Мәліметтер базасы кестелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ4

1 Автоматтандырылған жұмыс орны6

1. 1 Ақпараттық жүйелер технологиясы6

1. 2 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және олардың классификациясы7

1. 3 Автоматтандырылған ақпараттық технологиялар9

2 DELPHI ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ17

2. 1 Delphi ортасымен танысу17

2. 2 Деректер қоры түсінігі24

2. 3 Деректер қорының құрылымы25

3 «ОЙЫН САУЫҚ КЕШЕНІНЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУДЫ» DELPHI - ДЕ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ27

3. 1 Қолданылған компаненттер27

3. 2 Database Desktop деректер қорлары кестесін құру жүйесі30

3. 3 Delphi тілінде программалау35

4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕП ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ46

4. 1 Жобалаудың экономикалық есебі46

4. 2 Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі49

ҚОРЫТЫНДЫ56

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ58


КІРІСПЕ

Дипломдық жобаның тақырыбы: «Ойын сауық кешеніне арналған автоматтандырылған жұмыс орынды жобалау». Осы дипломдық жобасын құру кезінде жасаушы құралдардың жаңашыл тәсілі Delphi программалау ортасы мен HTML гипермәтіндік тексті орналастыру тілі қолданылды.

Дипломдық жоба тақырыбының өзектілігі.

Қазіргі заманнында ойын орталықтарының саны өсудің және даму себебінен бильярд жұмысшыларының жұмыс істеу уақытын тездету осындай жоба керекті құралы болып саналады. Сондықтан дерек қорлармен жұмыс істей алатын автоматтандырылған жұмыс орынды құрастыру актуалды мәселе.

Дипломдық жобаның мақсаты: Ойын сауық кешеніне арналған автоматтандырылған жұмыс орынды жобалау және маркер жұмыс мүмкіншіліктерін ұлғайту болып табылады.

Бұл мақсаттарға жету үшін келесі зерттеу міндеттері орындалуы тиіс:

  • Автоматтандырылған жұмыс орынды құрастыру
  • Delphi программалау ортасын қарастыру
  • «Ойын сауық кешеніне арналған бағдарламалық қамтамасыздандыруды» Delphi - де программалық жабдықтыру
  • Экономикалық есеп және тіршілік қауіпсіздігі туралы зерттеу

Зерттеу объектісі «Классик» бильярд клубы.

Зерттеу пәні: ойын-сауық кешеннің мамандарына арналған бағдарламалық комплекстің практикалық іске асырылуы.

Қазіргі ақпараттық технологияның негізгі ойлары деректер қоры тұжырымдамасында жинақталған. Аталған тұжырымдама бойынша ақпараттық технологияның негізгі-деректер қорында ұйымдастырылатын мәліметтер болып табылады, олар белгілі бір пән аймағында шындықты дәл бейнелейді және қолданушыны пән аймағына сәйкес актуалды мәліметтермен қамтамасыз етеді. Электронды ақпараттар қоймасын деректер қоры деп атаймыз, оған қосылу бір немесе бірнеше компьютерлердің көмегімен іске асырылады. Әдетте деректер қоры деректерді сақтау және оларға қосылу үшін жасалады, онда кейбір пән аймағы жайлы, яғни кейбір адамзат қызметі немесе шындық өмір шеңбері жайынды мәліметтер беріледі.

Бағдарламалауға назар соңғы уақытта үлкен қарқынмен өсуде. Бұл даму ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың күнделікті өмірге енуімен байланысты. Егер адам компьютермен жұмыс істейтін болса, ерте ме кеш пе бағдарламалау қажеттілігі туады. Есептеуіш техникалардың қарқынды дамуына байланысты, қажетті нәтижелі құралдарды бағдарламалық қамтамасыз ету - хабарланған жүйелі бағдарламалауды әкелді. Ақпараттық қоғамда мәліметтер базасы ең үлкен қолданыс аясына ие болады . Әрбір мамандық саласында мәліметті топтауды, сақтауды ұйымдастырады.

Мәселені талдау дәрежесі: жоба тақырыбын зерттеу барысында электрондық басылымдардағы ғылыми мақалалар қолданылды: [1] Климова Л. М. Delphi 7. Основы программирования. Решение типовых задач. Самоучитель. Издание третье. -М. :КУДИЦ-ОБРАЗ, 2006-480 с., [2] Delphi 5: учебный курс, С. Бобровский, Питер 2002 г., [3] Гофман В. Э., Хомоненко А. Д. Delphi 6-СПб. : БХВ-Петербург, 2002-1152 с., [4] Дарахвелидзе П. Г., Марков Е. П. Программирование в Delphi 7. -СПб. : БХВ-Петербург, 2003. - 478 с.

Зерттеу тәжірибесі: салыстырмалық, аналитикалық, логикалық, құрылымдық жүйе, функционалдық жүйе, жалпылау тәжірибесі.

Дипломдық жобаның жаңалығы: ойын сауық кешеніне арналған автоматтандырылған жұмыс орынды жобалау барысында деректер қорлардың қолдануы, жобада қалыптандыру функциясының еңгізуі болып табылады.

Дипломдық жобаның тәжәрибелік қоры электрондық оқулықтарды құрастыруға, қолдануға және мәселерді шешуге келесі адамдар зерттеулер мен тәжірибе жасады. Оларға жатқызуға болады: HTML и XHTML подробное руководство. - пер. с англ. - сПб: Символ -Плюс, 2003. -75 с., ил Муссиано У и Кеннеди Б., Л. Кан, Л. Логан “Мой узел Web”, Microsoft Press-русская редакция, 1996ж. -156бет., Григорьева Н. В. MS FrontPage 2002 ”Шаг за шагом”, 2002ж. -123бет., Омельченко Л., Федоров А. MS FrontPage 2002 “Самоучитель”, 2001ж. - 541бет., Усенков Д. уроки Web-мастера, 2002ж. - 214бет.

Дипломдық жобаның құрлымы: дипломдық жоба кіріспеден, төрт тараудан, қортындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан, 35 суреттен және 5 кестеден құралған.

Бірінші бөлімде қазіргі кезде қолданылатын процестердің барлығында дерлік автоматтандырылған жұмыс орны орын алады. автоматтандырылған жұмыс орын - қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған белгілі функцияларды автоматты түрде орындау үшін қолданушы-маманның немесе басқа мамандардың орны.

Екінші бөлімде Delphi программалау ортасымен, деректер қоры түсінігі мен құрлымы туралы таныстыру есебі толығымен жүзеге асырылған. Бұл бөлімде Delphi - дің барлық нұсқалары қарастырылып, олардың арасындағы айырмашылықтары талдаудан өткізілген.

Үшінші бөлімде ойын сауық кешеніне арналған автоматтандырылған жұмыс орны Delphi 7 ортасында жобалау үрдісі сипатталған. Жобаны құрастыру барысында аспаптық бағдарламаның қоданылған компоненттері, деректер қорларды құру сатылары қарастырылған.

Дипломдық жобаның төртінші бөлімде жоба бойынша экономикалық есеп және тіршілік қауіпсіздігі қарастырылады. Бағдарламалық қамтамассыз ету дайындау кезінде шыққан шығынның бағасы сипатталады.

Дипломдық жобадағы зерттеу мәні қорытындыда талқыланған.


1 Автоматтандырылған жұмыс орны

1. 1 Ақпараттық жүйелертехнологиясы

Қазіргі кезде қандай да болмасын мекемені немесе кәсіпорынды алсаң, барлығында автоматтандырылған жұмыс орны бар. Автоматтандырылған жұмыс орны - қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған белгілі функцияларды автоматты түрде орындау үшін қолданушы-маманының немесе басқа мамандардың орны. Әрине, ол құрал-жабдықтарға: қажетті қосалқы электрондық құрылғылармен толықтырылған (диск тұлғалы жинақтағыштар, басушы құрылғылар, оптикалық оқитын немесе штрих код оқитын құрылғылар, графикалық құрылғылар, жергілікті есептеуші желілер және т. б. ) дербес компьютер жатады.

Автоматтандырылған жұмыс орны негізгі тағайындалуы: жұмыс орындарда децентрализацияланған ақпаратты өңдеу, «өзінің» мәліметтер базасын қолдану [12] .

Әртүрлі мекемелер немесе кәсіпорындар табысқа жету үшін, автоматтандырылған жинау процесті, манипуляциялауды және мәліметтерді өңдеуді іске асыруды қамтамасыз ететін, дамыған ақпараттық жүйені қолдану керек.

Қажетті ақпаратты табу үшін, мамандар көбінесе үлкен мәліметтер базасымен жұмыс істейді. Осындай жұмыстарды жеңілдету үшін мәліметтер базасының басқару жүйелері құрылған. Мәліметтер базасының басқару жүйелері арқылы үлкен көлемді ақпаратты сақтауға, тез арада керекті мәліметтерді табуға, сұраныс жасауға, таңдауға және сұрыптауға болады.

Программаның негізгі міндеті болып табылады:

Күзет фирмасының тіркеуші бөліміне мәліметтер базасын құру;

Осы мәліметтер базасының басқару жүйесін құру;

Осы мәліметтер базасының негізінде сұраныс жүйесін құру.

Сонымен, жасалынған программа тез арада мәліметтерді енгізуге, редакциялауға, өшіруге, жаңартуға, сонымен бірге керекті хабарды іздеуге, таңдауға және баспаға шығаруға мүмкіндік береді [23] .

Ғылыми-техникалық әдебиетте «жүйе», «басқару жүйесі», «басқарудың автоматтандырылған жүйесі», «автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» термині жиі пайдаланылады. «Жүйе» сөзі грек “systema” сөзінен шыққан, бөліктерден немесе бір-бірімен байланысқан көптеген элементтерден құрылған және белгілі тұтастықта, бірлікті құрайтын бірлік мағынаны білдіреді. «Жүйе» мағынасы кең облыстарда қолданылады.

Жүйе дегеніміз нақты пайдалы нәтижені алуға бағытталған бөліктер мен элементтердің өзара және сыртқы ортамен байланысқан жиынтық [6] .

Осы анықтаға сәйкес әр экономикалық объектті белгілі мақсатқа жетуді көздейтін жүйе сияқты қарастыруға болады. Мысал ретінде білім, энергетикалық, көліктік, экономикалық және басқа жүйелерді атауға болады.

Жүйе үшін келесі негізгі қасиеттер мінезді:

күрделілік; бөліну; тұтастық; элементтер түрлілігі және олардың табиғи ерекшелігі; құрамдылық; Жүйе күрделілігі ішкі және сыртқы байланыстар мен динамикалық күрделілігіне, оған кіретін компоненттерінің көпшілігіне, олардың құрамдық өзара іс-қимылына тәуелді [8] .

Жүйенің бөлінуі нақты мақсаттар мен есептерге жауапты, белгілі белгілер бойынша бөліп көрсетілген элементтер немесе кіші жүйелер қатарынан тұрады.

Жүйе тұтастығы жүйенің көптеген элементтерінің іс-әрекеті бір мақсатқа бағынатынын мәндейді.

Жүйенің элементтерінің түрлігі және олардың табиғи ерекшіліктері олардың функцяоналды ерекшелігі мен автономдылығымен байланысты.

Жүйенің құрамдылығы жүйе ішіндегі элементтер арасындағы орнатылған байланыстар мен қатынастарының барысын, иерархия деңгейлері бойынша жүйе элементтерінің таратылуын анықтайды.

Басқару кез-келген әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-өндірістік жүйенің (кәсіпорының, ұйымның, аумақтың) мақсатты бағытталған қызметін ынталандыратын негізгі қызметі [15] .

Басқарудың қызметін іске асыратын жүйе басқару жүйесі деп аталады. Бұл жүйемен іске асырылатын негізгі қызметтер-болжамдау, жоспарлау, есепке алу, талдау, бақылау және реттеу.

Экономикалық ақпараттың жүйе дегеніміз-ақпаратты өндіру үшін және басқару шешімдерін қабылдауға арналған мамандардың, құралдардың, әдістердің, экономикалық объекттердің тура және кері ақпараттық байланыстың ішкі және сыртқы ағыстар жиынтығы [10] .

1. 2Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер жәнеолардың классификациясы

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер - ақпаратты өндіруге және басқару шешімдерін қабылдауға арналған техникалық, бағдарламалық, технологиялық құралдар мен мамандардың экономикалық-математикалық әдістер мен нұсқалардың, ақпараттардың жиынтығы болып табылады.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелері құру экономикалық объекттің өндіріс тиімділігін арттыруын, басқарудың сапасын қамтамасыз етеді. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерің максималды тиімділігі кәсіпорындардың, фирмалардың және салалардың жұмыс жоспарын оптимализациялау, материалдың және қаржылық ресурстардың айқын маневр жасау, оперативті шешімдердің жылдам табу кезінде жетеді [1] .

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерлер түрлі және келесі белгілер қатары бойынша классификацяланады. (сурет 1) .

Сурет 1. - Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің классифкацясы [автормен ұсынылған]

Басқару объектінің іс-әрекет жасау саласы үйлер классификациясы анық болғандықтан келесі белгілерді қарастырайық. Басқару үрдістердің түрлері бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйелер келесі түрлерге бөлінеді:

Технологиялық үрдістерін басқару Автоматтандырылған ақпараттық жүйелері - басқару технологиялық құрылғылармен, станоктармен, автоматтық сызықтырмен қамсыздандыратын адамдық-машиналық жүйелер [1] .

Ұйымдық-технологиялық үрдістерін басқару автоматтандырылған ақпараттық жүйелері - технологиялық үрдістерін басқару автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және кәсіпорынды басқару автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін үлестіретін көп деңгейлік жүйелер болып табылады [34] .

Ұйымдық басқару автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін объектері - экономиканы бүкіл деңгейлерде іске асыратын әлеуметтік-экономикалық қызметтік, өндірістік-шаруашылық үрдістер, атап айтқанда:

Банкттік автоматтандырылған ақпараттық жүйелер: қорлық нарығының автоматтандырылған ақпараттық жүйелер

Қаржылық автоматтандырылған ақпараттық жүйелер:

● сақтандыру автоматтандырылған ақпараттық жүйелер

● салықтық автоматтандырылған ақпараттық жүйелер

● кедендік қызметінің автоматтандырылған ақпараттық жүйелер

● статстикалық автоматтандырылған ақпараттық жүйелер

Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдардың (мәнділігі мен таратылғаны бойынша онда бухгалтерлік автоматтандырылған ақпараттық жүйелері ерекше орын алады) автоматтандырылған ақпараттық жүйелер.

Ғылыми зерттеу автоматтандырылған ақпараттық жүйелері салааралық есептеулер мен ғылыми тәжірибелердің тиімділігін және жоғары сапасын қамсыздандырады. Бұл жүйелердің әдістемелік базасы экономикалық-математикалық әдістер болып табылады, техникалық базасы - нұсқалаудың тәжірибелік жұмыстарын жүргізу үшін ең түрлі есептеу техника мен технологялық құралдары. Ұйымдық-технологиялық жүйелер сияқты ғылыми зерттеу жүйелері өз контурына жұмыстарды автоматты түрде жобалау жүйелерін қосуы мүмкін [22] .

1. 3Автоматтандырылған ақпараттық технологиялар

Көптеген процесстерді басқаруда ақпараттық жүйелерінің құрылуы мен қызмет етуі автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін басты құрылым бөлігінің - ақпараттық технологияның дамуымен тығыз байланысты.

Автоматтандырылған ақпараттық технология - басқару есептерін шешу мақсатымен жүйелік құрылған жетілген бағдаламалық қамсыздандыру есептеу техника мен байланыстың құралдарын, клиенттерге ақпаратты ұсыну тәсілдерін пайдаланатын тәсілдерінің негізінде ақпараттың өндірілуі мен қорғалану, іздеу, жүргізу, тіркеу, жинақтау, жиындау операцяларын іске асыратын құралдар мен әдістердің жиынтығы [12] .

Бұлардың негізінде ақпаратты жинақтау, сақтау және өндіру мақсатымен қатар шешімдерді қабылдайтын бастықтың немесе машинаның жұмыс орнына терминалдық құралдардың неғұрлым максималды жақындату мақсаты көзделді. Бұл автоматтандырылған ақпараттық технологияның көпжылдық дамудың жетістігі.

Нарықтық қатынастардың дамуы кәсіпкерлік қызмет түрлерінің пайда болуына және ең алдымен ақпараттың бизнеспен айналысатын, ақпараттық технологияны өндірумен, олардың жетілдірілуімен, автоматтандырылған ақпараттық технологияның компоненттерін, атап айтқанда ақпараттың және есептеу үрдістерін автоматтандыратын бағдаламалық өнімдерді таратумен айналысатын фирмаларды құруға әкеп соқтырды. Олардың сандар қатарына есептеу техниканы, байланыс құралдарын, офистік жабдық және ақпараттық, техникалық және кеңестік қызмет көрсету, оқыту сияқты ерекше қызмет ету түрлерін жатқызуға болады. Бұның бәрі басқару және өндіріс үрдістерінде ақпараттық технологиялардың жылдам таратылуына және тиімді пайдалануына, олардың тіпті бүкіл жерлерде қолдануына және көптеген түрлілігіне ықпал етті [22] .

Мәліметтер базасын ұйымдастыру. Иерархиялық моделде мәліметтер бұтақ тәрізді құрылымды (иерархиялық) көрсетеді. Мәліметтердің мұндай ұйымдастырылуы иерархиялық реттелген ақпаратпен жұмыс істегенде қолайлы бірақ қиын логикалық байланыстағы мәліметтермен жұмыс істегенде иерархиялық модель қолайсыз болады.

Жүйелік модельде мәліметтер еркін граф түрінде ұйымдастырылады. Жұйелік моделдің кемшілігі болып- құрылымның қатыстығы және оны орындаудың аса қиындығы болады [8] .

Иерархиялық жүйелік модельдің айтарлықтай кемшілігі-бұл мәліметтер құрылымы жобалау сатысында жазылады және мәліметтерге қатынау кезінде өзгерте алмайды.

Обьектілігі- ориентирлі моделде мәліметтер базасының жеке жазбалары обьектілер түрінде беріледі.

Мәліметтер базасының жазбалары мен оларды өңдеудің функциялары расында сол сәйкесінше құралдарға обьектілі- ориентирлі праграммалау тіліне сәйкес механизімдері арқылы байланыс орнатылады. Обьектілі-ориентирлі модель жүйесін және реляционды модельден тұрады және мәліметтердің құрылымдары қиын ірі мәліметтер базасын құруға қолданылады.

Реляциондық модель өз алауын ағылшын термині (қатынас) сөзінен шыққан және 70 жылдары 1ВМ фирмасының қызметкерлерімен ұсынылды.

Релияциондық мәліметтер базасы қатынастармен байланысқан таблицалардың жиынтығынан тұрады.

Реяциондық модельдің құндылығы болып-оның қарапайымдығы, компьютерде орындаудың қолайлығы, құрылымның иілгіштігі жатады. Қазіргі таңдағы мәліметтер үшін релляционды болып табылады.

Ақпараттық жүйе архитекурасы.

Қосымша мен мәліметтер базасының ораласуына қарай.

-жергілікті

-жойылған леб болып бөлінеді.

Жергілікті мәліметтер базасымен операциялары үшін клиент-серверлік қосымшалар қолданылады [9] .

Бұл базадағы мәліметтерді өңдейтін қосымшаны құру, мәліметтер базасының орналасуына байланысты болады. Delphi - қосымша мәліметтер базасына қатынауда ( ВDЕ арқылы ( Bоrland Database Engine фирмасының мәліметтер базасының процессоры жүзеге асырады. ВDЕ мәліметтерге қатынауды қамтамасыз ететін динамикалық жинақтар мен драйверлердің жиынтығы болып табылады. ВDЕ мәліметтер базасымен жұмыс істейтін Delphi қосымшасы бар барылық компьютерлерге орнатылуы тиіс. ВDЕ арқылы қосымша мәліметтер базасына сұрау салады және керек мәліметтерді алады. Жергілікті мәліметтер базасы онымен жұмыс істейтін қосымша бар жерде орнатылады. Бұл жағдайда ақпараттық жүйе жергілікті архиктектурада тұрады деп айтылады.

Мәліметтер базасымен жұмыс бір пайдаланушы режимде жүзеге асырылады. Керек жағдайда, компьютерге сол мәліметтермен жұмыс істейтін басқа қосымшаны іске қосуға болады. Мәліметтер базасына бірлескен қатынауды басқару үшін бақылау мен қорғаудың арнайы құралдары қажет. Бұл құралдар, мысалы, қосымша, басқа қосымша өзгертіп жатқан жазбаны өзгерткісі келген жағдайда қажет болады. Әр мәлімметтер базасы мұндай бақылауды өз тәсілдерімен жүзеге асырылады және қатынауды шектейтін құрамдас құралдардан тұрады [10] .

Жергілікті мәліметтер базасына қатынауды ұйымдастыру үшін мәліметер базасы процессоры ВДЕ стандарты, Dbase, Paradox, FoxPro мәліметтер базасының форматында жұмыс істейтін және текстік файлдармен жұмыс істейтін драйверлерді қолданады. Жүйеде жергілікті мәліметтер базасын қолданғанда көп пайдаланушылық қатынауды ұйымдастыруға болады. Бұл жағдайда мәліметтер базасының файлдары және онымен жұмыс істейтін қосымша, жүйе серверінде орналасады. Әр пайдаланушы өз компьютерінің серверінде орналасқан қосымшаны іске қосады. Жергілікті мәліметтер базасын қолданудың мұндай жүйелік түрі «Файл-сервер» архиктектурасына сәйкес келеді. «Файл-сервер» архиктектурасы бар қосымша жүйедегі әр компьютерге жазыла алады. Қосымшаға мәліметтер базасының орналасу жері белгілі болуы керек.

Жүйедегі әр пайдаланушының компьютеріндегі мәліметтермен жұмыс істегенде мәліметтер базасының жергілікті көшірмесі қолданылады. Бұл көшірме серведе орналасқан мәліметтер базасының мәліметтерімен жаңартылады. «файл-сервер» архитектурасы әдетте пайдаланушылары аз жүйелерде қолданылады, бұған мысалы Parаdox немесе dbase дербес мәліметтер базассын басқару жүйесіне сәйкес келеді. Бұл архитектураның құндылығы-бұл жүзеге асырудың оңайлығы. Бұл қосымша бір пайдаланушы есебінде құрылады және, өзі орналасқан жұйенің компьютеріне байланысты болмайды. «Файл-сервер» архитектурасының кемсіздіктері де бар.

Пайдаланушы өзінің мәліметтер базасының жергілікті көшірмесімен жұмыс істейді, кез келген таблицаға сұрау салу кезінде ондағы мәліметтер жаңарады. Серверден бүкіл таблицаның жаңа көшірмесі жіберіледі. Егер пайдаланушыға таблицаның кейбір жазбалары қажет болса, жүйе арқылы серверден бүкіл таблица жіберіледі. Бұл жүйеге артық жұмыс көлемінің өсуіне әкеледі және ақпараттың жүйе жұмысының теңсіздігін кемітеді.

Әр компьютерде мәліметтер базасының өз көшірмесі бар болуына байланысты, біраз уақыт бойы басқа пайдаланушыға бұл өзгертулер белгісіз болады. Сондықтан да мәліметтер базасының үздіксіз жаңартылуын қажет етеді. Мәліметтер базасын басқару әр түрлі компьютерлер арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан қатынаудың баұылауын ұйымдастыру, құпиялықты сақтау және мәліметтер базасының тұтастылығын қолдау сияқтыларды айтарлықтай дәрежеде қиындалады [11] . Жойылған мәліметер базасы жүйенің компьютер серверінде орналасады, ал қосымш пайдаланушының компьютерінд орнласады. Мұнда біз «клиент-сервер» архитектурасымен жұмыс істейміз. Ақпараттық жүйе екіге бөлінеді: серверлер және мәліметтер базасының клиенттері. Компьютер- сервердің клиенттен бөлек орналасуына байланысты оны сонымен бірге жойылған сервер деп те атайды.

Клиент - бұл пайдаланушының қосымшасы. Мәліметтерді алу үшін клиент өз сұрауын жойылған серверге жібереді. Сұрау SQL тілінде жсалады. Сұрауды алғаннан кейін жойылған сервер оны SQL серверге (мәліметер базасы серверіне) жойылған мәліметер базасы басқаратын, сұраудың орындалуын қамтамасыз ететін және нәтижелерді беретін арнайы программа жібереді. «Клиент-сервер» архитектурасында клиент мәліметтерді алу үшін сұрау жібереді, және тек керек мәліметтерді алады. Сұрау жойылған серверде орындалады. Мұндай архитектураның құндылықтары мынадай:

Жүйеде жұмыс көлемінің азаюыБарлық клиенттердәі сұрауларын өңдеу, серверде орналасқан бір программамен орындалады, бұл ақпараттық қауіптілігін жоғарлтады. Сервер мәліметер базасын қолданудың ережелерін барлық пайдланушыға орнатады және бір жазбаның түрлі пайданушыларымен бір уақытта өзгертуге кедергі жасайды. «Клиент-сервер» архитектурасын қолдану үшін ORACLE, Vicrosoft Server мәліметтер базассын басқару жүйесі қолданылады. Мұндай мәліметтер базассын басқару жүйесі өнеркәсіптік деп те аталады, себебі олар пайдаланушыларына көп ұйымдр мен кәсіпорындар ақпараттық жүйесін құруға қолайлы. Өнеркәсіптік мәліметтер базассын басқару жүйесі өте күрделі жүйелерге жатады және құатты есептеуіш техникасын қажет етеді. Бұл қызметті арнайы мамандар тобы орындайды. Мұндай мамандар мәліметтер базасының жүйелік администраторы деп аталады. Оның міндеттері.

Мәліметер базасын қорғауМәліметер базасың бүтіндігін оқыту және дайындауБасқа мәліметер базасынан мәліметтерді алуМәліметтерді тестілеуРезервті көшірме алу және қалпына келтіруАқпараттық жүйеге өзгерулер енгізу. Delphi- қосымшалардың өнеркәсіптік қатнауын SQL-Links драйверлері арқылы жүзеге асырады. Айта кететіні Delphi-де InterBase деректер қорларды басқару жүйесі қолданғанда SQL Links драйверінің жасалуы тиіс [12] .

Аталған архитектура екі сатылы -қосымша клиент және мәліметер базасы сервері. Клиенттік қосымшаны сонымен бірге күшті не қалың клиент деп те атайды. Бұл архитектураның дамуы 3 сатылы варианттың пайда болуына әкеледі. “клиент сервер”-қосымша клиенті, қосымшалар сервері және мәліметер базасы сервері.

Үш сатылы “клиент-сервер”. Не жіңішке клиент архитектурасы. Клиенттік қосымша әлсіз немесе “жіңішке” клиент деп те аталды. Қосымшалар серверінде барлық клиенттік қосымшаларға ортақ құралдар мен кодты орналастыруға ыңғайлы.

Реляциондық мәліметтер базасы. Реляционды мәліметтер базасы өзара байланысты кестелерден тұрады. Әр кесте бір типтегі объектілер туралы ақпараттан тұрады, бірнеше кестелер жиыны біртұтас мәліметер базасын құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүкен жайлы хабар беретін мәлеметтер базасы
Программаға арналған негізгі шарттар және оны орындау жолдары
Кестенің құрылымын құру суреті
Мәліметтер базасын ұйымдастыру
Қатынастар құру барысында Реляциялық алгебра - операциясын қолдандық
Кестенің қасиетін беру
Қонақ үй жұмысы
Компьютер құрушылар
Мәліметтер базасының кестесін құру
Oracle МББЖ операциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz