Жұмыстың қолданбалы маңызы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.Т.РЫСҚҮЛОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА АТҚАРҒАН ҚОҒАМДЫҚ –
САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
Т.РЫСҚҰЛОВТЫҢ ҚАЙРАТКЕР РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Т.РЫСҚҰЛОВТЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСҚА ҚАТЫСУЫ
Т.РЫСҚҰЛОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСІ
2. Т.РЫСҚҰЛОВТЫҢ МОНҒОЛИЯДА АТҚАРҒАН ҚОҒАМДЫҚ –
САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
2.1. Т. РЫСҚҰЛОВТЫҢ МХП-ны ҰЙЫМДЫҚ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН НЫҒАЙТУ
САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
МОНҒОЛИЯНЫҢ САЯСИ ӨМІРІН ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІ
МОНҒОЛИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНА АТ САЛЫСУЫ
3. Т.РЫСҚ¥ЛОВ – ТАРИХШЫ
3.1 Т.РЫСҚҰЛОВ ЖӘНЕ ЗИЯЛЫЛАР
3.2 Т.РЫСҚҰЛОВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет мәртебесіне
жеткеннен бері төл тарихымыздың бұрындары бұрмаланып жазылып келген
мәселелерін қайтадан жазып, шындық тұрғыда ашып көрсетуге мүмкіндік туды.
Жан-жақты зерттеу арқылы ұлттық тарихымыздың құндылығы артып, бүгінгі
күндерде оған деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Осы күндері
ақиқаты айтылмаған мәселелер қайта ой елегінен өткізіліп, өзінің
объективтіі бағасын алуда.
Тоталитарлық жүйе үстемдік құрған жетпіс жылдық кеңес дәуірінде
қоғамдық жэне ғылыми өмірдің шектен тыс идеологияландырылуы XX ғасырдың
басындағы отарлық саясаттьң проблемаларын зерттеуде өзінің теріс ықпалын
тигізді, осы мәселелерге қатысты сыңаржақ тұжырымдар жасалды.
¥лттық санамыздың оянуы өткен жолдарымызды бұрмаламай тарихи процесті
қаз-қалпында көрсетуді талап етуде. Кеңестік тоталитарлық құрылыста қазақ
тарихында жеке тарихи тұлғаның атқаратын қызметі мен ол өмір сүрген
кезендегі қоғамдық-саяси ахуал арнайы зерттеле қалса, зерттеу методологиясы
не бірыңғай қаралуға, не асыра марапаттауға құрылатын.
Кеңестік жүйе кезеңінен кейін әділеттік бағасын алған, бірақта әлі де
болса зерттелінбей жатқан қайраткерлердің қатары көп. Бұлар саналы өмірін
мемлекетке, халықтың болашағына арнаған. Лауазымды қызметтерге көтеріліп,
30 жылдардың соңында қуғын-сүргін құрбанына айналғандар.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынында-атты кітабында XX ғасыр
зиялылар тағдыры турасында: "Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған үлы
қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда, ұлттық жігер
мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ, [1; 175]-деп жазған еді. Осы
орайда, кезіңде тәуелсіздігіміз үшін күрескен, кеңестік тоталитарлық
жүйенің құрбаны болған, саяси жүйе есімдерін кейінгі ұрпақ санасынан
біржолата ығыстыруға күш салған түлғаларымыздың есімдері бүл күндері тарих
саханасының төршен өздерше тиісті орын алып, олардың өмір жолы мен сан-
салалы қызметі халық арасында кеңінен насихатталуда.
XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында қазақ халқының азаттық жолында
күрескен зиялы азаматтарының бірі — Тұрар Рысқүлов. Оның қоғамдық-саяси
қызметі отаршылдыққа қарсы күреске қызмет етсе, шығармашылық мұрасы ең
алдымен өз халқының арғы-бергі тарихының өзекті мәселелерін шындық
тұрғысынан зерттеуге арналды.
Академик Манаш Қозыбаев аз ғана уақыт аралығында зиялы қауым ішінен
бірбеткей ерлігімен көзге түскен Тұрар Рысқұлов турасында: Егер ғасыр
басында реформаторлық ұрпақтың бірден-бір танылған көсемі Әлихан Бөкейханов
болса, ал советтік кезенде дәстүр жалғастығын Т.Рысқұлов ұстады. Тұрар
Ресейдің екі төңкерісін, қазақ халқының өзіндік төңкерісі 1916 жылды
басынан өткізіп, күрес жолының ауыр тауқыметін бастан кешірді. Ресей
империясының отаршылдық жүйенің барлық жауыздығын, озбырлығын, қазақ
сахарасындағы экономикалық, рухани мешеуліктің, аштықтың, қуғын-сүргіннің,
босқындықтың, этноцид пен геноцидті ол қағаз жүзінде емес өзі көрді, жан
дүниесінен өткізді. Отаршылдықтан жиренді, демократиялық Россиядан үйренді.
Сөйтіп, ол жиырманың ортасына жетпей біртұтас көзкарасы бар тұлға болып
сомдалды, [2; 98] - деп көрсеткен еді.
Қазақстан тарихында 20 - 30-шы жылдар өте күрделі қайшылықтарға толы
кезең болып табылады. Сондықтан Т.Рысқұловтың осы жылдар аралығындағы саяси
қайраткерлік және творчестволық қызметі жан-жақты талдануға тиіс.
Т.Рысқұлов XX ғасыр басында қалыптасқан аса күрделі саяси хал-ахуал
жағдайында қазақ халқының басына төнген ауыртпалықты сейілту ісі большевизм
жолын таңдауға байланысты деп ұқты. Сондықтан да ол кеңес өкіметіі орнаған
кезде қаналған еңбекші халық билігін шынайы қабылдап, оның алға қойған
шараларын орындауға белсене араласты, оның нығаюына күш-жігерін салды.
Тұрардың дүниетанымында отаршылдыққа қарсы сарын бірден көрінеді. Ол
Түркістанның түркі тектес халықтарының бөлшектенбей, біртұтас болып
біріккенінде ғана отаршылдыққа қарсы шыға алатынын түсінді. Сондықтан ол 20
- 30 жылдары мемлекеттік-саяси іске белсене араласып, аса жауапты
мемлекеттік және саяси қызметтер атқарды.
Т.Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі ұзақ жылдар бойы партиялық
тұрғыдан ғана бағаланып, партияның көрнекті өкілі ретінде, мемлекет
басшысы ретінде сынаржақты ғана қарастырылды. Оның 1916 жылдағы ұлт-азаттық
қозғалысқа, 1917 - 1933 жылдар аралығында Қазақстанда болған ашаршылыққа
қарсы күрес барысына қатынасты оның қызметі тұтас түрде толық
зерттелінбеді. Әсіресе, осы проблемалардың шешімін табуға қызмет ететін аса
бай ғылыми-зерттеу мұрасы жеткілікті талданбады.
Тұрар Рысқұлов XX ғасырдың алғашқы он жылдықтарында Қазақстан мен
Түркістандағы аса ірі саяси оқиғаларға тікелей араласушы, куәгері ғана
емес, сол оқиғаларды зерделі зерттеу ой елегінен өткізген қоғамтанушы
ғалым, ең алдымен тарихшы болды.
Сондықтан Т.Рысқұловты аса белгілі қоғам және мемлекет қайраткеріі
ретінде ғана емес, сонымен қатар терең ойлы тарихшы ретінде де танып,
білген
жөн. Мәселеге осылай қарау бүгінгі төл тарихымызды зерттеу қажеттілігінен
туындап отыр.
XX ғасырдың 20 - 30 жылдарында Кеңес Одағының құрамдас бөлігі болған
Қазақстанда бір-бірімен тығыз байланысты көтерілген әлеуметтік-
экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өзгерістер жүзеге асырылды.
Олардың қатарында тез қарқынмен және негізінен сан миллиондаған шаруалар
есебінен жүзеге асырылған елді индустрияландыруды, жеке меншік шаруалар
қожалықтарын күштеп ұжымдастыруды, бір коммунистік идеяларға негізделген
саяси-рухани өзгерістерді жатқызуға болады. Зиянды зардаптары аса ауыр
болған бұл өзгерістер қоғамды сталиндік тұрғыда қайта құру үлгісінің
көріністері еді. Бүкіл елді қамтыған бұл эксперименттері зорлық-зомбылық,
күштеу, зорлау әдістерімен жүзеге асырылды, нәтижесінде елдің көптеген
аудандарын, әсіресе Қазақстанды жаппай ашаршылық жайлады, сан мыңдаған
адамдарды саяси айыптар тағу негізінде қуғындау орын алды. Қазақ халқының
жартысына жуығы ашаршылық құрбаны болды, сан мындаған адамдар ата-
мекендерін тастап, басқа елдерге босып кетті, 100 мыңнан астам
қазақстандықтар кеңес өкіметіне жат, қас адамдар ретінде саяси айыпталып
атылды, айдалды. Бұлардың барлығы Т. Рысқұловты айналып өтпеді. Нақтырақ
айтқанда 1917 жылдан бастап саяси өмір сахнасына шыққан Т.Рысқұлов жоғарыда
айтылған аса ауыр, қарама-қайшылыққа толы оқиғалардың бел ортасында жүрді.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан, Сырдария облысында кеңес
өкіметін орнатуға белсенді араласқан, 1918 жылдардан бастап 1937 жылға
дейін Қазақстан, Орта Азия, жалпы КСРО көлемінде аса жауапты қызметтер
атқарған Т.Рысқұлов көрнекті мемлекет қайракері болды. Сонымен қатар ол осы
өзі тікелей араласқан айтулы оқиғалардың зерделі зерттеушісі деңгейіне
көтеріліп, ғылыми құндылығын осы кезге дейін жоймаған еңбектер қалдырды.
Сондықтан оның қоғамдық - саяси қызметі мен тарихшы ғалымдығын зерттеу
Республика тарихшыларының міндеттерінің біріне саналады. Осыдан біздің
зерттеп отырған тақырыбымыздың өзектілігі айқындалады.
Қазіргі кезеңде ғылыми мәселелерді шешу, тақырыптың зерттелу деңгейі.
Тұрар Рысқұлов жалған айыптармен халық жауы аталып кеткен отызыншы
жылдардың екінші жартысынан кейінгі ондаған жылдар бойы (ол азаматтық жэне
саяси тұрғыдан ақталғанға дейін) оның өмірі, коғамдық, мемлекеттік саяси
қызметі мен ғылыми мұрасы жөнінде зерттеу жүргізуге тиым салынды.
Т.Рысқұлов туралы алғашқы шындыққа сай газеттік мақалалар мен
жекеленген зерттеулер Хрущевтік жылымық (оттепель) аталған 50-жылдардың
соңы мен 60-жылдардын басында жариялана басталды. Бұл ретте ең алдымен
журналист Р.Байжарасовтың, тарихшы С.Бейсембаевтың, москвалық тарихшы
В.М.Устиновтың [3; 85-92] 60 - шы жылдар басында жарияланған мақалаларын
бірінші кезекте атаған жөн. 1974 жылы С.Бейсембаев пен С.Көлбаев Қазақстан
Компартиясы Орталық комитеті жанындағы партия тарихы институтының атынан
орыс тілінде Тұрар Рысқүлов атты кітапша шығарды. [4; 40]. Тұрар
Рысқұловтың туғанына 80 жыл толуына арнап жарияланған бұл кітапшада қысқа
да нұсқа түрінде оның Қазақстан, Орта Азия аймақтары көлемінде және бүкіл
Кеңес мемлекеті шеңберіндегі ірі мемлекет және партия қайраткері болғандығы
айтылып, оның Коминтеріннің Монғолиядағы өкілі ретіндегі қызметі мен оның
шығармашылық мұрасына, ең алдымен көсемсөздік-публицистикалық шығармаларына
қысқаша шолу жасалды.
1984 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы партия
тарихы институты орыс тілінде Тұрар Рысқұловтың таңдамалы шығармалар
жинағын шығарды [5; 260]. Онда Т.Рысқұловтың 30-дан асқан қоғамдық-саяси,
әлеуметтік-экономикалық мәселелерге және Қазақстан мен Орта Азия тарихының
жекелеген оқиғаларына арнаған мақалалары топтастырылды. Жинаққа тарих
ғалымының кандидаты (кейін ғылыми докторы болып, Рысқұловтануға айтарлықтай
үлес қосқан) В.К.Григорьевтің Тұрар Рысқүловтың өмірі мен қызметіне
арналған очеркі жарияланды. Онда жалпы алғанда Тұрар Рысқұловтың ғылыми
өмірбаяны мен жан-жақты қоғамдық, саяси, мемлекеттік және шығармашылық
қызметіне оңды баға беріліп, Рысқұловтанудың өзекті мәселелері сөз болды.
Сол, 1984 жылы Т.Рысқұловтың 90 жылдығының Алматы, Ташкент жэне Баку
қалаларында кеңінен атап өтілді. Осының бәрі ірі қайраткерді азаматтық және
саяси тұрғыдан толық ақтауға негіз болды.
Тұрар Рысқүловтың 90 жылдық мерейтойына арнап сол кездегі Одақтық
мемлекеттің басқа республикаларының ғалымдары да зерттеу еңбектер
жариялады. Олардың қатарында В.М.Устиновтың Служение народу атты көлемді
монографиясы, өзбек ғалымдары Ш.С.Зиямов пен Р.А.Нуруллиннің ғылыми
мақаласын атар едік [6; 231]. Профессор В.И.Устинов ғылыми айналымға
көпшілігі түңғыш енгізілген құжаттар негізінде (ең алдымен Москва
архивтерінде шоғырланған КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі мен РКП(б) жене
БКП(б) Орталық Комитеті құжаттарына сүйене отырып) Тұрар Рысқұловтың XX
ғасырдың 20-30 жылдарындағы ірі мемлекет қайраткер болғандығын көрсете
білді. Алайда бүл еңбекте оның қоғамдық жэне мемлекеттік қызметінің
Түркістандық, және Қазақстандық кезеңі қысқаша шолу ретінде баяндалды. Ал
В.М.Устиновтың 1988 жылы жарық көрген еңбегінде Т.Рысқүловтың РСФСР үкіметі
төрағасының орынбасары болған жылдарындағы қызметі жан-жақты қарастырылады
[7; 152].
80 жылдардың екінші жартысынан басталған қоғамдағы оң өзгерістер мен
1991 жылғы Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялауы отандық тарих ғылымында
да игі әсерін тигізді.
Т.Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметіне, жеке өміріне, күрделі
тағдырына қатысты шынайы еңбектер мен мақалалар жарық көре бастады. Бірақ
бұл еңбектердің көпшілігі бұрьннан танымал болған Т.Рысқұловтың қысқаша
өмірбаянын қайталады.
В.М.Устинов кейінгі жылдары Т.Рысқұловтың саяси-қоғамдық қызметін
қайтадан толықтай зерттеп, жұртшылық игілігіне ұсынды. Оның соңғы еңбегінде
Т.Рысқұловтың 20-30 жылдардағы ұжымдастыру, ашаршылық кезіндегі қызметтері
айқындалып, оның ғылыми еңбектеріне біршама (шолу ретінде) талдау жасалды
[8; 464].
Т.Рысқұловтың 1937 жылғы қуғын-сүргінге ұшырап, зұлмат құрбаны
болғандығын баяндайтын еңбекке Н.Жағфаров пен В.Осиповтың Казахстанская
правда газетіне жарияланған Приговор был исполнен немедленно мақаласын
жатқызамыз [9; 3]. Аталмыш мақалада авторлар бұрындары белгісіз болып
келген құжаттар мен партия мұрағаты мен МҚК (КГБ)-нің архив материалдарына
сүйене Т.Рысқүлов өмірінің соңғы күндері мен ұзақ жылдар бойы анықталмай
келген оның атылған күні турасында мәліметтер береді.
Қазақстан халқына орны толмас қасірет пен қайшы әкелген отызыншы
жылдар ойраны туралы, партия қайраткерлері Т.Рысқүлов, Ғ.Мүсірепов,
О.Исаев, Л.И.Мирзояндардың ашаршылық зардаптарына байланысты жоғары
үкіметпен республика басшыларына жазған хаттары мен басқа да қүжаттарды
құрастыра жариялаған Насильственная коллективизация и голод в Казахстане в
1931-1932 гг. кітаппен Қазақ қалай аштыққа ұшырады жинақтың маңызы зор
[10; 263].
Еліміз егемендігін алғаннан кейін зерттеуші-ғалымдардың Т.Рыскұловтың
саяси қызметі мен оның ғылыми еңбектеріне талдау жасаған зерттеулері
жариялана бастады. Әсіресе тарихшылар М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев,
Т.Омарбеков, Ш.Т.Омарбеков еңбектері Т.Рысқұловты жаңа қырынан танытты.
Т.Рысқұловтың Монғолияда 9 ай ішінде атқарған қызметін М.Әбілтайұлы
мен Н.Әбділдаев, Б.Мініс еңбектері қамтыған. Сол сияқты шетелдік қандасымыз
Х.Оралтай мақаласында Алаш партиясына қызмет еткен қазақ халқының белгілі
көптеген азаматтармен қатар Тұрар Рысқұлұлының Түркістанға көрсеткен
қызметіне тоқталады. Ал американдық ғалым М.Б.Олкотт Т.Рысқүловты
большевиктік тәртіпті қолдаушылардың бірі болды деп көрсеткен.
Т.Рысқүловтың Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық-саяси кызметі
О.Қоңыратбаевтың кандидаттық диссертациясында және оған негіз болған
монографиясы мен мақалалар тізбегінде объективті түрде баяндалады [11; 44-
48]. Автордың ғылыми зерттеу жұмысын Т.Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметіне
берілген жаңа баға ретінде қабылдауға болады. О.Қоңыратбаев Т.Рысқұловтың
Түркістан АКСР-індегі қызметін мол мұрағат материалдары негізінде жазып,
толымды түжырымдар жасаған.
Т.Рысқұлов туралы қосымша еңбектер оның өмірі мен қызметінің
библиографиялық көрсеткішінде толық камтылған.
90 жылдардың соңғы жылдары Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих жэне этнология
институты мен Президент мұрағатының ұжымы Т.Рысқұловтың бұрындары ғылыми
айналымға енбеген еңбектерін топтастырып 3 томдық шығармалар жинағын
шығарды.
Бұл жинақта Тұрар Рысқұловтың аса көлемді әрі құнды шығармашылық
мұрасының басым көпшілігі топтастырылған. Үш томдықтың бірінші томында 70
жылға дейін зерттеушілерден басқа оқырмандар қауымына кеңінен таныс болмай
келген Тұрар Рысқұловтың орыс тілінде 1925 жылы Ташкентте жарық көрген
Революция және Түркістанның түпкілікті халқы (Революция и коренное
население Туркестана) көлемді еңбегі жарияланса, екінші томында оның
әрқайсысы бір-бір монографияның жүгін көтеріп тұрған Жетісу мәселелері,
Орта Азия түрғындарының 1916 жылғы көтерілісі, Қазақстан және
Қырғызстан атты еңбектері топтастырылды, ал үшінші томда Түркістан-Сібір
(Турксиб) темір жолын салу және осы пайдалануға байланысты еңбектері
енгізілген. Үш томдық профессорлар К.Нұрпейіс пен В.К.Григорьев жазған
Тұрар Рысқұлов және оның заманы (Турар Рыскулов и его время) көлемді
тарихи очеркпен ашылған. Онда Тұрар Рысқүловтың өскен ортасы, саяси жэне
қоғам қайраткері болып қалыптасуы, оның әрқырлы және аса жауапты қоғамдық-
саяси қызметі және ғылыми мұрасы туралы тарихи шындыққа сан тұжырымдар
айтылған [12; 247].
1916 жылы қазақ сахарасын шарпыған ұлт-азаттық қозғалыстың 80
жылдығына арналған құжаттар мен материалдар жинағына Т.Рысқұловтың 20
жылдары қазақтың мерзімді баспасөзіне жарияланған мақалалары енгізілді.
Түркістан өлкесіндегі тұңғыш ұлттық-демократиялық мемлекеттік құрылым
- Түркістан автономиясына арнаған өзбекстандық ғалымдар Р.Абдуллаев,
С.Ағзамходжаев, И.Алимовтардың еңбектерінде Т.Рысқұловтың қоғамдық,
қызметіне мұрағаттық деректер мен тың тұжырымдар жасалады [13; 672].
Т.Рысқұловтың Түркістан-Сібір темір жолын салудағы қоғамдық қызметін
ашып көрсетуде ҰҒА-ның академигі М.Х.Асылбеков пен тарихшылар А.Бегалиева,
Р.Құрманғалиевалардың бірлесе зерттеген еңбектерін ерекше атауға болады
[14; 204]. Т.Рысқұлов есімін халыққа кеңінен танытуда ол туралы романдар
тізбегі мен Сталинге хат деген драмалық шығарма жазған Ш.Мұртаза
жазушылық ерлік жасады. Көріп отырғанымыздай, Т.Рысқұловтың қоғамдық,
ұйымдастырушылық қызметінен басқа оның ғылыми-шығармашлығын, жалпы тарих
мәселесіне байланысты ойларын жан-жақты баяндап, талдау жасап, баға берген
арнаулы зерттеулер жоқ. Сондықтан да Т.Рысқұловтың ғылыми-шығармашылық
қызметіне, ол қалдырған ғылыми мұраларға талдау жүргізу, зерттеу кезегін
күтіп тұрған мәселе болып табылады.
Тұрар Рысқүловтың ғылыми-шығармашылық қызметіне тән басты ерекшелік
оның кабинеттік ғалым болмауында. Ол Қазақстан мен Орта Азияның арғы-бергі
тарихының қандай мәселелерін зерттемесін, олар ең алдымен оның өзі тікелей
және белсенді түрде араласқан XX ғасырдың алғашқы 30-35 жылында орын алған
аса күрделі, қиыншылыққа толы оқиғалар тізбегі болып табылады. Олардың
негізгілері: Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс,
1917 жылғы Қос революция, оларға жалғасқан азамат соғысы, оның жеке тармағы
басмашылар қозғалысы, Түркістан мен Қазақстандағы 20-30 жылдардағы қоғамдық
өмірдің барлық салаларын қамтыған эксперименттер жэне олардың қасіретті
салдарлары (ашаршылық, саяси-қуғын сүргін) болып табылады. Тұрар Рысқұлов
осы алмағайып, шытырман тарихи оқиғалардың барысындағы көпшілік таныған
қайраткері болды. Осы тақырыптардың басым көпшілігі - қоғамтанушы, тарихшы
Тұрар Рысқұловтың зерттеу нысандары болды. Сондықтан да оның қоғамдық,
мемлекеттік қайраткерлік қызметін оның зерттеушілік, тарихшылық іс-
әрекетінен бөліп қарастыруға болмайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жүмыстың басты мақсаты — бұрыннан
белгілі түрлі деректер мен ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отырған
мұрағат материалдарын сараптай келе, Т.Р.Рысқұловтың ғұмырының барлық
кезендерін қамти отырып, оның қоғамдық-саяси қызметін, ғылыми және кәсіби
қызметін, шығармашылық мұрасын тұтастай көрсету. Сондықтан Тұрар
Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметіне, шығармашылық мұрасына сүйене отырып,
оны ғалыми - тарихшы ретінде қарастыруды мақсат еттік. Осыған орай мындай
міндеттерді алға қойдық:
Кеңестік басқару жағдайында Тұрар Рысқұловтың қайраткер ретінде
қалыптасуына әсер еткен саяси-әлеуметтік факторды анықтау.
Т.Рысқұловтың ұлт-азаттық қозғалыс туралы көзқарасын анықтап, оны 1916
жылға көтеріліске қатынасуын нақты көрсету.
- Т.Рысқұловтың Қазақстандағы ашаршылыққа қарсы күресін жан-
жақты атап көрсету.
* Т.Рысқұловтың революция, қазақ интеллигенция тарихына арналған еңбектерін
тарихнамалық түрғыдан талдап, олардың ғылыми құндылығын бағалау.
* Т.Рысқұлов еңбектері арқылы Түркістан Республикасында орын алған тарихи
оқиғалар мен саяси үрдістерге баға беру.
* Т.Рысқұловтың ғылыми жэне публицистикалық еңбектерін сараптай келе, оны
тарихшы ретінде көрсету.
* Зерттеу объектісі – қоғам, және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов.
* Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. ¥сынылып отырған дипломдық жүмыстың
жаңалығы Тұрар Рысқүловтың өмірі мен ғылыми мүрасын тарихшы ретінде
біртүтас көлемде қарастыру болып табылады. Бүл еңбекте Т.Р.Рысқұловтың
ғылыми еңбектері соңғы көзқарас тұргысынан терең де объективті түрде
талданады.
* Жүмыста Т.Рысқұлов ғалым, публицист ретінде алғаш қарастырылып, оның
қоғамдық-саяси кызметіне баспасөз беттеріне жарық көрген, бірақ бүгінге
дейін көпшілік назарынан тыс қалған мақалалары, тарихи еңбектері алғаш рет
сараланып, ол тарихшы-ғалым ретінде қарастарылады. Осының нәтижесінде тың
қорытындылар мен тұжырымдар жасалынды.
* Жұмыстың теориялық-методологиялық негізіне ғылыми танымның обьективтік,
тарихилық, жүйелік сынды үстанымдары (принциптері) алынды. Зерттеу
мақсатына жету үшін статистикалық, салыстырмалық, сұрыптау, талдау әдістер
кеңінен қолданылады. Тақырыптың негізгі мақсат - міндеттерін зерттеуде
кеңестік тарихнамада коммунистік идеология қағидаларына сәйкес қалыптасқан
жекелеген теориялық тұ-жырымдар қайта қарастырылды.
* Жұмыстың қолданбалы маңызы. Дипломдық жұмыс Тұрар Рысқұловтың өмірі мен
шығармашылық мұрасы мысалында XX ғ. бас кезінде Қазақстанның қогамдық-саяси
құрылысында белсенді еңбек еткен саяси қайраткердің мемлекет пен қоғамдағы
орны мен рөлін объективті бағалауға септігін тигізеді.
Диплом жұмысының нәтижелері мен негізгі тұжырымдарын қазақ, ұлттық
интеллигенциясының тарихына қатысты жазылатын еңбектерде, жоғарғы оқу
орындарында лекция курстары мен арнаулы семинар сабақтарын жүргізу
барысында қосымша оқу материалы ретінде қолдануға болады.
Жұмыстың деректік базасын – Тұрар Рысқұловтың аса бай тарихи мұрасы:
кітаптары, мақалалары, баяндамалары, хаттары, 20-30 жылдардағы газет-журнал
материалдары құрайды.
Жұмыстың құрамы. Жұмыс қысқарған сөздер түсініктемелерінен,
кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан жэне пайдаланылған эдебиеттер мен
деректер тізімінен тұрады.
I. Т.РЫСҚҰЛОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА АТҚАРҒАН ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
1.1. Т. РЫСҚҮЛОВТЫҢ ҚАЙРАТКЕР РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Тұрар Рысқұловтың Қазақстанда атқарған қоғамдық-саяси қызметі деп
аталған бірінші тарауда жұмыста кейіпкерінің өмір жолына талдау жасалып,
оның ауылдық, уездік, облыстық, Республикалық және жалпыодақтық
деңгейлердегі қоғамдық-саяси қызметі зерттелген.
Тұрар Рыскұлов 1894 жылы бұрынғы Жетісу облысының Верный уезінде, оның
құрамына кіретін Шығыс Талғар болысындағы Бесағаш деген жерде кедей
отбасында дүниеге келген. Әкесі - Рысқұл Жылқайдаров аңшы, шешесі Қалипа үй
қызметімен айналысып жүрді. Кішкентай қарындасы болды. Бес жасында үлкен
атасының қойын бағып жүрді. Ал сегіз жасында анасынан (Қалипа) айырылып
әкесі - Рыскұл Жылқайдаров, қарындасы - Түйметай үшеуі қалды.
Қалипа жерленгеннен кейін үй аңырайып, иесіз қалған секілденді. Бұрын
балаларын сүйіп, еркелеткенде, немесе ақыл айтқанда болмаса, басқа уақытта
ескермейтін Рысқұл адам танығысыз болып өзгеріп кетіп еді. Бар ықылас-
пейілі тек балаларының үстінде. Оларға ас пісіреді, киімдерін, отыратын,
жататын, тұратын орындарын сайлайды. Солар жетімсіремесе, ренжімесе,
жыламаса, налымаса екен деп жаны қалмайды.
Мұның бәрі Тұрадың есінде өмір бойы өшпестей болып қалған суреттер.
Күндер өтті, айлар өтті. Еркек адам үй мен түздің қамын қатарымен
қамдап үлгермейтіні белгілі. Жұрт ақыл салды, өзі құптады. Рысқұл енді
Ізбайшаны алып қашты. Жуас, жұмсақ мінезді Ізбайша үй шаруасын ғана
білетін. Билік жүргізіп ештемеге кимелеген жоқ.
Тұрар онға шыққан жылы көктен жай түскендей оқиға болды. Саймасай
болыстың жанындағы билер соты Рысқұлды үш жыл түрмеге кесті. Біраз
мезгілден кейін Отын дайындап жүрген Рысқұл қашып кетіп Қараш-Қараш
асуында Саймасай болысты атып өлтіріпті деген жаманат хабар дүңк ете
қалды.
Рысқұлға қараған он төрт үй - Түлкібастан көшіп келген кірме. Сүйенері
де, сенері де жоқ. Болыстың туыстарынан қорыққан, олар жылыстап тауға, өзен
бойына, сай-сайға жасырынды. Бірақ ұзын қүрықтан қайдан қашып құтылсын.
Саймасайдың туыстары Рысқұлға қарағанның мал-мүлкін шауып алды. Далада
ұстап алып, Тұрарды өлтірмек болысты. Біреулері қазір табанда өлтірейік
десе, көпшілігі Болыстың үйінің жанына апарып, көптің көзінше дарға
асайық деді. Ақыры соңғысына тоқтаған кісілер мойнына тұзақтап арқан сап,
Тұрарды ала жөнелген. Оларды жолшыбай тоқтатқан екі солдат патрулі еді.
Жағдайды естіген олар Бұларың заңсыздық. Сот қарап, тиісті жазасын береді
деді де, Тұрарды алдарына сап айдап әкетті.
Біраз уақыт қашып жүріп, Рысқұл ақыры абақтыға өзі барып берілген
болатын. Әкімдерге арызданып жүріп Верный полициясының кеңсесінде отырған
Тұрарды абақтыға, өзінің жанына алғызды.
Бала түнде әкесімен абақтыда камерада болады. Күндіз
абақтының ауласын сыпырып тазалап, сыпырушылық жұмыс атқарады.
Бастықтың баласын күймелі арбамен мектепке апарып салады, сабақтан кейін
алып келеді. Он бірге жаңа басқан бала күні бойғы жүріс-түрыстан,
жүмыстан қалай шаршамасын. Камераға кірісімен үйықтап қалады [15; 3].
Ол кезде бүкіл Россияда бірінші орыс революциясы болып жатыпты.
Абақтыда тұтқын көп. Біреулерді экеліп, біреулерді экетіп жатады. Күндіз-
түні дамыл жоқ. Абақтыдағының көбі патшаға, Россиядағы тэртіпке қарсы
болып, жер саясатына, қоныс аудару саясатына қарсы шығып қамалғандар.
Рысқүл да, Тұрар да орысша нашар біледі. Отырған татар азаматтарының
түсіндіруімен оқиғаның ұзын-ырғасын ғана шамалайды.
Т.Рысқүловтың өмірге келіп, азамат болып қалыптаса бастаған кезең
патшалық Ресейдің Қазақстан мен Орта Азияны отарлау саясаты шырқау шегіне
жеткен, элеуметтік, үлттық, таптық қайшылықтар барынша шиеленіскен жылдар
еді. Патша өкіметінің Қазақстанды отарлау саясаты күшейген сайын, хальіқтың
шыдамы таусылып, оған қарсы қарсылығы арта түскен-ді [16; 3].
Т. Рыскүловтың оң - солын танып, азамат болып қалыптаса бастауының
бастапқы кезеңі бірінші орыс революциясы жылдарынан кейінгі кезеңге тап
келеді.
Абақтыда жүріп Тұрар орыс тілін үйрене бастайды. Абақты бастығының
баласын күймелі арбамен мектепке апарып жүріп, оның кітаптарына,
дэптерлеріне үйір боп алған. Ол бала да Тұрарды жатырқамай, сабақтарын
көрсетіп, түсіндіріп, үйретіп жүретін.
Рысқүл Жылқайдаров үлықтарға: Күнкөрістің қамымен ата мекенімнен
ертеректе көшкем. Енді өздерің айдаған Сібірге барып мекендейін. Әйелім
Ізбайшаны, үлым Тұрарды, қызым Түйметайды өзіммен ала кетуге рүқсат
етіңіздер деп арыз берген. Бірақ оған рұқсат жоқ деген жауап келген
болатын. Енді, міне, жалғыз өзі кетпек.
Түрар экесін қақпаға дейін шығарып салды. Кірпігіне жас іркіліп,
еңіреп жіберуге таяу болса да, бала көңілінде манағы әкесінің Берік бол
деген сөзі. Соны арқа түлып жылаған жоқ.
Әкесі жат жерге айдалып кеткеннен соң Тұрар Сырдария облысының Меркі
қыстағындағы туыстарын паналады. Тұрардың жолына абақты бастығы Приходько
үш күндік тамақ — нан, тұ_з, үш түйір қант, ірімшік, аз ғана сары май
бергізген. Бала Верныйдың жүрт аз болатын оқшауырақ бағына барып, кешке
дейіп тасаланып жүрді.
Ымырт жабыла ол қолына ағаштан өзі жасаған таяғын үстап, азығын,
киімсымақтарын салған дорбасын арқасына асып, жолға шықты. Екі жыл бү_рын
әкесіне еріп, Қордайға, Пішпекке, одан эрі Меркеге барып қайтқаны есінде.
Жүретін жолды ептеп шамалайды.
Екі аптаға жуық жүрген бала Меркеге де жетті. Елдестеріне барған жоқ.
Әкесінің інісі Молдабек Саймасай болыс Рысқүлдың оғынан өлгенін естісімен
үйінен безіп кеткен. Содан бері хабарсыз. Молдабек шыбын өлтірмейтін момын,
Iжуас. Бірақ оған қарай ма? Болыстың туыстары оны көрсе,
кек алмай
қоймайтыны анық.
Тұрар Рысқүлов Меркенің орыс-түземдік мектебіне түсіп оқыды. Арызға,
документке өз атын жазды. Әкесінің атына келгенде не істерін білмей, біраз
уақыт дағдарып қалған. Әкесінің жағдайы мәлім боп қалса, мектеп басықтары
алмай қояды. Алған күнде де астыртын бақылау жүргізер деп Тұрар сескенді.
Осы жағдайдың бэрін ескере келіп, бала арызына Мен Түрар Қырғызбаев
оқуға алуыңызды сұраймын деп жазды. Әзірше өзі экесі айтқан ақылды орындап
келе жатқан түрі бар. 1906—1910 жылдары Меркедегі орыс түземдік мектепті
бітірді. 1910-1914 ж.ж. Пішпек (Бішкек) ауыл шаруашылық мектебін тэмамдап,
ағаш өсіру маманы деген атақ алды. Осында жүріп жергілікті бақта жүмысшы
болды, ағаш отырғызды, жас шыбықтарды күтті. Бірақ Т.Рысқұлов осымен
тоқталмай өзінің білімін толықтыру үшін Самара қаласына баруға дайындалады.
Самара - орталық Россияның ежелгі үлкен қалаларының бірі. Меркеден
бірнеше мың шақырым шалғайда. Онда бару үшін Түрар көп дайындалды. Жас
жігіт көптен - көп қинаған қаражат жағы. Пішпек қаласында маман бағбан боп
істей жүре, Тұрар қажетті қаражатты тезірек құ.райын деп ертелі - кеш қара
; жүмыс істеді. Қалаға барып тілмаштық етті. Елден келген адамадарға
орысша шағым жазып беріп, баға кеспей, өздерінің біліп бергенін алды.
Сөйтіп құрған ақшасын үнемдеп жүмсап, шамалы қаражатты әрең жинап еді [17;
2].
Тұрар әдеттегідей оқуға түсу емтихандарын ойдағыдай өткізді.
Мұғалімдердің пікірлері жақсы. Түсесің, болашағың мол деседі. Мектеп
директорының алдында емтихандарды қорыту, түсушілердің эрқайсысымен
әңгімелесу болды. Емтихан қорытындысы көңілдегідей екенін көріп алып,
директор Түрарға қадала қарап үлтын сұрады, қазақ екенін естігесін
Қырғыздар анайы ел ғой, кэсібі мал бағу. Ендеше саған лесник болу қажет
емес деп қабылдамай қойды. Түрар Ташкентке оралмақшы болды. Вокзалға келіп
ақшасын санасы ақшасы жетпейді екен. Не істерің білмей көшемен ентелей жүре
берді. Жүріп отырып, Самара өзенінің Еділге қүлтын тұсына жетті. Портқа
бірнеше кеме келіп тұр екен. Жыпырлаған жүрт жүк түсіріп жатыр. Тұрар
олармен бірге осы жүмысқа орналасып, жүк тасушы болады.
Түара күндіз порттағы буфеттен немесе жеке саудагердің азығынан
тамақтанып, түнде эдеттегідей вокзалға барып ұйықтап жүрді. Бес күн өткен
соң, жүкшілер Түрардың вокзалда түнеп жүргенін біліп, оны өздерімен бірге
алып кетті.
Тұрардың түнеуханада тұрғанына айдан асты. Ондағы қалыпқа, салтқа
эбден үйреніп алды. Рас, қиындығы аз емес, алайда дәл қазір Түрарға бүдан
келісімді тіршілік тағы жоқ. Өзі түрақты жүкші боп, түнеуханада қалуға
бекінді. Жалақысы тэуір, ішіп-жемге мол жетеді.
Порттағы басқарушы - бастауыш мектепті ғана бітірген кісі. Кейде
келген я жөнелтілген жүктің есебін, бағасын шығара алмай қиналып жатады.
Қайта-қайта шотқа салып қағазға жазып, шешім таппай дағдарған кезде, Түрар
қол ұшын беріп жүрді. Екі ай бойы Самара портында жүмыс атқара жүріп
Ташкентке оралады.
Ертеңінде Тұрар Ташкенттің педагогикалық институтына түсуге арыз
берді. Емтихан жақсы өтті. Бірақ алмады. Сіз мұсылмансыз, біздікі
педагогикалық институт. Тэрбиешілер дайындаймыз. Мұсылманды
ала алмаймыз, - деді комиссия.
Екі апта жүріп институт директорының қабылдауында болып еді, нәтиже
шықпады. Директормен айтысқан Тұрар енді не болса да Петроградқа, оқу
министрлігіне арыз жөнелтті.
Сонымен 1915 жылдың қыркүйегінде Петроградтан, министрліктен Тұрар
Рысқүловтың Ташкент педогогикалық институтында оқуына рұқсат деген қағаз
келді. Қайсар да өткір жас осылайша алғаш рет ұлтшылдық кедергісін бұзып,
жеңіске жетті.
Жыл бойына оқуды оқи жүріп, жү^мыс істеуді де тастаған жоқ, Ташкент
түбегіндегі жемісті ағаш шаруашылығында ағаш маманы - бағбаны болды,
тілмәші болып, орысшадан қазақшаға, қырғызшаға, өзбекшеге аударды. Ол
тілдерден орысшаға аударады. Мекемелерге шағыммен келгендерге арыз жазып
беріп жүрді. Осылардың бэрі жарлы студент үшін кэсіп, күнелтіс.
Кенеттен патшаның 25 маусымдағы жарлығы шықты да майдан жұмысына 19-42
жас аралығындағы бұратаналар алатын болды.
1894 жылы туған Түрар приемға ілігіп тұр. Өзі элі белсеніп
революциялық жұмысқа қатыспағанмен, түрлі бағыттағы революционермен
танысып, қатынаста болған жас жігіттің патша өкіметіне наразылығы үдеп,
кекті өшпенділікке үласып еді [18; 75-77].
1.2 Т.РЫСҚҰЛОВТЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСҚА ҚАТЫСУЫ
Қоғамдық қүрылыстың эділетсіздіктерін қаршадайынан көріп, басынан
өткеріп, эрі солардың социал-демократиялық ой тұрғысынан қалай
түсіндіретінін - Верный түрмесі мен Пішпек орта оқу орнында жүрген
уақыттарынан бері эр кезде әртүрлі дэрежеде бағамдап келе жатқан жігерлі
жас жігіттің ғұмырына күрт өзгеріс енгізген, бү_дан былай оны революциялық
күрес жолына біржолата салып жіберген оқиға - 1916 жылы күллі Түркістанды-
Орта Азия мен Қазақстан жерлерін от жалынына ораған үлт-азаттық
көтерілісінің бүрқ ете түсуі болды. Он алтыншы жыл оқиғаларында біз күні
бүгінге дейін танып бітпеген сырлар мол: патша үкіметінің арандату саясаты-
ашынған халықты аса жоғары мэртебелі пэрменге қарсылық білдірді деген
желеумен түқыртып алу, тіпті қырын жіберуге тырысу, оларды шүрайлы
жерлерінен бұрын - соңды болмаған қарқынмен тү_рпайы тэсілмен, түбегейлі
айыру мәселелерін мұқият ескерді. Осыны түсінген көзі ашық жігіттер жер-
жердегі көтеріліс үлларына жетуге асықты.
Отарлық езгіге қарсы бағытталған 1916 жылдың үлт-азаттық қозғалыс
тұсында Тұрар Рысқүлов Оңтүстік Қазақстандағы көтерілісшілердің саяси
басшыларының бірі ретінде танылды. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша
жарлығынан кейін қара жұмысқа алынатындардың тізіміне ілінетінін сезген
Тұрар оқуын тастап, Әулиеата уезінің Мерке елді мекеніне келіп, осы ауданда
эрекет етіп жүрген халық батыры Ақкөз Қосанүлы бастаған көтерілісшілердің
іс-эрекетіне үйымдық сипат беріп, саяси бағыт-бағдар сілтейді [19; 4-5].
Тұрар Рысқүловтың 1916 жылы өткен оқиғаларды көңілмен байлап саралап
көрсек, көтеріліске қатысуының үш түрлі себебі болды.
Бірінші, приемға өзі де ілігіп қалды. Патша өкіметіне қолқабысы тиетін
іске барғысы келмеген ол көтерілісшілермен болды.
Екінші, генерал Куропаткин эскер жүмсап, Ташкенттің ескі қаласындағы
көтерілісшілерді атып-асып, қанға батырып қырды. Оныкі сүрапыл қаталдық
еді. Бар күш - қабілетін жү_мсап осы қорқаулыққа қарсы тұруды жас жігіт
өзіне парыз санады. Үшінші, Куропаткиннің жендеттері Түрардың елдестерін,
жерлестерін қырғынға ү-Іпыратты. Жан қырылды, мал қырылды, сасқан жүрт бас
сауғалап Шыңжанға қашты. Ол апатты көріп отырып, Түрардың бейтарап қалуы
мүмкін емес еді. Көтерілісшілерді қырғыннан қағыс етуге ат салысты.
Меркедегі көтерілісті патша жазалаушылары басып-шаншып, оған
қатынасушыларды жаппай қамауға алып жатқан кезде көтеріліске саяси бағыт
беруші ретінде Түрар Рысқүлов та тұтқындалып, Мерке түрмесіне жабылады.
Алайда оның іс-эрекеті жөнінде дэлелді кінэ табылмағандықтан ол түрмеден
босатылады.
¥лт - азаттық қозғалыс ақпан демократиялық - буржуазиялық
революциясымен ұласты. Меркеде көтеріліс элі тоқталмаған болатын.
Тұрар Рысқұлов жиналған қазақтарға, жергілікті биліктер Уақытша
үкіметтің юстиция министрі Керенскийдің қолын алу үшін Ташкенттен шыққан
кезде телеграмма келді. Бүл телеграммада көтерілістің тэртібі жазылған.
Рысқүлов халыққа шығынды мемлекет төлеу керек екенін жэне контриябуцияны
төлеумеу керек екенін түсіндірді. Осы сөзден кейін Т.Рысқүловты полициялар
үстап алып, қамауға алады. Бірақ халық арасындағы беделі арқасында
полияциялардың байқауымен үй аресіне алынды.
Келесі күні Т.Рысқұлов комитетке жауап алуға шақырылды. Комитетке
барар жолда ашуланған орыс кулактары Т.Рысқүловты Соқ оны! деген айқаймен
шығарып салды. Т.Рысқұловты шығарып салушы прапорщик Бекчурин шығарып
салды. Оның қатал Тоқат! деген айғайы адамдарды тоқтатты. Бүл
Т.Рысқүловты адамдардың соққысынан құтқарды. Бірақ осымен Т.Рысқүловтың
азабы аяқталған жоқ. Екінші күні көшеде оған жергілікті буржуйы Қарабай
Әділбеков жақындап Тұрардың жедел Ташкентке қайтуын сұрады.
Мерке ауданында қазақтардың көтерілісі қыркүйектің соңында басылды.
Адам саны көптеп қырылды, 53 мың шаруашылықтар қүртылды, мал саны 30
пайызға дейін азайды. 1916 жылғы көтеріліс Ресейдегі революциялық азаттық
қозғалысының бір бөлігі бола отырып, өзінің сипаты жағынан ұлт-азаттық
мэнге ие болды. Бүл көтеріліс, бір жағынан, 1917 жылғы ақпан революциясына
үласып, патша билігінің қүлауына, екіншіден, үлтымыздың теңдігі мен
тэуелсіз болашағы үшін күрескен Т.Рысқұловтың азаттық жолындағы күресте
саяси қызметінің жанданып, оның жаңа сатыға көтерілуіне алып келді.
¥зақ аурудан кейін Т.Рысқұлов мүғалімдік институтына оқуға Ташкентке
қайта оралады. Бірақ институт бітіруге жолы болмады, себебі Ақпан
буржуазиялық - демократиялық революция басталып кетіп, Т.Рысқұловтың бүкіл
революциялық жүмысын қамтыды [20; 159-162].
Т.Рысқұловтың Әулие-Ата уездіңдегі революциялық қызметі өте жоғары
болды. Ол халық көпшілігі арасында эңгіме жүргізді, жағдайды түсіндірді,
маңайдағы ауылдарға сапар шекті, әр түрлі халық түрғындарымен қарым
-қатынас орнатты. Осы жүмыстарда жүріп Т.Рысқұлов Қазақ жастарының ұйымын
құрды.
Ол ақпан төңкерісінен кейін Әулиеата уезінде халықтың саяси өмірін
жандандыруға ат салысты. Атап айтқанда, 1916 жылғы көтеріліс кезінде
қүрылған Қазақ жастарының үйымын Т.Рысқұлов 1917 жылғы ақпан
революциясынан кейін Қазақ жастарының революциялық одағы етіп қайта
түлетті.
Т.Рысқұлов құрган Одаққа отызға тарта қазақ, қырғыз, орыс т.б. жастар
бірікті, олардың қатарында қазақтан Қ.Сарымолдаев, ағайынды Нұршановтар,
Ы.Әсімов, Мамыров, мүғалім, орыс халықының өкілі И.В.Андреев, қырғыздар
Жүмағүлов, Бармақов, Тұрдыэлі Тоқбаев жэне басқалар, кейінірек Әулиеаталық
Қошмэмбетов, С.Абланов, Ж.Мыңғыбаев болды [21; 105]. Одақ сан-сала жүмыстар
жүргізіп жатты. Ондағы мүше жастар түрлі эдіспен уақытша үкіметке қарсы
күресті: отаршылдарға, шовинистерге, үлтшылдарға, бандыларға қарсы қимыл
жасады, халық арасына түсінік жүргізді; совет өкіметі еңбекші көпшілікке
игілік етуші екенін саналарына құйды. Сол сан алуан
жүмыстардың барысында одақтағы жастар өздері де саяси-идеялық жағынан өсті.
Олардың көбі 1918- 1919 жылдары болыневиктік партия қатарына енді.
1917 жылдың күзінде 1918 жылдың қысы мен көктемінде Т.Рысқұлов көп
жағдайлардың куәгері болды. Ол кеңес билігінің алғашқы декреттерінің
өткізілуінің белсенді қатысушысы болды. 1917 жылдың күзінен бастап 1918
жылдың көктеміне дейін 100 шақты декреттер басылып шықты. Бүл декреттер
еңбеккерлердің арасында социалистік ойларды насихаттайтын ірі құрал болды.
Олар Кеңес билігіне сенім тудыр ды. Кеңес билігінің алғашқы декреттерді
орындауда Т.Рысқүлов нақтылы нэтижелерді алуға үмтылды. Олардың ішінен жас
уез жетекшісінің жэне болыпевиктің іс эрекеті көзге түсерлік еді. Ол 1916
жылдың көтеріліснен батыс Қытайда оралған қазақ пен қырғыздардың
қашқындарына көмек беруі еді. Ал олардың тағдыры өте қиын болды. Себебі
олардың өмір сүру үшін ешбір малсыз қаражатсыз болды.
Қазан революциясына қатыса отырып, Т.Рысқұлов еңбекші қауымның үлкен
тобы өзінің тағдыры бір партияғы, яғни большивиктер партиясына ұсынды.
Басқарушы бола тұра ол ең мықты қаруды қызметке экелді. Ол істерін
насихаттау жаңа қоғам қүруды іске айналдырды. Осыған кеңес мемлекетінің
бірінші қүқықтық актілері дэлел. Олардың ішінде ең басты орын Ресей
халықтарының қүқықтық деклерециясы орын алды. Ол 1917 жылы 3 қарашада
басылып шықты. Онда Ресей халықтарының теңдігі жэне егемендігі туралы сөз
болды. Сонымен қатар, улттық жэне діни-ұлттық шектеуліктер мен
артықшылықтарды, Ресей шекарасында тұратын үлттардың еркін дамуын жою.
Демек, Қазақстан жэне Түркістан халықтарына өткізілетін царизм мен
буржуазиялық зорлықтың соңы еді.
Бүл декларация Т.Рысқұловты жаңа екі жүз мың көп үлттық Әулие - Ата
уезінде кеңестік күштің бекітуіне әкелді. Бірақ күрес жеңіл болған жоқ. Ол
өмірге емес өлімге бағытталған еді [8; 222].
Социалистік революцияның жеңісімен кеңестер пролетариат
диктатурасының саяси қалпы болды. 1918 жылдың басында олар 40 млн. жү-
мыскерлерді, солдаттар мен шауаларды біріктірді. Солардың ішінде Әулие -
Ата кеңесінің депутаты Т.Рысқүлов та болды. Оның уездің қоғамдық -
саяси өміріне ықпалы өсіп кеңейе түсті. 1918 жылдың сәуір айында оны Әулие
- Ата кеңесінің атқарушы төрағасының орынбасары етіп сайлайды. Ал бір айдан
кейін Т.Рысқүлов пен орыс большевигі Федоров - Зоводскойдің жетекшілігімен
Әулие - Атада қазақ депутаттарының алғашқы уездік съезі өткізіледі. Бүл
съездің жүмысы орыс халықтарының қүқықтық декларациясының дэлелі болды.
Тұрар тек қана қалыптасқан жағдайды қүрбыларына қарағанда жақсы
сезетін болғанымен ол халық көпшілігін көтере білді. Одақ қызметінің
алғашқы күндерінен - ақ оның мүшелерінің көзқарастары мен революциялық
сезімдері Т.Рысқұловтың пікірімен бір еді. Оның беделі толық болғанмен өте
үлкен болды [22; 82-87].
1.3.Т.РЫСҚ¥ЛОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСІ
1917 жылға қыркүйек айында РСДЖП-ның мүшелігіне өткен ол, сол кезден
бастап қоғамдық, мемлекеттік іске белсене араласа бастады. Бұл кез
объективті жэне субъективті себептер салдарынан Қазақстанның көптеген
ауылдарында, олардың қатарында оның Оңтүстік аймағында да, аштық етек ала
бастаған еді. Әсіресе Сырдария, Жетісу сияқты облыстарда ашыққан қазақ
ауылдарының саны арта түсті. Ауыл шаруашылығының күйзелуіне байланысты
астық нарқы сұрапыл қымбаттады. 1916-1917 ж.ж. бір пү_т астықтың бағасы 2
сом 50 тиыннан 81 сомға дейін көтерілген. Осы жағдайларды пайдаланып орыс
шаруалары қолда бар астықтарын үстеме бағамен базарларға сатты. Азық-түлік
комитетінің шешімі бойынша 1917 жылдың мамыр айында Сырдария облысында әр
адам басына 4 кг. ғана үн берілген [23; 4].
Т.Рысқұлов елде қалыптасқан осындай ауыр жағдайда билік басына келді.
Ол 1918 жылдың сәуірінде Әулиеата депутаттар кеңесі атқару комитетінің
төрағасының орынбасары, ал шілде айынан бастап төрағалығына сайланады. 1918
жылы шілде айында Т.Рысқұлов Әулиеата уездік Кеңесінің атынан Ташкент
қаласында шақырылған Түркістан Республикасы уездік кеңестері төрағаларының
1-ші съезіне өкіл ретінде жіберіледі.
Т.Рысқұлов Әулиата уезінде саяси қызметімен көзге түсіп, осы уезде
кеңес өкіметін орнатуға белсене кірісті. Әсіресе жергілікті халық өкілдерін
қоғамдық істерге тартуда, сұрапыл аштықпен күресуде, елді экономикалық
дағдарыстан шығаруда, кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық әрекеттерді
жоюда, ұлттар арасындағы алауыздықтарды ауыздықтауда ұтымды саясат
жүргізіп, шешуші роль атқарды.
Аштықпен күресуде Т.Рысқұлов ашықандарға арнап асханалар аштырып, азық-
түлік алуына қаражат бөлдіріп, қазақ шаруаларына жәрдем беру, көктемдегі
егіс жүмыстарын ү-йымдастыру, еңбекке жарамды деген ашыққандарды жұмысқа
тарту, оларды қажетті заттармен қамтамасыз етуге басшылық жасап, олардың
орындалу барысына бақылау орнатып, тэртіпті күшейтуді талап етті [24; 10].
1918 жылдың күзінде Тұрар Рысқүлов Ташкентте өткен Түркістан
Кеңестерінің VI төтенше съезіне қатысып, Түркістан АКСР Орталық Атқару
комитетінің қүрамына сайланып, ТүркОАК-нің аппаратына қызметке үсынылады.
Ал 1918 жылдың 3 қарашасында ХКК-нің жаңа қүрамы бекітіліп, ол Түркістан
Республикасының Денсаулық сақтау халық комисары болып тағайындалады.
Түркаткомның талап етуімен 1918 ж. 28 карашада республиканы жайлаған
сұрапыл аштықпен күресуге арналған Орталық комиссия қүрып, оның жетекшілігі
Т.Рысқұловқа тапсырылады.
Съезде ол ауылдарда кедей комитетін үйымдастыру жөнінде шешіміне
белсенді қатысты. Әсіресе ол Кеңес социалистік республикасында Түркістан
автономисының конституциясына қабылдануына үлкен көңіл бөлді. Оның негізіне
1918 жылдың шілде айында қабылданған РСФСР Конституциясы енгізілген.
Түркістан АКСР-ның Конституциясы Ресей Федерациясының шеңберінде Кеңес
Түркістан мемлекеттік автономиясын күшейтті. Съезд 74 адамнан қүралған
Түркістан мемлекетінің Орталық Атқарушы Комитетін таңдады. Олардың 49
мүшесі большивиктер болды. Тұрар Рысқұлов Орталық Атқарушы Комитетінің
қүрамына сайланып, ОАК-нің аппартына жұмыс істеуге тырысады. Т.Рысқұлов
үшін жаңа сапалы басқа өмір басталды.
Адамдар Түркістанның барлық аудандарында ашықты. Әсіресе аштықты көп
көргендер Сырдария жэне Жетісу облыстарының жергілікті түрғындары еді.
Барлығы Түркістанда 1200 адам аш болды. Бүл Түркістанның байлық жағдайында
еді. Т.Рысқұловтың пікірінше Түркістанда болған аштық 1917 жылғы Қазан
айына дейінгі өткізілген экономикалық саясаттың эсері еді. Осы қалыптасқан
жағдай
- 1905-1915 жылдар арасындағы үлкен қолдан жасалған мақта өндірісінің
өсуі;
- мақта өндірісіне үлкен жер бөлінгендіктен, нан
дәндерінің отырғызылуының қысқартылуы;
- жергілікті өндірісінің толық жойылуына байланысты болды.
Аталған факторлармен қатар мал басының азаюы, малшаруашылығының
қүлауын да атап өту жөн. Сондай - ақ 1916 жылдың көтерілісі де өз зардабын
тигізді [25; 24-26].
Түркістан республикасының ОАК Т.Рысқұловты 1918 жылдың 28 қарашада
Түркістан АКСР -де ашаршылыққа қарсы Орталық комиссиясының мүшесі етіп
сайлады.
Орталық комитет жэне оның мүшелері қины жағдайларда жұмыс істеуді
бастады. 1918 жылдың желтоқсан айында ашыққандар саны бір миллион адамға
жетті.
Т.Рысқұлов 1919 жылдың 2 қаңтарда өлкелік Өндірістік директорияда
келесі сүрақтар бойынша арыз айтты:
- ашыққандарға азық-түлікпен ең бірінші қажеттілікпен көмек
көрсету;
нан жэне де басқа да азық - түлікке алмастыру үшін Орталық
комиссиямен тауарларды жіберу жайлы;
республика резервінен ашыққандарға қосымша азық - түлікті жіберу
жайлы;
Орталық комиссияға көмек көрсету үшін Өлкелік директорияның
аппаратты қолдануы жайлы;
- ұйымдастырылған кедей коммунналар үшін шикізат жіберу жайлы.
Барлық сүрақтар өлкелік Өндірістік директориямен оң шешілді.
Аштықпен күресі үшін Түркістан үкіметі егіс көлемін кеңейту шешімі
қабылданды. Осы мақсатта егіске жарамды жерлер мемлекет тарапына көшті.
Съезд 1919 жылдың 7-31 наурыз аралығында жұмыс істеді, жэне мында үш
негізгі сұрақты талқылады: Түркістанның экономикалық жағдайы, ТүркОАК - ның
жэне Совнаркомның жүмысы бойынша есебі жэне қаржы саясаты жайлы айтылды [8;
261].
Т.Рысқұлов бүл жауапты қызметте жүріп ашаршылыққа үлпыраған аудандарды
азық-түлікпен қамтамасыз ету, жұмыссыздықты жою, ашыққан адамдарды қоғамдық
қүрылыс жұмыстарын жүргізу жүмыстарына тарту ісін
қолға алып, 1919 ж. 7 ақпанда өткен мэжілісті ашыққандар үшін арнайы
шеберханалар ашу туралы ұсыныс жасап, оның орындалу барысын қадағалайды.
Т. Рысқұловтың тынымсыз еңбегінің арқасында аштарға көмек көрсетуде
нақтылы нәтижелерге қол жеткізілді. Ол жоғарғы орындарға өтініш жазып,
телефонограммалар, радиограммалар жіберіп, қаржы мәселесін шешуге көп күш
салды.. Т.Рысқұловтың тікелей басшылығымен тамақтандыру орындары құрылып,
1918 жылы 3 млн-дай ашыққандарға түстік тамақ берілсе, ал бүл көрсеткіш
1919 жылы ондаған есеге көбейді. 5 ай ішінде 3,2 млн ашыққан адамдарға
түстік асы берілген [26; 3].
Түркістан Республикасы Кеңестерінің төтенше VII съезі Т.Рысқұловты
Түркістан президиумының төрағасының бірінші орынбасары болып сайлауына
байланысты Аштықпен күрестің Орталық комиссия төрағасы міндетінен
босатылды.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында 1921-1922 ж.ж.
басталған жаппай ашаршылық кезінде Т.Рысқұлов Москвада РКФСР Үлт істер
Халық Комиссариатының Орталық аппартында қызметте еді. 1922 жылдың күзінде
ол Түркістанға қайтып оралып. Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып
сайланды жэне РКП(б) Орталық Комитетінің Орта Азия Бюросының құрамына
енгізілді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz