Оқушыларды шығармашылыққа баулудағы қолөнерінің ролі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

Мазмұны

Кіріспе
: 1
Кіріспе: Оқушыларды шығармашылыққа қолөнері негізінде баулудың теориялық негіздері
:
: 1. 1.
Кіріспе: Шығармашылық ұғымының мәні
:
: 1. 2.
Кіріспе: Қазақ халқының қолөнері
:
: 1. 3.
Кіріспе: Оқушыларды шығармашылыққа баулудағы қолөнерінің ролі
:
: 2
Кіріспе: Технология пәнінде оқушыларды қолөнер бұйымын әзірлеуге үйретудің әдістемелік негіздері
:
: 2. 1.
Кіріспе: Технология пәнін оқыту мазмұны
:
: 2. 2.
Кіріспе: Қолөнер сабақтарын өткізудің әдістемелік ерекшеліктері
:
: 3
Кіріспе: Ұлттық қолөнер бұйымын әзірлеу технологиясы
:
: 3. 1.
Кіріспе: Петроглифтер туралы тарихи мәліметтер
:
: 3. 2.
Кіріспе: Бұйымдарды сәндік кестелермен әсемдеу
:
: 3. 3.
Кіріспе: Ұлттық киімнің сызбасын тұрғызу
:
: 3. 4.
Кіріспе: Бұйымды өңдеу технологиясы
:
: 3. 5.
Кіріспе: Бұйымның құнын есептеу
:
:
Кіріспе: Қорытынды
:
:
Кіріспе: Әдебиеттер тізімі
:
:
Кіріспе: Қосымша
:

Кіріспе

Қоғамның қазіргі кезеңде мектеп алдына қойып отырған негізгі міндеті - жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін, инабаттылық қасиетін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру. Осы міндетті жүзеге асыруда көптеген іс-шаралардың атқарылып отырғанын көпшілік қауым, әсіресе педагогтар мақұлдайды.

Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: “Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйету, адамзат қоғамындағы бұрын-соңды жасалмаған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу” жақтары қарастырылған.

Адамның жеке басының қалыптасып, саналы еңбек ететін азамат болып өсуіне ата-баба мұрасының мол байлықтарын сақтай білу, дәстүріміздің, салтымыздың, қолөнеріміздің жақсы жақтарын бойларына сіңіре отырып өсіру қажеттігінен туындайды. Қоғам байлықтарының барлығы да адам еңбегімен жасалады. Міне осы халқымыздың тәрбие негіздерін жалпы білім беретін мектептерде болашақ ұрпағымызды ұлттық қолөнерге баулуда оқу - тәрбие процесіне терең енгізе оқыту бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Халық шығармашылығының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин ұлттық тәрбиені әлеуметтік процесс дәрежесіне көтеру мақсатын алға қойды.

Бұл міндеттерді тәрбиенің құрамды бөліктері ретінде алып қарауға болады. Ол еңбек тәрбиесі, адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық (әсемдік), дене және идеялық-саяси тәрбиенің ықпалын күшейте түсу болып табылады.

Бүгінгі заман талабына сай жастарды ұлттық қолөнерге баулу, соның ішінде сәнді киімді әзірлету маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Қоғамның даму барысында мәдени, экономикалық, саяси жағдайлардың бәрі де ұлттық психология мен көзқарастар адамның сана сезімінің дамуына әсер етеді.

Қай халықтың болмасын қолөнері, оның тарихынан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен қатар өркендеп, дамиды. Сондықтан жас жеткіншектерді халқымыздың мазмұнға бай тәрбиесі негізінде өсіруге, ой-өрісін, жоғары эстетикалық тағлымын, биік адамгершілік тұлғасын қалыптастыруға көп көңіл

Қазіргі кезде сол ұлттық қол өнерді жас ұрпақтың бойына дарытын, үйрететін мектептерде жүргізілетін еңбек пәні. Олай болса “Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер” деген халық даналығын басшылыққа алып, жас ұрпақты тәрбиелеуде, дамытуда, қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралдарын (тіл, дін, өнер, үлгі-өнеге) орнымен пайдалану бүгінгі күн үшін де өте маңызды.

Мектеп қабырғасында оқушыларға ұлттық-қолданбалы өнерді үйретуде әсіресе еңбек технологиясы пәнінің үлесі зор.

Бұл пәндер үшін әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдарын дайындау және лабороториялық жұмыстарды өткізу деңгейіне сәйкес шеберханаларды, зертханаларды жабдықтау мәселелері туады. Оқу шеберханаларында өтетін технология сабақтары еңбекке баулудың негізгі міндеттерін шешуге және оның мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.

Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Ал халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады.

Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл - ой деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы арта түседі.

Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден - ақ ата - ана парызы, бүкіл халық міндеті болды.

Оқу-тәрбие үрдісін оқытушы мен оқып үйренушінің білімінің мазмұнын меңгеру мақсатында орындалады. Дидактикада осы іс-әрекет түрлерінің сипатына, жинақтау тұтастығы мен орналасуына көп көңіл бөлінеді. Оқушылардың еңбек сабақтарын ұйымдастыру мәселелерін В. Поляков, П. Атутов, В. Корольский, Л. Мельникова, С. Симоненко және т. б. терең зерттеген және олардың еңбектерінде ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар берілген.

Қазақ халқының ұлттық өнерін, тарихын көптеген ғалымдарымыз Ә. Марғұлан, Ө. Жәнібеков, Х. Арғынбаев, С. Қасиманов, Ғ. Иляев, А. Ғалымбаева, А. Мұқанов және т. б. зерттеп көптеген еңбектерін жарыққа шығарған.

Оқушыларға білім беру және тәрбиелеу мәселелерін Т. Ильина, Ю. Бабанский, И. Харламов, Ж. Қоянбаев, Қ. Қожахметова және т. б. зерттеген.

Оқушыларды еңбекке баулудың психологиялық, физиологиялық мәселелерін В. Чебышева, Қ. Жарықбаев, Ә. Тәжібаев, т. б. зерттеген.

Еңбек сабақтарында оқушыларды қолөнеріне баулу және сәндік қолданбалы өнер негіздері бойынша М. Қозыбақов, Ш. Әбдуалиева, С. Жолдасбекова, Б. Ортаев, т. б. зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Осы аталған ғалымдар еңбегін зерттей келе біз өз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: « Технология пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылығын қолөнер негізінде дамыту » деп таңдап алдық.

Диплом жұмысымыздың мақсаты : жоғары сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың мазмұнын айқындау және практикалық жағынан іске асыру.

Зерттеу обьектісі : технология сабағы.

Зерттеу нысанасы : қолөнер бұйымын әзірлеу процесі.

Зерттеу міндеттері:

  • оқушыларды шығармашылыққа баулудың теориялық негіздерін ашып қарастыру;
  • Оқушыларға қолөнер бұйымын үйрету мазмұнын айқындау;
  • Оқушыларды қолөнер бұйымын әзірлеуге үйрету әдістері мен формаларын айқындау;
  • Бұйым әзірлеудің технологиялық мәселелерін ашу;

1 Оқушыларды шығармашылыққа қолөнері негізінде баулудың теориялық негіздері

1. 1. Шығармашылық ұғымының мәні

Шығармашылық ұғымына берілген анықтамалар оған өз қатарындағы адамдардан (балалардан) жоғары ақыл-ой қызметімен ерекшеленетін адам қасиетін жатқызады. Дарындылық пен таланттылықты синоним ретінде қолданып жүрген авторлар да кездесіп қалады. Біздің ойымызша, таланттылық арнайы іс-әрекетте жоғары нәтижеге жеткізсе, дарындылық ақыл-ой қызметінің ең жоғарғы дәрежесімен сипатталады. Әрбір талантты балада дарындылық бар да, ал дарынды баланың барлығы бірдей талантты болмауы мүмкін. Талантты, дарынды балаларды арнайы оқу орындарында оқытқанда ғана олар қоғамға пайдасын тигізе алады.

Қабілеттер тұлғаны айшықтайтын компоненттердің бірі болса, онда «тұлға» немесе «жеке бас» ұғымының мәнін түсініп алу қажеттігі туады.

Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процес белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестерді табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты.

Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін, өз қабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып, біз оның “әрекет” ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды.

Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

1. Репродуктивті-іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

2. Шығармашылық-жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Енді жұмысымыздағы екінші негізгі категория «шығармашылық» ұғымының мәнін анықтауға көшеміз.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: «Шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», -деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық» деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.

Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары «шығармашылық» сөзімен «жаңалықпен» қатар «бастамалылық, белсенділік», ұғымдары астарлас қолданылып жүр.

Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе мына төменлегідей қорытындыға келдік.

Шығармашылық-өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, кәзіргі ғылым жетістіктері қабілетінің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда. Сондай зерттеулурдің бізді қызықтырған кейбіреулеріне тоқтала кетейік.

Осы саланы тереңірек зерттеген дәрігер, әрі психолог А. Н. Луктың еңбектері ерекше назар аударуды қажет етеді. А. Н. Лук әрекеттің нәтижесінің шығармашылық деңгейі көтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты деген пікір айтады.

Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:

-Мәселені қарастырудағы қырағылық, көрегендік;

-Ақпаратты нерв жүйесіне код арқылы хабарлау;

-Тасымалдай білу;

-Ақылдың икемділігі, ойдың орамдылығы;

-Әрекетті бағалай білуді қарастырады.

Әрекеттің шығармашылық қабілеттерді дамытуы үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау сияқты психологиялық кедергілермен күресу қажеттігіне тоқталады.

Оқушылардың көрке-шығармашылық қабілеттерінің ерекшеліктері, оларды дамытудың жолдары мен әдістері А. А. Мелик-Пашевтың, В. С. Шубинскидің, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеулерінде қарастырылады.

Шығармашылық қабілеттердің жоғары деңгейі дарындылық, таланттылық мәселесінің теориясына терең бойлаған В. Э. Чудновский, В. С. Юркевич, И. П. Волков осы феноменнің ерекшеліктері, олар мен жұмыс түрлері, дарынды, талантты балалар экологиясы жайлы ой қозғап, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге байланысты тәжірибелерімен бөлісіп ұсыныстар береді.

Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған В. А. Кан-Калик, Н. Д. Никандровтың зерттеулерінде, ұстаз шығармашылығының психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шыңармашылығын қалыптастыру жолдарына талдау жасалады.

Жоғарыда аталып кеткен еңбектерде, шығармашылық қабілеттердің белгілерін анықтау, шарттарын айқындау, жолдарын, құралдарын белгілеу сияқты ортақ идеялардың бар екенін байқадық.

Сонымен, біз “шығармашылық қабілет” ұғымының соңғы уақыттарда көптеген зерттеулердің негізгі арқауы болғанын көреміз. Шығармашылық туралы айтылған ойлар мен жасалған тұжырымдамаларды талдай отырып, оны мына төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам әрекеті деген қорытынды жасаймыз:

-Шығармашылықтағы қарама қайшылықтардың болуы,

-әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы,

-шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы,

-шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы,

-нәтиженің жаңалығы, сонылығы.

Бұдан шығар қорытынды:”Шығармашылық қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар соны жаңалыққа әкелетін адам әрекеті”, -деген тұжырым жасаймыз. Ал бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын, субъективті жаңалық.

Оқыту барысында оқушылар шығармашылығын қалыптастыру және дамыту мәселесі шығармашылық процестің қандай кезеңдерден, яғни неден басталып, немен аяқталатындығын білуді талап етеді. Көрнекті француз математигі Адандар шығармашылық процесті 4 кезеңге бөледі:

1. Дайындық кезеңі.

2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.

3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика.

4. Тексеру кезеңі.

А. Н. Лук шығармашылық процесті 5 кезеңге бөледі:

1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.

2. Күшті жұмылдыру қойылған мақсат.

3. Проблемадан уақытша кету. Инкубация.

4. Интуицияның оянуы. Инсайт.

5. Нәтиженің дұрыстығын тексеру.

Жоғарыда келтірілген және басқа да шығармашылық педагогикасына арналған зерттеулер мен еңбектерді талдай отырып, бастауыш сынып оқушыларына тән шығармашылық процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырдық:

1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.

2. Шығармашылық белгісіздік, екі ұштылық.

3. Шешімнің жарқ етуі.

4. Шығармашылық акт.

5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы, алашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген ілтипат, ал келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік, шығармашылы елес орын алады. Белгісіз кезеңіндегі “бас қатырулар” табандылық, танымдық белсенділік, эрудицияны қалыптырса, еңбектің нәтижесі, баланы жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге жігерлендіреді. Мұның барлығы бастауыш мектеп оқушыларында болуға тиісті қасиеттер болып табылады.

Әрине, шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына қарай бұл кезеңдер бір-бірімен астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін. Оларда қалыптастырып, әрі қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық көрініп, бірі керісінше уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен, тұтас алғанда, әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі де осы.

1. 2 Қазақ халқының қолөнері

Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзініқ күн көріс тіршілігіне қажетті үй жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзініқ тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Бұдан біз халық творчествосынық қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.

“Халықтық қол өнеріне әдеп-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керуерт, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім-өрім қолдан әр алуан ыдыс-ақ, адалбақан, асадал, бесік, және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштарымен әшекейлейтін болды. Қолөнерінде көңілге қонымды мәнерлер мен ондаған қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді”. Ертеден біздіқ заманымызға дейін сақталған ескерткіштердегі, діни әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштар қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер - халық қолөнерінің тамаша туындылары.

Саз балшықтарды күйдіріп, ағашты майлап кептіру, шақпаққа қу жасап, оны тұтанғыш ету, бейіт, қорған, мешіт және т. с. с. салуда қолданылған балшықты қыл, жүн, шөп-шалам араластырып илеу тәсілдері де өте ертеден-ақ халықтың іздену талабынан, қоғам дамуы процесінен туған айла-тәсілдер. Батырлық пен саятшылыққа қажетті садақ пен жебе, айбалта мен шоқпар, сойыл мен босмойын, аңшыларға қажетті құстың тұғыры мен томағасы, балдағы мен аяқ бауы сияқты көптеген жабдықтар да қазақ халқының тұрмыс салтына, кәсібіне байланысты туғандығы сөзсіз.

Мал шаруашылығына қажетті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсамыс, өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандарды да халық даналығы ойлап тапты. Зергерлік, кестешілік және оюшылық өнерді дамытты. Халық өнерпаздары құмнан, тастан, саздан құмыра, ыдыс-аяқтар; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терілерінен әшекейленген нақышты мүліктер, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын жасады.

Халықтық қолөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы - қайыс өру, қару-жарақ, көшу-қону, жол-жорық жабдықтары еді. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ию, мүйіз балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппенде шұғылданды. Сондықтан қолөнер “еркектерге тән іс”, “әйелдерге тән іс” деп екіге бөлініп келеді. Мысалы, тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты еркектер атқарады. Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, шілтер шалу, тері киім тігу сияқты нәзік жұмысты әйелдер атқарады. Тері илеу, киіз басу, ши тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын еркектер ен әйелдер бірлесіп істеді. Бірақ еркектер киім пішу, үлгі жасау киім тігу, жүн сабау, арқан тарту, тері ыстау жұмыстарынан да шет қалған емес.

ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап ер-тұрман мен белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға, жасап оларды түрлі түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті. Қазақ халқының “Қарыс қазы - балықта, қалың қазына - халықта” деген мақалды да осы өнер молшылығынан туған еді.

Әрине, жоғарыда аталған қолөнердің бір қатары өте көп еңбек етуді керек етті. Бертін келе, адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа әдіс тауып, жаңа түрге ие болды, кейбіреулерді тұрмыс қажетіне жарамсыз болғандықтан тіпті қолданылмады. Күйген кірпіш пен темір бетон, цемент пен шлак сияқты және басқа да сапалы материалдар бұрынғы материалдарды ығыстыра берді. Енді илеген балшыққа май салу, жылқы қылын, түйенің жабағысын қосу керексіз болып қалды. Аяқ киім молшылығы жасалғаннан кейін қолдан тері илеу, қайыстан, көңнен етік тігу, шәрке байлап, шабата қию мүлдем жойылды. Ел салтанант құрды, ерлер даңққа бөленді, азаматтар сән түзеді. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын қалады. Еңбек үстіндегі творчестволық ізенудің нәтижесінде тұрмысқа керекті заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Сонымен қатар жиһаздардың ою-өрнектері де талғамға қарай жаңа мәнер, жақсы әшекейлермен безендірілу және жиһаз мүліктердің жаңа түрлерін шығару талабы да арта түсті. Фарфордан, тоттанбайтын металдан, эмаль жалатқан темірден, пласмассадан, жасанды талшықтардан жасалған жарасымды жаңа жиһаздар көбейді. Халық әлі де болса тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктердің түрлері мен сапасы жаңарды. Техникамен жақсы жабдықталған фабрикалар мен кәсіпшілік артельдерінде кілем тоқылып, шифоньер, кітап сөрелері жасалды. Тігу ісі мен кестелеу өнері де машинамен орындалды, тастан қашап, сүйектен оюлап, құмнан құйып жасайтын бұйымдар енді заводтарда көптеп шығарылды. Бұл айтылғандардан қолөнер халық тұрмысында ежелгі маңызын жойды, ендігі жерде онымен шұғылданудың керегі жоқ деген ұғым әсте тумайды. Қайта халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру керек. Мысалы, жедел, күпі, қаптал шекпен, саптама етік, түлкі тымақ, жүн қолғап, бөкебай, шарф сияқты ұлттық киімдер малшылар қауымы үшін қазір де қажет. Киіз үйдің сүйегі, үзік-туырлық, қымыз саба, тері қауға мен ер-тоқым тұрмандары керексіз деп ешкім де айта қоймайды.

Олар:

- ою-өрнектердің түрлері, олардың атаулары мен қолданылатын орындары. Өрнектердің түрленіп даму тарихы мен кейбір өрнек элементтерінің үлгісі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ЭЛЕМЕНТТЕРІ НЕГІЗІНДЕГІ БЫЛҒАРЫ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕРІ БҰЙЫМДАРЫН МОДЕЛЬДЕУ ТАРАУЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ФОРМУЛАЛАРЫ
Еңбек сабағында былғарыны өңдеуге үйретуде оку-әдістемелік ерекшеліктері
Оқушыларды ұлттық мазмұнда қол өнеріне баулу негіздерін анықтау
Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі
Қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек элементтерін оқыту
Ұлттық дүниетанымды халық өнері арқылы қалыптастыру
Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі. «Саз сырнай»
Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қол өнер технологиясы
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz