Жас отбасының негізгі ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ЖАС ОТБАСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
1. 1 Отбасы ұғымы. Қызметі мен құрылымы 5
1. 2 Отбасын танудың теориялық бастаулары 10
1. 3 Жас отбасының негізгі ерекшеліктері 16
2 ЖАС ОТБАСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ӘДІСТЕРІ
2. 1 Жастарды отбасылық өмірге дайындаудың отандық және
шетелдік тәжірибесі 28
2. 2. Студент жастарды неке - отбасы қарым - қатынасын
қалыптастыруға дайындаудың негіздері 32
2. 3 Жас отбасының қазіргі өтпелі кезеңдегі өзекті мәселесі 36
2. 4 Қазақстандағы отбасы саясаты 50
ҚОРЫТЫНДЫ
62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
65
КІРІСПЕ
Қазіргі отбасы өзімен - өзі қайнап жатқан әлем. Ал ол болса - көптеген жақсылықтар, қателіктердің жемісі.
Отбасы барлық уақытта ежелгі философтардан бастап қазіргі заманғы ғалымдардың зерттеулерін қоса алғанда, озық қоғамдық ойлардын, ілгері саяси және қоғамдық қайраткерлердің басты назарында әлі күнге дейін болуда.
Бүгінгі күні отбасы әлеуметтік институт ретінде, әлеуметтік мәдени өзгерістер ішінде маңызды орын алып отыр. Қоғам отбасының қарапайым түрде көбеюі мен жаңа ұрпағын әлеуметтендіру қызметін орындауы кезіндегі мұқтаждығын, мүдделігін білуі қажет. Әлеуметтік институт ретінде тек отбасы ғана қоғамды еңбек ресурстарымен, әлеуметтік ролді орындаушылармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қоғамдағы отбасының ең басты негізгі қызметтері болады. Олар: дүниеге адам әкелу, әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу. Отбасы қоғамның бір институты болғандықтан әрқашан үздіксіз қозғалыста болады. Сондықтан бұл маңызды салалардың бірі болып және әлеуметтік жұмыстың басты объектілерінің бірі болып табылады.
Отбасы өмірі рухани және материалдық процестермен анықталады. Отбасы арқылы адамдардың ұрпақтары жалғасып отырады. Отбасы, оның құрылымы мен қызметі тікелей қоғамның қатынастарына толығымен тәуелді.
Қазір отбасы өрістеудің күрделі кезеңінің - дәстүрлі үлгіден жаңаға ауысу үрдісін бастан кешіріп отыр. Отбасы құрылымы, оның қызметі, билік жүйесі, отбасылық роль, жұбайылардың функционалды тәуелділігі, отбасыдағы бала жағдайы өзгеруде, ал бұл өз кезеңінде әлемдегі отбасы түрінің өзгеруіне алып келді. Бала туу төмендеп, ажырасу саны өсіп, жалғыз басты адамдар саны көбейіп, әйелдердің эмансипациясы отбасынан бас тартуға әкеліп, бұл өз кезегінде қоғамның ұдайы өндіріс қызметіне ықпал етті.
Отбасы - ол алғашқы және негізгі қоғамдық орта, онымен адамзат байланысады және ол моралдық баға жүйесін, тәртіп нормасын қалыптастырады, сонымен қатар қоршаған орта және өмір жолында кездесетін құбылыстың маңызы туралы білімді жеткізеді.
Ерекше көмекті қажет ететін отбасылар санатына біз бірінші орынға жас отбасын қоямыз. Жаңарған қоғамда «жас отбасы» терминінің пайда болуы үшін көптеген уақыт пен күш жігер керек болды. Бұл отбасының ерекше түрінің қалыптасқандығын айтпайды. Оның мәселелері жаңашыл отбасының негізін құратын мәселелерге кіреді. Сондықтан да жас отбасыға деген қарым-қатынас толығымен отбасы институтына қатысты жүргізіліп жатқан әлеуметттік саясатпен анықталады. Сонымен қатар, жас отбасының қоғам өміріндегі ерекше маңыздылығы мен ерекше функцияларын да елемей қоюға болмайды. Оны біз оның инновациялық әлеуеттілігі, өмір сүру мен қызмет стилін анықтау кезінде түсініп, көруіміз тиіс. Жас отбасы мәселесін тек осы уақыттағы ғана емес, сонымен бірге болашақ қоғамның өмір сүру қызметінің барлық салаларында да қарастыруымыз керек.
Қазіргі заманның отбасы, оның ерекшеліктері тұтасымен қазіргі кезеңнің ерекшеліктерімен алдын-ала келісілген, ол неғұрлым жаңа мәселелермен кездесті, адамның өміріне қажетті көптеген қызметтерді орындау мүмкіндігінің біраз дәрежесінен айырылды, көптеген жағдайда басқа әлеуметтік институттармен ұзаққа созылған ала ауыздылық күйіне енді және жаңа дағдарыс табалдырығын аттады.
Терең әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың нәтижесінде халықтың көптеген бөлігі кедейлік шекарасында қалып қойды. Адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру құрылымында мағыналы деформация болды. Қазіргі таңда аз қамтылғандардың тобына көп балалы және толық емес, жұмыссыз отбасылар ғана емес, сонымен бірге жастардың, студенттердің отбасылары, кішкентай балалары бар отбасылар да кіруде. Ерекше көмекті қажет ететін отбасылар санатына бірінші орынға жас отбасы қойылған. Бұл бүгінгі таңда жас отбасы мемлекетпен қалай қорғалған, оның өмірін жақсарту үшін не істеу қажет деген сұрақтарды қарастыру керектігін анықтайды.
Бітіру жұмыстың өзектілігі. Біздің қоғамымызда жастарды отбасылық өмірге дайындайтын арнайы бағдарлама жоқ. Жас отбасыларды мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларының жетіспеуі жастарымызда күйзеліске әкеп соқтырады. 90-шы жылмен салыстырғанда Қазақстанда үйлену мен бала туу үш есеге азайыпты. Осылайша өзі де азайған жас жұбайлардың міндетті түрде жартысы ажырасады. Мұндай жас отбасылардың ажырасуның себептері - ерлі-зайыптылық өмірге дайындықтың жоқтығы, тұрмыстық жағдайға қанағаттанбаушылық, үйлену тойынан кейін тұрғын үйдің болмауы, ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасына туыстарының араласуы болып табылады.
Халықаралық саясатта жаңалықтарды жасайтын, жалпы тарихты жетектеп жүргізіп келе жатқан барлық мемлекеттер күмәніміз болмасын халқы көп, көп болған соң да айбарлы, аруақты мемлекеттер. Біз осы тарихтың тұтқасын қалай ұстау керек, сөйтіп халықаралық саясаттағы жаңалықтарды қалай тудыру керек, яғни қалай көп болу керек соны айтамыз. Әлбетте, бәрімізге белгілі, көбею үшін жастар тез үйлену керек, төрт баладан кем болмау керек. Бұлай деу бірінші тым қарапайым, қарабайыр естіледі, екіншіден, жастар мұны өздері де біледі. Біз үйленіп, бала сүю үшін алдымен жастардың қандай құндылықтар мен қасиеттерді жүрекке жинау керектігін ғана айтамыз. Қысқасы жүрек оянбай отбасы институтының құндылығын білу, сезіну мүмкін емес. Өйткені, отбасын құру үшін үлкен, жылы жүрек, өзінің басын күттеуден гөрі біреудің, яғни әйелінің, баласының жағдайын көп ойлайтын жан жомарттығы керек.
Қазір жалпы халыққа шаққанда үйленгендер саны 50 пайыздай. Бірақ, бұл көрсеткіш те жылдан жылға кеміп барады. Оның үстіне азаматтық неке деген шыққан. Бұл заңды, салауатты отбасын құратын болашақ отбасылардың анасын, немесе күйеуін алдын-ала былғап, құртып, балалы ғып кететін ең қорқынышты дерт. Ең көп ажырасатындар осы ешкімге айтпай бірге тұрып алатындар екен. Махаббат деген мифпен мас боп жүріп, ақыры бірге тұрып алады. Психологтардың айтуынша ғашықтықтың табиғаты - эгоизм. Яғни, ғашықтықтың қызығына батқысы келгендер іздеген адамының идеалды бейнесін біреудің бойынан “тауып алады”, бұл жалған көрініс, ғашықтардың “Мен сенің бойыңнан ешкім көрмегенді, ешкім байқамағанды көрдім”, - дейтіндері осыдан. Кезіккен адамының бейнесін өзінің арманына ыңғайлап жасап алған соң, сол бейнеден өзі ғана ләззәт алып жүре береді. Әдетте, мұндай ғашықтық бір жылдан арыға созылмайды. Және ғашықтық атаулының бәрі осындай. Құдай махаббатты адамдар бір-біріне қосылып, отбасын құрып кету үшін дәнекер қылып жаратқан шығар. Осы бір жыл ішінде олар үй болып, бала күтіп үлгермесе бұлар міндетті түрде бір-біріне суыйды. Өйткені, таңдау көп. Және бұрынғы адал, аңғал көңіл қайда қазір. Бүгінгі жастың рухани өзегі, ұлттық санасы төменгі дәрежеде, түске дейін биенің құйрығы, түстен кейін түйенің құйрығы, жанына көрек болар құндылық іздеп мың құбылады. Және, бұрынғы бабалар салып кеткен өсиет, тыйымдардан құр алақан ұрпақ нені құрметтеп, нені қадірлеуді де білмейді. Бұлар қазір мүлде құнсыз дүниеге қуанады, болымсызға қайғырады. Қазір, балаларды бір-біріне атастырып қоспайтындықтан жас көңілдің өмірде жоқ идеалын жөңкілген өңкей жастың арасынан жанталасып іздеу, жастық шақта махаббатты ұлы мұрат деп түсіну, оның үстіне қазіргі жастардың ұлттық әдебиетті оқымауы, ата-әженің қазақы тәрбиесін көрмеуі әрине осы азаматтық некеге ұрындырады. Бұрынғыда дейтін әжелер адамдар таза еді, аңғал, адал еді. Атастырған адамнан өзгеге шығам деген күдік те жоқ, ол заманның қыздары атастырған адамына әуелден ғашық бола қалатын. Және менің заманымда дейтін әжем қыздар Абайдың өсиетінен аттамаушы еді. Іштегі кірді қашырса, Халықтың түсер сәулесі, жүректің көзі ашылса, адамның хикмет кеудесі. Бүгінгідей кәсіби заман емес. Жігіттің басы қадірлі. Рухани мәдениеті мол болса, ниеті түзу болса, хикмет даналық өзі қонады деп отыратын. Қазір, осындай зинақорлық жолмен туған балалар, заңды некемен туылатын балалардың қарқынына жетіп қалған көрінеді. Азаматтық некеден от басқандар тіркелмейді, олар тіпті көп. Сонда, қазір бізде ұлттың жойылуы жүріп жатыр. Келін түсіргендерден сұрасаңыз айтады - қазір барлық түскен келіндер кәрі қыз. Қазақстанда қыздардың тұрмысқа шығатын жасы 24 екен, медицина бойынша да, қазақы салт бойынша да бұл кәрі қыздың жасы. Күйеу балалар да кәрі. Үйленетін ердің жасы қазір 25-27. Демографияның теориясы бойынша бұл жойылуға бет бұрған ұлтта болатын құбылыс. Қазір, 25-тен асып кеткен, некеге тұрмаған жастар саны 2 жарым миллион. Бұл 17 миллион халыққа демография ғылымы бойынша шамадан тыс көп. Қазақстанда бала туу осының кесірінен қауіпті шкаладан асып кеткен.
Мұның бәрі адамдардың жүрегінің отбасы құндылықтарын сезінбейтін, селт етпейтін бір кесек етке айналғынан шығып жатыр. Философия ғылымдарының докторы Рүстем Қадыржанов кез-келген ұлттың басты мақсаты - өзін-өзі өндіру, сақтау, өмірді жалғау дейді. Кез-келген ұлттың сәби кезінде, есейген, индустриалды дәуірге кірмей тұрған дәстүрлі қоғамындағы әдет-ғұрпы, яғни өмір сүру процесі осы ұлттың өзін-өзі сақтау инститктінен, яғни отбасын құру мен бала дүниеге келгенде жасалатын рәсім-ритуалдар жиынтығынан тұрады екен. Қазақтың салты, төсек тойынан, бесік тойына дейін, қыз ұзату, құдаласуына дейін бүкіл салт-дәстүрі тек осы отбасын құру мен бала тапқан қуанышқа ғана құрылған. Сонда ұлттың ең үлкен мұраты ұрпақты аяқтандыру екен. Ұлт ұрпақ арқылы жаңарып, өмірін жалғаса, ұрпақ тек салауатты отбасы арқылы аяқтанып, ұлтты иығына арқалап ары асырады. Сонда, үйлену мұқым адамзаттың өзін-өзі сақтау инстинкті, саналы һәм бейсана салты. Бұл салттарды мысалы үшін киіз үйдің ішінде отырған қазақ ұл-қызына дәріс оқып, стратегиялық маңыздылығын түсіндірмеген. Бұлар күнделікті өмір салты еді. Сондықтан, интеллектуалды-техникалық дәуірге дейінгі халық салты адамзаттың, жалпы адамшылықтың таза, тұнық қалпын көрсетеді. Еуропадан түңілгенде қазіргінің бір ғалымы “Идея человечества покинула Европу” деген екен. Ол мұны ең алдымен Батыстағы отбасы институты әлсіреп, бойдақтар заманы туғанда, қызтекенің бір-біріне үйленгенін адам құқы деп Еуропаның заңдастырған кезінде ашынып айтыпты. Біз де бүгін “Қазақ идеясы, жалпы адам идеясы қазақ даласын тастап, үркіп ұшты” деуімізге әбден болады. Өйткені, қазақтың қазіргі адамның жүрегі селт етпейтін, сондықтан ұстанбайтын бұрынғы бейсана ғұрыптары табиғи таза, адами инстинктері ұмытылған сайын отбасын құру ұмытылып, жеке бастың жауапсыздығы жеңіп барады. Жағдайым нашар, отбасымды баға алмаймын деген қазір жауап болудан қалды. Тұрмыс түзелді. Еті тірі жігітке бес бала мен бір қатынды асырайтын жағдай жасалған. Кілтипан жүректе, оны басқа, болмайтын арзан мақсаттар жаулап алған. Бұл біріншіден адам баласының индустриалды қоғам үшін жаралмағанын дәлелдейді. Ғылым қанша дамығанмен адам идеясы, оның өзі сақтау инстинкті индустриалды елдерді тастап шықты. Бұдан адамның алғашқы, шынайы мекені - аңыз, жаны жай табатын, адамшылықты сақтайтын тұрағы - ертегі екенін көреміз. Адамның жер бетін бүлдіріп, тамақ асырауын ақтап алар жалғыз жұбанышы - ұрпақ үшін тамақ табу, сол үшін тірі жүру. Жоқ адамға жан сыйлау. Дүние есігін ашатын жаңа өмірге жылы ұя құрып қойып, күтіп алу. Қазақта біреуге жапқан шапаның жаныңды, балаға жайған жаялық, жүрегіңді жылытады деген сөз бар. Жүрегі жылы адамды қазақ бір ауыз сөзбен жақсы адам дейді. Ал, жаңағ Өзбек әкәміз алыстан қыз алмай, қыз алмаған соң араласпай қазір бір ауданның өзбегі бір ауданға ұқсамайды, Ферғананың өзбегі Самарқанның өзбегінен биі де, сөзі де бөлек. Сондықтан, кейде өзбекті ғалымдар ұлт деп санамайды. Территориялық, саяси бірлік деп те анықтайды. Ал, біздің қазақ алыстағы құдасына жиеніне серкеш айдатып, нағашыға тай мінгізіп әуре. Сондықтан, ұлттың тұтастығын, өсуін, өнуін, мысы басып, өзге жұрттан көптігімен мерейі асып тұрғанын, яғни үйленуді ойламайтын жігіт, бойдақ қазақ ұлт жайлы, мемлекет жайлы, үкіметтің жұмысы жайлы әңгіме айтып, өтірік ұлтшылдық көрсетіп, көлгірсімесін. Әуелі әскерге аламан қос, бес баланы оқытып үкіметке дайын маман сыйла. Үйленбеген жігіттің ұлтшыл болуға, жақсы атануға қақы жоқ.
Мәселенің зерттелу денгейі - Отбасын белгілі бір «әлеуметтік топ» ретінде қарастыруды ұсынушы америкалық социолог Кулидің ұсынысы да үлкен мағынаға ие. Кулидің тұжырымдамасына сай отбасы «ерекше негіздегі алғашқы топ» ретінде қарастырылды. Отбасын әлеуметтік-психологиялық топ сияқты дәстүрлі зерделеу У. Джеймс, Ч. Кули, У. Томас, Ф. Знанецкий, Ж. Пиаже, З. Фрейд т. б. Отбасының социологиялық бастауларын зерттеу француздық социолог Фредерик Ле Пле (1806-1882) және американдық социолог Эрнст Берджест еңбектерінен көреміз.
Бітіру жұмыстың объектісі - жас отбасы
Бітіру жұмыстың зерттеу пәні - жас отбасыларының әлеуметтік мәселелері
Зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеті - жас отбасымен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстың ерекшеліктерін анықтау.
Қойылған мақсаттардан келесі міндеттерді шешу негізделген:
- Жас отбасының міндеттері, формасы, әдістері мен құрылымын зерттеу.
- Қазіргі заманғы жаңа әдістер мен тәжірибелерді анықтау.
- Отбасының өз қызметін атқаруын қалпына келтіру үшін қолданылып жатқан шараларды көрсету.
- Біздің тепсе темір үзетін азаматтарымыз бен бала табатын жастағы бойжеткен қыздарымыздың бас қосып, шаңырақ көтеруге асықпауы.
- Жастарды отбасылық өмірге даярлықтың болмауы
- Жас отбасының мәселелерімен айналысатын ұйымдар жүйесін жетілдіру
Бітіру жұмыстың құрылымы - жұмыс екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған кітаптар және монографиялар тізімінен тұрады. Бірінші бөлімінде отбасының ұғымы, қызметі мен құрылымы ретінде қалыптасуының алғышарттары теориялық тұрғыдан жүйеге келтіріп көрсетіледі. Жас отбасының негізгі ерекшеліктері. Отбасының қазіргі заманғы келбеті, оның әлеуметтік проблемаларының даму тенденциялары баяндалады. Жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстандағы отбасының құрылымы мен жағдайына жан-жақты талдау жүргізіледі. Отбасын қолдауға бағытталған мемлекеттің жүргізіп жатқан саясаты көрсетіледі
1 ЖАС ОТБАСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯ
СЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
- Отбасы ұғымы. Қызметі мен құрылымы
Отбасы қай қырынан алсақ та, отбасы әлеуметтік көпқырлы түсінік сондықтан да болар социологияның барлық бөлімдерінде қарастырылады. Ол өзіне әлеуметтік құрылымдарды, әлеуметтік құрылысты, институт пен кіші топтарды икемдейді де, сонымен қатар әлеуметтік бақылау мен көші- қон, демографиялық өзгерістерді түсінуге зор ықпалын тигізеді. Отбасына көңіл бөлінбесе, онда көптеген өнеркәсіптер мен қажеттіліктер туралы ізденістердің қажеті де болмас, сондықтан әлеуметтік тәрбиеде көптеген қабылдауларда өзіндік орын алады.
Отбасы анықтамасы әрсападағы жанұялық әртүрлікті, сонымен қатар әлеуметтік топтар мен әлеуметтік институттарды біріктіруі қажет.
Отбасы анықтамасы. Отбасы туралы көптеген түсініктер бар, оның біразы оның өмірлік қызметін және отбасының белгілерін тізіп отырады (отбасы бір-бірін сүйетін топ, немесе ата- бабалары бір, бірге тұратын) . Отбасы жайлы түсініктердің ішінде көз тоқтатарынымыз жұбайлар арасындағы қарым-қатынас, ата-ана мен балалар арасындағы қатынас, мүшелер бір - бірімен неке арқылы не туысқандық қан арқылы байланысқан бір-біріне адамгершілік жауапкершілікпен қарайтын қоғамға қажетті адамдар тобы.
Отбасын ата-ана мен балалар қатынасы құрайды, ал неке әйел мен еркек арасындағы жыныстық қатынастан, баланың дүниеге келуінен туындайтын ресми байланыс.
Отбасы пәнін тереңірек бағамдау үшін жанұяның оқшаулану кеңістігін тұрғын үйін, жеке меншігін және отбасының экономикалық негізін - тұрмыс қажеттілігін өтейтін жалпы отбасының ата мен бала қызметін де негізге алу керек.
Өз ерекшеліктерінен тыс бір-бірімен байланыстағы жұбайлар бақытсыздықтарын айтады. Олар отбасы жағдайларын ұмытып, тек өз бастарының қамын ғана ойлайды. Кез-келген некені бұзу отбасын бұзумен бірдей, яғни заңдық тұрғыдан қараған жағдайда балалар халі ата-ананың обалына келіп соғады. Егер неке жанұяның негізі болмаса, ол достық қатынас сияқты заңға бағынышты болмас еді.
Отбасы- жалпы отбасылық қызметке негізделген жұбайлар- ата-аналарбалалар тізбегін құратын адамдар тобы бұлар халықты және отбасылық ұрпақты сабақтастырады. Тек үш жақты жұбайлық - ата-аналық балалық қатынас қана толыққанды отбасын құрай алады және сол жайлы сөз қозғайды бұлардың бірі немесе екіншісі қатынастың өзі-ақ жарты кешті отбасы тобын көрсетеді. Яғни бұрын болған отбасын (балалардың өсуі және бөлек кетуі, ауыру салдарынан бұзылған отбасы, мүшелердің қайтыс болуы, ажырасу және т. б. жағдайлар) әлі отбасын құрмаған (ата-ана болып үлгермеген, балалары жоқ жұбайлар) . Бұндай қатынастар мемлекеттің басым көпшілік отбасында кездеседі. Екінші бір қырынан алғанда, халық санының өзі некеде тұрмайтын, баласы бар ата-ана, немесе ресми некеде баласыз тұратын отбасын құрмаған халықтан тұрады. Осындай үзінді «сынық» отбасының түрлеріне «отбасы тобы» деген термин сәйкес келеді. Бұлар тек үй шаруасын бірігіп атқаратын және туыстық байланыстағы адамдар. Жалпы отбасының «ядросы» есебінде жұбайлар саналады, ал қалған статистикалық топтардың «ядроға» балалардың, туыстардың, жұбайлардың ата-аналарының қосылуынан туындайды. Социологиялық көзқарас бойынша негізгі ұрпақты қарым-қатынасқа ие халықтың отбасын алған жөн, ал үш жақты қатынастың бір жағын алып тастаған жағдайдағы одақты отбасылық топ ретінде санаған дұрыс. Бұндай тұжырым соңғы жылдары отанымызда және батыс елдеріндегі социология бойынша отбасын - жұбайлық қатынас немесе әріптестік деп санаудан шыққан. М. Сосмен мен Сьюзан Стенмецтің неке және отбасы туралы американдық энциклопедияның көптеген тараулары отбасының «альтернативтік формаларына» қатысты болғандығының өзі кездейсоқ жай емес. Яғни отбасы тобы деп санауға дәл келетін бірақ, ақиқатында жұбайлық немесе әріптестік және бірге тұрушылық қатынас дейміз [1; 26-29 б] .
Отбасы қызметі қоғам деңгейінде көрінетін миллиондаған өмірге бейім отбасыларының әлеуметтік нәтиже көрсеткендігін айтамыз. Қоғамның басқа институттары арасында жанүяны әлеуметтік институт есебінде көрсететін қызмет - отбасы қызметі. Отбасы қызметін негізгі және кейінгі орындағы деп бөлуге болмайды, барлық отбасылық қызмет - басты қызмет, бірақ, осындай өзгешелікті көрсету барысы отбасы қызметінің «ерекше және ерекше емес» болып бөлінбейтіндігіне әкелді. Харчов бойынша отбасы қызметінің ерекшелігі отбасы мәнінен туындайды да оның әлеуметтік құбылысын көрсетеді. Ерекше емес қызметтерге - белгілі бір тарихи жағдай негізінде ғана отбасы орындауға мәжбүр болған қызмет жатады.
Жанұяның ерекше қызметіне баланың тууы, оларды қамтамасыз ету, тәрбиелеу қоғамның қандай да бір жағдайында қалып отырады. Бірақ отбасымен қоғам арақатынасы тарих көшінде өзгеруі мүмкін. Жанұядағы жеке қажеттіліктер, некеге деген жеке тілектер мен талаптар - отбасы мен қоғамның өміршеңдігін көрсететін ең негізгі жағдай осының арқасында миллиондаған адамдар арасындағы қажеттіктерден тұрғындар өндірісі қалыптасады.
Отбасының ерекше емес қызметі жеке меншікті жинап, оны беруге дейін, билікті өндірістік бірлестікті және тұтынушылықты, үй шаруашылығын, демалыс және бос уақыт, жанұя мүшелерінің денсаулығы мен берекесін қамқорлыққа алу, өзіндік «менді» сақтайтын микроклимат тудыру - барлық осындай қызметтер отбасымен қоғам арасындағы байланыс тарихын көрсетсе, бір жағынан туудың асырау мен тәрбиелеудің отбасындағы тарихи картинасын ашық көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz