Әлеуметтік сақтандыру қорлары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ… . . .

1. 1 Әлеуметтік сақтандыру түсінігі, қызметі, рөлі мен міндеттері . . .

1. 2 Әлеуметтік сақтандыру механизмінің негіздері, формалары . . .

1. 3 Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі . . .

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . .

2. 1 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандырудың нормативтік-құқықтық негіздері . . .

2. 2 Қазақстан Республикасында әлеуметтік сақтандырудың ағымдық жағдайын талдау . . .

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ . . .

3. 1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясат үлгісінің ерекшеліктері . . .

3. 2 Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму бағыттары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

4

7

7

15

23

30

30

37

48

48

55

60

63

КІРІСПЕ

Сақтандыру қызметінің мақсаты әртүрлі апаттардың, күтпеген жағымсыз құбылыстардың нәтижесінде сақтанушыға тиген зияндар мен залалдарды өтеу жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады. Сақтандыру нарығы осы сақтандыру қызметінің тауар ретінде айналатын орны болады, мұнда сақтандыру қорының қалыптасу және қолдану қатынастары еркін бәсекелестік пен дербес таңдау бастамалары негізінде өрлейді.

Сақтандыру нарықтық экономикананың үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және теңгерлігін қамтамасыз етудің қаржылық механизмі ретінде қоғамдық ұдайы өндірісінің макроэкономикалық пропорцияларының оңтайлауына жағдай жасайды. Кәсіпорындар мен халықты тәуекелдерден қорғануын қамтитын, ірі табиғатты немесе техногенді апаттар кезінде одан жақсы таптырмас қаражат көзіне айналар сақтандыру жүйесі өз қатысушыларына көптеген жағымды әсер көрсетуде. Сақтандыру секторы (әсіресе өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру) «ұзын» ақша көзі ретінде тұрақты инвестициялық сипаты арқылы ұлттық экономикаға циклдік тербелістерде бір қалыпты, жоғары экономикалық өсу қарқынын ұстауға мүмкіндік береді. Сондықтан дамыған елдерде сақтандыру әжептеуір даму деңгейімен, әсіресе өмірді жинақтаушы сақтандырудың маңыздылығының көтеріңкі деңгеймен сипатталады

Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды. Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады. Ал әлеуметтік саясаттың негізі әлеуметтік қорғаудан бастау алса, әлемнің көптеген мемлекеттерінде халықты әлеуметтік қорғаудың модельдері қалыптасып үлгерді. Осы тұста Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің әлем елдерінің озық тәжірбиесі негізінде өзіндік моделін жасап келеді. Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып өзгерген сайын Қазақстанның да басқа мемлекеттер сияқты әлеуметтік саясатын жетілдіріп отыруы заңды құбылыс болып табылады. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық қоғам, демократия, гумманизм, құқықтық мелекет, еркіндік пен теңдік мәселелерімен тығыз байланысты.

Қазақтан Республикасындағы қазіргі жағдайдағы сақтандыру нарығын динамикалық түрде жаңа қалыптасып келе жатқан, енді ғана қомақты қор жинауға бет алған жүйе ретінде сипаттауға болады. Сақтандыру қызметтері екі жақты түп негізіне ие, яғни олар бір уақытта тұтынушылық та, қаржылықта қызметтері болып келеді. Ұсынылатын сақтандыру қызметінің мақсаты клиенттің талаптарын қанағаттандыруға бағытталған. Сақтандыру қажеттілігінің оң қабылдауының қоғамдағы болмауы, ықтимал тұтынушылардың негізгі көпшілігінің төмен төлем қабілеттілігі, сақтандыру қорғанысының әлі де буынының бекімеуі, жеткілікті сақтандыру қорының қалыптаспауы нарықтағы жұмыс істейтін сақтандыру компаниялары алдында өз жұмысының нәтижелілігін тұрақты жоғарылату, компания қызметінің барлық жақтарын жетілдіру мақсатын қатаң жағдайларға қояды. Сақтандыру компанияларынының жұмысының нәтижелілігін жоғарылатудың негізгі бағыттары болып табылатындар: клиенттің талаптарын барынша жоғары дәрежеде ескеру, жаңа сақтандыру өнімдерін өңдеу және нарыққа шығару, сақтандыру өнімдердің сату жүйесін жетілдіру, сақтандыру маркетингі жүйесін жетілдіру.

Олар экономика жағдайына, еңбек нарығына, қоғамның демографиялық даму шарттарына т. б. факторларға байланысты болады. Мысалы, экономиканың құрылымдық қайта құрылуы, халықтың табысындағы дифференциацияның өсуі, ұзақ мерзімді демографиялық өзгерістер, халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуі - осы және басқа да бірқатар мәселелер әлеуметтік сақтандыру институттарының экономикалық, құқықтық және ұйымдастыру тетіктерін одан әрі жаңартуды қажет етуі мүмкін.

Осының бәрі әлеуметтік қорғау мемлекеттің монополиясы болуды тоқтатып және көпсубьектілі сипат ала бастағанын көрсетіп отыр. Оның субьектілері мемлекеттен басқа (Үкімет және жергілікті атқарушы органдар) жұмыс берушілер, қызметкерлердің өздері, қоғамдық ұйымдар, бюджеттен тыс мекемелер мен бірлестіктер, қайырымдылық қорлары, коммерциялық ұйымдар - демеушілер, жекелеген меценаттар.

Әлеуметтік қорғау - бұл мемлекеттің қамқорлығы деп ойлау, бүгінгі шындыққа жауап бермейді. Сонымен қатар ол тек қана жұмысшылар мен жұмыс берушілердің және мемлекеттің бірігіп күш салуының арқасында ғана тиімді болуы мүмкін.

Қазақстандағы әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізгі мақсат-міндеттері экономикалық өсуді қолдаудың элементтерін: әлеуметтік қатер туған жағдайда қосымша қорғауды ұсынады.

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен тарихи қысқа мерзім ішінде нарықтық қоғамдық қатынастарға тең болатын өз өмірінің жағдайын қалыптастыруға деген әр бір адамның жауапкершілік деңгейінің артуына септігін тигізетін халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік жүйесі қалыптасуда.

Қазақстан ТМД елдері ішінде құрамына жаңа туған баладан бастап жасы ұлғайға адамға дейін қамтитын еліміздегі халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесіне жоспарлы түрде көшуді бірінші болып бастады. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейтін халықтың, қарттардың, аз қамтылған отбасылардың, мүгедектердің алдында жауаптылықты сезінетін ынтымақтастық жүйесінің элементтерін құрайды. Еліміздегі жұмыспен қамтылған халық өздеріне лайықты кәрілікті қамтамасыз ететін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне де қатысады. Еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу қатерлерінен, бала тууына байланысты және ол бір жасқа толғанша уақытша табысынан айрылу жағдайын сақтандыру «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) қаржысынан жүргізіледі.

Қоғамдағы әлеуметтік топтар мен барлық қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын үнемі жақсартып отыру мемлекеттік саясаттың алға қойған мақсаттарының бірі және ол ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын Жолдауында да ерекше атап көрсетіледі. Дипломдық жұмыстың өзектілігі осымен айқындалады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты халықты әлеуметтік қорғаудағы сақтандырудын маңыздылығын анықтау болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:

  • әлеуметтік сақтандырудың теориялық аспектілерін қарастыру;
  • Қазақстан Республикасы сақтандыру әлеуметтік сақтандыру жүйесін зерттеу;
  • Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандырудың жағдайын талдау;
  • әлеуметтік сақтандыру бойынша қызметті реттейтін заңнаманы қарастыру;
  • Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандыру қызметін болашақта жетілдіру жолдарын анықтау.

Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандырудың жағдайы табылады.

Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандырумен байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Дипломдық жұмыстың теориялық негізі ретінде қарастырылатын мәселелер бойынша шетел және басты қазақстандық ғалым-экономисттердің ғылыми еңбектері пайдаланылды, тәжірибелік аспектілерін ашып көрсету үшін ҚР заңнамалық және нормативті актілері, Қаржылық нарықты және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау бойынша Агенттігінің, ҚР Ұлттық Банкінің статистикалық мәліметтері қолданылды.

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫӘлеуметтік сақтандыру түсінігі, қызметі, рөлі мен міндеттері

Қоғамның дамуының объективті факторларының бірі, бұл өздерінің белгілі себеппен қоғамдық жұмысқа қатыспайтын, және өз күнін еңбекақы арқылы көре алмайтын тұлғаларды материалды қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады. Еңбекке қабілетсіз немесе түрлі себептермен оны іске асыра алмайтын қоғам мүшелерін асырауға құрылған валдық өнімнің қоғам, арнайы мұндай мақсаттарға бағытталған бөлігі қолданылады. Тауарлы-ақшалы қатынастарды жүйелеу шартында, бұл қоғамдық өнімнің бөлігі белгілі ақша қорларының құрылуы мен қолдануы арқылы қолданылады.

Берілген тұлғаларды материалдық қамтамасыз етуге арналған ақша қаражаттары қоры қатынастар жүйесі арқылы құрылып шығындалады, және бұл әлеуметтік сақтандыру болып табылады.

Әлеуметтік сақтандыру жүйе секілді мемлекет арқылы реттеледі, капитализм кезінде құрылып, оның дамуының объективті талаптары мен қажеттіліктерін көрсетеді. Кейіндегі әлеуметтік сақтандырудың орны мен рөлі мәнді түрде өседі, бұл деген талап етілетін қызмет көрсетулердің саны мен сапасының көбеюін және олардың құнының өсуімен байланысты мемлекеттің әлеуметтік қызмет шегінің кеңеюін білдіреді.

Әлеуметтік-саясаттық аспектіде әлеуметтік сақтандыру қартайған кездегі, ауырған жағдайда, толық немесе бөлшекті еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда немесе туғаннан болмауы, асыраушыдан айырылып қалған жағдайда, жұмыссыздық кезіндегі материалдық қамтамасыздығына азаматтардың конституциялық құқығын іске асыру тәсілін ұсынады. Алынатын қаражаттар мөлшері еңбек стажының көптігіне, еңбек төлеміне, еңбек қабілеттілігін жоғалту дәрежесі мен мүгедеттілігіне байланысты болады және әрекет ететін заңдылықпен реттеледі.

Әлеуметтік сақтандыру ұйымы келесі негізгі қағидаларға сүйенеді. Әлеуметтік сақтандыру бойынша азаматтарды бүкіл жалпы қамтамасыз ету, сонымен қатар, бөлігінің көбі кәсіпорын, ұйымдар мен мемлекеттің қаражаттарынан болып, жалпы тұлғалардың, еңбек коллективтерінің және жалпы қоғамның талаптары әлеуметтік сақтандыру қаражаттарын қолдану кезіндегі келісулері, ақырғыларды еңбекшілер ұйымы арқылы бақылау. Әлеуметтік сақтандыру өзін өзі басқарудың баствмасынан құрылады, басқа қоғамдық ұйымдардың сәйкес мақсаттық қорларын құру мен қолдануындағы професионалдық одағының белсенді рөлін болжайды.

Әлеуметтік сақтандырудың маңызды мақсаты еңбек ресурстарын өндіру үшін қажетті жағдайларды құру болып табылады.

Біріншіден, әлеуметтік сақтандыру қорынан ұсынылған материалдың қамтамасыздығы, медициналық қызмет көрсету қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелеріне еңбек қабілеттілігін қайта құруына көмектеседі және оларды түрлі саладағы және халықтық шаруашылығындағы сферасындағы белсенді қызметіне оралуына көмектеседі. Мүгедекті тіркеу, оларға қоғамды пайдалы жұмыспен айналысуға мүмкіндік туғызуы сол сияқты жұмыспен қамтылуды қамтамасыз етеді, мемлекеттің сәйкес әлеуметтік бағдарламаларын қаржыландыру көздеріне деген жүктемесін жеңілдетеді. Зейнеттік қамтамассыздандыру келесі түрде құрылады, бұл деген, зейнеттік жастағы тұлғалар арқылы қатысты түрде еңбек ресурстарының кеңейтіліне қол жеткізу, кңбекке қабілетті азаматтардың ұрпақтарының ауысымға келуі, оны нақты салалар бойынша территориялар, экономика сферасы бойынша орналастыру.

Екіншіден, әлеуметтік сақтандыру қаражаттары арқылы уақытша жұмыссыз қалған тұлғалар өмір сүреді, сол сияқты олардың қайта оқытулары мен қайда мамандану іске асырылады. Нарықтық экономика шегінде дамып келе жатқан ғылыми технологиялық революция нәтижесінде, уақытша жұмыссыз тұлғалардың ақшалай төлемдері үнемі жоғарлатып отыруын талап етеді, және олардың материалдық көмегімен жұмысқа орналастыру бойынша әлеуметтік бағдарламаларын кеңейту. Берілген әлеуметтік сақтандыру облысы қазіргі уақытта еңбек ресурстарын өндіру процессін іске асырудағы ең негізгі шарты ретінде көрініс табады.

Сонымен қатар әлеуметтік сақтандыру бұл адам индивидуум және жеке тұлға ретінде өмір сүретін әлеуметтік сферадағы мемлекет саясатының мәнді бөлігі. Әлеуметтік сақтандырудың негізделген жүйесі - қоғамдағы әлеуметтік әділеттілігінің қамтамасыздығының, саясаттың тұрақтылықты құру мен ұстап тұрудың бастапқы белгілерінің бірі.

Сол сияқты, әлеуметтік сақтандыру арқылы қоғам келесі мәселелерді шешеді:

  • Еңбекке қабілетсіз және жұмыс процессіне қатыспайтын тұлғаларды асыраумен байланысты шығындарды жабуға пайдаланатын ақшалай қорлары құрылады;
  • Еңбек ресурстарының қажетті құрылысы мен санын қамтамасыз етеді, және сол сияқты қоғам дамуының белгілі сатысындағы объективті қажеттіліктерге сәйкес оларды орналастыру;
  • Қоғамның жұмыс істейтін және жұмыс істейтін және жұмыс істемейтіндердің материалдық қамтамасыздығындағы деңгейлерінің арасындағы айырмашылықты қысқарту;
  • Жұмыс процессіне қатыспайтын, тұрғын елдерінің түрлі әлеуметтік топтарының өмірлік деңгейін түзетуде қол жеткізу;
  • Әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2 бөліктен тұрады: біріншісі жұмысшылардың еңбекке қабілеттілігін қайта құрып және сақтауды қамтамасыз етуге арналған, сонын ішінде, денсаулық сақтау іс шараларын жүргізу; екіншісі еңбек қабілеттілігін жоғалтқан немесе мүлдем болмаған тұлғаларды материалды қамтамасыз етуіне кепілдік береді. Әлеуметтік сақтандырудың белгілі бөліктерінің материалды негізі ретінде сәйкес белгілі бағытта қолданылатын ақша қорлары әрекет етеді.

Әлеуметтік сақтандыру қорының құрылу мен қолдану процессінің іске асырылуы кеңейтілген қайта өндірістік объективті заңдарының талаптарына сәйкес орындалады. Дәл осы объективті заңдар тұлғалар қажеттіліктерін қаржыландыру үшін қорларды құруды талап етеді, нақты төлемдер мен жеңілдіктерді қарамастырады. Құндылық заңының әрекет етуі білім алудың ақша формасы мен қордың зейнетақы, жәрдемақы, төлемдер, мақсатты қаржыландыру шығындарын түсіндіреді, экономиканы мемелекеттік реттеу қажеттілігі жалпы мемлекеттік көлемдегі қордың мәнді бөлігінің орталықтандырылуын анықтайды, қабылданған нормативті құжаттарға сәйкес олардың жүйеленуі орындалады.

Әлеуметтік сақтандыру қорын құру мен қолдану бойынша қатынасы қаржының органикалық бөлігі болып табылады және ұлттық табысты таратуда қатысып, еңбекке қатыспайтын, еңбекке қабілетсіз тұлғалардың қажеттіліктерін қаржыландыру үшін арналған, олардың бөлігі бірігіп тұтыну қорларындағы мақсаттық ақша қорларына бөлінеді. Қатынастар субъектілері: мемлекет, кәсіпорын және әртүрлі меншік формаларының ұйымдары, жұмысшылардың профессионалды одағы, тұрғындар.

Сол уақытта бұл реттемелі қатынастар әлеуметтік сақтандырудың жүйелі мәнәін көрсететін спецификалық қырларға ие.

Біріншіден, әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы мен қолдануы бойынша қатынастары бойынша, ұлттық табыстың сәйкес бөлігі іске асырылады, яғни нақты пайдаға айналады.

Екіншіден, қаржының басқа аудандарына қарағанда әлеуметтік сақтандыруда алғашқы және екінші орналастыру шегі қатаң бақыланады. Алғашқы тарату қорлардың ұйымдар, кәсіпорындар табысынан арнайы алымдарынан құрылған қорлар фазасы үшін мінезді болып табылады. Мемлекеттік бюджет қаражатын тарту, келесі әлеуметтік сақтандыру қорларының шығындары қайта тарату облысына жатады.

Үшіншіден, берілген қаржылық қатынастар сферасы мемлекет арқылы белсенді реттеледі. Орталықтанған қорлар тізімі, олардың мәні, қолдану ауданы, құрылу көздері мен шығындану бағыттары мемлекеттік актілермен анықталады, және әрекет етуі түрлі меншік формаларына таратылады. Сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру қорының жүйеленуі қоғамдық ұйымдардың белсенді қатысуымен орындалады: професссионалды одақтар, кооперативтілердің кеңесі, акционерлі ұйымдарының, қоғамдық органдар.

Төртіншіден, әлеуметтік сақтандыру қорлары сақтандыру әдісімен құрылады, яғни, кәсіпорындар, ұйымдар, мекеме және азаматтардың сақтандыру кепілдіктері арқылы. Қорлар белгілі жағдай туу жағдайына құрылған: ауру, кездейсоқ жағдай жұмыстан айырылу және тағы басқа, асылардың нәтижесінде адам еңбек процессінде уақытша немесе тұрақты уақыт бойы қатыспайды.

Сол сияқты, қаржылық категория секілді әлеуметтік сақтандыру қоғамдық еңбекке қатыспайтын тұлғаларды асырауға арналған қорларды құру мен қолдану мақсатымен ұлттық табысты тарату мен қайта таратумен бойынша ақша қаражаттар бөлігін өкілдік етеді.

Әлеуметтік сақтандыру қаражаттары түрлі пішінде шығындалады, адамның еңбекке қатыспау себептеріне сәйкес, және халықтың әлеуметік статусының ерекшеліктеріне назар аударылады. Мемлекеттік әлеуеттік сақтандыру - объективті қажеттілік. Белгілі бір даму кезеңінде қоғам қандай да бір себептермен жұмыс істей алмайтын және соның салдарынан еңбекақысы жоқ тұлғаларды өз қорғауына алады.

Әлеуметтік сақтандырудың негізделген жүйесі - бұл әлеуметтік әділеттілікті қатамасыз ету мен саяси тұрақтылықты қалыптастырудағы алғышарттардың бірі болып табылады.

Әлеуеттік сақтандырудың міндеттеріне келесілер жатады: еңбекке қабілеті жоқ немесе еңбек үдерісіне қатыспайтын тұлғаларды асыраумен байланысты шығындарды жабатын ақша қорларын қалыптастыру; еңбек ететін және еңбек етпейтін қоғам мүшелерінің материалдық қамтамасыз етілу деңгейі арасындағы ара қашықтықты азайту[1] .

Әлеуметтік сақтандырудың ерекше маңыздылығын және оның қоғамдық үдерістерге әсерін ескере отырып, көптеген елдерде мемлекет бірлік қорларда ресурстарды едәуір шоғырладыруға мүмкіндік беретін және ол арқылы ел тұрғындарына сенімді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесін құрады.

Нарықтық экономикаға көшу толық қаржы жүйесінің жаңалануымен сәйкес жүреді. Бұл ең алдымен орталық буыны - бюджетке қатысты. Бюджеттен бюджеттен тыс қорлар бөліне бастады, олардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі әлеуметтік қорлар болды[2] .

Міндетті әлеуметтік сақтандыру - азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына немесе жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің, атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің - жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражат шектеулілігі жағдайында әлеуметтік төлем ақыларды индексациялап отыру қажеттігін тудырды.

Мыналар міндетті әлеуметтік сақтандырудың нсгізгі қағидаттары болып табылады:

  • Қазақстан Рсспубликасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын сақтау мен орындаудың жалпыға бірдейлігі;
  • әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларға мемлекеттің кепілдік беруі;
  • міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндеттілігі;
  • заңға сәйксс әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік төлемдерге пайдалану;
  • әлеуметтік төлемнің көзделген шарттар бойынша міндеттілігі;
  • әлеуметтік төлемдердің мөлшерін саралау;
  • міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық.

Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:

  1. Ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істсйтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейінқолданылды;
  2. Әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе реформасының негізіне қойылған.

Бірінші қағидатқа негізделген және Қазақстаңда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

  • зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;
  • әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндеттізенетақы жарналарының топтастырылуы;
  • жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.

Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болды. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.

90-жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салды, бұл жарналарды төлеудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауынан да, сондай-ак, әлеуметтік қорларға оларды толық және уақытылы аударып отыруға төлеушілердің мүдделігінің болмауынан да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдығының төмен деңгейінде көрінетін еді; бұүл зейнеткср мен жәрдемақылар алатындар алдында берешектің үлкен көлеміне жеткізді; әлеуметтік қорлар каражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің күнкөріс минимумдағы қажеттіліктерін қамтамасыз етпеді [3] .

Жұмыс істейтін қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиіс.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру келесі қорлардан тұрады:

Зейнетақы қорлары;

Әлеуметтік сақтандыру қорлары.

Бұл қорларды қалыптастыру және қолдану барысында өзіндік ерекшеліктер туындайды.

Мемлекеттік міндетті әлеуметтік сақтандыру - еңбек етуші азаматтарды болуы мүмкін әр түрлі материалдық және әлеуметтік өзгерістерден сақтандыру формасында жүзеге асырылатын тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінің бір бөлігі. Міндетті әлеуметтік сақтандыру мемлекет жасайтын құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар жүйесін құрайды. Ол азаматтар мен еңбек етушілердің материалдық және әлеуметтік жағдайының өзгерісінің салдарын жоюға немесе минималдауға бағытталған.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі принциптеріне келесілер жатады [4] :

сақтандыру жарнасы мен сақтандырулық қамтамасыз етудің эквиваленттілігі негізінде ұсталатын міндетті әлеуеттік сақтандырудың тұрақтылығы;

әлеуметтік сақтандырудың жалпы міндеттілік сипаты, сақтандырылған тұлғалардың сақтандыру кепілдемесін жүзеге асыруға мүмкіндігі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
«Қосымша зейнетақыны» сақтандыру мен ерекшіліктері
Халықты зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың теоретикалық аспектілері
Қр-да жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық ресурстарын басқару
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәні мен артықшылықтары
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларын қарастыру және оларды талдау
Сақтандыру сферасы
Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері туралы
Сақтандырудың мәні
Сақтандырудың экономикалық пен әлеуметтік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz