Лизингтік төлемдерге банк комиссиясын үнемдеу


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қазақстанда қаржылық лизингтік несиелік аспектілері . . . 7

1. 1 Лизингтік операциялар және олардың сипаттамасы . . . 7

1. 2 Лизингтік операциялардың түрлері . . . 18

1. 3 Лизингтік операциялар есебі . . . 25

2 Қаржы лизингінің ерекшелігі, оның Қазақстан Республикасында қолдану қажеттілігі . . . 33

2. 1 Қазақстан Республикасында қаржы лизингінің ерекшелігі, қазіргі жағдайы . . . 33

2. 2 Қазақстанның лизингтік компаниялары және олардың дамуына талдау . . . 39

3 Қазақстандағы лизинг қызметтері нарығын дамыту: проблемалары мен перспективалары . . . 50

3. 1 Қазақстандағы қаржы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру . . . 50

3. 2 Ауыл шаруашылығындағы лизингтің дамуы - лизингтік операцияларды дамытудың нысаны ретінде . . . 54

Қорытынды . . . 62

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі : Қазақстанның әлемнің 50 бәсекелестік елдерінің қатарына кіруі Стратегиясы туралы ҚР Президентінің жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі - Қазақстан экономикасын әрі қарай жаңарту және диверсификациялаудың тұрақты экономикалық өсудің негізгі ірге тасы ретінде көзделуі де жай емес. Бұл стратегия Қазақстан экономикасының тек шикізат бағытында дамуының жеткіліксіздігін, яғни шикізат емес сектордың дамуына көңіл бөлу қажеттігін айқындады.

Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта дамып отырғандығын ескеріп, ҚР Үкіметі оның бағытын өзгерту жолында республикамыздың 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясында еліміздің өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды жаңарту міндетін белгілеген болатын.

Кеңес одағының тұсында қызмет етіп отырған кейбір құрал-жабдықтардың отандық өндіріс орындарында қолданылып келуі, бүгінгі қазақстандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттілігін арттыруға кері ықпал етіп отырғаны жасырын емес. Нақтырақ айтсақ бүгінгі отандық өндірістегі негізгі құралдардың 60-70 % ескі немесе тозған негізгі құралдар.

Өндірістік сектордағы құрал-жабдықтарды жаңартудың негізгі қаржыландыру түрі лизинг екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ұлттық экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне инвестицияларды пайдалану жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде сонымен қатар көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады деген болатын.

Осы жерде кәсіпорындарды орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың қазіргідей тиімді формасы лизинг бола алады. Лизинг қазіргі кезде қызмет жасайтын және жаңадан құрылатын лизинг алушылардың активтерін ұлғайтудың ең тиімді құралы болып саналады.

Әлемдік тәжірибеде бұл құрал шағын және орта бизнестің қолжетімді қаржыландыру көзіне айналған. Бастапқы кезде лизингтің дамуы үшін мемлекеттің қолдауы қажет екендігі белгілі. Мемлекет лизингтің дамуы үшін жасайтын қадамдарына салықтық жеңілдіктер және кеден бажынан босату сияқты шаралары бәсекеге қабілетті өндірісті дамытуға ықпал етері сөзсіз.

Лизингтің дамуы үшін қолайлы макроэкономикалық және нормативтік ахуалдың болуы қажет. Экономикалық қатынастар тұрғысынан алғанда лизинг бұл өндіріске капитал инвестициялауға байланысты банктің қаржылық қызметтерінің біріне жатады.

Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығы 2000 жылдан бастап қана белсенді дами бастады. Бұл жерде лизингтік мәмілелердің басым бөлігі Қазақстандағы ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған агроазық-түлік бағдарламасы төңірегінде үкіметтің бастамасымен 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен құрылған лизингтік компанияларға тиесілі. Қазіргі кезде Қазақстанда қаржылық лизинг сияқты қаржы нарығының бір секторы қалыптасып дамып отыр десе болады.

Қазақстан мемлекеті бүгінгі күні лизингтің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Ең бастысы лизингтік қатынастардың дамуына қажетті заңдылықтар базасы жетілдіріліп, салық салуға байланысты жеңілдіктер жасалды.

Коммерциялық банктерде бүгінгі күні өздерінің лизингтік компанияларын құру арқылы және лизингтік операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай үрдістің дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жұмыс жасайтын 20-дан астам лизингтік компаниялардың 8-і отандық коммерциялық банктердің еншілес компаниялары болып саналады.

Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында маңызы бар инвестициялық саясаттың құралы болып табылады. Лизингті дамытудың өзектілігі қазіргі кезде отандық кәсіпорындарды қаржыландырудың балама көзіне айналуымен сипатталады. Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің экономикалық табиғаты жағынан ұлттық экономикамыздың сауығуына және әрі қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екінші жағынан халықаралық деңгейде отандық өндірушілердің шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар орнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін қаржылық қызмет түріне жатады.

Лизинг - шетелден елімізге жоғарғы технологияларға ие құрал-жабдықтардың келуіне жол ашатын және кәсіпорынға қаржылық өтімділігін сақтай отырып, негізгі капиталға инвестиция жұмсаудың балама көзі.

Біздің ойымызша, отандық банктердің лизингтік компаниялары арқылы лизингті қаржыландырумен қатар банктер өздерінің де лизингтік операцияларын дамытуға көңіл аудару қажет.

Мұндай мәселелерді шешуде қазақстандық коммерциялық банктердің лизингтік қызметін дамыту және жетілдірудің маңыздылығы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан арта түседі.

Ендеше, коммерциялық банктердің лизингтік қызметін дамыту барысындағы жоғарыда аталған мәселелердің бүгінгі күнге дейін оң шешімін таппай отырғаны және олардың отандық ғылыми жұмыстарда терең де жете зерттелмей келуі, осы диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамыту мәселелерін теориялық тұрғыдан оқып-білу, оның Қазақстандағы лизингтік қызмет көрсету нарығын дамытуға байланысты талаптарына қаншалықты жауап беретіндігі туралы өзекті мәселелер, өз кезегінде диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты болып және оның басты міндеттерін анықтап отыр.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты қаржылық қызметтерді соның ішінде лизингтік қатынастарды кешенді түрде талдау негізінде оларды басқару тетіктерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.

Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:

  • «банктердің лизингтік операциялары» ұғымын нақтылау;
  • банктердің лизингтік қызмет көрсетулердің ерекшеліктерін көрсету;
  • шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын зерделеу;
  • ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығындағы коммерциялық банктер қызметтерінің жағдайына талдау жасау және проблемаларды айқындау;
  • коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамытуы арқылы экономиканың шағын және орта бизнестің дамуын қаржыландыру әдістерін жетілдіру жолдарын қарастыру;
  • коммерциялық банктер қызметіндегі лизингтік тәуекелді басқару әдістерін қарастыру.

Зерттеу пәні коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының аясында қалыптасатын экономикалық қатынастар.

Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік қызмет көрсету нарығындағы қызметі жатады.

Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамытудағы орын алатын мәселелері туралы және оның тиімді қызмет етуінің экономиканы модернизациялау мен диверсификациялаудағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.

Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерінің және ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.

Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуының теориясы мен тәжірибесіне қатысты мәселелер осы күнге дейін шетелдік ғалымдардың еңбектерінде басты орын алуда, атап айтсақ, Т. Кларк, В. Хойер, М. Гордон, В. Д. Газман, В. М. Джуха, Е. Кабатов, Е. Н. Чекмарев, В. А Перов, П. А. Анреев, О. И. Лаврушин, К. Р. Тагирбеков, Г. Г. Коробовой, В. И. Колесников, О. М. Марков, В. М. Усоскин, Е. Ф. Жуков, Е. Б. Ширинская және өзгелер.

Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы банктердің лизингтік операцияларының дамуының теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: К. Ә. Сағадиев, Қ. О. Оқаев, Ғ. С. Сейітқасымов, У. М. Искаков, Н. Н. Хамитов, А. С. Смағұлов, Т. Ә. Есіркепов, С. Б. Мақыш және т. б. еңбектерінде кездеседі.

Құқықтық негізіне ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар жарлықтары, ҚР Ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен актілері және әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.

Коммерциялық банктердің лизингтік қызметін зерттеу белгілі экономистердің еңбектерінде әр жақты құбылысты байқатып отыр. Сондықтан да, банктердің лизингтік қызметінің түсініксіз мазмұны және оның қаржылық-несиелік аспектілері, сондай-ақ оның қызмет етуі барысындағы орын алатын өзекті мәселелері және оларды ғылыми тұрғыдан оқып білу, бұл диссертациялық жұмыстың тақырыбын анықтауға негіз болды.

Ғылыми жаңалығы : «лизинг» және «қаржылық лизинг» терминдерінің ұғымы авторлық көзқарас тұрғысынан нақтыланды және лизингтің жаңа функциялары мен белгілері ұсынылды;

  • кешенді талдау арқылы қаржы лизингінің несиелік аспектілері жүйелендірілді;
  • Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік компанияларының қызметінің дамуына әсер етуші факторлар айқындалды;
  • лизингтік мәмілелердегі тәуекелді басқару әдістерін жетілдірудің жолдары ұсынылды;
  • Қазақстандағы лизингтік операциялардың болашақтағы даму бағыттары айқындалды.

1 Қазақстанда қаржылық лизингтің несиелік аспектілері

1. 1 Лизингтік операциялар және олардың сипаттамасы

80-жылардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылады. Лизингктік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.

Қаржылық лизинг дегеніміз - қаржылық лизинг - бұл лизинг берушінің сатушыдан өз жекеменшігіне келісім-шартпен белгіленген лизинг нысанын лизингалушыға белгіленген төлем және белгіленген шарттың негізінде 3 жылдан кем емес мерзімге уақытша пайдалануға беруді міндеттейтін қаржылық іс-әрекеттің түрі. Лизинг алушы қаржылық лизинг келісімінде көрсетілген міндеттемелерін орындағаннан кейін, лизинг нысаны лизингалушыға өтеді.

Лизинг нысаны:

- көлік;

- құрал-жабдықтар;

- Инвентарь;

Көліктер және кәсіпкерлік мақсатта айналымнан алынбайтын кәсіпкерлік мақсатта жұмсалатын кез-келген негізгі құралдар болуы мүмкін. Тек жаңа әрі тез өтімді өнеркәсіптік, кеңселік, медициналық құрал-жабдықтар немесе көлік құралдары лизинг нысаны бола алады.

Бұрынғы қолданылған құрал-жабдықтар немесе көлік құралдары және де мүлік, тіпті ол коммерциялық болса да лизингке алынбайды.

Қаржылық лизингті пайдаланудың артықшылықтары. - алынатын құрал кепіл ретінде ұсынылатындықтан лизинг келісімін жасауда қосымша кепілдіктің қажеті жоқ. Тек лизингтік төлем ретінде алынатын мүлік құнының 20% пайызы көлемінде бастапқы төлем төлеу жеткілікті ( лизинг нысандарының кейбір ерекшеліктеріне қарай, Банк лизинг нысанының міндеттілігіндегі сомманы өтейтіндей қосымша кепілдікті қамтамасыз етуді талап етуі мүмкін, бұл жағдайда аванстық төлем шығарылып тасталынады)

Шығындар ретіндегі лизингтік төлемдердің барлығы салық салынатын пайданы төмендетеді және пайдаға салықты азайтады;

Лизингтік төлемдерге банк комиссиясын үнемдеу. Төлемдерді банк өз атынан жүргізетіндіктен лизингтік төлемдер үшін комиссия алынбайды;

Лизингалушының сатушыны, тасымалдаушыны және алынған мүлікті кедендік рәсімдеу үшін кедендік делдалды таңдау мүмкіндігі;

Банк лизингтік төлемдердің тиімді және жеке кестесін жасайды;

Келісімді жүзеге асыру барысындағы Банк кеңесі;

Лизинг бойынша келісімдер кемінде 4 жылға жасалады. Барлық лизингтік төлемдерді өтегеннен кейін мүлік лизинг алушының меншігіне өтеді.

Бәсекелестік сыйақы мөлшерлемелері қаржыландырудың мерзіміне, жоба бойынша қауіп деңгейіне, мекеменің қаржылық жағдайына және т. б. байланысты.

Лизингтік келісімге қатысушылар:

Жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғалар және лизинг алушы және лизингберуші болып табылатын заңды тұлғалар.

Берілу шарттары:

  • лизинг сомасы - 30 мың АҚШ долларынан
  • аванстық төлем - Лизинг нысаны құнынынан 20%
  • мерзімі - 4 жылға дейін
  • сыйақы мөлшері - жылдық 16 % - дан
  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 20, 26%
  • Лизингтік төлемдері төлеу - Аннуитеттік төлем
  • Сақтандыру - Лизинг мерзіміне және жеткізу мерзіміне міндетті түрде (лизингалушының қаржысына)
  • Қаржыландыру жобасын қарастыруға арналған комиссия - Банк тарифтері бойынша

Лизинг операцияларын жүргізу кезеңдері: клиент пен (Лизинг алушымен) алды-ала келіссөздер жүргізу; лизингтік келісім жасау барысындағы Банк талаптары мен шарттары, алдын-ала төленетін төлемнің көлемі қарастырылады.

- Лизинг түрінде берілген қаржыландыруға арналған өтінімді қарастыру;

- Линзинг алушы мен сатушының арасындағы сату-сатып алу және қаржы лизингі келісімін жасасу;

- Валюталық заңнамалардың талаптарына сәйкес мәміле паспортын рәсімдеу және процедураларды іске асыру (лизинг нысанының импортталуы кезінде) ;

- Тапсыру-қабылдау актісіне, сенімхаттарға және де өзге құжаттарға қол қою және мүлікті тиісті органдарда тіркеуді Банктің заң Департаменті жүзеге асырады.

- Банк пен Лизинг алушының арасында тексеру актісін жасау;

Лизингтік мүліктің меншік құқығын Лизингберушіден Лизинг алушыға өткізу. (барлық лизингтік төлемдер төленгеннен кейін) «Қаржылық лизингті» беру шарттары туралы мәселелер әрбір клиентпен жеке қарастырылады.

Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласын ұсынады. Лизингкті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тысаны болуы мүмкін.

Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті муліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі [1] .

1998 жылы Оттавада қабылданған халқаралық қаржылық лизинг конвенциясында былай деп айтылған: «Халқаралық тәжірибеде лизинг үшін үш жақты қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықты сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін. »

Әр түрлі белгілеріне қарай лизингктік операцияларды келесі тәртіппен топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып келеді:

  • тура лизинг, бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке өткізеді (екі жақты келісім) ;
  • жанама лизинг(үш жақты немесе көпжақты лизинг), бұл кезде мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырылады.

Тура лизингктің жиі кездесетің түрі - қайтымды лизинг , лизинг фирмасы иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.

Мүлікті типіне қарай былай бөлуге болады:

  • жылжымалы мүлік лизингі;
  • жылжымайтын мүлік лизингі;
  • бұрын пайдаланылған мүлік лизингі;

Өтеу деңгейіне қарай былай бөлуге болады:

  • бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толық өтелетін лизинг;
  • толық өтелмейтін лизинг.

Амортизация шарты бойынша былай бөледі:

  • толық амортизация және соған сәйкес лизинг объектісінің құны толық төленетін лизинг;
  • толық емес амортизациялы лизинг.

Қызмет объектісіне қарай былай бөлінеді:

  • егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз мойнына алса, таза лизинг;
  • толық қызмет жиынтығы бар лизинг - объектіге толық қызмет көрсету лизинг берушіге жүктеледі;

Операция өткізілетін нарық секторында ішкі және сыртқы ( халқаралық) лизингті қарастырады.

Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизинг кезінде шетел лизинг алушы, ал импорттық лизинг кезінде - лизинг беруші болып табылады.

Салық және автоматизациялық жеңілдіктерге қатысты лизинг мынадай болып бөлінеді:

  • жалған лизинг- қызмет алыпсатарлық сипатта болады және жеңілдіктер есебінен пайда табу мақсатында жүргізіледі;
  • нағыз лизинг- жалға берушінің инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация сияқты салық жеңілдіктеріне құқы бар, ал жалға алушы салық төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жалдық төлемдерді алып тастай алады.

Лизингтік төлемдерін сипатына қарай былай бөледі:

  • ақша төлемімен жүргізілетін лизинг- барлық төлемдер ақша нысанында жүргізіледі;
  • компенсациялық өлеммен жүргізілетін лизинг- төлем аталған жабдықты өндірілген тауарларды жеткізу немесе қарсы қызмет көрсету нысанында жүзеге асырылады;
  • аралас төлемді лизинг

Лизингтің осы нысандарын екі негізгі екі түрге біріктіруге болады:

  • жедел және қаржылық лизинг.

Жедел лизинг - көліктік құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен басқа да техникаларды қысқа мерзімді жалға беру. Оның ерекшелігі құралжабдықты пайдаланған соң иесіне қайтару болып табылады. Лизинг берушінің жалға ұсынылатын затты алу мен ұстауға байланысты шығындары бар лизингтік келісімшарт ағымында жалдық төлемдермен өтелмейді.

Қаржылық лизинг - қолдану үрдісінде мүліктің толық немесе үлкен бөлігінің амотизациясы өтетін ерте және ұзақ мерзімді сипаттағы келісімдермен сипатталатын лизингтің неғұрлым кең қолданылатын типтік нысаны. Қаржылық лизингтің маңызды белгісі - лизингтік жалдау шығындарын қалпына келтіруге қажетті жалдаудың негізгі мерзімі деп аталатын ағымда келісімді бұзудың мүмкін болмайтындығында.

Қаржылық лизинг - бұл ұзақ мерзімді жал болып табылады, оның шартының құрамына келесі критерийлердің ең болмаса біреуі көрсетілуі қажет:

  • меншік құқығының жал мерзімі аяқталуына қарай көшуі;
  • келісім шарттары бәсекелес саудадан мүлікті сатып алу құқын ұсынады;
  • жал бойынша жалға берушіге ең аз төленетін келтірілген құн жабдықтың нарықтық құнының 90 %-ына тең немесе одан жоғары болу керек.

Келтірілген құнды есептеу кезінде қабылданатын дисконттау мөлшерлемесі қсынылады несие бойынша (жалға берушіде) пайыздық мөлшерлеме және алынатын несиелер бойынша (жалға алушыда) пайыздық мөлшерлеменің ең азына тең болуы керек, онда:

  • жалға алушының ең аз төлемі - жал бойынша жылдық төлем;
  • ең жоғары төлем - жалға алынған мүлікті сатып алу кезіндегі төлем;
  • келтірген құн - ағымдағы жылға келтірілген болашақ жылдың ақша ағымының құны.

Егер жал келісімшарты жоғарыда аталған қағидалардың ең болмаса біреуіне сәйкес келмесе, онда бұндай жал қарапайым болып саналады.

Мысалы: мүліктің жал мерзімі - 5жыл, мүліктің құны -10 000 бірлік, күтілетін пайдалану мерзімі -10жыл. Жал мерзімі аяқталған бойдан мүлік жалға берушіде қалады, жалға берушіде де, жалға алушыда да пайыздық мөлшерлеме сәйкесінше 8 және 10%.

Жылдық төлемдер -2300 бірлік

Дисконттау мөлшерлемесі- 8%

Дисконттау коеффициенті =1/(1+0, 08) xn, мұндағы n- жалды төлеу жылы

1-жылдың коеффициенті=1/(1+0, 08) =0, 93

2- жылдың коеффициенті= 1/(1+0, 08) =0, 85

3- жылдың коеффициенті=0, 79

4- жылдың коеффициенті=0, 73

5- жылдың коеффициенті=0, 68

Келтірілген құн =2300x(0, 93+0, 85+0, 79+0, 73+0, 68) =9154 немесе 91, 5%, жал қаржылық болып саналады.

«Қаржылық лизинг» туралы Қазақстан Республикасының заныңда қаржылық лизинг түсінігі инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады, бұл кезде:

  • Лизинг беруші- лизинг шартымен лизинг затын сатушыдан алуға және оны лизинг алушыға белгілі төлеммен, белгіленген мерзімге және анықталған шартпен уақытша пайдалануға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін қолдануға міндеттенеді. Лизинг заты лизинг алушыға берілетін мерзім ұзақтығы жағынан лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80% кем емес) амортизациясымен өлшенеді.
  • Лизинг алушы- лизинг келісіміне сәйкес, келісім жасау кезіндегі баға бойынша лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80% кем емес) көлемде қалпына келтірілуімен (амортизация) есептелетін қалыпты кезеңдік төлемдерді төлеуге міндеттенеді. Бұл кезде әрекет ету мерзімі өткеннен кейін лизинг заты толықтай лизинг алушының меншігіне көшеді немесе ол аяқталғанға дейін лизинг келісімінде қарастырылған төлем толықтай төленеді, әрине, егер мұндай алмасу келісімде көрсетілген жағдайда ғана.

Лизинг затына үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көліктік құралдар, жер учаскілері және басқа да тұтынылатын заттар жатады. Бағалы қағаздар және табиғи ресустар лизинг заты бола алмайды. Лизинг келісімінің барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына меншік құқы лизинг берушіде ақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап, лизинг алушыға лизингтік затты уақытша иемденуге және қолдануға құқы беріледі [2] .

Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді уақытша пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде лизингті «несие-жал» (фр. «credit-pail») деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолма - қол ақшаны инкассациялау
Ақша – несие саясатының түрлері
«Казагрофинанс» акционерлік қоғамының қаржы лизингін талдау
Өндірістің табыстылығын арттыру жолдары
Казкоммерцбанк ақ на экономикалық сипаттама
Аудит түрлері
Қазақстан Республикасындағы аграрлық салада қызмет атқарып жатқан «Қазагроқаржы» АҚ лизингтік қызмет көрсету нарығындағы қызметі
Қысқа мерзімді несие - пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер
Лизингтің теориялық негіздері
Халықаралық төлемдер түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz