Ақын шығармашылығын Кеңес жазушыларымен үндестіру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Жұмыстың түйін сөздері: Го Мо Жо, шығармашылық, революция, ұлттық мүде, Отаншылдық қозғалыс, марксизм-ленинизм, пролетариат, прогрессшіл қоғам, бостандық, тәуелсіздік, поэзия, драма, кейіпкер, лирикалық образдар, тарихи драма, үндестік. Бұл сөздер зерттеу жұмысында жиі ұшырасады. Қарастырылып отырған тақырыптың негізгі түсініктерін құрайды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Бітіру жұмысының құрылымы мәселені ашудың ішкі логикасына сүйенген. Жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, сондай-ақ, 1, 2 және 3 қосымшаларынан тұрады. Бітіру жұмысының көлемі ?? бетті құрайды.

Әдебиеттер тізімі. Бітіру жұмысын жазу барысында жиырмадан астам кітаптар, монографиялар және сөздіктер пайдаланылды. Соның ішінде Федоренко, С. Д. Маркова, Е. А. Цыбина, В. Г. Белинский, В. Маяковский еңбектері негізге алынды.

Жұмыстың өзектілігі. Қытайдың жаңа заман әдебиеті жайлы зерттеулер мен түрлі жұмыстар жазылғанымен, бүгінгі таңда кейбір мәселелер жайлы қазақ тілінде мағлұматтар толық берілмеген. Олардың бір бөлігі толық деңгейде зерттелмесе, қалған бір бөлігі туралы бірде-бір еңбек жазылмаған. Го Мо Жо шығармашылығының Қытай қазіргі заман әдебиетіндегі алатын орны мен шығармаларының негізгі тақырыптық идеяларын талқылау алдағы уақытта қытай әдебиетін қазақ тілді аудиторияда оқитындар үшін көмек болмақ.

Зерттеу жұмысының мақсаты Қытай қазіргі заман әдебиетін, соның ішінде Го Мо Жо-ның қосқан үлесі мен шығармашылығын толық ашып, оның әлемдедік қытайтануда алатын орнын анықтау. Жұмыстың нәтижелерін әдебиеттануда, білім беруде, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде пайдалану.

Зерттеу жұмысының нысаны - Қытай жаңа заман әдебиетінің көрнекті өкілі - Го Мо Жо шығармашылығы және де оның қоғамда алатын орнын қарастырылуы болып табылады.

ГЛОССАРИЙ

Марксизм - К. Маркс пен Ф. Энгельстің қоғамның даму заңдылығы, социалисттік революцияның болуы жайлы ғылым және бұл ғылымның практикалық тұрғыдан қолданылуынан туған сөз.

Идеология - қандай да бір қоғамдық группа, класс, тап, саяси партияның ерекшеліктерін айқындайтын көзқарастар және идеялар жүйесі.

Империализм - капитализмнің ең жоғарғы сатысы. Өмірдің барлық саласында билік ететін монополиямен, капиталисттік мемлекеттермен шикізат көздері мен өтімді нарық үшін күрес жүргізу арқылы айқындалады.

Сепаратизм - бөлінушілікке ұмтылу, оңашалану. Саяси сепаратизм.

Романтизм - 1. XVIII-XIX ғғ Классицизм канондарына қарсы келіп, мінсіз батырлар мен сезімдерді суреттеуде ұлттық және де жеке даралық өзгешелікке ұмтылыс жасаған өнер бағыты. 2. Адамзаттың жарқын образдардағы оптимизді көрсетуге бағытталған революционерлік бағыт. 3. Шабыт, дүниетану, дәріптеушілікке толы шындық, қиялшыл пайымдаушылық.

Реализм - 1. шынайылықты мақсат етіп алған, өнер бағыты. 2. Кез-келген нәрсені орындау кезінде шындықты дәл әрі нақты түсіне білу қабілеті.

Тенденция - шындықты өзара қарым-қатынасы, байланысы, оның қоғамдық көзқарасының тұғыры, ой өзегіндегі мығым принцип.

Троп - сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту.

Метафора - сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай; ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту.

Аллегория - жай ұғым қалпында тұрған дерексіз нәрселер кәдімдігей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады.

Рифма - өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Негізгі бөлім

1 ЗАМАН ШЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ ГО МО ЖО БЕЙНЕСІ.

  1. Го Мо Жо-ның өмір сүрген күрделі заман шындығы.
  2. Революциялық күрескер - Го Мо Жо.
  3. Кеңес Одағының академигі Тихвинскийдің Го Мо Жо жайлы естеліктері.

2 ГО МО ЖО ЖАСАМПАЗДЫҒЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС АҚЫНДАРЫМЕН ҮНДЕСТІГІ.

2. 1 Ақынның жасампаздық жолы.

2. 2 Го Мо Жо драматургиялық шеберлігі.

2. 3 Го Мо Жо-ның поэтикалық шығармалар үндестігі.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қытай қазіргі заман әдебиетінде революциялық дәуір ерекше із қалдырды. Бұл кезең, негiзiнен, ұлттық әдебиеттiң өрлеу жолынан өткен, жанрларын байытқан, одақтық, сол арқылы, әлемдiк әдебиетпен қарым-қатынасқа түскен шағы болды. Алайда, әдебиеттiң даму қарқыны үнемi бiркелкi болмады. Әдебиетте науқаншылдық өрiстеп, адамзат мүддесiне ортақ мәселелер жеткiлiксiз көтерiлдi. Соған қарамастан Қытай әдебиеті туған халқының өмiрiмен байланысын үзген жоқ, оның қайшылықты өмiр жолын көркемдiкпен тануға ұмтылды. Әдебиетшiлердiң бiр тобы бір-бірінің теңдiк, әдiлдiк ұрандарын қолдап жаңа жырлар туғызды. Олардың басында Го Мо Жо тұрды. Го Мо Жо шығармаларында азаттық, теңдiк аңсаған, сол үшiн күрескен жаңа адамның бейнесi жасалды. Ол табиғат суреттерi мен махаббатты, сезiмдi жырлаған лирикалық өлеңдер, поэмалар, прозалық шығармалар жазды. Олар қытай жерiнде жаңа туа бастаған өмір шындығының жарқын жақтарына ризашылық бiлдiрiп, шаттық жырын жырлады.

Го Мо Жо-ның шығармашылық еңбегі әуел бастан-ақ халықтық революцияға бағытталған еді. Ол өз елінің бірден-бір көрнекті өкілі, өзінің жарқын талантын, жазушылық қабілетін бірден-ақ елдің жаңа мәдениетін орнықтыруға жұмсады. Ескіге қарсы келіп, жаңаны қолдады.

Сөз саптау шебері - Го Мо Жо Қытай ақындарының ішінде, жаңа Қытай мәдениетін дамыту үшін әскер қатарына кірген алғашқылардың бірі.

Зерттеу жұмысының тақырыбы ретінде қазіргі заман Қытай әдебиетінің революциялық-қоғамдық қызметі мен ақындық үні ел арасына кең жайылған Го Мо Жо қытай халқының есімі аңызға айналған ұлттық батырына болуынан туындаған. Еңбекші қауымның «Қазан революциясы» және «4 мамыр Отаншылдық көтерілісі» әкелген бостандық тануына, революция шындығын түсінуіне ол өзінің азаматтық қызметімен, шығармаларымен зор көмек жасағаны сөз етілді.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы . Жұмыс барысында Го Мо Жо-ның өмірі, күрделі заман шындығы, шығармашылығы, қоғамдық қызметі жан-жақты қарастырылды. Өйткені, Қытай жаңа заман әдебиеті төрінен орын алып отырған бұл кісіні танып, білу өте маңызды. Бітіру жұмысында Го Мо Жо шығармашылығының поэтикалық және де драмалық шығармаларының тақырыптық идеясын талқылауға талпыныс жасалады. Ал бітіру жұмысының негізгі әрі маңызды жаңалығы - Го Мо Жо еңбектерінің Сәкен Сейфуллин және Владимир Маяковский секілді Кеңес жазушыларымен тақырыптық үндестігін алып қарастыру болып табылады. Го Мо Жо-ның 1919-1920 жылдары жазылған өдеңдерінің рухы Маяковскийдің жазған өлеңдеріне қатты ұқсайды. Го Мо Жо Маяковскийдің өлеңдерінен нәр алды деп айтуымызға болмайды. Себебі ол тек 20-жылдардың соңында ғана Маяковскийдің шығарма-шылығымен танысады. Бұнда тек идеяларының, көңіл күйлерінің үндестігін ғана атап кетуімізге болады. Осы үш ақынның өлеңдерінде үгітшілік қызмет айқын көрінеді. Олардың шығармашылығында лирика мен үгіт өлеңдер астасып келіп отырады. Лирикалық геройға ақындар көбінесе үгіт айтқызады. Олар халыққа қызметімен де, сөзімен де әсер етуге тырысады. Бұл тұрғыдан алғанды қандай лирика болса да үгітке тартады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қытайдың жаңа заман әдебиеті жайлы зерттеулер мен түрлі жұмыстар жазылғанымен, бүгінгі таңда кейбір мәселелер жайлы қазақ тілінде мағлұматтар толық берілмеген. Олардың бір бөлігі толық деңгейде зерттелмесе, қалған бір бөлігі туралы бірде-бір еңбек жазылмаған. Соның ішінде бітіру жұмысымның зерттеу нысанасына айналып отырған Қытай жаңа заман әдебиетінің көрнекті өкілі - Го Мо Жо-ны мысалға келтіруімізге болады.

Го Мо Жо өзінің шығармашылық жолын бастаған кезінде, Қытай ортағасыр әдебиеті жаңа заман талабына сай келмеген еді. Ескіліктің ескіріп, жаңашылдық алға бастап, жаңа пролетариат әдебиеті ақырындап, аяқ басып келе жатқанын аңғарғандардың бірі - Го Мо Жо болды. Ол алғашқы болып, революциялық пролетарлық әдебиет ұранын ұрандатты.

Революцияның дабылды үні мен социалистік заманның ерекшеліктері ақын поэзиясының негізгі мазмұнын құрды. Ол жаңа дәуірдің өзгеше сипаттарын қытай қоғамының ескі мешеу күйіне қарсы қоя отырып дәл көрсетті. Шығармаларында өзі өмір сүрген заманның асқақ образын жасау міндетін қойды. Өмірдің революциялық мазмұнын дәл түсінген ақын оның ішкі күйі мен ырғағын тап баса, тың образдармен бейнеледі. Заман дамуының қарқынын бейнелейтін бұл образдар қоғамдық өзгерістердің әр кезеңіне лайық жаңарып отырды.

Қытай қазіргі заман әдебиетін жетік түсіне білу үшін, соның ішінде революциялық әдебиетті білу үшін Го Мо Жо-ның шығармашылығының берер азығы мол.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Жұмысты жазу барысында осы салада жазылған қытайлықтардың, ағылшын, француз, американ және орыс ғалымдарының еңбектері талдаудан өткізілді. Зерттеу жұмысын жазуда 20-дан астам оқулықтар, монографиялар мен сөздіктер, төл деректер мен туындылар пайдаланылды. Негізгі дерек көзі ретінде орыс тілінде жазылған Федоренконың, Маркованың және Цыбинаның еңбектері, қытайлық зерттеуші . . . еңбектері қарастырылды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті - Қытай қазіргі заман әдебиетін, соның ішінде Го Мо Жо-ның қосқан үлесі мен шығармашылығын толық ашып, оның нәтижелерін әдебиет зерттеуінде, білім беруде, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде пайдалану. Бітіру жұмысының міндеті :

  • Го Мо Жо-ның өмір сүрген күрделі заман шындығын бейнелеу;
  • Го Мо Жо-ның революциялық күрескер бейнесін ашу;
  • Го Мо Жо-ның академик Тихвинскиймен қарым-қатынасын баяндау;
  • Ақынның жасампаздық жолын көрсету;
  • Го Мо Жо-ның драматургиялық шеберлігіне назар аудару;

- Ақын шығармашылығын Кеңес жазушыларымен үндестіру;

Бір елдің әдебиетін жетік меңгеру, оның қыр-сырына терең бойлаудың бір жолы оның жеке дара өкілдеріның шығармашылығын меңгеруден басталатыны белгілі. Сондықтан, зерттеу жұмысы тақырыбының нысаны Қытай жаңа заман әдебиетінің көрнекті өкілі - Го Мо Жо шығармашылығы және де оның қоғамда алатын орнын қарастырылуы болып табылады.

Қазіргі Қытай жаңа заман әдебиетінің зерттелуіне келер болсақ, басым мағлұматтар тек ақындардың жеке дара өмірімен ғана шектеліп, шығармашылығы толықтай талданып зерттеліп жатқан жоқ.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы . Зерттеудің негізгі материалдарын жоғары оқу орындарында, қытай әдебиетін қазақ тілді аудиторияда оқыту тәжірибесінде, жаңа заман әдебиет қайраткерлерінің шығармашылығын, соның ішінде дарынды талант иесі - Го Мо Жо шығармашылығын жете меңгеруде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Зерттеудің әдістері . Жұмысты жазу барысында жұмыстың алға қойған мақсатына байланысты баяндау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы . Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, сондай-ақ, 1, 2 және 3 қосымшаларынан тұрады.

1 ЗАМАН ШЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ ГО МО-ЖО БЕЙНЕСІ

1. 1 Го Мо Жо өмір сүрген күрделі заман шындығы .

Го Мо Жо - Қытайдың жаңа заман әдебиетіндегі ең атақты жазушы, әрі көрнекті өкілдерінің бірі. Ол - ақын, прозаик және драматург, публицист, шешен және қоғам қайраткері, тарихшы, археолог әрі аудармашы, дәрігер және каллиграф. Француз журналисті Клод Рауның айтуы бойынша, Го Мо Жо үлкен талант және медениет иесі, сонымен қатар, «Гете көлеміндегі» жазушы деңгейіне дейін жеткен. Оны «сегіз қырлы бір сырлы» дарын иесі деп айтсақ қателеспейміз. Ол тек қытай мәдениетінің терең маманы емес, батыс әдебиетінің де үлкен маманы. Го Мо Жо-ның ғылыми еңбектері Ежелгі Қытай тарихын жетік түсінуге мүмкіндік береді.

Го Мо Жо-ның шығармашылық еңбегі әуел бастан-ақ халықтық революцияға бағытталған еді. Ол өз елінің бірден-бір көрнекті өкілі, өзінің жарқын талантын, жазушылық қабілетін бірден-ақ елдің жаңа мәдениетін орнықтыруға жұмсады. Ескіге қарсы келіп, жаңаны қолдады.

Сөз саптау шебері - Го Мо Жо Қытай жазушыларының ішінде, жаңа Қытай мәдениетін дамыту үшін әскер қатарына кірген алғашқы жазушыларының бірі.

Жазушы ретінде Го Мо Жо Қытайдың еркіндікке ұмтылу заманында жетілді. Орыстардың Ұлы Қазан революциясының жеңіске жетуі, Қытай жұмысшыларының бас көтере бастауы, Қытай Коммунистік Партиясының тарих сахынасына келу заманы. Яғни бүкіл ел маркстік-лениндік теориядан күш-қуат жинап, бой көтере бастаған заман еді. Го Мо Жо - 1924-1927 жж. революцияның, 1937-1945 жж. Жапондықтарға қарсы шыққан көтерілісшілердің бірі.

Го Мо Жо - Қытай Халық Республикасының қоғам қайраткері. Ол Бүкілқытай халықтарының өкілдері Коммитетінің Төраға орынбасары, Халықтық саяси консультативтік кеңесі Ұлттық Коммитетінің Төраға орынбасары, ҚХР-ның Үкімет Кеңесінің мүшесі, Қытай Ғылым Академиясының Президенті, Бүкілқытай әдебиет және мәдениет жұмысшылар ассоциациясының Төрағасы.

Го Мо Жо 1892 жылы 16 қарашада Сычуань провинциясының Лэшань уездінде дүниеге келген.

Жастайынан интеллигент отбасында өскен ол, классикалық поэзияға құштар болады. Бұл балаға Қытай поэзиясының «Алтын Ғасыры», яғни Таң династиясының ақындарының шығармашылығын сүйіп оқуы, отбасының тікелей қатысы бар. Өзінің естеліктерінде айтып кеткеніндей, ол сол кездегі өлеңдердің мағынасын ғана емес, сонымен қатар ырғағын, әуенін, музыкасын түсінуге тырысты.

Алты-жеті жасында ол «Таң ақындарының 300 өлеңі», «1000 ақын өлеңі» және т. б шығармаларымен таныс болды. Бала кезінен-ақ Ван Вэй, Мын Хао-жан, Ли Бо, Лю Цзун-юань сияқты ақындардың поэзиясына қызықты. Алайда Го Мо Жо-ның сол кездегі ең сүйікті жазушысының бірі - Таң поэзиясының көрнекті өкілі Сыкун Ту еді. Сыкун Ту - поэзия теоретигі, «Өлеңдер категориясы» деген шығарманың авторы. Осы кісінің поэзиясы Го Мо Жо-ның алдағы шығармашылығына қосқан үлесі зор. Сонымен қатар, «Өлеңдер кітабы», «Чжуан-цзы», «Батысқа саяхат» деген шығармалардың ықпалын атап кеткеніміз жөн. Го Мо Жо осы шағармалар жайлы: «Бұл шығармаларға мен бала кезімнің өзінде-ақ ерекше көңілмен қараған едім, себебі осы шығармалар менің жан жүрегімде көркем әдебиетке деген махаббатымды оятқан еді». /1. 517/.

Бала кезін ата-анасының жанында өткізіп, алты жасынан бастап жекеменшік мектепке оқуға түседі. Көп ұзамай мектепте Қытай классикасы, арифметика және т. б пәндерді оқи бастайды. Өзінің алғашқы өлеңдерін мектепте жүргенде жаза бастады. Шетел әдебиетін оқуға қатты қызыққан ол, сол кездегі ақын-аудармашы Линь Шудің (1852-1924) аудармаларын оқиды. Вальтер Скоттың «Айвенго» романы Го Мо Жо-ға қатты әсер етеді. Лян Ци-чао-дың «Италияның ұлттық үш батыры» кітабінің арқасында, Гарибальди мен Мадзини оның сүйікті кейіпкерлеріне айналады. Шетел әдебиетімен қоса, Қытай ортағасырындағы Цао Сюэ-циннің «Қызыл ормандағы түс», Ло Гуань-чжуннің «Үш патшалық» және т. б ғажайып туындыларын да оқыды.

1907 жылы Цзядин мектебіне түсіп, алайда оқушылардың мектеп басшыларымен туындаған келеңсіздік жағдайынан кейін, мектептен шығарылады. Сөйтіп, 1910 жылы Сычуань провинциясының астанасы Чэнду қаласының орта мектебіне келіп оқиды. Студентік өмірі басталғаннан-ақ, қоғамдық жұмыстарға белсене қатыса бастайды, сөйтіп антиимпериалистік көтеріліс басталғанда, оны студентер одағының делегаты етіп сайлайды.

Ұлы Социалистік Қазан революциясынан әсер алған ол, былай дейді: «Мені алға жетелеген, бұл - Отаныма деген ыстық махаббат. Өзімнің жазушылық шығармашылығымды елдің бар ынта жігерін ояту мақсатына жұмсадым. Сөйтіп, ескілікті жойып, жаңа өмір бастаудың алғы шартары еді. Алайда жаңа өмір қандай екенін ешкімде білмеген жоқ. Дәл осы сәтте Қазан революциясына мыңда бір алғысымды айтар едім. Себебі жастарды не де болса алға итермелеп, жаңа өмірден мойынсынбауға шақырған, бірден-бір талпыныс еді». /1. 518/.

Го Мо-Жо орта мектепті 1912 жылы аяқтайды. Бұл жылдары Қытай интеллигенциясының жаңа ғылымға бет бұру ауқымы жүріп жатты. ХІХ ғасырдың аяғында Европаның буржуазиялық ғалымдары - Монтескье, Адам Смит, Гексли, Дж. С. Миллдің аударма кітаптары пайда бола бастаған. Осы еңбектердің алып келген жаңа идеялары, Қытайдың идеологиялық феодализміне және ескі заман буржуазиялық-демократия-лық революциясына әкеліп соқтырды.

Осы уақытта қытай жастарының арасына ерекше көп таралған нәрсе, бұл жаратылыс ғылымдары мен батыс медицинасы болды. Бұл серпіліс Го Мо Жо-ға да әсер етпей кетпеді. Сөйтіп, көкейіндегі әдебиетке деген махаббатын, қызығушылығын басып, медицина факультетіне түсуге бел буады.

Осы заман жайлы Го Мо Жо: «Адамдардың көбі еліміздегі кедейшілік, жартылай феодалдық, фартылай колониялық жағдайды түзету үшін, техникалық білім мен жетістіктер ғана керек, ал әдебиет пен мәдениеттің бұған ешқандай қатысын жоқ деп санады. Осындай көзқарастардың нәтижесінде мен медицинаны таңдауға мәжбүр болдым. Яғни, Қытайдың «ауру» адамдарын емдемек болдым. Осының нәтижесінде бай әрі күшті мемлекет құруға көмегім тиеді деп сендім». /2. 16/. 1918 жылы Го Мо Жо Жапонияға барып, Кюсю Университетінің медицина факультетіне түседі. Уақыт өте келе, Го Мо Жо «ауру» елді емдеу үшін алдымен қоғам ауруын емдеу керек екенін түсінеді. Бұл жайлы кейінірек өзінің автобиографиялық әңгімесінде: «Ауқатты адамды емдесең, кейіннен кедейлерді қайта өз пайдасына қолданады . . . Кедей адамды емдесең, қағысын одан ары ұзартасың . . . Медицинаның көмегімен ауруды туғызатын паразиттер мен бактерияларын жоюға болады, алайда осылар дамып, таралатын қоғамды медицинаның көмегімен емдеу мүмкін емес». Сөйтіп, бұл жазушыны әдебиет өзінің құшағына одан ары баурай берді. Ол Б. Шелли, Г. Гейне, У. Уитмен, Р. Тагор поэзиясы мен И. Тургенев, Л. Толстой, А. Чехов, М. Горькийдің және т. б орыс жазушыларының шығармашылығына қызығады. «Мен Шекспирді, Гетені, Гюго, Л. Толстойдің және Ибсеннің аудармалары мен түп нұсқасын оқидым». /2. 16/.

У. Уитменнің адам жайлы, оның еңбекке деген құштарлығы, табиғат жайлы жазған өлеңдері Го Мо Жо-ны таң қалдыратын. «Уитменнің поэзиясы, - дейді Го Мо Жо «Феникс» (1920) атты өлеңдер жинағының алғы сөзінде, - мен бұрын соңды оқып көрмеген, таңғажайып поэзия».

Го Мо Жо-ның әдеби шығармашылығының бастауы Қытайдағы әдебиет революциясының басталуымен тұспа-тұс келді. Ақынның алғашқы революциондық сипаттағы өлеңдері 1919 жылы Шанхайлық «Сюэдэн» атты журналында басып шығарылды. Осы және басқа да ақынның өлеңдері қытай жастарының жалындап тұрған жүректерінде өз орнын таба білді.

1921 жылы өзінің Токиолық Университеттік группаластарымен бірігіп, Шанхай қаласында «Шығармашылық» деген әдеби ұйым құрып, одан тура осындай атаулы журналды да жарыққа шығарады. Нәтижесінде Го Мо Жо осы ұйымның идеялық жігерлендірушісіне айналып, ұйымды романтикалық бағытқа бағыттайды. Сөйтіп, осы ұйымның жақтастары енді батыл түрде ескі феодалдық мәдениетке, конфуцишілдікке, классицизмге ашық соғыс жариялайды. Олар ел арасында «Елге жаңа әдебиет», «Тек революцияға қатысты ғана әдебиет» деген ұрандарымен шыға бастады.

1924-1927 жылдардығы азаматтық соғыс қарсаңында «Шығармашылық» ұйымының шыдамсыздары ұйымнан шығып кетіп, ал ең күшті дегендері елдің ұлттық-революциондық бағытын ұстанушылары болды. Го Мо Жо өзінің бар күшін және көркем талантын реалистік әдебиетті құруға бағыттайды. Қытайдың жастары Го Мо Жо-ны Қытай елі үшін жалындап тұрған патриот ақын, өз өмірін елдің болашағы үшін құрбан еткен адам ретінде қабылдады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасы
Аударма өнері – идеология майданындағы зор құралдардың бірі
Қазақ-өзбек әдеби байланыстары
АБАЙДЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІНІҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ғабит Мүсірепов шығармаларының маңыздылығы
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
Әлихан Бөкейханның биографиясы
Қазақ сөзінің бапкері
Абайдың өмірбаяны
ХIХ ғасырдағы қазақ- татар әдеби байланыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz