Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту


МАЗМҰНЫ
беттер
КІРІСПЕ . . 3
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
- Сыртқы экономикалық қызмет және сыртқы сауда түсінігі . . . 5
- Халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастары жүйесіндегі
Қазақстанның орны . . . 12
- Мемлекеттің сыртқы-экономикалық қызметін реттеу . . . 23
2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . 35
2. 1. ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметінің қазіргі жағдайы . . . 35
2. 2. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі . . . 46
2. 3. Кедендік одақ және оның Қазақстан экономикасының дамуына ықпалы . . . 55
3 МЕМЛЕКЕТТІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 65
3. 1. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық саясаттың ерекшеліктері мен қайшылықтары . . . 65
3. 2. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық саясаттың даму жолдары мен бағыттары . . . 70
Қорытынды . . . 78
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 81
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қай елдің болмасын экономикасының дамуын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі - ол сыртқы сауда саясаты. Осы тақырыпты таңдағаным Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайындағы сыртқа сауда саясатының ролі мен мәнін талдап, тереңірек зерттеу.
Жаһандану жағдайында әлемдік экономиканың үрдістерінен сыртта қалу елдің экономикалық жағдайының, даму деңгейінің, технологиялық даму мен ұлттық бәсекелестік қабілеттілігінің шегеріп қалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан сыртқы экономикалық қатынастардың ырықтандырылуы қазіргі заманның талабы болуда. Қазақстан өз экономикалық даму бағдары да сыртқы экономикалық іс-әрекетті ырықтандыруға, әлемнің жаңа технологияларын жетістіктерін кеңінен пайдалануға бағытталған. Мемлекеттің сыртқы ашықтық деңгейі жоғарлаған сайын сыртқы экономикалық факторлардың даму үрдісіне әсері де күшейе түсіп, сыртқы экономикалық қауіпсіздік мәселесін өзектендіре түседі [1] .
Сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру, ең алдымен елдің сыртқы саудасында шектемелерді жоюмен көрінеді. Біздің ойымызша оның үрдісі жергілікті, отандық өндірушілердің шетел тауарларымен бәсекелестік қабілетін қолдаудың кең тарамды шаралар жүйесін қалыптастырумен қатар жүргізілуі тиіс. Өйткені ұлттық капиталдың қорлануының алғашқы кезеңіндегі Қазақстандық өндірушілер үшін қаржылық қуаттылығы мол, технологиялық озықтығы әйгілі, бизнестік тәжірибиесі қомақты шетел өндірушілермен тең дәрежелі бәсекелесу мүмкіндігі екі талай болады. Бұл жағдай елдің сыртқы саудасын ырықтандыру мен сыртқы экономикалық қашықтық дәрежесі арасында тікелей өзара байланыстылығы барын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы сыртқы сауда саясатын жүзеге асыруда мемлекеттің орнына айрықша мән беріледі. Оның ұлттық экономикалық мүдделерге сай келуі мен халықаралық аренада бәсекелестік қабілетті жоғарлатуға үлкен ықпал ету мүмкіндігімен көрінеді. Сондықтан кез - келген елдің сыртқы сауда саясаты шетел тауарларының келуін реттеу және ел мүдделеріне сәйкес келетін халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына әсер ету сияқты мақсаттарды көздейді. Осы мақсаттарды орындау барысында халықаралық сауда ағымдарының елдің экономикалық қауіпсіздігіне әсер ету мәселесі ерекше мәнге ие болатындығын Қазақстан Республикасының қызметкерлері жақсы біледі.
Біріншіден халықаралық сауда қатынастарында әрбір ел өз мүдделерін жүзеге асыруға тырысатындықтан, әлемдік нарықта мемлекеттер шиеленісті мүдделер қақтығысы негізінде бәсекелеседі. Екіншіден ғаламдану үрдісінін белен алуы, сыртқы экономикалық катынастардың ырықтандырылу бағытының басым болуы, шаруашылық байланыстардың интерұлттандырылуы ел алдына туындайтын сыртқы қауіп - қатерлерден қорғану шараларын халықаралық келісімдерге сәйкестендіре жасақтауды қажет етеді.
ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі - Қазақстан Республикасы. Еліміз 20 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіптестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, өзен, теміржол, автомобиль және құбыр сияқты көлік түрлерін транспорттық инфрақұрлымын дамыту керек [2] .
Сыртқы сауда операцияларын кеден тарифтік реттеу әлемдік экономикада маңызды орынға ие, өйткені түрлі елдердің тауарларымен қызметтері арқылы экспорты мен импортының азаюына да, өсуге де нақты әсер етуге болады.
Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуде әлемдік тәжірибемен танысуы, одан сабақ алуы, оның болашақта өз саясатын белсенді және тиімді жүргізуіне жол ашады.
Ал, қазір Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқытуды жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі және оны жетілдіру жолдарын көрсету.
Міндеттері:
- Сыртқы экономикалық қызметтің қалыптасуы мен реттеудің ғылыми-теориялық негіздерін зерттеу және анықтау.
- Қазіргі кездегі ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметінің дамуына талдау жүргізу.
- Зерттеу нәтижесінде аталған үрдісте қалыптасқан теоремаларды анықтау.
- Сыртқы экономикалық қызметті жетілдіру жолдарын анықтау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны. Қазақстан республикасының сыртқы экономикалық қызметін реттеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың пәні. Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырудағы экономикалық қатнастар қарастырылады.
Ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмысты орындау нәтижесінде сыртқы экономикалық қызметті қалыптастырудың теориясының бағытталған ғылыми әдебиет жүйелері және ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметінің қазіргі кездегі даму көрсеткіштеріне талдау жүргізілуі, соның нәтижесінде қалыптасқан үдерістер анықталды.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
- Сыртқы экономикалық қызметі және сыртқы сауда түсінігі
Мемлекеттер өзара неге сауда жүргізеді? Осыған деген талпыныс жауапты біз экономикалық теория өкілдерінің классикалық мектептерінен табамыз. Оларға: А. Смит (1723-1790 жж. ) және Д. Рикардо (1772-1823 жж. ) жатады. А. Смит 1776 жылы: «Дұрыс ойлайтын отбасы атасының негізгі қағидасы - үйде арзанға сатып алуға болатын нәрсемен ешқашан айналыспа, өндірме» - деген екен. Бұған тіпті нақты жауапты Д. Рикардо 1817 жылы шығарған «Саяси экономия және салық салудың бастамасы» еңбегінде айткан. Мұңда Д. Рикардо халықаралық маманданудың пайдалылығын екі мемлекет арасындағы қатынасын түсіндірген. Олар шартты түрде - азық-түлік және киім-кешек өндірген. Осы мысалдың негізінде Америка мен Еуропанын арасындағы сауданың өзара пайдалылығын дәлелдеген. Дәлірек айтсақ, Д. Рикардо салыстырмалы артықшылық немесе салыстырмалы шығын өндірісі теориясын жасады. Осы теория халықаралық сауда практикасы мен экономикалық ғылымда кеңінен қолданылады. Халықаралық еңбек бөлінісі дүниежүзіндегі мемлекеттер арасындағы тауар айырбасының арасындағы экономикалық негізі болып табылады. Халыкаралық еңбек бөлінісі кейбір елдердің мамандануымен байланыстырып, сонда тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайлармен түсіндіріледі. Мысалы, Жапонияда аудио- және видеотехниканы шығаруға дұрыс жағдайлар қалыптасқан. Бұл елде жоғарғы квалификациялық арзан жұмыс күші және аудио-видеотехника шығару үшін өндірістік база бар.
Австралияда ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге жақсы жағдай қалыптасқан. Оның ішінде ет, жүн, астық өндіру алғы орында тұр.
Бразилияда табиғи-климаттық жағдайдың өзі кофе өндіруге бейімделген. Ал АҚШ, Германия, Италия, Францияда автомобиль, ауылшаруашылық машиналары, химикаттар және т. б. өндіріс процесіне дұрыс жағдайлар қалыптасқан. Дұрыс қалыптасқан техникалық, өндірістік табиғи-климаттық жағдайлар бұл елдер үшін белгілі өнімді өте аз шығынмен өндіруге мүмкіндік жасайды. [3] .
Халықаралық өзара сауда кейбір елдердің белгілі өнімді өндіруге мамандануын қалыптастырады. Бұл өнімді жоғарғы тиімділікпен өндіріп, өздері шығара алмайтын баска тауарға айырбастайды.
Қазақстан Республикасында дұрыс қалыптасқан табиғи-климаттық жағдай ТМД елдеріне астық, ұн, жарма, ет өнімдерін: көмір, кара, түсті металдарды жіберуге болады және олардан балық, машина, аудио-видеотехника т. б. алуға әбден мүмкін. Қазіргі сыртқы саудада қалыптасып отырған басты сипат оның құрылымындағы өзгерістер. Машина, жабдықтар, химиялық тауарлармен сауда жасау қарқынды өсіп, шикізатпен саудаласу қысқарып келеді. Қазіргі ҒTP дүниежүзі нарығында сауданың тіпті жаңа түрлерін қалыптастыруда. Мысалы айталық: патент саудасы, лицензия мен (ашқан жаңалықты белгілі уақытқа пайдалануға берілген рұқсат) сауда, техникалық тәжірибені саудалау - «ноу-хау».
Бүгінгі жағдайда барлық елдердің экономикасы халықаралық саудамен байланысты. Тіпті экономикасы шалкып дамыған елдердің өзі де солай. Мысалы, АҚШ-тың экономикасы басқа елдерден мына өнімдерді импорттаумен байланысты: банан, какао, кофе, шәй, никель, қалайы, табиғи каучук, алмаз және т. б. өнімдер. Сонымен қатар АҚШ сыртқа мынаны шығарды: химия өнімдері, әртүрлі жабдықтар, автомобиль, ұзақ мерзімді тауарлары (тоңазытқыш, шаңсорғыш), астық және т. б.
Бір сөзбен айтсақ, сыртқы сауда - екі жақты қозғалысы бар көше сияқты құбылыс.
Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы саудасынын нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса активті сауда балансы дейміз. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (экспорт пен импорттың қосындысы) және тауарлар мен қызметтерді сыртқа шығару және ішке әкелу туралы мөлімет 1-ші кестеде көрсетілген.
Кесте1- Сыртқы сауда айналымы
Қазақстаннын сыртқы сауда динамикасының күрт өзгеруіне мұнай өнімдері, қара және түсті металлургия өнімдеріне бағаның төмендеуі әсер етті. 2005 жылы алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда экспорт 16% пайызға төмеңдеді. Бірақ импорттық түсім онша өзгеріске ұшыраған жоқ.
Сауда балансы пассивті болғанда мемлекет айырманы алтынмен жабуы керек немесе несие алуға өтініш жасайды. Сондықтан да әрбір мемлекет сыртқа тауарды көп шығарып, аз тасуға бейімделеді. Бұл тауар балансының активті болуын көрсетеді. Мемлекет импортты түсіру үшін қорғау іс әрекетіне кешіп, тасылатын тауарларға жоғарғы қорғау салығын қолданады немесе арзан ақша саясатын іске қосады. Әдетте, АҚШ-ты өзінің сауда әріптесі Жапонияға осындай жасайды. Себебі Жапония АҚШ нарығын арзан автомашина, тоңазытқыш, аудио- және видеотехникаға толтырыптастады.
Сауда кедергілерінің ауқымы көп және бүған мыналар енеді: сырттан әкелінетін тауарларға жоғарғы салымдар, ұлттық валютаның девальвациялануы, сыртқа шығаратын тауарларға квота, экспортқа еркін шектеулер. Мұның барлығын протекционистік шаралар дейміз немесе мемлекеттің экономикалық саясаты. Бұл аталған саясат ішкі нарыққа шетел тауарларының еніп кетпеуіне бағытталған.
Халықаралық нарық қазіргі жағдайда үш негізгі бағытты құрайды:
- тауар мен қызмет көрсету (ақпарат нарығын қосқанда) ;
- жұмыс күші;
- қарыз капиталы.
Халықаралық нарықта тауарлар интернационалдық құнның негізімен байланысып, ал орташа қоғамдық қажетті интернационалды жұмыс уақыты шығынымен анықталады. Елдің өз ішінде өндірушілер көп шығындар жұмсай отырып, пайданы орташа мөлшерден аз табады. Ал өте аз шығындар жұмысындағы - қосымша пайда табады. Халықаралық нарықта да өндірушілер жағдайды осылай кімнің шығындары орташа интернационалдык, деңгейден төмен болса соғұрлым өз тауарын экспорттаудан өте жоғары табыс табады.
Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс күшінің сырттан келуімен (эмиграция) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады. Айтып отырғанымыз ұлттық шаруашылықтар арасындағы жолдамалы еңбек адамының ауысуы (миграция) .
Миграция - бір елден екінші елге жұмыс күші ауысуының ерекше түрі. Оның пайда болуы өмір сүру деңгейінің төмендігі мен даму қарқыны төмен елдерде салыстырмалы тұрғындары дәрежесінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Соның салдарынан қосымша жұмыс күшін қажет ететін интенсивті дамыған елдерге ауысып отырады. Халықаралық миграциялық лектердің негізгі елдері болып Батыс Европа мен АҚШ-ты сапалады. Батыс Европа елдеріне негізгі жұмысшы мигранттар легі Жерорта теңізі мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келеді. АҚШ-қа негізгі жұмысшы күшінің легі Мексикадан келеді.
Қазіргі жағдайда жүмыс күші миграциясының жаңа бағыты пайда болды. Ол Таяу және Орта Шығыс елдерінен мұнай көздерімен байыған Парсы шығанағындағы шағын мемлекеттер - Кувейт, Сауд Аравиясы, Біріккен Араб Әміріне жұмыс күші ауа бастады.
Сыртқы сауда айналымы - сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы сауда саясаты бұл - ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден қорғау, экспортты ынталандырумен диверсификациялау, елде жұмыс орындарды құру сондай-ақ т. б. елдің дамуын жетілдіретін шараларды іске асыру жөніндегі саясатты айтамыз.
Сыртқы экономикалық қызмет - сыртқы экономиканың байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеті.
Сыртқы экономиканың негізін құраушыларға жататындар:
- сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді)
- шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат.
- Валюталық саясат.
Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен,
аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.
Сыртқы экономикалық саясат - сыртқы экономикалық қасиетті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:
- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы.
- Материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.
Сыртқы экономиканың құраушыларының бірі болып сыртқы сауда саясаты табылады. Ал сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары;
саудалық эмбарго;
кедендік одақтар және еркін сауда аймағы;
валюталық қатынастар саласын: валюталарды сатып алу - сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операцияларға шектеулік белгілеу жатады.
Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі. Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы - өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымымен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатына да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық саяси механизм ретінде қарастыруға болады [5] .
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. ҚР-ның геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперацялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгереді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген сауда-құқық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассосация ұйымының принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әртүрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т. б. кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.
Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан) . Сыртқы сауданы либерализациялау және оның еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың дамуы мен ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді.
Мемлекеттік жоғарғы билік органдарының кеден саясаты мен сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласында дұрыс шешім қабылдауы үшін оның макроэкономикалық жағдайларын зерттеудің, сыртқы сауда динамикасына, құрылымына, деңгейіне негізделген нақты талдаудың маңызы зор.
Сыртқы саудадағы кеден статистикасы ережелерін жүйелеу мақсатында Қазақстан Үкіметімен (2007 жылғы 6 шілдедегі Примьер Министрдің №238 қаулысы бойынша) барлық министрліктер мен ведомстваларға, облыс басшыларына өз қызметі барысында әлем елдерінің топтарын қоса алғанда, ТМД мемлекет қатысушыларының сыртқы саудадағы кедендік статистикасының бірыңғай әдістемелерін басшылыққа ала отырып, қолдануға тапсырма берілді.
Сыртқы экономикалық қызмет деп сыртқы экономикалық байланыстың белгілі бір аспектісі, кәсіпорындар мен ұйымдардың дербес өндірістік-коммерциялық қызметінің саласы түсініледі. Дербестік шетелдік әріптесті, экспорттық-импорттық мәміле үшін тауар номенклатурасын таңдаудан, баға белгілеуден, сыртқы экономикалық қызметтің түрлерін анықтаудан көрінеді. Сыртқы экономикалық қатынастардың түрлеріне сыртқы сауда, халықаралық инвестициялық ынтымақтастық, халықаралық өндірістік кооперация, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық, валюталық-қаржылық және несиелік операциялар жатады.
Сыртқы экономикалық қызметтің әрбірі белгілі бір түрде іске асырылады. Сыртқы сауданың түрлері:
- экспорт;
- импорт;
- тауарлар мен қызметтің кері экспорты мен кері импорты.
Сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады:
- ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді;
- ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді;
- халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады және соның негізінде ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.
Бұл функциялар ҚР-ң сыртқы экономикалық қызметіне де тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір жағынан, ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан- Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялау үдерісінің тереңдеуімен анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар халықаралық өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық ынтымақтастыққа кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметке кең түрде қатысуы тән.
Сыртқы экономикалық қызмет елдің экономикасының дамуына мына жолдар арқылы әсер етеді:
-экспорттан валюталық түсім алу жолымен;
-инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жолымен шетел инвестициясын тартуға жағдай жасайды;
- осы заманғы техника мен технологияны импорттау жолымен өндірістің техникалық базасын жақсартуға жағдай жасайды;
-ұзақ мерзімді өндірістік ынтымақтастық және шетелдік әріптестермен бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен сол өніммен әлемдік нарыққа шығу үшін тұрақты бірлескен қызмет жасау жолымен.
Бұндай импортты мемлекет тарапынан қолдау күшейіп келеді. Сыртқы экономикалық қызмет елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етеді және маңызды құрылымды қалыптастырушы, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға әсер етуші фактор ролін атқарады.
Сыртқы экономикалық қызмет субъектісі- ол шетел инвесторы. Шетел инвесторы- ол:
- шетел заңды тұлғалары;
- шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шекарадан тыс жерлерде тұрғылықты мекен-жайы бар, сол елдерде шаруашылық қызметті жүргізу үшін тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары;
- шетел мемлекеттері;
- халықаралық ұйымдар;
- заңды тұлғаларға қатысты шешім қабылдауын анықтайтын ҚР заңды тұлғалары.
Шетел инвестициялары - Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысу формасындағы инвестициялар, сонымен қатар заңды тұлғаларға несие (займдар) ұсыну формасындағы инвестициялар.
Шетел инвестициялары кез келген, ҚР заңнамасына қайшы келмейтін, объектілері мен қызмет түрлеріне салына алады. Шетел инвестицияларына қатысты мәселелер ҚР "Шетел инвестициялары туралы" Заңымен және басқа да оған қатысты заңдармен реттеледі.
Инвестор:
а) өзінің қызметінен түскен, барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейінгі табысты өзінің қалауы бойынша қолдануға;
б) ҚР аумағындағы банктерде есеп айырысу шоттарын ұлттық немесе шетел валютасында ҚР банктік және валюталық заңнамасына сәйкес ашуға құқылы.
Инвесторларға заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың жарғысы, берілген лицензиялары және т. б. өзінің қызметіне қатысты ҚР заңнамасында көзделген барлық ақпараттарға жол ашық болуы керек, егер де бұл ақпараттар коммерциялық немесе өзге де заң күші бар құпиялардан тұрмаса.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz