Туристік кәсіпорындардың сыныптандырылуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстандағы туризм - экономикалық әлеуетті арттырып, бюджеттің бүйірін шығаратын табыс көзі болатын жағдайға жетелейтін жолға түсуде. Осы саланың нақты механизмдерін дамытуға жұмсалған қаражат күні ертең өзінің өрісті өсімін көрсетіп, ел қазынасына қарқынды құйылары анық. Туристік фирма қызметін тиімді ұйымдастыру және оның даму факторларын жетілдіру мәселелерін шешу өзекті мәселе болып тұр.
Жетілдіру деңгейіндегі алынатын өнімнің көлемі қажетті мөлшерде жоғары болса да, біршама азая бастайды. Сондықтан туристтік кәсіпорын мұны жеңуде максималды түрде мүдделі. Фирманың басты күші өзінің нарықтық үлесін ұстап қалуға, өнімді жетілдіру арқылы оның тұтынушылығын арттыруға, маркетингтік комплексті түрлендіруге және т. б. бағытталады. Егер бұл жағдайлар іске асырылмаса, өнім өзінің нарығындағы орнын жоғалтып, құлдырау деңгейіне жетуі мүмкін. Сондықтан туристік фирма қызметінің даму факторларын талдау барысында зерттеу жүргізіп, жетік меңгеріп, жетілдіру мәселелерін ұсыну қазіргі кезде басты мақсат етіп қойылған.
Мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады :
- Туристік фирма қызметінің теориялық мәні мен негізгі ұғымдарын ашықтау;
- Туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторларын айқындау;
- Туристік фирма қызметінің негізгі статистикалық көрсеткіштерін келтіру;
- Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің даму тенденцияларын талдау;
- Фирманың туристік қызметін зерттеу факторларын келтіру;
- Туристік фирма қызметінің нарықтағы орнын талдау (ҒаламНұр туристік фирмасы мысалында) ;
- Туристік фирма қызметінің менеджменттік және маркетингілік стратегиясын жетілдіру жолдарын өңдеу;
- Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттарын ұсыну.
Сондықтан, жұмыстың бірінші тарауы туристік фирма қызметінің теориялық маңызын ашықтауға арналған.
Жұмыстың екінші тарауында Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторларына талдау жүргізілген және осы саладағы түйінді мәселелер белгілі турфирма мысалында келтіріліп, зерттелген.
Үшінші тарауында , Қазақстан Республикасында туристік фирма қызметінің даму факторларын жетілдіру мәселелері өңделген және турфирма қызметін дамытатын іс-шаралар ұсынысы жобаланған.
Қорытындыда , Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің даму факторларын жетілдіру мәселелері тақырыбына диплом жұмысын жазу барысында нақты түйіндемелерге тұжырым жасалынды.
Зерттеу тақырыбы болып туристік фирма қызметінің даму факторларын зерттеу болып табылды.
Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы «ҒаламНұр» туристік фирмасы таңдалды.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, сегіз тармақтардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Жұмыстың көлемі 78 бет, оның ішінде 14 кесте, 8 сурет қарастырылған.
І ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
1. 1 Туристік фирма қызметінің теориялық мәні мен негізгі ұғымдары
Туристік фирма қызметі - бұл субъектілердің ақшалай қаражаттарымен, мүліктерді қоғамға пайда тигізумен жеке бастың пайдасының сай келу негізінде коммерциялық және басқа бір табыс табу мақсатында наваторлық қолданумен байланысты инициативті қызмет.
Туристік қызмет субъектілері өз атынан және өзінің жекеменшігінің жауапекершілігіне әрекет ететін бөлек жеке тұлғалар; сондай-ақ заңды тұлғалар жауапкершілігінде іс-әрекет ететін бірлескен серіктестер бола алады.
Туристік қызметтің екі (моделі) үлгісі белгілі: классикалық туристік қызмет және инновациялық туристік қызмет [1] .
Классикалық туристік қызмет - қызмет номеклатурасын жаңарту және ұйым қызметінің рентабельдігін жоғарлату үшін шаруашылықтың дәстүрлі тәсілдерін қолдану барысындағы ресурстардың максимальді қайтарылуына бағытталған дәстүрлі, консервативті туристік қызмет.
Инновациялық туристік қызмет ең алдымен туристік қызмет қызметтегі новаторлықпен байланысты. Туристік қызметтің рөлі бұрынырақта белгілі болмаған (жаңашылдықты құру) экономикалық дәстүрлі факторларын қолдану жолымен жаңашылдықты құруға алып бару. Мұндай новаторлық қызмет жөн-жобасы бойынша дәстүрлі туристік қызметке көбірек байқалатын нәтиже әкеледі, бірақ кәсіпкерге ерекше талаптар қояды [2] .
Туристік фирма қызметімен айналысатын кәсіпкердің бойында болуы қажет қасиеттер:
- Заңды әрекет шеңберінде іскерлік қызметтің кез-келген сұрақ бойынша шешім қабылдауда тәуелсіз және дербес болу;
- Өз қызметінің нәтижесінде экономикалық және басқа бір қызығушылықты білдіру, максимальді мүмкін болатын табысты алуды көздеу;
- Тәуелділікке бойсұну және өз мойнына жауапкершілікті алу. Тәуелділік астарында шығынға апарар қолайсыз жағдайлардың жоспарын жүзеге асыру барысында мүмкіндіктің туындауын түсінеді. Тәуекелдік өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық және нарықтық болып бөлінеді. Тәуекелдіктің төмендеу әдісі мен тәуекелділік оқиғаның туындауынан шығынның азаюы мыналар болып табылады: сақтандыру, нарықтық дамуына болжам жасау. Серіктестер арасында тәуекелдіктің бөлінуі, күтпеген және басқа да шығындарды жабуға қаражаттың сақталуы.
- Жұмысқа деген әрқашан да инновациялық тәсілдемені иелену (қызмет өндірісіндегі қолда бар факторларды қолданудағы новаторлық қызметті тұтынатын жаңа тұтынушыларын тарту мен іздеуде, өндіріс факторларында, қызметтің дәстүрлі емес ұйымдастырылған түрі және сатып алудың жаңа нарықтарына) . Жаңашыл үрдісті енгізу мен іздеудегі кәсіпкер үшін жетекші күш жоғары табысты күту болып табылады.
Қазіргі кездегі жағдайларда табысты істің жетік ұйымдастырылуы үшін туристік қызметпен айналысатын кәсіпкердің бойында жақсы кәсіби дайындық, экономика облысындағы қажетті білім, саясат, психология, заң, өнім және қызмет өндірісін ұйымдастыра алу қасиеттері болу керек, сондай-ақ ғалымдармен, маркетинг бойынша мамандармен, капитал иелерімен бірлесіп жұмыс жасай алуы қажет [3] .
Туристік фирма қызметінде келесідей сатыларды бөліп шығарады:
- Туристік қызметпен айналысатын кәсіпкердің мүмкіншіліктері мен нарықтық қажеттіктері қоса атқарыла алатын туристік қызмет идеялардың таңдалуы мен жинақталуы.
- Қызмет және маркетинг өндірісінің жоспары мен жұмыс жасауды жоспарлау, сондай-ақ қаржылық және ұйымдастыру жоспарларын жоспарлау.
- Ресурстардағы және тауарды жеткізушілердегі қажеттіліктің анықталуы.
- Жобаның жүзеге асырылуы, қызмет өндірісінің техникалық, қаржылық, ұйымдастырушылық дайындығы және жоспарланған қызметтің жүзеге асырылуы.
Фирманы басқару - бұл жұмыстың түзетілуі және талдануы, бақылау, жаңа идеяларды іздеу. Кәсіпкердің табысқа жетуі өзі функциялайтын жағдайлардан тәуелді болады. Олардың кейбіреулері мыналар:
- Туристік қызметтік орта - бұл туристік қызметтің нәтижелеріне әсер ететін және туристік қызмет жүзеге асырылатын қоғамдық жағдай. Жағдайдың келесідей топтары бар:
Туристік фирмадағы экономикалық жағдай бұл - туристік тауарлардың шын мәнісіндегі ұсынысы және оларға деген төлемақыға қабілетті сұраныс, тауарларды шын мәнісіндегі және потенциалды сатып алушылардың кірістері, туристік қызмет үшін қағазға алынатын қаржылардың қол жетімділігі мен мөлшерінің бар болуы, альтернативті қызметтердің және оларға деген бағаның қойылуы, туристік нарықтың инфрақұрылымының дамығандығы, бәсекелестік шарты.
Туристік фирмадағы әлеуметтік жағдайлар бұл - туристік қызметті және оларға деген даму жолдары туралы қоғамның көрінісі, туристік қызмет деген мемлекеттің қарым-қатынасы, ұлттық дәстүрлер мен әдет ғұрыптардың білім деңгейі.
Туристік фирмадағы құқықтық жағдайлар бұл - туристік қызметтің дамуы үшін көбірек қолайлы жағдайларды құратын және туристік қызмет қызметті реттейтін заңдар мен заң алдындағы актілер. Заңдардың ең маңыздысы туристік қызмет қызметтің құқықтық кепілдемесі туралы заңдар болып табылады. Оған қоса жекеменшікке деген құқықпен және келісім шарттағы міндеттемелерді орындауды айтуға болады.
Ф. Котлер бойынша туристік қызмет қызметтің мемлекеттік реттелу қажеттілігі, келесідей себептерден туындайды:
- Фирмаларды бір-бірінен қорғау қажеттілігі, өйткені бәсекелестік кәсіпкерлердің мүдделеріне тиген кезде олар оны бейтараптауға тырысады.
- Тұтынушының таза емес іскер практикадан қорғау қажеттілігі [4] .
Қазақстанда кәсіпкерік үшін заңдар жүйесі енді ғана жиналуда, әлемнің жетекші елдері өз кезектерінде көптеген ондаған жылдарға құрылған осы сала үшін заңдарды иеленеді.
«Туристік қызметпен айналысатын кәсіпкер» және «Менеджер» сөздері синонимдер болып табылмайды. Менеджер бұл - қандай да бір рационалды тәсілдерді басқаратын кәсіби маман. Туристік қызметпен айналысатын кәсіпкер өз қызметінде, сонымен қатар басқару саласында ереже ретінде жеке жаңашылдықты енгізуді қолданады [5] .
Туристік қызметтің бәсекеге үнемі қабілетті болу үшін келесідей түрлерін бөліп шығарады:
- Өндіруші - қызметтің және басқа өнімнің ортаға шығуы;
- Коммерциялық - өндірушіден тұтынушыға жасалған өнімнің қозғалысы бойынша қызметтің ерекше түрі;
- Қаржылық - қызмет және өнімнің қайта өңделуі мақсатында қаржылық қаражаттарды пайдалану мен құру бойынша қызметтің ерекше түрі.
- Кеңес беру - қаржыны, маркетингті басқару. Өндірушілердің мүмкіншіліктерін бағалау, жалпы басқару бойынша көмек пен кеңес берумен байланысты қызмет.
Қызметтің алғашқы үш түрін қайта өндірудің сатысымен байланысты айырады және негізгі түрлерге жатқызады, өйткені қызметтің нәтижелері соңғы немесе өндіргіш тұтынуға дайын, қызмет немесе тауарлардың өндірісі болып табылады.
Қызметтің соңғы түрін (төртінші) туристік қызмет қызметің қөмекші түрлеріне жатқызады, өйткені бұл қызметің нәтижелері тәсілдер, әдістер, технологиялар мен жобалар болып табылады. Олардың қолданылуы қызмет сапасын жоғарлатады, бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатады немесе оларға деген өндірілуі мен жүзеге асырылуының шығысын төмендетеді.
Туристік қызметтің ерекшеліктерімен байланысты туристік ұйымның туристік қызмет қызметтері тек қана шартты түрде ғана белгілі бір түрге ғана жатқызылуы мүмкін [6] .
Осылайша, туроператорлардың қызметі көп жағдайларда турөнімнің және оның бөлшектік өндірісімен тұтұнушыға көтерілуінің ұйымдастырушылық дайындығын құрайды. Сондықтанда туроператорлардың қызметін шартты түрде өндірістік туристік қызметке жатқызуға болды.
Турагенттер делдалдардың қызметін - турларды сатушылардың функциясын атқарады. Одан басқа, олар жеке қызмет және т. б. Бұл аралас қызмет түрі.
Контрагенттер - туристік қызметтерді орындаушылар, (қонақ үйлер, мейрамханалар, тасымалдаушылар, экскурсиялық бюро және т. б) олар қызметті, турөнімдерді тұтынушыларға көрсетеді, қызмет өндірісінде де белсенді түрде қатысады және осы негізде өндірістік кәсіпкерлерге жатқызылуы мүмкін.
Туристік ұйымдар ұйымдастырушылық дайындықты, қызметті сату мен орындауды қоса атқара алады. Бұл жағдайда фирма бір мезгілде кәсіперлік қызметтің бірнеше түрін атқара алады.
Кеңес берушілік туристік қызмет қызмет туризм саласында кеңінен қолданылады. Туристік қызметтің сапасы неғұрлым жоғары және қызмет көрсетушілердің құрамы күрделірек болса, соғұрлым туристік қызметтің жүзеге асырылуы мен құрылу процесіне маман кеңесшілердің саны көбірек болады. Осылай клубты демалыс келесідей қатысушыларды қолданады: промоутерлерді (жоба жасаушылар), сату бойынша мамандар, курорттарды басқарушылар, клубты демалыс орнын айырбастау бойынша мамандар және т. б.
Туристік фирма қызметіндегі идея бұл - экономикалық белсенділіктің кәсіпкермен шығарылған жаңа формасы, онда белгілі бір қызметтерде кәсіпкердің осы қызметтерді өндіру мүмкіндігімен және инновациядан қосымша табысты алуға деген нарықтың нақты қажеттіліктерімен немесе потенциалды қажеттіліктері қоса атқарылады [7] .
Кәсіпкердің қызметі идеялардың банкісін құруды болжамдайды, олар қызмет өндірісінің немесе делдалдықтың қосымша немесе негізгі профилін құрай алар еді. Идеялардың жинақталуы ағымды сондай-ақ перспективті сипатта бола алады. Әрбір идея бойынша кәсіпкер шешім қабылдайды, яғни оның практика жүзінде жүзеге асырылуына ат салысуы керек немесе керек еместігін шешеді. Әрбір кәсіпкермен шешім қабылдау прцесі қолда бар альтернативтердің бір нұсқасының таңдалуын қамтамасыз ететін, жеке индивидуалды технологиясы бойынша жүргізіледі, бірақ жалпы этаптары мен олардың орындалуының жалғасымдылығы келесідей:
- Идеялардың алғашқы экспертті бағалануының кәсіпкердің өзімен жасалуы практикалық іске асырылудың нақтылығы.
- Практикалық позиция тұрғысынан идеялардың бағалануы үшін нарықтағы жағдайлары туралы ақпараттардың жиналуы.
- Туристік нарықта өндірістік болжамдалатын қызметтерге сұраныс және ұсыныс объектілерін анықтау мақсатымен туристік қызмет есептерді жүргізу; ұқсас қызметтердің жүзеге асырылуының мүмкін бағалары; өндіріс шығындары; қызмет өндірісінің тиімділігі және табыстың көлемі т. с. с.
Екінші эксперттік бағалау қызығушылық танытқан мамандармен жүзеге асырылады және идеяларды кәсіпкердің мүмкіндіктерімен орнату мақсатын иеленеді. Кәсіпкермен осы идеяны ұстана отырып, жұмысты жалғастыру шешімін қабылдау немесе оны қабылдамай басқа бір туристік қызмет идеяны ойластыруға көшу [8] .
Қабылданған идеяның жүзеге асырылуы бірнеше этаптан тұрады:
- Бизнес-жоспар, оның мәні, жобаның жүзеге асырылуының нақты есептерімен тиянақты түрде баяндалуында болады. Бизнес жоспарда сондай-ақ кәсіпкердің ұйымдастырушылық формасы мен идеяның бастапқыда жүзеге асырылуы үшін қажетті қаржылық қаражаттардың қалыптасуының қайнар көзі көрсетіледі;
- Қағазға алынатын қаржы қаражаттары мен серіктестердің тартылуы;
Егер фирма жаңадан құрылған болса, жеке фирманың мемлекеттік тіркелуі. Бұл үшін келесідей құжаттар қажет:
- құрылтайшылардың құрамын анықтау және құрылтай құжаттар өңдеу;
- құрылтайшылар фирманың қызметі мен құрылуы туралы келісім шарт жасау;
- директор мен басқа да басшылардың тағайындалуы туралы фирма құрылтайшылардың №1 хаттамасының толтырылуы және фирма қаулысының бекітілуі [9] ;
- банкте уақытша шот есептің ашылкы;
- фирманың орналасу жері бойынша бөліміндегі тіркеу поштасында фирманың тіркелуі және фирманың мемлекеттік реестерге қосылуы;
- фирманың адамдарымен өздерінің салымдарын банкке салу және онда тұрақты есеп шотының ашылуы;
- кәсіпорынның салық инспекциясы бар аудандарда тіркелуі;
- дөңгелек мөр мен бұрыштық штамптың әзірленуіне рұқсат алу;
- Фирманың тауардың өндірісіне ұйымдастырушылық техникалық дайындығы;
Туристiк фирма қызметі - жеке және заңды тұлғалардың туристiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметi;
1) туристердi орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристiк базалар, қонақжайлар, демалыс үйлерi, пансионаттар және туристердiң тұруы мен оларға қызмет көрсету үшiн пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
2) туристiк өнiмдi ұсыну - туристiк қызмет көрсетуге (жарнама, арнаулы көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристiк өнiмдi өткiзу жөнiндегi туристiк ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) бағытталған шаралар кешенi;
3) тур - белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;
туристiк ұйымдар - қызметiнiң негiзгi түрi туристiк қызмет болып табылатын заңды тұлғалар;
Туристiк фирма қызметін көрсету - өзiнiң туристiк саяхаты кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттерiн қанағаттандыру үшiн берiлетiн қажеттi қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердiң (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты басқа да қызмет көрсетулерi) ;
Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шартта оның қолданылуы үшiн заң шығарылуы талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады [10] .
1. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi
1. Туристiк қызмет субъектiлерiне:
1) туристiк операторлар (туроператорлар) ;
2) туристiк агенттер (турагенттер) ;
3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар;
4) туристер және олардың бiрлестiктерi;
5) экскурсанттар;
6) туристiк қызмет саласындағы өзге де бiрлестiктер;
7) туристiк қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн мемлекеттiк органдар жатады [11] .
2. Туристiк қызмет объектiлерi - табиғи объектiлер және табиғи-климаттық аймақтар, көрiктi орындар, тарихи және әлеуметтiк-мәдени көрсету объектiлерi және саяхат кезiнде туристердiң қажеттерiн қанағаттандыра алатын өзге де объектiлер.
Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.
Туристiк индустриядағы қызмет көрсету түрлерi:
1) турлар ұсыну жөнiндегi қызмет көрсету;
2) тұратын орындар беру жөнiндегi қызмет көрсету;
3) тамақтандыру жөнiндегi қызмет көрсету;
4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;
5) көлiк қызметiн көрсету;
6) ойын-сауық;
7) өзге де туристiк қызмет көрсетулер [12] .
Қазақстан Республикасының туристiк ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимi, қоршаған ортаға түсетiн ауыртпалықтың жол берілетiн шегiн ескере отырып пайдалану және Қазақстан Республикасының туристiк ресурстары тұтастығының сақталу тәртiбi, оларды қалпына келтiру жөнiндегi шаралар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.
Туризмнiң ұйымдық нысандары мен түрлерi
1. Халықаралық және iшкi туризм туризмнiң ұйымдық нысандары болып танылады.
2. Халықаралық туризм:
1) келу туризмiн - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегiндегi саяхатын;
2) шығу туризмiн - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.
3. Ішкi туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаты.
4. Туризмнiң түрлерi - әлеуметтiк, экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, iскерлiк, конгрестiк, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, дiни және басқа туризм.
Туристiк индустриядағы көрсетiлетiн қызметтер экспорты мен импорты
1. Қазақстан Республикасының аумағына келу туризмiн ұйымдастырумен байланысты туристiк қызмет көрсету туристiк қызмет көрсету экспорты болып табылады.
2. Басқа елге шығуға байланысты туристiк қызмет көрсету туристiк қызмет көрсету импорты болып табылады [13] .
Қазақстан Республикасында туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
1) туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
2) туристiк қызметтiң басым бағыттарын айқындау және қолдау;
3) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшiн қолайлы ел деген түсiнiктi қалыптастыру;
4) Қазақстан Республикасының туристерi мен туристiк ұйымдарының және олардың бiрлестiктерiнiң қауiпсiздiгiн, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделерi мен мүлкiн қорғау.
Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары, басым бағыттары және тәсiлдерi
1. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаттары:
1) азаматтардың тyристiк қызмет саласында демалу, еркiн жүрiп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;
2) қоршаған ортаны қорғау;
3) туристерге тәрбие, бiлiм беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшiн жағдайлар жасау;
4) саяхат жасау кезiнде азаматтардың қажеттерiн қамтамасыз ететiн туристiк индустрияны дамыту;
5) туристік индустрияны дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттiң және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;
6) халықаралық туристiк байланыстарды дамыту болып табылады.
2. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң басым бағыттары:
1) туризмдi Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельдi саласы ретiнде қалыптастыру;
2) туристiк ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүдделерiн ескеру, табиғи және тарихи-мәдени мұраларын қорғау;
3) балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрiсi төмен топтарының арасында туристiк және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгiзу;
4) туристiк индустрияны инвестициялау үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
5) Қазақстан Республикасының аумағында келу туризмiмен және iшкi туризммен айналысатын туристiк ұйымдарды қолдау және дамыту;
6) iшкi және халықаралық туризм қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн туристiк қызметтiң тиiмдi жүйесiн құру болып табылады.
3. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу:
1) туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөнiндегi саясатты айқындау;
2) туристiк қызмет саласындағы қатынастарды жетiлдiруге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туристiк қызметтi лицензиялау, туристік қызмет саласындағы стандарттау;
4) бюджеттiк заңдарға сәйкес туризмдi дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға бюджет қаржыларын бөлу;
5) туристiк қызметтi кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) отандық туристердiң, туроператорлар мен турагенттердiң және олардың бiрлестiктерiнiң халықаралық туристiк бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;
7) iшкi және дүниежүзiлiк туристiк рыноктарда туристiк өнiмдi ұсынуға жәрдемдесу;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz