Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Орталық Азиядағы араб және түркі халықтары мәдениетінің өзара
ықпалдастығы (VIII-XII ғ)
Дипломдық жұмыс

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-9
1 8 –12 ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуі және қала мен дала
мәдениеті
1.1 Ерте орта ғасырлардағы Арабтар мен түркілердің орта Азиядағы саяси
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-20
1.2 Арабтардың түркілер арасында ислам дінінің орнығуы үшін
күресі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21-32
2 Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
2.1 Араб мәдениетінің Орта Азиядағы сәулет - құрылыс, қала құрылымына
тигізген
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33-41
2.2 Мұсылман ренессансына өзіндік үлесін қосқан түркі
оқымыстылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42-52
2.3 Түркілік дүниетаным мен ислам діні
ортақтықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53-60

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі - 8–12 ғасырлар еліміздің тарихының
елеулі кезеңдерін қамтиды. Ислам діні біріктіруші, бірлестіруші дін. Өзінің
аясына кірген барлық халықтарды, ұлттар мен ұлыстарды өңіне, санына,
байлығына қарамастан біріктірген, бір күмбездің астында араластырған дін.
Сонау Балқан елдеріндегі түркі халықтары мен қазақтардың, ұйғырлардың еркін
сөйлесіп, бірін-бірі ұғынысып жатқаны, әрине Исламның берекешілдігі,
ұйымшылдығы. Ал, жағырапия жағынан түбімізде тұрған, бірақ басқа діндерге
ауып кеткен хакас, тува, саха секілді түркі тілді халықтармен не орысша
немесе аудармашы арқылы ғана сөйлесе аламыз. Демек, Ислам дінінінің
келуімен қатар келген мәдениеттің түркілер үшін аса үлкен маңызы бар, ал
арабтар үшін түркі халқының бергенінен алары көп болды. Сондықтан,
мәдениеттерің өзара ықпалына зерттеу жүргізу бүгінгі күннің де өзекті
мәселесі болып табылмақ. Ұзақ жылдар бойы әкімшілік - әміршілік жүйенің
қыспағы мен асыра сілтеулер салдарынан ұмыт бола жаздаған ұлттық
болмысымызды, тілімізді, дінімізді, тарихымызды білуге еліміз егемендік
алғаннан кейін ғана жол ашылды. Соңғы жылдары қазақ халқының тарихы,
дүниетанымы мен діни нанымдары, еліміздің тарихы мен діни сенімдері туралы
жаңаша көзқарастағы ғылыми зерттеулер жарыққа шыға бастады. Сол себепті,
түркілердің қай заманда, қай жағдайда ислам дінін қабылдап, оның бірте-
бірте жалпы ойлаудың бір желісіне айналып, дін мен руханияттың қалыптасуына
игі әсер етуі мәселесі маңызды орын алуда Мұсылмандық Орта Азияға, оның
ішінде қазақ даласына біздің дәуіріміздің 8 ғасырында ене бастады. 751 жылы
Талас бойында қарақытайлар мен мұсылмандар арасындағы шешуші шайқаста
мұсылмандардың жеңісі бүкіл Орта Азиялық аймаққа Ислам дінін ғана емес,
сондай-ақ оның мәдениетінің де еркін таралуына жол ашты. Қасиетті Құран
Кәріммен бірге қазақ даласына үлкен Ислам өркениеті келді. Ислам діні қысқа
уақыттың ішінде түркі халықтарының дүниетанымы, өмір салты, мәдениеті мен
тәлім-тәрбиесінің бағыт-бағдарын анықтайтын серпінді күшке айналды[1.3.].
Ислам діні барша түріктердің біртұтас дініне айналды, олардың біртұтас
ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды, өзара қырғын соғыстарды тоқтатты,
тілдің біркелкілігін сақтады. Түркілер исламның жауынгері және жаршысы
сипатында тарихта аса маңызды орынға ие болды. Еуропалықтар үшін түрік және
мұсылман атаулары мағынасы жағынан тым жақын сөздерге айналды, тіпті
синоним болып кетті десек жаңылмаспыз. Түркілер Африка құрлығының ішкі
аймақтарында, Еуропаның орталық елдерінде, Азия құрлығының көптеген
түкпірлерінде исламдық құрылымдар мен ұғымдарды апарып орналастырған,
әділеттіліктің белгісіне айналған мұсылман халқы болды. Түріктер бұрынғы
діндердің ешқайсысына осындай берік болып, құрбандыққа жанын қиған емес
еді.
Түркілердің дәстүрлі дүниетанымы идеологиялық дағдарысқа ұшырағанда,
түркі билеушілері ел үшін жаңа идея іздеді. Ал әлемдік діндердің бірқатары
түркі мемлекеттерінде жетекші идеялық дәрежеге жетуге ұмтылып,
миссиоиерлікпен айналысты. Солардың негізгілері христиаң, иудаизм және
манихей діндері.Бірақ, бұл ілімдер түркілердің дәстүрлі дүниетанымымен
рухани, өркениеттік тұрғыда сәйкес келе алмады. Осы дінді қабылдаған
түркілер не осы дінді ұстанушы халықпен ассимиляцияға түсті, не өздеріне
тән мәдени-шаруашылық ерекшеліктерінен, бұрынғы саяси белсенділіктерінен
айырылды.
Осы кезеңдегі түркі қоғамындагы идеологиялық дағдарыстар жайлы .Д
Нұрғазина өз еңбегінде "дәстүр солып, мағынасын жоғалтып, тіпті сол табиғи
дін, мифология баяғысынан айырылып, өңін айналдырып, ішінен тоқырады,
зайырланды. Өтпелі кезеңде түркілер өзара толассыз қырқыс үстінде, тіпті
тәңіршілдіктің аз да болса рухынан, этикасынан айырылған дөрекі тайпалар
еді, дәлірек айтсақ, затшылдық рухы, дүниеқоңыздық бойларын жеңген тобырға
айнала бастаған. Айналысқандары - шабуыл, барымта, өз қандастарын
тұтқыңдап, Хорезм мен Мәуреннахрдың базарларына апарып сатты" [7.82.] деп
жазады. Л.Н.Гумилев діни идиологияның дағдарысы жайлы "халықтың
пассионарлық қуатының төмендеуі этникалық жүйенің соңғы фазасы - ыдырауға
жетелейді. Халықтың жауынгерлік рухы әлсіреп, соғысқа. келмеді. Тыныштықты
қалады. Хан төңірегіне топтасқан адамдардан гөрі оған разы емес көңіл
күйдегі адамдар саны өсті. Халық көңіл көтеруге икем болды. Көшпенділер
арасында ұрлық, соғыста жаны үшін қарсыластарына тұтқынға беріле салу етек
алды" [4.266.] деп жазады.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Ерте орта ғасырдан бері қараңғы ислам
әлемімен түркі мемлекеттерінің араласуы, мәдениеттерінің өзара
ықпалдастықтары қарастырылады. Негізінен арабтардың Орта Азияға келуінен
бастап, ресми дін ретінде қабылданған тұсы – Қарахан мемлекеті кезеңіне
дейінгі уақыттағы қарым – қатынастардың мәдени, саяси нәтижелерін
қарастыру. Әлемнің көптеген елдерін жаулап алған арабтар жүрген жерлерінде
дін таратуды негізгі нысанға қойды, бұл дегеніміз елдің мәдениетіне
түбегейлі өзгерістер әкелу. Бұдан түркі қағанаттары - түргештер,
қарлұқтар, қараханидтер тікелей өз бастарынан кешірді.
Түріктер мен арабтардың мәдени байланыстары пайда болғаннан бастап,
араб тарихшылары мен географтары, саяхатшылары мен саудагерлері өздерінің
еңбектеріне, қазақ жерінің сол кезеңдегі тарихы жөнінде жазып қалдырған.
Бұл бағытта Мәдени мұра бағдарламасы негізінде көптеген еңбектер
сұрыпталып, бір жүйеге келтіріліп жарияланды. Ислам діні түркілердің
ұлттық қасиеттерін қорғап қана қоймай, одан әрі дамытқан фактор болды.
Ислам дінін қабылдаған түркі халықтарының ешқайсысы да арабтанбаған,
керісінше арабтар, парсылар және монғолдар түріктеніп кетті. Мұны академик
В.В.Бартольдтің сөздері дәлелдейді: "Түріктердің араб-парсы мәдениетіне
толықтай берілуі ешқайда болған емес, түріктердің өз тілін жоғалтуы да
ешқайда кездескен емес" [3.382.] Ислам әлемінде жаңа пайда болған түркі
мемлекетінің жаңа қауымдастықта лайықты орынды иеленуді заңдастыруға
бағытталған. Ислам дәуірінде Шығыстан келіп жаулап алушы халықтар туралы
болжамдар исламдық діни жазбаларда, әсіресе хадистерде кең көрініс тапты.
10-11 ғасырлардағы Ислам әлемінің дін өкілдері үшін, академик В.В. Бартольд
айтқандай, шығыстағы түркілер, батыстағы берберлер сияқты дінді
құтқарушылар рөліне ие болды. Түркілердің батысқа қозғалысының алдын-ала
болжайтын Мұхаммед пайғамбардан жеткен хадистер келтіріле басталды. М.
Қашқари Пайғамбарымызға түскен хадистің бірінде "Менің шығыста бір әскерім
бар, түрік деген, егер мен бір халыққа ашулансам, оларды жазалауға осы
әскерімді жіберемін" [5.196 .] деп келтірген.
Исламият дәуірінде түркі тілдерінің зерттелуіне, үйретілуіне, жоғары оқу
орындарында (медреселер) сабақ ретінде оқытылуына мүмкіндік жасалды. Мұның
бәрі де мұсылмандардың түрік тілін зерттеуге және үйретуге қатты назар
бөлгенін дәлелдейді. Тәңір қолдауына ие түркі мемлекеті, түркі халқына қоса
енді түркі тілінің, мәдениетінің даңқы дәріптелді. М. Қашқари бұл тұрғыда:
"Егер сіз түрік жебесінен құтылғыңыз келсе, онда олардың тілін үйреніңіз!"
[5.196.] деп шын мәнісінде осы кезде дәрежесі төмендеп, ассимиляциялық
үрдіске іліне бастаған түрік тілін көтермелегісі келді. Ал басқа дінге
енген түркі тектес халықтардың тілден және ұлттық қасиеттерден айырылғаны
байқалады. Бұлғарлар мен мажарлар осының дәлелі.
Дипломдық жұмыстың объектісі – орта ғасырлардағы түрік және араб
мәдениетінің бір-бірімен өзара ықпалдасуы болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты. Ғылыми ізденісті зерттеу жұмысымыздың
негізгі мақсаты 8 - 12 ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуінен бастап
Қазақстан территориясындағы саяси өзгерістер мен мәдениеттер ықпалдастығын
зерттеп зерделеу. Осы кезеңдегі Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар
құрылымының қалыптасуына, сауда – саттық, мемлекетаралық қақтығыстарға
арабтардың тікелей ықпалының болуы. Бұл оқиғалардың бүгінгі күнде де
маңызды екенін түсіндіру жұмыстың негізгі мақсаты болып табылмақ.
Міндеттері:
1. Еуразияның үлкен бір бөлігін қамтитын Қазақстан территориясында 8 -
12ғасырлардағы арабтардың келуі қала мен дала мәдениетіне елеулі
өзгерістер енгізді. Осы кезеңдегі мәдени ықпалдастықтарды зерттеп,
зерделеу;
2. Ислам діні түркі тайпаларының арасына еніп, мемлекеттік құрылымға,
мәдени жаңалықтарға, саяси оқиғаларға барынша ықпал еткенін қарастыру.
3.Ерте орта ғасырлардағы түркі оқымыстыларының әлемге мәшһүрлігі ислам
дінінің әсері негізінде болды. Бұдан кейінгі мәдениеттердің қалыптасуының
өзіндік ерекшеліктерін анықтап, ой түсінігімізді кеңейтіп, жүйелеу.
Диплом жұмысының методологиялық және теоретикалық негізін тәртіп
аралық тәсіл, салыстырмалы анализ әдісі, феноменологиялық анализ әдісі
құрайды, сонымен бірге диалектика және тезаурус әдісі бар. Еңбекке мәдени-
саяси тәсіл ортақ болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлімі
екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Еңбектің кіріспесінде таңдалған тақырыптың өзектілігі, оның
ғылыми әдебиетте өңделген деңгейі көрсетілген, тақырыптың объектісі мен
пәні, мақсаты мен міндеттері анықталған, таңдалған тақырып анализінің
теоретика-методологиялық негізі ашылды.

Бірінші бөлім 8 – 12 ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуі және
қала мен дала мәдениеті. Араб түбегіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси
және этникалық үрдістердің барысында араб халқы қалыптасты және VII
ғасырдың бас кезінде жаңа діни жүйе - исламның негізінде мемлекет құрылды.
Мұнда феодалдық қатынастар калыптасып, нығайды, алайда рулық-тайпалық ұйым,
әсіресе көшпелілер арасында әлі күшті еді.
633 жылы арабтардың дін үшін соғыс деген ұранмен жаулап алушылык
жорықтары басталды. Аз уақыттың ішінде олар Иран, Сирия, Палестина, Египет,
Ирак жерлерін басып алып, Орта Азияның оңтүстік облыстарына жақындады.
Қоғам өмірінің деңгейінде, ислам өрісіне тартылған халықтардың
дәстүрлері мен тарихи тағдырларында елеулі айырмашылықтар болғанына
қарамастан, ұзаққа созылған күрделі өзара ықпал үрдісінің, сайып келгенде
олардың мәдениеті қабысуының нәтижесінде бірқатар халықтар үшін көп жағынан
ортақ араб-мұсылман мәдениеті қалыптасты. Түркілердің Ислам дінін
қабылдауының алғышарттары мен исламды қабылдау қарсаңындағы өміріне
тоқталатын болсақ, 8 – 12 ғасырларда біртұтастығынан айырылған түркі
ұлыстары жекелеген тайпалар мен билеушілердің табанды әрекеттеріне
қарамастан, бұрынғы даңқы мен билігіне қайта қол жеткізе алмады. Олар іс
жүзінде тәуелсіздіктерінен айырылып, қандай да бір дүниетанымдық бағдарсыз,
саяси мақсатсыз, бей-берекет өмір кешті. Ортағасырлық түркі қоғамындағы
идеология да дағдарысқа ұшырап, дәстүрлі билік өзгеріске түсті. Мысалы, 7 –
8 ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштерін талдау барысында бақсылардың
мемлекеттік маңызға ие тұлға екендіктері байқалмайды. Кейіннен түркі
қағанатының әлсіреуімен діни идеология дағдарысқа ұшырағанда бақсы-
шамандардың маңызды әлеуметтік рөлге ие болғандығын байқауға болады. Осы
орайда Худут әл-аламның анонимді авторы: "түркілер әрбір әдемі, ғажайып
нәрсеге табынды. Олар емшілерді құрметтеді. Оларды көрген бойда табынды.
Бұл емшілер олардың өмірлері мен мүлкін иемденді", [2.83.] деп жазуына
қарағанда бұрынғы шаман-бақсылар енді мемлекеттегі маңызды тұлғаларға
айналғандығын байқауға болады.
Ислам діні басқа діндерден гөрі адамдардың өз әлеуметтік-тұрмыстық
табиғатын барынша жетілдіруге жағдай туғызды. Ислам түркілердің бойында
өмірлік белсенділігін арттырып, саясат, экономика, тіпті соғыспен
шұғылдануға мүмкіндік беріп, түркі жұртының бойында рухани мен материалдық,
ұлттық пен жалпы адамдық, қатаң билеу мен демократия арасында белгілі бір
тума теңдестікті тудырды.
Түркілер Исламиятты қабылдаған соң Ислам әлемінде өздеріне тән
мәртебелі орынды иемденді. Алғашында арабтардың басқаруында болған олар
кейінірек саяси және әскери салада аса маңызды күшке қол жеткізді. Жазба
құжаттарда арабтардың түркілерді Исламнан бұрынырақ аз да болса білетіні
туралы мәліметтер келтіріледі. Екі халықтың тығыз қарым-қатынасы халифа
Әділетті Омар кезінде Иран мен Хорасан өлкелерінің мұсылман билігіне
енуінен кейін басталды. Деректер халифа әл-Мансур дәуірін (754-775)
түркілер Ислам әлемін терең сіңіп, үстем күш бола бастаған кезең деп
белгілейді. Халифа әл-Мамүн билеген 813-833 жж. Орта Азия мен Қазақстан
аймақтарынын маңыздылығы арта түседі. Оның билігі кезінде халифалықта
түркілердің күш-қуаты мейлінше артады. Халифа әл-Мұгтасым (833-842)
дәуірінде түркілердің халифат әскеріндегі маңызы одан әрі артып, әскердің
басым көпшілігі түркілерден ғана құралатын болады. Олардың ішінен көптеген
мемлекет қайраткерлері мен қолбасшылар шықты. Түркілерден құралған
түмендердің қаһармандығы мен соғыс өнері мұсылман елдерінде ғана емес,
сонымен қатар басқа да алып мемлекеттерде аңызға айналды. Бартольдтың
пікірінше мұсылмандардың Византияны (395-1453) түбегейлі жеңіліске ұшыратуы
халифалықта түрік билігі орнағаннан кейін ғана мүмкін болған [3. 83.].
Ислам діні түркі халықтарының ұлттық қасиеттерін сақтап қалды,
түрік тілі мемлекеттік мәртебеге жетті, ежелгі ақьндар мен қамдардың тілі
деңгейінен көтеріліп, халықаралық тілге айналды. Түрікше ресми, әдебиет,
өнер, ғылым тілі болды. Ислам дінінің ұстанымдарын берік ұстанған түркілер
билеуші саптың алдыңғы қатарында жүрді. Мұның нәтижесінде түркілердің
жерін шауып, үлкен қасіретке себеп болған моңғолдардың басым көпшілігі
түріктеніп және мұсылманданып кетті. Оңтүстік Сібір мен Моңғолияда қалған
моңғол тайпалары (бурят, калка т.б.) ғана бұл процестен тыс қалды, бірақ,
олар қытай-тибет мәдениетінің әсеріне ұшырап буддизмді қабылдады [2. 325.].
Ислам дінін қабылдауы түркілер үшін қоғамдық өмірде және халықаралық
сахнада жаңа бір саяси, әлеуметтік және мәдени келешегіне жолын ашты. Яғни,
Ислам монотеистік діннің соңғы жетілген нұсқасы ретінде түркілердің
этнопсихологиясына тез сіңіп бейімделген болатын. Мәселен, Ислам діні басқа
діндерден гөрі адамдардың өз әлеуметтік-тұрмыстық табиғатын барынша
жетілдіруге жағдай туғызды.
Екінші бөлім – Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы.
Ұзақ жылдар бойы ұмыт бола жаздаған ұлттық болмысымызды, тілімізді,
дінімізді, тарихымызды білуге еліміз егемендік алғаннан кейін ғана жол
ашылды. Соңғы жылдары қазақ халқының тарихы, дүниетанымы мен діни
нанымдары, еліміздін тарихы мен діни сенімдері туралы жаңаша көзқарастағы
ғылыми зерттеулер жарыққа шыға бастады. Сол себепті, түркілердің қай
заманда, қай жағдайда ислам дінін қабылдап, оның бірте-бірте жалпы ойлаудың
бір желісіне айналып, дін мен руханиятгың қалыптасуына игі әсер етуі
мәселесі маңызды орын алуда. Исламият алып елдердің, мәселен Әмәуи, Аббаси,
Селжұқ, Қарахан патшалықтары секілді әлемдік мемлекеттердің ресми діні
болған дәуірде, азат етілген немесе олжаланған өңірлердің тұрғындарын
жаппай дінге енгізу яки мұсылман болуға зорлау оқиғалары байкалмайды.
Әуелі, мұсылман еместерді мұсылмандандыру туралы қажеттілік және
мемлекеттік саясат болмаған секілді. Бодандар мен вассалдыққа алынған
елдерге толық еркіндік берілген. Ислам билігіндегі иудей, несториан,
православ, католик, будда діндерінің өкілдері еркін өмір сүрген. Олардың өз
дінін, тілін, әліппесін және ежелгі салт дәстүрін емін-еркін сақтап келгені
айқын. Бұл елдерде Ислам дінінің жайылуы ғасырларға созылған табиғи
процестерден кейін, яғни қабылдаушы адамдардың өз ықпалымен болғаны
байқалады[4.83.].
Іргелі сәулет өнері ортағасырлардағы сәулет өнерінің дәстүрлерінің
өнері негізінде дамыды. Қоғамдық және діни үйлердің сәулеті ислам
ережелеріне және мұсылман Шығысы елдері сәулет өнерінің жалпы бағытына
сәйкес дамиды. Діни кешендер ерекше дамыды. Олардың сәулеттік ұйытқысы
жинақы немесе алаңдардың шетіне орналасқан іргелі кұрылыстардан тұрған.
Орта ғасырлардағы іргелі құрылыстар туралы сәулеттік археология қосымша
мәліметтер береді. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудағы қазба жұмыстары
барысында мешіттер мен моншалар ашылды [48.22.]. Таразда екі монша қазылды.
Шығыс қалаларында моншаның қоғамдық құрылыстар қатарында көрнекті орын
алғаны мәлім. Қала тұрғындары өмірінде ол бірінші кезектегі рөлдердің бірін
атқарды.
Сәндік-қолданбалы өнер орта ғасырлар кезінде көбінесе ыдысты өрнектеу
ісінде, металда, әсіресе, кұрылыста көрінді. Үйлердің сәулетін безендіру
құрылыс материалдарымен және оның құрылымымен етене байланысты болған.
Жетісудың аса ірі қалаларының бірі - Баласағұндағы мешіт құрылысы 10 – 11
ғасырларға жатады. Мешіттің жұлынтұтасы сақталмағанымен, оның мұнарасы осы
күнге дейін қала жұрты үйінділерінен сорайып шығып тұр [37.41.].
Өзара қарым-қатынас жасасу нәтижесінде отырықшы қалашықтар мен көшпенді
тайпалар адамзаттың ежелгі мәдениеті алқасында маржандай-жарқыраған
таңғаларлық мәдениет жасай алды [11.3.].

1 VIII –XII ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуі және қала мен дала
мәдениеті

Ерте орта ғасырлардағы Арабтар мен түркілердің орта Азиядағы саяси тарихы

Араб түбегіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және этникалық
үрдістердің барысында араб халқы қалыптасты және VII ғасырдың бас кезінде
жаңа діни жүйе - исламның негізінде мемлекет құрылды. Мұнда феодалдық
қатынастар калыптасып, нығайды, алайда рулық-тайпалық ұйым, әсіресе
көшпелілер арасында әлі күшті еді.
Мұхаммед өлгеннен (632 ж.) кейін Араб түбегінің әр жерінде билік үшін
күрес өріс алды, халық қозғалысы басталды. Араб шонжарлары ішкі
қайшылықтарды әлсіретіп, дін басылары билейтін мемлекетті нығайту
мақсатында. соғыс олжасына кенелу үшін жаңа жерлерді жаулап алу жолына
түсті.
633 жылы арабтардың дін үшін соғыс деген ұранмен жаулап алушылык
жорықтары басталды. Аз уақыттың ішінде олар Иран, Сирия, Палестина, Египет,
Ирак жерлерін басып алып, Орта Азияның оңтүстік облыстарына жақындады.
Арабтардың жаулап алуы басталған қарсаңда Орта Азия мен Қазақстан
аумағының көп бөлігі Батыс түрік қағанатының билігінде болған еді. Орта
Азияның көп иеліктерін түрік немесе аралас текті әулеттер басқарды. Иран
тілдес халық пен түрік тілдес халық арасында тығыз жақындасушылық бәсең
алды. Шаруашылық қарым-қатынастар ұлғайып, экономикалық байланыстар өсті.
Бұл факторлар араб жаулап алушыларына бірлесіп тойтарыс беруді
ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды.
Түркештер шеп тайпасының көсемі Сұлуды жалпы түркеш елінің қағаны деп
жариялады. Түркеш қағаны Сұлу мемлекет басына келісімен аса күрделі
геосаясат жүргізуге мәжбүр болды. Жас қағандық шығыс-солтүстікте күн сайын
күшейіп келе жатқан Шығыс Түрік қағанатымен, шығыста Тань империясымен,
оңтүстікте Тань империясының өзіне қауіп төндіріп тұрған қуатты
тибеттіктермен, батыс-оңтүстікте Мәуреннахрға ішкерілей кіріп келе жатқан
араб халифатымен, сондай-ақ осынау мазасыз көршілері арасында біресе оған,
біресе бұған бағыныштылығын білдіріп, жалтақтап отыратын, сенімсіз
соғдылармен де байланыста болуға, икемді дипломатия жүргізуге тура келді.
Сұлу қайырымды ел басқаруда ақыл айласы мол адам еді. Әр жолғы соғыста
түскен олжаны қолбасшыларымен әділ бөлісіп отырды. Сұлу қаған кезінде
Түркеш билеушілерінің Тань патшалығы мен барыс-келіс қарым-қатынасының
едәуір жиі болғандығы жайында Қытай жылнамаларында деректер біраз баршылық
[13.74].
Арабтар 705 жылы шапқыншылықтар тактикасынан Әмударияның шығыс
жағындағы аймақ - Мауренахрды жаулап алуға көшті. Хорасан билеушісі Кутейба
ибн Муслим Балхты басып алып, 706 жылы Бұхараға қарай беттеді. Түркештер
соғдылықтарға көмекке келді. Түріктер мен соғдылардың біріккен қолы араб
әскерлеріне қатты соққы беріп, оларды қоршап алды. Хорасан билеушісі
Кутейбаның алдап-арбауының арқасында ғана одақтастарды біріне-бірін айдап
салып, қоршаудан шығып кетуге мүмкіндік туды. 708 жылы Кутейба Рамитанды
(Бұхара облысындағы қала) ұрыссыз алды, бірақ жеңісін баянды ете алмады.
709 жылы Кутейба Мауреннахрға тағы да аттанып, Бұхараның маңына таяп келді.
Түрік-соғды тобы араб әскеріне елеулі соққы берді. Кутейба тағы да алдап-
арбау тактикасын қолданып, соғды патшасы Тархұнды түріктердің көмегінен бас
тартуға мәжбүр етті, ал араб әскері Бұхараны басып алды [15.65.].
Түркештер өз елінің тәуелсіздігі мен бостандығын сақтап қалу жолында
Таң империясымен уақытша одақтасып, басқа көршілеріне қыр көрсету бағытын
ұстанамын деп 711 жылға келгенде Шығыс Түрік қағанатының тегеурінді
соққысына ұшырап, қағанынан да, елдігінен де айрылды да, 715 жылға дейін
бұлғақ кезеңді басынан өткізуге мәжбүр болды.
712 жылы Кутейба хорезмшах пен бұхархудат әскерлерімен бірге
Самарқандқа бет алды. Соғдылықтар Шаш патшасынан, түрік қағанынан және
Ферғана ихшидынан көмек сұрады. Одақтастарды түрік қағанының кіші баласы
Инел-қаған басқарды [1.1]. Соғды патшасы Гуракқа көмекке келе жатқан қолдың
жолын жансыздар арқылы біліп алған арабтар торуыл жасап, ақсүйек
жауынгерлерден құрылған тандаулы түрік отрядын талқандады. Самарқанд бір ай
бойы корғанғанымен, ақырында Гурак Самарқанд үшін өте ауыр шартқа қол қоюға
мәжбүр болды. Қалада көтеріліс болуынан қауіптеніп, Кутейба осында өзінің
отрядын қалдырды.
712 жылы Орта Азияға түргештерді талқандаған Шығыс түріктерінің қағаны
Мочжоның әскері келді. Мочжо әскері соғды халқын жайғастыру үшін
Сырдариядан жүзіп өтті. Бұл кезде самарқандықтар араб билеушісіне қарсы
көтерілген болатын, тап осы кезде оған түрік қағаны келіп шабуыл жасады.
Бірақ бұған Кутейба келіп үлгеріп, араб гарнизонын толық талқандалудан
сақтап қалды. 712-713 жылдары түріктердің, соғдылардың, шаштықтардың және
ферғаналықтардың біріккен қолы арабтарға қарсы шықты. Бұған жауап ретінде
Кутейба калың қол жинап, отрядтарын Ферғана мен Шашқа жіберді. Шаш
қоныстарының көпшілігі өртеп жіберілді [12.27].
714 жылы Кутейба Шашты басып алып, Испиджабқа жорық жасады. Ол
Мауреннахрдағы араб үстемдігіне Түркеш қағанаты мен Орта Азия мемлекеттері
одағының қандай қауіп төндіретінін түсінген еді [3.141.].
Сұлу аз уақыттың ішінде шаңырағы шайқала бастаған Түркеш қағандығын
қалпына келтірумен бірге екі майданда бірдей соғысты. Оның бірі - батыстағы
мықты жауы арабтар еді. Арабтардың жеңілу көрмеген әскеріне 714-715 жылдары
Сұлу әскері Сырдариядан бірнеше рет өте шабуылдап, бірнеше рет шегініп
қайтты. Ақыры арабтарға қарсы күрескен жергілікті халықтың көмегіне
сүйеніп, оларды Мауреннахрдан қуып шықты. Ал екінші майдан Қытай тарапынан
шықты. Олар Батыс Түркі қағанындағы ру бектерін желіктіріп, Сұлуға қарсы
күш ретінде пайдалануды көздеді.
Сұлу қаған дипломатиялық көрегендік танытып, 717 жылы Тань
империясының астанасы Чананьға аттанды. Оның артынша өзіне қауіпті деген
патшалармен құдалас болып, Ашин руының Батыс Түркі қағанының тұқымынан
шыққан қызға үйленді. Қапағанның орнында Шығыс Түркі қағандығының тағында
отырған Білге қағанның қызын екінші әйелдікке алды. Сұлу үшінші жолы Тибет
патшасының қызымен некелесті. Өз баласын - Білге кағанның қызына
үйлендіреді. Бұдан кейін оның өз көршілерімен достық қарым-қатынасы
бұзылмады. Түркістанда Сұлудың егеменділігін жоюға бағытталған Қытай
басшыларының әрекеттері қарсылыққа тап болып, тоқтап қалды [39.51.].
723 жылы Ферғана қарлұқтары түріктермен және шаштықтармен бірігіп,
арабтарды мықтап жеңді де, оларды Ходженттен Самарқандқа дейін қуды.
Күресте екі жақ кезек жеңіп отырды. 724 жылы араб әскері Ферғанаға кіріп,
оның астанасы Қасанды қоршап алды. Ферғаналықтарға Сұлу бастаған түркештер
көмекке келді. Арабтар асығыс кейін шегіне бастады, бірақ Шаш пен Ферғана
әскерлері оларды Сырдариядан күтіп алып, қирата соққы берді, бұл арабтарды
ұзақ қорғанысқа көшуге мәжбүр етті.
728-729 жылдар арасындағы Самарқан мен Бұхара тұрғындарының қатысуымен
біраз уақыт Соғды арабтардан арылып, тек Самарқан басшыларының билігінде
қалады. 730 жылы арабтар біраз жеңістерге қол жеткізгенмен, 731 немесе 732
жылы Күше мен Самарқан аралығындағы тауларда, кейін Кермин түбінде
түркештерден жеңіліс табады. Тек 732 жылдың аяғында ғана араб қолбасшысы
Джунейд Абдаллах түркештерді жеңіп, Бұхараға кіреді [6.101.].
Түркештер өздерінің дәуірлеп тұрған кезеңінде Мауреннахрға билік
жүргізуде арабтармен таласатын құдіретті күшке айналды. Түркештер әскер
күшімен қолдаған халық көтерілістері нәтижесіңде арабтар Мауреннахрдан
түгел дерлік куылды. Түркештердің қағаны арабтарға қарсы батыл қимыл
жасады, мұнысы үшін арабтар оған Әбу Музахим (Сүзеген) деген ат қойды.
737 жылы ол арабтарға қарсы аттанып, Тоқарстанға дейін жетті, мұнда
қарлұқтардың жабғуымен бірікті. Алайда Сұлу қағанға соғдылықтар батыл
қолдау көрсетпей, түркілер жағы ауыз бірліксіз жағдайда болып, Сұлу тас-
талқан болып жеңілді. Жетісуға кайтып келген (737 ж.) ол өз армиясының
қолбасшысы Кули-Чордың қолынан қаза табады [7.26.].
Араб шабуылынан қашқан соғды шаруалары, қолөнершілері және
саудагерлері Түркеш қағандығының аумағына келіп кіреді.
Араб шапқыншылығы Орта Азия халқының, сонымен бірге Түркеш
қағандығының саяси, шаруашылық өмірін қиындата түсті. Түркеш билеушілерінің
өз ішінде үкімет билігіне таласқан қырқыс өрістей берді.
Сұлу қағанды өлтірген соң, Кули-Чор Суяб қаласына келіп, қаған тағына
отырады. Тань әскерлері Түркеш қағандығының астанасы Суяб және Талас
қалаларына шабуыл жасап, басып алады. Хорасанның жаңа араб басшысы Кули-
Чорды қамауға алып, өлім жазасына кеседі.
Түркеш қағанатының әлсіреуін пайдаланып, Хорасандағы араб билеушісі
Насыр ибн Сейяр 737-748 жылдары Орта Азияның бірқатар аймақтары мен
Қазақстанның оңтүстігіне бірнеше рет жаулап алушылық жорықтар жасады.
Арабтарға қарсы күрес жалғастырыла берді, жер-жерде арабтарға қарсы бой
көрсетулер болды, бірақ бұлар қарудың күшімен жаншылып басылды. 737-739
жылдары Насыр ибн Сейяр Самарқандтағы, Шаштағы, Фарабтағы көтерілістерді
тұншықтырды.
Тань патшалығы 742 жылы Ашина тайпасының бір адамын түркештерге "он оқ
караны" деп тағайындайды. Одан кейін Түргеш қағандығына Елеңміш Құтлық
білге қаған (747-753 ж.), Тәңірі Ілміш қаған (753-756 ж.), Ата Бойша қаған
(756-766 ж.) билік жүргізді [37.165.].
Қытай Шығыс Түркістаңды, одан соң 748 жылы түркештердің астанасы Суяб
қаласын басып алды, ал келесі 749 жылы Қытай армиясы жалпы саны 70 мың
әскермен Шашты жаулап, Шаш патшасын өлтірді. Сол жылы қытай армиясы
Тараздағы араб армиясын қоршауға түсірді. Араб қолбасшысы Абу Мүслим
қоршауда қалғандарды құтқару үшін бір отряд аттандырды және Түркеш
мемлекетіне елші жіберіп, қоршаудағы араб әскерін қытайлықтардан құтқаруға
көмектессе, араб әскерлерін Самарқан мен Бұқараға алып кететіні туралы уәде
береді.
751 жылы шілдеде Талас өзенінің бойында қарсылас екі армия кездесіп,
бірнеше күн бойы соғыс бастауға батпайды. Бесінші күні, яғни 30 маусымда
қытайлықтардың тылына кенеттен түркештер мен қарлұқтар шабуыл жасайды 751
жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласының түбінде араб қолбасшысы Зияд ибн
Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сянь Чжидің арасында орасан зор шайқас
болды. Дәл сол 30 маусымда қарсы майдандағы шабуылды арабтар бастайды.
Қатыгез соғыс 30 маусымнан 29 шілдеге дейін созылады Шешуші кезде қытай
тылында қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шықты. Қытай әскері
түгелдей талқандалады. Араб тарихшысының айтуынша, 45 мың қытайлық соғыс
даласында өліп, 25 мыңы тұтқынға алынады [44. 123.].
Қытай армиясының қолбасшысы Гао Сянь Чжи тұтқынға түсті және
өлтірілді, ал қытай деректері бойынша, Гао Сянь Чжидің Талас шайқасына
қатысқан барлық әскер саны отыз мың адам деп көрсетілген.
Түргештер мен қарлұқтар, арабтар орасан мол олжаға батты, ал тұтқындар
арасындағы қытай қолөнершілері, Самарқанд пен Бағдадқа жеткізіліп, қағаз
шығарумен және жібек иіріп, тоқумен айналысатын шеберханалар ашуға
пайдаланылды [7.56.].
8 ғасырдың ортасына дейін Орта Азияның біраз бөлігін жаулап алған араб
әскерлері Түркеш қағандығының жеріне төніп келе жатты. Түркеш қағандығы
соңғы кезде сары түркеш және қара түркеш болып екіге бөлінген. Сары
түркештер негізінен Іле бойының байырғы тұрғындары еді, ал қара түркештер
бұл өңірге кейінірек келгендер болатын. Бірақ оларды дәуір қыспағы
біріктіріп жіберген. Сары түркештердің ордасы Шу өзені жағасындағы Суяб
(Сояб) қаласында, Қара түркеш ордасы Талас өзені бойында еді. Сары
түркештер мен қара түркештер арасындағы таққа талас 20 жылға созылды.
Ұйғырлар қарлұқтармен соғысты. Соғыста ойсырап жеңілген соң, Батысқа
жөңкіле көшіп барды да, Түркеш қағанатының біржола күйреуіне себепші болды.
Бұл 766 жыл болатын. Тань әскерлерін талқандауда елеулі рөл атқарған
қарлұқтар Жетісуда өз жағдайын нығайта түсті. Алайда түркештердің орнын
басу жолындағы күресте оғыздар қарлұқтарға батыл қарсылық көрсетті. Осы
күрестің нәтижесінде оғыздар Жетісуды тастап, Сырдарияға кетуге мәжбүр
болды. Жетісуда саяси үстемдігін орнату жолындағы жиырма жылға созылған
күрес қарлұқтардың жеңісімен аяқталып, 766 жылы Түркеш қағанатының Суяб пен
Тараздағы ордалары алынды. Бұл оқиғалар туралы әл-Марвазу былайша еске
алады: Қарлұқтар бұрын Тулис тауын (Алтайдағы) жайлады және тоғыз-
оғыздардың құлдары болды. Кейін олар мырзаларына қарсы бас көтеріп,
түркештер елін жаулап алды да, исламдыққа бет бұрды. Қарлұқтардың бір
бөлігі Қашқарды басып алды, ал қалғандары (8ғ. соңына қарай) Ферғанада өз
билігін орнатты. X ғасырға келгенде қарлұқ тайпалары Алакөл қазан шұңқыры
мен Сырдарияның орта ағысы арасындағы территорияға өзінің саяси үстемдігін
орнатты [22.84.].
8 ғасырдың орта шеніне дейін қарлұқ қоғамында белгілі бір иерархиялық
билік сатысы қалыптасқан көрінеді. Қарлұқ тайпасының басшысы жабғу (ябгу)
лауазымына, ал оның көмекшісі - кудеркин лауазымына ие болды. Ру
бірлестіктерінің басында елтеберлер, ал ру-қауым басында бектер отырды.
Бектер мен елтеберлер, сондай-ақ, әскери басшылық қызметтерін де атқарды.
Түрік шежіресінде Әбілғазы қарлұқ көсемдерінің сайлап қойылатындығы
туралы: өз ортасынан ең таңдаулы кісіні билеуші етіп сайлайды, ал ол
олгеннен кейін тағы да басқа біреуін сайлап алады, - деп жазды ол
[27.201.].
Жетісуды қарлұқтар жаулап алғаннан кейін 8 ғасырдың орта шенінен бастап,
жабғу күллі тайпалардың билеушісіне айналады. Әйтсе де, билігі аса құзырлы
емес еді. Өйткені ірі тайпалар мен рулар (шігіл, тухси, яғма) басшылары
өздерінің еншілеп алған, сыбағалы ел-жеріне сүйеніп, олар жоғарғы
билеушіден тәуелсіз болуға ұмтылды [30.94.].
8 – 9 ғасырларда қарлұқтар Жоңғария мен Шығыс Түркістандағы үстемдігін
нығайту үшін ұйғырларға қарсы соғыс жүргізіп қана қоймай, Мәуреннахрдың
солтүстігі немесе Оңтүстік Қазақстанға кіре берістегі жерлерді жаулап алу
мақсатындағы арабтардың қысымына төтеп беріп отырды. 8 ғасырдың аяқ кезінде
жабғу Шаш түріктерімен және тибеттіктермен одақ құрды. Одақтастар
ұйғырларды оңтүстікке қарай ығыстырып, қарлұқтар Жоңғарияны басып алған
еді. Бірақ 791 жылы Бешбалық түбінде ұйғыр әскерлерімен болған шайқаста
қарлұқтар оңбай жеңілді. 812 жылы ұйғырлар қарлұқ және тибеттіктерге
күйрете соққы берін, оларды Ферғанаға дейін қуып тастады. Бұл оқиға қарлұқ
жабғуын Моңғолияның Қарабалғасындағы ұйғыр қағанының билігіне бағынуға
мәжбүр етті. Ал Жетісу және Ферғанада орныққан қарлұқтар Мәуреннахр жеріне
басып кірген араб жаулап алушыларымен күрес жүргізді.
Бірақ арабтар Ферғананы жаулап алу мақсатынан таймады. Халиф әл-Махди
(775 - 785) өз елшілері арқылы қарлұқтардың өздеріне бағынуын талап етті.
Ұйғырлармен күресіп жатқан қарлұқ жабғуы өз тылының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін бұл жолы халифтің талабын қабылдады. Алайда 712 - 793
жылдары Амир бен Джамил басқарған араб жасағы бұл жерден қарлұқтар әскерін
ығыстырып шығу үшін Ферғанаға жіберілді. 9 ғасырдың басында Мәуреннахрда
қарлұқтардың бас көтерулері жиілеп кетті. 806 жылы Рафи ибн Лейс жетекшілік
еткен жергілікті халық Шаш түріктері және қарлүқ жабғуын арабтарға қарсы
күреске шақырған еді. Жабғу әскері көтерілісшілерге 809 жылға дейін қолдау
көрсетті.
Ибн-әл-Асирдың мәліметтері бойынша, көтеріліс басылғаннан кейін арабтар
қарлұқтарға күш көрсетіп, Құлан қаласына дейін барды, бірақ табысқа жете
алмады. 811 жылы халиф Мамун өз інісі Аминға қарсы соғыс ашты, осыны
пайдаланып, қарлұқ жабғуы арабтарға бағынудан бас тартты, ал Отырар
билеушісі оған алым-салық төлеуді қойған еді. 812 жылғы ұйғырлармен болған
соғыстағы қарлұқтардың жеңілісін пайдаланып, арабтар оларға қарсы жорыққа
аттанды. Отырар маңында араб қолбасшысы Фадл-бен-Сахл қарлұқ әскерін
талқандап, жабғудың әйелдері мен балаларын тұтқынға алады. Жабғудың өзі
қашып кетеді [37.168.].
9 ғасырдың орта тұсында Орта және Орталық Азиядағы қарлұқтар мемлекетінің
тағдырына әсер еткен ірі-ірі саяси оқиғалар болды. Орта Азия халықтарының
араб басқыншыларымен жүргізіп келген толассыз күресі салдарынан әлсіреуі
жергілікті билеушілердің өз қара басының қамына қолайлы жағдай туғызды.
Осыдан бастап Хорасан мен Мәуреннахрда жергілікті тохарларды билеген
саманиліктер әулеті билік жүргізе бастады. 840 жылы шығыста қырғыздар
ұйғырларға табанды қарсылық көрсетіп, жеңіске жетті. Жеңілгеннен кейін
ұйғырлардың басым бөлігі Шығыс Түркістанға және Гансуға қоныс аударып,
Тұрфан мен Гуанчжоуда жеке-жеке екі мемлекет құрды. Қарлұқ жабғуы аймақта
қалыптасқан жағдайды пайдаланып, мұнан былай бұл өлкенің жоғарғы билігіне
жалғыз өзі ие екендігін мәлімдеп, 841 жылы жаңа қаған лауазымын қабылдады
[47.9.]. Әл-Масуди қарлұқтардың арасынан Афрасиаб және Ашина әулетінен
хандардың ханы (қаған) шыққанын және ол аймақтағы күллі түрік тайпаларының
үстінен билік жүргізе алатынын мәлімдейді. Ашинаның үрім-бұтағы болу қарлұқ
көсемдеріне ескі ябғу лауазымын ысырып тастап, жаңа қаған лауазымын
қабылдауға мүмкіндік берді.
766 жылы Жетісуда билікті басып алғаннан кейін арабтарға қарсы күресті
қарлұқ жабғуы басқарды. Ферғана қарлұқтарының күресі жандана түсті. 8
ғасырдың екінші жартысында арабтар халықты тыю үшін Ферғанаға бірнеше рет
жорық жасады. Жетісу қарлұқтары өз тайпаластарын қолдады, осы себепті 792-
793 жылдары Гитриф ибн Ата қарлұқ жабғуын ығыстырып шығару үшін Ферғанаға
Әмір ибн Жамилді жіберді [6, 115]. 8 ғасырдың екінші жартысы қауырт тарихи
оқиғаларға, көтерілістер мен бүліктерге толы. Арабтарға карсы және
мұсылмандыққа қарсы сипаттағы ең күшті халық көтерілісі Орта Азиядағы
Муканна қозғалысы болды, оны Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың түрік
тайпалары қолдады. Халық көтерілістері 9 ғасырдың бас кезінде де тоқталған
жоқ. 806 жылы Соғдыда Рафи ибн Лейс бастаған бүлік шықты, оған Шаштың
билеушісі өзінің түріктерімен, қарлұқтар, тоғыз-оғыздар және тибеттіктер
қатысты. Арабтар бүлікті басып, 810 жылы қарлұқтардың қаласы Құланға
(қазіргі Луговое қонысы) жорық ұйымдастырды. Хорасанның билеушісі Мамұн 811
жылы халиф Әминмен соғыс басталар алдында өзінің уәзірі Фадл ибн Сахлге
маған соғысты ең бір қолайсыз жағдайда, қарлұқ жабғуы бағынудан қалып
тұрған кезде бастауға тура келіп тұр деп шағынады. Отырар патшасы бұрын
төлеп жүрген алымын төлеуден бас тартады. Фадл Мамұнға жабғуға хат жазып,
оның қазір иеленіп отырған аймақтарын сыйлыққа беріңіз, ал Отырар
патшасынан рақымдылық ретінде бір жыл алым алмайтын болыңыз деп ақыл берді.
Бірақ бітімге келудің сәті түспеді [9.294.].
Феодалдық қатынастар дамыды. Қалалар тізбегі Ыстықкөлден Исфиджабқа
дейін созылды. Тараз қаласының оңтүстігінде Атлах, Жамукент қалалары Құлан,
Меркі қалалары болды. Шу өзенінің алқабында Баласағұн, Іле өзені алқабында
Қойлық, Екіөгіз қаласы бар еді. Қарлұқ қағандығының орталығы Қойлық қаласы
болды. Қалаларда қолөнер, сауда дамыды. Қарлұқ қағандығын басып өтетін
Қытай мен Батыс елдері арасындағы ежелгі "Жібек жолы" қарлұқ елінің саяси
шаруашылық және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарды.
Қарлұқтар ұйғырлардан ойсырай жеңілген жылы (812 ж.) Фадл ибн Сахл
Отырар аймағына басып кірді, онда шекаралық қамалдың бастығын өлтіріп,
қарлұқтар жабғуының екі баласы мен әйелін тұтқынға алды, ал жабғудың өзін
кимектер еліне барып бас сауғалауға мәжбүр етті. Бірақ бұдан кейін де
жағдай тынышталмады. Араб тарихшылары Фарабтың, Испиджабтың және Шаштың
арабтар үшін ең бір тынышсыз иеліктер болғанын атап өтеді [25.173.].
Қарлұқ мемлекеті Жетісу қалаларына сүйеніп, өз мәртебесін сақтап қалды
Яғбудың баюына аббасид халифының гвардиясы үшін Түркі құлдарын сатуға
көмектесті. Және Қытайға жүрген саудагерлерге Тараздан Ыстықкөлге дейін
бақылау орнату көп пайда әкелді. Арабтар Ферғанадан қарлұқтарды қуып шығуға
әрекеттенгеніне қарамастан, олардың ықпалы күшейе түсті. Ябғу үшін ең
қауіпті жағдай халифтің белгілі қолдаушысы Әл-Манун Фадлх ибн Сахланың
жорығы болды. Арабтар 812-817 жылдары Отырар аймағына жорық жасады. Онда
қарлұқтардың шекаралық күзетінің бастығы өлтірілді. Содан соң яғбудың
отбасы тұтқынға алынды. Ал қарлұқ яғбуының өзі қимақтарға қашып жетті.
Басқыншылардан қарлұқтардың шекаралық отрядының жеңілуі қарлұқ яғбуы үшін
батыс шекарада шиеленісті жағдай туғызды.
Ру басшыларының өзара билікке таласып, қырқысуы қарлұқтардың
тұтастығын сақтауға үлкен кедергілер келтіре бастады. Осындай қырқыстардың
нәтижесінде Қарлұқ қағандығы құлады. Сонымен қатар осы кезде араб
басқыншылары оңтүстіктен еніп келе жатқан болатын. Құлаған Қарлұқ
мемлекетінің орнына Қарахан мемлекеті құрылды. Ежелгі үйсіндердің
атамекенін негізгі орталық еткен қарлүқ қағандығы 170 жылдан астам өмір
сүріп, 940 жылы құлады. Қарлұқ қағандығы Орта Азия тарихында маңызды орын
алды. Қарлұқтар – көшпелі оғыздар тайпасының бір тобы. Қарлұқ мемлекетінің
батысында қыпшақ тайпалары мекендеді, ал оңтүстікте қарлұқтар Шығыс
Түркістанмен шектесті. Көрші елдермен қарым-қатынас жасау қала мәдениетін
өсірумен бірге сырттан басқа діннің келуіне де қолайлы жағдай жасады. Ислам
дінін қолдаушылар шықты. Қарлұқтар ислам әлеміне таяу тұрған түріктер еді.
Сондықтан да мұсылмаңдық олардың арасына басқа түрік тайпаларынан ертерек
таралып орнықты. Ең алғашқы ислам түрік мемлекеті болып табылатын
Қараханиттердің орнығып, хандық құруына қарлұқтар айтарлықтай үлес қосқан
болатын [20.69.].
Қарлұқтардың яғбуларынан шыққан Білге Күл Қадыр кейін Қарахан
мемлекетінің қағаны болады [22.84.].
9 ғасырдың бас кезінде араб халифатының бұрынғы саяси бірлігі бұзыла
бастады. Мауренахр халықтарының арабтарға қарсы толассыз күресі мұнда
жергілікті феодал ақсүйектердің билікті басып алуына қолайлы жағдай
туғызды. 9 ғасырдың 20-жылдарынан бастап Хорасан мен Мауараннахрды
жергілікті Тахирилер мен Саманилердің әулеті
биледі, олар Бағдатқа салық төлеп тұрды, ал басқа жағынан шын мәнінде
тәуелсіз болды.
Араб үстемдігі Оңтүстік Қазақстанның халифат кұрамына кірген тек бір
бөлігінде ғана жүрді. Ал Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың ұланғайыр
аймағында арабтардың жаулап алуының елеулі зардаптары тек 10 – 12
ғасырларда ғана білінді.
Халифаттың билеуші үстем топтары байлық жинау үшін, өз билігін нығайту
үшін Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде әділетсіз соғыстар жүргізді.
Сонымен бірге араб жаулап алушылығы тек сыртқы фактор болып қана қойған
жоқ, ол халифаттың қол астында болған жерлердің әлеуметтік-экономикалық,
саяси және мәдени өмірінде, ондағы этникалық және тілдік үрдістерде өз ізін
қалдырды.
Бағындырылған халықтар зорлық-зомбылық көрді, жері мен малынан
айрылды, екі жақты езгіге - араб ақсүйектері мен жергілікті шонжарлардың
езгісіне түсті. Арабтардың Мауараннахрда жеңістерге жетуі Батыс түрік және
Түркеш қағанаттарының ыдырауына себепші болды. Сонымен қатар сыртқы қауіп
түрік тайпаларының: қарлұқтардың, оғыздардың топтасуына жағдай жасады
[52.265.].
Зерттеушілер Муканна көтерілісі (776 - 780 жж.) талқандалғаннан кейін
Мауреннахрда ислам біржола орныққан деп санайды.. Орта Азияның қызмет
атқарушы шонжарлары халифтер сарайында барған сайын зор рөл атқарды. Орта
Азия мен Таяу Шығыс жедел жақындаса бастайды. Осының бәрі халифатқа қараған
түрлі халықтар мәдениетінің елеулі бірлігінің орнауына себепші болмай тұра
алмады. Зерттеушілердің атап өткеніндей, Хорасан мен Мауреннахр
мәдениеттерінің қосылуы ерекше жедел жүріп жатты [11. 6].
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу бұл үрдістерден шет қалмады. Сырда-
рияның орталығы да, Жетісу да халифаттың құрамына кірмегенімен, араб
халифатының, ал содан соң Саманилер мен Қарахандар мемлекеттерінің саяси,
экономикалық және мәдени қатынастары аясына тартылуы сияқты, Орта Азиядан
біршама кейіндеп қалса да, олардың мұсылмандануы едәуір жедел жүріп жатты.
Тарихшылар мен археологтардың зерттеулерінде мұсылмандар дүниесі
өркениетінің ұлан-байтақ жүйесін құрушылардың бірі болып табылатын орта
ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның қалалық өркениетінің едәуір ішкі
бірлігі атап көрсетіледі [44. 161].
Сол кезде қала жағдайы өзгерді. Бірінші кезекте 6 – 8 ғасырларда
болғанындай, қала феодалдың ордасынан әкімшілік орталыққа, мемлекет өкілі
болып табылатын билік ордасына айналды. 9 ғасырдың басына қарай каланың
елеулі өзгерістерсіз бүкіл орта ғасырлар бойы тіршілік еткен үлгісі
қалыптасты. Қала мәдениетінің дамуында жаңа дін - ислам маңызды рөл атқара
бастады [42.84.].
10 ғасырдың басында Қарахандар әулетінің негізін қалаушы Сатуқ ислам
дінін қабылдады, ал оның ұлы Богра-хан Харуб Мұса 960 жылы исламды
мемлекеттік дін деп жариялады [54.213.]. Мұсылман діні бірінші кезекте
қалаларда таралды. Ибн Хордадбек Фарабтың бас қаласы Кедердегі мұсылман
топтары туралы айтады [54. 220]. Ибн Хаукаль Фараб, Кеңжиде мен Шаш
аралығында көшіп жүрген мұсылман түріктер туралы хабарлайды. Әл-Макдиси
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың 10 ғасырдың аяғындағы қалаларын атай
келіп, мешіттерді қалалардағы міндетті құрылыстардың бірі ретінде атайды
[46.59.].
Археологиялық зерттеулер нарративтік деректемелердің мәліметтерін
растайды. Құйрықтөбе қаласының жұртын казған кезде 10 – 13 ғасырдың басында
салынған деп санайтын ғибадатханалы мешіт табылды. Төменгі Сырдариядағы
және Тараздағы мұсылман сәулет өнерінің діни құрылыстары неғұрлым кейінгі
кезеңге жатады. Мешіт пен мұнара әкімшілік биліктің және билік
басындағылардың дінге адалдығының нышанын білдірген [36.242.].
10 ғасырдан бастап мұсылмандық жерлеу ғұрпы таралады. 10 – 11
ғасырларға жататын ең ертедегі мұсылман кабірлері Құйрықтөбеге жақын жерден
табылды [49.165.]. 11 – 13 ғасырдың басында мұсылмандардың жерлеу ғұрпы
Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда кеңінен тарай бастады. Исламның
таралуымен қатар қала халқы арасында пұтқа табынушылық әлі де сақталады.
Зерттеушілер Орта Азия халықтары үшін ислам олардың рухани-діни
түсініктерін толық ығыстырып шықпағанын атап өтеді. Мұны археологиялык
материалдар дәлелдейді. Мұсылмандық табынушылыққа өте-мөте құлай
берілгендер Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды 766 жылы жаулап алып, онда
саяси билігін жүргізіп тұрған қарлұқтар болды. Олар мұсылман дінін, тіпті
сонау Мехди халиф (775-785) кезінде қабылдады деген пікір де бар[20, 16].
893 жылы саманилік әмір Исмаил ибн Ахмет өз империясының солтүстік-шығыс
шекарасын қауіпсіз етуге ұмтылып бақты. Бірақ Қарлұқ қағаны Оғұлшақ
Қадырхан ұзақ уақытқа созылған қоршауға төтеп берді. Ақыры наурыз-сәуір
айларында қала құлады.
Исмаил олардың астанасы Таразды басып алып, патшаның әйелін және 10000
адамды тұтқынға алды. Ол қолға түскендердің көбін өлтіріп, көптеген ат-
көлігін алды, алғандарының бәрін санап шығу мүмкін емес, олжаны бөліске
салу кезінде әрбір мұсылман салт аттыға 1000 дирхемнен келді. Тараздың
әмірі жауға берілді және сансыз көп диқандарымен бірге исламды қабылдады,
мұндағы үлкен шіркеу мешітке айналды.
Қарлұқтар исламды қабылдау арқылы Тараздың саяси тәуелсіздігін сақтап
қалды. Қарлұқ басшылары саманиліктердің жергілікті иеліктерін өзге түрік
тайпаларынан қорғауға міндеттенді. Соның нәтижесінде Тараз бен Исфиджаб
саманиліктер қазынасына салық (харадж) төлеуден босатылды.
Әл-Мақдисидің хабарлауы бойынша, тек Талас пен Шу өзендері аралығында
жатқан Қарлұқтың орда қаласының билеушісі бұрынғысынша Исфиджаб билеушісіне
сый-сияпат жөнелтіп тұрды23. Саманиліктер сөйтіп күллі Исфиджаб округіне өз
ықпалын жүргізіп, халық арасында ислам дінін таратуға күш салып отырды.
X ғасырдың алғашқы ширегінде қарлұқ бірлестігінің ұлан-ғайыр аумағында
тайпалар арасында өзара бөлшектену күшейе түсті. Осыны пайдаланып,
Қашқардың түрік қолбасшылары 940 жылы Баласағүнды басып алды. Қарлұқ
мемлекеті күйреп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі мәдениеті мен өркениетті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени өркениеттік рөлі
Араб мемлекетінің құрылуы
Дін мен мәдениеттің сабақтастығы
Саһа кеңістігі
Арабтардың Орта Азияны жаулап алуы және дінмен бірге келген тарихи білім
Араб мемлекеті туралы
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Ұлы жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақстан түркілері
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Түркі ортағасырлық мәдениеті әлемдік мәдениеттер қазынасына енді
Пәндер