ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

беті

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
І ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
ТЕТІКТЕРІ
1.1 Қонақжайлық индустриясында пайдаланатын негізгі ұғымдарға
теориялық түсініктемелер ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2 Қонақжайлық индустриясын ұйымдастырудың даму тарихы.. 16

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНА
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒА БЕРУ
2.1 Қазақстандағы қонақжайлық индустриясының қазіргі жағдайы
мен даму тенденцияларын талдау ... ... ... ... ... ... 30
2.2 Қонақжайлық индустриясы кәсіпорындарында франчайзингті
қолдануды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.3 Қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындар қызметінің
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

ІІІ ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ МЕН
ЖЕТІЛДІРУ ТЕТІКТЕРІ
3.1 Қазақстандағы  қонақжайлық индустриясын ұйымдастырудағы
оңтайлы іс-шаралар мен перспективті
жобалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
3.2 Қонақжайлық индустриясындағы франчайзингті ұйымдастырудың
тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 62

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... 73-75

КІРІСПЕ

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қонақжайлық индустриясында
туристік бизнесті, қонақ үй және мейрамхана бизнесін, сондай-ақ қонақжайлық
пен туризмді бөліп қарастыруға болмайды, керісінше, оның маңызды
құраушылары ретінде жүреді. Қонақжайлылық индустриясы – қонақтармен қарым -
қатынаста қонақжайлылық принциптеріне сүйенетін ықылас пен мейманшылдық
таныту сияқты қызмет көрсету түрлерінен тұратын кәсіпкерлік түрі.
Қонақжайлық индустриясы - туристердi орналастыру құралдарының,
көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен
құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де
мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың,
сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн
көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.
Қазіргі таңда қонақжайлық индустриясы әлемдік экономикада басты орында
және әлемдегі ең пайда көп түсіретін бизнес түріне жатады. Сондықтан да
әлемдік шаруашылықтың бұл саласының болашағы жайлы сұрақ ең маңызды болып
табылады. Осы заманда адамдардың туристік мақсатта сапар шегуі бүкіл елді
қамтыды, осыған байланысты әр елдің адамдары арасындағы қарым-қатынас
күнделікті шындыққа айналды. Қонақжайлық индустриясындағы маңызды
орынды қонақ үй бизнесі алады, оның кең және әртүрлі сипаты сонымен
байланысты индустрия секторларын қамтиды, мысалы: мейрамханалық бизнес,
тамақтану, демалыс және көңіл-көтеру және т.б. Бірақ кейбір мемлекеттерде
қонақжайлық индустриясы потенциалды көрсеткіші қолда бар экономикалық
ресурстарға қарағанда төмен. Себебі бұл мемлекеттердегі қонақжайлық
индустриясының салалары халықаралық стандарттарға сай емес. Осы себептердің
бірі, біздің қонақ үйлер әлемдік стандарттарға сай дәрежеде туристерді
қабылдай алмауда, басты мәселе қонақ үй орындарының аздығында. Қонақ
үйлердің жағдайы жоғары дәрежелі моральды және жеке көзқарастар бойынша
дамушы мемлекеттерде қонақ үй бөлімдерінің жағдайының төмендігі
көрсетіледі, бұл қызмет түрінің шектеулігі, тозған ескі техникамен
сипатталады.
Сонғы уақыттарда қонақжайлық индустриясында дәстүрлі толық сервисті
 мейрамхана, қонақ үйлермен қатар қысқартылған көлемдегі қызметтер мен
астарды ұсынатын мамандандырылған кәсіпорындар пайда бола бастады.
Мамандандырылған мекемелер әр алуан түрлі болып келеді. Сондықтан да,
қонақжайлық индустриясында экономикалық құбылысты зерттеудегі дұрыс
тәсілдеме, нақты практикада қолданылатын жаңа білімді алу үшін қажетті
теорияның жетілдірілуі қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылып,
Қонақжайлық индустриясын ұйымдастыру қызметін жетілдіру атты тақырыпты
таңдауға себеп болды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты,
қонақжайлық индустриясын дамытуға ықпал етуші іс-шаралар мен принциптерді
зерттеу болып табылады.
Мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
- қонақжайлық индустриясында пайдаланатын негізгі ұғымдарға теориялық
түсініктемелер беру;
- қонақжайлық индустриясын ұйымдастырудың даму тарихын зерттеу;
- Қазақстандағы қонақжайлық индустриясының қазіргі жағдайы мен даму
тенденцияларын талдау;
- қонақжайлық индустриясы кәсіпорындарында франчайзингті қолдануды бағалау;
- қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындар қызметінің ұйымдастырылуын
ашықтау;
- Қазақстандағы  қонақжайлық индустриясын ұйымдастырудың оңтайлы іс-
шараларын қарастыру;
- қонақжайлық индустриясындағы франчайзингті ұйымдастырудың тиімділігін
анықтау.
Сондықтан, жұмыстың бірінші тарауы қонақжайлық индустриясын
ұйымдастырудың теориялық тетіктерін зерттеу мен анықтауға арналған.
Жұмыстың екінші тарауында Қазақстан Республикасындағы қонақжайлық
индустриясына ұйымдастырушылық-экономикалық баға берілді.
Үшінші тарауында, Қазақстан Республикасында қонақжайлық индустриясын
дамытудың басым бағыттары мен жетілдіру тетіктері айқындалып, ұсыныстар
берілді.
Қорытындыда, Қазақстан Республикасындағы қонақжайлық индустриясын
ұйымдастыру қызметін жетілдіру тақырыбына диплом жұмысын жазу барысында
нақты түйіндемелерге тұжырым жасалынды.
Зерттеу тақырыбы болып қонақжайлық индустриясын ұйымдастыру қызметін
жетілдіруде негізгі шешімдер мен ұсыныстар әзірлемесі болып табылды.
Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы қонақжайлық
индустриясындағы кәсіпорындар таңдалды.

І ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ

1.1 Қонақжайлық индустриясында пайдаланатын негізгі ұғымдарға теориялық
түсініктемелер

Қонақжайлық индустриясында экономикалық құбылысты зерттеудегі дұрыс
тәсілдеме, нақты практикада қолданылатын жаңа білімді алу үшін қажетті
теорияның жетілдірілуінің алғы шарты болып табылады.

Қонақжайлық индустриясында туристік бизнесті, қонақ үй және мейрамхана
бизнесін, сондай-ақ қонақжайлық пен туризмді бөліп қарастыруға болмайды,
керісінше, оның маңызды құраушылары ретінде жүреді.

Қонақжайлылық индустриясы – қонақтармен қарым - қатынаста қонақжайлылық
принциптеріне сүйенетін ықылас пен мейманшылдық таныту сияқты қызмет
көрсету түрлерінен тұратын кәсіпкерлік түрі.
Қонақжайлық индустриясы - туристердi орналастыру құралдарының,
көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен
құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де
мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың,
сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн
көрсететiн ұйымдардың жиынтығы [1].
Қонақжайлық индустриясында пайдаланатын негізгі ұғымдарға теориялық
түсініктеме беретін болсақ, келесілерге ашықтама түсініктеме береміз:
әлеуметтiк туризм - жұмыс берушiнiң және (немесе) өзге де үшiншi
тұлғалардың қаражаты есебiнен толық немесе iшiнара жүзеге асырылатын
туризм;
  гид (гид-аудармашы) - уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк
ресурстармен таныстыру жөнiнде туристерге экскурсиялық-ақпараттық,
ұйымдастырушылық қызмет көрсететiн, кәсiби даярлықтан өткен жеке тұлға;
  өз бетiнше туризм - туристер өз бетiнше ұйымдастыратын, жүрiп-тұрудың
белсендi тәсiлдерi пайдаланылатын саяхаттар;
  тур - белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлi бiр маршрут бойынша
жасалатын саяхатты қамтитын туристiк қызмет көрсетулер кешенi;
  туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт
сағаттан бiр жылға дейiн не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын,
бiрақ түнейтiн, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты;
  туризм нұсқаушысы - осы қызмет түрiне лицензиясы, тиiстi бiлiктiлiгi
және туристiк маршруттармен жүрiп өту тәжiрибесi бар, кәсiби даярлықтан
өткен жеке тұлға;
  турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бiр жылға
дейiнгi кезеңге келетiн және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде)
сауықтыру, танымдық, кәсiби-iскерлiк, спорттық, дiни және өзге де
мақсаттарда кемiнде бiр рет түнейтiн жеке тұлға;
      туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) - қызметтiң осы түрiне
лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрi - турагент)
туристiк өнiмдi ұсыну және өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;
  туристiк ваучер - турдың құрамына кiретiн қызметтерге туристiң
құқығын және олардың ақысы төленгенiнiң фактiсiн растайтын құжат;
       туристiк жолдама - туристiк қызмет көрсету кешенiн алуға құқықты
растайтын құжат;
туристiк қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың туристiк қызмет
көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi [2];
туристiк қызмет көрсету - туристiң саяхаты кезеңiнде және осы
саяхатқа байланысты оның қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн ұсынылатын
қажеттi қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру,
экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердiң (гид-аудармашылардың)
қызмет көрсетулерi және сапар мақсатына байланысты көрсетiлетiн басқа да
қызметтер);
туристiк қызмет көрсетуге арналған шарт - өтемдi туристiк қызмет
көрсету бойынша туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлға мен туристiң
арасындағы келiсiм;
туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар - турагенттер,
туроператорлар, туризм нұсқаушылары, сондай-ақ өз бетiнше туристiк қызмет
көрсететiн гидтер (гид-аудармашылар), экскурсоводтар;
туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмi -
туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды есепке алу құжаты;
  туристiк маршрут - туристiң (саяхат кезiнде) танымдық, спорттық,
эстетикалық не өзге де мақсаттармен өту, қарау үшiн белгiленген барлық
географиялық мекендердiң, болу объектiлерiнiң тiзбесiн көрсететiн жүру
жолы;
  туристiк маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттiк тiзiлiмi - туристiк
маршруттар мен соқпақтарды есепке алу құжаты;
  туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы
түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрi -
туроператор) өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк
агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi [3];
  туристiк өнiм - саяхат барысында туристiң қажеттiлiктерiн
қанағаттандыруға жеткiлiктi туристiк қызмет көрсетулер жиынтығы;
  туристiк өнiмдi ұсыну - туристiк қызмет көрсетуге бағытталған
шаралар (жарнама, мамандандырылған көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу,
туристiк өнiмдi өткiзу жөнiндегi туристiк ақпарат орталықтарын ұйымдастыру,
каталогтар, буклеттер шығару және тарату) кешенi;
  туристiк ресурстар - туристiк көрсету объектiлерiн қамтитын табиғи-
климаттық, тарихи, әлеуметтiк-мәдени, сауықтыру объектiлерi, сондай-ақ
туристердiң рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыра алатын, олардың дене
күшiн қалпына келтiрiп, дамытуға жәрдемдесетiн өзге де объектiлер;
  туристiк нарық - туристiк қызмет саласындағы тауарлар (жұмыстар,
қызмет көрсетулер) мен ақша айналысы;
туристiк сала - негiзгi қызмет саласы туристiк қызмет көрсету,
туристiк өнiм жасау, оларды iшкi және халықаралық нарықтарда ұсыну мен
өткiзу болып табылатын экономика саласы;
туристiң төтенше жағдайға ұшырауы - туристiң саяхаттан оралмауы,
сондай-ақ туристiң қаза болуына немесе оның денсаулығына зиян келтiруге
әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн авария, зiлзала немесе апат
нәтижесiнде туындаған, саяхат кезiнде белгiлi бiр аумақта болған оқиға;
  уәкiлеттi орган - туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк басқару
функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
  экскурсант - уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстарды
танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көретiн жеке
тұлға [4];
экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк
ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып,
көруi;
экскурсиялық қызмет - уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк
ресурстарға танымдық мақсатта келудi ұйымдастыру жөнiндегi кәсiпкерлiк
қызмет, ол туристердi орналастыру (түнету) жөнiндегi қызметтi көздемейдi
және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзiмдi қамтиды;
  экскурсовод - уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстармен
таныстыру жөнiнде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық
қызмет көрсетуге сай бiлiктiлiгi бар, кәсiби даярлықтан өткен жеке тұлға.
Қонақжайлық индустриясындағы қызмет көрсету түрлерi:
      1) турлар ұсыну жөнiндегi қызмет көрсету;
      2) тұратын орындар беру жөнiндегi қызмет көрсету;
      3) тамақтандыру жөнiндегi қызмет көрсету;
      4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;
      5) көлiк қызметiн көрсету;
      6) ойын-сауық
7) өзге де туристiк қызмет көрсетулер [5].
Қонақжайлық индустриясы бойынша туристтiң құқықтары
      Транзиттi қоса алғанда, саяхатқа әзiрленген, саяхат жасаған кезде
туристiң:
      1) өзiнiң жеке басына немесе мүлкiнiң қауiпсiздiгiне қол сұғылған
жағдайда консулдық, дипломатиялық, өзге де мемлекеттiк, сондай-ақ туристiк
өкiлдiктерге өтiнiшпен жүгiнуге;
      2) уақытша болатын елге (жерге) бару, сондай-ақ уақытша болған елден
(жерден) шығу және сонда болу ережелерi туралы, уақытша болатын ел (жер)
заңнамасының ерекшелiктерi туралы, жергiлiктi халықтың әдет-ғұрпы туралы,
дiни салт, қасиеттi орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткiштер және
туристерге көрсетiлетiн, ерекше қорғаудағы басқа да объектiлер, қоршаған
ортаның жай-күйi туралы қажеттi және дұрыс ақпарат алуға;
      3) еркiн жүрiп-тұруға, уақытша болатын елде (жерде) қабылданған
шектеу шараларын ескере отырып, туристiк ресурстарға еркiн қол жеткiзуге;
      4) туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлға туристiк қызмет көрсету
шартын орындамаған жағдайда келтiрiлген залал мен моральдық зиянның
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтелуiне;
P030450
      5) шұғыл медициналық жәрдем алуға;
      6) шетелдiк туристердiң құқықтық көмек және көмектiң өзге де түрiн
алуына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк билiк органдарының
жәрдемдесуiне;
      7) туристердiң қолда бар байланыс құралдарына кедергiсiз қол
жеткiзуiне құқығы бар [6].
Туристердiң өзге құқықтары болатын елдiң (жердiң) заңдарымен
айқындалады.
      Туристтiң мiндеттерi
      Саяхат жасаған кезде, транзиттi қоса алғанда, турист:
      1) уақытша болатын елдiң (жердiң) заңдарын сақтауға;
      2) уақытша болатын елдегi (жердегi) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи,
тарихи және мәдени ескерткiштерге ұқыпты қарауға;
      3) уақытша болатын елге (жерге) келу және онда болу, сондай-ақ
уақытша болатын елден (жерден) кету ережелерiн және транзиттiк жүрiп өтетiн
елдердегi ережелердi сақтауға;
      4) саяхат кезiнде жеке өзiнiң қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға
мiндеттi [7].
      Туристiң өзге мiндеттерi болатын елдiң (жердiң) заңдарымен
айқындалады.
      Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
      1. Қазақстан Республикасының аумағында туристердiң қауiпсiздiгiне
Қазақстан Республикасы кепiлдiк бередi. Қазақстан Республикасы Қазақстан
Республикасының турист-азаматтарына оның шегiнен тыс жерлерде қорғау және
оларға қамқорлық жасау кепiлдiгiн бередi.
      2. Туристердiң қауiпсiздiгi деп туристердiң жеке қауiпсiздiгi,
олардың мүлкiнiң сақталуы және саяхат кезiнде қоршаған ортаға залал
келтiрмеуi, сондай-ақ туризмдi заңсыз көшi-қон мен үшiншi елдерге транзит,
азаматтарды сексуалдық, еңбек және өзге де мақсаттарда пайдалануға жол
бермеуге бағытталған шаралар кешенi түсiнiледi.
      3. Уәкiлеттi орган туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды және
туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы
хабардар етедi.
      4. Туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туристерге саяхат
басталудан үш күн бұрын жазбаша түрде уақытша болатын елге (жерге) бару,
уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелерi туралы,
заңнамасы туралы, жергiлiктi халықтың салт-дәстүрлерi туралы, дiни әдет-
ғұрпы, қасиеттi орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткiштер және
туристерге көрсетiлетiн, ерекше қорғаудағы басқа да объектiлер, қоршаған
ортаның жай-күйi туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкiн
қауiптер туралы қажеттi және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың
ерекшелiктерi туралы мәлiметтер беруге және туристердiң қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыруға мiндеттi.
        5. Туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар уәкiлеттi орган мен
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi
органға, сондай-ақ туристiң отбасына саяхат кезiнде туристiң төтенше
жағдайға ұшырағаны туралы бiлген немесе бiлуге тиiс кезден бастап дереу
хабарлауға мiндеттi.
      Егер шетелдiк туристер - Қазақстан Республикасының аумағында немесе
Қазақстан Республикасының турист азаматтары Қазақстан Республикасынан
тысқары жерлерде төтенше жағдайға ұшыраған болса, туристiк қызметтi жүзеге
асыратын тұлғалар дипломатиялық қызмет органдарына да хабарлауға мiндеттi.
       6. Өзi уақытша болатын елге (жерге) саяхат жасағысы келетiн туристер
халықаралық медицина талаптарына сәйкес профилактикадан өтуге мiндеттi.
      7. Қазақстан Республикасының аумағында қасiретке душар болған
туристерге қажеттi көмектi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген
мамандандырылған қызметтер жүзеге асырады.
      8. Уәкiлеттi орган мүдделi министрлiктермен және басқа да атқарушы
органдармен бiрлесiп, туристердi қорғау және олардың қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеп, оның орындалуын ұйымдастырады.
      9. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiгi
туристердi қорғаудың және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң аймақтық
бағдарламасын әзiрлеп, оның орындалуын ұйымдастырады [8].
     Туристiк қызметтi жүзеге асыру кезiндегi сақтандыру
      1. Халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдiң (жердiң) заңдарында
көзделген реттерде, туроператор немесе турагент, турист өмiрi мен
денсаулығын сақтандыру туралы куәлiктi табыс еткен жағдайда шетелге шығу
көзделетiн туристiк жолдаманы сатады.
      2. Сақтандыру шартында туристке медициналық көмек көрсету ақысы және
сақтандыру жағдайы тiкелей уақытша болатын елде (жерде) туындаған кезде
олардың шығынының орнын толтыру көзделуге тиiс.
      3. Қазақстан Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасының
аумағына келетiн туристерге өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiгi
болуы жөнiнде талап белгiлеуге құқылы.
      4. Туроператор мен турагент туристiк қызмет көрсетуге жасалған
шарттардан туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруға
мiндеттi [9].
     Қонақжайлық индустриясындағы туристердi орналастыру орындарының
сыныптамасы
      1. Туристердi орналастыру орындары туристер легiн және барлық туризм
түрлерiнен түсетiн кiрiстердi арттыруға жәрдемдесу мақсатында сыныпталуға
тиiс. 
      2. Сыныптама жүргiзу кезiнде туристердi орналастыру орындарын
сыныптау ережелерiнiң негiзiнде санаттардың бiрiне аттестаттауды жүзеге
асыруға мүмкiндiк беретiн туристердi орналастыру орындарының сипаттамалары
қаралады. 
      3. Туристердi орналастыру орындарын сыныптау ережелерi негiзгi
мақсаттарды, ұйымдық құрылымды, ең төменгi талаптарды айқындайды және
туристердi орналастыру орындарына санаттар беру тәртiбiн реттейдi [10].
Туристердi орналастыру орындары - мейманханалар, қонақ үйлер,
мотельдер, кемпингтер, туристiк базалар, қонақжайлар, демалыс үйлерi,
пансионаттар және туристердiң тұруы мен оларға қызмет көрсету үшiн
пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар.
Нөмір – бір немесе бірнеше орыннан тұратын үй-жай. Оның мөлшері мен
белгіленуі туристік жолдамада көрсітіледі.
Қонақ үй – бұл қонақ үй бизнесіндегі көрсетілетін қызмет өндіру мен
ұсынуға байланысты күрделі шаруашылық кешен.
Қонақ үй - уақытша тұруға арналған, әдетте, оқшауланған үйлер (үйлер
кешені) болып табылатын заңды тұлға.
Бүкіләлемдік туристік ұйымның анықтамасы бойынша қонақ үй – белгілі-
бір нөмір санынан тұратын, бірыңғай басшылығы бар, қызмет жиынтығын
ұсынатын және ұсынылатын қызметтер түріне, сапасына және нөмірлердің
жабдықталуына байланысты класстар мен категорияларға топтастырылған
коллективтік орналастыру құралы.
Мотель - автомобиль жолдарына жақын орналасқан қонақ үй.
Кемпингтер - шатырға, автофургонға, автотіркемеге, доңғалақтағы үй
мен туристік лашыққа арналған жабық алаңда орналастырылатын ұжымдық
объектілер [11].
Сырттан келгендерге арналған жатақхана - қонақ үйдің алуан түрлілігі;
ол, әдетте, ұйымның балансында тұрады және оның мамандарының, сондай-ақ осы
ұйыммен іскерлік байланысты жүзеге асыратын, коммерциялық қызметпен
айналысатын адамдардың уақытша тұруы үшін арналған [12].
Қонақ үй кәсіпорындарының бір жолғы сыйымдылығы барлық нөмірлерде
қойылған тұрақты кереует саны бойынша анықталады.
Қонақ үй кәсіпорындарының түнеуді (тәуліктік төсек-орын) ұсынуы
нөмірлер мен орындарды сақтап қоюмен қоса тұрақты және уақытша орындардың
пайдаланылған санын көрсетеді және тұрушылардың тіркеу кітабы негізінде
анықталады.
Нөмірлік қорды (бар орындарды) пайдалану коэффициенті түнеу санын бір
жолғы сыйымдылық пен жыл ішіндегі күндер санының көбейтіндісіне бөлу арқылы
есептеледі.
Мамандандырылған орналастыру орындары
Бөлімде мамандандырылған орналастыру құралдары - санаторий-курорттық
мекемелердің қызметі туралы ақпараттар жарияланған.
Бұл ішкі сыныпқа кіреді:
- санаторийлердің, санаторий-профилакторийлердің, курорттық емдік
пансионаттардың, курорттық емханалардың, бальнеологиялық емханалардың,
балшықпен емдеу орындарының қызметі;
- тәулік бойғы мамандандырылған санаторлық балалар лагерлерінің
қызметі [13].
Емдік санаторийлер мен пансионаттар - төсектермен жабдықталған және
табиғи емдік факторлардың (климат, минералды сулар, емдік балшық және т.б.)
шипалық қасиеттері негізінде нақты мерзім ішінде науқасты еңбекке жарамды
ету емімен қамтамасыз ететін емдеу - алдын алу ұйымдары. Олардың барлығы
мамандандырылған және бір немесе көп профильді, әдетте курорттар мен емдік
сауықтыру орындары шегінде орналасқан. Жинақта бірлік саны туралы,
науқастарды қабылдауға дайын, олардың саны ең көп айдағы, төсектер
(орындар) туралы және емделіп демалған адамдар саны туралы деректер
көрсетілген [14].
Санаторий-профилакторийлер - төсектермен жабдықталған, қызметкерлерді
жұмыстан бос уақытында, өндірістен үзіліссіз, емдік-сауықтыру шараларымен
қамтамасыз ететін ұйымдар жанында қызмет атқарушы емдеу - алдын алу
ұйымдары.
Демалыс үйлері, пансионаттар, базалар мен басқа демалыс ұйымдары,
туристік базалар - демалыс үшін арналған, онда демалушыларға нақты мерзімге
орналастыру мен тамақтандыру немесе тек орналастыру ұсынылады, сонымен
қатар туристік - экскурсиялық қызмет көрсету, және, әдетте, курорттардың,
емдеу-сауықтыру орындарының, қала маңындағы аймақтар-дың шегінде
орналасқан. Мұндай ұйымдар жыл бойы (жылдық) немесе маусым бойы (маусымдық)
жұмыс істей алады.
      Рекреациялық ресурстарды ұтымды пайдалану мен сақтауды (қалпына
келтiрудi) қамтамасыз ету.
      Қазiргi кезеңде қоғамның рекреациялық қажеттiлiгiнiң үнемi өсуi
(демалу және денсаулықты қалпына келтiру), сондай-ақ туризмдi экономиканың
рекреациялық ресурстарды пайдаланатын дербес саласына айналдыру рекреацияға
арналған анағұрлым перспективалық ресурстарды рекреациялық жетiстiктердi
бағалау негiзiнде неғұрлым дәл бiрдейлендiрудi талап етедi.
      Әлеуеттi рекреациялық ресурстарды пайдалану бүгiннiң өзiнде табиғи
ортаға және ресурстардың өзiнiң жай-күйiне әсер етудiң елеулi факторына
айналуда, бұл олардың сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету
жөнiнде шаралар қабылдауды талап етедi [15].
Орналастыру орындарының қызметі.
Туризм саласында туристерге орналасу қызметін ұсынушы қонақ үйлер
бүгінгі таңда алатын орнының ерекшелігі соншалық, тіпті қонақжайлық
индустрия деп аталатын арнайы қызмет саласына да айналуда. Мұның себебі
қонақ үй кәсіпорындары туристерге орналасу қызметімен қоса тамақтану,
сауықтыру, көңіл көтеру, трансферт, бронь жасау т.б. қызметтерді ұсына
отырып туристерден түсетін табыс мөлшерінің ең үлкен көрсеткіштеріне ие
болған кәсіпорындарға айналуда. Туризмде материалды-техникалық базаның
негізгісі бола тұрып, қонақ үй кәсіпорындары жоспарлы және өзбетінше
туризмнің дамуына септігін тигізеді. Қонақ үй кәсіпорындары меншік түріне
қарай: жекеменшік, мемлекеттік және аралас меншікті болуы мүмкін.
Қонақ үй кәсіпорындарының қызметі тамақтандыру жөніндегі қызметпен
айналысатын кәсіпорындарымен тығыз байланыста жүргізіледі. Туристік
индустрияның дамуына негіз болып табылатын тамақтандыру кәсіпорындарының
басты мақсаты – келген туристерге жеп-ішу мүмкіншіліктерімен қоса бос
уақытын тиімді және әсерлі өткізу үшін ыңғайлы орта ұсына білу болып
табылады. Тамақтану кәсіпорындары көбінесе тұтынушыларға көрсетілетін
қызмет формасына қарай жіктелінеді. Сонымен қатар, ұсынылатын тағамдардың
ерекшеліктеріне, қолданылатын жиһаздың стиліне, ыдыс-аяқтың түріне
жіктелінуі мүмкін. Тамақтандыру кәсіпорындарының негізгілері арасында
ресторан, кафе, бар, буфет, асхана, т.б. атауға болады [16].
1) орналастыру орындары – қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік
базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы
мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен
ғимараттар;
2) қонақ үй – қонақ үйлік қызметпен қамтамасыз ететін, нөмірлік қоры,
қабылдау қызметі, басқа да қызметтері бар орналастыру құралдары;
3) қонақ үйде тұру ұзақтығы – бір және одан көп уақыт түнеу саны;
4) демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде
тұрғын үй беру – тұруға (тамақтануға) ұйықтауға арналған, аспаздық керек-
жарақтарды немесе толығымен жарақтандырылған ас үйді қоса алғанда,
толығымен барлық қажетті нәрселермен жабдықталған бөлмелерден тұратын жеке
оқшауланған үй-жайлар. Бұл бөлек тұрған көпқабатты ғимараттар мен блоктарда
орналасқан апартаменттер түріндегі пәтерлер, жай пәтерлер болуы мүмкін,
немесе бір қабатты бунгало, шале, коттедждер және шағын үйлер болуы мүмкін,
сондай-ақ қатар туристік базалар (хостелдер), тау лагерлерін қосады;
5) туристік лагерлер, демалыс және ойын-сауық парктері – келушілер мен
қонақтарды қысқа мерзімді орналастыруға арналған лагерлер, трейлерлік
парктер, ойын-сауық қалашықтары, кемпингтер, сондай-ақ аң аулайтын немесе
балық аулайтын жерлер (тау лагерлері, шағын үйшіктер мен туристік базалар
(хостелдер) кірмейді);
6) тұрғын үйдің басқа түрлері – студенттерге, көшіп-қонып жүретін
(маусымдық) жұмысшылар мен басқа тұлғаларға арналған бір кісілік немесе
жалпы бөлмелерден немесе жатақханалардағы уақытша немесе ұзақ мерзімді
тұрғын үйлер;
7) нөмiрлiк қор – орналастыру (құрал ) орындары нөмiрлерiнiң жалпы саны;
8) қонақ үй бөлмесі – бір, екі және одан да көп бөлмелерден тұратын,
оқшауланған, жиһазбен жабдықталған, уақытша тұруға тапсырылатын тұрғын үй-
жай;
9) апартамент – орналастыру орны 40м2 кем емес, екi не одан да көп (қонақ
үй (асхана), жатын бөлме) бөлмелерден тұратын, асханалық жабдықтары бар
нөмiр;
10) люкс – орналастыру орынын ауданы 35 м2 кем емес, екі тұрғын бөлмеден
тұратын (қонақ бөлмесі және жатын бөлме), бір (екі) адамның тұруына
арналған нөмір [17];
11) жайлылығы жоқ бөлмелер – тұру бойынша ең төмен қызмет пакеттерін
ұсынатын, жайлылығы төмен денгейдегі бөлмелер;
12) 5 жұлдызды санатындағы қонақ үй – озық халықаралық стандарттар
деңгейінде қызмет көрсететін, жайлы жағдайда тұруға толығымен жасақталған
бөлмелері бар, жаттығу залы, жүзу бассейні, жеке кабинеттер мен банкет және
конференц-залдар қызмет көрсететін, арнайы дайындықтан өткен қызметкерлері
болатын, құрамы іркіліссіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін және
мейрамхана жұмысы деңгейде ұйымдастырылған орташа және ірі мекемелер;
13) 4 жұлдызды санатындағы қонақ үй – жоғары деңгейде келесі қызмет
түрлерін көрсететін орташа және ірі мекемелер: бөлмелерге тәулік бойы
қызмет көрсету, бөлмелер сапалы жиһазбен жабдықталып, бірыңғай заманауи
сәнде безендірілген; жатын бөлмелері кең әрі жайлы; химиялық тазарту мен
такси қызметін көрсететін; мейрамхананың аспаздық бөлімі жоғары деңгейде ас
әзірлейді;
14) 3 жұлдызды санатындағы қонақ үй – тұрғындарға кең ауқымды дәрежеде
қызметтердің жиынтығын көрсететін, оның ішінде мейрамхана мен бар (қонақ
үйде орналасқан меймандардан басқа да тұтынушыларға ұсынады), бизнес-
орталық қызметтерін көрсетумен қатар, дербес телефон желілерін және
дәретхана жабдықтарын, тәуелсіз кәріздер мен бөлмелерді тазалау қызметтерін
көрсетеді;
15) 2 жұлдызды санатындағы қонақ үй – тұрғындарға қызмет көрсетудің
стандартталған жиынтығын ұсынатын, соның ішінде қонақ үй аумағында
мейрамханалар немесе кафелерде тамақтандыру қызметімен қоса, дербес
дәретхана жабдықтары бар номерлерді ұсынатын шағын және орташа мекемелер;
16) 1 жұлдызды санатындағы қонақ үй – тұрғындарды орналастыру үшін ең
қажет деген қызмет түрлері ғана қарастырылған шағын мекемелер, мекеменің өз
күшімен ұйымдастырылған, келушілерді орналастыру мен тамақтандыру сияқты
базалық қызмет түрлерін ұсынады;
17) санатсыз қонақ үй – келушілерді орналастырудан басқа қызмет түрлерін
ұсынбайтын, қызметі шектеулі кішігірім мекемелер [18];
18) бос уақыт, рекреация және демалыс – көз тартарлық жерлерді қарау,
табиғи және жасанды объектілерге бару, спорттық немесе мәдени іс-шараларда
болу, спортпен кәсіби емес айналысу (шаңғы, атқа салт міну, гольф, теннис,
су асты жүзу, серфинг, жаяу сапарлар, бағдарлау, альпинизм); жағажайда
демалу, жүзу бассейндерін және басқа да демалыс және көңіл көтеру орындарын
пайдалану, круиздер, құмар ойындары, жастар жазғы лагерьлеріне шығу,
демалыс үйлері, бал айын өткізу;
19) таныстар мен туысқандарға бару – таныстар мен туыстарға бару, үйлену
тойларына, жерлеу немесе кез-келген отбасылық іс-шараларға бару,
науқастарды немесе қарттарды қысқамерзімді күту;
20) іскерлік және кәсіби мақсаттар – егер келген елінде немесе орнында
өндіруші-резидентпен анық немесе тұспалданатын еңбек жалгерлік қатынастар
белгілері болмаса, өз бетінше жұмыспен қамтылған тұлғалардың және жалдамалы
жұмыскерлердің қызметі, инвесторлардың, бизнесмендердің қызметі [19].
Сондай-ақ бұл санатқа қосылатындар:
- кеңестерге, конференцияларға немесе конгресстерге, сауда жәрмеңкелеріне,
көрмелерге қатысу;
- лекциялар оқу, концерттер, қойылымдар мен спектакльдер қою;
- өндіруші-резидент еместер (елге немесе орынға келген) атынан тауарлар
мен қызметтерді жарнамалау, сатып алып қою, сату немесе сатып алу;
- олардың келген елінде ұзақ мерзімді іс-сапарларда болған жағдайларды
қоспағанда шетел үкіметінің арнаулы уәкілдігіне дипломаттар, әскери
қызметшілер немесе халықаралық ұйымдар қызметкерлері ретінде қатысу;
- үкіметтік емес ұйымдардың арнаулы уәкілдігіне қатысу;
- ғылыми қолданбалы немесе іргелі зерттеулерге қатысу;
- туристік саяхаттар бағдарламаларын жасау, орналастыру және көліктік
қызметтер бойынша қызмет көрсетулер ұсынуға шарттар жасау, резидент емес
агенттіктер мүддесінде (келген елінің немесе орынның) гидтердің немесе
туризм саласының басқа қызметкерлері ретіндегі жұмыс;
- кәсіби спорт іс-шараларына қатысу;
- формалдық немесе формалды емес кәсіби дайындық курстарына өндірістен
алыстамай бару;
- жеке көлік құралымен (корпоративті ұшақ, яхта экипажкоманда құрамында
жұмыс қосады [20];
21) спорттық мақсаттар – спорттық шаралар мен сайыстарға қатысу;
22) емделу – ауруханадан кейінгі емдеуді аяқтау үшін және медициналық және
әлеуметтік мекемелердің неғұрлым жалпы спектрі үшін аурухана, клиника,
санаторийлер қызметтерін алу, медициналық жабдықтар мен қызметтерді қолдану
арқылы косметологиялық хирургияны қоса, медициналық кеңес беруге
негізделген, медициналық қызмет көрсетулерді алу үшін теңіз, -спа және
басқа курорттарға, сондай-ақ басқа да мамандандырылған мекемелерге бару.
Емдеу мекемесінде бір жыл немесе одан көп болуды талап ететін ұзақ емделу
туризм саласына жатпайтындықтан, бұл санат тек қысқа мерзімді емделуді
қамтиды.
23) дін, қажылық – діни жиындар мен іс-шараларға қатысу, қажылық;
24) коммерциялық – қайта сату немесе қандай да бір өндірістік үдерісте
пайдалану үшін (бұл жағдайда іскерлік және кәсіби мақсаттар айтылып отыр)
тауарларын сатып алуды қоспағанда, сатып алынатын жеке тұтыну немесе
сыйлықтар үшін тұтыну тауарларын сатып алу;
25) сапарлардың басқа да мақсаттары – еріктілер ретінде (басқа санаттарға
қосылмаған) жұмыс, иммиграцияның жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін игеру,
басқа санаттарға қосылмаған төленбейтін уақытша қызметтердің кез-келген
басқа да түрлерін жүзеге асыру.
Орналастыру орындарындағы статистикалық нысан бухгалтерлік құжаттар мен
алғашқы есеп құжаттары деректерінің негізінде толтырылады.
2, 4 - бөлімдерге өзге де тұрғылықты орындар демалыс күндерінде және
қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру, туристік
лагерлер, демалыс және ойын-сауық парктері, тұрғын үйдің басқа түрлері
жатады.
Қызмет көрсеткен көлемі (5 - жол 2 – бөлім және 3- бөлім) есебінің
көрсеткіштері қосылған құнға салынатын салықты (бұдан әрі - ҚҚС) ескерусіз
құндық көрсеткіште бір ондық белгімен мың теңгеде, Тәулік-төсектің орташа
құны (6 жол 4 бөлім) – ҚҚС есепке ала отырып ондық таңбаларсыз келтіріледі
[21].
Бір уақыттығы сыйымдылық (3 - жол 4 - бөлім) барлық бөлмелердегі
қойылған тұрақты төсек саны бойынша анықталады. Бөлмелердегі уақытша
қойылған төсек орындар және тікелей мақсатта үнемі пайдаланылмайтын орындар
есепке алынбайды.
Қонақ үй кәсіпорындарының тәулік-төсек (түнемелік) ұсынуы – бөлмелер мен
орындарды алдын ала жасалған тапсырыс бойынша сақтап қоюмен қоса, тұрақты
және уақытша пайдаланылған орындар санын көрсетеді және ол тұрғындарды
тіркейтін тіркеу кітабының деректері негізінде анықталады.
Тоқсан ішіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны ұйымның тоқсандағы
жұмыс істеген барлық айларындағы қызметкерлердің орташа тізімдік санын қосу
және алынған санды үшке бөлу жолымен анықталады.

1.2 Қонақжайлық индустриясын ұйымдастырудың даму тарихы

Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар
мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары
болып табылған. қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-
жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қаласында тұңғыш туристiк жорық
ұйымдастырылды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп
мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып есiк көшесінде (62
км) аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында пролетарлық туризм
және экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның
алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық
телеграф пен пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (ф.л. савин
басқарған) медеу — көкжайлау — үлкен Алматы қ. жағалауына дейiн барды [22].
Туризмнiң бұл түрiне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов,
Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 ж. қаңтарда Алматыдан Зиминнiң
бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және
қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты
әскер полкiнiң сегiз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, ұзынағаштан
өтiп қордай асуы арқылы эстафетаны қырғызия командасына табыс еттi. Сол
жылы Алматыдағы жетiсу губ. мұражайдың жанынан бүкiлодақтық пролетарлық
туризм мен экскурсия ерiктi қоғамының 10 мүшесi бар алғашқы ұясы
ұйымдастырылды. Ол кейiннен Қазақстан өлкелiк кеңесiне айналды. Әуесқой
туристердiң бастауымен алатау қойнауындағы күйгенсай (горельник) шатқалында
туристер үшiн шағын үй салынды. 1936 ж. бұл жерде республикадағы ең алғашқы
50 кiсiлiк “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерiлдi. 1938 ж. Көкжайлау
шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слетi өттi. Оған
200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында
кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын бүкiлодақтық нұсқаушылар мектебi
орналасты [23].
Ұлы отан соғысынан кейiн “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер
кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсендi демалысы
мақсатында 1952 ж. Қазақстанда туристiк-экскурсиялық басқарма (тэу)
құрылды. 1961 ж. Алматыда респ. жас туристер ст. ашылды. 1960 ж.
кәсiподақтардың қазақ респ. кеңесi жанынан туризм жөнiндегi респ. басқарма
ұйымдастырылды. 1962 ж. туристiк-экскурсиялық басқарма туризм жөнiндегi
кеңес болып қайта құрылды. 1965 ж. Қазақстанда респ. және 5 обл. (Алматы,
Қарағанды, Шығ. Қазақстан, Орал, Шымкент) туристiк кеңес және әр облыста
экскурсиялық бюро ашылды.
1950 — 60 ж. Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмi, альпинизм
(шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. мұның нәтижесiнде туристiк
нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий,
В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмдi
дамытуда үлкен үлес қосты. 1958 ж. Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-
ның спорт шеберi атағы берiлдi.
1970 ж. құрылған туризм және саяхатшылықтың респ. кеңесi туризмнiң
одан әрi дамуына әсер еттi.
1971 — 75 жылдары Қазақстанда туризмнiң материалдық базасын нығайып,
саяхаттық-туристiк ұйымдар көбейдi, жаңа туристiк базалар мен мейманханалар
пайдалануға берiлдi. 1978 ж. Қазақстанда экскурсия мен туризмнiң респ.
кеңесi және 14 обл. кеңес, 17 туристiк база мен мейманханалар, 26 саяхат,
экскурсия бюролары және шет ел туристерiне қызмет көрсететiн 3 бюро,
Алматы, Орал, Шымкент қалалырында туристiк автомоб. базалары құрылды.
Туристiк базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жеттi [24].
1988 жылы туризм құрылымында бiршама өзгерiстер болды. Жаңадан
туристiк экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан
туризмiнiң дамуына Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездiбаев, А.Чукреев,
О.Мазбаев, С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсiздiк алған
Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көштi. 1993 ж.
Қазақстан дүниежүзiлiк туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм
индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 ж.
Қазақстан республикасының Ұлы Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта
өрлету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұралар сабақтастығын дамыту
тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 ж. 13
маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы” заң
қабылданды. Онда республикадағы туристiк саланы дамытудың бiрiншi кезектегi
шаралары, туристiк қызметтi лицензиялау, т.б. мәселелер тұжырымдалды.
Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристiк нысандарды ұтымды
пайдалануға мүмкiншiлiк бередi, сонымен қатар экономиканың басты
тармақтарының бiрi ретiнде дамытуды қажет етедi [25].
Тарихи-археологиялық ескерткiштердiң туристiк-экскурсиялық
сапарлардағы орны ерекше. Археол. ескерткiштердiң кез-келген нысандары
туристiк-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның iшiнде жетiсудағы
сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам,
Батыс Қазақстандағы Сарайшық, тағы басқа көне қалалардың орнына туристердiң
қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткiштердiң қазiрге дейiн жеткен
нысандарының iшiнде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуiр
ескерткiштерiне жартастағы петроглифтердi атауға болады. Оларға әйгiлi
бiрегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының таңбалы сайындағы, Көксу
өзеніндегi Ешкiөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кiндiктас, Баянжүрек
тауларындағы тастағы суреттер жатады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 6 — 3
ғасырлардан қалған Сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы
және сақ әскерi киiмiн киген “алтын адам”, 2001 — 2002 жылы Шығыс Қазақстан
облысындағы Қатонқарағай ауданының бергiел (берел) қорғанында табылған “Сақ
патшайымы” археологиялық туристiк нысандарға жатады. Ортағасырлық
Түркiстан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, тағы
басқа елдi мекендер қазiргi туристiк нысандар болып табылады. Түркiстан —
қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесi
салынған, кесене iшi мен айналасына қазақ мемлекетiнiң негiзiн қалаған
Тәуке, Тәуекел, Жәңгiр, Есiм, Абылай, Қазыбек би жерленген [26].
Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар
туристер үшiн тартымды нысандар. Тәуеп ету (дiни) туризм нысандары
республика аумағында көптеп кездеседi. Оларға түркi әлемiндегi қасиеттi
Түркiстан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесi, Абаб-Араб мешiтi, Гауһар-ана
зираты, Әли-қожа бейiтi, тағы басқа жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге
тәуеп етiп, АЛЛАға сиыну үшiн келедi. Одан басқа Отырар ауданында Арыстан
баб кесенесi, Ибраһим-ата бейiтi, Қарашаш ана кесенесi, Тұраба ауданында —
Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында — Айша бибi кесенесi мен
Қарахан кесенесi, Қызылорда облысында — Артық, Айтман кесенелерi, Балқаш
қаласы маңында — Тектау ата, Әуез бақсы, тағы басқа киелi орындар бар.
Қазақ халқының азаттық күресi жолындағы батырларға, қолбасшыларға
деген құрмет белгiсi мемориалдар мен ескерткiштерде көрсетiлдi. Бұларға
Райымбек пен Қарасай батыр ескерткiштерi (Алматы облысы) Қордайдағы (Жамбыл
облысы) Өтеген батыр, Ақтөбедегi Есет батыр, Солт. Қазақстандағы Ағынтай
мен Қарасай ескерткiштерi, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткiштерi,
тағы басқа жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш
жүздiң басын қосқан жер, тарихи орындар ретiнде Жошы және Алаша хан
кесенелерi, Алматыдағы тәуелсiздiк монументi, Астанадағы үш би
ескерткiштерi қастерлi орындар санатында туристiк нысандарға қосылады.
Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткiштер қатарына: Қозы көрпеш — Баян
сұлу, Еңлiк-кебек кесенелерi, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары,
Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д.Нұрпейiсова, Абай, Абылайхан, Әлия мен
Мәншүк, А.Иманов, І.Жансүгiров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген
естелiк орындар жатады
Республиканың әсем де әдемi жерлерiнде бiрнеше туристiк базалар
орналасқан. Оларға Іле алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар
облысы Жасыбай көлі жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-
орманды “Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма бөгенi жағасындағы
“Алтай мүйiсi”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы “Орал”, Қостанай
облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысы
Бадам жазығындағы “Оңтүстiк”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор”
базалары жатады. Қазақстанда белгiлi туристiк маңызы бар зоологиялық,
ботаникалық қорықтар да жеткiлiктi. Оларға Алматы қорығы (кешендi), Іле
атырауы (зоологиялық), Тарбағатай (зоологиялық), Жалтыркөл (зоологиялық),
Ұлытау (зоологиялық), Бетпақдала (зоологиялық), Қарақия-қаракөл
(зоологиялық), Зерендi (зоологиялық) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты
— палеонтоллогиялық) және Шарын өзеніндегi “Шетен тоғайы” (ботаникалық),
күмiс қылқанды орман (ботаникалық), жаманшық тауы (геморфологиялық),
айғайқұм, әншiқұм (геоморфологиялық), жаңғақ тоғайы (ботаникалық),
бүркiттау шоқысы және тұма бастаулар (гидрологиялық), тағы басқа.
Қонақжайлық индустриясында әлемнің барлық елдерінде үйге қыдыра келген
бейтаныс немесе туыс кісілерге ерекше назар аударылып, аса зор құрмет
көрсетіледі. Рим империясы кезінде қонақжайлық индустриясында керуен
сарайлар мен таверналар барлық жерде пайда бола бастады. Керуен сарайлар,
әсіресе барлық басты, үлкен жолдарда, іскерлікпен тұрғызылды және өз
уақыты үшін ыңғайлы болды. Олар жуық шамамен бір – бірінен 25 миль жерлерде
орналасты, бұл үкіметтік шенеуніктер мен хабаршылар, шабармандар жолда
қатты шаршамауы үшін, олардың әрқайсысында демалуы үшін жасалынды.
Ерте римдік керуен сарайлар қожайындарын өз уақытының Конрадтары,
Хилтондары деп атау қиын шығар. Олардың азаматтық құқықтары болған жоқ. Бұл
бизнеспен айналысушылардың моральдық ұйытқысына күмән келтірілген жоқ.
Кәдуілгі таверналар күнәлер қордасы деп есептелінді және онда қарапайым
халықтан өзге, әбден азған ақсүйектер ғана кіретін еді, ал жоғары топқа
жататындар қоғамдық моншаларда демалуды қалады. Ерте Персияда түйелермен,
үлкен керуенмен жолаушылады. Шатырларда немесе керуен сарайларда түнеді –
оларды қонақ үйлер кешенінің прототипі деседе болады [27].
Англияда керуен сарайлар саяхаттаушыларға бағдарланды. Сол жылдардағы
адамдар мен саяхаттаушылар патша сарайымен немесе шіркеумен байланысты
болды. Саяхаттаушылардың көбісі миссионерлер немесе дін қызметкерлері және
қасиетті жерлерге саяхат жасаушы пилигримдер еді. Әрине, барлық керуен
сарайлар осы адамдарды тамақтандыру арқылы жақсы табыс табуға ұмтылды. Орта
ғасырларда адамдар көбірек жолаушылай бастады және керуен сарайлар саны
көбейіп, ондағы қызмет көрсету дәрежесіде жоғарылай бастады. Көптеген
жолаушылар аухатты, ақшалы адамдар болғандықтан, бұл қызмет көрсету
саласының да өркендеуіне әкелді. Бай адамдар, ол кезде, өзінің меншікті
мезіретін құра отырып, үйде тамақтануды дұрыс көрді. Сондықтан байлар ұлан-
асыр той жасап, онда жүздеген қонақтарға қызмет көрсетілді. Тойларда қызмет
көрсетуді кемсітушілік деп атауғада болатын, өйткені әртүрлі шендегі
қонақтарға әртүрлі ас берілетін. Жоғары ақсүйектер әрине тамақтың ең жақсы
кесектерін алды.
Әншейінде, әрбір тамақтануға ондаған астың түрлері дайындалып, өте
ұқыпты ыдыстар жайылды, бірақ оларды ішіп-жеу рәсімдік жолмен өтпей,
тағылық, дөрекі әдістермен өтті. Шанышқының ролін қолдың саусақтары
атқарды, майлы сорпаға қол салынып ішінен ет кесектері саусақпен алынып
желінді. Пышақ екі қызмет атқаратын: онымен кесетін және онымен жейтін.
Тамақты ағаш тақтайлардың үстіне салып немесе өте қатып қалған нан
кесегінің бірдей кесілген түйірлері үстіне қойып жейтін.
Орта кластың өкілдері үшін таверналар болды, оларда жалпы столға
отырғызылып кезекші тағамдар берілді: ет пен көкөністерден жасалған ащы
рагу. Асшеберлік сапасы шектеулі болды, қазанға өте арзан өнімдер түсетін.
Жас ет өте сирек кездесетін, көбіне иістенген еттен қолданылды. Оған
қосылатын дәмдеуіштер еттің иісін кетіре алмайтын. Еуропадада кофеханалар
ашыла бастады. Бастапқыда қоғам бұл сусынды қабылдамады және оны таза
еместер сусыны деп атады. Тек қана папа Клементенің тұсында, 8 ғасырда
кофе христиандар сусыны статусын алды. Ал келесі ғасырда кофеханалар бүкіл
Еуропа бойынша саңырауқұлақтар сияқты өсе бастады [28].
Қонақжайлық индустриясында өзінің әйгілілігіне қарамастан,
кофеханаларды жақтамаушы қарсыластарда табылды. Әйелдер оны өте жек көрді,
өйткені кофеханаларда басқа қоғамдық мекемелер сияқты көбінесе ер адамдар
компаниясын жинады. Әйелдер билік басындағыларға қарсылық хаттарын жазып,
барлық күнәлерге кофеханалардың кінәлілігін білдірді, бірақ бұның бәрі
босқа қалды, кофеханалар одан әрі өркендей бастады.
Кәдуілгіде кофе пиала типті шыны аяқтармен берілетін, олар қазіргі
кофе беруге арналған шыны аяқтарға қарағанда үлкен мөлшерде болатын.
Кофеханалар өзінің компаниялық атмосферасымен әйгіленді: ол жерде қолға
шыны аяғыңды ұстап, хош иісті сусынды іше отырып, стол басындағы басқа
келермендермен әңгіме – дүкен құрып жақсы уақыт өткізуге мүмкіндік болды.
Бүкіл Еуропаның үлкенді-кішілі қалаларында кофеханалар гүлденіп өркендеген
кезде, дилижанспен саяхаттаудың әйгілілігінің өсуі жол бойындағы
қонақжайлық индустриясын революцияландырды. Жол ұзақ болған сайын, қатып
қалған жолда селкілдеп-солқылдап жүру де қиын болды, сондықтан жолаушыларға
жол бойындағы керуен сарайлар өзінің дәстүрлерімен өте ыңғайлы еді – сол
уақыттың өлшемімен бұл өте бірегей құбылыс деп есептетінді. Ауылдық
жерлерде бір керуен сарай барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Табиғаты керемет таулы аймақта орналасқан және туристік маршрут бойындағы демалысқа ыңғайлы кішігірім қонақ үйлер
Қонақжайлылық индустриясының қалыптасуы
Қонақжайлық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолдау
Қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасын ұйымдастыру
Туристік қонақ үйлер
Қонақжайлылық индустриясын басқарудың әлеуметтік - психологиялық аспектілері
Толық сервисті мейрамханалар
Қонақжайлық индустриясының даму тарихы
Іскерлік жағдайды талдау, шешімді дамыту, теориялық білімдердің өз багажын пайдалану және қосымша іздеу ақпараты арқылы кәсіптік бағдарланған құзыреттілікті қалыптастыру
Пәндер