейкестілігі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан құрлыс материалдар өнеркәсібінің
қалыптасу, қазіргі даму жағдайын және оның болашағын Састөбе цемент
зауыты Іс-тәжірибе негізінде көрсету болып табылады.
Жұмыстың міндеті:
1 Қазақстан құрлыс матиралдар өнеркәсібінің еліміздің экономикасын дамытуда
алатын орнын көрсету.
2 Құрылыс матиралдар өнеркәсібі саласында шаруашылық салаларының қажетін
қамтамасыз етуде цемент өнеркәсібінде жүктелінген міндеттер баршылық, оны
шешуде Састөбе цемент зауытының өзіндік орнын ашып көрсету.
3 Еліміз құрылыс материалдары өнеркәсібі саласында соңғы жылдары орын ала
бастаған класстерлік жүйенің маңызың ашуға көңіл бөлу.
4 Саланы дамытуда шикізат, қаражат тапшылығы жағдайында Қазақстан құрылыс
материалдар өндірісінің қажеттігінің арту мәселесіне тоқталу.
5 Құрылыс материалдар өнеркәсібі кәсіпорындарының қоршаған ортаға зиянды
әрекетін бәсеңдету мәселелерің ашып, көрсету.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазақстанда құрылыс материалдар
өнеркәсібінің қалыптасу тарихы, оның қазіргі даму жағдайы және болашағы,
кәсіпорындарының қоршаған отаға тигізіп жатқан зиянды әрекеттері жайлы
материалдар интернет жүйесінде, оның өзінде негізінде орыс тілінде
жарияланады. Мемлекеттік тілде жарияланып мардымсыз,
Орыс тілінде К.Р. Нұрғалиевтың 2007 жылы Экономика Казахстан деген
оқу құралы жарық көрді. Ал қазақ тілінде М. Қожахметовтың Қазақстанның
экономикасының және әлеуметтік географиясы, 2011 жылы Е. А, Ахметовпен Г.
Е. Бердығұловалардың Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік
географиясы оқу құралдары басылып шықты. Аталынған оқу құралдарының
Қазақстан құрылыс материалдар өнеркәсібінің елеулі мен берілген.
Дипломдық жұмысымызда аталған интернет, географиялық әдебиеттер
негізінде талдау жасалынды.
Зерттеу нысаны: Дипломдық зерттеу жұмысымыздың зерттеу нысаны
Қазақстан құрылыс материалдар өнеркәсібі; Састөбе цемент зауыты болып
табылады.
Зерттеу пәні: Қазақстан құрылыс материалдар өнеркәсібі мен
Састөбе цемент зауыттарының қазіргі даму жайы және оның болашағы
мәселелері.
Қазақстан құрылыс материалдар өнеркәсібінің қалыптасу, қазіргі даму
жағдайын және оның болашағын Састөбе цемент зауыты Іс-тәжірибе негізінде
көрсету болып табылады.
1 Қазақстан құрылыс матиралдар өнеркәсібінің еліміздің экономикасын
дамытуда алатын орнын көрсету.
2 Құрылыс матиралдар өнеркәсібі саласында шаруашылық салаларының қажетін
қамтамасыз етуде цемент өнеркәсібінде жүктелінген міндеттер баршылық, оны
шешуде Састөбе цемент зауытының өзіндік орнын ашып көрсету.
3 Еліміз құрылыс материалдары өнеркәсібі саласында соңғы жылдары орын ала
бастаған класстерлік жүйенің маңызың ашуға көңіл бөлу.
4 Саланы дамытуда шикізат, қаражат тапшылығы жағдайында Қазақстан құрылыс
материалдар өндірісінің қажеттігінің арту мәселесіне тоқталу.
5 Құрылыс материалдар өнеркәсібі қәсіпорындарының қоршаған ортаға зиянды
әрекетін бәсеңдету мәселелерің ашып, көрсету.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі.
Қазақстан құрылыс материалдары өнеркәсібі және Састөбе цемент зауыты
туралы еліміз ғалымдары бұл салада жұмыс істейтін мамандардың еңбектері
және деректері болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазуда статистикалық, салыстыру, талдау т.б әдістер
қолданылды.

Жұмыстың практикалық маңызы біздің дипломдық жұмысымыздың мазмұнда берілген
деректерді студенттердің семинар, соөж сабақтарында пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қортынды, пайдаланылған әдебиеттер
тізімі, қосымшалар тұрады.

1. Қазақстан құрылыс индустриясының қалыптасу тарихы.

1.1Құрылыс индустриясының Кеңестік дәуірдегі даму жағдайы

Құрылыс өнеркәсібі халық шаруашылығының бір саласы ретінде Кеңес
өкіметі кезінде ғана қалыптасты.
Қазақстанда құрылыс индустриясы өте төмен деңгейде болды, ол енді ғана
темір жол өндірісі, өндіріс орындары мен әскери нысандар құрылысының
дамуына орай қолөнер өндірісі қойнауынан шықты. Құрылыс өнеркәсібінің
техникасы төмен болды. Барлық жұмыстар негізінен қолмен орындалады. Құрылыс
материалдары өндірісі болған жоқ.
Ревалюцияға дейінгі Қазақстанда тұрғын үй құрылысының көлемі де жоғары
болған жоқ. Мысалы, 1910-1936 жылдары аралығында қалаларда жыл сайын 61 мың
шаршы метрді құрайтын 2700 шағын үйлер құрылысы жасалған. Сол кездегі
Қазақстандағы құрылысшылардың жер сілкінісіне төзімді ғимараттарды салуға
қажетті материалдық-техникалық базасы да нашар болды.
Тек біраз жылдардан кейін өндірістік күштердің интенсивті дамуы мен
құрылыс өнеркәсібінің материалдық жағдайының өсуі барысында Алматыда жер
сілкінісі аймағында көптеген ғимараттар тұрғызылды.Олардың ішіндегі ең
ірілері Үкімет Үйі, Ғылым Академиясының ғимараты мен опера театры.
Сол кездегі Қазақстандағы шағын кәсіпорындардың көбі саман,шикі
кірпіштен немесе нашар күйдірілген кірпіштен салынған. Олардың жағдайы
нашар болатын. 1920 жылы 307 ұлттандырылған кәсіпорынның 250-і тоқтап
қалды.
Азамат соғысы жылдарында Қарсақпай мыс балқыту зауытының құрылысы
тоқтап қалғанда осы құрылыстың жұмысшылары мен қызметкерлері зауытты
бандылардың шапқыншылығына аман сақтап қалды. Содан кейін мүмкіндік бола
қалған кезде қысқа мерзім ішінде (1925-1928жж) Қазақстандағы тұңғыш ірі
құрылыс - Қарсақпай мыс балқыту зауытының құрылысын аяқтауды жүзеге асырды.
Зауытты сол кездегі алдыңғы қатарлы технологияны пайдаланып,кеңес
құрылысшылары салды. Зауыт КСРО-ның бүкіл мыс балқыту өндірісінің алдыңғы
қатарында болды. Мұнда елімізде түңғыш рет ұнтақты қатты жанармайды
пайдаланған айналы пештерде мыс балқытылды және бірінші флотационды фабрика
салынды. Қарсақпай құрылысындағы тәжірибелер мен оның техникалық
жаңалықтары кейіннен еліміздегі басқа да жаңа құрылыстарда кеңінен
пайдаланылды[12].
Құрылыстағы жұмысшылыр мен қызметкерлер саны өндіріске қарағанда 2,2 есе,ал
көлік саласына қарағанда 3,2 есе жоғары болды. Зерттеулер көрсеткендей 1918-
1924 жылдардағы Қазақстанның халық шаруашылығына салынған қаржы мөлшері аз
болды, барлығы – 1960 жыл бағасымен алғанда 35 млн.рубль болды. 1959 жылғы
мұндай қаржы республика бюджеті 8млн. рубльді, ал ценз өнеркәсібінің
негізгі құны 1925-1926 жылдары 32,7 млн. рубльді құрады.
Атап айтсақ, халық шаруашылығын индустрияландыру қуаты құрылыс
өндірісін құру басқа орталық аймақтарға қарағанда Қазақстанда жоғары болды.
Қазақстандағы қайта қалпына келтіру кезеңі Ресей Федерациясының
орталық аймақтарына қарағанда кеш аяқталды. Бұл тау-кен зауыттарын қалпына
келтірудегі тыңдаған үлкен қиыншылықтарға байланысты болды қаржы, жұмысшы
күші жетіспеді. КСРО-ның орталық және оңтүстік аудандарда өнеркәсіптің
қалпына келтірілуі аяқталғаннан кейін ғана республика тау-кен өнеркәсібін
қалпына келтіруге мүмкіндікке ие болды. Кеңес өкіметі Қазақстандағы
құрылыстың халық шаруашылық маңызын ескере, республиканың өнеркәсібін
қалпына келтіру мен дамыту үшін федерациялық бюджеттен – 16,9 млн. рубльді
құрайтын ірі қаржы көзі болды.
Ескі кәсіпорындарды қалпына келтірумен қатар Қазақстанда 20-жылдың
екінші жартысында жаңа өндіріс нысандарын салу мен реконструкциялау
жұмыстары қолға алынды.
Бірінші бесжылдыққа дейін Іле поселкесінде жылдық өнімділігі 60 мың куб
метр ағаш материалдарын шығаратын 30 мың рубль тұратын ағаш өңдеу зауыты;
Қосқұдық сексеуіл отын базасына дейінгі 65 шақырымдық, құны 2750 мың
рубльді құрайтын ағаш тасымалдау жолы салынды. Бұл Алматы Қазакстанның
оңтүстік аудандарын, Ташкент пен Фрунзе қалаларын отынмен қамтамасыз ететін
маңызды халықшаруашылық нысанына айналды. Құрылыс материалдарын шығаратын
кәсіпорындар салына бастады, құны 400 мың рубль құрайтын, өнімділігі жылына
млн. кірпіш шығаратын Семей және Орал кірпіш зауыттары, құны 700 мың
рубльді құрайтын, жылдық өнімділік қуаты 800 тонна құйма Петропавл механика
зауыты пайдалануға берілді.
1928 жылы КСРО ХКК Өнеркәсіптегі капиталдық құрылысты реттеу шаралары
туралы қаулысын қабылдайды, оның негізінде 1927-1928 жылдары Ульбастрой
тресті, Түркістан-Сібір темір жол құрылысының басқармасы Қазақстанның темір
жол желісі Казжелдостройжәне басқа да құрылыс ұйымдары ұйымдастырылады.
Құрылыс материалдары өндірісін құрудың алғашқы қадамдары жасалады.
1942 жылы Қарағанды облысының Жезқазған ауданында Жезді марганец
руднигінің құрылысы басталды. Бірінші күннен бастап қызу еңбек қарқыны
алынды, жұмыс тәулік бойы жүрді, жұмысқа жасөспірімдер мен балалар да
қабылданды[18].
Қазақ металлургия зауыты соғыс уақытындағы қиын жағдайларда салынды.
Білікті мамандардың,құрылыс материалдары мен жабдықтардың жетіспеушілігімен
байланысты қиындықтарды бастан өткеріп, нашар тұрған үй-тұрмыстық жағдайда
құрылысшылар алға қойылған міндеттерді орындап шығып Қазақ металлургиялық
зауыты алғашқы болат өңдірді. Бұл құрылысшылардың зор еңбек жеңісі болды.
1945 жылы бағалы минералдық тыңайтқыштар шығаратын Жамбыл суперфосфат
зауытының құрылысы басталды.
Әскери өнеркәсіп кешенінің қажеттілігі республиканың басқа да жетекші
өнеркәсіп саласының қарқынды дамуына жол ашты. 1946-1950 жылдары бүкіл
өнеркәсіптің жалпы өнімінің өсуі 169 пайызға, қара металлургия өнімі 181
пайызға, машина жасау мен металл өңдеу 180 пайызға, энергия қуаты 281,7
пайызға, құрылыс материалдарының өндірісі 480 пайызға өсті.
Қырқыншы жылдар құрылысшылары сесмикалық аудандарда сапалы құрылыс
жұмыстарын жүргізу алаңдатады. Осылайша, 1949 жылы 16 ақпанда Алматыда
құрылысшылар конференциясы өтті. Ашхабад жер сілкінісі сабақтарын ескере
отырып антисесмикалық құрылыс сапасын жақсарту жолындағы қала
құрылысшыларының міндеттері туралы Конференциянын кейбір хабарламалары:
Алматы өте жоғары сейсмикалық қауіп аймағында орналасқан. Қала екі жойқын
апатты 1911-1987 жылдардағы және екі күшті 1886-1889 жылдардағы және
1949жылғы зілзаланы бастан кешірді. Алматы сейсмикалық станциясы жыл сайын
300-ге дейін жер сілкінісі тіркелді (сол жылдары бойынша). Олардың
кейбіреуін адамдар сезбейді. Алайда мұндай сілкіністер жиілігі
құрылысшыларға үлкен апаттардың болу мүмкіндігін үнемі есте сақтатады.
Мысалы, 1887 жылғы Алматылық (Вернилық) жер сілкінісін адамдар үлкен
көлемде сезген, ұзындығы-1600 шақырым, ені- 950 шақырым.
Сондықтан да құрылыс индустриясынын (40-жылдары Одақта тіпті де
болмаған) жоқтығынан Алматыда кірпіш, ағаш, тастан 1-3 қабатты үйлер
салынды.
КСРО капиталды құрылыстың Бас жоспары негізгі міндеттері Қазақстаннын
Орталық, Шығыс және басқа аймақтарында қуатты құрылыстық шикізаттық
нысандарды қалыптастыруға негізделді. Осылайша Шығыс Қазақстан мен Өскемен
қаласының көп қырлы өнеркәсібі басталды. Түрлі-түсті металлургия
орталығының құрылысы 1948-1970 жылдарға жоспарланған болатын.
Қаланың жалпы көлемі 14170 га болды, сонымен қатар Өскемен қаласының
аумағы 1947 жылы 795,5 га, ал халқының саны 42667 адамға жетті. Қалада 22
өңдірістік кәсіпорындары жұмыс істеді. Қаланың тұрғын үйі құрады: ағаш
үйлер-2602, кірпіш-45, жер немесе саман-577, аралас -24 және тас үй -2
болды. Мәдени-тұрмыстық және жалпы қолданыстағы ғимараттар 18 мың шаршы
метрді құрады. Тұрғын үй қорының пайдаланылуы 30 пайызды құрады.
Республиканын басқа да жас өнеркәсіп қалаларын салу жүргізіле бастады.
1949 жылы Сарань және Екібастұз қалаларынын құрылысын салудың бас жоспары
бекітілді.
Қазақстанның қырқыншы жылдарға дейінгі құрылыс индустриясының
қорытындылары қандай?
Құрылыс индустриясын дамытуда Қазақстан бауырлас
республикалардың Ресей, Украина, Беллоруссияның өңдіріс орталықтарының
жұмысшы ұжымдарының орасан зор көмегі Қазақстанды шет айналып өткен
жоқ. Тек техника жұмысшы күшімен көмектесіп қана қоймай, ірі
мамандар, архитекторлар, ғалымдар, көптеген шаруашылық органдары, қоғамдық
ұйымдар көмектесті[3].
Осы кезеңде құрылыс индустриясында жүйелі қайта құру жүріп жатты,
еңбекті ұйымдастырудың формалары мен әдістері өзгерді. Мұның барлығы
орталыққа көз тастаумен жасалып, одан бар оң және теріс тәжірибелер алынып
тұрды. Көптеген шешімдер ойластырылмай, асығыс және экономикалық тұрғыда
негізделмей қабылданды. Мұнда партиялық негіздер алға тартылды: партия
қалай айтады, солай болады. Бұл шешімдерді бұқаралық ақпарат құралдарды
белсенді түрде қолдап отырды.
Тың игеру кезінде 1940-1950жылдар ішінде Қазақстанда 15 жаңа қала, 86
қала тұрпатты поселке жүздеген шағын елді мекендер пайда болды. Тұрғын үй
құрылысы кең көлемде жүргізілді. Ондаған мың шақырым жол төселді.
Қазақстанға өзге республикалардан адамдармен қоса қыруар техника келді.
Қала салу экономиканы өркендету тәжірбиесі кеңейді.
Сол жылдары Теміртауда салынып жатқан металлургия комбинаты
Бүкілодақтық комсомолдық екпінді құрылыс деп жарияланған болатын. 1958
жылдың сонына дейін облысқа 132 мың адам, келесі жылы тағы да 170 мың адам
келіп қоныстанды. Айналасы бірнеше жылдын ішінде бір облысқа 300 мыңнан
астам адамды орналастыра қою оңайға түспеді. Тұрғын үйдің көптеп салына
бастағанына қарамастан жұмысшыладың бірталайы палаткаларда тұрып жатты.
Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде Коммунистік
партия 1939 жылы елдің индустриялық қуатың арттыру, оның қорғаныс қабілетің
нығайту бағытына ден қойды. Үшінші бесжылдық деп аталатын кезенде Қазақ КСР-
і түсті металлдар өңдіру жөніндегі ірі базаға айналуға тиіс еді.
1938-1941 жылдары Қарсақбай мыс балқыту зауытын қайта құру мен кеңейту,
Жезқазған мыс балқыту зауытын салу, Алтайда түсті металлургияны дамыту
шаралары жүргізілді.
Соғыс қарсаңында халық шаруашылығында істейтін инженер мен техник
кадрлардың саны артты. Еңбектің шапшан әдістері көп стоноктарда жұмыс істеу
мен бірнеше мамандықтарды қоса атқару, жаңашылдар мен өнертапқыштар,
жабдықтардың пайдаланылуына қоғамдық бақылау жасау қозғалысы және тағы
басқалары кең өріс алды. Құрылысты жедел салу қанат жайды. Құрылыста шын
мәнінде лагерьлік экономикаға жақын шаруалардың тегін күші пайдаланылды.[4]
1940 жылы ұзындығы 806 шақырым болатын Ақмола-Қарталы күрес жолы 9
айға толатын уақыт ішінде халықтық екпінді құрылыс ретінде салынды. Бұл
жолды салудың халық шаруашылығы және қорғаныс үшін орасан зор маңызы болды.
Қарағандыдан Магнитагорскіге көмір тасу 500 шақырымға қысқарды.
Атырау–Қандыағаш, Қандыағаш–Орск жол тораптары, Шығыс Қазақстан және Семей
облыстарындағы Шығыс орамы, сондай-ақ Алматы-Сарыөзек, Жамбыл-Алакөл,
барлығы 2681 шақырым темір жол салынып, оның 1358 шақырымы пайдалануға
берілді. Аталған құрылыстарда арнайы қоныстандырылғандар мен
қамаудағылардың еңбегі пайдаланылды.
Соғыс алдындағы жылдарда түсті металлургия ерекше жоғарғы қарқынмен
дамыды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыста және құрылыс материалдары өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
Қазақстанның Инвестициялық қоры
Өндіруші өнеркәсіп салалары
Құрылыс туралы жалпы түсінік
Құрлыс туралы түсінік
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп түрлері
Заманауи мемлекетіндегі инвестициялардың ролі
Дүние жүзілік химия өнеркәсіптерінің ірі карпорациялары
Қазақстанның инвестициялық саясатын талдау
Атырау облысындағы аудандар
Пәндер