Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Қазақстан Республикасының сақтандыру құқығының және сақтандыру құрылысының жалпы сипаттамасы . . . 7
1. 1 Сақтандыру ісі, сақтандыру рыногы және сақтандыру ұйымдары . . . 7
1. 2 Сақтандыру құқығы құқық саласы ретінде . . . 25
1. 3 Сақтандыру заңнамасы және сақтандыруға қатысы бар өзге де заңнамалық актілер . . . 34
1. 4 Сақтандыруды жүзеге асыру негізгі сақтандыру шарттары . . . 35
2 Сақтандыру құқық саласындағы құқықтық қатынастардың түрлері . . . 43
2. 1 Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері . . . 43
2. 2 Жалпы сақтандыру саласының құқықтық негіздері . . . 49
2. 3 Өзара сақтандырудың құқықтық негіздері . . . 57
2. 4 Қайта сақтандырудың құқықтық негіздері . . . 62
2. 5 Сақтандыру брокері, агенті, актуарий және аудиторлық ұйым қызметінің құқыктық негіздері . . . 65
2. 6 Сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерн басқарудың құқықтық негіздері . . . 73
Қорытынды . . . 81
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 83
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қандай болмасын мемлекет ауқымындағы экономикалық қатынастардың, оның ішінде сақтандыру қатынастарының жан-жақты дамуы арнайы құқықтық реттеушінің, бұл орайда, сақтандыру құқығының болуын объективті түрде шарттайды. Осы сақтандыру құқығының құзырындағы сақтандыру ісі (сақтандыру) азаматтардың, шаруашылық жүргізу субъектілерінің және мемлекеттің мүліктік мүдделерін материалдық қорғау жүйесі ретінде казіргі заманғы қоғамның аса кажетті элементі болып табылады. Бұл ретте сақтандырудың басты мақсатына азаматтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және мемлекеттің мүліктік мүдделерін кенеттен туындайтын, қауіпті әрі залалды, қоғамдық өмірдің материалдық деңгейін күрт төмендетіп жіберетін төтенше табиғи құбылыстар мен техногендік апаттар сипатындағы кездейсоқ сақтандыру жағдайларынан (ықтимал, басталуы әбден мүмкін тәуекелдерден) қорғау жатады. Демек, сақтандыру нысанасындағы негізгі жағдаят ретінде материалдық зиян келтіретін сақтандыру жағдайының басталуын негіздейтін қауіпті әрі залалды ықтимал сақтандыру тәуекелдері және сақтанушының (заңды немесе жеке тұлғаның) заңға қайшы келмейтін мүліктік мүддесіне келтірілген зиянды сақтандырушының ақшалай нысанда өтеу жөніндегі міндеттемесі (сақтандыру қорғауымен қамтамасыз ету мән-жайы) көрініс табады.
Сақтандыру заңнамасы нормаларына негізделетін сақтандыру қорғауы мемлекеттің қорғау функциясымен әрі қорғау құқықтық нормаларымен тығыз байланысты болады. Сақтандыру институтының болмысы сақтанушылардың сақтандыруға деген материалдық қызығушылығын туындататын сақтандыру мүддесіне байланысты болғандықтан ол сақтандыру құқықтық қатынасындағы сақтанушының (жеке немесе заңды тұлғаның) нақтылы мүдделерін білдіреді. Сақтандыру мүддесі бірінші кезекте сақтанушының (сақтандырылған адамның, азаматтың, жеке тұлғаның) конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қатысты айқындалатын мән-жайларды көздейді. Сонымен бірге сақтандыру қорғауымен қамтылатын бірден-бір мүліктік мүдделерге жеке тұлғаларға, олардың сақтандыру шартында көзделген жасқа жетуіне не осы шартта көрсетілген мерзімнің немесе сақтандыру жағдайының басталуына орай сақтандыру ұйымы төлейтін сақтандыру төлемі де жатады.
Бүгінде өркениет тарихында жинақталған әрі сынақтан өткен сақтандыру ісінің тәжірибесін және қалыптасқан сақтандыру құқығының механизмін қоғамдық-мемлекеттік мүдделерге орай тиімді пайдалану мән-жайы қазіргі нарықтық даму кезеніндегі шаруашылық жүргізу және өндірістік қатынастар деңгейіне, меншік нысандарына, басқа елдермен экономикалық байланыстарды жандандыру дәрежесіне, қоршаған табиғи орта жағдайына, сақтандыру заңнамасы саласында жүргізіліп жатқан реформаларға және т. б. факторларға байланысты Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі сақтан-дыруды және сақтандыру қызметін өркендетуге, ұлттық сақтандыру рыногын түрлендіруге, міндетті сақтандыру жүйесін құруға, құқық саласы ретіндегі сақтандыру құқығының реттеуші әлеуеті ауқымын кеңейтуге, сақтанушының (сақтандырылушының) мүліктік мүддесін қорғауды тиісті заңнама және сақтандыру шарттары негізінде кепілдендіруге, ықтимал сақтандыру тәуекелдерінің алдын алу арқылы сақтанушыға, сақтандырылған тұлғаға, үшінші тұлғаларға немесе қоршаған ортаға келтірілетін зиянды (залалды) шектеуге мүмкіндік беріп отыр.
Ұлттық сақтандыру рыногының және онын тиісті салаларындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тиісінше жұмыс істеуі және олар сүйенетін нормативтік құқықтық базаның үзбей реформалануы осындай түйінді өркениеті шешу тұрғысынан сақтандыру құқығының әлі де болса даму үстінде екендігін айқындай түседі. Сақтандыру құқығының ұйымдастырушы - реттеуші құзырындағы сақтандыру қызметін қоғам мен мемлекет, нарық, өркениет, экономиканың объективті зандары талаптарына сай түрлендіру аспектісі сақтандыру заңнамасын жетілдіру, сақтандыру жүйесіне халықаралық сақтандыру стандарттары ережелерін енгізу, әлеуметтік-психологиялық сақтандыру климатынын. қалыптасуына, б. а. халыктың сақтандыру мәдениетінің өсуіне ат салысу, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мән-жайларын ұштастырады [1, 28] .
Бүгінгі танда сақтандыруға және қайта сақтандыруға қойылатын нарықтық-экономикалық талаптар сақтандыру құқығы мен сақтандыру заңнамасының тиімділігін әрі икемділігін, төтенше табиғи кұбылыстарға байланысты және техногендік ортада орын алуы ықтимал сақтандыру жағдайларының, сондай-ақ сақтандыру тәуекелдерін бағалаудың мән-жайларын, сақтандыру тарифтеріне, актуарийлік есептеу мен қорытынды жасауға қатысты мәселелерді жетілдіруді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру рыногындағы қызметін экономикалық колдауға тең құқыктық жағдай жасау деңгейін қамтамасыз етуді және т. б. нысаналауда.
Баяндалған осындай мән-жайларға қарап сақтандыру рыногының орнықты өсіп, сондай-ақ ұлттық сақтандыру заннамасының тиісінше дамып жатқанын байқауға болады. Әйтсе де, бұл ретте айта кететін манызды бір жайт, қандай болмасын отандық сақтандырушының ірі тәуекелдерді сақтандыруға қабылдауына әрі осы орайда оған экономикалық қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін қайта сақтандыру және ортақ сақтандыру институттарын дамытып, қалыптастыру процестері өте кешеуілдеп отырған сыңайлы. Сонымен бірге ұлттық сақтандыру рыногының тиісті салаларында сақтанушы мен сақтандырушының арасында жиі туындайтын даулы жағдайлардын, көбінесе сот арқылы шешілуі әлеуетті сақтанушынын (халықтың) сақтандыру бизнесіне деген сенімділігін төмендетуге әкеп соғуы ықтимал. Осыған байланысты өркениетті дамыған және бәсекеге барынша қабілетті елдердегідей белгілі бір дауларды соттан тыс шешетін механизмді сақтандыру омбудсменін кұру қажет. Осындай жағдяттар құқық саласы ретіндегі сақтандыру құқығының жаңа институттарын қалыптастыруды және ұлттық сақтандыру рыногының заңнамалық базасын жетілдіруді талап етеді.
Тақырыптың өзектілігі: ұлттық сақтандыру рыногы салаларындағы өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру және міндетті сақтандыру түрлерін ел экономикасының түрлі аялары мен салаларына қарай дамытуды мемлекеттік реттеу және қадағалау сақтандыру құқықтық қатынастарының тиімді қалыптасуына септігін тигізеді. Осы сақтандыру қызметтерін көрсету рыногын (ұлттық сақтандыру рыногын) құқықтық реттеу теориясы мен сақтандыру практикасы арасының алшақтауы заңи ғылым мен экономикалық ғылым арасындағы ғылыми зерделеу, зерттеу бағыттарының бөлек жүргізілуіне байланысты орын алып отыр. Дегенмен, сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметтін даму зандылықтары және сақтандыру заң намасы мен сақтандыру құқықтық қатынастары жөніндегі ғылыми зерделеу нәтижелері сақтандыру құқығының, экономиканың сақтандыру секторының және мемлекеттің сақтандыру саласындағы саясатының өзара заңи, сондай-ақ экономикалық байланыстармен шырмалған әрі объективті-субъективтік факторларға қарай байламданған түйін (сақтандыру құқығынын теориялык проблемалары) екенін дәйектеуде.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Осы жұмыстың мақсаты, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру саласындағы заңдарына сараптама жасап, оларды әрі қарай жетілдіру. Нарық заманына сай сақтандыру жүйесін жасау және оларды жүзеге асыруда туындайтын қарым-қатынастарды зерттеу.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасының сақтандыру құқығының және сақтандыру құрылысына жалпы сипаттама беру;
- сақтандыру ісінің, сақтандыру рыногының және сақтандыру ұйымдарының құқықтық аспектілерін қарастыру;
- сақтандыру құқығын құқық саласы ретінде зерттеу;
- сақтандыру заңнамасын және сақтандыруға қатысы бар өзге де заңнамалық актілерді талдау;
- сақтандыруды жүзеге асыру негізгі сақтандыру шарттарына сипаттама беру;
- сақтандыру құқық саласындағы құқықтық қатынастардың түрлерін келтіру.
Зерттеу жұмысының объектісі . Қазіргі таңдағы сақтандыру құқығының теориялық және қолданбалы проблемалары, сонымен қатар, сақтандыру құқығының және сақтандыру ісінің дамуының мәселелері.
Зерттеу жұмысының пәніне сақтандыру ісіне қатысты ұлттық заңнамалар, отандық және шетелдік заңгер ғалымдардың еңбектері жатады.
Дипломдық зерттеудің теориялық негізі - зерттеу тақырыбына байланысты немесе оған қарайлас тақырыптарда жарыққа шыққан монографиялық және диссетрациялық зерттеулер, басылымға шыққан мақалалар, оқулық әдебиеттер болып табылады. Сонымен қатар құқық нормаларын тану және оларды қоғамдық өмірге енгізу барысында қолданылатын құқықтық жалпы теориясы, сақтандыру құқығы, азаматтық құқық және әлеуметтану ғылымдарының ілімдеріне сүйенеді.
Зерттеудің методолигиялық негіздерін ақиқат болмысын тану жолында қолданылатын жалпы ғылыми әдістер құрайды. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау, сараптамалық бағалау, қисынды-заңдылық, статистикалық талдау, тарихи және нақты-социологиялық әдістер қолданылды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Жұмыс нәтижесінде жасалған теориялық қорытындылар мен тұжырымдар осы мәселеге қатысты ғылыми зерттеулерді жұргізуге, сонымен қатар нарық жағдайында қалыптасып келе жатқан сақтандыру жүйесін реттеп, әрі қарай жетілдіруге әсер етеді. Зерттеу барысында сақтандыру қызметін реттейтін заңдарына талдама жасап алынған ұсыныстар мен тұжырымдар студенттердің біліктілігін көтеру курстары шеңберінде қолданылып, құқық саласындағы мамандар мен ғалымдарға кезекті құнды мәліметтер ауына көмек береді.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, он бөлімшеден тұратын екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақстан Республикасының сақтандыру құқығының және сақтандыру құрылысының жалпы сипаттамасы
1. 1 Сақтандыру ісі, сақтандыру рыногы және сақтандыру ұйымдары
Нарықтық. даму жағдайындағы сақтандыру ісі (сақтандыру) қандай болмасын қоғамдық-экономикалық формацияларда тиісінше дамып қалыптасатын және асқан қажеттілігімен ерекшеленетін әрі тиісті сақтандыру салалары бойынша жұмыс істейтін, қоғамдық пайдалы шаруашылық жүргізуге, тұлғалардың еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына, қоршаған ортаға байланысты орын алуы ықтимал (орын алатын) тәуекелдерге орай қатысушылары (сақтандырушылары, сақтанушылары, сақтандырылғандары, пайда алушылары) нақтылы айқындалып, құқықтары мен міндеттері белгіленген материалдық мазмұнды коғамдық қатынастар ауқымында мақсатты сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерін кұруды, сондай-ақ ұлттық сақтандыру жүйесінде өтеу (өтеттіру) механизмін іске қосатын сақтандыру жағдаяттары (оқиғалары) туындаған кезде тиісті заңнама және шарт негізінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жолымен сақтандыру корғауының камтамасыз етілуін нысаналайтын кәсіпкерлік сипатты - бағдарлы экономикалық институт болып табылады.
«Сақтандыру кызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының «Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі» деп аталатын 4-бабының 1-тармағында: «Сақтандыру дегеніміз, сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе занды тұлғанын занды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені» деген түсіндірме берілген [2, 2] . Демек, сақтандыру белгілі бір тәуекелдерге орай орын алуы ықтимал сақтандыру жағдайы (оқиғалары) басталған кезде занды немесе жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін (сақтандыру мүдделерін) арнайы қалыптастырылған мақсатты ақшалай сақтандыру қоры есебінен сақтандыру корғауы-мен қамтуды қамтамасыз етуге байланысты сақтандырушы (мамандандырылған ұйым) мен сақтанушы (сақтандырылушы), пайда алушы арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды білдіреді. Сақтандыру сақтанушының мүліктік мудделеріне келтірілген зиянды ақшалай нысанда өтеуге ат салысады. Сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы сақтандыру қатынастары сақтанушының, өз қарамағындағы (меншігіндегі) мүліктерін немесе өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етуге байланысты сақтандыру мүддесінің болмысына орай туындайды.
Сақтандыру барысында негізінен сақтанушының не үшінші тұлғаның мүлкі және мүліктік мүддесі (мәселен, жеке сақтандырудағы азаматтардың өміріне, денсаулығына және еңбекке қабілеттілігіне байланысты, мүліктік сақтандырудағы мүлікті иеленуге, пайдалануға әрі оған билік етуге байланысты, азаматтық-құқықтық сақтандырудағы занды немесе жеке тұлғаның өміріне, денсаулығына не мүлкіне келтірілген зиянды етеуге байланысты мүліктік мүдделер) сақтандыру қорғауымен қамтылады. Демек, сақтанушы өзінің не үшінші тұлғанын әміріне, денсаулығына, еңбекке қабілеттілігіне, мүлкіне байла-нысты сақтандыру мүддесін білдіретін мүліктік мүддесін сақтандыратын жеке немесе занды тұлға ретінде заңнамалык, актіге не жасатылған сақтандыру шартына орай тиісті сақтандырушымен екі арадағы азаматтық құқықтық қатынастарға қатысады. Осы орайда ескеретін маңызда жәйт, егер сақтандырушымен жасасылған ерікті немесе міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылушы (өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылған, былайша айтқанда сақтандырылған тұлға) болып табылады.
Ал сақтандырушы сақтандыру ұйымы ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен, тиісті сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде келтірілген зиянды өтеу жөніндегі өзіне жүктелген міндеттемеге орай сақтанушыға немесе өзге тұлғаға (пайда алушыға - заңда не сақтандыру шартында көзделген мән-жайларға байланысты сақтандыру төлемін алуға құқығы бар тұлғаға) шартта белгіленген сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін төлеуге міндетті занды тұлға болып саналады. Сақтандыру экономикалық кызметтің айрықша түрі ретінде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) жұмылдыру арқылы сақтандыру қорын әрі сақтандыру резервтерін кұру және сақтандырылған мүліктік мүдделерге келтірілген зиянды сақтандыру төлемін жүзеге асыру жолымен өтеу ауқымында тікелей көрініс табады. Сақтандыру бүгінгі танда қандай болмасын аяда, салада және ортада келтірілген зиянды уақтылы әрі толығымен өтеу есебінен қоғамдағы әлеуметгік және экономикалык тұрактылықты қамтамасыз етуге, мақсатты сақтандыру қорының уақытша бос қаражаттарын сақтандыру ұйымының инвестициялық қызметінде пайдалануға, сақтандыру өнімдерін өткізуге байланысты сақтандыру операцияларының дамуына, сондай-ақ ұлттық сақтандыру жүйесіндегі жаңа сақтандыру түрлерінін, онын ішінде кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандырудың заңнамалық және шарттық, негіздерінің тиімділігіне мүдделілік танытып отыр.
Осыған байланысты дәстүрлі сақтандыру қорғауымен қамтылатын ауқымдағы төтенше әрі қолайсыз табиғи құбылыстар мен шаруашылық жүргізу субъектілерінің техногендік тәуекелдеріне қоса, бүгінде, заемдарды сақтандыру, ипотекалық сақтандыру, кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру, басқа да қаржылық шығындарды сақтандыру, соттағы шығыстарды сақтандыру белеңалуда. Сонымен, жоғарыдағы баяндауларға орай сақтандырудың экономикалық және заңи аспектілері айқындала түскен сыңайлы.
Сақтандырудың заңи аспектісі сақтандыру өтеуінің міндеттілігін белгілеу үшін жасасылатын ерікті не міндетті сактандыру шарты немесе тікелей заңнамалық акті негізінде тиісті тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыру корғауымен қамтуға байланысты сақтанушы мен сақтандырушы катысатын сақтандыру құқықтық қатынастарын білдіреді. Сақтандырудын, экономикалық аспектісі мақсатты ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру және оларды әр түрлі төтенше әрі қолайсыз құбылыстар салдарынан келтірілген зиянды өтеу үшін пайдалану жөніндегі нысандар мен әдістердің жиынтығынан тұратын экономикалық (ақшалай) қатынастар жүйесі ретінде жұмылдыру, өтемдік (қайта бөлуші) және қорғау -алдын алу функциялары арқылы көрініс табады. Осы ретте сақтандыру: сақтандыру тәуекелінің болуына байланысты материалдық, зиян келтіретін ықтимал сақтандыру жағдайының орын алуы (басталуы), заңды және жеке тұлғалардың (сақтанушылардың) өздеріне келтірілуі ықтимал зиянды жабуға (өтеуге) деген мұқтаждықтарының канағаттандырылуы, сақтанушы төлеген сыйлықақылар мен жарналар есебінен құрылған мақсатгы сақтандыру қоры каражаттарының (сақтандыру жағдайының басталуына орай) сақтандыру өтеуі нысанында (зиян шеккен сақтанушыға) қайтарылуы сияқты және т. б. өзіне тән белгілерімен ерекшеленеді.
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (онын 2-бабының 1-тармағында көрсетілгендей) кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асырудың ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерін кұру, лицензиялау, реттеу, олардың кызметін тоқтату ерекшеліктерін, өзге де жеке және занды тұлғалардың сақтандыру рыногындағы қызметінің талаптарын, сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сактандыру қызметін қадағалауды қамтамасыз ету принциптерін белгілейді. Аталған Заңмен тікелей реттелген сақтандыру қатынастарын қоспағанда, сақтандыруға байланысты туындайтын және өзге де заңнамалық актілер қолданылатын аядағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасынын Конституциясына негізделетін сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдармен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін қаржылық, әлеуметтік және езге де тәуекелдерден қорғаудың тиімді құралы, сондай-ақ ұзақ мерзімді ішкі инвестициялардың сенімді көзі ретіндегі сақтандырудың рөлін нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру индустриясын реформалауды жалғастыру және оның басымды бағыттарын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 шілдедегі № 729 қаулысымен «Қазақстан Республикасынын сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілген болатын.
Сақтандыру рыногы арнайы тауарды-сақтандыру өнімін сату және сатып алу, сақтандыру қорғауына байланысты сақтандыру өтемін жүзеге асыру нәтижесінде сақтанушылар, сақтандырушылар, үшінші тұлғалар арасында туындайтын, біртекті сақтандыру қызметтерін көрсететін сақтандырушылар қатарының көбеюіне орай қалыптасатын экономикалық қатынастардың жүйесі ретінде өзіне тән сақтандыру ауқымын қамтиды [3, 57] . Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының катысушыларына («Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес) : сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтандыру брокері; сақтандыру агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; өзара сақтандыру қоғамы; сақтандыруға бай-ланысты кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыратын өзге де заңды және жеке тұлғалар жатады.
Бүгінде осы сақтандыру рыногын дамытудың негізі проблемалары тұрғысынан өмірді және жеке басты сақтандырудың жаңа түрлерін дамыту, сақтандыру ұйымдарын корпоративтік басқару жүйесін енгізу, мамандандырылған қайта сақтандыру ұйымдарын кұру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі жөніндегі статистикалық және өзге де деректер базасын қалыптастыру, сақтандыру компанияларының қызметін автоматтандыру мәселелері және т. б. айқындалып отыр. Бұл ретте сақтандыру рыногының кейбір проблемалары қатарына: сақтандыру ұйымдарының өз тәуекелдерін басқаруы сапасының төменділігін; рыноктағы жекелеген сақтандыру ұйымдары белсенділігінің жеткіліксіздігін; сақтандыру ұйымдарының өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы-ларға заем беру жүйесінің дамымағандығын; сақтандыру ұйымдарының қызметтер көрсетуі сапасының төменділігін; сақтандыру бизнесі саласындағы алаяқтыққа қоса ерікті сақтандыру бойынша кызметтер көрсетудің шектелуін және т. б. жатқызуға болады.
Қазақстанда сақтандыру рыногын дамытудың негізгі мәселелерінің біріне жеке сақтандыруды оның ішінде ұзақ мерзімді (жинактаушы) түрлерін дамыту жатады. Өйткені сақтандыру ұйымдары жеке сақтандырудың жинақтаушы түрлері арқылы экономикаға жеткілікті көлемде әрі ұзақ мерзімге ақша каражаттарын тартып, институционалды инвестициялар жүйесінің дамуына айтарлықтай мүмкіндік туғызады және ел экономикасы үшін өте тиімді жағдай жасайды. Бұл орайда жеке тұлғалар жеке сақтандырудың және өмірді сақтан-дырудың барлықеспектрі: кайтыс болуы жағдайын сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру; шартта белгіленген жасқа немесе мерзімге дейін өмір сүру жағдайын сақтандыру; еңбек ету қабілетін жоғалту жағдайын сақтандыру бойынша нақтылы сақтанушылар бола алатын азаматтар ретінде, ал жұмыс берушілер (заңды немесе жеке тұлғалар) өз қызметкерлерінің жазатайым оқиғаларға байланысты кайтыс болу жағдайын сақтандыруға, қосымша зейнетақыны сақтандыруға, қызметкерлерінің өмірінсақтандыруға және т. б. мән-жайларға қатысты мемлекеттің заманауи заңдылқ талаптары және өз мүліктік мүделері тұрғысынан сақтандыру құқықтық қатынастарындағы әлеуетті сақтанушылар болуға мүдделілік танытуға тиіс.
Жеке сақтандырудың дамыған рыногының болуы мемлекеттің халықты әлеуметтік қамтамасыз етуге жұмсайтын шығындарын азайта отырып, республикалы бюджеттің шығыс бөлігіне түсірілетін салмақты жеңілдетеді. Жалпы алғанда ұлттық сақтандыру рыногының ауқымындағы жеке сақтандыру рыногының дамуы қаржы рыногының дамуына әрі осы рынок ұсынып отырған сақтандыру ұйымдарының активтері инвестицияланатын кұралдарға тәуелді болады. Бұл ретте сақтандыру ұйымдарының тәуекелдер және құралдардың мерзімділігі әрі өтімділігі бойынша активтерін диверсификациялауды қам-тамасыз ету үшін елдегі бағалы кағаздар рыногын тиісінше дамыту қажеттілігі туындайды. Жеке сақтандыруды, оның ішінде аннуитеттерді дамыту мақсаттарына: аннуитеттерді ұсыну, өмірді сақтандыру, еңбек ету қабілетін сақтандыру саласындағы зандарды, оның ішінде жаңа сақтандыру өнімдерінің пайда болуын қамтамасыз ететін сақтандыру зандарын реформалау, сондай-ақ салалардың және сақтандыру сыныптарының жіктелуін нақтыландыру мүмкіндігін қарастыру; өмірді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардағы жинақ ақшаның сақталуын қамтамасыз ету; ұзақ, мерзімді (жинақтаушы) сақтандыруды дамыту мақсатында салық салу режимін жетілдіру; емірді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардың институционалды қалыптасуы үшін жағдай жасау; өмірді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардың үзақ мерзімді инвестициялары үшін мүмкіндіктерді кеңейту жолымен қол жеткізуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz