Белгілі әдебиет зерттеушілері


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
- Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани хикмет» шығармасының құрылысы . . . 8
- Хикметтердегі әділет пен зұлымдықты сипаттау көрінісі . . . 30
- «Диуани хикмет» шығармасының көркемдігі . . . 38
Қорытынды . . . 56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 59
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеу жұмысында Қожа Ахмет Йасауи және оның «Диуани хикмет» атты еңбегі еліміз егемендік алғаннан кейін ғана сөз етуге мүмкіндік туғаны, бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар, проблемалық мәселелер қоса қарастырылады, оған дәлел мынау: Кеңес өкіметі тұсында жалпы дінге, оны насихаттағандарға аяусыз соққы берілді. Мәселен, Қазақ Кеңес Энциклопедиясында А. Йасауи жөнінде: «Діншіл, рухани ғұлама - ислам дініне жетік, кертартпалығы үстем ой-пікірдегі адам, діни медреседегі рухани мансап иесі. Олар ертеден-ақ ғылым негіздерін бұрмалап, «Диуани хикмет» тәрізді санаға қонымсыз шығармалар жазып, уағыз-насихат жүргізумен шұғылданды», - деп жазылған [1, 613-б. ] . Сондықтан бұл тақырыпқа қатысты мәселелер тұтастай зерттелінеді.
Дүниежүзілік әдебиет тарихының қазына қорын молайтқан таңдаулы туындылардың елеулі бөлігі сопылық әдебиет өкілдерінің қаламына тиесілі. Сопылық таным белгілері адамзат қоғамының алғашқы дәуірінен бастап байқалып, бірқатар өркениеттер тарихында өзіндік із қалдырған. Бұл құбылыстың ішкі-сыртқы ерекшеліктері айқындалып, бірегей жүйелі үлгісі қалыптасқан кезеңі б. д. VIII-IX ғасырларына сәйкес келеді. Сопылық ілім теориялық тұрғыдан толық қалыптасқанға дейін-ақ оның мән-мазмұны ауызша және жазбаша әдеби шығармаларда көрініс тауып отырды. Бертінде бұл үрдіс барынша жетілдіріліп, сопылық әдебиеттің өзіне тән заңдылықтары қалыптасты. Болмысты қабылдау мен түсінудің иррационалдық жолын ұстанған сопылар тудырған әдебиеттің өзіндік идеялық бағыты, дара көркемдік әлемі, қалыптасқан бейнелілік жүйесі, талғаулы эстетикалық құндылықтары болды. Аталмыш әдебиет тарихындағы бірегей ақындық мектептер араб-парсы және түркі сопылығына тән. Ал түркі сопылық поэзиясының көшбасшысы «Түркістан пірі», «Әулиелердің сұлтаны» деген аттармен мәшһүр болған Қожа Ахмет Йасауи болатын.
Қожа Ахмет Йасауи жөнінде сөз қозғағанда сол ірі тұлғамен байланысты, оны қоса есептегенде төрт тарихи дүние қабаттаса еске түседі. Олар: кемеңгер бабаның өзі, атақты Түркістан қаласы, «Диуани хикмет» кітабы және Қожа Ахмет Йасауи кешені. Соған сәйкес бір жерден нұр шашқан осы төрт киені бір-бірінен бөлмей қатар зерттеу қажет.
Ақынның дүниеге келген мерзімі туралы нақты дерек жоқ. Ортағасырлық жазбаларда Қ. А. Йасауидің хижраның 562 жылы (б. ж. с. бойынша 1166 жылмен сәйкес) дүниеден өткені айтылады. Осы дерекке және хикметтердегі мәліметтерге сүйене отырып, ақынды 63 жыл өмір сүрген деп санайтын зерттеушілер оның туған жылын 1103 жылмен шендестірсе, 73 жыл жасаған деп есептейтіндер бұл мерзімді 1093-94 жылдармен белгілейді. Сопы ақын 125 жыл өмір сүрген деген болжамға ден қойған ғалымдар оны 1040 жылдары туылған деп есептейді. Ежелгі Сайрам (Исииджаб) қаласында дүниеге келген Йасауи рухани тәрбиенің алғашқы сабақтарын өз әкесі Ибрахим шайхтан алады. Әкесі дүниеден өткен соң, Арыстан бабтан аманат-ілімді қабылдаған болашақ Түркістан пірі біршама уакыт Йасы (Түркістан) қаласын мекен етеді. Есейе келе ілім іздеп, өз хикметтерінде айтылғандай, «Хорасан, Шам, Ираққа сапар шеккен».
Йасауидің өмір жолын бірқатар деректер Бұхаралық атақты сопы Жүсіп Хамаданимен байланыстырады. Өз дәуірінің көрнекті ғұламаларымен, мәшһүр сопыларымен сұхбаттас болған, сопылық тәжірибесін жетілдіріп, рухани кемелдену сатыларын өткерген ақын толысқан шақта Йасыға оралады. Сонда тұрақтап, тариқат ілімін таратады, өзінің ғибратты хикметтерімен мәшһүр болады. Өмірін Алла жолына арнаған, сансыз көп шәкірт тәрбиелеп, рухани кемелдікке жсткізген Йасауи 63 жасқа келгенде «Мұстафаға матам /аза/ тұтып» жер астындағы құлшылық мекеніне - қылуетке түседі. Сопы ақын өмірінің неше жылға созылғаны бәймәлім, бұл жайында тек аңыздарда келтірілегін Йасауидің өзі айтты делінген: «Жер бетінде неше жыл өмір сүрсем, жер астында да сонша жыл өмір сүремін» деген сөзі мен «Жүз жиырма беске кірдім, біле алмадым» деген хикмет жолдары ғана сақталған [2, 50 б. ] .
Ұлт әдебиетіне «Диуани хикмет» сынды өміршең мұра қалдырған Йасауи өз есімімен аталған түркі сопылық тариқатының (йасауийа) негізін салуымен де танымал. Сопылық ілімді насихаттап, Жаратушыға деген махаббатты арқау еткен ақын хикметтері өз кезегінде көркем әдебиет туындысына қойылатын негізгі талаптарға сай көлемді де кең өрісті поэзиялық шығарма болып табылады. «Диуани хикмет» арқылы автор түркі әдебиетіндегі көп өлшемді, күрделі симбиоз жанр - хикмет жанрының іргетасын қалады. Ғасырлар бойы жалғасын тапқан аталмыш жанрда көптеген әдеби туындылар дүниеге келді. Йасауидің поэтикалық мектебінен нәр алған ақындар негізінен хикмет дәстүрін жалғасгырып, осы жанрда жырлаған. Орта Азиядағы кеңінен танымал әдеби мектеп - Қожа Ахмет Йасауидің ақындық мектебі болды.
Түркі топырағындағы бай әдеби дәстүрден бастау алған Йасауидің «Диуани хикметінде» алғашқы кезекте төл поэзиямыздың көркемдік және құрылымдық ерекшеліктері дамытылды. Рухани ізденіс барысында араб және парсы сопылығының көрнекті өкілдерімен сұхбаттас болған ақын аталмыш халықтардағы сопылық поэзияны да терең игерген. Дарынды әрі білікті шайыр хикметтерінде ол таныс болған әрбір шығармашылық құбылыс сана сүзгісінен өткізіліп, кемелдендірілген түрде көрініс тауып отырды. Осындай кең қарымдылыққа ие Йасауи поэзиясы түркі халықтары әдебиетіндегі көптеген үдерістерге негіз болған. Танымдық, тәрбиелік, көркемдік эстетикалық және идеологиялық рол атқаратын Йасауидің заманалармен замандас хикметтері - өз кезеңі үшін де, кейінгі дәуір аудиториясы үшін де тағылымдық мәні зор туынды. Имандылықты, рухани құндылықтарды ұстын еткен түркі дүниесіне ортақ шайырлар мен қазақ ақын-жыраулары поэзиясының көркемдік-құрылымдық бітімінен Йасауи туындыларының айқын әсері байқалады. Шортанбай ақын жырларындағы діни сарындар мен ақырзаман тақырыбы туралы айта келіп, жазушы, әдебиет зертгеушісі М. Әуезов: «Осының Орта Азия мен жалпы Россия мұсылмандары арасындағы түп-тегі Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмәтіне» барады . . . Яссави, Шортанбайлардың түн сарыны кейде сол «тәркі дүние» нанымына ауысады. Осы жағдайларды көп таратпаса да аша сөйлеу керек» [3, 191-192-б. ] деп, сопы ақын туындысының мән-маңызын, оны зерттеудің өзектілігін атап көрсеткен болатын.
Заман ауысқан сайын әдеби мұраларға деген бағалау жүйесі өзгеріп, зерттеу әдістемесі жетілдіріліп отыратыны белгілі. Кеңестік кезеңде біржақты бағаланған сопылық әдебиет тақырыбын зерттеп-зерделеуде тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде біршама ілгерілеулер бар. Дегенмен Кожа Ахмет Йасауидің поэзиялық мұрасы негізінен діни-философиялық мазмұны тұрғысынан ғана қарастырылып, оның әдебиет туындысы ретіндегі ерекшеліктеріне жеткілікті назар аударылмай келеді. Йасауи шығармашылығына қатысты бүгінге дейін жасалған басты зерттеулерді талдау барысында автордың ақындық әлемінің тұтастықта қаралмағандығы, хикметтердің бейнелілік жүйесі, көркемдік-құрылымдық ерекшеліктері, хикмет жанрының секілді келелі мәселелердің толыққанды зерттеу нысанына айналдырылмағандығы, зерттеу әдістерінің жүйеленбегендігі, әлем әдебиетіндегі йасауитануға қатысты ізденістер тәжірибесінен отандық авторлардың мәліметі аздығы аңғарылады. Мұның барлығы Йасауи поэзиясын жүйелі түрде зерттеудің әлі де өзекті болып отырғанын айғақтайды. Әдеби тұрғыдан лайықты бағасын ала қоймаған Йасауидің ақындық мұрасы төл әдебиеттануымыздың қазіргі даму деңгейіне сай талаптармен тереңдете карастыруды қажет етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ғасырлар бойы Иасауи мәдениеті өзіндік сипатпен тарихымыздың әрбір белесінің қажеттілігі мен сұранысына қарай тұжырымдалып, түсіндіріліп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Кеңестік идеология Ахмет Иасауи сияқты тұлғалардың аты түгіл, оның атымен байланысты тариқатын да зерттеуге құлықты болмады. Кеңестік жүйе кезінде кейбір жалпылама этнографиялық зерттеулер болғанымен бұл дүниелер сол идеологияға қызмет ететін аналитикалық тар шеңберден әріге аса алмады. Кеңестік кезеңде А. Фитраттан, К. Тәжіковаға дейінгі уақыт ішінде Иасауи дүниетанымы сол дәуірдің идеологиясы шеңберінде қарастырыды.
Иасауи туралы ғылыми негіздегі алғашқы зерттеу түрік ғалымы Ф. Көпрүлү тарапынан жасалды. М. Ф. Көпрүлүнің «Түрік әдебиетіндегі алғашқы сопылар» атты еңбегі өз дәуірінде теңдесі жоқ зерттеу болғаны анық. Дегенмен бүгін бұл еңбектің методологиялық тұрғыдан ескіргендігін былай қойғанда, қолданған дереккөздері тұрғысынан да ескірді. Қазіргі уақытта ғылымға деген көзқарас та өзгерді. Жалпы бүгінге дейін Иасауиді жан-жақты зерттеулер жүргізу ісі О. Түрер, З. В. Тоған, А. Ожак, М. Қара, К. Ераслан сияқты түрік ғалымдарының еншісінде болып келді.
Түркілік мәдениет пен діл табиғатын игеру барысында Батыстық ғалымдар Т. Зарконье, А. Бодроглигетти, А. -М. Шиммел, А. Беннигсон, Дж. С. Тримингэм, А. Мец, Д. Де-Уис және т. б. тарапынан Иасауи іліміне деген қызығушылық айрықша болды.
А. Н. Самойлович Иасауидің ақындығын, Е. Э. Бертельс оның сопылық әдебиеттегі орнын, В. В. Бартольд, И. Гольдциер, С. Малов және т. б. орыс ориеталистері Иасауи мұрасы мен мәдениетін, А. И. Пылов әдебиеттегі орнын зерттеуге ат салысты. А. К. Боровков, Э. Наджип сияқты түркологтар «Диуани хикмет» мәтінінің тілінің мәнін зерттеді. Отандық ғалымдардан «Иасауитану және тіл мәселесі» бойынша зерттеулер Ә. Қайдаров, Р. Сыздықова, К. Х. Абдрахманованы сияқты тілші ғалымдарымыз арқылы өз жалғасын табуда.
Отандық абайтанушы-ғалым М. Мырзахметұлы, Х. Ж. Сүйіншәлиев, Ә. Қоңыратбаевтың, Н. Келімбетов, Р. Бердібаев, А. Қыраубаева, Ә. Дербісәлиев, М. Шафиғов, С. Дәуітов, А. Ахметбеков сияқты әдебиетшілер иасауитануға үлес қосып келеді.
Иасауитану және тарих мәселесі өзекті тақырып. Бұл тақырып туралы зерттеулердің қатары біршама молайып келеді. Н. Нұртазинаның да Иасауи мұрасының тарихи, танымдық мәнін төл категориялық ұғымдарын сақтай отырып, бүгінгі күн талабы тұрғысынан үйлестіру жолындағы ұсыныстары өзіндік құндылығымен ерекшеленеді.
Зерттеу жұмысының болжамы . Қ. А. Йасауидің «Диуани хикмет» шығармасының құрылымы мен көркемдік ерекшеліктері жаңаша талданып, сараланды. Бұл зерттеу алдағы ғылыми ізденістерге негіз болмақ.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері . Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінің маңызы мен көркемдік ерекшеліктерін айқындау мақсатында төмендегідей міндеттерді алға қойдық:
- Қожа Ахмет Йасауи өмір сүрген дәуір ерекшелігін, сол заманның оған ықпалын анықтау;
- Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін талдап, жүйелеу;
- Ақын хикметтерінін жанрлық бітім-болмысын, ерекшеліктерін талдап-таразылау, хикмет жанрының шығу төркінін айқындау,
- Көне және ежелгі түркі әдебиеті мен Йасауи поэзиясының сабақтастықтарын, ортақ сипаттарын, хикмет дәстүрімен жырлаған ақындар шығармашылығындағы Йасауи поэзиясымен үндестіктерді анықтау;
- Ақын шығармаларындағы әділдік пен зұлымдық көрінісін айқындау;
- «Диуани хикметтегі» көркемдік-бейнелеу құралдарына талдау жасау;
- Қожа Ахмет Иасауи жасаған ілімнің маңызын саралау.
Зерттеу жұмысына тірек нұсқа ретінде «Диуани хикметтің» Алматы (2002) басылымдарындағы транскрипциялар, басылым бетінде жарық көрген зерттеу еңбектер негізге алынды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижесінде алынған тұжырымдар жоғары оқу орнының «Қазақ әдебиетінің тарихы» саласы бойынша арнаулы курс, арнайы семинар сабақтарында пайдалануға болады.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикмет» шығармасының
құрылысы
Қазақтар арасында Иасауи хикметтері жазбаша да, ауызша да тарады. Әрине, бұл ортада соңғысы басымдық танытты. Яғни, хикметтер қазақ фольклорымен бір рәуіште өмір сүріп, оған жан-жақты ықпал етті. Осылайша Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикметі» тікелей де, фольклорлық туындыларға тигізген әсері арқылы да ұлттық дүниетанымымыздың қалыптасуында үлкен рол атқарды. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, Қожа Ахмет Иасауидің хикметтері («Даналық сөздері») оның бір бөлігі болып кіруге тиіс», - деген пікірінің жайдан-жай айтылмағаны анық.
Хикметтердің халық арасында ауызша түрде кең тарағандығы оның әуел баста фольклорлық дәстүрлерді есепке алып жазылу себебінен екені күмән туғызбайды. Бұл, ең алдымен, хикметтердің өлең құрылысынан көрінетіні аян. Далалық ауызша поэзияда көп қолданылатын 7-8 және 12 буынды өлең үлгісінің басты орында қолданылуы хикметтерді фольклордық пішінге барынша жақындатады. Иасауидің 12 буынды хикметтері ырғақ мәселесінде қазақтың қара өлеңімен етене туыс. Ол туыстық, ең алдымен, әдебиет теориясының білгірі А. Байтұрсынов «бунақтың талғамалы орны» деп атаған 4 буыннан тұратын өлең жолының соңғы бунағынан көзге түседі.
11-12 буынды өлеңдегі бунақтың талғамалы орнының 4 буыннан тұруы Қожа Ахмет Иасауи мен оның шәкірттерінің хикметтерінен өзге сопылар шығармаларында жоққа тән болуы және қазақ қара өлеңінен өзге түркі халықтары фольклорында мүлдем аз кездесуі көп сырды аңғартып тұр.
Түркi халықтары жазба әдебиетiнiң бастауында тұрған көрнектi тұлғалардың бiрi, түркi сопылық поэзиясының негiзiн салушы Қожа Ахмет Йасауи шығармашылығы тақырып және идеялық мазмұн сабақтастығы тұрғысынан бiршама зерттеулерге арқау болды. Бұл орайда белгiлi әдебиет зерттеушiлерi М. Мырзахметов, А. Жақсылықов, С. Дәуiтұлы, М. Жармұхамедұлы, А. Егеубаев еңбектерiн ерекше атауға болады. Ал аталмыш мәселенiң екiншi қыры - пiшiндiк тұрғыдағы, яғни өлең құрылысындағы сабақтастық мәселесi әзiрге түрен тимеген тың күйiнде қалып отыр.
Ортағасырлық түркi поэзиясына араб-парсылық аруз өлшемiнiң елеулi әсер еткенi белгiлi. Бұл құбылыстың алғашқы айқын мысалы Жүсiп Баласағұнның аруздың «мутақариб» үлгiсiнде жазылған «Құтты бiлiк» дастаны болып табылады. Ал Махмұт Қашқаридiң «Түрiк тiлiнiң сөздiгiндегi» поэзиялық мәтiндердi құрылысы жағынан арузбен байланыстырушылардың пiкiрi айтарлықтай негiздi еместiгiн, толық дәлелденбегенiн атап айтқан жөн. Йасауи поэзиясына қатысты бұл мәселе бiршама талас тудырып келдi. Оның басты себебi, «Диуани хикметтегi» барлық мәтiндердiң бiр ғана авторға - Йасауиге тиесiлi еместiгi, хикметтерге мәтiнтанулық талдаулар жасалмағандықтан, авторлық қолтаңбаны анықтаудың мүмкiн болмай отырғандығы болатын.
Хикметтер құрылысы жайындағы йасауитанудағы алғашқы байсалды талдау, тиянақты тұжырым иесі - түрік ғалымы М. Ф. Көпрүлү. Иасауи хикметтерінің денін 7 және 12 буынды өлеңдер құрайтынын, аталмыш түрлердің көне түркілік ауыз әдебиетінен тамыр тартатынын, сопы ақын хикметтерінен бірыңғай араб-парсы поэзиясының әсерін іздей берудің жаңсақтық екенін ғалым өз зерттеулерінде түйіндеп айтқан болатын [3, 206] .
Хикметтер құрылысына қатысты әдебиет зерттеушісі Х. Сүйіншәлиев: «Өлеңдерінің түріне қарағанда Йасауи өзіне дейінгі араб әдебиетінің үлгілерін жақсы білген» деген пікір қосады [4, 136] . Дегенмен, ғалым бұл пікіріне дәлел келтірмеген, есесіне, «Иасауи шығармаларына ауыз әдебиетінің ықпалы да тиген. Оның кейбір шығармалары 7-8 буынды және 11-12 буынды қара өлең формасында жазылған» деген тұжырымын мысалдармен толықтырған [5, 137] . Хикметтердің ұйқас ерекшелігі жөнінде сөз қозғаған белгілі иасауитанушы М. Жармұхамедұлы: «Ақын араб, парсы әдебиетінде кең қолданылған ұйқастарды пайдаланып отырса да соның ішінен біздің қара өлең ұйқасына жақын үлгілерді әдейі таңдап алған тәрізді» деп біледі [6, 15 б. ] . Иасауи хикметтеріндегі кейбір толғаулардың құрылысы да, буындық өлшеуі де өзге түркі халықтарына қарағанда қазақ өлең-жырларына ұйқас келетіні жөніндегі мөлтек пікір Қ. Жұбанов, Ж. Жолаев мақалаларында айтылады. Белгілі әдебиет зерттеушілері Ә. Қоңыратбаев, Н. Келімбетов, т. б. ғалымдардың хикметтер құрылысына қатысты пікірлері де аталмыш тұжырымдар аясында шектеледі. Иасауи хикметтерінің құрылысына қатысты соңғы жылдардағы байыпты зерттеулердің бірі А. Ахметбек қаламына тиесілі. Зерттеуші зікір қызметін атқару мақсатында туындаған, белгілі бір әуенге бағынған Йасауи хикметтері бунақтың бірқалыптылығын қажетсінгендіктен, «Йасауи түркі өлеңдерінің он бір буынына бір буын қосып, әр бунақтың төрт буынды болуын жасаған» деп біледі [7, 91] . Араб өлеңі құрылысының ерекшеліктерін аша отырып, Иасауидің барлық хикметтерін бірыңғай аруз өлшеуіне салудың жасандылық екенін А. Ахметбек нақты мысалдармен дәлелдей білген. Зерттеушінің хикметтердің мазмұны мен пішінін байланыстыра қарау әрекеті де негізсіз емес. Дегенмен, А. Ахметбектің түпнұсқа (шартты түрдегі) мәтінмен емес, аудармамен жұмыс жасағандығы хикмет құрылысы жайлы талдауларының кей тұста дәлдіктен біршама түпнұсқадағы буын санын сақтап аударуды мақсат етпеген. Мысал келтірер болсақ, М. Тынышлықұлы аудармасында:
Әр кім қылса тариқаттың дұғасын, (11)
Әуелі шариғатты білмек керек. (11)
Шариғаттың істерін ада қылып, (11)
Одан соңыра бұ дұғаны қылмақ керек, - (12)
деп берілген жолдар түпнұсқада:
Һәр кім қылса тариқатны дағуасыны (12)
Ошал мүмин шариатны білмәк керек (12)
Шариғатны ішлеріні ада қылып, (12)
Андын соңра бу дағуаны қылмақ керек, (12) [2, 118] .
түрінде, яғни тұтастай он екі буынды өлшемде келеді. Мұндай шумақтарды он бір буынды өлшем жөнінде де осыны айтуға болады. Таза күйіндегі сегіз буынды тармақтардың Иасауи хикметтерінің түпнұсқасындағы кездеспейтіні мәлім.
«Диуани хикметті» тілдік тұрғыдан қарастырған көрнекті тілтанушы Р. Сыздықова өзінің «Ясауи хикметтерінің тілі» атты іргелі зерттеуінің бір тараушасын хикметтердің өлең құрылысына арнаған. Әдебиеттанушы ғалымдар тереңдеп бара алмай жүрген бірқатар маңызды мәселелерді көтерген автор хикметтердің буындық жүйесіне, ұйқас суретіне, шумақ түрлеріне талдау жасаған. Тілдік заңдылықтар тұрғысынан жасалған зерттеуде дәстүрлі әдеби ұғымдар қамтыла бермейді, дегенмен мұның өзі өлең жүйесіне қатысты мәселелерге таптаурын болмаған, таза, табиғи түсініктермен баға беруге мүмкіндік туғызған. Хикметтердің бір шумағында «ішкі» (бір шумақтың алғашқы үш жолындағы) және «желілік» (бір шумақты тұтастырып, бір желіге байлап тұратын төртінші тармақтағы ұйқас) ұйқас түрлерінің кездесетіні, әр хикметтің алғашқы шумағының ұйқас суреті қалғандарынан өзгеше болатыны, кейбір хикметтердің желілі ұйқасының тұтас сөйлем-тармақтан құралатыны жайлы тұжырымдар Р. Сыздықова еңбегінде айтылады [8, 184-б] . Хикметтердегі ұйқасушы сөздер тұлғасына тұңғыш талдау жасаған ғалым қолданған «ішкі ұйқас» ұғымы қалыпты әдеби мәнінен өзгешерек, яғни тармақішілік емес, шумақішілік ұйқас ретінде қолданылған. Бұл әрбір хикметтегі барлық шумақтарды тұтастырып және бір ұйқас түрі - желілі ұйқастың болуымен байланысты туындаған.
Хикметтер құрылысына қатысты ішінара зерттеулер жүргізген жас ғалым Т. Қыдыр өзінің «Қазақ даласында ислами әдебиеттің қалыптасуы» атты диссертация жұмысында Қожа Ахмет Йасауидің ғазал, мәснәуи және мураббағ үлгілерін қолданғандығын мысалдар арқылы дәлелдеуге тырысады. Хикметтердегі редифтерді автор шығыс поэзиясында жиі қолданылған үлгі ретінде танытады. Дегенмен зерттеушінің сопы ақын хикметтерінің түркілік төркінін зерттеп-зерделеуге тырыспай, оны бірыңғай араб-парсы поэтикасының әсерінен туындаған шығарма ретінде қарастыруы ғылыми тұрғыдан аса негізді емес.
«Диуани хикметті» ауызша әдеби дәстүр аясында қарастырған фольклортанушы Б. Қорғанбек мақаласында шығарманың мәнерлеушілік қызметтегі көркемдік тәсілдеріне қатысты бірқатар тың идеялар айтылады. «Йасауи хикметтері мен қазақ қара өлеңдеріндегі айрықша ұқсас белгінің табиғилығы көзге түседі. Ол - 11-12 буынды өлең ырғағындағы соңғы бунақтың 4 буыннан тұратын түрі» дей келіп [9, 109], 7-8 буынды хикметтердің де ауыз әдебиетімен көркемдік тәсіл, ішінара мазмұн тұрғысынан сабақтастығын дәлелдеп көрсеткен. Зерттеушінің Йасауи поэзиясына қатысты көркемдік дәстүр көріністерін шығарманың мазмұнынан емес, пішінінен іздеу қажеттігі, автор еркінен тыс іске асатын өлең өлшемін таңдауда стихиялықтың басым түсетіні жайлы тұжырымдары - жаңа ізденістерге қозғау салатын қорытындылар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz