Қаржылық есептіліктің элементтері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
4

1.ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН
МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 5

1.1.Қаржылық есептіліктің қажеттілігі, сипаты мен мазмұны ... ... ...5
1.2. Қаржылық есептіліктің элементтерін тану және бағалау ... ... ..11

2.ТАРАУ. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ҚҰРАСТЫРУ ТӘРТІБІ
МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

2.1.Бухгалтерлік баланс және оның
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2.Кіріс пен шығыс туралы есептілік және оны құру тәртібі ... ... ..18
2.3.Ақша қозғалысы туралы есептілікті құру әдістемесі ... ... ... ... ..21
2.4.Меншікті капиталдағы өзгерістер жайында есептілік ... ... ... ... .24
2.5.Есеп саясаты туралы ақпарат және түсіндірме хаттамасы ... ... 29
2.6.Қаржылық есептілікті жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

3.ТАРАУ.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ НЕГІЗГІ
КӨРСЕТКІШТЕРІН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .41

3.1.Баланс активінің құрамы мен құрылымын талдау ... ... ... ... ... ..41
3.2. Баланс пассивінің құрамы мен құрылымын талдау ... ... ... ... ... .47
3.3.Баланс өтімділігін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
3.4.Талдау арқылы ұйымның жағдайын жақсарту ... ... ... ... ... ... ... .61

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..71

КІРІСПЕ

Тәуелсіздікті алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге
дәйектілікпен құрып жатқан жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын
таңдап ,жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет
пен беделге қол жеткізе отырып,алға қарай нық сеніммен ілгеріліп келеді-
деп Н.А.Назарбаев 2007жылдың ақпан айының 28 жұлдызындағы Қазақстан халқына
жолдауында атап өтті.[1]
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің
экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің
әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды,яғни бүгінгі
таңдағы мәселеге үңілсек,Қазақстан Республикасында отандық бухгалтерлік
есептілік стандарттарынан халықаралық есеп стандарттарына көшу үстінде.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі
бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-
тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік
шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі
қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі
әдістерін білуді,кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне
асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы
керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі
ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп,
айтарлықтай кеңейді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде алдыңғы
қатарлы мемлекеттердің бірі болып, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік
есеп пен қаржылық есептілік Заңын,бухгалтерлік есеп стандарттарын
дайындап,әрі бекітті.Осыдан жасайтын тұжырымдама отандық есеп стандарттарын
халықаралық есеп стандарттарына максимальді жақындастырып,бухгалтерлік
есепті реформалауда елеулі жетістіктерге ие болып отыр.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса
қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу
жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін
себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің
екіншісінен артық болуына қол жеткізбей кәсіпкерлік қызметті ойдағыдай
жүргізу мүмкін емес. Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі
қоғамның әкімшілік - әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену
кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы
мемлекеттік меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен
жауапкершіліксіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп,
ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән
ерекшеліктері.Ал сонымен қатар жоғарда айтылғандарға қоса, отандық
бухгалтерлік есептілік стандарттарынан халықаралық есеп стандарттарына
көшіп,қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарына сәйкес жасайтын
болсақ,болашақтағы биік елестердің шыңына,яғни Қазақстанның алдыңда тұрған
басты бағыттардың бірі,алдағы уақытта жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды құру
мақсатымызға бірден-бір үлкен әсерін тигізеді.
Халық шаруашылығы есептерінің арасында қаржылық есептіліктің алатын
орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде қаржылық есептілік өз
алдында дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Қазіргі нарықтық экономикаға
түбегейлі көшу кезеңінде қаржылық есепке жүктелетін міндеттер кай
кездегідей болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық
дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал жабдықтарының мемлекеттік меншіктен
ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай дипломдық
жұмыстың тақырыбы актуалды болып саналады. Сондықтан дипломдық жұмыстың
мақсаты кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми
негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер
қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау және тәжірибелік материалдар
негізінде қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарына сәйкесті жасап
көрсету болып табылады. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның
қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту
немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған
басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Нақты дипломдық жұмыстың мақсаты қаржылық есептілікке жалпы толық
сипаттама беру, оның негізгі көрсеткіштерін талдаудан
өткізіп,тұжырымдау жүргізіп әр түрлі шешімдер қабылдау жэне де мүмкіншілік
болғанша даму жолдарын көрсетіп өзіміздің ұсынымызды жазу. Бұл мақсатты
орындау үшін дипломдық жұмыстың алдына келесі талаптар қойылады:
* әдебиетте көрсетілген ақпаратты нақты тәжірибелі
қызметпен салыстырып жағдайын анықтау;
* кәсіпорынның қаржылық есептілігін толық талдаудан өткізу;
жағымды және жағымсыз жолдарын айтып, даму жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып Қазақстан
Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауы, арнайы әдебиеттер,нормативті -
құқықтық заңдар, актілер, ережелер тағы басқалар, сонымен қоса тәжірибелік
материал (АҚ Қарағанды электротехникалық жабдықтар заводы) және
экономистердің ғылыми еңбектері табылады.

1 ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

1.1.Қаржылық есептіліктің қажеттілігі, сипаты мен мазмұны

Есептілік деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық шаруашылық қызметін
кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есептілік
процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. Қаржылық
есептілік мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы
туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады.
Қаржылық есептілікті пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар,
кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ
мемлекеттік органдар, т.б. кіреді. Қаржылық есептілік басқарушы органдардың
жұмысын және субъекттің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша
қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін сондай-ақ
шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады. Осымен
қоса есептілік кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет
және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін бастапқы база болып
табылады. Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар:
* кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету;
* барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру;
* бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің
үйлесімділігін сақтау;
* әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есептілік үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері
Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есептілік заңына сәйкес қаржылық есептіліктің негізгі қағидалары болып
келесілер табылады: есептеу және үздіксіздік. Есептеу. Қаржылық
есептіліктің есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім
жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне
қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезден
бастап танылады.[3,б.3]
Үздіксіздік. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатуды топшылайды және
ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
Жоғарда аталып өткен заңға сәйкесті қаржылық есептіліктің
көрсеткіштерінің сапасын айқындайтын талаптар келесілер болып табылады:
Түсініктілік. Қаржылық есептілікте берілген ақпарат пайдаланушыларға
түсінікті болуы тиіс.
Орындылық.Қаржылық есептілікті пайдалунышылар ондағы мәліметтерге
қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде
олардың қабылдаған шешіміне пайдаланған мәліметтер өз септігін тигізуі
керек.
Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған
жөн,белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен
шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есептіліктегі ақпараттардың анықтылығын
қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың
пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір
есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.
Жүйелілік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есептілігін, оның әртүрлі
есептік кезеңмен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның
көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады,демек
қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.[ 3,б.3]
Алғашқыда айтылғандай есептілікке қойылатын негізгі талап оның
анықтылығы мен тазалығы болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға
есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есептілік белгіленген
мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн.
Қаржылық есептілік кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін
бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып жинақталған
деректерден жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл
және пошта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді. Балансты және басқа да
берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік
бөлімшелеріндегі барлық ақпараттардың құжатталуын, белгіленген материалдық
және басқа да есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз етуі керек.
Қаржылық есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден өтеді. Бұл
өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
әр турлі шаруашылық фактілері құжатталады;
есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан
соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі: есеп регистрлерінде,журнал-
ордерде, ведомосте, Бас кітапта;
есеп жиынтығы есептілік нысандарына көшіріледі: баланс, кірістер және
шығыстар туралы есеп беру, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
беру, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру;
кәсіпорынның қаржылық - шаруашылық қызметі талданады.
Есептілік жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші
қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының
кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық
құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік
тізімдемесінде жасалынады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің
дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият
тексеру керек. Баланстық сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс
баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен
салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады.
Жылдық есеп меншік иелерінде немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген
мәліметтер бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына, жергілікті қаржы
органдарына, мемлекеттік статистика органдарына беріледі. Кәсіпорындар
бухгалтерлік есепті есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызынан
кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есептілік күні болып бір қаладағы
кәсіпорындар үшін оның барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні
есептеледі, ал басқа қаладағы кәсіпорындар үшін пошта арқылы жіберілген
күні есептеледі. Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас
бухгалтер қол қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы жағдайы
туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға
жол ашық.
Қаржылық есептілікте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы
жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің
барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда тиісті түзетулер көрініс береді.
Өткен жыл үшін берілген есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол
жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады.
Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті
түзітулер енгізілуі мүмкін. [13,4-8б.]
Қазақстан Республикасының 2007жылдың 28 қаңтарындағы Бухгалтерлік
есеп пен қаржылық есептілік заңына сәйкес үлкен кәсіпкерлікпен
айналысатын ұйым мен мекеме субъектілерінен басқа жеке кәсіпкерлер және
ұйымдар қаржылық есептілікті отандық стандартқа байланысты құрады,ал
халықаралық стандартқа байланысты қаржылық есетілікті құрастыруға міндетті
болып үлкен кәсіпкерлікпен айналысатын ұйым мен мекеме субъектілері
табылады.Сонымен,яғни бүгінгі заман талабына байланысты, жеке кәсіпкерлер
және ұйымдарға қаржық есептілік тәртібі Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігінің 17 қаңтар 2003 жылы № 14 қаулысымен бекітілген №30 Қаржылық
есеп беруді ұсыну БЕС - на сәйкес жүргізіледі,ал үлкен кәсіпкерлікпен
айналысатын ұйым мен мекеме субъектілеріне Қаржылық есептілік нысандарын
бекіту туралы-ға сәйкес жүргізіледі. Қаржылық есептілік құрамына
бухгалтерлік баланс, кіріс және шығыс туралы есеп беру, ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есептілік, меншікті капиталдағы өзгерістер жайында
есептілік және түсіндірме хаттамасы кіреді. [1]
Есеп берудің негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс саналады. Оны
жасауға дейін есеп регистріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық
пен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың
басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл
басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы
бекітілген баланс номенклатурасымен және бөлім топтамаларымен, әрбір
баптармен сәйкестендірілуге тиіс. Баланс Бас кітапта көрсетілген шоттардың
қалдығының негізінде жасалады. Ол міндеттеме, меншік капиталы, активтер
деген бөлімдерден тұрады. Активтер мен міндеттемелер өз кезегінде ұзақ және
ағымдағы кезеңдерге жіктеледі.
Ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелердің өзара жабуға рұқсат
етілмейді. Баланстың кейбір баптары басқа баптарға енгізілмеуі керек,
немесе бұрып қоюға болмайды, мысалға, дебиторлық қарызды, кредиторлық
қарызбен жабуға болмайды.
Сонымен, баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және
олардың мазмұнын ашудың қаржылық есептілік үшін маңызы зор, сондай-ақ
пайдаланылатындар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсеткіштері
бойынша талдау жасалынады.
Сонымен, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер, меншік капиталы,
қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер бухгалтерлік баланста
ашылуы тиіс. Жыл соңында белгіленген тәртіп бойынша түгендеудің көмегімен
баланстың барлық баптары расталуы тиіс. Баланс мәліметтері бойынша
кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады. [13,б.49]
Кіріс және шығыс туралы есептілік нысаны табыс пен шығыс шарттары ашық
оларға шолу жасайды. Кіріс және шығыс туралы есептілігі келесі
көрсеткіштерден тұрады:
* өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер және
басқа міндетті төлемдер мен салықтар шегертілген түрде
көрсетіледі,қайтарылған тауар құнын, бағадан және сатудан жасалған
жеңілдіктерді қоспағанда;
* өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өнімдік құнына кәсіпорынның
нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті
өндірумен байланысты тікелей шығындар кіреді;
* жалпы пайда - өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен табыстан
өнімнің нақты өзіндік құнын алып тастағаннан соң шығатын қаражаттың
нәтижесі;
* қаржыландырудан түскен кірістер;
* өзге де кірістер– кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты емес
операциялардан алынған табыс;
* өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар;
* әкімшілік шығыстар;
* қаржыландыруға арналған шығыстар;
* өзге де шығыстар;
* үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың пайдасыныңзалалының үлесі;
* табыс салығы бойынша шығыс - № 11 БЕС Табыс салығы бойынша есеп
ережесіне сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша
шығыс;
* салық салынғаннан кейін әдеттегі қызметінен алынған табыс (зиян)-салық
салынғанға дейінгі табыстан табыс салығы бойынша шығысын шегергеннен
соң алынған табыс (зиян); [3]
* корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар;
* аздық үлесі;
* кезеңдегі жиынтық пайда(залал) - есептік кезеңде кәсіпорынның алған
қаржылық нәтижесі.
Сонымен, кіріс және шығыс туралы есептілік нәтижелері: Өткізілген дайын
өнімнің (тауарлардың, жүмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны, Дайын
өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өткізу шығыстары, Әкімшілік
шығыстар, Негізгі емес қызметтер бойынша шығыстар, Корпорациялық табыс
салығы бойынша шығыстар, Сатылған тауардың қайтарылуы және сатудан
шегерулер, бағадан шегерулер, Төтенше жағдайдан және тоқтатылған
операциялардан түсетін табыстар (шеккен залалдар), Басқа ұйымдарға
үлестік қатысудан түскен табыс (шеккен залал) шоттарының деректерінің
негізінде шығарылады. Басқаша айтқанда, есеп беруге қажетті барлық
деректері бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс тапқан мәліметтерден тікелей
алынады. [14]
Кәсіпорындар мен ұйымдар өз қызметі барысында басқа заңды және жеке
тұлғаларымен қарым - қатынас жасау нәтижесінде туындаған операциялардың
барлығы ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Ал ақша арқылы есеп
айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде
қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақша қаражаттарымен есеп айырысуының
операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген
ережелері мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда
ақшалар арқылы есеп айырысуының операцияларының бухгалтерлік есебін
жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек::
* ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер
кезінде есептеу;
* кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелдігінен және олардың
тиімді пайдаланылуын бақылау;
* есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске
алынуы мен шығыс етуін дұрыс есептеу.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін
төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың
ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы
ақшаларын, аккредитивтеріндегі ақшаларын, чектеріндегі ақшаларын,
бактердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларының, сондай - ақ аударылған жолдағы
ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардын бухгалтерлік балансындағы
ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар
шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығынын жиынтық сомасы жазылады.
Ақша қаражаттары туралы есептілікте операциондық, инвестициялық және
қаржылық қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны
туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза
ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардын эквивалеттерінің таза
көбеюі, жылдың бойындағы және ағымдағы ақшалақ қаражатпен оның
эквивалеттері көрсетіледі.
Операциондық қызмет - кіріс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық
және қаржылық қызметтеріне жатпайтын өзге қызмет түрі.
Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату
қызметі. Қаржылық қызметі жеке капитал мен заем қаражаттарының мөлшер және
құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын заңды түлғаның
қызметі.[9,б.13]
Шаруашылық жүргізуші субъектінің құрамында Қазақстан Республикасының
аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншілес немесе тәуелді
серіктестіктері бар болса, өзінің қаржылық есеп беруімен қоса
консалидацияланған есеп беруді жасайды, яғни бірнеше заңды түлғаның есеп
беруін біріктіреді.
Заңды түлға егер де басқа негізгі заңды тұлғаның өзінің жарлық қорына
салған салымдарының басым көпшілігін иеленсе және қабылданатын шешімдердің
басым бөлігін анықтау мүмкіндігіне ие болса, онда олар еншілес серіктестік
ретінде танылады.
Заңды тұлға егер де басқа қатысушы, артықшылығы бар заңды тұлғаның бар
болғаны 20% дауыс беретін акциясына ие болса және сондай деңгейде
қатысушылық үлсі бар болса тәуелді серіктестік ретінде танылады.
Негізгі кәсіпорындарда және барлық еншілес кәсіпорындары бірігіп,
біріккен заңды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәліметі бойынша
консолидацияланған есеп беруін жасайды.
Қаржылық есептіліктін пайдаланушылар олардың топтасқан бөлігін ғана
емес, тұтас бөлігін білуге мүдделі болып келеді. Бұндай қажеттілік
консолидацияланған есеп беруге қойылатын талапты күшейтеді.
Консолидацияланған есептілік құрамына: консолидацияланған бухгалтерлік
балансты, консолидаияланған кіріс және шығыс туралы есеп беруі,
консолидацияланған ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруі және
түсіндірме жазбасы кіреді.
Негізгі кәсіпорын өз өзегінде, еншілес кәсіпорын да болуы мүмкін, онда
ондай кәсіпорындар консолидацияланған қаржылық есеп бермеуі мүмкін, егер де
оны негізгі кәсіпорын талап етпесе.[8,б.20]
Негізгі заңды тұлға және оның еншілес заңды тұлғасы қаржылық есеп
беруді келесі жолмен консолидациялайды, яғни біріктіреді:
* есеп беруді өзара сәйкестендіреді, есеп беру қосымша өңделеді,
* жіктемесі өзгертіледі, түзетулер енгізіледі;
* активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, табысы, шығысы туралы
мәліметтердің әр қайсысы жолы мен бабы бойынша қосылады;
кейбір баптар бойынша қайталауға жол берілмейді және кейбір баптар
жойылуы мүмкін.

1.2. Қаржылық есептіліктің элементтерін тану және бағалау

Қаржылық есептіліктің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі
қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы әрі мәнді және
сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Бірақ қаржылық
ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы әрқилы мәліметтерді
қажет етеді:
* инвесторлар - жасалған инвестицияның тәуекелділік дәрежесі олардың
алатын табысына қаншалықты пара - пар келетіндігін анықтау
үшін,кәсіпорынға салған инвестициясын сатудың немесе соған
сәйкес активтерін сатып алудың немесе өз үлесін сақтаудың
қажеттілігін анықтау үшін, кәсіпорынның келешектегі күтілетін
дивиденттерді төлеу
қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
* кредитор - алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін
анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
* жабдықтаушылар - кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын
қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
* сатып алушы - кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра
алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
* қызметкерлер - кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді
болғанына мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбекақысын және басқа
жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер - тұрақты түрде
дивидент алып тұруын көздейді:
* мемлекеттік органдар - кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс
істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық
саясатты жүзеге асырады, сондай - ақ статистикалық
мәліметтерді жинайды;
* жұртшылық - жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді
мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға мүдделі болып
келеді.
Қаржылық есептілік кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға,
несиелеу аясын қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға,
кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы
органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін
тигізеді. Кәсіпорынның қаржылық есептілігін әрқилы пайдаланушылардың әр
түрлі мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі
үшін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың
негізгі талабы: кәсіпорынның алған меншік капиталы мен басқа инвестициясы
туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс. [5,б.30-56]
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік
заңының 13 бабына сәйкес қаржылық жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық
есептілік элементтері болып келесілер табылады: активтер,міндеттемелер және
меншік капиталы.[3.]
Қаржылық есептіліктің элементтері. Қаржылық есептілік мәмілесінің және
басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына
сәйкес көрсетіледі. Экономиқалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері
болып табылады.
Актив – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және
мүліктік емес игілігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде
көрсетіліді. Ол өткен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді
(жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа
мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге
асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа
активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы,
меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.
Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан
қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің
кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас
тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндетемесінің пайда болғанын, белгілі
бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу
немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушында өз міндетемесін
орындалуын талап етуге құқығы бар.
Меншік капиталы – бұл субъекттің міндеттемесі шегерілген активі.
Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капиталы, қосымша
төленген капиталы, резервтік капитал, таратылмаған пайда. Қаржылық
есептілікте пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шарушылық қызметін талдаған
кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес
салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын
көрсетеді.
Жоғарыда айтылған заңның13 бабына сәйкес табыстар мен шығыстар туралы
есеп беруде іс-әрекеттін нәтижесін өлшеумен байланысты элементтерге тікелей
жататын табыстар мен шығыстар болып табылады.
Табыстар –бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметтінің
нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты,
қызметті сатқаннан алынған табысы, сондай-ақ тауарлы - материалдық
құндылықтардан,жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары
жатады.
Шығыстар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен
байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес кызметтен шеккен зияндар
және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. [4,13бап]
Қаржылық есептіліктің элементерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа
енгізу процесі немесе қаржылық –шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы
есептіліктің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес
келеді және мындай тану тұжырымдамасын (критериясын) қанағаттандырады:
- кез келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу
ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;
- баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.

Қаржылық есептіліктің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен
олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар (активтер мен
міндеттемелер) танылады. Бағалаудың қолдану тәртібі мен әдісі халықаралық
стандартқа және Қазақстан Республикасының 2007жылдың 28 қаңтарындағы
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік заңына сәйкес жүргізіледі.
Қаржылық есептілікте әр түрлі жағдайларда және әр түрлі деңгейлерде
қаржылық есептіліктің элементтерін бағалауда бірнеше әдістер
қолданылады.Оларға келесілерді жатқызамыз:
-бастапқы құны;
-ағымдағы құны;
-сатудағы мүмкіндік құны,
-дисконттық құны.
Бастапқы құн әдісі –ол активті салуға,сатып алуға,әкеліп
жеткізуге,орнатуға кеткен шығындардан,сондай-ақ сатып алу барысында
төленген салық сомаларынан,құрылысты салу кезінде алынған несие үшін
төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін
жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың
жиынтығынан тұрады.
Ағымдағы құн-бұл шаруашылық субъектінің белгілі бір
уақыттағы,яғни бүгінгі күнгі негізгі құралдың нарықтық бағасы болып
табылады.

Сатудағы мүмкіндік құны-бұл бүгінгі таңда, қалыпты жағдайда
активтерді сатудан түсуі мүмкін ақшалай бірліктер болып табылады.
Көбіне ұйымдарда,кәсіпорындарда қаржылық есептіліктің элементтерін
бағалауда бастапқы құн әдісі пайдаланылады.Сонымен қатар ХҚЕС-қа ауысумен
байланысты №2 Қорлар стандартыңда айтылғандай кейбір жағдайларда
қаржылық есептіліктің элементтерін бағалаудаң бастапқы құн әдісімен қатар
басқа да әдістері пайдаланылуы мүмкін.Мысалы,тауарлы материалды қорлар
өзіндік құнынан төмен бастапқы құнымен және сатудағы мүмкіндік құнымен
көрсетілуі мүмкін.[4]

2.ТАРАУ. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2.1 .Бухгалтерлік баланс және оның сипаттамасы

Пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы
ақпараттық мәліметтерді уақытында жеткізіп беріп отыратын ақпараттық
мәліметтің негізгі қайнар көзі - бухгалтерлік баланс. Сырт көзбен қарағанда
кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі
бөлімді кесте болып табылады. Осының сол жағында, яғни активінде
кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе(қосымшаА
және ХҚЕС-қа мысал ретінде көсеткіштерді ауыстырумен байланысты қосымшаЕ) ,
оң жағында, яғни пассив бөлімінде қорлану көздері қарастырылады(ҚосымшаБ
және қосымшаЖ). Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың
актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиісті, яғни қолда бар мүліктері
қарастырылады. Кәсіпорын осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта
табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлеуетті табыстары
ретінде таниды. Ал баланстың пассиві деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның
қорлану көздері туралы ақпаратты мәлімет жазылады. Кәсіпорынның қорлану
көздері меншік капитал және тартылған капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы
тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни кредиторлық
берешек борыштары болып табылады. Кредиторлар қатарына заңды немесе жеке
тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы
қарызын уақытыда төлей алмаған жағдайда, олар кәсіпорыннын активтерін алу
арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның меншік капиталы
инвесторлардың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан
міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың
кредитордан айырмашылығы - өз алашағын алу үшін жанталасатын болса, ал
инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді
шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншік капиталға ие және де
кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Кэсіпорынның барлық активтері
инвесторлар мен кредиторлардың меншігінде болады. Сондықтан бухгалтерлік
баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.
Актив = меншік капитал + міндеттеме
Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай
негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Қазақстан
Республикасының Қаржы министрінің 2005 жылғы 22желтоқсандағы №427
бұйрығымен бекітілген №1 Қаржылық есептілікті ұсыну ХҚЕС-на сәйкес
баланстың актив бөлімі қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер
деп аталатын екі тараудан тұрады. [11]
Қарағанды Электротехникалық Жабдықтар Зауыты АҚ-ның 2006 жылғы
балансын қарастырайық.Қысқа мерзімді активтер бөлімінде Қарағанды
Электротехникалық Жабдықтар Зауыты АҚ ақша қаражаттары мен эквиваленттері
есепті кезең басында 107448 теңгені құраса,есепті кезеңнің соңында 9035677
теңгені құрады. Қысқа мерзімді дебиторлық берешектері есептік кезеңнің
басында 35142036 теңгені құраса,есептік кезең соңында 97504757 теңгені
құрады,сонымен қатар қорларға тоқталатып кетейік,есептік кезең басында
54049797 теңге болса,ал есептік кезеңнің соңында 106070437 теңгені
құраған.Өзіміз баланстан көріп отырғандай қысқа мерзімді активтердің жиыны
есепті кезең басында 89299281теңге болса,есепті кезең соңында 212610871
теңге болған. (қосымшаА және ХҚЕС-қа мысал ретінде көсеткіштерді
ауыстырумен байланысты қосымшаЕ) Қарастырып отырған тәжірибелік материал,АҚ
Қарағанды электротехникалық жабдықтар заводының №30 БЕС сәйкесті
жасалған қаржылық есеп беруін №1 ХҚЕС-ке байланысты қаржылық есептілікті
көрсету кезіңде байқалған айырмашылықтарды атап көрсетейік:№1ХҚЕС-ке
байланысты баланста ағымдағы салықтық активтер мен сатуға арналған ұзақ
мерзімді активтер деп аталатын баптар көрсетіледі,баланс формасында №30
БЕС-да есепті кезең басындағы жағдай бірінші жазылып қарастырылса,№1 ХҚЕС-
ке сәйкес есепті кезең соңындағы жағдай бірінші қарастырылып,жазылады.
Ұзақ мерзімді активтер бөліміне материалдық емес активтер, негізгі
құралдар, ұзақ мерзімді инвестициялар кіреді.
Материалдық емес активтер - бұл бап бойынша ұзақ мерзімді кезең бойы
шаруашылық қызметте қолданылатын және табыс келтіретін материалдық емес
объектілерге кәсіпорын салатын салымдар көрсетіледі. Бұл орайда түсіндірме
жазуларда амортизация есептеудің әдісі, есептеу мерзімі, сондай-ақ есепті
кезеңдегі: гудвилл патенттердің, тауар таңбаларының және басқалардың
есептен шығарылуы көрсетіледі.Тәжірибелік материалға сүйенсек баланста бұл
бап есепті кезең басында 69496 теңгені құраса,есепті кезең соңында 131818
теңгені құрады.
Негізгі құралдар - бұл материалдық салада, сондай-ақ өндірістен тыс
салада қызмет мерзімі бір жылдан аспайтын материалдық активтер. Түсіндірме
жазуларда ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар мен төлемі кейінге
қалып, сатып алынған негізгі құралдар бөлек көрсетіледі. ҚосымшаА және ХҚЕС-
қа мысал ретінде көсеткіштерді ауыстырумен байланысты қосымшаЕ-ге қарайтын
болсақ негізгі құралдар есепті кезең басында 29534300 теңгені
құраса,есепті кезең соңында 44703103 теңгені құраған.
Ұзақ мерзімді инвестициялар – кәсіпорынның табысты активтеріне жарғылық
қорына және басқа кәсіпорынға салған ұзақ мерзімді инвестициялары, өзге
кәсіпорындарға берілген қарыздар көрсетіледі.Қарастырылып отырған
кәсіпорында ұзақ мерзімді инвестицияларлар жоқ болумен байланыста баланста
бұл бап толтырылмай бос қалған.
Жалпы, тәжірибелік материалдан көріп отырғандай,Қарағанды
Электротехникалық Жабдықтар Зауыты АҚ-да ұзақ мерзімді активтер жиыны
есептік кезең басында 29603796 теңгені құраса,жыл соңында 44836841 теңгені
құрады.Осыдан кейін қысқа мерзімді активтер мен ұзақ мерзімді актитер
жиынтығын қоссақ теңгерім шығады.Актив бөлімінің теңгерімі есепті кезеңнің
басында 118903077 теңгені құраса,ал есепті кезең соныңда 257447712 теңгені
құраған,яғни +138544635 көбейген.
Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі
меншік капитал деп аталады, онда кәсіпорынның шығарылған капиталы есепті
кезең басында 14000000теңгені құраса, есепті кезең соңында 45950000теңгені
құраған,резервтік қоры есептік кезең басында 2221058 теңгені құрап,кейін
пайдаланылу себебімен есепті кезең соңына 0 теңгені құраған,ал бөлінбеген
пайдаға келетін болсақ жыл басында 34473677 теңгені құраса,жыл соңында
37403901 теңгені құрады.Жоғарда айтылғандардың барлығын қоссақ капитал
жиыны есепті кезең басында 50694735 теңгені құрап,ал есепті кезең соңында
83353901 теңгені құрады,яғни бұл жерде байқалған жағдай капитал
+32659166көбейген. Шығарылған капитал - кәсіпорынның құрылтай құжаттарына
сәйкес оның меншік иелерінің салымдары есебінен құралған жырғылық қор.
Түсіндірме жазуларда есепті кезеңде жарғылық капиталда болған өзгерістер
жайлы ақпаратты ашып көрсету керек.
Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше қысқа мерзімді
және ұзақ мерзімді міндеттемелер деп аталады.
Қысқа мерзімді міндеттемелер бөлімінде кредиторлардың талабы
бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың
ішінде өтелуге тиісті ұзақ мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда,
мынадай баптар ашылған:
* қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер есепті кезең соңында 15000000теңге
болған,яғни бұл жыл соңында Туран Алем Банктен алынған нисие мен
байланысты.
* салықтар бойынша берешек есепті кезең басында 13035016 теңгені
құраса,есепті кезең соңында 9201531 теңгені құрады.
* басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер(Евразийский
БАНК) есептік кезең соңында 28427689 теңге.
* қысқа мерзімді кредиторлық берешек есепті кезең басында 42567091
теңгені құраса,есепті кезең соңында 111860140 теңге
* қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері есепті кезең соңында 21551
теңгені құрады.
* өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер есепті кезең басында 6608320
теңгені құраса, есепті кезең соңында 9582900 теңгені құраған.Сонымен
қысқа мерзімді міндеттемелер жиыны есепті жыл басында 62210427теңге,ал
есепті жыл соңында 174093811 теңге болды,яғни +111883384 теңгеге
көбейген.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерде ұзақ мерзімді қаржылық
міндеттемелер,ұзақ мерзімді кридиторлық берешек,ұзақ мерзімді бағалау
міндеттемелері,кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер
көрсетіледі.Біздің тәжірибелік материалдарымызда көрсетілгендей,Қарағанды
Электротехникалық Жабдықтар Зауыты АҚ-да Ұзақ мерзімді міндеттемелерден
ұзақ мерзімді қаржылық міндеттеме бабы ғана қарастырылған.Ол жыл басында
мына сумманы құраған,5997915 теңге. Түсіндірме жазбада пайыздық ставканы,
несиені өтеудің мерзімін өтеудің тәртібін және шартта көзделген басқа да
талаптарды керсету керек.
Бухгалтерлік баланстың пассив белімінің үш тарауының жынтығының қосындысы
пассив бөлімінің теңгерімінің суммасына тең болады,ал теңгерім есепті
кезеңнің басында 118903077 теңгені құрады,сонымен қатар есепті кезең
соныңда 257447712 теңгені құраған,яғни +138544635 көбейген.
Бухгалтерлік баланста кәсіпорынның белгілі бір мерзімдегі
ресурстарының мөлшері көрініс табады. Алайда, шын мәнісінде кәсіпорын
ресурстары үнемі қозғалыста болады және үздіксіз жүргізілетін шаруашылық
операцияларының ықпалымен олардың мөлшері мен құрамы үнемі өзгеріп отырады.
Кәсіпорында өтіп жататын әрбір шаруашылық операциялары оның ресурстарының
көлемі мен құрамын да демек балансын да өзгертеді.
Өзінің жасалу уақытына, қолдану барысына қарай бухгалтерлік баланс әр
түрлі болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан құрылған уақытында жасалған
бухгалтерлік баланс кіріспе деп аталады. Кіріспе баланста кәсіпорынның
қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы
негізгі көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни қүрылтайшыларының,
акционерлерінің осы кәсіпорынды жаңадан құру уақытындағы ақшалай немесе
заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп жағдайда кіріспе баланста
кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең болуы ықтимал. Бұл теңдік
егер кәсіпорын құрылу барысында ешқандай жеке немесе заңды тұлғалардың
алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып есептеледі.
[7,б.28]
Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір
уақытқа, яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған
сәйкес кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін
уақыттағы құрастырылған балансы ағымдағы бухгалтерлік баланс болып
есептеледі.
Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде,
таратылатын уақытта жасалады. Кәсіпорынның жойылу балансының саны, яғни
оның жасалыну кезеңдері кәсіпорынның таратылуына кететін уақытпен тікелей
байланысты. Егер кәсіпорынның таратылуы, яғни жабылуы ұзақ уақытқа
созылатын болса, жойылу баланстарының саны да соған сәйкес және
қажеттілігіне қарай арта түсуі мүмкін. [7,б.38]
Қаржылық есеп беруге талдау жүргізу кезінде Қарағанды
Элекротехникалық Жабдықтар ЗауытыАҚ-ның бухгалтерлік балансын, кірістер
және шығыстар туралы есеп беруін, ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп
беруін және меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру құжаттарын
қолдандық. Талданып отырған кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив
бөлімінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерден, пассив бөлімінде
меншік капитал және міндеттемелер, ұзақ және ағымдағы міндеттемелерден
тұрады.Қосымшаларды пайдалана отырып қарасақ,жалпы ХҚЕС-ке және отандық
қаржылық есеп беру стандарттарының баланс формаларының макетінде ешқандай
өзгеріс жоқ,ал бірақ ХҚЕС талаптарына байланысты ең бірінші қысқа мерзімді
активтер,пассивтер жазылады да,ал сонан соң ұзақ мерзімді
активтер,пассивтер жазылады,сонымен қатар байқайтын тағы бір жайт:ХҚЕС
талаптарына сәйкесті тәпіштеп,егжей-тегжейлі қаралмайды,Яғни олардық жалпы
соммалары көрсетіледі. Баланс берілгендері бойынша кәсіпорында
инвестициялар және ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер, төленбеген капитал
болмаған, ұзақ мерзімді міндеттемелер тек жыл басында болып, жыл ішінде
өтелген. Баланс баптары бойынша актив бөлімінде негізгі құралдардың, ТМҚ -
лардың, қысқа мерзімді дебиторлық борыштардың елеулі түрде өскенін көруге
болады. Ал пассив бөлімінде меншікті капиталдың, қысқа мерзімді кредиторлық
борыштардың көбейгенін және бюджетпен есеп айырысу бойынша соманың
төмендегенін көруге болады. Баланстың пассив бөліміндегі меншік капиталдың
үлес салмағы 32,38%, осыдан кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты емес
екені көрініп тұр.

2.2.Кіріс пен шығыс туралы есептілік және оны құру тәртібі

Қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептілік Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігінің 17 қаңтар 2003 ж №14 қаулысымен
бекітілген № 30 Қаржылық есеп беруді ұсыну бухгалтерлік есеп
стандарттында және халықаралық қаржылық есептілік стандартты бойынша
№1Қаржылық есептілікті ұсыну стандарттарында ашылып көрсетіледі. Бұл
стандарт бағалау әдісі, есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер
анықталған және түзетілгенде қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері
туралы есептілік пен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың
сыныптамасын белгілейді.
№ 30 Қаржылық есеп беруді ұсыну бухгалтерлік есеп стандарты төтенше
жағдай деп аталып жүргендерге түсінік береді. Бұл кәсіпорынның әдеттегі
қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе операция. Яғни олар жиі қайталанбайды
немесе тұрақты болып отырмайды. Төтенше жағдайларда кірістің немесе
шығыстың мәні мен сомасын түсіндірме жазуларда бөлек ашып көрсету керек.
Стандарттар сондай-ақ тоқтатылған операцияларға анықтама береді. Мұны
тоқтатылған операциялар бойынша кәсіпорын филиалының сатылуымен немесе
таратылуымен түсіндіруге болады. Түсіндірме жазуда мыналар ашылуы тиіс:
тоқтатылған операциялардың мәні, тоқтатылған операцияның сомасы мен
географиялық ауданы, операцияның нақты тоқтатылған күні, операцияны
тоқтатудың мәні, яғни сату немесе тарату және олардың себебі, тоқтатылған
операциядан алынған кіріс немесе шығыс, өнімдерді сатудан немесе есепті
кезеңдегі кәсіпорынның әдеттегі қызметінен алынған кіріс немесе шығыс. [1]
Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесінің бағалауымен
байланысты, қаржылық есептіліктің элементтері табыстар мен шығыстар болып
табылады.
Табыстар — есеп мерзіміндегі экономикалық пайданың өсуі, бұл
активтердің өсуі және олардың құны міндеттемесінің азаюы. Меншік иелерінің
алымдарына байланысты меншік капиталының өсуіне әкеледі.
Шығыс - есеп мерзіміндегі экономикалық пайданың азаюы, бұл активтердің
азаюы немесе олардың құны, міндеттеменің көбеюі. Меншік иелерінің
арасындағы бөлуге байланысты емес меншік капиталының азаюы. Шығындар мен
табыстар есебі мәліметтерді сипаттайды. Негізгі және негізгі емес қызметтер
бойынша барлық шығындар мен табыстарды талдайды және қолданушыға есептік
мерзімдегі сауда ұйымының соңғы қаржылық нәтижесі туралы ақпарат алуға
мүмкіндік береді. Осы есеп беруді ұсыну және құру тәртібі №30 Қаржылық
есеп беруді ұсыну бухгалтерлік есеп стандарты және халықаралық қаржылық
есеп беру стандарттары бойынша№1Қаржылық есептілікті ұсыну бойынша
регламенттенеді. Көрсетілген есеп беруді құру және ұсыну мақсаты жоғарыда
көрсетілген құжаттар шығыстар жэне табыстар есептілік бабына және
классификация ретін анықтайды. Көрсетілген нормативтік құжаттар
жоспарланбаған жағдайлардың табыстары мен шығында, негізгі және негізгі
емес қызметтен алынған табыстар мен шығындардың әртүрлі бабтарының мазмұнын
ашады.
Шығындар мен табыстар есебі 7 Кірістер және 8 Шығыстар
бөлімдерінің шоттары негізінде жүргізіледі. 6010 Өнімдерді сатудан және
қызмет көрсетуден алынатын кіріс шоты бойынша сауда ұйымының тауарды
сатудан түскен табысы, негізгі қызмет табысы көрініс табады.
Тауарды сатудан түскен табыс сатып алушыға ұсынылған тауар құнынан
және дайындау-тасымалдау шығындарынан құралады.№ 11 журнал - ордер және
Алынған тауарларды өткізуден түскен табыс субшоты бойынша6010 Өнімдерді
сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс шоты толтырылады.
Негізгі қызметтен түскен табыс қосылған құн салығы, акциздер, салық
және міндетті төлемдер, қайтарылған тауарлар құны, сатудан шегерім және
бағадан шегерім минус нәтижесін көрсетеді. Талданып отырған АҚ Қарағанды
Элекротехникалық Жабдықтар Зауытының көрсеткіштері,яғни өнімдерді сату
мен қызметтер көрсетуден түскен пайда жыл басына 150238 мың тг, ал жыл
аяғына 347517 мың тг сомасын құраған, осыдан 197279 мың тг - ге өскенін
көруге болады.(ВжәнеЗ қосымша)
7010Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
шоты бойынша сауда ұйымы тауарлы материалдық қорлардың өткізгендегі өзіндік
құнын көрсетеді.
Мерзімдік шығындар бабында есептік мерзімдегі шығын болып табылатын
ТМҚ -дың өзіндік құнына енгізілмеген шығындарды көрсетеді. Ол өзінің
құрамына келесілерді қосады:
* әкімшілік шығындар;
* өткізу шығындары;
* сыйақы түріндегі шығыстар.
Бухгалтерлік есеп бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық
комиссиясының 13 қаңтар 1996 ж №3 қаулысымен бекітілген, 28 қаңтардың 2003
жылғы №27 қаулысының өзгертулерімен және қосымшаларымен № 7 БЕС Тауарлы
материалдық қорлардың есебі және №2 Қорлар ХҚЕС-ке сәйкесті әкімшілік
шығындар - бұл жалпы басшылыққа байланысты ұйымның қаржылық шаруашылық
қызметінің шығындары. Бұл шаруашылық және әкімшілік бағыттағы шығындар.
[13]
Өткізу шығындары - тауарлы материалдық қорларды сатудан болған
шығындар. Ынталандыру түріндегі шығындар - банк зайымдары бойынша
марапаттауды төлеуге, банктік емес ұйымдар, жабдықтаушылар
зайымы,активтерді жалға алу бойынша шығындар. Бұл көрсетілген шығындар № 10
журнал - ордерде және №5 ведомость мәліметтері бойынша толтырылады. Біздің
кәсіпорнымызда мерзімдік шығындар көрсеткіштері жыл басына 26079 мың тг,ал
жыл аяғында 34927 мың тг сомасын құраған, яғни 8848 мың тг - ге өскенін
көруге болады.(КБЕС бойынша В қосымшаның 040 бабы,ал ХҚЕС бойынша, З
қосымшада 040 бап)
Негізгі қызметтен түсетін табыс бөлімшесі сальдоланған қаржылық
нәтижені көрсетеді. Негізгі емес қызметтен түсетін табыс бөлімшесі
негізгі емес қызметтен сальдоланған табыстар нәтижесін көрсетеді.
Айналымнан тыс активтерден, алғашқыда сатудан көздемеген, жалға алудан
түскен табыс, сыйақы түріндегі табыс, роялти, дивидент, бағалы қағаздарды
қайта бағалаудан түскен табыс. Бұлар Негізгі емес қызметтен түсетін
табыс және Негізгі емес қызметтер бойынша шығыстар бөлімшелерінде
қаралған. Есеп беру кестесіне сәйкес Негізгі қызмет табыстары (зияны)
жалпы табыс пен мерзімдік шығындар айырымынан анықталады және ол біздің
кэсіпорнымызда келесі түрге ие болған: жыл басына 15311мың тг., ал жыл
аяғына 40517мың тг., 2,7 есе көбейгенін көруге болады. .(КБЕС бойынша В
қосымшаның 050 бабы,ал ХҚЕС бойынша, З қосымшада 110 бап)
Салық салынғанға дейінгі қарапайым қызметтен түскен пайда бабында
сальдоланған қаржының нәтижесі (табыс, шығыс) көрсетіледі. Мұнда Негізгі
қызметтен түсетін табыс және Негізгі емес қызметтен түсетін табыс
бабтары бойынша сомалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ
Қаржылық есептілікті ұсыну
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сай бухгалтерлік есеп
Есептілік кезең қағидасы
Бухгалтерлік есептіліктің қалыптасуы
Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну
Қаржылық есептілік
Инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп және есептілікті ұйымдастыру
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Қаржылық есептілікті құрастыру тәртібін қарастыру және оның негізгі көрсеткіштерін талдау
Пәндер