РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Репродуктивтік құқықтарды қорғаудың

халықаралық-құқықтық реттелуі

Ғылыми жетекшісі

Орындаған:

МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ . . .
:
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ: 1 РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ
:
МАЗМҰНЫ: 1. 1 Репродуктивтік құқықтардың түсінігі мен маңызы . . .
:
МАЗМҰНЫ: 1. 2 Адам құқықтары жүйесіндегі репродуктивтік құқықтардың алатын орны . . .
:
МАЗМҰНЫ: 1. 3 Қауіпті дәстүрлер мен репродуктивтік құқықтар . . .
:
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ: 2 РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
:
МАЗМҰНЫ:
  1. Негативті репродуктивтік құқықтарды жүзеге асырудың құқықтық шектері . . .
:
МАЗМҰНЫ:
  1. Бедеуліктен емдеуде КРТ қолданудың құқықтық шарттары . . .
:
МАЗМҰНЫ:
  1. Адамды клондаудың құқықтық және этикалық проблемалары . . .
:
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
:
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
:

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Репродуктивтік құқықтар түсінігі әлем жұртшылығы үшін жаңа ұғым болып қалыптасып келеді, алайда осы құқықтардың негізіне алынған қағидалар бұрыннан-ақ адам құқықтары жөніндегі іргелі халықаралық құжаттарда көрініс тапқан.

Ең алғаш рет репродуктивтік құқықтар түсінігі 1994 жылы Каирде өткен Халықтар және даму жөніндегі Халықаралық конференцияда қабылданған Іс-әрекеттер бағдарламасында көрініс тауып, 1995 жылы Пекинде өткен Әйелдердің жағдайы жөніндегі төртінші бүкіләлемдік конференцияның Баяндамасында және Конференция қабылдаған іс-әрекеттер тұғырнамасында дамытылды. Бұл құжаттарға сәйкес, репродуктивті құқықтардың түсінігіне айрықша құқықтардың үлкен тізімі кіреді, солардың ішіндегі ең негізгісі - репродукциямен, жыныстылық және жеке басының аман-саулығына байланысты тәуелсіз және еркін репродуктивтік шешім қабылдау құқығы болып табылады. Конференция құжаттары репродуктивтік құқықтар - барлық ерлі-зайыптылар мен жекелеген тұлғалардың өз балаларының саны, оларды туу арасындағы уақыт аралығы және туу уақытымен байланысты жауапты шешімді еркін қабылдау құқығына және ол үшін қажетті ақпарат пен құралдарды иелену құқығына; сондай-ақ жыныстық және репродуктивтік денсаулықтың ең жоғарғы деген деңгейіне жету құқығына негізделеді, деп қорытындылайды. Репродуктивтік құқықтардың қазіргі қолданыстағы мағынасы 1968 жылғы Тегеран үндеуінде де берілген, кейіннен осы ереже 1974 жылғы Бухарест және 1984 жылғы Мехико конференцияларында дамытылды.

Бүгінгі күні репродуктивтік құқықтарға халықаралық қауымдастықтың көңілі біршама ауды десе де болады. Көптеген мемлекеттер осы құқықтармен байланысты жекелеген нормаларды өздерінің ұлттық заңнамаларына енгізіп жатыр, кейбір елдер, репродуктивтік құқықтарды реттейтін және мемлекет тарапынан сақталуын кепілдейтін арнайы заңдар қабылдауда.

Көпшілік жағдайда адамдар, әсіресе дін өкілдері репродуктивтік құқықтардың мағынасын жете түсіне бермейді, оларға теріс көзқарас танытады. Алғашында американдық феминист әйелдердің жасанды түсік жасау үшін күресінде ұранға айналған осы түсінік қазір де өте шектеулі түрде талқыланады, сондықтан оларды негативті, яғни жүктілікті болдырмауға құқықтар ретінде түсіну беталысы қалыптасқан. Шын мәнінде репродуктивтік құқықтар ұғымы өте кең, оларға тек жүктілікті тоқтатумен ғана емес, сонымен қатар бедеулікті емдеуге құқықтар, ақпарат алуға құқық, шешім қабылдау құқығы, сонымен қатар, басқа да құқықтар мен бостандықтардың ауқымды тізбегі кіреді. Сондай-ақ репродуктивтік құқықтарды дұрыс түсінбеудің көрінісі ретінде, олардың тек әйелдерге ғана тиесілі екендігін алға тартушы пікірлерді атауға болады. Алайда, осы құқықтардың негізінде жатқан қағида - өзінің ұрпақты болу-болмауы жөнінде еркін әрі жауапты шешім қабылдау құқығы теңдей дәрежеде ер азаматтар мен әйелдерге қатысты, сондықтан бұл пікірді де өзгерту саласында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.

Репродуктивтік құқықтар - адам құқықтарының құрамдас бөлігі, ол өзі осы құқықтардан тұрады, бұл тікелей Каир және Пекин конференцияларының құжаттарынан шығатын қорытынды. Бірақ, қазіргі кезде репродуктивтік құқықтардың анықтамасы халықаралық құқық теориясында қалыптаспаған. Оның үстіне, аталған конференциялардың құжаттары міндеттілік сипатына ие емес, олар тек осы мәселе бойынша халықаралық консенсусты ғана білдіреді. Сондықтан, репродуктивтік құқықтардың халықаралық жария құқықтағы орны мен ерекшеліктерін айқындау қажеттілігі көрінеді.

Репродуктивтік құқықтар, сонымен бірге бедеулікті емдеу кезіндегі қолданылатын түрлі жаңашыл әдіс-тәсілдер, технологияларды қолдануға құқықты білдіреді. Бүкіл әлем көлемінде соңғы 15-20 жыл ішінде медицина және молекулярлы биология ғылымдары адам репродукциясында көптеген жетістіктерге жетіп, бұрын емделу жолдары белгісіз ауруларды емдеу мен алдын алуда едәуір алға жылжыды, олар көптеп бедеулік проблемаларын емдеуде қолданылып жатады. Ондай технологиялар кейде адамның гендік деңгейіне қол сұғушылықпен ұштасып жатады, мұның өзі едәуір қауіпті болғандықтан, осындай манипуляциялардың қолданылу аясы мен шегін анықтаудың кезі келген сияқты. Халықаралық құқық, атап айтқанда адам құқықтары мұндай жағдайда, ең алдымен жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін, олардың қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы керек. Танымал болып, қолданысқа енген көмекші репродуктивті технологиялар: суррогатты аналық, in vitro, яғни пробиркада ұрықтандыру және басқа да тәсілдер құқықтық, этикалық, моральдік, мәдени пікірталастар тудырып келеді, оларды қолдану немесе қолдануға тыйым салу мәселесі мемлекеттердің ішкі заңнамасында, сол елде қалыптасқан ерекшеліктерге сәйкес, шешілуі тиіс. Бірақ, адам клондау сияқты ғаламдық маңызы бар проблеманы шешуге, біздің ойымызша, халықаралық қауымдастық тікелей қатысуы қажет. Оның себебі, аталған тәсіл адамзаттың түр ретіндегі өмір сүруіне ықпал етеді, бұл жағдайда осындай реттеуге бүкіл жер бетіндегі адамдардың барлығы да мүдделі.

Өкінішке орай, репродуктивтік құқықтар барлық жерлерде танылып жатқан жоқ. Оның салдарынан адамдар бір жағдайда қауіпсіз, тиімді контрацепциялық құралдарға қол жеткізе алмайды, немесе керісінше бедеулігін емдеуде оңды нәтижелерге ие болмайды. Сонымен қатар, репродуктивтік құқықтар кепілденбеген жағдайда көптеген құқық бұзушылықтар орын алады, мысалы, зиянды дәстүрлерге негізделген теріс тәжірибелердің қолданылуы, мәжбүрлі түрде стерилизациялау, т. б. Зиянды дәстүрлер (оларды кейде қауіпті дәстүрлер деп те атайды) адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіреді. Бірақ осы мәселе тек адамдарға қарсы зорлық-зомбылық тұрғысынан ғана қарастырылған болатын, ол ешқашан репродуктивтік құқықтарды бұзатын негативті құбылыс тұрғысынан талқыланбаған. Алайда, ондай тәжірибелер, ең алдымен, адамның репродуктивтік функциясына әсер етіп, репродуктивтік денсаулығын бұзатындықтан, ол осы құқықтарға қайшы әрекет ретінде танылуы керек. Осы келеңсіздіктердің алдын алу үшін репродуктивтік құқықтар ұлттық заңнамаларға интеграциялануы керек.

Репродуктивтік құқықтардың бірегейлігі онда адам өмірінің түрлі салалары біте қайнасуында. Осы мәселенің құқықтық, заңи шегін белгілей отырып, міндетті түрде ескерілуі тиіс әлеуметтік, экономикалық, моральдік, этикалық аспектілерді естен шығармау керек. Ғылыми тұрғыда репродуктивтік құқықтарды негіздеу барысында философиялық, діни білімдерді кеңінен қолдану қажет.

Диплом жұмысында ғылыми ұстанымының қалыптасуында мынандай құқықтанушы-ғалымдар мен ұстаздардың ғылыми-теориялық еңбектері аса маңызды мәнге ие болды: Е. А. Баллаева, П. Дргонец, М. Н. Малеина, Е. В. Муравьева, Е. В. Перевозчикова, С. В. Поленина, Д. К. Рашидханова, Г. Б. Романовский, Н. А. Рубанова, Г. Р. Рустемова, В. Н. Соловьев, С. Г. Стецовский, М. Ю. Федорова, Я. Холлендер, С. С. Шевчук монографиялық және диссертациялық жұмыстарында репродуктивтік құқықтардың этикалық, моральдық аспектілері, медициналық қызмет көрсету кезіндегі азаматтардың жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау, осы қатынастарға түсуші тараптардың құқықтары мен міндеттерін қарастырған, органдар мен тіндерді трансплантациялаумен қатар, адамның репродуктивтік қызметіне араласудың құқықтық шектерін айқындауға, адам эмбрионының құқықтық мәртебесін белгілеуге қадамдар жасаған. Жоғарыда аталған авторлар өздері жүргізген ғылыми зерттеулердің шеңберінде жасанды ұрықтандыру, жасанды инсеминация, жүктілікті жасанды жолмен тоқтату бойынша қатынастарды талдауға әрекеттер жасаған, бірақ олар жалпы медициналық қызмет көрсету аясында ғана қарастырылған. Оның үстіне, көрсетілген ғалымдардың еңбектерінің ешқайсысы да халықаралық құқық аясында орындалған жоқ, сондай-ақ ол авторлардың барлығы дерлік ресейлік заңгер ғалымдар болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты. Адам құқықтарын қорғау жүйесіндегі репродуктивтік құқықтарды қорғаудың реттелуінің теориялық негіздерін қалыптастыру және оның негізінде осы реттеу тетіктерін жетілдіруге, ұлттық заңнамаларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бойынша тың пікірлер білдіріп, жүйелі ұсыныстар беру.

Осы мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттер туындайды:

  • репродуктивтік құқықтардың теориялық негіздерін зерттеу, олардың алуан түрлі ұғымдарына сараптама жүргізу, репродуктивтік құқықтардың жекелеген тұлға үшін де, белгілі бір мемлекет үшін де, маңыздылығын көрсету, оларды ғаламдық қажеттіліктермен теңдестіру;
  • репродуктивтік құқықтардың адам құқықтары қатарында алатын орнын зерделеу, халықаралық жария құқықтағы орнын негіздеу;
  • репродуктивтік құқықтарды жүйеге келтіріп, жіктеу жолдарын іздестіру;
  • зиянды дәстүрге негізделген теріс тәжірибелердің адамның репродуктивтік құқықтарына қайшылығын негіздеу, ол тәжірибелерді жоюға бағытталған әр түрлі деңгейдегі іс-шараларды зерттеу;
  • репродуктивтік құқықтарды қорғау аясындағы халықаралық ұйымдардың қызметіне талдау жасау, мемлекеттердің осы саладағы ұлттық заңдарын саралау;
  • репродуктивтік құқықтар мен отбасын жоспарлаудың тәсілдеріне талдау жүргізу;
  • балалы болуға репродуктивтік құқықты жүзеге асыруда қолданылатын көмекші репродуктивтік технологияларды анықтау, оларға құқықтық баға беру, түрлі ұлттық заңнамалардағы реттелу ерекшеліктерін айқындау;
  • адамды клондаудың этикалық, құқықтық, моральдік шектерін анықтау, болашақтағы қолданылуына болжамдар жасау;
  • ҚР репродуктивтік құқықтар аясындағы заңнамасын және тәжірибесін әрі қарай жетілдіруге бағытталған теориялық қорытындылар мен тәжірибелік ұсыныстар жасау және оларды негіздеу.

Диплом жұмысын зерттеудің объектісі. Жұмыстың негізгі объектісіне халықаралық құқықта репродуктивтік құқықтарды реттеу аспектілері, сондай-ақ КРТ қолдану бойынша пайда болатын құқықтық қатынастар мәселелері жатады.

Диплом жұмысының пәні. Жұмыстың пәнін репродуктивтік құқықтарды қазіргі кезде түсінудің мәселелері, оларды халықаралық құқық және ұлттық заңнама тұрғысынан реттеудің проблемалары құрайды.

  1. РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ құқықтардың түсінігі мен маңызы

Репродукция (латын тілінен re - қайталанатын, жалғаспалы әрекетті көрсететін жалғау және productio - шығарамын, туындатамын) биологияда - ағзалардың өзі тектес ағзаларды туындатып, өмірге әкелуін білдіреді, оны бір сөзбен биологиялық көбею деп атауға болады [1, 11б. ] . Яғни адам ұрпақты болып, өзін-өзі көбейте отырып, тіршіліктің (бұл жағдайда адамзат тіршілігінің) қозғалысын жалғастырады. Репродукция - кез-келген тірі ағзаларға тән, тіршілік айналымында тірі дүниенің бәрі өзінен кейін ұрпақ қалдырады, бұл инстинкт деңгейінде жүзеге асырылатын табиғи құбылыс.

Репродукция саласын реттеуші нормалар әуелде қан араласуын болдырмау мақсатында қолданылған. Ондай тыйымдар қазақтың әдет-ғұрып құқығында да кездеседі, «Жеті атасын білмеген - жетесіз» деген мақал осы тұрғыда пайда болған сынды. Өз тамыры мен тегін білу - жеті атаға дейін қыз беріп-қыз алысуды болдырмайды, мұның өзі жақын туыстық қатынастардың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Ұқсас табулар көптеген басқа әдет-ғұрыптарда, өзге ұлттарда да болған. Дін де инцестке (қан араласуға) қатаң тыйым салған. Көріп отырғанымыздай, ұрпақ өрбіту үрдістерін реттеу әрекеттерінің тамыры тереңде жатыр

«Репродукция» терминінің мағынасын тура жеткізуге жақын аударма - «ұрпақ өрбіту» сөз тіркесі. Бірақ біз оны да пайдаланбауды жөн көрдік. Көп ғалымдар кейбір жағдайларда қалыптасқан белгілі бір терминологияны қазақ тіліне аударудың қажетсіздігін айтып келуде. Әсіресе, нормативтік актілерге келген кезде, мұның өзектілігі арта түседі, заң құжаттарын кең мағынада талқылауға жол берілмейтіндігін есте сақтаған жөн. Осы диссертация ғылыми ізденіс болып табылғандықтан, автор «репродукция» терминін «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» ҚР Заңының мәтініне сілтеме жасамаған кезде, өзгертпей қолдана береді. Сондықтан заң мәтініндегі «ұрпақты болу» және диссертациялық зерттеуде қолданылатын «репродукция» ұғымдарын бір мағыналы деп түсіну керек.

Репродуктивтік денсаулық - адамдарды қанағаттандыратын қауіпсіз жыныстық қатынас жасау мүмкіндігінің болуын, сондай-ақ репродуктивтік қабілеті мен бала тууға, бала туудың уақытына және бала санына қатысты шешімдерді еркін қабылдауды білдіреді. Осыған сәйкес, ер адамдар мен әйелдер тек ақпарат алуға ғана емес, сонымен бірге қауіпсіз, тиімді, баға жағынан шама келетін және отбасын жоспарлаудың қолайлы құралдарын заң тыйым салмайтын бала тууды реттеудің өзге құралдарын өз таңдаулары бойынша алуға құқылы, сондай-ақ олардың әйелдерге қауіпсіз жүктілік пен босануларды, ал ерлі-зайыптыларға дүниеге дені сау бала әкелуді қамтамасыз ететін денсаулықты қорғау бойынша қажетті қызмет көрсетулерді пайдалануға құқықтары бар. Яғни, бір сөзбен айтқанда, репродуктивтік денсаулық - адам бойында тиісті аурулар мен зақымдардың жоқтығымен ғана емес, сонымен бірге адамның репродуктивтік жүйесіне, оның қызметі мен үрдістеріне қатысты барлық аспектілерде толық тән саулығы, психикалық және әлеуметтік сәттілік жай-күйімен сипатталады [4, 156 б. ] .

Аталған ұғымдардың барлығы қосыла келе, репродуктивтік құқықтармен тығыз байланыста болады. Атап айтқанда, репродуктивтік құқықтар анықтамасы репродуктивтік денсаулық түсінігінен бастау алады, ал репродуктивтік денсаулықты сақтау, жыныстық құқықтар мен отбасын жоспарлау репродуктивтік құқықтар ұғымына кіреді. Яғни репродуктивтік құқықтар тек биологиялық көбеюді білдірмейді. Жоғарыда қарастырылған репродуктивтік денсаулық ұғымынан әйелдер мен ер азаматтардың келесідей репродуктивтік құқықтары бастау алады:

  1. отбасын жоспарлау және бала тууды реттеудің қауіпсіз, тиімді, қолайлы және бағасы жағынан шама келетін әдістері туралы ақпарат алуға құқық;
  2. олардың таңдауы бойынша отбасын жоспарлау және бала тууды реттеудің қауіпсіз, тиімді, қолайлы және бағасы жағынан шама келетін әдістеріне және бала тууды реттеудің басқа тәсілдеріне де қол жеткізуге құқық;
  3. әйелдерге жүктілік пен босану кезеңінен аман-сау өтуге және ерлі-зайыптыларға дені сау нәресте сүюге мүмкіндік беретін денсаулық сақтау саласындағы сәйкес қызметтерге қол жеткізу құқығы. Бұл құқық әйел мен жаңадан туған сәбиге гинекологиялық, акушерлік және басқа да көмек көрсететін ерекше медициналық мекемелердің болуын білдіреді [1, 10 б. ] .

Теорияда репродуктивтік құқықтар ұғымы қалыптасқан жоқ десе де болады.

Шет елдерде, атап айтқанда АҚШ-та адамның репродуктивтік функциясы жөніндегі мәселелер де өткен ғасырдың 80-жылдарында көптеп көтерілді. Осы кезде феминист әйелдердің даулап жүрген «жасанды түсік жасатуға құқық» мәселелері біртіндеп, «репродукцияны қадағалауға мүмкіндік» проблемаларына ұласады. Яғни, «репродуктивті құқықтар» айсбергінің «аборт», яғни жасанды түсік жасау деп аталатын бір шыңынан басқа, өзге де мәселелер сыртқа шыға бастайды. Алайда, тағы да феминистердің ықпалымен олар «гендерлік теңдік» теориясына негізделеді, сондықтан да «баланы өмірге әкелу және оны өсіру, бағып-қағу әйелдердің көп уақытын алады. Егер олар бала тумаған болса, онда ер азаматтар сияқты көптеген экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени және т. б. салаларда өздерін көрсете біліп, үлкен жетістіктерге жете алатын еді», сияқты пікірлер репродуктивтік құқықтардың маңызы мен мағынасын түіндіруде пайдаланылды. Бірақ, осы кезде «репродуктивтік құқықтар» терминінің өзін ешкім де қолданбайды. Оның орнына: «репродуктивтік бостандық», «репродукцияны бақылау», «отбасын жоспарлау» сияқты сөздер қолданылады.

Репродуктивтік құқықтарға анықтама беру көбінесе азаматтық құқық, отбасылық құқық, конституциялық құқық тұрғысынан жүзеге асырылып келеді. Кей жағдайларда олар құқық теориясы тұрғысынан қарастырылады. Әйтсе де, алғаш рет репродуктивтік құқықтар ұғымын құқықтық айналымға енгізген - халықаралық құқық саласы еді. Солай бола тұра, оларды осы құқық саласы тұрғысынан айқындауға бағытталған қадамдар жоқтың қасы. Дегенмен, репродуктивтік құқықтарды тиянақтауға, оларды адам құқықтары терминологиясында айқындау қажеттілігі проблемасын шешуге кейбір үкіметтік емес ұйымдар атсалысып келеді. Халықтар және даму жөніндегі Каир конференциясының құжаттарында бекітілген анықтамаға сүйене отырып, Отбасын жоспарлау халықаралық федерациясы репродуктивтік және жыныстық құқықтар жарғысын жасап шығарды. Жарғыда Отбасын жоспарлау халықаралық федерациясының репродуктивтік және жыныстық құқықтарды түсінуі көрініс тапқан. 1995 жылы жазылған Жарғыда 12 құқық көрсетілген. Олардың барлығы да адам құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттарға негізделеді, солардан бастау алады. Ондай құжаттардың негізгілері: Адам құқықтары туралы жалпы декларация, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою туралы конвенция, Бала құқықтары туралы конвенция және т. б. Жарғыдағы барлық 12 құқық халықаралық маңызы бар қайнар көздерге негізделіп жазылған. Адам құқықтары жөніндегі құжаттардан үзінділер келтіре отырып, Жарғы адам құқықтары аясындағы репродуктивтік құқықтардың легитимділігін көрсетеді, бұл екі мақсатты көздейді:

  • репродуктивтік және жыныстық құқықтардың адам құқықтары жөніндегі құжаттарда көрініс табу шегі туралы мәліметтер беру;
  • репродуктивтік және жыныстық құқықтарға қатысты негізгі мәселелер мен адам құқықтары арасындағы байланысты көрсету, мысалы, адамның жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығын репродуктивтік және жыныстық денсаулық сақтау қызметтеріне жүгінген кездегі құпиялылыққа құқықпен үйлестіру.

Сонымен, Жарғыда көрсетілген құқықтар:

1. Өмір сүру құқығы - оның мағынасы әйел адамның өміріне жүктілігіне байланысты қауіп төнбеуі керек екендігін білдіреді. Бірде-бір баланың өміріне оның жынысына байланысты қауіп төнбеуі керек. Бұл сонымен қатар, медициналық қызметтердің жоқтығынан немесе репродуктивтік және жыныстық денсаулық аясындағы қызметтердің немесе кеңестер мен ақпараттардың болмауы салдарынан ешбір адамның өміріне қауіп төнбеу қажеттілігін білдіреді. Жаңа туған нәресте қыздар әйел жынысты адамдарды өлтіруден азат болуы керек.

2. Қауіпсіздік пен жеке басының азаттығына құқық . Барлық адамдар басқа тұлғалардың құқықтарын құрметтей отырып, өздерінің репродуктивтік және жыныстық өмірін жүзеге асыру және қадағалау бостандығына ие. Әрбір адам өзінің репродуктивтік немесе жыныстық денсаулығына байланысты кез-келген нысандағы медициналық қол сұғушылықтарға ұшырамауы керек. Барлық әйелдер де жыныстық органдарға зақым келтіруден азат болуы тиіс. Барлық адамдар да олардың жыныстық өмірін қиындатушы немесе оған қауіп төндіруші психологиялық факторларға негізделген үрей, кінә, наным-сенімнен азат болуға құқылы. әрбір адам мәжбүрлі жүктілік, стерилизация, жасанды түсік жасаудан азат болуға құқылы.

3. Теңдік пен кемсітудің барлық түрлерінен азат болуға құқық . Ешкім де репродуктивтік және жыныстық өмірінде, медициналық жәрдем мен қызметтерді тұтыну кезінде ешбір негіз бойынша кемсітуге ұшырамауы керек. Барлық адамдар зорлық-зомбылықтың кез-келген нысанынан қорғалуға құқылы. Барлық әйелдер де жүктілігі мен босануына байланысты әлеуметтік, отбасылық ортада немесе еңбектік қатынастарда кемсітуден қорғалуға құқылы. Ешкім де өзінің жынысы, жасы, жыныстық бағдары және ой мен дене кемшіліктеріне байланысты репродуктивтік және жыныстық құқықтар турасындағы ақпаратқа, медициналық қызметке немесе көмекке қол жеткізуде кемсітуге ұшырамауы керек.

4. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық пен құпиялылыққа құқық. Тәуелсіз репродуктивтік таңдау және репродуктивтік денсаулықты сақтауға байланысты көрсетілген қызметтер құпиялы болуы тиіс. Кез-келген әйел тәуелсіз репродуктивтік шешім қабылдауға, соның ішінде қауіпсіз жасанды түсік жасатуға құқылы. Барша адам да өзінің жыныстық бағдарын ешбір қамауға алу немесе әлеуметтік қол сұғушылықтан қорықпай көрсетіп білдіруге құқылы. Жыныстық және репродуктивтік денсаулық сақтау қызметтері, соның ішінде ақпараттық және кеңестік қызметтер әрбір жекелеген адамға және ерлі-зайыпты жұпқа, әсіресе жастарға олардың жеке өміріне қол сұғылмау құқығын құрметтеп және құпиялылықты сақтау негізінде қызмет көрсетуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның психологиялық құрылымы
Адам қабілеті
Авторлық құқық негiзгi жағдайлары
ҚР Азаматтық құқығы. ҚР Отбасы құқығы. ҚР Қылмыстық құқығы
Нәпсілік қатынас және денсаулық
Инфекциялық және жыныстық қатынас арқылы таралатын аурулар
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Тұлғаның әлеуметтену процесі
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz