Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің ресурстарын қалыптастыру мәселелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 113 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1 Коммерциялық банктердің қызметіндегі ресурстардың теориялық негіздері 8

1. 1 Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы . . . 8

1. 2 Коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастырудың заңдылық негіздері . . . 17

1. 3 Коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастыру және сақтандыру бойынша шетелдік тәжірибесі . . . 30

2 Семей филиалы АҚ «АТФ Банктің» ресурстарының қалыптасуына экономикалық талдау жасау . . . 37

2. 1 2007-2009 жылдардағы Семей филиалы АҚ «АТФ Банк» қызметінің техникалық-экономикалық сипаттамасы . . . 37

2. 2 Семей филиалы АҚ «АТФ Банктің» баланс пассивінің жағдайына талдау жасау . . . 59

2. 3 2007-2009 жылдар бойынша Семей филиалы АҚ «АТФ Банктің» депозиттік салымдарын талдау . . . 70

2. 4 Қазақстандық банкаралық заемдар нарығын талдау . . . 83

3 Қазақстан Республикасында банк ресурстарын қалыптастыру мәселелері және оларды шешу жолдары . . . 93

3. 1 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің ресурстарын қалыптастыру мәселелері . . . 98

3. 2 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің пассивті операцияларын басқарудың негізгі бағыттары және даму перспективалары . . . 98

Қорытынды . . . 106

Пайдаланған қайнар көздер тізімі . . . 109

Қосымшалар А, Б, В, Г, Д, Ж, З, И, К, Л . . . 112

КІРІСПЕ

Қазақстанның халықаралық деңгейде нарыққа енуі көпшілік жағдайда
несиелік қатынастар потенциалының жүзеге асырылуымен тікелей байланысты. Сондықтан, нарықты қалыптастыру және қызмет етуінің міндетті шарттарының бірі болып ақша айналысы мен несиелік қатынастарды түбегейлі қайта кұру болып табылады.

Ел экономикасының әрі қарай дамуы бірінші кезекте отандық өндірістің дамуымен байланысты. Өнеркәсіпті дамыту, ауылшаруашылығын жандандыру, транспорт пен байланысты дамыту және басқа да экономикалық дамуды қамтамасыз ету қаржылық салымдарсыз мүмкін емес. Осы тұрғыдан коммерциялық банктердің несиелік қызметі қаржылық нарықтан капитал ағымын экономиканың басым секторларына бағыттауда маңызды роль атқарады.

Банктердің экономикасының басым секторын несиелендіру коммерциялық банктердің ресурстық базасына тәуелді. Екінші деңгейлі банктердің ресурстары банктің меншікті қаражаттарынан, яғни капиталдар түрлерінен және тартылған қаражаттарынан, ал олар - депозиттік операциялар, депозиттік емес қайнар көздер және Орталық банктен және басқа да коммерциялық банктерден тартылатын банкаралық несиелер негізінде қалыптасады. Бірақ әрине ресурстарды тартудың негізгі қайнар көзі болып банктердің депозиттері табылады. Берілген дипломдық жұмыста жалпы Семей қаласындағы АҚ «АТФ Банк» ресурстары жайлы мәліметтер бере отырып, депозиттік айналым көздеріне тоқталып өтемін.

Ресурстарды тарту бойынша банктердің жетістіктері көбінесе банктің өтімділігімен, яғни банктердің өз міндеттемелеріне жауап беріп, салымшылардың талабына сәйкес салымдарын қайтара алу мүмкіндігімен анықталады. Коммерциялық банктерде салымдарды тарту банктің оперативтік қызметінен тәуелді факторлардан және банк қызметтеріне байланыссыз факторлардан тәуелді болып келеді. Аталған факторлардың бірінші тобына банктің пайыздық саясаты, салымшылардың сұраныстарын қанағаттандыра алатын депозиттердің әртүрлі түрлері, ұсынылатын банктік қызмет көрсетулердің сапасы жатады. Ал екінші топқа тұрғындармен алынатын ақшалай кірістердің деңгейі, банктік жүйеге деген сенімділік дәрежесі және т. б. жатады.

Қазіргі жағдайда банктік сфераға ресурстардың ағыны ұлттық валюта бағамын тұрақтандырумен байланысты және банктік жүйенің тұрақтылығын арттырумен байланысты болып отыр.

Дипломдық жұмыста банк ресурстарын қалыптастыру бойынша мәселелерді айқындап оларды шешу жолдарын ұсындым.

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің ресурстары нарықгық қатынастарға, қазіргі заман талабына сай қамтамасыз етілген. Елімізде экономикалық еркіндік біршама жолға қойылғанымен, жағымды тенденциялармен бірге коммерциялық банктерде ресурстарды қалыптастыруда бірқатар мәселелер бар. Коммерциялық банктердің ресурстарының бәсекелестік жағдайда дамуы, отандық банктердің қызметінің сапасын арттыруына ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үлттық Банкінің коммерциялық банктерді қаржыландыру саясаты, оның қаржылық көмегіне байланысты жүзеге асырылатын мәселе.

Сондықтанда, еліміздегі коммерциялық банктердің ресурстарын банк қызметіне тиімді етіп қалыптастыру мен банк өтімділігіне жағымды әсері отандық банктеріміз үшін өзекті мәселелердің бірі ғой. Сол себепті коммерциялық банктер ресурстарының қалыптасуына жан - жақты талдау жасау, олардың қаржылық - экономикалық дамыту факторларын анықтау осы дипломдық жұмыстың негізгі бағыты болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жобаның мақсаты нарық жағдайында коммерциялық банктердің, соның ішінде АҚ

«АТФ Банктің» қызметінің тиімділігін арттырудағы меншікті және тартылған қаражаттары ерекшеліктерін, қаржыландыру механизмінің негіздерін анықтау әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, АҚ «АТФ Банктің» Қазақстан жағдайына лайықты бағыттары мен нысандарын зерттеу. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді шешу алға қойылған:

• АҚ «АТФ Банктің» қызметіндегі ресурстық базасының

экономикалық мәнін ашу;

• нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайындағы аталған банк

ресурстарының ролін анықтау;

• жалпы коммерциялық банктер ресурстарының шетелдік іс-
тәжірибелерін қарастыру;

«АТФ банктің» техникалық - экономикалык қызмет барысын зерттеу отандық тәжірибедегі АҚ «АТФ Банктің» меншікті қаражаттарын талдау;

• АҚ «АТФ Банктің» депозиттік саясатын, тұрғындар салымдарын, т. б. талдау;

• Қазақстан Республикасьгаың коммерциялық банктерінің банкаралық заемдар нарығына талдау жасау:

• коммерциялық банктер ресурстарын қалыптастырудағы өзекті мәселелер мен жетілдіру жолдарын аныктау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні. Банктік қызметтегі ресурстардың қазіргі заман талабына сай жаңа жолдары мен ерекшеліктерін қарастыру, АҚ «АТФ Банк» капиталының тиімділік механизмін ашып көрсету, депозиттер мен салымдардың экономикалық негізін дәлелдеу жобаның зерттеу пәні болып табылады. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. Мемлекетіміздің банктік қызмет саласы, шаруашылық субъектілері және объектілері, банк ісі, банктің депозиттік саясаты. Дипломдық жұмыстың теориялық - әдістемелік негізі. Еліміздің және шетелдік ғалымдардың, экономистер мен қаржыгерлердің банктің ресурстары және осы саланы қалыптастыру, дамыту бағытында жазған ғылыми - зерттеу еңбектері, оқулықтары, оқу құралдары, әдістемелік және монографияық еңбектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен жарлықтары, Үкіметтің бағдарламалары, еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының әлеуметтік - экономиалық бағыттағы тұжырымдамалары, газет - журналдар беттерінен алынған мақалалар, статистикалық деректер, АҚ «АТФ Банктің» жарияланған қызмет бағыттарының қорытындысы жұмыстың теориялық - әдістемелік негізін құрап отыр.

Дипломдық жұмыстың нормативтік базасы. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы, ҚР банк және банк қызметтері туралы Заңы, Қаржы Министрлігінің Ережелері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы заңы сондай - ақ, басқада нормативтік - құқықтық актілерді қамтиды.

Дипломдық жобаның құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрамы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қосымшалар және пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралады.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ РЕСУРСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің
уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болады, екінші жағынан, бұл
қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттіліктерін
қанағаттандыратын арнайы мекеме болып табылады. Коммерциялық
банктердің пассивті операциялары негізінде оның қызметінін жүзеге асырылуы үшін қажетті банктік ресурстар жинақталады.

«Банк ресурстары» термині несиелік ресурстарға қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Жоспарлы экономиканы әкімшілік және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалды. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өзінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қоры деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қоры халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, ол банк ресурстары болып саналды. Банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттардан тұрды. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту қорлары, ал тарылған қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстарының нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрды.

Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операцияларының негізінде қалыптасқан және банкаралық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады: банктің меншікті капиталы және банктің заемдық және тартылған қаражаттары. (Қосымша А) .

Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстардың кұрылымында біршама өзгерістер болды. Меншікті қаражаттар қатарына коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банкпен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалдық құндылықтар жатады.

Коммерциялық банктердің шаруашылық қатынастардың басқа да субъектілері сияқты өзінің шаруашылық және коммерциялық қызметтерін қамтамасыз ету үшін белгілі бір ақшалай қаражаттары, яғни ресурстары болуы қажет.

Банк ресурстарының маңызды бөлігі - меншікті қаражаттар, яғни меншікті капитал болып саналады.

Банктің меншікті капиталы - оның экономикалық тұрақтылығын, қаржылық жағдайын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы. Банктің меншікті капиталы кез келген банктер үшін маңызды болып табылады.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес. Себебі, оларға әсер ететін әртүрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Коммерциялык банктің меншікті капиталы банктің қаржылық ресурстарының қайнар көздерін сипаттайды. Меншікті капитал есебінен банк ресурстарға жалпы қажеттіліктерінің 12-20% орнын толтырады. Меншікті капиталдың ролі банктік операцияларды жүзеге асырудың барлық этаптарында банк шығындарын қаржыландыру қайнар көзі ретінде де маңызды.

Сонымен қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай
баптарды құрайды:

- жарғылық капитал;

- резервтік капитал;

- қосымша капиталдар;

- банк операциялары бойынша тәуелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар;

- арнайы қорлар;

- бөлінген банк пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банкінің пруденциалдық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады:

- акционерлік банк формасында;

- пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында.

Меншікті капиталдың кұрамдас бөлігі - акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы - банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын, дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.

Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әртүрлі келеді.
Акционерлік капитал мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. меншікті капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;
  2. банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр алуан шығындарды жабуға, дивидендтер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын толтыруға арналады;

3) банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдер,
облигациялар) .

Акционерлік капитал ашық және жабық типте де болуы мүмкін. Ашық типтегі банктің акциясы қолдан қолға басқа да акционерлердің келісімінсіз өтеді. Ал жабық типтегі банктің акциясы қатаң түрде белгіленген тізім бойынша немесе құрылтайшылардың арасында бөлінеді. Банктің жай акциясын иеленушілер банктің таза табысынан дивиденд алып отыруға, оның жойылуы барысында тиесілі мүлікке ие болуға және акционерлердің жиналысына қатысып, дауыс беруге құқылы.

Банктің артықшылығы бар акцияларын иеленушілер тұрақты пайыз түрінде табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға және жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.

Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады.

Жалпы банктің акционерлік капиталының құралуы мынадай кезеңдерден тұрады:

-бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны сараптамадан өткізу;

- бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу;

- банк - эмитенттің бағалы қағаздарын тіркеу;

- шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін тіреку.

Акционерлік капитал акциялары келесідей жағдайларда шығарылады:

  1. Банкті акционерлік формада кұру.
  2. Банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару. Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы кұрылтайшылық мақсатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады.

Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарған акцияларының бағасын өсіреді.

Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор - банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылады. Сондай-ақ ол банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың құрылуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.

Қосымша капиталдар - негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын капиталдар болып табылады.

Арнайы қорлар болса, негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.

Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында қүрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.

Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.

Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:

  • банк пайдасы;
  • акциялар шығару;
  • құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;

- облигациялар шығару.

Банктік капитал банктің дербестілігін қамтамасыз ете отырып, оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көзі болып табылады.

Банк ресурстарының құрылымындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10 пайызға жуық бөлігі өтілсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

Тартылған ресурстарды қалыптастырудың негізгі қайнар көзі болып банктердің заңды және жеке тұлғалардан тартатын депозиттері табылады.

Банк ресурстарының құрлымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы тартылған қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:

  1. Депозиттік қаражаттар;
  2. Депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Депозит - бұл клиенттердің ( жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

  • талап етуіне дейінгі депозиттер;
  • мерзімді депозиттер;
  • жинақ салымдары;

- бағалы қағаздар.

Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым несиелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы нақты ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттарды білдіреді. Оларға мыналар жатады:

- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялык құрылымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы сакталатын қаражаттары;

  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;

- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы

қаражаттар;

- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Мерзімді депозиттер - бұл банктердегі белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос қаражаттары ' болып табылады.

Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

- меншікті-мерзімді депозиттер;

- алдын ала алуы ескерілетін мерзімді депозиттер.

Мерзімді салымдар бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды, бірақ басқа шоттарға аударуға болады.

Банктердегі депозиттер түріндегі бағалы қағаздар төмендегідей бөлінеді:

- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардағы банктердің акциялары мен облигациялары;

- банкке сақталуға берілген және ссудамен қамтамасыз етілген акциялар мен облигациялар;

- шетелдік валюталармен жасалатын операциялар бойынша бағалы
қағаздар мен құндылықтар.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады. Жинақ салымдарының ерекшеліктері келесідей:

- ақшалай қаражаттар сақтауға тұрақты мерзімі болмайды;

- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;

- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

Банктік тәжірибеде банктік ресурстар қатарын депозиттік емес тартылған қаражаттар да толықтыруда. Депозиттік емес тартылған қаражаттар - бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен баратын қаражаттары болып табылады. Мұндай қаражаттарды тартудың көп тараған формаларына мыналар жатады:

-бағалы қағаздарды сата отырып, кейіннен қайта сатып алу туралы келісім жасау;

- вексельдерді есепке алу және орталық банктен ссуда алу;

- банкаралық нарықтан займдар алу;

- банк акцептерін сату;

- коммерциялық бағалы қағаздар шығару;

- евродолларлар нарығынан займдар алу;

- капиталдық ноталар мен облигациялар шығару.

Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып

алынатындыктан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардьщ, депозиттердің және депозиттік

емес ресурстардың шоттарының әр түрдері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды. Жинақтарды тартудың тағы бір маңызды факторы - тұрғындардың банктік жүйеге деген сенім дәрежесі. Бұл фактор салымшылар үшін депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерге қарағанда артық.

Тұрғындардың ақшалай кірістерінің көлемі банктік сфераға салымдарды тартудың мүмкін болатын көлемін анықтайды.

Адам неғұрлым көп табыс тапса, соғұрлым ол тек тұтынып қана емес

Дажинақтай да алады. Сонымен қатар тұрғындар кірістерінің өмір сүру минимумынан жоғары болуы олардың ақшалай қаржыларын жинақтауға деген сұраныстары да арта түседі.

Бүгінгі таңда банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістері
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру тәжірибесін талдау ("АТФ" АҚ мысалында)
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптастыруы
Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктерінің несиелік ресурстарын қалыптастырудағы депозиттер
Қарыз капиталы жөнінде түсінік, коммерциялық банктердің ресурстарының кұрылымы
Қазақстан Республикасында банк қызметтерін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының халықаралық валюта-несиелік институттармен ынтымақтастығы
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары
Банк менеджменті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz