Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы саясатының сыныптамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

 МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қаржы саясатының түсінігі, мәні мен мазмұны . . . 7
1. 2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы саясатының сыныптамасы. . 17

1. 3 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясатының қалыптасу кезең дері . . . 24

2. «МЕРЕЙ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУ

2. 1Шаруа қожалығының шаруашылық-экономикалық жағдайы . . . 35

2. 2Шаруа қожалығының еңбек ресурстарын пайдалануды талдау . . . 49

2. 3Шаруа қожалығының өтімділігімен төлем қабілеттілігі . . . 60

3. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУШЫ РЕТІНДЕГІ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУ

3. 1Шаруашылықтың қаржы саясаты- шаруашылық қызметі тиімділігін жоғар-латудың негізі . . . 64

3. 2Шаруашылықтың қызметі тиімділігін басқару мен жоспарлау, жетілдіру жолдары . . . 66

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 77

ҚОСЫМША . . . 80

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерлік отандық экономиканы дамытудағы маңызды құрал екендігі айқын. Нарықтық экономикаға көшу монополизмнің алдын алу, бәсекелікті дамытуға бағытталған өндіріс құрылымын қайта құру тәрізді радикалды өзгерістерді талап етті. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей меншіктің, ұйымдық-құқықтық формасының әр түріне бағытталған кәсіпкер-ліктің дамуынсыз нәтиже бермейді.

Диплом жұмыстың жалпы тақырыбы «Шаруашылық жүргізуші субъек-тілердің қаржылық саясаты» деп аталады.

Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.

Қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді [1] .

Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын - ұлттық, геосаясатты әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.

Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі шаруашылықтың қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Шаруашылық субъектілер қаржысы -бірыңғай қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі.

Шаруашылық жүргізуші субъект түсінігі -барлық ұйымды-құқықтық меншікті сандарына және қызметінің барлық түрлеріне қатысты, шаруашылық субъектілерді жалпылама айтқанда -экономикалық агенттер, экономикалық бірліктер. Олар өзіне міндеттемелер қабылдай алады, активтерді иемденіп басқарады және экономикалық қызметті жүзеге асырады. Соңғы уақыттарда коммерциялық қызметтердің рұқсат етілуіне байланысты, көптеген заңды тұлғаларға, соның ішінде мемлекеттік жекеменшікпен байланысты өндірістік емес салаларына коммерциялық және жарғылық қызметтердің шекарасын шектемейді, бұл субъектілерді -шаруашылық субъектілерге айналады, яғни өз қызметін жарғылыққа емес, сонымен қатар коммерциялық іске бағыттайтын. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге көбінесе кәсіпорындар мен ұйымдар жатқызылады. Шаруашылық субъектілер қаржысы кәсіпорынның, қоғамның, бірлестіктер мен ұйымдардың қаржысын кірістіреді.

Шаруашылық субъектілер қаржысының өзіне тән мазмұны мен сыртқы көрініс түрлері бар. Мазмұны ретінде қаржылық категорияны анықтайтын сыртқы қаржы құрамы болып табылады. Қаржының мазмұны мен көрініс түрлері бір-бірімен байланысты. Бірақ олардың тұрақтылық дәрежесі ұқсас емес. Қаржының көрініс түрлері оның мазмұнына қарағанда тез өзгереді . Шаруашылық субъектілер қаржысының атқарым қызметтері қаржының атқарым қызметтерімен бірдей:

  1. бөлу;
  2. бақылау.

Шаруашылық субъектілер қаржысы мен жалпы мемлекеттік қаржылардың бар болуы экономикалық заңдар іс-әрекеті мен тауарлы-ақшалай қатынас-тардың болуымен себепті. Тауарлы-ақшалай қатынастар жекеменшіктің әр түрімен, еңбекті қоғамдық бөлумен анықталған.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық саясатын жасауда қаржыға қатысты алуан-түрлі қарым-қатынастарға барады:

  1. мемлекетпен
  2. несие жүйесімен
  3. жоғары ұйымдармен
  4. басқа шаруашылық субъектілермен
  5. сақтандыру ұйымдарымен
  6. жұмысшылармен
  7. кәсіптік иелерімен.
  8. Шаруашылық субъектілер қаржысының негізгі белгілері:
  9. көп қырлы қаржы қатынастардың болуы;
  10. міндетті түрде өндірістік қордың бар болуы;
  11. жоғары белсенділік;
  12. олар барлық қаржы жүйесінің негізі болып табылады.

Сонымен, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы - өнімдерді, жұмыстарды және қызмет көрсетулердің өндіргенде және өткізгенде ақшалай табыстарды, қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар [2] .

Сонымен шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты деп-ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады. Осы аталған мәселелер кәсіпорындардың қызметтерін қаржылық талдау мен жоспарлауды жетілдіруді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан талдаудың маңыздылығын көрсетеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - «Мерей» шаруа қожалығының негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы саясатын, қаржылық жағдайын талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат беру мен қаржылық саясатын жоспарлауда туындайтын мәселелерді шешу жолдарын көрсету.

Дипломдық жұмыстың аталған мақсаттарына сәйкес келесі міндеттер қойылған:

  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы саясатына талдау мен жоспарлаудың маңызы мен мәнін ашып көрсету;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы саясатын талдаудың әдістерін анықтау;
  • «Мерей» шаруа қожалығының негізінде кәсіпорынның қаржы саясатына талдау мен жоспарлаудың қазіргі бағыттарын қарастыру;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы саясатының тиімділігін арттыру жолдарын талдау.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік және тәжірибелік негізі ретінде Қазақстан Республикасының Заңдары мен Үкіметтің нормативтік қаулылары, «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңдары, «Мерей» шаруа қожалығының жылдық есептері, отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың ғылыми және оқу - әдістемелік зерттеу еңбектері, мерзімдік және ғылыми басылымдардың материалдары қолданылды.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік обьектісі ретінде «Мерей» шаруа қожалығының қаржылық құжаттары, осы тақырыпқа сай мәселелерді қозғаған зерттеу материалдары басшылыққа алынды.

Зерттеу барысында «Мерей» шаруа қожалығының қаржылық қызметінің нәтижелері, жылдық есептері, ғылыми мақалалар, сонымен бірге монографиялық, экономико- статистикалық, есепті - конструктивті, абстрактілі - логикалық зерттеу әдісі пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың теориялық бөлімінде қаржы саясатының түсінігі, мәні мен мазмұны, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы саясатының сыныптамасы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясатының қалыптасу кезеңдерінің маңызы талқыланды.

Екінші, сараптамалық бөлімде «Мерей» шаруа қожалығының жылдық есептері мен қызметтеріне талдау жүргізу мысалында жүзеге асты. Кәсіпорынның құрылу тарихынан бастап, басқару жүйесіндегі ерекшеліктерге назар аударылды. Есеп беру жүйесіндегі, салық жүйесіндегі, баға қалыптастыру мәселелеріндегі ерекшеліктер қарастырылды. Соңғы үш жылдағы қаржылық, экономикалық көрсеткіштеріне сараптама жүргізілді.

Үшінші бөлімде шаруашылықтың қаржы саясаты- шаруашылық қызметі тиімділігін жоғарлатудың негізінде даму перспективасы мен проблемамалары қарастырылып, жалпы шаруашылықтың қызметі тиімділігін басқару мен жоспарлау, жетілдіру жолдарындағы кедергілерді жою, олардың қызмет ету аясын жетілдіру бағытына ұсыныстар жасалды.

Дипломдық жұмыстың теориялық негізінде отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері, монографиялары, мақалалары, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері қарастырылды.

1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қаржы саясатының түсінігі, мәні мен мақсаты

Кәсіпорынның қаржы саясатын арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Әбдіғали Әбдіманапов қаржы саясатын «ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылатын, таңдалып алынған және сабақтастық-пен жүргізілетін қаржы жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығы» деп түсіндірді. Ал Р. Федько бұл ұғымға келесідей анықтама береді: «Қаржы саясаты - қаржылық есептілікті құру кезіндегі қолданылатын ережелер мен үрдістер»

Бұл ұғымды В. К. Радостовец өте ықшам түрде анықтайды. Оның ойынша «Қаржы саясаты - бұл қаржылық есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі, себебі, кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және қаржылық есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның қаржы саясатында көрініс табады» деп жазған [3] .

Қаржы саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді.

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген құрылымдағы ұйымдар, құқылы тұлғалар, өзара экономикалық қатынастарға түседі. Бұлардың мақсат-мүддесі де әр түрлі жағдайда танылып, әр түрлі дәрежедегі көптеген шаруашылық фактілерін орындайды. Яғни әрбір ұйым өзінің қаржылық жағдайын жақсарту және көрсету үшін өзінің ішкі ұйымдық ерекшеліктерін есепке алуы керек. Ішкі ұйымдық ерекшеліктер басқарудың стратегиялық және тактикалық шараларынан, басқару құрылымынан, шаруашылық қызметінің түрлері мен көлемінен, шаруашылық фактілерінің жекелеген ерекшеліктерінен, клинеттермен жұмыс істеудің тәртібінен және ақпараттарды өңдеу мен даярлап беру сияқты факторлардан туындайды. Маңызы жағынан жоғары дәрежедегі мүндай факторларды нақтылы әске асрыу барысында есеп жүргізудің көптеген әдістері мен ережелері, құқықтық және нормативтік актілер қолданылады. Әдіснамалық процестің барлық әдістері ментәсілдерін қолдану нәтижесінде кәсіпорынның қаржы саясатын қалыптастыруға болады.

Кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсатына қарай жасалған қаржы саясаты осы кәсіпорындағы материалдық және қаржылық ресурстарды барынша тиімді жұмсап, нарықтық конъюктураға сай экономикалық шешім қабылдау болып табылады. Қаржы саясатын іске асырып, мұның негізгі бағытын анықтап, қолданылатын есеп объектілері мен әдістерін белгілеу күрделі мәселелер қатарында келеді.

Тәуелсіз жолдармен таңдалып алынған есеп ережелерін әрбір ұйымдар қаржы саясатын қалыптастыру мақсатында жылдан жылға тұрақты түрде қолдана білу керек. Есеп ережелерінің ішкі әдіснамаларын жасау жалпыға бірдей танылған есеп принциптері мен қаржылық қортыныды есеп элменттері негізінде жасалынуы керек[4] .

Кәсіпорындар өрісінде қалыптасқан қаржы саясаты осы кәсіпорын қызметінің ары қарай дамуына, бизнестік әрекеттің кезеңдік жолдармен өркендеуіне тікелей әсер етуі керек. Егер инвестициялық процестің тиімділігі болмаса, сондай-ақ таза пайда алу процесі қалыптаспаған жағдайда қаржы саясатын жасаудың қажеті болмайды. Қаржы саясаты кәсіпорын қызметінің қаржылық тиімділігіне және ақша қаражатының көбеюіне әсер етеді. Сонымен қатар, жасалған келісім-шарттар мен қаржылық келісімдер ұйымдар қызметінің тиімділігіне бірден әсер ете қоймайды. Мұндай экономикалық қатынастар ұзақ мерзім аралығында тиімділікті сипаттайды. Осыған орай, ұйымдардың атқарушы бухаглетері тұрақты бағытта пайда келтіру процесін қамтамасыз етуге әсер ететін бухгалтерлік есеп әдіснамаларын жақсы зерделеп, кәсіпорынның есеп тәжірибесінде пайдалану керек. Барлық кәсіпорындар қызметіне тән байырғы қаржы саясатын жасау өте қиын және ауыр процесс. Әйткенмен де, қаржы саясатының мазмұнын ашып көрсету арықылы дербес түрде шешімдер қабылдап, қаржылық қорытынды есеп өрісіндегі объективтік ұғым қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

Кәсіпорындарда жасалынатын қаржы саясаты басқару жүйесінің ерекше-ліктері мен құқықтық нормаларды қолдану дәрежесіне, кәсіпкерлік қызметтің бағытына, технологиялық және техникалық ерекшеліктерге, салық жағдайына, клиенттермен жасалған келісім шарттардың ұзақтылығына және құрылтайшы-лардың құжаттарына да байланысты болады.

Тәуелсіз жолдармен таңдалып алынған есеп ережелерін әрбір кәсіпорын қаржы саясатын қалыптастыру мақсатында жылдан жылға тұрақты түрде қолданғаны жөн. Есеп ережелерінің ішкі әдіснамаларын жасау жалпыға бірдей танылған есеп принциптері мен қаржылық қорытынды есеп элементтері негізінде жасалынуы керек [5] .

Кәсіпорындар өрісінде қалыптасқан қаржы саясаты осы кәсіпорын қызметінің ары қарай дамуына, бизнестік әрекеттің кезеңдік жолдармен өркендеуіне тікелей әсер етуі керек. Егер инвестициялық процестің тиімділігі болмаса, сондай-ақ таза пайда алу процесі қалыптаспаған жағдайда қаржы саясатын жасаудың қажеті болмайды. Қаржы саясаты кәсіпорын қызметінің қаржылық тиімділігіне және ақша қаражатының көбеюіне әсер етеді.

Қаржы саясатының тиімді бағытын қалыптастыру үшін қаржылық есеп принциптері мен мұның қолайлы нақты әдістерін, салық салу процесін, қаржылық менеджментті және басқа да көптеген экономиклық қатынас мәселелерін кімде-кім болмасын жақсы білуі керек. Қаржы саясаты қаржылық есеп жүйесіне тән қойылған талаптар мен принциптерге жауап беруді қамтамасыз етуі керек.

Сонымен, қаржы саясаты деп қаржылық есеп жүргізудегі әдістер мен үлгілерді, қолданылатын техникалық сабақтастықтар жүйесін нақтылы түрде таңдап алуды айтады. Қаржы саясаты тәжірибеде іске асырылатын ережелер мен кәсіпорындардің ерекшелік жағдайларынан ауытқымауы керек.

Қаржы саясатын негіздеу және таңдау кезінде барынша жалпы танылған талаптар мен қағидалар басшылыққа алынады және оны сақтаған жағдайда Кәсіпорын үшін де, жалпы республика бойынша да шаруашылық жағдайына бейімделген қаржы саясатын қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық саясатын құрудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болумен байланысты.

Қаржы саясатын мінездеме бере отырып, сол сияқты қаржылық басқару өнерін, тағы айта кету керек, қайта өңдеудің негізгі мақсаты болып қаржылық жүйені әсерлі құру, кәсіпорынның тактикалық және стратегиялық тапсырма қызметінің тапсырмасына бағытталған.

Қайта өңдеудің қаржылық саясатының негізгі бағытына жататындар:

-экономикалық анализдің қызмет жағдайы;

-есептілік, кредиттілік, девиденттік, амортизациялық және басқа саясатты таңдауға негізделген;

-айналым заттарын, ұстанымдарды, кредиттік және дебиттік қарыздарды дұрыс басқару;

-басқалары.

Сыртқы факторлардың әсер етуіне ерекше ерекше көңіл бөлу қажет (инфляция, жұмыссыздық, аймақтағы сатып алу қабілеттілігі, несиелік қойылымдар, периодтық талаптар, саясаттық жүйе ғылымның және техниканың дамуы және т. б. Бұл негізде қабылданған бизнес-жоспар, кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайында анализ есебімен құрылған, қаржылық ресурстарды басқару кезінде өңделеді және шешім қабылданады.

Қаржылық жоспарлау кіріс пен шығыстың болжамымен жүргізілуі тиіс, олар сату көлеміне, материалдар санына, еңбек және басқа ресурстардың сай келуіне сүйенеді. Қорытынды есепте бұл шығындар қаржылық бірқалып-тылығына, инвестициялық тартуда, кәсіпорынның төлеу қабілеттілігіне және тұрақтылығына әсер етеді.

Қаржылық саясат мынадай негізгі циклдарды енгізетін жоспарлауды анықтайды:

-Кәсіпорынның жоғарғы басшылары қатысатын құқықтық жоспарлау циклі;

-Операциялық цикл аумағында, басқарушылардың нақты жоспарларға сапалы стратегиялық мақсат құрастырады;

- Операциялық жоспарларға әсерін тигізетін бюджеттеу циклі.

Өз кезегінде бюджетті құру сырғымалы салымның иерархиялық сақталуымен, статьялық приоритеттің принциптерімен салынуы керек. Бұндай бюджеттің құрылуы, жалпы кәсіпорындармен және әрбір шығарылатын элемент болмаса резерв статьясы барлық ішкі тұтыну-шылардың қабылдаған локальді бюджетін қарастырады.

Бюджеттеу процесі, көздеген мақсатқа жету үшін жоспарлы күштерді біріктіруге мүмкіндік беруді ынталандыру. Ол өз күшіне ұқыптылықты, нақтылықты, шарттардың, жағдайлардың өзгеруіне байланысты үнемі нақтылап отыру, бейімделу және болашаққа жүйелік «үңілу»[6. ] .

Қаржылық басқару практикасы бюджеттің келесі формаларын бөліп көрсетеді:

- икемді бюджеттерді, дәлелдік және бюджеттік операциялар өнімнің тапсырылған көлемде шығарылуы салыстырылады;

- капитал бюджетті с. с. ұзақ мерзімді бюджет, ұзақ мерзімді фиксир-ленген активтер. Мастер-бюджетті дайындауға қолданылады;

- мастер-бюджет, өз кезегінді, екі өзіндік бюджетке бөлінеді: операциялық (өндіруші) және қаржылық.

Операцияда бюджетте жоспарланған болашақ шығындар шағылысады, көбінесе кәсіпорынның өндіру қызметімен байланысты, ол меншік бюджеті жиынтығынан тұрады, оның түрлері:

- сату бюджеті;

- өндіру бюджеті;

- Шығын және пайда бюджеті;

- еңбек шығыны бюджеті, материалдық ресурстар, қойылатын шығындар және т. б.

Профессор Н. А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық саясаты қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық саясаты кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен және сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттігі және қаржылық тұрақты-лықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржы саясатының жақсылығын көрсетеді».

Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы саясаты әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорын-дарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәлан-дыруы тиіс.

Берілген түсініктерге сүйене отырып, бұл ұғымды былай анықтауға болады. Кәсіпорынның қаржылық саясаты осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұраққа ғалымдар түрліше анықтама берген. Бір ғалымдар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.

Енді біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақытында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазды.

Бұл ұғымды А. Д. Шермет пен Р. С. Сайфулин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша «Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы».

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В. М. Радионова және М. А. Федотова келесідей түрге жіктейді:

- пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;

- нәтиженің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;

- құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;

- әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзіндік жұмысын ұйымдастыруына байла-нысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырсақ, кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ тұрақты және айналым шығындары арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Қаржы тұрақтылығының ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады [7] .

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарту кұрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылык тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;

- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;

- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;

-шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;

-қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса
алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;

- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының денгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы да басқалары жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару туралы
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
Қаржылық бақылау туралы
Қаржы пәнінен оқу құралы
Мемлекеттік кірістер мен түсімдерге талдау жасау
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу
Қазақстан Республикасында кәсіпорын қызметінің заңнамалық негізгі
Қаржылық есептің аудиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz