Сот билігінің тәуелсіздігі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Билікті бөлісу теориясы және сот билігі . . . 7
1. 1 Сот билігі және оның билік тармағы ретіндегі мәні…… . . . 7
1. 2 Құқықтық мемлекет құрудағы сот билігінің рөлі . . . 26
1. 3 Қазақстан Республикасының сот билігінің қалыптасуы . . . 34
2 Сот билігі және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау . . . 42
2. 1 Судьялар жұмысын ұйымдастыру және сот билігінің принциптері. . 42
2. 2 Сот билігінің тәуелсіздігі . . . 45
2. 3 Адам құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыруға жасалатын сот
бақылауы . . . 48
3 Сот әділдігінің тиімділігін арттыру және сот қорғауын күшейту мәселелері . . . 62
3. 1 Сот әділдігіне атқарудың негізгі қағидаттары және оны жүзеге асырудың кепілдіктері . . . 62
3. 2 Азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізу саласында сот билігін
күшейту . . . 70
3. 3 Құқықтық сот жүйесіне реформалауды тереңдету . . . 81
Қорытынды . . . 93
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 96
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі . Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-ші бабында республиканы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптастыру мақсаттарының бекітілуі - ең алғашқы кезеңдерінің бірі деп, күшті, тәуелсіз сот билігін құру міндетін қояды.
Республика стратегиясын 2030 жылға дейін белгіленген Қазақстан халқына арнаған жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті былай деп аттап көрсетті: «біз нені құрғымыз келеді, таңдаған мақсатымызға жеткізетін дамуымыздың траекториясы, магистраль қандай болуы тиіс, біз анық білуіміз және айқын түсінуіміз керек. өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс анықтау, тиісті стартегияларды таңдау, осы жолмен жүру кезінде күш-жігеріміз бен төзімділігімізді көрсету арқылы біз өзімізді құр седелуден, қуатымызды, уақытымызды және ресурстарымызды бекер жұмсаудан сақтап қаламыз» [1, 1] .
Біздің қоғамымыздың алдына қойылған басым мақсаттарға жету жолында сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту-қазіргі міндет және бүгінгі күннің жәрулі қажеттілігі.
Сот билігінің теориялық негіздерін әзірлеу және оларды заңнама мен сот органдарының қызметінде практика жүзінде іске асыру, тек соңғы кездері ғана мамандардың назарларын аудара бастады. Билікті бөлісудің конституциялық қағидаты мен Конституцияда көрсетілген өзге де идеялар тұрғысынан сот билігі институтының тұтас, көшенді талдауын жүргізу біздің республикамызда әлі де жеткілікті және жүйелі түрде қолға алынған жоқ. Тіпті мемлекет және құқық мәселелерінде де сот органдарынада тиісті көңіл бөлудің жеткіліксіздігі байқалады, бұл көзқарас мемлекеттік тәжірибеде ондаған жылдар бойы үстемдік құрып келді. Қазақстанда тәуелсіздік жариялауға байланысты ғана осы проблемаға қызу ықылас білдіріле бастады. Соның нәтижесінде 1994 жылы қабылданған сот-құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасын орындау болды. Бағдарламаға сәйкес қалыптастырудың мүлде жаңа тәртібі бойынша біріңғай сот жүйесі құрылды, сот билігі тармағының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық жаңа актілер қабылданды, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, салық және әкімшілік құқық бұзулар туралы кодекстер қабылданды.
Бірақ, қол жеткен табыстармен шектеліп, тоқмейілсуге болмайды, өйткені өз шешімін күтіп тұрған проблемалар әлі де жеткілікті. Қабылданған заңдар қаншама жақсы, дұрыс болса да, онда көрсетілген нормалардың құқықтық қатынастарға түсетін кез келген субъектінің қызметтік қағидатына, жүріс-тұрысының ережесіне айналуларының әзірше кепілі бола алмай тұр. Құқықтық нұсқаулардың әрбір адам үшін, әр шенеунік, кәсіпкер, лауазымды адам, басшы үшін ішкі нанымға, ішкі заңға айналуы қажет. Өздерінің құқықтары бұзылған жағдайда әр адам сот қорғауына жүгіне алатынын және оның тиімділігіне сенім арта алатынын ұғынуы және білуі тиіс. Әйтпесе біз ешқандай құқықтық мемлекет құра да алмаймыз және шынайы демократия жөнінде сөз қозғаудың өзі де бекер.
Сондықтан да еркін, тиімді және қауіпсіз қоғам құрудың бағдарламасын мазмұндайтын 2000 жылы Қазақстан халқына арнаған жолдауында мемлекет басщысы осы өзекті мәселеге ерекше қайта тоқталып кетті. Ол былай атап көрсетті: мемлекеттік құрлымдардың міндеті тек заңдар белгілеген ережелер бойынша ойнауға емес, сонымен бірге азаматтардың заңдар бойынша өмір сүруге үйрену міндеті, өйткені заң-өзара және мемлекет арасындағы шарт болып табылады [2] .
Сот билігінің проблемалары күні бүгінге дейін конститутциялық құқық ғылымындағы дербес зерттеудің объектісі болған емес. Осы саладағы еңбектердің көпшілігі оқулық немесе оқу-әдістемелік сипат алады. Әрі бірқатар авторлардың зерттеулері салыстырмалы-құқықтық тұрғыда, немесе құқықтық бірнеше саласының тоғысуында жазылған. Бірқатар еңбектерде сот билігінің тек жекелеген мәселелері ғана қозғалған.
Бірқатар зерттеулер Қазақстаннан, Рессейден, Құрама Штаттардан шыққан материалдар негізінде конститутциялық бақылауды жүзеге асыру бойынша жалпы юрисдикциядағы Конститутциялық соттардың қызметін талдауға арналған.
Екінші жағынан, сот жүйесін ұйымдастыруға, соның ішінде кеңес кезеңіне де қатысты жұмыстардың бірталай бөлігі құқық қорғау органдарының қызметіне байланысты мәселелерді зерттеу кезінде қылмыстық процесті жүргізуші органдарының өкілдері жазған, немесе осы аталған тақырыптың тек кейбір аспектілерін ғана қозғайды.
Сот жұмыстарын жақсарту мен заңнаманы жетілдіру жөніндегі тәжірибелік мәні бар ұсыныстарды (нұсқауларды) әзірлеуге судьялардың өздері елеулі үлес қосқан.
Осы дипломдық жұмаста сот әділдігінің теориялық негіздерін ұғыну ең алдымен негіз қалаушы санаттарды (категорияларды) зерттеуден бастап жүзеге асырылуы тиістігін ескере отырып, құқықтық мемлекет теориясының контексіндегі сот билігінің мәнін анықтауға; сот билігі қағидаттарының жіктелімін әзірлеуге; адамның құқықтары мен еркіндіктерін қорғаудағы сот билігінің ролін көрсетуге, сондай-ақ сот әділдігінің тиімділігін одан ары жоғарылату жолдарын белгілеуге ұмтылыс жасалды.
Сонымен такырыптың өзектілігі: құқықтық нигилизм әлі де орын алып отырған қоғамда, сот билігінің болуы заң үстемдігін, оны орағытып өтудің қандай да болса әрекеттерін болдырмауды қамтамасыз етудің шешуші факторына айналуы тиіс. Сот билігінің нағыз дербестігіне қол жеткізбейінше және соттар азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін пәрменді қорғау және қалпына келтірудің органы болмайынша, елдегі әлеуметтік және экономикалық проблемаларды ойдағыдай шешуге, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыстылықпен күресуде табысқа жетуге, қолданудағы заңдардың тиімділігіне үміт артуға болмайды. Сондықтан да, жоғарыда көрсетілгенді ескере отырып тақырыптың өзектілігі осы мәселеде деп ойлаймыз.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу объектісін, жұмыс мақсатын, міндетін, негізге алынған материалдарды және жұмыстың қүрылымын анықтап көрейік.
Зерттеу жұмысының мақсаты: дербес, тәуелсіз және беделді мемлекет билігі ретінде соттың қалыптасуын тежеген себептерін анықтау мен талдау.
Дипломдық зерттеудің мақсаттарын шешу үшін төмендегідей негізгі міндеттер қойылды: сот билігі және оның билік тармағы ретіндегі мәнін анықтау; Қазақстандағы сот реформасының даму кезеңдерін зерттеу; құқықтық мемлекет құрудағы сот билігінің рөлін көрсету.
Жұмыстың зерттеу объектісі болып конституциялық құқық ғылымындағы сот билігінің проблемалары табылады.
Дипломдық жұмыстың пәні ретінде осы тақырыпқа қатысты отандық және шетелдік заңгер-ғалымдардың ғылыми еңбектері, сонымен қатар соттың қызметін реттеудіге ұлттық заңнама болып табылалы.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі. Жұмыс негізіне алынған материалдар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған жолдаулары, Қ. Мәми, Б. Д. Мақұлбеков, Ш. М. Шарипов және т. б. отандық және шетелдік заңгер-ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізін ақиқат болмысын тану жолында қолданылатын жалпы ғылыми әдістер құрайды. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау, сараптамалық бағалау, қисынды-заңдылық, статистикалық талдау, тарихи және нақты-социологиялық әдістер қолданылды.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Дипломдық жұмыс материалдары және тұжырымдары халықаралық ұйымдардың құқықтық табиғатын ғылыми тұрғыдан түсінуге, талдауға және тиімділігін арттырудың нақты ұсыныстары айтылады. Сонымен қатар, арнаулы курстар дайындауға, ғылыми зерттеулер ісін жүргізуге дипломдық жұмыс материалдары негіз бола алады.
Жұмыс құрылымы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Билікті бөлісу теориясы және сот билігі
1. 1 Сот билігі және оның билік тармағы ретіндегі мәні
Билік бөлісу теориясы корольдік деспотизм мен дворяндық озбырлықты бағындырудың (жеңіудің) тиімді құралы ретінде ұсынылды, теорияның классикалық ережелерін Джон Локк (1632-1704жж. ) пен Шарль Луи Монтескье (1683-1755жж. ) тұжырымдады. Осы теория нақты саяси мүдделерді, сол дәкірдегі басты саяси күштер-корольдік биліктің, дворяндардың және жаңадан пайда болып келе жатқан буржуазияның күресі мен өзара іс-қимылын бейнелейді.
«Биліктің (өкіметтің), мемлекет пен патшалықтың мәңгі символы Кесарь болып табылады және оның арақатынасына, билік (өкімет) пен мемлекетке, осы дүниенің патшалығы мен рухына екі түрлі: дуалистикалық және монистикалық көзқарас бар. Егер монизм тирандық үрдісті (тенденцияны) еншілесе, ал дуализм бостандықты (еркіндікті) негіздей алады», - дейді Н. Бердяев [3, 97] .
Мемлекет билігінің түпкі мақсаты - адамдарды билеп-төстеу және оларды қорқынышта ұстау, тағдырдың тәлкегіне қалдыру емес, дұрысы, адам өзінің өмір сүру құқығы өз мүмкіндігіне қарай пайдаланулары үшін, оларды қорқыныштан (үрейден) азат ету. Мемлекеттің міндеті-адамдардың өз міндеттерін қауіпсіз жағдайда орындауы үшін жағдайлар туғызу, бірақ екінші жағынан-олардың бір-бірімен жанжалдастырмай, адам баласын өшпенділік, қастық, өтірік атаулыдан ада етуі керек. Кез келген мемлекеттің түпкі мақсаты - өз азаматтарының бостандығын (еркіндігін) көздеуі тиіс, еркіндіктің кепілі болуы керек [4, 28] .
Биліктің барлық көріністерінің жиынтығы, билікті қоғам мен адам өмірінің жалпыға бірдей бастамасы ретінде де, саясат ретінде де, қоғамды барлық ынтымақты және дау-жанжалды қарым-қатынастармен ұйымдастыратын дербес қоғамдық мазмұн (маңыз) ретінде де қарауға мүмкіндік береді [5, 48] .
Билікті бөлісу теориясының негізін салушы-озық ойшыл, қоғамның мемлекеттік-құқықтық құрылымының теоретигі Ш. Монтескье. Оның териториясының негізгі мақсаты-азаматтарға билік институттарының негіздері қаланған, солардың көмегі арқылы мемлекеттік билік органдары өзара іса-қимыл жасаулары тиіс. Кейбір мемлекетте биліктің үш түрі: заң шығару, атқару және сот биліктері қолданылатын анықтаған да, оларды жіктеген де сол. Осылардың әрқайсысын сипаттай отырып, ол сондай-ақ заң шығару билігінің мемлекеттің нақты қолдану мерзімі бар заңдарды шығаратынын немесе оларды бұзатынын белгілеп береді. Екінші биліктің міндеті-бейбіт бітім жасау немесе соғыс жариялау, елшілерді жіберу немесе қабылау. Мұның өзі қауіпсіздіктің кепілі болып табылады және екі мемлекетті өзара соғысудан сақтандырады. Үшінші биліктің рөлі-қылмысы үшін жазалау немесе азаматтық істерді қарау. Анықтамаларды белгілей отырып, азаматтың саяси еркіндігін айқындаған Ш. Монтескье сонымен қатар: «заң шығару билігі атқару билігімен қоса бір адамның қолына немесе магистраттың бір аппаратына біріктірілетін болса, онда еркіндіктің болуы мүмкін емес» [6, 171] деп ескертті. Ойшыл пікірлерінің мәні былайша тұжырымдалады:
Сот билігінің заң шығару және атқару билігінен бөлмейінше еркіндік жоқ. Оның пікірінше, егер судья (би, қазы) бір мезгілде заң шығарушы болып табылса, онда озбырлыққа жол ашық. Сот билігі атқару билігімен біріктірілген жағдайда, судья езушінің сойылын соғуы мүмкін. Және ең ақыры бір адамның, бір шонжардың қолына үш биліктің үшеуіде бір мезгілде қатар біріктіру (заңдарды әзірлеу мен қабылдау, қоғамдық шешімдерді арқылы бәрінен де айырылып қалуға болады [7, 2] . Сонымен бірге Ш. Монтексьенің конституциялық жобасында биліктің тепе-теңдік идеясы жеткілікті түрде айқындалмады. Мысалы, заң шығару билігінің атқару билігіне қатысты басым (үстем) рөлін белгілеген ол, сот билігін солармен қатар қойды, оның ойынша қай биліктің кімнің мүддесін қозғайтыны маңызды. ойшылдың пікіріне жүгінсек, сот билігін арнайы органға емес, белгілі бір уақытта сот төрелігін іске асыратын халықтың арасынан сайланған адамдарға сеніп тапсыруға болады. Ол: «адамдар үшін соншалық қорқынышты сот билігі, белгілі кәсіппен де, белгілі ережемен де (жағдаймен де) байланысты болмайды; сот билігі көрінбейтін нәрселерге айналады» [8, 110] - деп қателесті.
Ш. Монтескьеден айырмашылығы билік бөлісу теориясын Жан Жак Руссо іс жүзінде іске асырады. Ол халықтың біртүтас билігінің қарауына заң шығару, атқару және сот биліктерін берді.
Билік бөлісу теориясы көптеген елдердің мемлекеттік-құқықтық тәжірибесінде кеңінен қолданылып, адам құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ететін негізгі кепілдіктердің бірі болып табылады. Аталған тұжырымдардың барынша нық қалыптасқан дәстүрлері бар елдерде де демократиялық принциптер кеңінен қолдау тапты. Билік төсілу қағидатына негізделген мемлекеттік жүйенің артықшылығы - мемлекеттің ішкі саяси жағдайының салыстырмалы тұрақтылығы. Өйткені билікті бөлісу, Конституция нормаларының негізінде, әлеуметтік күштердің қиын-қыстау жағдайлардан ауызбірлігі (бәтуасы, мәмілесі) арқылы шығуға мүмкіндік береді [9, 5] .
«Қазақ елінің сот билігі» еңбегінде автор «қазақтың үш биі - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің кезінде «мемлекетті әділ басқарудың негізі - сұлтандар мен төрелердің сот билігіне араласуын шектеу» деген қағидасының әлі де өз құндылығын жоймағанын атап көрсетті.
Билік бөлісу теориясы 1787 жылғы АҚШ Конституциясында мейлінше толық және дәйектілікпен іске асырылды. Ол бойнша заң шығару өқілеттіктері екі палатадан-Сенат пен өкілдер палатасынан тұратын Конгреске беріледі. Атқару билігі Президенттің, ал сот билігі АҚШ-тың Жоғарғы Сотының, сондай-ақ Конгресс арқылы бекітілетін төменгі соттардың қарауна тапсырылды.
АҚШ-конституцияляқ құрылымы ерекше ел екені белгілі. Мәселен, Президенттің және оның кабинетінің мүшелерінің Конгресс палаталарына мүше болуға және Конгресте дауыс беруге қатысуға құқылары жоқ. Президентке заң шығару жөнінде бастама көтеру құқығы берілмеген, ал президент кабинетінің мүшелері президент алдында жауапты. Биліктің «тежемелік әрі тепе-теңдік» жүйесі былайша қолданады. Алдымен заң Конгресте қабылданады, содан кейін ол қол қою үшін Президентке ұсынылады. Президент оған қол қоймастан, заң жобасын шығарған палатаға өзінің қарсылықтарын келтіріп, қайтаруына болады. Сайып келгенде, заң жобасының түпкілікті тағдырын Конгресс шешеді. Президентке халықаралық шарттар жасасу құқығы берілген, бірақ оны алдымен Сенат мақұлдауы керек. Сенатпен келісу арқылы Президент елшілерді, басқа да лауазымды басшыларды және Жоғарғы Соттың судьяларын тағайындайды. Конгресс пен Президент өз актілерімен Жоғарғы Сотты конституциялық емес деп жариялауға құқылы. Өзіміз көріп тұрғанымыздай, «тежемелік әрі тепе-теңдік» жүйесі АҚШ конституциялық құрылымының ажырамас қағидаты. Өйткені ол өзара бақылау жргізуге мүмкіндік беріп, биліктің үш тармағының өзара іс-қимылдары үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
АҚШ ғалымдары өздерінің ғылыми еңбектерінде биліктің үш тармағын талдауды көбіне сот билігінен бастаулары кездейсоқ емес. Нақ сол өркениетті елдерде сот билігі іс жүзінде мемлекеттік билікке айналады. Соттар биліктің басқа тармақтарына бақылау жүргізуге және олардың шешімдеріне шағымдар бойынша түпкілікті шешімдер шығаруға өкілеттік алды.
Шетелдерде заң шығару, атқару және сот билігі органдарының арасында өзара нақты іс-қимыл жолға қойылған. Мәселен, герман Конституциясының 44-бабының 3-тармағы соттарды Бундестан тергеу комитеттеріне құқықтық көмек көрсетуге міндеттейді. Испанияда соттар регламенттеуші (реттеуші) рөл атқарып, бақылау жүргізеді. Пәкістан Конституциясының 162-бабы бойынша Жоғарғы Сот бұқара көпшілік сипаттағы немесе мағынадағы құқық мәселелері жөнінде тұжырымдамалар (қорытындылар) жасау арқылы Президентке кеңес береді.
Соңғы кездері батыс елдерінде сот билігіне байланысты елеулі проблема туындап отыр, ол «сот саясаттан тыс (сырт) » қағидатын (принципін) ұстану (сақтау) қағидаты. Бұл қағидат өз кезегінде сот билігіне өз мүдделеріне зейін қою арқылы нақты мемлекеттік мүдделерден абстрактылануға мүмкіндік береді. Интернетке енгізілген «Шексіз сот билігінің жүгенсіздігі туралы» мақаласында Б. Волхонский әр түрлі «атышулы» соттық талап-қуынымдарды (Италиядағы, АҚШ-тағы, Испаниядағы) талдай келіп, мынадай қорытынды жасайды: сот билігі (өкіметі) және батыстың заң жүйесі, тұтас алғанда, атқару және заң шығару биліктерін, сондай-ақ азаматтық қоғамның басқа да институттарын табанына салып таптай бастады. Осы орайда, біздің ойымызша, өркениетті елдерден қанат жайған «таза қолдар» науқаны, судьялардың «билікті басып (тартып) алуын», олардың мемлекетті басқару қызметін жүзеге асыруларын мүлде білдірмейді. Автор осы мақаласының соңында бұл үшін нақты тетіктердің (механизмдердің) жоқ екендігін атап көрсетеді. Демек, бірнеше мысал негізінде «жоқтан өзге үшін соншама айғай-шу» көтеру, қоңыраулатып дабыл соғу керек пе? Сондағысы соттар нақты саяси күштерге айналады-мыс дегендік пе? Біздіңше, олай емес. Әупірімде биліктің үшінші тармағы басқа екеуіне-атқару және заң шығару биліктеріне тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін құрылғандықтан, демек, ол осы міндеттерді жалпы мемлекеттік мүдделерді есепке алу арқылы жүзеге асыруы тиіс.
Сот билігінің ұғымы, оның әлеуметтік міндеті мен қызметі де, сондай-ақ кеңес кезіндегі заң әдебиетінің зерттеу объектісі болып табылады. Осы мәселелер сондағы әдебиетте «әділ сот» ұғымы арқылы үстірт қаралды, ол іс жүзінде «сот билігі» ұғымымен теңестірілді (ұқсастырылды) . Бұл ретте соңғы санат үстемдік құрған маркстік-лениндік идеология ұстанымы тұрғысынан ашылды, ол идеология өз кезегінде мемлекет мүддесінің басымдығынан, құқықты мемлекетке бағындырудан туындады.
Алайда, сот билігі мен әділ сот егіз ұғымдар, бірақ олар ұқсас емес. Сот төрелігі сот билігінің ең маңызды көріністерінің бірі болып табылады, бірақ сот билігі тек мұнымен ғана шектелмейді. Аталған ұғымдардың ара-қатынасынан дәл анықтау заң ғылымының алдында тұрған мәселелерінің бірі болып табылады.
Революциядан бұрынғы ғалым С. В. Познышев: «сот билігі мемлекет билігінің бір тармағы, жекелеген органдар арқылы жүзеге асырылуы тиіс, осы билік заңды жүзеге асыруға, құқық үстемдігін орнықтыруға, озбырлық пен зорлыққа қарсы күресуге арналған» [10, 9] . Бұл анықтамада сот билігінің ұйымдық және атқарушылық дербестігіне, сондай-ақ қоғам мен мемлекетте құқық үстемдігін қамтамасыз ету үшін оның әлеуметтік бағыты аталып өтелді.
Кеңес өкіметінің орнауына және пролитариат диктатурасын жариялауға, кейіннен билік қызметінің саяси-құқықтық қағидатына айналған «барлық билік-Кеңестерге» ұранының орнығыуына байланысты билікті бөлісу теориясын іске асырудың мүмкін еместігі айқын болды.
Марксизм-ленинизм классиктері үшін мемлекеттің негізгі міндеті үстем таптың диктатурасын қамтамасыз ету және оны қорғау болып табылады. Міне, осы себепті мемлекеттің таптық қасиеттері мен оның әлеуметтік-экономикалық негізі бірінші қатарға қойылғаны туралы айтуға болады. Билікті бөлі су туралы сөз қозғай отырып, К. Маркс: осы бөлісу басқа емес, ол мемлекеттік механизмді (тетікті) басқару және бақылау түрінде қолданылатын еңбектің кәдімгі өнеркәсіптік бөлісу сияқты нәрсе деп атап көрсетеді. В. И. Лениннің пікірінше, нағыз мемлекеттік істер шымылдық артында жасырын жасалады және оны департаменттер, кеңселер, штабтар орындайды. 1917ж октябрь революциясының жеңіске жетуіне байланысты Кеңестер түріндегі билік тұтастығының тұжырымдамасы биліктің тұтас негізін қалады. Мұндай биліктің басқа тармақтары дербестіктен аулақ еді. Заң шығару, сондай - ақ сот билігін айқын ығыстырған атқару билігінің рөлін шұғыл күшейту, сот билігіне мемлекет билігінің дербес тармағына бөлінуіне мүмкіндік бермеді. Осы жағдай аталмыш тақырып бойынша теориялық талдауларға әсерін тигізбеуі мүмкін емес еді, бұған зерттеушілер сан мәрте назар аударды. Билік теориясы, соның ішінде сот билігі саласындағы теориялық дайындықтар, әсіресе барлық деңгейлерде ғаламдық өзгерістер барынша жүріп жатқан жағдайларда бұл біздің елімізге ауадай қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz