Көші - қонның шарықтау шегі


«Қазақстан Республикасындағы мигранттармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I БӨЛІМ. ҚОҒАМДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР РӨЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Миграция процестерін теориялық талдау . . . 6
1. 2 «Миграция» түсінігі мен пайда болу тарихы . . . 12
1. 3 Қазіргі көші-қон процестерінің мәселелері . . . 22
1. 4 Қазақстандағы әлеуметтік көші-қонды реттеу жұмыстарының мазмұны . . . 34
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨШІ - ҚОН МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІ ЗЕРДЕЛЕУ ӘДІСТЕРІ
2. 1 Әлеуметтік жұмыстағы мигранттармен жұмыс жүргізу жолдарын зерттеу мақсаты, болжамы, пәні, нысаны, міндеттері . . . 48
2. 2 Әлеуметтік жұмыстағы мигранттармен жұмыс жүргізу жолдарын зерттеу мәліметтерін талдау . . . 51
2. 3 Зерттеу нәтижелері және олардың талдаулары . . . 53
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60
ҚОСЫМШАЛАР
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Еліміз егемендігін алып, халықаралық қауымдастық деп аталатын ұлы мұхитқа еңселеп енгелі неше түрлі терминдермен күнделікті өмірде тікелей жолығатын болдық. Соның бірі «миграция, мигрант» деп аталады. Қазақстан шекараны ашқаннан бастап-ақ байтақ дала да, азғантай қала да мигрант дейтінге тола бастады. Бір көңіл аударарлығы БҰҰ мигранттарға жағдай туғызуды әлемнің барлық мемлекеттерінен бірдей талап етеді. Олардың жүріп-тұруына заң бұзылмаса, тосқауыл болмауы тиіс. Бір елдің азаматы екінші бір жерде жұмыс істеуге құқылы. Әрине, бұл мәселе төңірегінде үкіметаралық нақты келісімдер болуы қажет. Бұл заңды миграция деп аталады. Ал заңсыз миграция бұл күндері ешқандай мемлекеттің әлі келмейтін үлкен тасқынға айналды. Сол әлсіз мемлекеттердің бірі - Қазақстан болып тұр. Дәл қазір Қазақстанда қанша мигрант жүргені белгісіз. Заңдылары мемлекетаралық келісім бойынша тіркелген. Ал тіркелмеген заңсыз мигранттарды құқық қорғаушылар қайта-қайта тауып, елден қуып жатады. Бірақ олар таусылатын емес секілді. Бізге белгілісі еселенген қарқынмен жүріп жатқан құрылыс нысандарында негізінен мигранттардың жұмыс істейтіні. Базарлардағы қосалқы шаруаларда да мигранттар еңбегі пайдаланылады. Темекі өсірушілердің көбі мигранттардан көмекші ұстайтыны баршаға белгілі. Не керек, мигранттардың арзан еңбегі пайдаланылмайтын жерді табу қиынға айналып бара жатыр[15] .
Еліміздің сонау ғасырлар қойнауында жатқан өткені мен бүгінгі тәуелсіздік туын көтеріп, егемендік жариялаған заманы арасында азаттық үшін жан қиярлық табанды күреске толы қаншама оқиғалар болғаны белгілі. Соның ішінде өткен 20 ғасыр отандық тарихымызға үлкен өзгерістер енгізген дәуір ретінде кіргенін тілге тиек ету керек. Бұл ғасыр қазақ елі үшін қанша қасірет пен зобалаңға толы уақыт десек те, ғасырлар бойы бостандықты ту етіп, егемендік үшін күрескен халқымыздың мақсатына - тәуелсіздікке жеткен уақыты болды.
Біз өз тарихи отанымызда ежелден бері қоныстанып отырған түп қазық - халықпыз. Қазақты басқа бір жермен немесе басқа бір жат елмен этнос ретінде байланыстыратын ешбір тарихи негіз жоқ. Ал, екінші жағынан, шетелдердегі біздің қандастарымыз қайдан шықты, сол елдерге қалай барды деген сауал да біздің әрқайсымызды ойландырса керек.
Біз әлі өркениетті ұлт ретінде толық қалыптасып, етек-жеңімізді жиып үлгерген жоқпыз. Шартараптағы бауырлардың басын қосып, ата-бабаларымыз өмір бойы аңсап өткен қазақ мемлекетін құрып нығайту - тек зиялылардың ғана емес, барша қазақтардың абройлы да ардақты борышы. Мұндай күрделі де ауқымды, ұлттық мән мағынасы зор үрдіске қалай болса солай қарауға хақымыз жоқ.
Қоғамдағы көші-қон үрдісі аумағындағы мәселелерді шешу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып отыр. Қазіргі уақытта оларға назардың күшеюі сыртқы, сондай-ақ ішкі сипаттағы себептермен байланысты.
Қазақстандағы 20-ғасырдың 90-жылдарындағы бірден қиындаған демографиялық жағдай табиғи өсімнің төмендеуінен, республикадан халықтың белсенді көші-қонуы, туудың төмендеуі және өлімнің өсуінен көрінді. Соңғы он жыл ішінде Қазақстан халқының саны бір миллионнан астам адамға кеміді. Сәтсіз демографиялық үрдістердің ішінде халықтың көші-қоны ерекше орын алады. Осы және тағы да басқа құбылыстарға байланысты біздің елімізде қазіргі таңда көші-қон мәселесі өзектілікке ие болып отыр. [4] .
Бүгінгі таңдағы көшіп қону процесі мемлекеттердің, тіпті дүниежүзілік өркениеттің өрлеуіне әкеледі.
Осы процестің жылжуына 1948 жылы қабылданған «Адам құқықтарының жалпы декларациясы» аса үлкен ықпал етеді. Себебі, бір елдің ішінде немесе мемлекеттер арасында еркін қоныс аудару құқығы адамзат баласының жеңіп алған ең негізгі құқықтарының бірі болып табылады. «Адам құқықтарының жалпы декларациясы» барлық мемлекеттер үшін заңды түрде міндетті құжат болмаса да, осы құқық туралы ең алғаш айтылған құжат. Сөзіміз дәлелді болу үшін қабылданған «Адам құқықтарының жалпы декларациясының» 13-бабында былай делінген:
- Әрбір адамның еркін қозғалуына және кез келген мемлекеттің негізінде өзіне тұрғылықты жер таңдап алуына құқығы бар.
- Әрбір адамның кез келген мемлекетті, сонымен қатар өз мемлекетін де, тастап кетуіне және өз мемлекетіне қайтып оралуына құқығы бар [2] .
Қазақстанда болып жатқан ішкі көші-қон аумағындағы үрдістердің ерекшелігі әзірге ғылыми зерттеулерде, басылымдарда, статистикалық мәліметтерде тиісті бейнесін тапқан жоқ.
Әлеуметтік зерттеулер мен көші-қон саясаты бағытындағы жұмыстар үлкен қажеттілікке ие. Бұл мәселені теоретикалық қарастыру арқылы біз дипломдық жұмыстың сонында көші-қон жұмыстарын ұйымдастыруда бірқатар ұсыныстар келтірдік.
Зерттеу жұмысының нысаны: қоғамдағы мигранттардың әлеуметтік мәселелері танылады.
Зеттеу жұмысының пәні: Еліміздегі көшіп-қонушылардың әлеуметтік мәселелерін реттеу жұмыстары.
Зерттеу жұмысының мақсаты: қоғамдағы әлеуметтік көші-қон мәселелерін қарастыра отырып, олардың шешу жолдарын анықтау және де көші-қон саясатына тереңірек тоқталып, Қазақстандағы өзекті құбылыстардың бірі болып отырған мәселелерін теоретикалық талдау жасау.
Қойылған мақсатқа жету және зерттеудің болжамын тексеру үшін келесі міндеттер белгіленеді:
- Әлеуметтік көші-қон мәселесін теориялық тұрғыда зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы көші-қон мәселесінің тарихы мен қазіргі таңдағы жағдайына тоқталу:
- Қазақстандағы көші-қонды реттеу жұмыстарының ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеу жұмысының болжамы: көші-қон саясатындағы әлеуметтік реттеу жұмыстары талапқа сай жүргізілсе және қоныс аударушылардың құқықтық белсенділігі жоғары болса, әлеуметтік жұмыстың тиімділігі жоғары болар еді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: отандық және шет елдік демография, саясаттану, әлеуметтану ғылымдарындағы көші-қон мәселесіне теориялық талдау жұмыстары құрайды.
Зерттеудің практикалық құндылығы: Еліміздегі мигранттармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жөніндегі зерттеу жұмыстарына қатысты мағлұматтар әлеуметтік жұмыс, әлеуметтану, саясаттану, және заң саласы үшін маңызды болып табылады.
Зерттеу базасы: Астана қаласы көші-қон полициясы мемлекеттік мекемесі
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Зерттеу жұмысында кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады. Кіріспе зерттеу өзектілігі, мақсаты, міндеттерінен құралады.
I БӨЛІМ. ҚОҒАМДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР РӨЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Миграция процестерін теориялық талдау
Халық қоғамның өндірістің күшінің негізгі қайнар көзі болып табылады. Тұрғындардың саны, жыныстық, ұлттық құрамы, білім деңгейі және шаруашылығы туралы мәліметтерді дұрыс білмей, елде дұрыс демографиялық саясатты жүргізе алмаймыз.
Қазіргі Қазақстанда демографиялық процестерді зерттеу тек қана ғылыми жағынан өзекті емес, сонымен қатар тәжірибелік жағынан да маңызды.
Көші-қон мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтік - демографиялық құрылымды талдау - қазақстандық ғалымдардың толық кешенді маңызды тапсырмасы.
Республикадағы демографиялық жағдайды талдау барысында Қазақстанның даму ерекшеліктерін ескеретін эффективті демографиялық саясатты жүзеге асыруда және өңдеуде қалыптасқан мәселелер қатарына назар аудармауға болмайды.
Демографиялық зерттеулер қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-демографиялық жағдайға тікелей және жанама әсер етеді, өтпелі кезеңде экстремалдық жағдайда әлеуметтік-демографиялық жетістіктерге байланысты болады.
Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы әлі зерттелмеген немесе тарих ғылымдарында орын алмаған көптеген нақты тарихи мәселелерді тапты. Бұл ішкі республикалық көші-қон және басқа да ТМД едеріндегі көші-қонның өсуі, денсаулық сақтаудағы жағымсыз жағдайлар, халықтың біліміне қатысты жағымсыз жағдайлар, жұмыссыздық, Сонымен, ғалымдардың алдында тезірек шешілуі керек мәселелер қатары қалыптасты.
Жастарды Отанға деген махаббатқа, халқына деген мақтанышқа тәрбиелеу керек. Егемен Қазақстанның балық халықтарын және ұлтын қосатын жастарды достастық пен бауырластық сезімін тудыруға тәриелеу.
Қазақстан Республикасының тұрғындарының саны, құрамы және орналасуы туралы сұрақтар зерттеушілердің назарына бұрыннан ілікті. Республиканың халқы бойынша барлық ғылыми әдебиетті үш топқа бөлуге болады. Біріншісіне, Кеңес Одағы халқы, соның ішінде Қазақстан Республикасы халқы да жатады.
Демек, мемлекеттердегі көші-қон үрдістерін, жалпы жаңадан пайда болған қоғамдардағы көші-қонның аяқ алысы мен даму ерекшеліктерін зерттеу ісі, бірінші кезекте, бірқатар осы заманғы батыс ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқаны белгілі. Шетелдік саяси ой шеңберінде көші-қон, демография сияқты әлеуметтік феномен мен саясат арасындағы байланысқа алғаш рет ден қойған Т. Мальтус және У. Петти сияқты ғалымдар еді. Олардан басқа көші-қон феноменінің қауіпсіздік мәселесімен байланысын жүйелік талдаудан өткізген Е. Ротшилд, С. Линкольн, С. Гиртс, ал көші-қон меселесінің әдістемелік астарын ашқан Л. Анри, А. Блюм сынды зерттеушілерді алға тартуға болады.
Сонымен бірге көші-қон мәселесінің концептуалды түрде негізделуіне ресейлік ғалымдардың да қосқан үлесі аз емес. Бұл Ресейдің ұлан-ғайыр территориясында, оның геосаяси ерекшелігі арқасында орын алған көші-қон үрдістерінің күрделілігімен байланысты болса керек. Бұл ретте Л. Н. Гумилев, Л. В. Андриченко, В. А. Ионцев және басқа да ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерін алға тартқан жөн [2] .
Шын мәнінде ресей ғалымдарының көпшілігі көші-қон мәселесін этноәлеуметтік феномен ауқымында қарастырады. Мәселен, С. Панарин, О. Г. Буховец, Ж. А. Зайончковская сынды зерттеушілердің еңбектерінде көші-қон үрдісінің әлеуметтік астары қамтылса, Н. В. Алисов, О. И. Брусина, О. Д. Воробьевалардың зерттеулерінде оның этносаяси аспектілері қарастырылған [3] .
Ал енді отандық саяси ой саласына келер болсақ, көші-қон, демография мәселелерінің маңызды мәнге біз ойлағаннан көп бұрын ие болғанын көреміз. Бұл ретте Қазақстанда алғаш рет көші-қон мәселесіне орай арнайы зерттеулер жүргізгендер Ә. Бөкейханов пен М. Тынышпаев деп айтуға толық негіз бар. Олардың еңбектерінен қазақ ұлтының демографиялық хал-ахуалына деген көзқарастар мен оны түзету туралы ұсыныстарды көруге болады.
Қалай десек те, осы заманғы отандық саяси ғылым шеңберінде көші-қон, демография саласын зерттеудің негізін қалаушылар болып М. Б. Тәтімов, Н. В. Алексеенко, Ә. Б. Ғали аталады.
Сонымен қатар, Қазақстандағы заңсыз көші-қон үрдістері туралы зерттеуші Е. Ю. Садовскаяның, көші-қонның ұлттық, этникалық астарын ашатын Б. Әбдіғалиевтің, ішкі миграция, яғни Қазақстандағы ауыл мен қала арасындағы көші-қон меселесіне арналған А. Забированың еңбектерін атап өткен жөн. Бұдан басқа көші-қон меселесін тиімді жүргізудің ұлттық идеяны қалыптастырудағы маңызы туралы С. Мұсатаевтың, тіл саясатын қалыптастырудағы ролі туралы Г. А. Базарбаеваның, маргинализмнің Қазақстанның әлеуметтік-саяси жаңғыруындағы орны туралы, А. А. Әмірованың, ТМД елдерінен кеткен интеллектуалды мигранттар туралы А. М. Садықовтың, көшпенділік феноменін талдаған Б. А. Тлеповтың диссертациялық жұмыстарында қарастырылғандығын атап өткен жөн [5] .
Ал енді жалпылай алғанда, отандық ғылым өкілдерінен аталмыш мәселе Қазақстанның белгілі ғалымдары мен зерттеушілері Р. Б. Абсаттаровтың, Е. М. Ишмұхамедовтың, Қ. Е. Нарматовтың, Н. В. Романованың, Т. С. Садықовтың, И. С. Сәрсенбаевтың, К. Л. Сыроежкиннің еңбектерінде қарастырылады.
Кеңес Одағы кезінде еліміздің халқының орналасуының мәселелері туралы ең бірінші еңбек деп Л. Дубровскийдің «Кеңес Одағы халқының орналасуы» (бүкілодақтық 1939 жылғы халық санағы бойынша) брошюрасын жатқызуға болады. Халықтың орналасуы жөніндегі ғылыми әдебиеттер соңғы қырық жылда едәуір көбейді. Бұл А. Исуповтың «КСРО халқының ұлттық құрамы», А. И. Гозлувтың, М. Г. Григорянцтың «КСРО халқының орналасуы» (тығыздықтың, санның, құрамның статистикалық зерттелуі), В. И. Козловтың «КСРО-ның ұлттылығы», «Этнодемографиялық бейнелеу», «Этникалық демография», С. И. Бруктың «КСРО-дағы этнографиялық процесстер», А. С. Московскийдің, В. А. Юсуповтың «Сібір қалалаындағы халықтың құрылуы», онда Қазақстан халқының ұлттық құрамы және санының динамикасы туралы статистикалық мағлұматтар берілген.
Екінші топқа халықтың орналасуы бойынша қазақстандық ғалымдар жатады. Алғашқы жұмыс ретінде 1926 жылдағы аймақтың халық санағымен шектелген А. Доничтің «Қазақстан тұрғындары» атты мақаласы жатады. Осы мақаладан кейін 70 жылдарға дейін аймақтың тарихи әдебиетінде бұл мәселе талқыланбады. 1961 жылы Г. Макимовтың халықтың орналасуының мәселесін өңдеуді кеңестік ғалымдар аз қарастырған.
70-80 жылдары Қазақстанның революцияға дейінгі демография мәселелерін қарастырған жұмыстар тізбесі пайда болды. Н. Е. Бекмахановтың «Қазақстандағы және Солтүстік Қырғызстандағы көпұлтты халықтың құрылуы (XVIII ғасырдың 60 жылдары - XIX ғасырдың басы) », «Капитализм эпохасындағы Қазақстан мен Қырғызстанның көпұлтты халқы (ХІХғ. 60 - 1917 ж. ) », Н. В. Алексеенконың «Революцияға дейінгі Қазақстанның халқы (1830-1914 жж. саны, құрамы, құрылымы) », А. Ғалиевтің «Қайтақұрылым» кезеңінің соңында Қазақстан тұрғындары: саны, ұлттық және әлеуметтік-кәсіби құралы» атты Декларациясында, 1926 жылғы тұрғындардың Бүкілодақтық санағының материалдарының негізінде, мұрағатты және әдеби қайнар көздермен халықтың құрамы үш аспектіде қарастырылады: этнографиялық, тұрғындардың мінездемесі және әлеуметтік-кәсіби деңгейі. Автордың айтуынша, Қазақстан тұрғындарының динамикасы тарих, шаруашылық-тұрмыстық, табиғи-климаттық, этно-демографиялық, әлеуметтік-кәсіби және тағы басқа факторлардың өзара әрекеттесуі мен қиын саяси және экономикалық жағдайд қалыптасқан. А. Ғалиев басты назарын қазақ және орыс тұрғындарының жастық-жыныстық құылымын зерттеуге бөледі. Қазақтардың отбасы құрылымына, тұрғындардың географиясына, әлеуметтік құрылымына және кәсіби құрамына талдау жасаған.
Көші-қон мәселесін зерттеу қиын және ол көптеген философтардың, экономистердің, социологтардың, демографтардың бірігіп жұмыс істеуін талап етеді. Сондықтан авторлар өздеріне төмендегідей міндеттерді қойды:
- Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты екендігін көрсету;
- халықаралық және ішкі республикалық миграцияның қала және ауыл халқына әсерін байқау;
- тұрғындардың сапалық мінездемесі қалай өзгеретінін көрсету, яғни оның әлеуметтік, кәсіби құралы, білім деңгейі;
- миграциялық тұрғындардың ұлттық құрылымның өзгеруіне ықпалын көрсету;
- халықтың денсаулығына және біліміне назар аудару;
- өнеркәсіптің химиялық және ядролық өндірістің экологиялық жағдайға әсер етуі.
Жұмысты жүргізуде маңызды кайнаркөздер болып, Қазақстан Үкіметінің экономикалық, әлеуметтік, ұлттық және демографиялық жылнамалары, мұражайлық құжаттар мен мерзімдік басылымдар табылады.
Санақ мәліметтерін зерттеуде, қорытындылауда, өңдеуде нақты қиыншылықтар кездесті.
Негізінде біз үшін маңызды құжаттар ол демографиялық жылнамалар, статистикалық жинақтар. Бұл басылымдарда Қазақстан және облыстар бойынша тұрғындардың нақты саны, нақты қозғалысы, миграция, туу мен өлу, неке мен ажырасу туралы мәліметтер беріледі. Көптеген мәліметтер алдыңғы көрсеткіштермен салыстырылады. Статистикалық материалдар - мәліметті талдау үшін маңызды қайнар көз болып табылады. Бірақ та мұнда статистикалық қате кетуі мүмкін. Бұл статистикалық зерттеулер аймақтың бөлек территорияларында келушілердің, кетушілердің, туу санының санағының дұрыс жүргізілмеуіне байланысты. Қазақстан Республикасында көші-қон және демография мәселелеріне қызығушылық танытатын ғалымдар қатары төмендегідей: Ж. Н. Асылбекова, И. С. Қуандықова, С. Б. Ғалиев, А. Ш. Айтаев, М. Б. Тәтімов, Ю. И. Романов, Т. С. Кулаев.
Қазақстанда ХХ ғасырдың соңында күрделі өзгерістер болды. 1991 жылдан бастап республика тәуелсіз ел ретінде өзіндік саясат жүргізе бастады. Соның бірі Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты. Себебі көші-қон үрдістері елдегі мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, экономикалық және демографиялық жағдайларға әсерін тигізеді. Ал қазіргі кездегі көші-қон үрдістерінің негізі кеңестік дәуірде қалыптасқан көші-қондық үдерістермен тығыз байланысты. Сондықтан кеңес кезеңіндегі көші-қон саясатының ерекшелігі, мемлекеттік деңгейде жүргізілген қоныстандыру үдерістері мен оның нәтижелерін зерттеу қазіргі мемлекеттік көші-қон саясатын жүргізу үшін де қажетті. Қоғамның дамуына теріс әсер ететін қолайсыз демографиялық жағдайларды шешудің бір бағыты - қуатты көші-қон саясатын жетекші артықшылықтар қатарына қосу. Сондықтан біздің жас мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықта демократиялық бағытта дамушы ел деп танылуымен бұл мәселенің өзектілігі арта түсуде.
Кеңестік мемлекеті ыдырап, тәуелсіз Қазақстан республикасының қалыптасуы кеңес дәуіріндегі тарихи процестерді саралауға, оның ішінде қоныстандыру мен көші-қон мәселелеріне ғылыми тұрғыдан баға беруге жол ашты. Кеңес дәуіріндегі қоныстандыру мен көші-қон үрдістерінің демографиялық қана емес біртұтас мемлекеттік билік тарапынан жасалынған іс-шаралар екендігі айқындала түсті. Себебі қоныстандыру үрдісінің жүргізілуі халықтардың көші-қонына әкелетіндігі заңдылық еді. Ал көші-қон қозғалысының халықтың әлеуметтік жағдайының өзгеруіне, психологиялық ахуалына әсері болады. Соңғы кездері елiмiздiң демографиялық даму үдiстерiн зерттеуге, көшi-қон үрдiстерiнiң барысы мен салдарын талдауға көп көңiл бөлiнiп жүр. Себебi ұлттық еркiндiктi сақтап қалу, тәуелсіздік тұғырын нығайту үшiн ең нәзiк те маңызды мәселелер қолға алынуда. ХХ ғасырдың соңына қарай еліміздегі көші-қон, әлеуметтік-демографиялық мәселелер мемлекеттік дәрежеде қарастырыла бастады.
Қазақстан Республикасындағы көші-қон үрдісі аумағындағы мәселелерді шешу мемлекеттік саясаттың басты бағыттырының бірі болып отыр. Жалпы көші-қон процестері мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты, қоғамдағы күрделі әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен тығыз байланысты екендігі белгілі. Біздің еліміздегі халықтың миграциясын зерттеу мәселесіне келер болсақ, ол мынандай үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең: ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-шы жылдарын құрайды. Бұл кезеңде мынандай еңбектер жарық көреді, олар: И. Л. Ямзиннің «Шаруалардың босау кезінен бастап Ресейдегі қоныс аударулар» (Киев, 1912), В. В. Оболенскидің «Соғысқа дейінгі Ресей мен КСРО-ғы халықаралық және континент аралық миграциялар» (Москва, 1928) және т. б.
Екінші кезеңде (1930-1950 жж. ) миграцияны зерттеу, басқа да ғылымдар мен бағыттарды зерттеу тәрізді оңдаған жылдарға дейін зерттелмей қалады. Бұл кезеңде социализм дәуірінде миграция жоспарлы түрде жүргізіледі, сондықтан да оны зерттеудің қажеттілігі жоқ деген түсінік қалыптасады. Осыған байланысты 1939 және 1959 жылдардағы жүргізілген халық санағының санақ парақтарына миграция туралы сұрақтар да енгізілмейді.
Үшінші кезең 1960-шы жылдардан бастау алады, бұл кезеңнен бастап халықтың миграциясын зерттеудің жаңа дәуірі басталды. Миграцияның әр түрлі аспектілеріне арнаған, алдыңғы қатарлы демограф ғалымдардың еңбектері жарияланды, олар В. И. Медков, А. Я. Кваша, В. А. Ионцев, Г. С. Витковская, Н. М. Римашевская, т. б.
Н. В. Романованың «Этнополитические процессы в РК» атты еңбегінде Қазақстан Республикасындағы этноәлеуметтік процестер саяси аспектіде қарастырылады. Мұнда Қазақстандағы этносаралық сенімді бұзбау керектігіне, келісім, өзара көмек қажет екендігі және қоғамдағы бірлесуге миграциялық мінез - құлық басты ықпал ететін факторлардың бірі болып табылатындығы атап өтіледі [43] .
Г. М. Меңдіқұлованың «Исторические судьбы казахской диаспоры на протяжении ХVІ-ХХ вв. и современное ее состояние» деген тарихнамалық еңбегінде қазақ диаспорасының т. б. әлем елдеріне таралуы, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің еңбек миграциясы, 1990 жылдардағы қазақтарды репатриациялау және қазақ диаспорасының этникалық бірегейлігінің сақталуы проблемасы зерттелген [30] .
Е. Ю. Садовскаяның «Миграция в Казахстане на рубеже ХХІ века: основные тенденции и перспективы» атты еңбегінде Қазақстандағы 1990-шы жылдардағы миграциялық процестер жан-жақты талданып, миграцияның Қазақстандағы жаңа типтері атап өтіледі [44] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz