БИЛІК ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА КРИМИНИОЛОГИЯЛЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА . . . 8

1. 1 Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері . . . 8

1. 2 Сыбайлас жемқорлықтың криминологиялық сипаттамасы . . . 11

2 БИЛІК ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 18

2. 1 Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының елдің дамуына тигізетін әсері . . . 18

2. 2 Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының даму тенденциясы және алдын алу шаралары . . . 22

2. 3 Сыбайлас жемқорлықпен күрестің кейбір аспектілері . . . 26

3 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС -ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕСУ ЖАҒДАЙЫ . . . 40

3. 1 Мемлекеттік билік органдарындағы сыбайлас - жемқорлық қылмыстарының түрлері . . . 40

3. 2 Сыбайлас - жемкорлыкпен күресу қағидалары . . . 50

3. 3 Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жағдайы және дамыту . . . 55

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 71

ҚОСЫМША . . . 73


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жойып кесу және олардың алдын алу мақсатында қызметі мен өзге де қызметтерді жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен заңға қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және де сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу жолдарын қарастыру.

Сыбайлас жемқорлық әдетте күшті әрі зиянды жағынан кез-келген елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына әсерін тигізеді. Бәрінен бұрын сыбайлас жемқорлықтың тигізетін экономикалық зардабы ол мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жүзеге асыруға кедергі келтіретіндігімен байланысты. Басқару жүйесінің төменгі және орта буындарындағы жемқорлықтың нәтижесінде орталық үкіметтің елдің экономикасына қатысты нақты істер жағдайы туралы ақпарат алуы тоқтап, алға қойған мақсаттарының жүзеге асырылуына қол жеткізе алмайды.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік шешімдердің себептерін айтарлықтай бұзады. Жемқорлыққа бас ұрған саясаткерлер мен шенеуніктер мемлекеттік ресурстарды қатаң бақылау болмайтын және параны талап етуге мүмкіндігі мол жерге бағыттауға тырысады. Олар мектеп оқулықтарын шығару және мұғалімдер жалақысын көтерудің орнына, әскери ұшақтарды шығару немесе басқа ірі инвестициялық жобалардың өндірісін қаржыландыруға жақын. Мынандай мысалы бар, 1975 жылы Нигерияда жақсы «сатып алынған» үкімет шетелде үлкен көлемді цементке тапсырыс жасады. Ал, шын мәнінде оның шығарылу мүмкіндіктері барлық Батыс Еуропа мен КСРО елдерінен асып түсетін еді. Салыстырмалы еларалық зерттеулер дәлелдегеніндей, жемқорлық мемлекеттік шығындар құрылымын қатты өзгертеді: жемқорлыққа бет бұрған үкіметтер жемқорлыққа бой бермейтіндерге қарағанда, білім мен денсаулық салаларына айтарлықтай аз қаражат бөледі.

Сыбайлас жемқорлық ұғымы қандай қылмыстың қол сұғушылықты қамтитынын да мәселе қалпында қалып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа жол беретін әрекеттерге ережеге бағындыру, құқықтық саралау мәселесі де баяу жүргізілуде. Бұл қылмыспен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында тергеудің жеке әдістемелерін қалыптастыру. Қылмысқа қарсы қандай да аспект әртүрлі деңгейде айтылса да, міндетті түрде оның белгісі жемқорлық, осының тұғыры ұйымдасқан экономикалық қылмыстың күшеюінде. Нақты қозғалудың болмауы бұл тұлғалардың теріс айтуында, барлық қоғамның күйінде, жылжымау сезімін тудырады, азаматтық көрсеткішті саясаттық, талаптанушылық ынталылықты төмендетеді. Мойындауға болады, осы уақытқа дейін шаралар және жем қорлыққа қарсы күрестің нәтижесінен әлі де қауіп бар және бұл құбылыс таралған.

Мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып белгіленеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының қабылдануы, оны жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жұмыс жасауы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жаңа бағыт берді.

Сыбайлас жемқорлықтың тарихы да күрделілігі жағынан адамзаттың даму тарихы сияқты өте ежелден басталады. Ол алғашқы қоғамдар мен мемлекеттік білімнің қалыптасу кезеңіне жатады. Мемлекет қызметіндегі сыбайлас жемқорлық туралы алғаш біздің эрамызға дейінгі ХХІV ғасырдағы ежелгі Вавилон архивтерінде көрсетілген. Бұл кезеңде Лагаша чиновниктер мен соттардың өз қызметін асыра пайдаланушылықтарын жою мақсатында мемлекеттік басқаруды реформалады.

Осы күрделі мәселені шешу көптеген ғалымдардың атсалысуын қажет етеді. Соның ішінде құқық ғылымының рөлі зор. Құқық - бұл саладағы туындаған қоғамдық қатынастарды реттеп, олардың дамуын қамтамасыз етеді. Заңгер ғалымдар соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жойып кесу және олардың алдын алу мақсатында қызметі мен өзге де қызметтерді жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен заңға қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану-қүқықтық нысандарының құқықтық мәселелерінің кейбір аспектілерін зерттеді.

Зерттеу жұмысында жемқорлықпен күресті жетілдіру мәселелеріне байланысты Қазақстандық заңгер ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылады. Олар: Е. О. Алауханов, Б. М. Нұрғалиев, Е. Жәкішев, Е. Тілеубергенов, C. Еркенов, С. Сұлтанов, Ж. Сарғұлов, Ж. Самаев, Г. Қыстаубайқызы, А. Я. Гинзбург және т. б.

Сонымен қатар мынадай Ресей ғалымдарының ғылыми еңбектері қолданылады: В. Ф. Ермолович, Г. А. Зорин, Ю. В. Корневский және т. б.

Осы теориялық еңбектердің қорытындысының негізінде алғаш рет Қазақстанда нақты қоғамдық қатынастардың көрінісі бейнеленген, әрі сол қатынастарды реттейтін заңдар қабылданды.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және де сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу жолдарын қарастыру, бұл бағыттағы барлық нормативтік актілерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың тиімділігін арттырудың негіздерін ашу болып табылады. Зерттеу базасын қазіргі таңдағы жемқорлықпен күресті жетілдіру мәселелерін анықтайтын Қазақстан Республикасының нормативтік актілері, халықаралық шарттар мен келісімдер құрайды. Сонымен бірге зерттеу жұмысын жүргізу барысында заңгер-ғалымдардың, құқық теоретиктерінің еңбектері, ондағы тұжырымдар назарға алынды. Жұмыста ғылымдық танымның әдістері және салыстырмалы-құқықтық талдау, функционалда-құрылымдық талдау, жүйелі және тарихи амалдар арнайы ғылыми және т. б. қолданылады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жойып кесу және олардың алдын алу мақсатында қызметі мен өзге де қызметтерді жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен заңға қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және де сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу материалдарына талдау жасау.

Бұл зерттеу жұмысының міндеттері. Қазіргі таңдағы жемқорлықпен күресті жетілдіру мәселелеріне байланысты туындайтын сұрақтардың теориялық және тәжірибелік мәселелерін зерттеу, оларға талдау жасау, қорыту және қазіргі заңдардың орындалуына ықпал ету, қарама-қайшылықтарды анықтау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жойып кесу және олардың алдын алу бағытталған тәжірибелік ұсыныстар жасау. Аталған мақсаттарға жету үшін төмендегі мәселелер қаралған: - Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері және криминалистік сипаттамасын негіздеп ашу; - Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының елдің дамуына тигізетін әсерісін саралау; - Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының даму тенденциясы және алдын алу шараларын қарастыру; - Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жағдайы және дамытуға ұсыныстар енгізу.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі. Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі ретінде жалпы диялектикалы, танымдық әдістер мен қатар, арнайы логикалық, нақты тарихи, салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістер құрайды. Алдыға қойылған міндеттерге жету үшін жүйелік әдістер де қолданылады. Зерттеудің теориялық негізін заңгер ғалымдардың жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру үшін ғылыми тұжырымдамалары мен ұсыныстары, сонымен қатар нормативтік құқықтық деректер, жалпы құқық теориясы бойынша бұрынғы Кеңестер Одағы және басқа да шетелдік ғалымдардың теориялық және тәжірибелік мәні бар ғылыми еңбектері құрайды. Сонымен қатар мерзімді басылымдарда жарияланған жемқорлықпен күресті жетілдіру мәселелеріне арналған мақалалар мен материалдар да назарға алынады.

Диплом жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізіммінен тұрады.

1 БИЛІК ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА

1. 1 Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері

Нақты қойылмаған ережелер, шамадан тыс қадағалау және жан-жақты бақылау лауазымды тұлғаларға шексіз билікті береді, парақорлық пен қоғамға тиесілі материалдық құндылықтарды пайдалануда кең мүмкіндік береді. Кейбір елдерде азаматтық қоғамның дамымауы - саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, түрлі мүдделерді қорғайтын топтардың әлсіздігі мемлекеттік билікпен теңесетін күш тәжірибе жүзінде жоқ дегенді білдіреді. Әкімгершілік билікке ие болу оны теріс пайдалануға кең мүмкіндік береді, мейлі ол протекционизм пішінінде, әлеуметтік жағдайларды заңсыз алу, жемқорлық және басқасы болсын, бұл әкімгершілік биліктің бүкіл мазмұнынан шығады. Ол анонимділік, бет-бейнесіздікпен үлесіп, қоғамдық өмірдің барлық салаларына өздігінше әсер етіп, экономикалық билікпен тең өсіп, қоғам алдында өзекті болып тұрған ақпараттарға ие болады. Бұл пікірдердің негізділігіне бүгінгі ресейлік бизнестің көшбасшыларының бастапқыда жинақтаған капиталын жүзеге асыру тәжірибесі дәлел. Ол ресурстарды бөлу және қайта бөлу, «ресми» мемлекеттік экономика мен «заңсыз» жеке экономика субъектілері арасындағы байланыс каналдарын пайдалану, жеке капитал субъектілерінің моральді-этикалық және заңды қоғам нормаларын қаперге алмаудан туындайды. Сонымен қатар жеке капиталдың жалған мемлекеттік қызметі, леквидтік емес қорларды пайдалану, дұрыс жалға алмау, қайта сатып алу жүйесі, контрабанды, валюталық операциялар, салықтан қашу және басқалары тағы бар. Жауапты шенеуніктердің көмегімен жеке капитал бағаның либерализациясын, ваучерлі жекешелендіруді, банктік желідегі заңсыз жолдарды да пайдаланды.

Еңбек жалақысы төмен болған кезде де сыбайлас жемқорлыққа берілу ниеті арта түседі. Сол себепті шенеуніктердің басым бөлігінің мемлекеттік қызметте қала беруіне өзінің қызметтік лауазымын теріс пайдалана беру болып қала береді. Кезең-кезеңімен қолданылатын жемқорлыққа қарсы күреске қарамастан, лауазымды құқық бұзушылықтарға қатысты қауіп өзінің қарама-қайшы әрекеттерінің нәтжиесінде табатын материалдық артықшылықтарын шенеунік кейінге тастай алмайды [1, 56б. ] .

Әрине, мемлекеттік қызметкерлерде жалақы артқан жағдайда парақорлық белгілі бір деңгейде өзінің кейпі мен көлемін жоғалтуы ықтимал. Алайда, айта кететін бір жәйт, жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы әрекеттер тек жалақының көлемімен ғана емес, сондай-ақ жұмыстан босатылған бойда табыс көзінен айрылу жөніндегі үреймен жүреді. Дегенмен, аталмыш шенеунік бұл уақыттағы ие болып жүрген экономикалық және әлеуметтік кепілдігі зейнетке шыққанан кейін де жоғалтпайды. Басқа сөзбен айтқанда, шенеуніктің экономикалық қаупі тек тұрақты жалақыны жоғалтумен ғана емес, сондай-ақ қазіргі күн мен келешектегі әлеуметтік кепілдіктерді жоғалту қаупімен байланысты болуы керек. Солардың қатарында мемлекеттің түрлі қорларға (зейнетақылық, сақтандыру және т. б. ) түсірген салымдарының жоққа ұшырауы бар. Нәтижесінде мемлекеттік қызметтен босатылған шенеунік қайтадан өзінің еңбек жолының басында болып, зейнеткерлік, сақтандыру және басқа әлеуметтік есептері бойынша жоқтыққа ұшырайды. Мұндай шарттарда пара алу тек күмәнді ғана емес, сонымен қатар экономикалық жағынан тиімсіз іс болмақ.

Жемқорлық экономикасының теориялық негіздері 1970-ші жылдары неоинституционалды бағыттағы американ экономистерінің еңбектерінде пайда болды. Олардың басты идеясы егер өмірдің түрлі экономикалық салаларын мемлекеттік қадағалаумен байланысты рента болса, сыбайлас жемқорлық пайда болып, асқына түсуде дегенге құрылды (экспортты-импортты шектеулер енгізу, кәсіпорындар немесе салаларға субсидиялар мен салықтық жеңілдіктерді ұсыну, бағаларды бақылау, түрлі валюталық курстардың саясаты, т. б. ) . Бұл жерде төмен жалақы алатын шенеуніктер жемқорлыққа барынша қатты берілген. Кейінгі эмпирикалық зерттеулер көрсеткеніндей, егер елде сыртқы сауда шектеулері азайып, өнеркәсіптік саясат барлық кәсіпорындар мен салалар үшін тең ұстанымдар бойынша құрылса, сонымен қатар шенеуніктер жалақысы сол мамандық бойынша істейтін жеке сектордан жоғары болған жағдайларда жемқорлық көлемдері төмендейді екен.

Қазіргі заманғы экономикалық ғылымда жемқорлықтың түрлі себептері аталып көрсетіледі, одан экономикалық, институционалдық және әлеуметтік-мәдени факторлары ерекше шығады.

Сыбайлас жемқорлықтың экономикалық себептері - бұл, бәрінен бұрын, мемлекеттік қызметкерлер жалақысын төменділігі, сондай-ақ фирмалар мен азаматтар қызметіне әсер етудің олардың жоғарғы өкілеттіліктері. Жемқорлық барлық жерде көктеп-көгеруде, яғни шенеуніктердің белгілі бір дефициттік құндылықтарды шешуде өкілеттіліктері кеңейе түседі. Әсіресе бұл дамушы және өтпелі елдерде қатты байқалады, дегенмен, бұл дамыған елдерде де көзге шалынады [2, 6б. ] . Мәселен, АҚШ-та тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй беру жеңілдікті бағдарламасын жүзеге асыру барысында да сыбайлас жемқорлық белгілері байқалған. Жемқорлықтың институционалды себептеріне мемлекеттік мекемелердегі жұмыстың жабықтығы, есептілік жүйесі, заң шығармашылығы жүйесіндегі ашықтықтың болмауы, мемлекеттегі кадрлар саясатының әлсіздігі жатады. Бұлар синекурлардың кең тарауына және қызметкерлер жұмысының нәтижесіне емес басқа мәселелеріне қарап, қызметтік өсуге әкеледі.

Жемқорлықтың әлеуметтік - мәдени себептеріне қоғамның деморализациясы, ақпаратты толық көлемде алмауы, азаматтардың ұйымдаспауы, сондай-ақ билікке қатысты қоғамдық бәсеңсіздіктік болуы жатады.

Фактордың үш тобы да әрекет ететін елдерде (бұл көбінесе дамушы және социалистіктен кейінгі елдер) жемқорлық өте жоғарғы деңгейде. Ал, керісінше батысеуропалық өркениетке бет бұрған елдерде бұл факторлар әлсіз түрде туындап, жемқорлық та айтарлықтай төмен деңгейде.

Қадағалау жүйесінің сапалылығы ұстанымшыл мен агенттің арасында дау-дамай туа ма, әлде жоқ па - соған байланысты. Шын мәнінде үкіметтің әрбір клиентке қызмет көрсетуіне мүмкіндігі де, уақыты да жоқ, сол себепті ол белгілі бір ережелерді тағайындап, бұл қызметтерді көрсетуді шенеуніктерге жүктейді. Ұстанымшыл-үкіметке қарағанда, өз клиенттерін әлдеқайда жақсы білетін агентт-шенеуніктер клиенттермен тиімдірек жұмыс істей алады. Алайда, ұстанымшылға көптеген делдал агенттредің алдын-ала жазылған жұмысты қай деңгейде орындайтынын тексеру бақылау қиын. Одан қалды шенеуніктер өз қызметінің шынайы нәтижелерін жасыруы мүмкін. Агент-шенеуніктің шыншылдығы толықтай бақылануы мүмкін болмағандықтан, қаншалықты шыншыл болатындығын агенттің өзі шешеді. Бұл шешім оның өз өкілеттілігін оң немесе теріс пайдаланғанына алатын сыйақысына байланысты. Мәселен, ресейлік салық жүйесінде салық төлемшісінің ақысы оның жасырған салықтарды ашқан есебінен түскен бюджет қаражатына байланысты емес. Осыдан жиі жағдайда салық жинақтаушысы шынайы қызмет еткеннен гөрі пара алуға қызығушылық танытады.

Клиенттердің агент-шенеунікке заңсыз түрде сыйақы беруі түрлі себептермен берілуі ықтимал. Азамат немесе фирма параны шенеунік тиісті қызметін жедел көрсетуі, «кезектен тыс» өткізуі үшін беруі мүмкін (жеделдеткіш пара) . Алайда, бұдан да жиірек клиенттерге мемлекет ұсынып отырғаннан әлдеқайда көбірек қызмет көрсетіліп, салық заңда көрсетілгеннен кемдеу алынуы мақсатында шенеуніктерді сатып алады (тежеулеткіш пара) . Шенеунік ойдан алған себептермен кедергі келтіретін кездері де болады, ондай жағдайда шенеунік ойына келгенін орындау үшін өз лауазымын пайдаланбасын деп пара береді («жақсы қарым-қатынас» орнату парасы) .

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жауапты қызметкерлерге жоғары жалақы тағайындап, олардың лауазымдық парызын бұзғаны болған жағдайында жазаны қатаң тағайындау шарасы қолданылады. Алайда, көптеген зерттеушілердің атап өтетініндей, көп жағдайларда мемлекеттік жалақы ұстанымшыл парақорлардың (егер бұл ірі заңды бизнесмендер немесе мафия басшылары болса) қаржылық мүмкіндігімен бәсекелестікке түсе алмайды. Аггенттің тиісті жалақысы қажетті болып табылады, бірақ, бұл сыбайлас жемқорлықтың адын алуға жеткіліксіз. Сондықтан ұстанымшыл - мемлекет «шыншыл әрекет танытқаны үшін» жоғарғы қошеметтерді қосады (немесе ауыстырады) . Бұл дегеніміз, үкімет агенттерінің арампиғылдық танытпауы үшін психологиялық кедергілер орнатады, мәселен, оқыту мен идеологиялық насихаттау механизмі арқылы азаматтардың ар-ождандық деңгейін жоғарылатады. Одан қалды, ұстанымшыл-үкімет клиенттермен тікелей байланыс орнатуды жөн санайды (елді мекеннен шағым түсуі), бұл агент-шенеуніктердің әрекетін бақылаудағы қосымша әрі маңызды құрал болып табыалды.

Осылайша агенттердің жалақысынан және олардың лауазымдарының кеңдігінен «агент-клиент» қарым-қатынасы туындайды, ал агентті ұстанымшылдың қаншалықты бақылайтынынан және клиенттің ұстанымшылға қаншалықты ықпал ететіндігінен «ұстанымшыл-агент» қарым-қатынасы шығады [3, 5б. ] . Ар-ождандық нормалар бұл жүйеде барлық қарым-қатынас түрлеріне әсер етеді, ол заңнан аттамауды талап етеді.

-Сессия басталған кезде сені оқытушылар әдейі «құлататындай» әсер пайда болады, тіпті кейде пәнді толықтай беске біліп тұрсаң да, саған екі қойған кездер де болады. Мұндай жағдайда профессормен не деп дауласасың? Кімге барып шағымданасың? Мұнымен тіпті қалай күресуге болатынын да білмеймін.

-Білмеймін, мұндайды ешқашан естімеппін, өзім студент болсам да, пара берген емеспін, өзім оқимын, егер екілік алсам, тиісті біліміме байланысты. Мұның еш қорқатыны ждоқ, бесінші рет тапсырсам да, бәрібір дегеніме жетермін. Егер дұрыс білім алғың келсе, дұрыс ЖОО-на ауысқаның жөн. Онда сыбайлас жемқорлықтың гүлденіп жатпағаны анық.

-Мұндай оқытушылар болатынымен келіспеуім мүмкін емес, олар өздерінің пайдасы үшін жұмыс істейді. Ештеңеге үйретіп қарқ қылмайды. Мен үш жыл бойы оқысам да, өз мамандығым бойынша жөнді ештеңе білмеймін, енді ауысқым келіп жүр.

-Сыбайлас жемқорлық мәңгі жасайды. Бұл мәңгілікке аты өшпейтін түсінік. Иә, университет ерекше білімді бере алмайды, сондықтан берер кеңес: арнайы әдебиетті алып, өздеріңіз оқып, үйреніңіздер немесе сырттай бөлімге ауысып, мамандық бойынша мамандық іздеп көріңіз, ал, сессияны үштікке тапсырсаңыз, 100 пайызда тапсырсаңыз да, бүгінде, шынын айтқанда, дипломға қарап жатқан ешкім жоқ.

1. 2 Сыбайлас жемқорлықтың криминалогиялық сипаттамасы

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстармен күрес жүргізу барысында құқық қорғау органдары өзара бірлесе отырып қызмет атқарады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының өзекті мәселелерінің бірі болып жеке азаматтарға және мемлекетке үлкен шығын алып келуі. Мемлекетімізде сыбайлас жемқорлық құқық көбінесе инвестицияда, бюджет қаражаттарын пайдалануда, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы қорларында, жекешелендіруде мемлекетік ресурстарды пайдаланудың жекелеген салаларында, газ, мұнай өндіретін өндірістіктің кейбір объектілерінде, бидай кешені мен несие-қаржылық және банкілік операцияларының аясында жоқ емес.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық негіздері Қызылорда да пайда болып, дамуда. Қазақстан қоғамындағы болып жатқан құбылыстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын іс-шаралармен қамтылуда.

Бұл құбылыстың сипаты және де оның басқа қылмыстың түрлерімен байланысының дамуы, оған тек аса назар аударуды ғана емес, сондай-ақ нақты саяси бағыттың болуда маңызды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес алдағы уақытта мемлекеттегі демократиялық дамудың жүзеге асырылуымен бірдей атқарылады. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресудің мемлекет бағдарламасындағы 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы мен 2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясынан бастау алады деуге болады.

Жемқорлыққа қарсы күрес ─ бұл анық әділеттілікті орната алмайды, айқын басқару жүйесі жемқорлыққа қарсы стратегия биліктің негізінен құралған.

Көптеген ұсынылып отырған шаралар жемқорлықтың пайда болуы емес, оның пайда болуына қарсылық көрсетумен байланысты. Бір ғана қоғамдық ізге түсу шаралары сыбайлас жемқорлықты жоюға әсерін тигізе алмайды, онымен күрес тек криминалды емес, сондай-ақ әлеуметтік болу керек, және де бұл мемлекет пен қоғам бірігіп шешетін жүйелі проблема болып табылады.

Сонымен қатар мынаны ескеру қажет:

- Құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыс пен оның құрамының алдын алудың кадрлық, техникалық және жедел - тактикалық дайындығының төмендігі;

- Саяси элитаның бөлігін криминалдау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлық қылмыстыққа тосқаулық қоюдың криминологиялық шаралары
Финляндия сыбайлас жемқорлық жоқ басқа елдер арасында үшінші орында
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық заңды қолданудың теориясы мен тәжірибесі, оның тиімділігі
Тойымсыздыққа тосқауыл керек
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері
Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылығының мәселелері
Экономикалық қылмыстар жүйесінің негіздері
Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрестің тиімділігіН арттыру жолдары
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың экономикалық себептері мен жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz