Дәлелдемелерді жинау, Дәлелдемелерді тексеру


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 8
1 Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу үрдісінің жалпы сипаттамасы . . . 9
1. 1 Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу үрдісінің құрылымдық элементерінің түсінігі, мәні, маңызы . . . 9
1. 2 Дәлелдеу үрдісінің тәртібі, реті, құқықтық реттелуі . . . 20
2 Дәлелдемелерді жинау дәлелдеу үрдісінің бір элементі ретінде . . . 33
2. 1 Дәлелдемелерді жинаудың ұғымы, мазмұны . . . 33
2. 2 Тергеу әрекеттері дәлелдемелерді жинаудың бір әдісі ретінде . . . 46
2. 3 Дәлелдемелерді жинаудың басқа процессуалдық тәсілдері . . . 50
Қорытынды . . . 55
Пайдаланылғын әдебиеттер . . . 57
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Дәлелдемелер және дәлелдеу-қылмыстық іс жүргізудің мәнін анықтайтын негізгі сұрақтар болып табылады. Оларға көптеген авторлардың зерттеулері арналған, бірақта дәлелдеу мәселесі толық зерттелді деп айтуға болмайды, теорияда өз шешімін таппаған көптеген сұрақтар бар. Дәлелдеу мәселесін зерттеу қылмыстық іс жүргізуде өзінің маңыздылығын жоғалтпайды, өйткені ол қоғамдық қылмыстылықтан қорғауға бағытталған тәжірибелік іс-әректпен тығыз байланысты. Ал, қылмыстылықтың көбейіп тұрған уақытында мұндай зерттеу ерекше мәнге ие болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері : Дәлелдемелерді жинаудың мәнін, оның дәлелдеудегі орнын және жеке ішкі құрылымын анықтау үшін тергеушілер, прокурорлар, соттар жүзеге асыратын танымдық қызметтің кейбір біршама жалпы белгілеріне талдау жасау керек. Дәлелдемелер дәлелдеудің шаралары ретінде пайдаланылуы үшін оларды жинау қажет. Барлық қажетті фактілі мәліметтердің ішінен істе мәні бар белгілері бойынша бөліп алуға болады. Сонымен, дәлелдемелерді жинау - іс бойынша шындыққа қол жеткізу мақсатында қылмыстық іс жүргізу құқығында көзделген процессуалдық шаралар мен ұйымдық іс-қимылдардың жиынтығы.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі : Дәлелдеудің маңызды мәселелерінің біреуі дәлелдемелерді жинау. Дәлелдемелерді жинау термині қылмыстық іс-жүргізу заңдылығында ертеден қалыптасқан, бірақта дәлелдемелерді жинау мәнін ғылыми талқылауды жеткілікті негізде зертелген деп айтуға болмайды. Сондықтанда дәлелдемелерді жинау мәселесін зерттеу ерекше маңызды мәнге ие болады. Дәлелдемелердің жинаудың қателігі алдын ала тергеумен соттық тергеуде жіберілетіндігін тәжірибелік талдаулар көрсетіп отыр. Олар кінәліні анықтамауға әділ емес үкім шығаруға алып келеді. Бұған белгілі бір көлемде дәлелдемелерді жинау мәні туралы және іс материалдарында іс-жүзіндегі деректердің толықтығымен нақтылығын анықтайтын факторлар туралы біртұтас ғылыми көзқарастың болмауы септігін тигізеді.
Тергеу органдарымен соттың ақиқатты анықтаудағы қателіктің тек қана дәлелдемелерді жинау мәні туралы көзқарастың түсініксіздігіне байланысты емес. Олар көбінесе тергеу әрекетін дұрыс таңдамауға байланысты болады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық қолданылуы:
Дәлелдемелерді жинау мәселесіне байланысты ғылымда көптеген әртүрлі көзқарастар мен дау тудыратын мәселелер жеткілікті. Сондықтанда, біз дипломдық жұмыста дәлелдемелерді жинаудың танымдық мәні мен құрылымын, дәлелдеу жүйесіндегі орнын қарастырдық. Сондай-ақ оның негізгі әдісі болып табылатын тергеу әрекеттеріне анализ жасадық. Осымен бірге дәлелдемелерді қалыптастырудағы оның ролі анықталды және дәлелдемелерді жинаудың басқа да әдістеріне назар аударылды.
- ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ҮРДІСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫҚЫЛМЫТЫҚ ІС БОЙЫНША ДӘЛЕЛДЕУ ҮРДІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ, МӘНІ, МАҢЫЗЫ
Дәлелдеу процесі мәнісін философиялық түсіну «кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеме ұғымымен» жанама түрде байланысты. Мұндай айқындама жағдайында қылмыстық іс жүргізудің «дәлелдеме» ұғымының. (процеске, актіге, іс-қимылға қатысы жоқ) мәнісі философиялық көзқарас тұрғысынан «тар мағынадағы дәлелдеме» ұғымына сай келеді. Дәлелдеме (объектілер) және дәлелдеу (іс-қимыл) деп процессуалдық бөлудің мағына-лылықтан гөрі әдістемелік мәні бар. Міне, сондықтан біз іс жүргізудің «дәлелдеу» ұғымына барабар ретінде «кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеменің, » философиялық ұғымын қолданамыз.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдеу процесін құқықтық түсіңдіру қаралып отырған қызмет саласының ерекшелігімен елеулі түрде кемелденуі және процессуалдық дәлелдеудің мәнісі туралы мынадай айқын ғылыми пайымдаулармен толықты.
Мәселен, М. М. Гродзинский дәлелдеу процесін «дәлелдемелерді жинау, бекіту және бағалау жөніндегі тергеу - сот және прокурорлық органдардың қызметі» деп белгіледі. А. М. Лариннің пікірі бойынша дәлелдеу «қылмыстық сот ісін жүргізуде заң белгілеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жасалған (немесе жорамалданған) қылмыстар және олармен байланысты жағдайлар туралы шындықты білу үшін фактілерді зерттеуден тұратын, ерекше, заң белгілеген нысандарда жүзеге асырылатын тергеушінің, прокурордың, соттың, сондай-ақ қылмыстық процеске тартылатын немесе жіберілетін басқа да қатысушылардың (субъектілердің) күрделі қызметі». Осыған ұқсас көзқарасты М. С. Строгович те білдіреді: «Дәлелдеу - қылмыстық істі шешу үшін маңызы бар барлық фактілерді, жағдайларды, қылмыстың жасалғандығын (немесе жасалмағандығын), белгілі бір адамның қылмыс жасаудағы кінәлілігін (немесе кінәсіздігін) және қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін белгілейтін барлық өзге де жағдайларды дәлелдемелердің көмегімен анықтау». Әрі қарай М. С. Строгович мынаған назар аударады, дәлелдеу ұғымы «құзіретті органдар жүргізетін зерттеу ұғымына тең, ұқсас». М. М. Гродзинскийдің позициясына В. Д. Арсеньев жақын тұр, Ол былай деп есептейді: «Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеуді белгілі бір шектерде қылмыстық іс жүргізу заңы бағыттайтын және реттейтін, қылмыстық іс бойынша іс жүзінде болған жағдайларды анықтау мақсатыңда дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау жөнінде соттың, прокурордың және басқа да органдар мен адамдардың қызметі ретінде қарау керек».
Р. С. Белкин дөлелдеудің танымдық (гносеологиялық) сипатына тоқталады, ол дәлелдеу дегеніміз «осы құбылыстың, фактінің және оларды басқа да фактілермен, құбылыстармен негіздеу арасыңдағы байланыстарды анықтау. Бұл байланыстардың объективті түрдегі сипаты бар: олар танылғанына немесе танылмағанына қарамастан, дәлелдеуді жүзеге асыратын адамның еркіне қарамастан болады.
Дәлелдеу процесінде олар анықталады, танылады және белгілі бір жорамалдың шындығына көз жеткізуге мүмкіндік береді». Әрі қарай ол дәлелдеудің мәнісі дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден және бағалаудан көрінеді деп атап өтеді. Дәлелдеу мәнісінің анағұрлым терең анықтамасы А. Р. Ратиновқа тиесілі: «Оқиға туралы мәліметтер алынуы мүмкін ақпарат көздерін табу, ол мәліметтерді жинау, оларды іс жүргізу түрінде бекіту, қылмыстық іс үшін маңызы бар мән-жайларды сенімді түрде анықтау мақсатында тексеру мен баға-лау - қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінің мазмұнын құрайды». Өзара диалектикалық іс-қимылға түсетін ойлау және практикалық тұрғыдағы тең екі жақтың үйлесімін дәлелдеудің мәнісін айқындай келіп Ф. Н. Фаткуллин былай деп жазады: «Кеңестік қылмыстық іс-жүргізудегі дәлелдеу дегеніміз - заңда көрсетілген органдар мен адамдардың іс жүргізу қызметі, олар ықтимал тергеу жорамалдарын анықтаудан осы жорамалдар бойынша, сол сияқты іс бойынша сенімді түрдегі қорытындыларды негіздеу бойынша дәлелдемелер мен олардың көздерін жинаудан, тексеруден және дәлелдеуден көрінеді».
Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеудің мәнісі туралы осы замаңғы түсінік таным мен дәлелдеу мазмұны бойынша түрлі ұғымдар деген пайымдауға негізделген. Мәселен, Ю. К. Орлов дәлелдеудің құқықтық және гнесеологиялық аспектілерін ажырату қажет, соның негізінде: «дәлелдеу-тану», «дәлелдеу-көз жеткізу», «дәлелдеу-негіздеу» деңгейлері болып, бөлінеді, олар өзара «субординациялық байланыста» болады деп есептейді
Осы идеяны дамытып және тереңдете отырып, В. С. Джатиев мынадай ойды негіздейді: белгісізді білуден көрінетін танымның логакалық мазмұны танылғанды растауға бағытталған дәлелдеудің мазмұнына жеткілікті түрде сәйкес келмейді. Басқаша сөзбен айтқанда таным - белгісіздікке бастайтын жол, ал дәлелдеу нақты білімді растау. Осыған сүйене отырын В. С. Джатиев былай деп жазады: «Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеу дегеніміз - айыпталушының (сотталушының) қылмыс жасаудағы кінәлілігі туралы айғақты іс бойынша жиналған дәлелдемелерді айыптауды тұжырымдаған және оны қолдайтын адамның сот үшін және сот алдында негіздеуі».
Қылмыстық іс жүргізу дәлелдеудің мәнісі туралы мәселені зерттеуде осы замаңғы ғылыми үрдістерді анықтау үшін А. А. Давлетовтың көзқарасы қызығушылық туғызады, ол былай деп жазады: «Қылмыстық іс жүргізу танымы құрылымында дәлелдеуді ажырата білу қажет. Тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу танымы дегеніміз - заңда көзделген тәртіппен жүргізілетін сот ісін жүргізу органдарының тергелетін қылмыс және онымен байланысты өзге де өмір құбылыстары туралы білім алу жөніндегі қызметі. Қылмыстық іс жүргізу танымы - дәлелдемелерді зерттеу және мән-жайларды дәлелдеу сияқты екі бөліктен тұрады».
Сонымен, доктриналдық түсіндіру қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдеу процесін мынадай негізгі сипаттарға бөлуге мүмкіндік береді:
- Гносеологиялық дәлелдеу - бұл таным процесінің бір түрі, логикалық дегеніміз - бұл нақты қылмыстық жазалауға жататын әрекетті адамның жасағандығы туралы пайымдаудың шындығын негіздеу операциясы;
- дәлелдеу мен таным сәйкес келмейді: олар тегі (таным) және түрі (дәлелдеу) ретінде өзара арақатынаста болады;
- дәлелдеу процесі - құқықтың және гносеологиялық екі аспектінің үйлесімін білдіреді. Құқықтық аспект мынадай кезеңдерді камтиды: а) дәлелдеу-тану; ә) дәлелдеу-көз жеткізу; б) дәлелдеу-негіздеу. Және де дәлелдеудің, әрбір келесі кезеңі - оның алдындағы кезеңге байланысты және содан логикалық түрде туыңдайды. Гносеологиялық аспект мынадай деңгейлерден тұрады: а) ақпараттық дәлелдеу; ә) логикалық дәлелдеу;
- тергеу және сот қызметінде орын алатын дәлелдеудің зерттеушілік, танымдық сипаты болады;
- дәлелдеу процесінде тергеу және сот талқылауының тақырыбы туралы шынайы және сенімді білімге қол жеткізіледі;
- қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдеу адресаты тар мағынасында таным субъектісі (мәселен істі қараушы сот), кең ауқымды мағынасында тұтас қоғам болып табылады;
- дәлелдеу тәртібі қатаң түрде қылмыстық іс-жүргізу заңдарымен реттелген;
- дәлелдеу процесі (ҚІЖК-нің 124-бабы) төмендегілер бойынша дәйекті қызметті қамтиды:
а) зерттеуден;
б) дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан.
Бұл қызметті әдебиетте дәлелдеудің кезеңдері немесе элементтері деп аталады.
Қылмыстық процессуалдық қызмет ретінде дәлелдеудің мақсаты объективтік шындыққа қол жеткізу болып табылады. Объективтік шындыққа қол жеткізу танымның жалпы және жеке әдістерін қолданға негізделген. Жалпы әдістердің негізіне логикалық заңдар жатады, бұл қатысты емес заңдар барлық және қарама-қайшы нәрселерді алып тастайды. Іс бойынша мәні бір фактілер мен мән-жайларды табудың, бекітудің, зерттеудің және анықтаудың нақты әдістерінен көрінетін танымның жеке әдістері өзінің мынадай түрлерімен ерекшеленеді:
- негізінен танылуы қажет тақырыптың сыртқы белгілерін анықтауға есептелген бақылау мен сипаттаудың тәжірибелік әдістері;
-суретке түсіру, киноға түсіру, видеожазба және т. б. арқылы арнайы химиялық-технологиялық құралдарды пайдалануға байланысты жасалған қылмыстық әрекеттің материалдық белгілерін және сыртқы жай-күйін табу мен тіркеудің ғылыми техникалық әдістері;
-зерттеу объектісінің сандық сипатын алу үшін арнайы құрылғылардың көмегімен немесе оларды қолданбастан өлшеу мен есептеудің математикалық әдістері;
-Іс бойынша дәлелдеу материалдарының сапасы мен маңызын анықтау үшін қолданылатын ақпаратты (талдау, жинақтау, теңдестіру) өңдеудің логикалық әдістері;
-Сот-медициналық кибернетикалық, графикалық, психологиялық және өзге де ғылыми құралдар көмегімен жүзеге асырылатын модельдеудің, өңдеудің және қайта құрудың әдістері;
-белгілі бір материалдық объектілердің және олардың бейнелеуінің ұқсастығы туралы мәселені шншу үшін жүргізілетін криминалистік теңдестіру әдістері;
-қылмыстық істің белгілі бір мән-жайының деректерін тәжірибе жолымен алуға мүмкіндік беретін экспериментальдық әдістер.
Дәлелдемелерді зерттеу жөніндегі қызметтің процессуалдық-құқықтық негізі болады: ҚІЖК-нің 24-бабы (істін мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу туралы) ; ҚІЖК-нін 345-363-баптары (соттық тергеуде дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі туралы), сондай-ақ өзге де нормалар. Дәлелдемелерді зерттеудің субъектілері анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот болып табылады. Сонымен бірге теория мен практикадағы дәлелдемелерді зерттеудің мәнісі бір мәнді емес тұрғыдан түсіндіріледі.
ҚІЖК-нің 125-бабының мағынасынан көрініп отырғанындай құрамдас элемент ретінде дәлелдемелерді жинау оларды тексеруді де өзіне қосуға тиіс.
Сонымен бірге, жинау мен тексеру-дәлелдеу процесінің әр түрлі деңгейлері болып табылады: жинау дегеніміз-бірінші кезең, ал тексеру - дәлелдеудің екінші кезенінің элементі.
Дәлелдемелерді зерттеу мәнісінің ғылыми түсінігі мынадай көзқарастардан тұрады:
1) дәлелдемелерді зерттеуді оларды тексеру деп түсінуге болады, ал мұндай тексерудің нәтижесі дәлелдемелерді бағалау (М. С Строгович, А. С Трусов) ;
2) дәлелдемелерді зерттеуді - дәлелдемелерді зерделеу және оларды тексеру жөніндегі тергеуші мен соттың қызметі деп түсінуге болады (П. Ф. Пашкевич) ;
3) дәлелдемелерді зерттеу - оларды бағалаудын элементі (Н. А. Якубович, А. Н. Василъев) ;
4) дәлелдемелерді зерттеу дегеніміз - олардың мазмұнын тергеушінің немесе соттың тануы дәлелдемелердің мазмұнын құрайтын іс жүзіндегі деректердің сенімділігін тексеру, осы дәлелдеменің іс бойынша барлық калған деректермен сәйкес келетіндігін анықтау (Р. С. Белкин) .
Соңғы айқындаманың біздің көзқарасымызша, дәлелдемелерді зерттеудің мәнін епкей-тепкейлі бейнелеуіне байланысты артықшылығы бар.
Сонымен, дәлелдемелерді зерттеу өзіне мынадай элементтерді қосады:
а) дәлелдемелердің мазмұнын тану, ашу;
ә) дәлелдемелердің болуының сенімділігін тексеру;
б) дәлелдемелердің сәйкес келуін анықтау бірқатар дәйекті логикалык операциялардан тұрады, олар:
-дәлелдемелерді бақылау, фактінің өзін қабылдау, факті туралы акпаратты қабылдау;
-тақырыптың мәні туралы гипотетикалық болжамның негізінде дәлелдемелерді логикалық байланысқа түзу;
-осы дәлелдеменің табиғатын түсіндіретін гипотетикалык болжам негізінде тергеу нұсқаларын құру.
Дәлелдемелер фактілерінің болуының сенімділігін тексеру және дәлелдемелердің сәйкес келетіндігін анықтау өзара тығыз байланысты және оларды саралаудың шартты сипаты бар және әдістемелік мақсаты болады, соңдықтан оларды жеке алып қарау орынсыз. Аталған элементтердің мәні мыналардан көрінеді:
а) мазмұны және онда бар мәліметтердің сенімділігі көзқарасы тұрғысынан дәлелдемелер көздерін талдаудан, зерттеуден;
ә) дәлелдемелердің сәйкес келетіндігін, жиынтығын анықтау мақсатында басқа да дәлелдеме көздерімен және дәлелдемелермен салыстырудан;
б) белгілі көздердің сенімділігін растайтын жаңа дәлелдемелерді табудан.
Дәлелдемелерді зерттеу ұтымды және эмоционалдық бастамаларды бөлудің негізінде құрылуға тиіс. Субъективтік, эмоционалдык бастама логика мен заңға бағынатын ұтымдылықтан үстем тұрмауға тиіс. Осыған сүйенсек, дәлелдемелерді тексерудің нысаны ретінде ойша құру, эмпиризмдік және тәжірибелік тәсілдер танылады. Келтірілген нысандар танымды философиялық саралаудын эмпиризмдік және теориялық денгейлерін түсіндірудің мәнісі. Осыған байланысты А. А. Давлетовтың пікірімен келіскен орынды, ол былай деп атап өткен болатын: Танымның эмтиризмдік деңгейі-білім алудың тәжірибелік тәсілдерімен сипатталады. Бұл деңгейде объект сезіммен қабылдауға болатын сипаттар мен қатынастарда бейнеленеді. Танымның теориялық деңгейінің ерекшелігі мынада: бұл деңгейде білім абстрактілі ойлау жолымен қабылданады. Бұл жерде объект тікелей сезіммен зерттеуге болмайтын тұстарымен және байланыстарымен көрінеді. Алайда, эмпиризмдік деңгейге сезім ғана тән, ал теориялық деңгейге танымның ұтымды нысаны тән деп ойлауға болмайды. Сезім барлық уақытта ой жүзіндегі операциялармен қатар жүреді, ал ұтымдылық болса тәжірибеге негізделеді. Эмпиризмдік және теориялық таным туралы айта отырып, біз білім алудың негізгі, жетекші тәсілдері тәжірибе немесе абстрактілі ойлау болып табылатынын есте ұстаймыз.
Дәлелдемелерді бағалау - бұл іс бойынша шындықты анықтауда жиналған дәлелдемелердің рөлін айқындауға бағытталған логикалық ой процесі. Дәлелдеу процесінің осы кезендегі (элементі) кұқықтық негізі ретіне ҚІЖК-нін 128-бабы бой көрсетеді, онда былай деп жазылған: судья, прокурор, тергеуші және анықтаушы заңды және құқықтық танымды басшылықка ала отырып істің барлық жағдайларын олардың жиынтығында жан-жақты толық және объективті түрде қарауға негізделген өзінін ішкі сенімі бойынша дәлелдемелерді бағалайды және қандай да болсын дәлелдеменің судья, прокурор, тергеуші және анықтаушы үшін күні бұрын белгіленген күші болмайды.
Сонымен, дәлелдемелерді бағалау - өзінің шектері мен шектеулері бар белгілі бір процессуалдық маңызды шарттарға негізделген қызмет.
Теориялық ғылым көзқарасы тұрғысынан дәлелдемелерді бағалау бір мәнді түсіндірілмейді. Бұл мәселеде анағұрлым көрнектілері мынадай айқындамалар болып табылады.
1) А. И. Трусовтың пікірі бойынша «процесте дәлелдемелерді бағалауда әрбір дәлелдеменің күші туралы пайымдауға арналған арнайы формальды ережелерді күні бұрын белгілеу жолымен заң шығарушы емес, судьялар, прокурорлар, тергеушілер және анықтауды жүргізетін адамдар жүзеге асырады, олар үшін бірде бір дәлелдеменің алдын ала белгіленген күші болмайды».
Қаралып отырған бөлікте ҚІЖК-нің алғышарттарын карай келіп, А. И. Трусов «бұл ережелердін мәні ең әуелі формалъды дәлелдемелер жүйесін толық жоққа шығарудан тұрады» деп есептейді.
2) Осы заманғы ғылыми үрдістерге П. Ф. Пашкевичтің көзқарасы әлдеқайда жақын, ол мынадан көрінеді: «дәлелдемелерді бағалау дегеніміз - олардың әрқайсысы қаншалықты нақты айқыңдалғанын, ол іспенен және басқа да дәлелдемелермен қаншалықты байланыста тұрғанын, іс үшін маңызы бар қандай фактіні орнықтыратынын немесе жоққа шығаратынын және іс бойынша барлық жиналған дәлелдемелердің жиынтығын нені білдіретінін анықтау». Әрі қарай П. Ф. Пашкевич былай деп жазады: «Барлык, адамдар үшін олардың кәсіби, таптық, ұлттық немесе нәсілдік тегіне карамастан белгілі бір ой кешу заңдары қолданылатынын ғылым әлдеқашан дәлелдеді, мұның өзі адамдарға олардың айырмашылықтарына қарамастан бір-бірін түсінуге мүмкіндік береді . . . Жалпы адамзаттық логика әрбір адамның оның ішінде судьяның танымдық ойлауының негізі болып табылады»
3) Дәлелдемелерді бағалау туралы заң ережелерінін мәнін тарылтып түсіндіру М. С. Строговичті судьялардың ішкі сенімі дәлелдемелерді бағалаудың бірден бір өлшемі деген ойға әкелді. Ішінара ол былай деп жазды: «Істе бар дәлелдемелерді бағалау істің барлық жағдайларын олардың, жиынтығында қарауға негізделген судьялардың, ішкі сенімі бойынша жүргізілетін болғандықтан, судьялардың ішкі сенімі қылмыстық процесте дәлелдемелерді бағалаудың өлшемі болып табылады. Бұл ережені былай түсіну керек, заң дәлелдемелерді бағалау кезінде судьялар басшылыкқа алуға міңдетті каңдай да бір сыртқы өлшемдерді белгілемейді, судьялар белгілі бір дәлелдемені сенімді немесе сенімсіз деп тануға міндетті болатындай қандай да бір формальды белгілерді көрсетпейді.
Заң судьяларға өздерін сендіретін дәлелдемені сенімді деп тануға және керісінше, өздері үшін сенімсіз дәлелдемені сенімсіз деп жоққа шығаруға құқық береді.
Осы мағынада судьяның ішкі сенімі дәлелдемелерді бағалаудың өлшемі деп есептеледі. Бірақ судьялардың сенімі дұрыс, негізделген болуға тиіс, сондықтан судьяның ішкі сенімі үшін де өлшем қажет. Мұндай өлшем - судьяның сенімі істің іс жүзіндегі мән-жайларына сәйкес келуі».
Сонымен бірге М. С. Строгович судьяның ішкі сенімін кандай жағдайда да сот айқындайтын фактілердің шынайылылығының өлшемі ретінде қабылдауға болмайды деп дұрыс атап керсетеді. Ол «дәлелдемелерді бағалаудың өлшемі»
мен «сот қорытындылары шынайылылығының өлшемі» ұғымдарын ықтимал шатастырып алмауды ескертеді».
4) В. Д. Арсеньев жалпы түрде дәлелдемелерді бағалауды: «әрбір дәлелдемені жеке алғаңда және барлық дәлелдемелерді жиынтық күйінде алғанда күші мен маңызын айқыңдау» деп анықтама береді. Сонымен бірге ол мұңдай сипаттау аталған ұғымның көптеген елеулі элементтерін аша-алмайды және дәлелдемелерді бағалау жөніңдегі қызметті кұрайтын элементтер призмасында егжкей-тегжейлі қарастырылуы тиіс деп әділетті түрде атап өтеді. Осыны ескере отырып, В. Д. Арсеньев әрбір дәлелдемені бағалаудың мазмұнына мынадай мәселелердің шешілуін енгізуді ұсынады:
а) дәлелдеменің көзі туралы (дәлелдеудің құралы) ;
ә) дәлелдеменің қатыстылығы және іске жіберілетіңдігі туралы;
б) дәлелдемелердің сенімділігі туралы.
Бұған қоса ол жиынтық күйінде дәлелдемелерді бағалау-әрбір дәлелдеме жеке бағаланғаннан кейін жүргізіледі және әдетте, жеке бағалау қылмыстық процестің әрбір кезеңіндегі дәлелдеу қорытындысын құрайды деп атап өтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz