Партияның басшы органдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруда партиялардың алатын орны («Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы мысалында)

Мазмұны

1 Қазақстан Республикасындағы партиялардың қалыптасуы мен түрлері

1. 1 Партия түсінігі мен қалыптасуы . . . 4

1. 2 Партиялардың құрылымы мен түрлері, атқаратын қызметтері . . . 5

1. 3 Қазақстан Республикасындағы алғашқы партиялар . . . 6

2 «Нұр Отан» ХДП Қазақстан Республикасындағыең ірі саяси ұйым, және оның мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік-экономикалық мәні

2. 1 «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясының тарихи жылнамасы мен жарғысы . . . 10

2. 2 «Нұр Отан» ХДП-ның стратегиялық жоспарлары мен экономикалық және жемқорлықпен күрес жөніндегі бағдарламалары . . . 33

2. 3 «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партия филиалдары мен сыртқы байланыстары . . . 42

3 «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе қалалық филиалы мен қалалық «Жас Отан» Жастар қанатының қоғамда алатын рөлі, міндеті.

3. 1 «Жас Отан» Жастар қанатының қоғамда алатын рөлі, міндеті . . . 48

3. 2 «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе қалалық филиалының құрылымы,

қызметі . . . 51

3. 3 «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының іс-шаралары, жоспарлары . . . 53

Қорытынды . . . 57

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 60

Қосымша

Кіріспе

Қоғамның қай тобына партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым дауысын беруші сайлаушылар оның электоратын құрайды. Партиялар сайлауға мемелкеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзінде жүзеге асыруға қатысады.

Саяси өмірде алатын орны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және оппозиция болып бөлінеді. Билеуші партиялардың қолдарына мемлекеттік билік тигендіктен, оларға бүкіл қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады, яғни олар басқа партиялардың үстінен билікке ие болады. Мұндай мүмкіндігі жоқ қалған партиялар өзлерінің конститутция құқығын, парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, өз мүдделерін қорғау мақсатында белгілі бір қоғамдық пікір тудырып, билеуші партияның саясатын сын көзбен бағалап, оған сырттай ықпал жасайды. Мұндай саяси партияларды оппозициялық партиялар деп атайды.

Халықтың мүддесін қорғау мәселелері барлық деңгейдегі партия құрылымдары жұмысының басты басымдығы болып табылады.

Еліміздің тұңғыш Президентінің стратегиялық бағытын табысты іске асыру, жүргізілген экономикалық және саяси реформалар мемлекетіміз бен қоғамымызды дамудың жаңа сапалы сатысына көтерді. Қазіргі заманға сай демократиялық даму үстіндегі әлеуметтік мемлекет құру енді алшақ келешек емес, ол мақсатымыздың орындалғаны.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті әзірлеген стратегиялық бағдарламалар біз осы не істеуіміз керек деген сұраққа жауап береді.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы осы мақсатқа кім және қалай қол жеткізуге болатынын біледі.

Қазақстанды гүлденген демократиялық мемлекетке айналдыратын жасы мен кәсібі, ұлты мен діні әртүрлі ұлт өкілдері, қазақстандықтар.

«Нұр Отан» партиясы индустриалды-инновациялық даму және экономиканы әртараптандыру идеясын, оның кешенділігі мен әмбебаптылығын және жалпыұлттық міндет ретіндегі прогрессивті болашағын ескере отырып, ұлттық идея деп қарастырады.

Сайлауларда өз кандидаттарын ұсына отырып, өзінің парламенттік фракциясы арқылы заң шығару қызметіне белсенді атсалыса отырып, «Сайлауларда өз кандидаттарын ұсына отырып, өзінің парламенттік фракциясы арқылы заң шығару қызметіне белсенді атсалыса отырып, «Нұр Отан» партиясы өз ұстанымын бұқаралық ақпарат құралдарына жақтап және түсіндіре отырып, саяси қызметтерге қатысу жолымен өз міндеттерін іске асыруды жалғастыруға бел буып отыр.

Партия Төрағасының Дағдарыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның түбегейлі жаңару жоспарын әзірлеу туралы алға қойған міндетін партия елдің инновациялық дамуға көшу, әлеуметтік-экономикалық және технологиялық жаңаруды жүзеге асыру қажеттілігі туралы ауқымды жұмылдыратын идеяның нақтылануы ретінде қабылдайды.

«Нұр Отан» инновациялық даму және жаңару идеясын кешенділігіне, жан-жақтылығына байланысты және прогрессивтік болашақтағы жалпы ұлттық міндет ретінде қарастырады. Ол - ұлттық бірлікке, келісімге және барлық әлеуметтік топтардың, экономикалық және саяси күштердің қатысуымен дамуға қол жеткізу бойынша партия саясатының мазмұнын дағдарыстан кейінгі жаңа толықтырумен қамтамасыз етуге қабілетті.

Дипломдық жұмыстың мақсаты; Қазақстан Республикасындағы партиялардың соның ішінде «Нұр Отан»ХДП мемлекеттік басқарудағы алатын орнын ашып толықтай көрсетіп, «Нұр Отан» партиясының жасампаздық пен алға басу партиясы, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісім партиясы, ұлты, ұрпағы діни нанымдары әртүрлі қазақстандықтарды біріктіретін, Қазақстан Республикасын, біздің ортақ Отанымызды өркендетіп гүлдентіретін көпшілік, кәсіби және барлық әлеуметтік топтар партиясы екенін дәлелдеп беру.

І Қазақстан Республикасындағы партиялардың қалыптасуы мен түрлері

  1. Партия түсінігі мен қалыптасуы

Партия, саяси партия латын тілінен - бөлік. Партия - халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін білдіріп, мемлекттік билікке қол жеткізуді немесе оны жүзеге асыруға қатысуды мақсат ететін, ортақ мүдде негізінде біріккен адамдардың ерікті одағы. Алғашқы саяси партиялар ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын.

Немістің көрнекті саясаттанушысы М. Вебер (1864-1920) саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті:

  • Аристократ. Үйірмелер
  • Саяси клубтар;
  • Көпшілік партиялар

Осы көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы - либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялар ғана басынан кешірді.

Қазір өмір сүріп отырған Партиялардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты. Бірінші көпшілік саяси партия болып 1861 ж. Англияда Либералдық партия құрылды. Мұндай партиялардың дамуына сол кездегі буржуазиялық революциялар нәтижесінде парламенттерге жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі себепші болды. Соған байланысты бұқара халықтың саясатқа қатысу аясы кеңейіп, жұмысшылардың ұйымшылдығы күшейді. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып 1863ж. Германияның жұмысшы одағы құрылды. 19ғасырдың аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінің көбінде көпшілік партиялар пайда болды. Америкалық саясаттанушы Дж. Ла Паломбараның пікірінше, партиялар мынадай төрт белгімен сипатталады:

  • Партия белгілі бір идеологияны қорғайды;
  • Партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр түрлі деңгейінде ұзақ біріктіретін ұйым;
  • Партияның мақсаты - билікті қолға алып, жүзеге асыру
  • әр партия өзіне халықтың дауы беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауынқамтамасыз еткісі келеді.

Қоғаамның қай тобына партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым дауысын беруші сайлаушылар оның электоратын құрайды. Партиялар сайлауға мемелкеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзінде жүзеге асыруға қатысады.

1. 2. Партиялардың құрылымы мен түрлері, атқаратын қызметтері

Белгілі поляк саясаттанушысы А. Борнар көрсеткендей, қазіргі саяси партиялар мынадай қызметтер атқарады: қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтайды, тұжырымдайды және негіздейді; олардың белсенділігін арттырады; саяси идеологиялар мен саяси ілімдерді әзірлейді; саяси жүйені, оның жалпы принциптерін, құрамдас бөліңтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысады; мемлекетте билік үшін күреске қатысады. Және оның жұмыс бағдарламасын әзірлейді; мемлекеттік билікті іске асыруға қатысады; қоғамдық пікірді қалыптастырады т. б.

Саяси партияның маңызды міндеті - азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талап- тілектерін білдіреді.

Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партиялар төрт түрге бөлінеді:

  1. Авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтануымен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді. Мысалы; Үндістанның Ұлттық конгресс партиясы, бұрынғы КОКП.
  2. Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты - үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу т. б. Оларда тұрақты мүшелік, идеология, негіз, ұймдық құрылым жоқ.
  3. Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызмет атқарады; сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестендіріп, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалиттерде фракциялар құрады.
  4. Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас пен ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіреді.

Саяси ервативтік, реакциялық деп бөледі.

Революциялық партиялар - қоғамдық өмірді түбегейлі өзгертуге тырысады.

Реформистік партиялар - қоғамның негізгі құрылысын сақтай отырыпмаңызды өзгерістер жасауды көздейді.

Консервативтік партиялар - қазіргі әлеуметтік өмірдің негізгі сипаты мен ерекшелектерін сақтап қалуға тырысады.

Реакциялық партиялар - қоғам дамуындағы өтіп кеткен формацияларға не дәуірлерге қайтып оралуды көктейді.

Саяси өмірде алатын орны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және оппозиция болып бөлінеді. Билеуші партиялардың қолдарына мемлекеттік билік тигендіктен, оларға бүкіл қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады, яғни олар басқа партиялардың үстінен билікке ие болады. Мұндай мүмкіндігі жоқ қалған партиялар өзлерінің конститутция құқығын, парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, өз мүдделерін қорғау мақсатында белгілі бір қоғамдық пікір тудырып, билеуші партияның саясатын сын көзбен бағалап, оған сырттай ықпал жасайды. Мұндай саяси партияларды оппозициялық партиялар деп атайды.

1. 3. Қазақстан Республикасындағы алғашқы партиялар

Қазақстандағы алғашқы саяси партиялар 20-ғасырдың басында пайда болды. Қазақ халқының ұлт зиялылары Қазақстанда қалыптасқан ауыр саяси, әлеуметтік- экономикалық жағдайдан шығудың жолын іздеп, Ресейдің конститутциялық- демократиялық партиясының қызметіне белсенді қатысты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында Ә. Бөкейханов сынды қайраткерлер 1917ж. Шілденің 21-26 аралығында Орынборда «Алаш» партиясының бірінші жалпықазақтық съезін өткізді. 1917жылы желтоқсанда Орынборда екінші жалпықазақ съезі шақырылып, онда Алашорда үкіметі құрылды. Бірақ 1918жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңес әскерлерінің күшімен талқандылып, «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері қуғын-сүргінге ұшырады. 1917 жылдың күзінде «Үш жүз» атты Қырғыз (Қазақ) социал партиясы құрылды. Ол большивиктер саясатына бағдар ұстап, «Алаш» партиясының қарсыласы болды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауымен большивикетрдің партиялық ұйымдары құрылып, билікке монополия орнатылды. Кеңес өкіметі тұсында жалғыз басқарушы партия Қазақстан Коммунистік партиясы үстемдік етті. Қазақстан егемендік алғаннан кейін саяси бағыт - бағдары әр түрлі қоғамдық- саяси құрылымдар құрылып, көппартиялық жүйенің негізі қаланды. 1990 жылдардың басында елде Ұлттық -демократиялық «Желтоқсан» партиясы, Қазақстанның социал партиясы, Қазақстанның Халық бірлігі партиясы, Қазақстанның дәуірлеу партиясы қызмет етті. 2002 жылы елімізде 16 партия тіркелді. Қазақстан Республикасның 2002 жылғы 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» Заңына сәйкес «Ақ жол» партиясы, Қазақстан азаматтық партиясы, Қазақстан аграрлық партиясы, республикалық « Отан» саяси партиясы, Қазақстан социал-демократ. Партиясы, «Ауыл» партиясы, Қазақстан комуннистік партиясы, Қазақстан потриоттар партиясы қайта тіркеуден өтті.

Қазіргі таңда 10 партия тіркелген. Олар:

  • «Нұр Отан» ХДП. Төрағасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. «НұрОтан» Республикалық саяси партиясы 1999 жылғы қаңтарда құрылды. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. Партияның әлеуметтік негізін бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, студенттер, ғылыми және шаруашылық зиялы қауы, шағын және орта бизнес өкілдері құрайды. Қазақстанның брлық облыстарында, Астана жән Алматы қалаларында «Нұр Отан» филиалдары бар. Пратияның әлеуметтік негізін бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, студенттер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, шағын және орта бизнес өкілдері құрайды. Басты мақсаттары негізінде партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесу; азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру; әлеуметтік әділеттілікті бекіту және елдегі тұрақтылықты сақтау; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту; азаматтардың отансүйгіщтік сезімі мен Қазақстан Республикасының жан жақты және үйлесімді дамуы үшін жауапкершілігін тәрбиелеу деп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы Мәжіліске сайлау қорытындылары бойынша партия 88, 41%дауысқа ие болды. Парламенттің төменгі палатасына партиялық тізім бойынша 98 депутат сайланды.
  • Қазақстан Коммунистік партиясы. Партияның бірінші хатшысы - Әбділдин Серікболсын. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 203 жылғы 20 наурызда қайта тіркеледі. ҚКП мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Республиканың барлық облыстарында партияның өз бөлімшелері бар. ҚКП мүшелері, негізінен соғыс және еңбек ардагерлері, жұмысшылар, зейнеткерлер болып табылады. Партияның негізгі мақсаты - республикада ғылыми соцализмнің қағидаттарына негізделген, еркіндік және әділеттілік қоғамын құру үшін жағдайлар жасау; коммунистік қоғамдық құрылыс құру деп есептейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауға Қазастан Коммунистік партиясы қатысқан жоқ.
  • Қазақстан Патриоттар Партиясы. Төраға - Қасымов Ғани Есенкелұлы. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелегн. Партияда 172 000 адам бар. Партия мынадай мақсаттарды көздейді: Қазақстан халықтарының ұлттық өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру: құқықтық демократиялық мемлекет, нарықтық экономикасы бар азаматтық қоғам құру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруда қатысуға тарту: елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары сапалы өмір сүруі үшін жағдайлар жасау және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда 0, 78 пайыз алып Парлмаентке өтпеді.
  • Қазақстан социал демократиялық «Ауыл» партиясы. Партия төрағасы - Қалиев Ғани. 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 61 043 адам құрайды. Қазақстанның барлық облыстарында партияның өз құрылымдық бөлімшелері бар. Өз мақсаттарымен партия аграрлық секторды мемлкеттік реттеуді және қолдауды күшейтуді; ауыл еңбекшілерінің мүдделерін қорғауды; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесуді; нарықтық қатынастардың негізделген нысандарын экономиканың барлық салаларында жүзеге асыруды; азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруды көздейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 1, 57 пайыз дауыс алып, Парламентке өтпеді.
  • Қазақстанның «Ақ Жол» Демократиялық партиясы. Төрағасы - Байменов Алихан. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің саны 175 862 адамды құрайды. Парияның мақсаттары: тәуелсіз, демокартялық және еркін Қазақстан. Негізгі құныдылықтары; демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттілік. Партия Қазақстанды одан әрі демократияландыру бойынша ұстанымдар жасау жөніндегі келісу комиссияларының жұмысына белсенді араласады. Мәжілістің үшінші шақырылымында партия 1 мандатқа ие. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 3, 09 пайыз дауыс алып, Парламенке өтпеді.
  • «Руханият» партиясы. Төрағасы - Жағанова Алтыншаш. Партия 2003 жылы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72000 адамды құрайды. Партияның әлеуметтік негізі - білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және мәдениет салаларының қызметкерлері, кәсіпкерлер және т. б. Өзінің басты міндеттері экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселерді шешу, адамгершілігі жоғары және рухани бай қоғамды дамыту деп есептейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 0, 78 пайыз дауыс алып, Парламенке өтпеді.

«Әділет» демократиялық партиясы. Төрағасы - Нәрікбаев Мақсұт. 2004жылғы 14 маусымда тіркелген. Мүшелерінің саны 70 000 адамды құрайды. Партияның филиалдары облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында жұмыс жасайды. Партия Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеумететтік мемлекет құруды, тиімді, озық және дамыған экономикалық жүйе жасауды, азаматтық қоғам қалыптастыруды өзінің басты міндеті деп есептейді. Мәжілістің үшінші шақырылымында бір мандаттық округ бойынша сайланған бір депутаты бар. 2007жылғы 8 шілдеде «Әділет» Демократиялық партиясының 5 съезінде оның Қазақстанның «Ақ Жол» Демократиялық Партиясына қосылуы туралы шешім қабылдады.

  • Қазақстан Коммунистік Халық партиясы. Бірінші хатшысы - Косарев Владислав. 2004жылғы 21 маусымда партия мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркелу сәтінде партия қатарында 90 000 адам болған. Партия қатарында жұмысшылар, кәсіпкерлер және т. б. Партияның саяси тұғырнамасына сай ҚКХК қызметінің негізінде қоғамдық дамудың жаңа жағдайларына бейімделген маркстік - лениндік идеология жатыр. 2007 жылы Мәжілеске сайлауда партия 1. 29 пайыз дауы алып, Парламентке өтпеді.
  • «Қазақстанның «Азат»партиясы. Төраға - Әбілов Болат. 2005 жылы тіркелді, мүшелерінің саны 97 157 адам. Партияның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында өз филиалдары бар. «Азат»- орташа таптың партиясы. Партияның мақсаттары - демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет пен ашық қоғам құру. 2007 жылғы 23 маусымда «Нағыз Ақ Жол» ҚДП -ның ІІІ съезінде Жалпыұлттық Социал демокаратиялық партияға қосылу туралы шешім қабылданады. 2007 жылғы 20 қазанда «Нағыз Ақ Жол» ҚДП-ның ІІІ съезінде бұрын қабылданған ЖСДП - ға қосылу туралы қаулысының күшін жою туралы шешім қабылданды. 2008 жылғы 29 ақпанда ІV съездің екінші отырысында «Нағыз Ақ Жол» партиясын «Азат» ҚДП деп қайта атау туралы шешім қабылданды, осы атаумен ол 2008 жылғы 11 сәуірде қайта тіркеледі.
  • Жалпыұлттық социал демократиялық партия, төрағасы - Тұяқбай Жармахан. 2006 жылы 10 қыркүйекте тіркелген, мүшелерінің саны - 140 000 адам. Барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында партияның өз филиалдары бар. Жалпыұлттық социал демократиялық партия өзінің алдына демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет, инновациялық экономка құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қойып отыр. Партия әлемдік социал демократиялық қозғалыстың құныдылықтарын, Еркіндік, Әділеттілік, Ынтымақтастық қағидаттарын Қазақстанның саяси тәжірибесінде жүзеге асыру бағытында дәйекті жұмыс жасауда. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 4. 54 дауыс алып, Парламентке өтпеді.

Саяси партиялар, сол сияқты оның құрамындағы адамдар өмірге түрліше келеді. Біреулер халық тобының терең де жан-жақты ойластырылып, сараланған шешімдерінің нәтижесінде дүниеге келсе, басқалары - өзінің қара басы үшін, үшіншісі - тіпті, қандай да бір кездейсоқ немесе бір реттік популистік акцияның салдарына айналады.

Әсіресе, 90- жылдарда, яғни орталық газеттердің бірі жазғандай «шынайы экономика мен әлеуметтік саладағы қиын жағдайда, тіпті, үкімет мүшелері арасындағы қайшылықтар жағдайында» осы бір көрініс етек алған болатын. Ал атқарушы органдары болса, өз ісімен айналысудың орнына басқару тізгініне тартысты. Нәтижесінде, мысалы «қауіпсіздік азығының коэффиценті, ҚР Экономикасы мен агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру Ұлттық зерттеу институтының мәліметтері бойынша 65 пайызға қысқарды».

Бұл дегеніміз, сол уақыттағы шаруашылық миллиардтаған айналым қаражатынан айырылғанын көрсетеді, бір жылдың ішінде ғана ірі қара малдың басы бір жарым миллионға азайып, «қайта құру дәуірінің » талқанына түскен қазақстандық экономиканың басқа салаларындағы өндірістік көрсеткіштер бірден құлдырап кетті.

Сол уақыттағы жас саясаткерлеріміздің бірі Қазақстанда «өткен саяси партиялары» мен «болашақ партиялары» қалыптаса бастады деп ой қорытқаны дұрыс болар. Алғашқылары ескіге қайта оралғылары келіп, қияли «жарқын» өткенді «жаңғыртуды» ұсынды. Екіншілері болса « жарқын болашақты» уәде етті. Қайсысы болмасын « көкжиек сағым идеалдарын уәеде етті. Сағым болса табиғатынан тылсым дүние - оған жақындаған сайын, ол қашықтай түседі . . . Ең негізгісі белгісіз болды, Қазақстанда бүгіннің саяси ұйымдары бар ма, жоқ па?»

Оның ойынша, мифтік өткен мен болашақтың емес, «өткен кезең - осы кезең - болашақ» схемасындағы осы шақтағы саяси ұйым ретінде теңдесетін күш қана осындай реформаторлық стратегияны іске асыратын қоғамдық субъект бола алады . . .

ІІ Қазақстан Республикасындағы ең ірі саяси ұйым, көшбасшы партия

2. 1 «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясының тарихи жылнамасы мен жарғысы

«Нұр Отан» ХДП-ның төрағасы - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

«Нұр Отан» Халықтық Демокартиялық партиясы - бұл, қазақстандықтардың бүгінгі және болашақ ұрпақтарына лайықты өмірді қамтамасыз етуді өзінің басты мақсаты етіп қойған Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті түрдегі бірлестігі.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының қалыптасуы мен дамуының барлық тарихы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетың есімімен тығыз байланысты. Оның тікелей басшылығымен партия елдің жетекші саяси партиясына айналды, ауқымды демократиялық реформаларды жүзеге асыруға қатысуда, қазақстандықтардың құрметі мен абырой-беделіне ие болды. Н. Ә. Назарбаев «Нұр Отан» ХДП-ның идеялық жігерлендірушісі болып табылады, партияның пайда болуы мен қалыптасуының бастау көзінде тұрды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Партия – саяси институт ретінде
Саяси партиялардың қоғамда алатын орны
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері
Саяси партиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Саяси партиялардың пайда болуы ,құрылысы
Қоғамдық бірлестік
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасындағы саяси партияларға түсінік
КСРО-ның тарап кету себептері
Мемлекет және қоғамдық бірлестіктер. Саяси партия қоғамның саяси жүйесінің элементі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz