Мұхтар Әуезов синонимдерді қолдануда стилистикалық бояумен әшкелеудің шебері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3-6
I тарау. М. Әуезов әңгімелеріндегі авторлық баяндау тіліндегі синонимдердің стильдік қызметі . . . 7-11
I. 1 Синонимдік қатар, синонимдік доминант . . . 12-24
I. 2 Синонимдік қос сөз . . . 25-31
I. 3 Синонимдік сөз тіркесі . . . 32-35
II тарау. М. Әуезов әңгімелеріндегі кейіпкер тіліндегі синонимдердің стильдік қызметі
II. 1 Диалогтағы синонимдердің стилі . . . 36-40
II. 2 Монологта синонимдердің берілуі . . . 41-43
Қорытынды . . . 44-45
Әдебиеттер тізімі . . . 46-47
Қосымша материалдар . . . 48-50
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Көркем сөз өнерінің небір майталмандары сөз өнерінің басталуын жалпы халықтық тіл қорынан алатындығы жаңалық емес. Жалпы халықтық тілді жаңарту, байыту, жаңа қырынан жарқырата қолдану әрбір жазушының жеке шығармашылық желісі. Тиесілі сөзді тетігін тауып пайдалану сөз өрнегін келісті сала білген жазушының шеберлігін танытады. Қандай да бір көркем шығарманың көркі, шұрайы сол шығарманың тілі арқылы көрінеді, тілі арқылы бағаланады. «Тіл - көркем шығарманың ең бірінші элементі». Халық көпшілік дұрыс бағалап жүргендей, кез-келген көркем шығарма өзінше бір өмір деп қабылданатын болса, өмірде тіл арқылы қарым-қатынастың болмағы - табиғи құбылыс.
Тіл - стильдің жаны. Әр жазушының өзінідік қалыптасқан стильдік нақышы бар. Көптеген халыққа тангымал ірі қаламгерлердің үлкенді-кішілі атақты шығармаларын қолға алып үңіле түссек, кімнің шығармасы екенін айнытпай айтуға болады.
Әдемі өрнек, сұлу сөзге тұнып тұрған, ұзын сонар ширатылған М. Әуезов сөйлемдерін, өлең жолдарындай өзара ұйқасын тауып, үйлесіп, төгіліп тұратын, артық деп бір сөзін де алып тастауға көнбейтін Ж. Аймауытов сөйлемдерін есте ұстауға ерекше икемді, әрбір кейіпкерін «өмірдің өзінен ойып алған» Б. Майлин сөйлемдерін ешкіммен шатастыруға болмайтыны белгілі.
Бүгінгі таңда қазақ ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен лингвистердің еңбегі айрықша бағаланып, олардың ғылыми еңбектері мен тұжырым, пайымдаулары жаңаша көзқарас тұрғысынан саралап танып, баға беру қажеттігі туындап отыр. Солардың бірі - қазақ халқының заңғар жазушысы, ғалым, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері, көрнекті аудармашы, публицист Мұхтар Әуезов.
Біз бұл дипломдық жұмысымызға көркем сөздің пірі» атанған М. Әуезов шығармашылығының ішіндегі бір қыры - әңгімелеріндегі синонимдерді талғампаздықпен қолдану шеберлігін арқау еттік. М. Әуезовтің отандық әдебиеттану саласының теориялық мәселелерін шешудегі тұжырым-қағидалары, сын-пікірлері, аудармашылық шеберлігі мен даралығы ғылыми тұрғыда біршама зерттелген.
Әдебиет әлеміне жиырмасыншы жылдары жазушы Мұхтар Әуезов шығармашылық жолын әңгіме жазумен бастауы, қазіргі қазақ әдебиетінің алтын қорына прозалық сүбелі туындылармен қатар, бірнеше ірі драмалық шығармалар, әр алуан тақырыптағы үлкенді- кішілі әңгіме, повестер қосты.
Әрине әдебиет туралы ортаға алған ойлары мен толғаныстары өз алдына бір төбе. Бірақ сөз етейін деп отырған негізгі арқауымыз Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі синонимдердің стильдік қызметі.
Жазушы Мұхтар Әуезов шығармашылығы қазіргі қазақ әдебиетінде тақырып байлығымен ғана емес, стильдік, тілдік шеберлігімен де ерекшеленеді.
«Сірә, «Қорғансыздың күні» - Мұхтар Әуезовтің көркем сөз сарайына еркін енуге ұсынған бұлтартпас «пропускісі», «суреткерлік паспорты» десек болады. Бұл шағын әңгімені өмірге келген қазақ прозасын әлемдік деңгейге көтеретін шеберлік үлгісін ұсынған аса құнды туынды деп танимыз, «М. Әуезов болса бүкіл әлемдік, оның ішінде орыс және батыс әдебиеттерінің көркемдік деңгейіне көтеріліп барып, творчествоға ден қойып еді. Бұған оның тұңғыш жарық көрген көркем шығармаларының бірі «Қорғансыздың күні» атты әңгімесі анық айғақ бола алар - дейді М. Әуезовтің 12 томдығының 1-томын баспаға әзірлеп, ғылыми-түсініктерді жазушылар [1, 14] . Мұны 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесімен Мұхтар шын мағынасында еуропалық прозаның дәрежесіне көтерілді» әдебиет тарихын зерттеуші, жазушы С. Мұқанов та айтқан болатын [6, 38] .
Көркем әдебиеттің бүкіләлемдік, батыс-еуропалық деңгейін көрсететін белгілердің бірі оның тілдік-стильдік түр-түрпаты болса, 1921 жылғы «Қорғансыздың күнінен» бастап, жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы барлық әңгімелері осы сападан түспеген болар.
Көркем әдебиет тілін зерттеушілердің дұрыс атап, көрсетіп жүргеніндей, жазушы тілінің екі аспектіде: біріншіден, сол тұстағы әдеби тіл фактісінде, екіншісі, авторлық даралық стиль тұрғысынан да қарастырудың мәні зор. Мұхтар Әуезов стилін осы ыңғайда зерттеудің әбден қисыны бар, өйткені ол - қазақ әдеби тілін қалыптастырушы ұлы тұлғалардың бірі және өзінің сөз қолданысы мейлінше даралығымен айқындалған суреткер.
Халық тілінің байлығын жете меңгерген Мұхтар Әуезов әдеби-сын мақалаларында мағыналары бір-біріне жақын сөздерді молынан қолданады. Мұның кездейсоқ болмағаны белгілі, синонимдерді жарыстыра, жалғастыра қолдану арқылы сыншы ғалым айтпақ ойын дәлдей, нақтылай түсуді мақсат еткені айқын білініп тұрады. Мұхтар Әуезовтің еңбектерінде синонимдердің өте-мөте мол болуы Әуезов стилінің басқа әріптестерінің стильдерінен ерекшеленгендей.
Стилистика зерттеуші ғалымдар пікірінше «Первым, основным научным понятием стилистики является понятия стиль. Под стилем мы будем понимать систему, или принцип, по которому осуществляется выбор языкового материала. Синоним является вторым основным научным понятием стилистики» [7, 13] .
Мұхтар Әуезов әңгімелерін стильдік тұрғыдан зерттеу нысаны болғанымен, оның әр қырынан ғалымдардың жеке мақалаларына нысан болғаны болмаса, жазушы әңгімелеріндегі синонимдердің стильдік қызметі туралы жүйелі зерттеу негіз болған жоқ. Бұл ретте көз тоқтатып, көңілге түйер еңбектер М. Серғалиев «Мұхтар Әуезов және көркем шығарма тілі», Р. Сыздықова «Сөз құдіреті» және М. Жұманазарованың кандидаттық диссертациясы «Мұхтар Әуезов әңгімелерінің тілі» сияқты зерттеу еңбектері. Бұл еңбектермен танысып, оларды жүйелеп оқу біздің ғылыми-зерттеу жұмысымызға ықпал етпей қойған жоқ.
Ғалым М. Серғалиевтің атап өткен еңбегінде жалпы М. Әуезовтің синонимдер қолданысы туралы сөз етіледі. Жазушының шығармаларындағы синонимдерді сөз табының бес түрінде кездесетінін атап және олардың қатарынан, яғни синоимдік қатар тізетіні туралы айтып өтеді [8, 14] . Ал Р. Сыздықова Мұхтар Әуезовтің проза тіліндегі тілдік шеберлігін атай отырып, ондағы синонимдердің стильдік қолданысын да айтып кетеді [9, 22] .
М. Жұманазарова кандидаттық диссертациясында Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі көркемдік амалдар, сөз құбылту, троптар, эпитеттер, фразеологизмдер, синонимдер, олардың нақтылы шығармалардағы, жазушы шығармаларындағы стильдік мәні берілген [10, 51] .
Әрбір қаламгердің өзіндік стильдік өрнектері, өздері сүйіп қолданатын тәсілдері, жазу машығы болады. Қаламгер сонысымен дара, сонысымен ерекше, сонысымен өзгеше.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. М. Әуезов көркем қазақ ғылымының тұтас бір бағыттың қарқынды дамуын айқындап берген бірегей шығармашылық құбылыс ретінде қазақ әдебиеттануында ерекше орын алады. Жазушының феноменальді қабілеті, асқан шеберлігі мен суреткерлігі және оларды аударма тәжірибесінде тиімді пайдалана білуі, Мұхтар Әуезовке отандық әдебиеттану ғылымының көшбасшысы болуға жетеледі. Көшбасшының негізгі сипаттамасына жататын мына қағидалар М. Әуезов шығармашылығының басты мәні болып табылады. Нақты айтатын болсақ, ол жазушының ана тілін жетік әрі терең білу талабы, әрбір шығармадағы «әлемнің ұлттық бейнесін» шеберлікпен қайта жаңғырту арқылы көркем шығарманы асқан бір мәдени білімдарлық деңгейінде жеткізуі, әсіресе көркем шығарма мәтінін ұлттық проблематиканың ішкі тұйық жағдайында емес, қайта жалпыадамзаттық маңызға ие тақырыптарға және мәселелерге шығудағы көркем пайымдауы.
Мұхтар Әуезов - көркем проза негізін салушылардың бірі. Авторлық баяндауға кейіпкер сөзін кірістіруі, синонимдердің түрлі тәсілін орнықтырып пайдалануы жазушының қайталанбас стилін даралай түседі. Бұл ретте Мұхтар Әуезовтің жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы әңгімелерінің орны бөлек.
Жоғарыда аталған еңбектер Мұхтар Әуезовтің алғашқы прозалық шығармаларының тіліндегі ерекшеліктерді түгелдей көрсетуді мақсатына алған жоқ. Сондықтан жазушының әңгімелеріндегі синонимдердің стильдік бағытта қарастырудың өзі жұмыстың ерекшелігін танытады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Жұмыстың негізгі мақсаты - Мұхтар Әуезовтің жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы әңгімелеріндегі авторлық баяндау тіліндегі синонимдердің стильдік қызметі, кейіпкер тіліндегі құрылымын, шығармадағы диалог жасау жолдарын айқындап, жазушының қазақ прозасында өзгеше үлгі дәстүрін стильдік тұрғыдан зерттеп талдау.
Осы мақсатта мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
- Авторлық баяндаудағы тілдік-стильдік қызметін таныту;
- Алғашқы әңгімелеріндегі диалогқа сараң келетін тұстарының себептерін ашу;
- Кейіпкер тілінің экспрессиялық табиғаты мен көтерер стильдік жүгін таныту;
- Синонимдерді жасаудағы өзіндік даралығын, ерекшелігін дәлелдеу.
Зерттеу көздері: М. Әуезов. Қорғансыздың күні. Әңгімелер - Алматы, Жалын, 1987. -176 бет. М. Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Алматы, «Жазушы», 1979. 1, 2 том. М. Әуезов. Қилы заман. Повестер мен әңгімелер. Алматы, Жазушы, 1975. 384-б. М. Әуезов. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 2-том. Мақалалар, әңгімелер, аудармалар, пьесалар. Алматы, Ғылым, 1998, 428-б.
Жұмыстың зерттеу әдіс-тәсілі баяндау, салыстыру, теориялық тұжырымдарға сүйене отырып ғылыми тұрғыдан талдау.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
М. Әуезов әңгімелеріндегі авторлық баяндау тіліндегі синонимдердің стильдік қызметі
Ғ. Мүсіреповтың: «Мұқтардан қалған сөз - өлмейтін, өшпейтін асыл сөз, жан сөзі, жүрек сөзі» [11, 16] деген ұлағатты пікірі бар. Сөз жоқ, өте кесімді, өте әділ пікір. Шынында да ана тіліміздің қадір-қасиетін бір адамдай бағалап, оның дамып, өркендеу жолына сүбелі үлес қосқан М. Әуезов еңбегі күні бүгін де, тіпті, күні ертең де өз бағасын жоймақ емес.
Қайсыбір ғылым саласында болмасын, ғылымды жасаушы да, дамытушы да, халық игілігіне жаратушы да - жекелеген дарынды тұлғалар. Қазақ әдебиетін зерттеудің қай саласында болсын жемісті еңбек еткен М. Әуезов мұрасының бүгінгі әдебиеттану ғылымы үшін ғибраты мол. Жекелеген әдебиетшілер мұрасын барынша жан-жақты зерделеу мен зерттеу ісі - әдебиеттану ғылымының тұлғатану (персоналия) тарихы үшін бүгінде алғы кезекте тұрған міндеттердің бірі. Аталмыш міндеттерді шешу барысында қазіргі әдебиеттануда жасалып жатқан ізденістер баршылық.
Уақыт мүддесіне, азаттық алған халық әдебиетінің жан-жақты өскелең талабына жауап беру үшін жан салған жасөспірім ұлт мәдениетінің алғашқы өкілдерінің қатарында М. Әуезов те әдебиет жанрларын неғұрлым көбірек қамтуға талпынды. Мәселен, қазақ әдебиетінің аға буыны ақын, әрі прозаик ретінде де қалам тартқаны белгілі. Мұхтар Әуезов - қазақ кеңес әдебиетінің міне осындай көп қырлы өкілі еді. Көп қырлы жазушылығының үстіне әрі ғалым, академик, профессор, педагог, публицист, қоғам қайраткері болды.
Мұхтар Әуезов үлкен өмірлік, шығармашылық жол кешті. Оның оның алғашқы жиырма жыл бойғы жастық шағы өзінің бала кезден сүйікті ақыны әрі ұстазы болған Абай Құнанбаевтың балғын балалық, жастық және жігіттік кезеңін еске түсіреді. Кейін М. Әуезовтің атақты «Абай жолы» эпопеясында жазғаны да сол дала, сондағы ауыл, сол бір қоғамдық орта болатын. мұндағы айырмашылық - Жидебайдағы бұрынғыша мешеу, езілген ауылды енді қазақтың ұлы ақыны Абайдың даналығы мен жарқын бейнесі нұрландырады да, Мұхтарды үміт пен сенімнің шамшырағындай ертеңгі сәулелі күнге шақырады [2, 28] .
Осы ретте орыс жазушысы Н. Погодиннің М. Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай деген балама сөзінде тап басқан дәлдік болмағанмен, қисын жоқ емес, растық бар. Бұл баламаның растығы әр жағынан аңғарылады. біріншіден, Абай - ұлы реалист ақын. Ол өз заманының өмір шындығын суреттеп, халқының мұң-мүддесін жырлағын биік поэзия жасады. Ал, М. Әуезов болса, ол да сол заманның өмір шындығын тұтас қамтып, халық өмірінің ойы мен ойы мен қырын қопара ақтарып жан-жақты суреттеген кқркем прозаның, кең мағынасында, нағыз поэманың жаңа шыңын жасады. Абай ағартушылық идеясымен сыншылдық реализм тұрғысында өз заманының әлеуметтік міндерін сынай, шеней суреттесе, М. Әуезов болса, сол міндерді туғызған себептер мен заңдылықтарды және олардан арылу жолдарын социалистік реализм тұрғысынан суреттеді. Абайдың эстетикалық мұраты - туған халқының алдан күткен арманына сайса, М. Әуезовтің да эстетикалық мұраты - туған халқының енді сол алдағы заманда орындалған арманына саяды. Абайдың кейіпкерлері - М. Әуезовтің да кейіпкері, ал Абай - өз шығармашылығының лирикалық кейіпкері болса, М. Әуезов шығармашылығының, ол - эпикалық кейіпкері.
Екіншіден, Абай мен М. Әуезовтің туған жері де, өскен ортасы да бір, алған тәрбиесінде де бірыңғайлық бар: Шыңғыстау, Тобықты руы, көтерілістен бұрынғы Құнанбай ауылы, ауыл мектебі, Семейдегі училище т. т. ең ақыры, бала Мұхтар жасынанАбай өлеңдерін оқи өсіп, Абай поэзиясының барлық нәрін, нұрын, шырынын бойына сіңірді десек, оның әдебиетте Абай дәстүрін эстафета ретінде мирас тұтып, ілгері тартқанын да атап айту керек [3, 49] . Қысқасы, Мұхтар Әуезовты «екінші Абай» деу үшін дәлел жеткілікті, ұқсас белгі, қасиет мол. Соның ішінде ең маңыздысы: Абайдың да, Әуезовтің де халықтық суреткерлер екендігі.
Үшіншіден, ұлы жазушының ұлылығы бір заманның шындығын танытып, оқушысын эстетикалық ой мен әсерге кенелтетін жаңа көркем дүние жасайтындығында ғой. Сондай-ақ оның халықтығы кең мағынасында өзінің туған халқының рухани байлығын көрсетіп, оның игі мұң-мүддесін басқа халықтардың, бүкіл адамзат атаулының түбегейлі мұрат-мақсатымен ұштастыра алатындығында. Қазақтың жаңа жазба әдебиетінің атасы болған Абай сондай ақын еді. Ал совет заманының сол өзінің сүйікті ұстазы Абайды және туған қазақ халқын дүние жүзіне танытқан Мұхтар Әуезов те сондай жазушы. Абай туған халқының талай ғасыр өмір кешіп келіп, жаңа заманға бет бұрған белесінде өзінің өзінің ұлы тұлғасымен ұзақ сонау рухани дамудың биік шыңына шықса, М. Әуезов ХХғасырдағы мән-мағынасы жөнінен мың жылдарға татырлық советтік дәуірдің шырқап өскен жаңа социалистік мәдениетінің зәулім заңғарына шықты. Абай нәр алған мідениеттің үш сала қайнар бұлағынан (қазақ халық поэзиясы, шығыс әдебиеті және ұлы орыс халқы мен батыс әдебиеті) М. Әуезов те нәр алды және мол алды. Айырмасы - ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың тарихи өзгешелігінде ғана. Сондықтан Луи Арагонның М. Әуезовты «осы заманның аса ұлы ақындарының бірі»деп бағалауы орынды да заңды [12, 4] .
Әрине, Абай мұрасы бүкіл қазақ әдебиетіне ортақ. Оның ішінде көбіне-көп, әсіресе, Әуезов шығармашылығына етене жақынырақ. Әңгіме Абай образы Мұхтар туындыларының жан-жүрегі болып орын тепкендігінде ғана емес, сонымен бірге Абай дәстүрлерін Мұхтардың шығармашылық жолмен терең де толық игеріп, жаңашылдық жөнмен социалистік реализм талабына сай одан әрі дамытып әкетуінде.
М. Әуезов шығармашылығы - қазақ әдебиетінің классикалық мұрамен мираскерлік байланысының айқын көрінісі. Ол өткендегі игі дәстүрлерді дұрыс пайдаланудың да, сол арқылы жаңалық табудың да оңды үлгісі.
Абай поэзиясының мирас болуы, Мұхтардың мираскер болуы, бұл екі ұлы жазушының өмір сүрген мезгілі мен тарихи жағдайдың әрқилылығына байланысты. Елу жыл бұрын туған Абай Құнанбаевтың өмірі елімізде капиталистік элементтер енді ғана ене бастаған феодалдsқ-патриархалдық қоғамда сарып болды. Ал жігіттік шағы да сол қоғамда өтті, бірақ бақытына қарай, оның өмірінің есейген, шығармашылығының толысқан шағы кеңестік заманға дөп келді.
Жиырмасыншы жылдардың бас шенінде М. Әуезов кеңес мекемелерінде жауапты қызметтер атқара жүріп, баспасөз жұмысына да атсалысады, бірнеше әңгімелер жазады. Соның ішінде ең көрнектісінің бірі - 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні » атты әңгімесі. Бұл әңгіменің М. Әуезов шығармашылығы үшін де, жалпы қазақ прозасы үшін де мәні зор.
«Еңлік-Кебек» М. Әуезовтің драматургтық талантының жарқ еткен бірінші көрінісі болса, «Қорғансыздың күні» оның прозаиктік талантының бірінші көрінісі. Жазушы өмір бойы талантының осы екі қырын егіз, қатар берік ұстап өтті және екеуінде де талай-талай құнды туындылар қалдырды.
«Еңлік-Кебек» пен «Қорғансыздың күнінде» болсын немесе жиырмасыншы жылдары жазған басқа шығармаларында болсын, жас автордың күшті жағы да, әлі жетікпеген осал жағы да бірдей бой көрсетіп отырды. Автордың ауыл өмірін, ауылдағы тұрмыс, әдет-ғұрыпты жақсы білетіндігі, халықтың тілі мен әдебиетіне жетіктігі, туған жерді, кең даланы шексіз сүйетіндігі, сонымен бірге әділетсіздікке, озбырлыққа, надандыққа жаны төзбейтін сыншылдығы - оның күштілігі болатын. Осы жайлар М. Әуезов шығармашылығының алғашқы басқышында романтикалық әсерлілік пен сыншыл өткірлікті және нәзік психологизмді өзінше ұштастырып, өзіндік жазу машығын қалыптастырғанын байқаймыз. Бұған, әрине, оның жастай оқыған классикалық шығыс, әсіресе орыс, батыс әдебиеті үлгілерінің де қабаттас ықпалы болған.
Заманымыздың ұлы суреткері М. Әуезовтің әкелген өнегесі, берген тәжірибесі, қалдырған мұрасы барынша мол. Ж. Аймауытовпен қатар енгізе бастаған Еуропалық үлгідегі жазу машығының алғашқы үлгілері М. Әуезовтің жиырмасыншы жылдардағы әңгімелерінің өзінен-ақ көзге айқын түседі.
«Көркем сөз жолын кеңес дәуіріне дейін-ақ драмалық шығармадан М. Әуезов 1920 жылдың басында алғашқы прозалық шығармалармен, әңгіме повестерімен қалың қауымның назарын өзіне қаратып, құлағын елең еткізді. Тырнақ алды әңгімесі «Қорғансыздың күні» жас жазушының ауыл өмірін терең біліп, әдемі суцреттей алып, адам да, құдай да аямаған қорғансыз жанжардың өлмелі күн кешуі, жан түршігерлік тұрмыс-тіршілігі бар ауыртпалығымен, азап-қиыншылығымен жанды сурет болып көз алдыңнан өтіп жатады» дейді профессор С. Исаев [13, 44] .
М. Әуезов былай дейді: «Көркем поэзияға ауызша поэзия қаншалық бөгеліссіз, сатысыз көп қор құйған болса, бүгінгі көркем прозаға да халық ауыз әдебиеті соншалықты жатық жолмен келіп, араласып, қабысып жатыр» [5, 22] . Көркем шығарма тіліндегі мұндай сабақтастықты, жалғастықты Мұқан әсіресе өз тәжірибесіне, сондай-ақ қаламдастарының жазу машығына сүйеніп, ақылға өте қонымды етіп, дәлелімен дәл басып айтқан. Демек, Мұқанның төл шығармаларының тілі жайында сөз еткен тұстарда бұл ойдың басшылыққа алары сөзсіз.
Көркем әдебиет тілін зерттеушілердің ең дұрыс атап, көрсетіп жүргеніндей, жазушы тілінің екі аспектіде, біріншіден, сол тұстағы әдеби тіл фактісінде, екінші, авторлық даралық стиль тұрғысынан да қарастырудың мәні зор. М. Әуезов стилін осы екі ыңғайда зерттеудің әбден қисыны бар, өйткені ол - қазақ әдеби тілін қалыптастырушы ұлы тұлғалардың бірі және өзінің сөз қолданысы мейлінше даралығымен айқындалған суреткер.
Авторлық баяндауда жазушының сөз қолданысы, сондай-ақ сөз таңдауда айрықша әңгіме ететін тұс синонимдердің көрінісі.
Синоним дегендер - тек мағыналас, мәндес келген сөз қатарлары ретінде лексикалық категория ғана емес, қолданыста, әсіресе көркем сөзде ең қуатты, икемді актив стильдік құрал.
Жалпы сөйлеу тілі стиліне тән синонимдер де бар, ал көркем әдебиет стиліне қалыптасқан синонимдер өз алдына бөлек. Бұл екі топтағы синонимнің әдеби тіл аясындағы қолданылуы бірдей емес. Көркем шығармада авторлық өзіндік стиль ерекшелігіне байланысты қолданылатын синонимдердің кейбіреулері ғана жалпы халықтық сипат алды.
Синонимдер көркем шығармада кейіпкердің сезімін, мақсатын, бағытын дәл көрсету үшін, иронияны, толып жатқан нәзік нюанстарды, тарихи колоридтерді туғызу үшін, айтылған сынның мағыналық-эмоциялық мәнін күшейтіп беру мақсатында, құбылысты кең түрде сипаттау мақсатында қолданады.
Синонимдер - сөз оралымын арттыратын құралдар. Синонимдерді көріктеуші қызметте жұмсау, поэзияда да, прозада да кең орын алады. Олардың стильдік жүгі, сөйлемде қолдану мүмкіндігі сан алуан.
Ғ. Ахметов: «Синонимдер жөнінен біздің қазақ елі ешкімнен де кенде емес, тіліміздің осы мүмкіншілігін кең және орынды пайдалана білуіміз керек» дейді [29, 10] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz