Парақорлықтың обьектісі мен заты


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1ПАРАҚОРЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
1. 1 Парақорлық түісінігі . . . 8
1. 2 Парақорлықтың обьектісі мен заты . . . 15
2 ПАРАҚОРЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ . . . 24
2. 1 Парақорлық пен күресудің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері . . . 24
2. 2 Парақорлықтың алдын алудың жолдары . . . 26
3 ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ . . . 43
3. 1 Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылық түрлері . . . 43
3. 2 Шет елдердің заңдары бойынша парақорлық үшін жауаптылық
түрлері . . . 48
3. 3 Парақорлыққа жауаптылық жөніндегі қылмыстық заңдардың
қысқаша даму тарихы . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60
КІРІСПЕ
Халқымыздың біртуар батыр ұлы, қаһарман майдангер Бауыржан Момышұлы кезінде, «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»-деген екен. Осы сөзде ұлы шындық жатыр. Қарапайым халықтың тұрмысын, болашақта өркениетті әрі әділетті қоғам құруды мақсат тұтқан мемлекет ең алдымен өзіңдегі заңдар жүйесін жетілдіре білу керек. Өйткені заң дегеніміз-тәртіп, адамдардың тәжірибесін қоғам иелігіне пайдаланатын адамзат даналығының ең жоғарғы көрінісі. Тек шынайы әрі пәрменді заңдар бар қоғамда ғана әділеттілік болады.
Елбасымыз жалпы құқық жүйесіне, соның ішінде әсіресе парақорлықпен күресті тұрақты әрі табанды жүргізу мәселесіне ерекше мән беруде. Президенттің айтуынша, республиканың мемлекеттік органдарындағы парақорлық проблемасы бүгінде аса өткір тұр. Осындай керітартпа құбылыстың тамырына балта шабу-қазақстандық қоғамды одан әрі түрлендіру міндеттерін табысты шешудің кепілі болып табылады. «Бұл өзекті мәселе және біз онымен айналысуымыз керек . . . » - деген еді.
Көріп отырғанымыздай мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев мойындап отырған бұл жағымсыз құбылыс - парақорлық бүгінгі күні біздің қоғамның өзекті мәселесі болып отыр. Статистикалық мәліметтерге қарағанда заңи негізде жазылатын газет, журналдардағы мақалалардың екіден бірі осы тақырыпқа арналады.
Соған орай бұл тақырыпты таңдағандағы негізгі мақсатым-парақорлық оның мәнін, түрлерін, парақорлықтың қоғамдағы кері рөлін ашып көрсету, парақорлық үшін қылмыстық жауаптылық түрлерін талдау, парақорлық бүгінгі таңдағы өзекті проблема екендігін дәлелдеу, парақорлықпен күресудің бүгінгі күндегі жолдарын саралап өту. Осы мақсатқа орай мынадай міндеттерді алға тартамын:
- Парақорлықты, парақорлық үшін қылмыстық жауаптылықты талдау;
- Паақорлықпен күресудің қырларын ашып көрсету;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны талқылау;
- Парақорлық үшін жауаптылықтың шет мемлекеттердегі көрінісін баяндау және т. б.
Жұмыістың өзектіліг - Парақорлық мемлекет пен қоғамның дамуына кері әсерін тигізетін күрделі мәселе екенін дәлелдеу, парақорлықтың алдын алудың жолдарын көрсету.
Бұл дипломдық жұмыс 60-беттен үш тараудан әрбір тарау бірнеше тақырыпшалардан кіріспе және қорытынды бөлімнен тұрады.
Адам құқығын бұзу саласының ең қауіпті көрінісі парақорлық болып табылады, ал бұл дегеніміз мемлекеттік қызметкерлердің сатылғыштығы мен оларды сатып алу. Мемлекетіміздің саяси және экономикалық тұрақтылығына нұқсан келтіретіндер: әр түрлі қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлердің қоғам есебінен өзіне, өз туысқандарына, аталастарына пайда келтіру мақсатындағы протекционизм.
Парақорлық тез өсетін қылмыстар тенденциясы арасынан бірінші орындардың біріне ие.
Біздің елде парақорлықтың өмір сүріп отырғаны белгілі. Бұған қоса көптеген адамдар осы қауіпті әлеуметтік қылмыс көрінісін өз бастарынан өткізген. Жоғары деңгейде бірнеше рет парақорлыққа қарсы күрес жүргізіліп жатқандығы айтылды, бірақ оның нәтежелері белгілі. Бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа да баспа сөз бетерінде жарияланған мақалаларда, мемлекеттік органдардағы лауазымды қызметкерлердің парақорлықтары тек саяси күрес арқылы көрінуі ешқандай күмән келтірмейді. Саяси қылмыстар өзара күресте кез келген әдісті қолданады, соның ішінде ерекше көңіл аудару үшін парақорлықты әшкерлеудіде қолданады. Бірақ бұл әшкерелеудің барлығы негізінен газет беттерінде және телехабар күйінде қалады.
Кейбір шетел шолушылары посткоммунистік елдердегі қылмыс және парақорлықпен күрес құқықтық мемлекет құру идеясы үшін күрес емес, ол билік үшін күрес деп есептейді.
Елдегі жағдайда «Үлкен байлық - империя күйреп, жаңа мемлекет пайда бола бастағанда жасалады» - деген бұрынан белгілі ақиқат дәлелденіп отыр. Осылайша, Еуропа қайта құру және даму банкінің бағалауы бойынша, бұрынғы КСРО республикасы, оның ішінде Қақақстан Республикасында бар, парақорлықтың деңгейін дүние жүзінде Африканы және Латын Америкасын бірнеше мәрте басып озатын рекордқа жеткендігін баспасөз бетерінен көруге болады.
В. В. Лунаев, парақорлық бөлек алынған елде де, бүкіл дүние жүзінде де регистрациялық фрагменттігімен және толық еместігімен сипатталады деп атады. Осыған орай экономикалық қылмысқа парақорлыққа қатысты ерекшеліктер (оны жасаушылардың жоғары қоғамдық лауазымы; олардың үлкен материалдық және моральдық шығын көтеруі; билік органдарының осындай қылмыстық топтарға кешіріммен қарауы) өз апагөйіне жетті деп көрсеткен.
Парақорлық әлеуметтік құбылыс ретінде бейімделгіштігімен сипатталады, ол үнемі түрін өзгертіп және жетіліп отырады. Парақорлықтың ең негізгі өзіне тән сипаты-оның латенттілігі. Парақорлық атқарылатын істердің келісімділік сипатымен қатар, көлеңкелі сипатқа ие. Әдетте оның соңынан шағым түспейді, себебі екі жақта заңсыз жасалған келісімнен пайда табады.
«Корупция» сөзімен халықаралық қауымдастық нені білдіреді. Көптеген анықтамалар бар, бірақ толық анықтылығы және құқықтық нақтылығы жоқ. Мысалы, БҰҰ анықтама құжатында парақорлыпен халықаралық күрес жайлы: «Парақорлық дегеніміз-мемлекеттік билікті өзінің жеке мақсатында пайда табу үшін асыра пайдалану» деп көрсетеді.
Парақорлық термині көп мағыналы. Оны латын тілінен аударғанда-«сатып алу» деген ұғымды білдіреді. «Коррупция» анықтамасы Рим құқығында кең көлемде сындыру, бүлдіру, күйрету, фальсификациялау, сатып алу сияқты сотқа қатысты заңсыз әрекеттерді білдіреді.
Бұл ұғым латынның «Correi»-бір затқа бірнешеленген аламның қатысуын және «rumpere»-сындыру, бүлдіру, бұзу деген ұғымдар қосындысынан шыққан. Осының нәтежесінде бірнеше адамның қоғамдық істерді басқару процесін немесе сот процесінің қалыпты жағдайын «бұзу», «бүлдіру» мақсатында жасайтын іс-әрекеті деген жеке термин пайда болады.
Коррупцияның тарихи тамыры бар. Ол барлық уақыттарда өмір сүрді. Осылайша, парақорлық Кеңес үкіметі кезінде де өмір сүрді, бірақ ол қатаң бақылауда болды. Әдетте коррупциялық заңсыздықты биліктің жоғарғы эшалонындағы шенеуніктер жасады. Бұл лауазым иелерінің мемлекеттік лауазымдық қызмет атқару кезеңінде мемлекеттік лауазымдық қызмет атқару кезінде мемлекеттік меншікті өздерінің жеке мақсаттары үшін пайдаланды, бірақ бұл әрекет кеңес мемлекетінде меншіктің басқа формасының болмауына байланысты құқықтық регламентация алмады. СОКП кезінде бұрынғы партия функционерлері меншік заң жүзінде мемлекеттік болмағанымен оны иемденіп, оның егесі болып оған өз биліктерін жүргізді. Олардың көпшілігі жаңа жағдайға тез бейімделді, себебі олар мемлекеттік қызметтің биік сатысында болып және өздерінің іс жүзінде иемденіп отырған меншіктерін заңдастыру мәселесі ғана тұрды.
Қазіргі жағжайда парақорлықтың көбейю себебі неде деген заңды сұрақ туады?
Менің ойымша бұл бәрінен бұрын экономикалық қызметті либерализациялауға, мемлекеттік меншікті жекешелендіру барысында арзан бағамен заңсыз жеке адамдарға сатуға байланысты, әрине бұл өкінішке орай сәйкес құқықтық базасыз және сонымен қатар заңсыз қол сұғудан қорғайтын және бақылайтын тиімді механизімсіз жүргізіледі. Осылар және басқа да негативті көріністер, мемлекеттік биліктегі және басқару апаратындағы қызметкерлерді сатып алуға қолайлы жағдай жасады.
Осылайша В. В. Лунев парақорлық нарықтық экономика, еркін сауда мен демократия жағдайында жай парақорлыққа жатпайды деп атап көрсетеді. Көптеген мамандар парақорлықтың басты себебіне шенеуніктер армиясының өсуін, қоғамдық өмірдің бюрократизациялауын жатқызады. Лауазым иелеріне берілетін пара, тек қана істі жемісті жүргізудің бір ғана шарты болып табылады. Жиі және лауазым сипаты солай сатып алуды қолдану ойының әдеттегі ережесіне кіреді [1, 34] .
Ю. А. Мелеховец өз жұмысында «Лауазым адам үшін пара алу, оның әлеуметтік адамгершілікпен қайта тууының белгілі сапалы кезеңі болып табылатынын атап өтпеске болмайды. Белгілі бір соманы жинағаннан кейін, пара алушы қызметтес әріптестерімен, пара арқылы іске асатын әрекеттердің материалдық игіліктерді бөлуге, кадр мәселесін шешуге, жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылудан құтылу мүмкіндігі үшін басшыларды іздестіреді»-деп көрсеткен. Парақорлық дүниежүзілік мәселеге айналды. Бір де бір ел одан бос емес. Кейбір елдерде парақорлық кең тараған. Бұл мәселені күнделікті қызметтегі өзара қарыз алу және қарыз беру сияқты әрекет тәрізді, ешқандай маңызы жоқ табиғи көрініс есебінде қабылданады. Мемлекеттік қызметкерлердің пара алуы кәсіпкерлік шығындарды өсіріп, шетелдік және отандық капиталдың инвестициялық потенциалын азайтып, өнеркәсіптің өсуіне кедергі келтіріп, ең ақыры халықтың негізгі бөлігінің өмір сүру деңгейін төмендетеді [2, 20] .
Бүгінде тамырын тереңге жіберіп үлгірген парақорлық мемлекеттік органдар хал-қадерінше күресіп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары парақорлық қылмыс жасап ұсталған, жауапқа тартылған адамдар жайлы үнемі айтып, жазып жүр. Бірақ «батпандап кірген ауру мысқылдап шығады» демекші, қоғамымызға жегі құрт болып енген бұл дерттің жуық арада жойыла қояр түрі байқалмайды.
Барлық облыстарда парақорлық қылмысқа қарсы күреспен тікелей айналысатын экономикалық және парақорлық қылмыспен күрес департаменті дейтін мемлекеттік органдар жұмыс жасайды. Аты айтып тұрғандай, бұл департаменттің басты міндеті-белең алған парақорлықты ауыздықтау.
Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігі болып табылатын парақорлық қылмыстарының түсінігі, құрамдас бөліктерінің анықтамасы, парақорлық құрамының объективтік және субъективтік белгілерінің ерекшеліктері, парақорлық - қылмыстарын саралау мәселелері теориялық тұрғыдан кеңінен сөз болады.
Зерттеудегі негізгі мәселелердің бірі парақорлық қылмыстарын реттейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың әлеуметтік алғы шарты, сыбайлас жемқорлықтың парақорлық құрамымен байланысы және парақорлықтың коррупциялық құбылыстың құрамдас бөлігі ретіндегі проблемалардың мәнін ашып көрсету болып табылады. Бұл мәселенің әлеуметтік-құқықтық мәнін терең ашу үшін парақорлыққа жуаптылықты белгілеген заңдар тарихының даму кезеңдерін де ғылыми негізде талдауды қажет етеді. Зерттеуде парақорлықтың жекелеген түрлері: пара алу, пара беру және парақорлыққа делдалдықтың объективтік және субъективтік белгілеріне талдау жасалумен бірге парақорлықтың ұқсас қылмыстардан өзгешелігі, парақорлықтың басқа қылмыстармен жиынтығы, парақорлыққа қатысудың ерекшеліктері, пара берушіні қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттары, парақорлық қылмыстарының саралаушылық белгілеріне теориялық тұрғыдан терең зерттелумен бірге қазіргі қолданылып жүрген заңдардың парақорлыққа арналған нормаларын одан әрі жетілдіру жолдары іздестірілген.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Сонымен қатар дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, сондай-ақ арнайы әдебиетгер қолданылды.
Жұмыстың нормативтік негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдар, Президенттің Жарлықтары, заңды тәжірибе, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі құрайды.
Дипломдық жұмысымның маңыздылығы келекшек заңтану мамандығындағы студент қауымына, сонымен қатар заңгер қауымының парақорлық қылмыстарды болдырмауға, парақорлық үшін қылмыстық жауаптылықты түсіндіру, парақорлықтың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, жолын кесуге өз үлестерін қосуға шақыру деп білемін.
1 ПАРАҚОРЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
1. 1Парақорлық түсінігі
Парақорлық қазір бүкіл әлемді алаңдатып отырған проблемалардың бірі. Парақорлық сыбайлас жемқорлық секілді дертпен жекелеген мемлекеттер өз бетімен күресе алмайды. Әсіресе, жахандану заманында. Парақорлықтың шегі жоқ, ол бір елден екіншісіне оңай көшіп жүре береді. Онымен жұмыла күресу қажет. Бұл оңай іс емес. Бұл дерттің тамыры тереңде жатыр. Мұның дәлелі 15 ғасырдың өзінде британ парламентінде осы мақсатта шулы даулар орын алған.
Көптеген мемлекеттік және жекелеген құрамдас жүйелерде парақорлық төңірегінде қалыптасқан жағдай белең алып бара жатыр. Парақорлықа қарсы ғаламдық және ұлттық деңгейдегілер маңызды қадамдарға қарамастан, оның халықаралық қауымдастықтың алдына қойып отырған кедергілері әлі де бар.
Парақорлық - тұлғаның өзінің билік өкілеттігін және өзіне берілген құқықтарын белгіленген ережелерге қайшы жеке басының пайдасына қолдануы. Бұл термин көбіне бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты қолданылады.
Жемқорлыққа тән белгі лауазымды адамның әрекеті мен оған жұмыс берушінің мүдделері арасындағы немесе таңдап алынған тұлғаның әрекеті мен қоғам мүдделерінің арасындағы қайшылық болып табылады. Парақорлықтың көптеген түрлері лауазымды адам жасаған алдау-арбауға ұқсайды және мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыстар қатарына жатады.
Парақорлық немесе жемқорлық дискрециялық билікке, яғни өзіне тиесілі емес ресурстарды өз қалауынша бөлу билігіне ие кез келген адам ұшырауы мүмкін. Парақорлыққа жетелейтін басты нәрсе билік өкілеттілігін пайдалана отырып экономикалық пайда табу мүмкіндігі ал басты қаупі - оны әшкерелеу мен жазалау.
Парақорлықтың тарихи тамыры жақсы жағдайға ие болу үшін сыйлық жасау дағдысынан бастау алады. Қымбат сыйық адамды өзге сұраушылардың арасынан бөліп алып, оның өтініші орындалуына мүмкіндік беретін болған. Сондықтан алғашқы қауымдық қоғамда дінбасыларға немесе көсемге ақы төлеу қалыпты жағдай саналған. Мемлекеттік аппараттың күрделенуі мен орталық үкімет билігінің күшеюі нәтежесінде кәсіби шенеуніктер пайда болды, олар билеушілердің ойынша белгіленген жалақыға қанағаттануы тиіс еді. Ал іс жүзінде шенеуніктер өзінің қызмет жағдайын өз кірістерін құпия түрде көбейтуге қолдануға ұмтылды [3, 25] .
Жемқорлықтың ең қауіпті түрлері қылмыстық іске жатады. Ең алдымен бұған шашпалық және парақорлық жатады. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың бір түрі, бұл лауазымды тұлғаның жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға қандай да бір қызмет көрсетіп, соның өтеуі ретінде пайда табуымен сипатталады.
Бұл ретте тек лауазымды тұлғаның пара алуы ғана емес, сонымен қатар пара берушінің заңсыз түрде сыйлық беруі де заңға қайшы әрекет болып табылады.
Көп жағдайда егер пара беру қорқытып алудан болмаса осы мәмледен пара беруші көп жағдайда табайды.
Тарихта парақорлықтың пайда болуымен күресудің көптеген әдістері бар. Біріншіден, заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту. Екіншіден, лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизімдерді туғызу. Үшіншіден, нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы парақорлықтан түсетін ықтимал пайданың көлемін азайту. Соңғысына мемлекеттік қызмет көрсетудегі бәсекелестік яғни бір мемлекеттік органдардың басқа органдардың функцияларын орындауы да жатады.
Бұл бағыттағы жұмыс Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатаң бақылауына алынған, ол парақорлықпен күресті жетілдіруді талап етіп отыр.
Осымен байланысты Қазақстанның посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі болып парқорлыққа қарсы заң қабылдағанын атап көрсетуге болады.
Пара алған лауазым ғана емес, пара берген қарапайым адам да заң алдында жауапты. Парақорлықтың тамырына балта шабар кез келді. Олай дейтінім қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан саясаттың, енгізіліп жатқан реформаның барлығы дерлік осы парақорлықтың қайнар көзін жоюға бағытталған. Парақорлықпен күрес жүргізу мемлекет саясатының тағы бір жарқ еткен тұсы ол 18 ақпан 2005 жылғы Елбаымыздың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялану жолында» атты Жолдауы, сондай- ақ сол жылы 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу мемлекеттік Бағдарламасының бекітілу кезі еді. Оған қоса мемлекет басшысы Н. Назарбаев соңғы жолдауында еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп тудырып отырған парақорлық мәселесіне үлкен мән бере отырып, «Демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен парақорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» -деп атап көрсеткен [4, 11] .
Демократиялық қоғам парақорлықтың өркендеуіне бей-жай қарап тұра алмайды. Соған сәйкес 2008 жылдың мамыр айында еліміз БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясын бекітті.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қоғам болып бұл дертпен күрес жүргізуде әрбір адам күресуді өзінен бастап, оған деген немқұрайлы көзқарасын жоюы қажет. Сонда ғана, белгілі бір нәтежеге қол жеткізуге болады.
Жалпы бұл дерт қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылатын медицина, білім беру салаларына дейін парақорлықтың тамырының таралуы көңіліңе кірбің ұялатады. Білім беру орнындағы бүгінгі оқушы ертеңгі маман, кешегі оқушы бүгінгі маман деп түсінген жөн. Олай болса, неліктен біз өз болашағымыздың күңгірттенуіне жол беруіміз керек? Ұстамдылығы мол қазақ қашанда мұндай кездерде «Ақырын берсін» - деуші еді. Бұл жағдайда да ақырын берсін деп қарап отыру, дұрыс емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz