КӘСІБИ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 5
1 ТАРАУ. КӘСІБИ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Кәсіби жетілдірудің мазмұны . . . 7
1. 2 Кәсіби жетілдірудің құрылымдық ерекшеліктері . . . 11
1. 3 Кәсіби жетілдірудің бағыттары . . . 16
Бірінші тараудың тұжырымы . . . 19
2 ТАРАУ. СТУДЕНТТЕРДІ КӘСІБИ ЖЕТІЛДІРУ МАҚСАТЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҮРДЕ ЗЕРТТЕУ
2. 1. Психологиялық тренингтер құрылымы, оларды ұйымдастырудағы талаптар . . . 20
2. 2. Студенттерді кәсіби жетілдіру барысында қолданылатын психологиялық тренингтерге сипаттама . . . 32
2. 3. Студенттерді кәсіби жетілдіру мақсатында жүргізілген психологиялық тренингтер бойынша зерттеу жұмыстары . . . 47
Екінші тараудың тұжырымы . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМШАЛАР . . . 70
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Ел президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты жолдауында “21 ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығыраққа тірелері анық”, - дей отырып, білім беруді әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу үшін жаңа сипаттағы мамандар қорын жасау қажеттігін баса айтқаны баршаға мәлім.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарына арналған “Білім беру жүйесінің жоғары сапасын қалыптастыру, әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекелестікке қабілетттілікті қалыптастыру және экономиканың дамуындағы индустриалды-инновациялық дамуды қазіргі кездегі қажеттіліктерге жауап бере алатындай қалыптастыру” бағдарламасын жүзеге асыру үшін білім беру салаларында кәсіби міндеттерін дербес, әрі шығармашылық тұрғыдан шеше алатын, кәсіби қызметінің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіне білетін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгерген, кәсіби және бәсекеге қабілетті мамандар жұмыс істеуі тиіс.
Осыдан келіп Қазақстанды білім беру жүйесіндегі негізгі мәселе мемлекетті қажетті мамандармен қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қазіргі кезде білім беру саласындағы мамандандырылған дайындықтар негізінде болашақ мамандарды қазіргі заманғы инновациялық технологияларды қолдану арқылы дайындап, оларды мамандандырылған мәселелер мен қызметтердің шешімін табуға үйретеді. Ал бұл қызметтерді орындау үшін адам белгілі бір білім мен біліктілігі, инновациялық технология саласын меңгерген болуы керек.
Студенттердің кәсіби бағыттылығы қазіргі заман талаптарына сай жоғарғы оқу орындарындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Кәсіби бағыттылықтың қалыптасуы болашақ маманға сапалы білім беру мақсаттарын жүзеге асырудың бірден бір жолы.
Бітіру жұмысында психологиялық тренингтер негізіндегі студенттердің кәсіби бағыттылығы мәселесінің зерттелу деңгейі, ғылыми әдіснамалық негізі, қалыптасу ерекшеліктері қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі студенттердің кәсіби жетілуінің жүйелік сипатымен негізделеді. Студенттердің кәсіби бағыттылығының қалыптасу ерекшелігі қазіргі заман талабына сай жүзеге асады. Жалпы студенттердің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы оқу процесінің ұйымдастырылу деңгейіне, оқытушының іскерлігіне, студенттердің ғылыми жұмысының ұйымдастырылуына тәуелді. Кәсіптік жетілу үшін, оқу курсындағы пәннің маңыздылығы, оған деген қызығу, оны меңгерудегі қиындық, оқыту сапасына қанағаттану деңгейі жоғарғы оқу орнындағы маңызды көрсеткіштердің бірі. Ал оқу процесінде қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдер кәсіби жетілудің бірден бір құралы. Сондай-ақ оқыту процесін белсенділендірудің тәсілі ретінде психологиялық тренингтердің де маңызы зор.
Білім беру технологияларында психологиялық тренингтерді пайдаланудың тиімділігі оқытушының кәсіби іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты екендігі белгілі. Бүгінгі таңда педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды зерттеу еңбектері баршылық.
Жұмыстың теориялық бөлімі кәсіби жетілу мәселесінің психологиялық ғылыми әдебиеттерде алатын орнын талдаумен сипатталады. Кәсіби бағыттылықтьң қалыптасуында субъективті факторға ерекше мән берген Д. Сьюпердің көзқарасы бойынша, кәсіби бағыттылықты ең алдымен тұлғаның бағыттылығы деген Л. И. Божовичтің, кәсіби бағыттылық таңдап алынған мамандыққа байланысты деген А. А. Бодалевтің, Г. А. Журавлеваның, В. Т. Лисовский, О. Е. Ванохина, В. И. Поляруждың зерттеулері қарастырылады.
Аталған еңбектерге жасалынған талдау бүгінгі таңда инновациялық білім беру технологияларын оқу үрдісінде пайдалану мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыда әлі де болса, шешімін таппай отырғандығын дәлелдейді.
Зерттеу обьектісі - студенттердің кәсіби жетілуі.
Зерттеу пәні - студенттерді кәсіби жетілдіру мақсатында қолданылатын психологиялық тренингтер.
Зерттеу болжамы -психологиялық тренингтер инновациялық тәсіл ретінде студенттердің кәсіби жетілуіне негіз болуы мүмкін.
Зерттеудің мақсаты - кәсіби білім беру барысында студенттердің кәсіби жетілуін қамтамасыз ету үшін психологиялық тренингтерді ұйымдастыру жолдарын және оның тиімділігі мен артықшылығын көрсету.
Зерттеудің міндеттері :
- кәсіби жетілу мәселесіне психологиялық, теориялық зерттеулер
жүргізу;
- кәсіби бағыттылық пен кәсіби жетілудің құрылымдық ерекшеліктерін
анықтау;
- кәсіби жетілдіру мақсатында қолданылатын психологиялық
тренингтерге сипаттама жасау;
- кәсіби жетілдіру барысында қолданылатын тренингтердің тиімділігін
эксперименттік зерттеу.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: Кәсіби бағыттылықтьң қалыптасуында субъективті факторға ерекше мән берген Д. Сьюпердің көзқарасы, кәсіби бағыттылықты ең алдымен тұлғаның бағыттылығы деп қарастырған Л. И. Божовичтің, кәсіби бағыттылық таңдап алынған мамандықка байланысты деп қарастырған А. А. Бодалевтің, Г. А. Журавлеваның, В. Т. Лисовский, О. Е. Ванохина, В. И. Поляруждың зерттеулері қарастырылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: студенттерге кәсіби білім беру барысындағы оқу пәндерінде олардың кәсіби жетілуін қамтамасыз етуде психологиялық тренингтер жиі қолданылса, соғұрлым олардың кәсіби жетілуі алда жүреді.
Практикалық маңызы: студенттерді кәсіби жетілдіруде қолданылған психологиялық тренингтерді мамандар даярлаудағы инновациялық әдіс-тәсілдер ретінде жоғары оқу орындарының білім беру үрдісінде қолдануға болады.
Зерттеудің әдістері: з ерттеу бағыты бойынша ғылыми-әдістемелік, психологиялық әдебиеттерді талдау; кәсіптік білім беру мекемелеріндегі студенттермен әңгімелесу, олардың арасында сауалнамалар жүргізу; жүргізілген тренингтердің, психологиялық әдістеменің тиімділігін анықтау мақсатында оқу тапсырмаларын дайындау және алынған нәтижелерді өңдеу.
Зерттеудің эксперименттік базасы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті, педагогика және психология факультетінің «психология» және «педагогика және психология» мамандығының 1-4 курс студенттері (40 студент) .
Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 ТАРАУ. КӘСІБИ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Кәсіби жетілдірудің мазмұны
Қазіргі таңда ақпарат көздері ауқымды екендігін ескерсек, негізінде сыныпта ұйымдастырылған сабақ беру формасы, әсіресе ересек адамдарды оқытуда жеткіліксіз болып келеді. Оқыту үрдісіне жаңалықтар енгізіліп, олардың тиімділігі мен жоғары сапасын және т. б. қамтамасыз ететін мультимедиа құралдары, кәсіптік оқытудың ерекшелендірілуі мен жекешелендірілуі қажет.
Корпоративтік оқытудың нәтижесінде мамандарды жетілдіруде, қайта даярлауда және біліктілігін жоғарылатуда оқытудың қысқа мерзімдері, оқыту бағдарламаларының жиі жаңартулары, жұмысшы орындарының талаптарына сай келмейтін оқыту мазмұны, оқытудың төмен нәтижелілігімен байланысты мәселелерді белгілі бір шамада шешуде мүмкіндік беретін ең тиімді бағыт - психологиялық дамыту тренингтерін ұйымдастыру болып табылады.
Қазіргі таңда мамандарды корпоративтік кәсіптік оқытуды дамыту келесі жағдайлармен анықталады:
- Қазіргі заманғы еңбек нарығы дағдыларды қалыптастыруға бағытталған, оқытудың жаңа технологиясы бойынша дайындықтан өтуді қажет ететін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге бағытталған, бәсекелестікке қабілетті, мобильді, жоғары кәсіби маманды талап етеді.
- Қазіргі заманғы экономикалық жағдайларда маманды оқытудың мерзімдерін қысқартудың қажеттілігі, компанияның алдына, нақты жұмыс орнына немесе жекелеген тұлғаға маңызды болатын, кәсіпкерлік қызметтің нақты түйіндік мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырудың мәселесін қойып отыр.
- Білім беру жүйесін дамытудың қазіргі заманғы жетістіктерінің ішіндегі біреуінің мәні ақпараттық хабарлаушы оқытуда оқытуды кәсіптік дамытудың ең жақын аймағына бағыттайтын және маманның кәсіпкерлік қызметін дұрыс айқындауға мүмкіндік беретін жобалаушы оқытуға көшумен анықталады. Бұл кәсіпкерлік қызметтің жүйелі талдауы негізінде оқыту мазмұнын жобалауды және қызмет түрі мен кәсіпкерлік функцияларына сай оны модульдерге құрылымдандыруды талап етеді.
Осындай беталыстардың біріншісіне әмбебаптарға, яғни бірнеше мамандықты игерген адамдарға немесе қызметтің кең саласындағы жан-жақты дайындыққа ие адамдарға бағдар алады. Бізде де білім беру жүйесіндегі тар маман парадигмасын бірте-бірте сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты жауап беретін, лауазымдық нұсқауларды жүзеге асыру емес, әдістемелік және аспаптық құралдардың кең жинағын қолдану жолымен нақты мақсаттарға жетуге бағытталған кәсіби маман парадигмасын алмастыруы жай емес. Мұндай маманның қайтарымы жоғары.
Батыс елдерінде ірі бизнес ең қымбат тауар болып табылатын еңбекке деген шығындарды қысқартуға тырысады. Шағын және орта бизнестегі кәсіпкер шарасыздықтан кәсіптің кең спектрін меңгере отырып, бір адам бойында бірнеше қызмет түрін біріктіреді.
Екінші беталысқа барлық еңбектік өмірі бойында перманенттік білім алу, маманның ұдайы өзін-өзі жетілдіруі, оның кәсіби жинақылығы жатады. Қазіргі заманға сай технологиялық салалардағы қолданбалы, кейде көбінесе негізгі кәсіби білімдердің жаңаруының орташа нормасы 3-5 жылды құрайды, ал осы уақыт аралығында маманның арнайы білімдерінің үш бөлігіне дейін құнсызданады. Сөйтіп белсенді қызметі негізінде адамға өзінің кәсіби білімін үш-төрт рет жаңартып отыруы қажет болып табылады, ал бұл өз негізінде кейінгі және жалғасымды білім беруге деген сұраныстың туындауына әкеледі. Шынында да қайта қалпына келетін секілді, жаңа құрылушы өндірісте бөлек топтардың (жетекшілердің, инженерлік-техникалық мамандардың немесе өндірістің учаскелері мен негізгі кәсіптерінің жұмыскерлерінің) ғана емес, барлық мамандар контингентінің адам ресурстарының озық дамуын талап етеді. Осыған байланысты белгілі бір үміттер ұдайы ішкі немесе фирма аралық білім беру үрдісінің жаңғыруына жүктеледі. Ал ол өз кезегінде жас маманның дайындықты қажет ету мәселесін оны еңбек саласына тезірек кірістіруге мүмкіндік бере отырып шешуге септігін тигізеді.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Технологиялық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау - мұның бәрі мұғалімнің біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Көп жылдар бойы білім беру жүйелерінің дамуы экзогенді (жүйеге сырттай қатысты) факторлармен анықталып келеді. Мұның өзі осы дамудың қажетті жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ғылыми әлеуеті көптеген бағыттары бойынша әлемдік деңгейге сәйкес келеді. Сондықтан ол білім берудегі инновациялық саланы дамытуға негіз бола алады деп айта аламыз.
Қазіргі таңда оқытудың сапасын арттыру мақсаты мен оқу үрдісін жетілдіру үшін оқытушының инновациялық білім беру технологияларын пайдалануы ерекше мәнге ие болды.
Қазақстан Республикасының білім беру Заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды даярлау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда. Білім беру саласында мамандарды даярлаудың қазіргі ұйымдастырылуының негізінде жүйелі білім берумен қатар, оқу материалын ұғынуда қиындықтар тудыратын бөлек-бөлек тұрғылары бар. Мұндай жағдайдың негізгі себебі, біздің ойымызша, білім беру процесі негізгі оқу пәндерін оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми ұсыныстарға негізделмейтіндігінде, ал оның өзі білім берудің барлық деңгейлерінде оқыту, білім беру процесінің өрістеуіне кері әсер етеді. Кез-келген пән бойынша оқу бағдарламарын жасаушыларға оларға неғұрлым жандандырудың логикалық-психологиялық негіздерін жаңаша етіп іздестіру проблемасы қойылады.
Біздің ғасырымыздың 30-жылдары Л. С. Выготский қазіргі кездегі оқыту процесінің маңызды қағидаларының бірін атап көрсетті. “Оқыту дамудың соңында жүрмейді, керісінше оны жетелейді”. Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов зерттеулері дамыта оқыту қағидасының психологиялық негіздерін қалады. Л. В. Занковтың дамыта оқыту эксперименталды жүйесі бірнеше принциптерге, қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту принципі, теориялық білімдердің жетекшілік принципі, оқушының өз оқуын ұғынуы, оқушылардың дамуын қалыптастыру принциптеріне негізделген. Л. В. Занковтың жүйесінің негізгі ерекшелігі оқытудың жоғарғы қиындық деңгейінде өткізілуі.
Л. С. Выготский, Д. В. Элькониннің еңбектерінің теориялық тұрғысында В. В. Давыдов, дәстүрлі оқытуға қарама-қарсы жүйені қарастырып, жалпыдан жекеге, дерексізден нақтылығына, жүйеліден даралыққа бағытталған жаңа оқыту жүйесін ұсынады. Осындай оқыту барысында қалыптасқан баланың ойлауы - теориялық, ал оқытудың өзі - дамыта оқыту деп аталынады. С. Л. Рубинштейн көрсеткендей “бала дамып, тәрбиеленіп және оқымайды, тәрбиеленіп және оқи отырып дамиды”. Ол дегеніміз тәрбиелеу мен оқыту дамыту процесінде іске асырылады. Баланың жеке даралық іс-әрекетінде қалыптасады.
Сонымен бірге, ғылымда орын тепкен дамыта оқыту қағидасы студенттің ғылыми теориялық ойлау жүйесін қалыптастыруға да пайдасын тигізіп, соның негізінде студент нақты-бағдарланушыдан жүйелі-модульдеуші деңгейіне көтеріледі. Осы жағдайда студенттің оқыту обьектісінен оқыту субьектісі позициясына біртіндеп өтуі іске асырылады. Даму жолында оқу әрекеті енді нағыз іс-әрекет мағынасына ие болады. Ғылыми ұғымдар жүйесін құру оқу пәндерінің құрылымындағы ерекше қисынды талап етеді. Осы талапқа сәйкес педагогикалық жоғары оқу орындарында жалпы базистік білім беретін оқу жүйесіне қоса, кәсіби мамандықты меңгеру біліктілігі жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орындарындағы кәсіби мамандарды оқыту процесінде студенттерді кәсіби іс-әрекетке психологиялық тұрғыдан дайындайтын кәсіптік пәндерінің мазмұнында психологиялық тренинг жұмыстары субьект-субьектілік әрекеттестікті қалыптастыратын қарым-қатынас мәселелерімен толықтырылса, ғылыми тірек ретіндегі біртұтас жеке тұлғалық принциптерге сәйкес құрылымдық жүйесі жасалынса, болашақ мамандардың кәсіби маңызды қасиеттері анықталынса, онда студенттердің кәсіби білімдер жүйесіндегі пәндерді оқып меңгерулері нәтижелі болады, сонымен бірге, келешектегі іс-әрекеттерінде де айтарлықтай табысқа жетулері мүмкін. Мұндай мақсатқа жету үшін болашақ маман арнаулы білімдерді меңгерумен бірге, заман талабына сай әдістемелерді де кең түрде қолдана білулері қажет.
Жоғарғы мектеп кәсіптік іс-әрекетке психологиялық даярлығын қалыптастырады. Ең алдымен, адамда қоғамның алға тартқан міндеттерін табысты түрде шешуде мүмкіндік беретін психологиялық іс-әрекеттердің нақты формаларын қалыптастырады. Жоғары оқу орындарында маманды даярлау процесін зерттей отырып, кәсіптік оқудың бұл формасының негізгі міндеті - маманның іс-әрекетінің небір түрі мен типтерін психологиялық изоморфты әрекет өрісінде жинақтайтын кәсіптік сананың мақсатты түрде қалыптасуына мүмкіндік береді деген ой түйеміз.
В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, Н. Ф. Талызина, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, Қазақстандық ғалымдар М. М. Мұқанов, С. М. Жақыпов, Х. Т. Шерьязданова және т. б зерттеулері көрсеткендей, жоғары мектептегі оқу процесі - мақсат-мотивтерден, ақпаратты қабылдаудан басталып, күрделі шығармашылық процестерді іске асырумен аяқталатыны мәлім.
Психологиялық жоғары оқу орындарында студенттерге заман талабына сай психологиялық білім берудің мазмұны мен формасы жалпы психологиялық дайындықтың үздіксіздігі мен сабақтастығын білдіретін өмір талабы, болашақ мамандарға кәсіби білім беріп, олардың мамандығын шыңдауды қамтамасыз ету кәсіптік пәндерді оқыту мен меңгеру практикасы педагогикалық жоғары оқу орындарында психологиялық тренингтер арқылы даярлықпен бірге эксперименттік зерттеулермен тығыз ұштастырыла отырып жүргізіледі.
1. 2 Кәсіби жетілдірудің құрылымдық ерекшеліктері
Кез-келген тұлға өзінің кәсіби мамандығын бірден қабылдай алмайды, ол осы уақытқа дейінгі білім дәрежесі, мамандық туралы қандай да бір көзқарастың негізінде таңдау жасайды. Олай болса, маман иесінің өзі таңдаған кәсіби жетілуі бірнеше факторларға байланысты шешіледі.
Кәсіби жетілу құрылымының тұлғаның өз мамандығына қанағаттанудан, кәсіби бағыттылығынан, өз мамандығына байланысты іс-әрекетке деген жағымды қатынасынан, өзіндік кәсіби жетілуге деген ішкі талпыныстар мен түрткілер жүйесінен тұрады.
Кейбір зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, кәсіби жетілу құрылымына қажеттілік, мотив, бағдар, құндылық бағдары, қызығулар, дүниетаным, идеал, сенім-нанымды жатқызуға болады.
Т. А. Платонова жетілуге құмарту мен қалау, қызығу, бейімділік, идеал, дүниетаным, сенімдерді жатқызады. Ол бойынша, қажеттіліктер, қызығулар, мұраттар жеке адам бағыттылығының түрлі жақтары бола отырып, оның іс-әрекетінің мотивациясы ретінде қалыптасады деп көрсетеді.
Г. А. Журавлева кәсіби жетілудің келесі бөліктерін бөліп шығарды: мамандыққа қызығушылық пен қанағаттану дәрежесі, мамандық шарттары мен мазмұны туралы түсінік деңгейі, маманның рөлдік қызметі, кәсіби іс-әрекеттің құндылық құрылымы. Сонымен қатар, кәсіби бағыттылықты қалыптастырудың бірнеше жолын көрсетеді:
- арнайы пәндерді оқыту арқылы;
- шеберлікті игеру тәжірибесі;
- мамандық туралы арнайы курстар арқылы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz