Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін сақтау мен дамытудың этнопедагогикалық негіздері


Мазмұны
Кіріспе .
1 Ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлердің құралдары арқылы балаларды әлеуметтендіру процесінің теориялық-әдіснамалық негіздері
1. 1 Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін сақтау мен дамытудың этнопедагогикалық негіздері . … . . . …
1. 2 Бала тұлғасын әлеуметтендіру педагогикалық зерттеудің мәселесі ретінде . . .
2 Ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлерді қолдану арқылы балаларды әлеуметтендірудің мазмұны мен әдістемесі. . . …
2. 1 Оқу-тәрбие процесінде ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлерді қолдану әдістемесі . . . . . .
2. 2 Балаларды мектепте оқуға дайындау барысында этномәдени мұраны қолдану бойынша эксперименттік жұмыстың анализі . . .
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . .
Қосымшалар
6
11
11
29
42
42
54
59
61
64
Кіріспе
Тарихымыздың өтпелі кезеңдерінде халықтың өзін-өзі тануы, өзінің қалыптасу негіздеріне, түп-тамырына, мәдениетіне, жалпы өзін құрайтын құрамаларға деген қызығушылығы арта түсуде. Балалық шақ - бұл ұлттық мәдениеттің негіздеріне шынайы толығымен еніп, меңгеріп, қалыптастыра алу мүмкіндігі бар кезең.
Білім беру мекемесіндегі мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие бөлімі - жалпы білім беру жүйесіндегі алғашқы және басты жауапты бөлім болып табылады. Мектепке дейінгі балалық шақта мемлекеттік және ана тілін меңгеру баланың маңызды игерулерінің бірі болып табылады. Әсіресе мектепке дейінгі балалық шақ сөйлеуді меңгеруде ерекше сензитивті. Сондықтан бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беруде әлеуметтендіру процесі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жалпы негіз ретінде қарастырылады.
ХХ ғасырдың соңында біздің өмірімізге кең көлемде шет тілдерінен қолданыста жүрген терминдер ене бастады, бұл біздің тілімізге, сондай-ақ мәдениетімізге кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан ұлттық салт дәстүр құралдары арқылы ересек мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендіру мәселесі бүгінгі таңда ерекше мәнге ие болып отыр.
Халық бала өмірінің әрбір кезеңін, дамуының барлық жақтарын ақындық сөздермен қамқоршылық көрсетіп отырды. Бұл дәстүрлі ережелер мен принциптердің тұтас жүйесі, бұлардың көмегімен бала отбасында тәрбиеленеді. Бұл жүйенің тірегі ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын халық ауыз әдебиеті болып есептелді және есептеледі.
Психологтар мен әдіскерлердің айтуынша, бала ана тілін ең алдымен айналасындағылардың сөйлеу тіліне қарап, соларға ұқсата отырып меңгереді (Д. Б. Эльконин, Р. Е. Левина, А. П. Усова, Е. И. Тихеева және т. б. ) . Өкінішке орай, қазіргі кезде ата-аналар әлеуметтік жағдайдың қиындығына байланысты, бос уақыттың аздығынан бұл туралы ұмытып, өз баласының әлеуметтендірілу процесін өздігінен болуына қалдырады. Бала көп уақытты адамдардың айналасында емес, компьютердің жанында өткізеді. Осының салдарынан халық шығармашылығының мұралары (әлдилер, ертегілер, мақал-мәтелдер) бес-алты жастағы балаларды айтпағанда, кіші сәбилік кезеңде де практикалық түрде пайдаланылмайды.
К. Д. Ушинскийдің белгілеуінше, жанұяларда дәстүрлерді, күннен күнге аз білуде, халықтық әндер ұмытылып, әлдилер де айтылмай барады. Бүгінгі таңда бұл одан да маңыздырақ болып отыр.
Мектепке дейінгі білім практикасында мынадай жағдайды байқауға болады: ересек мектепке дейінгілерді кіші фольклор формаларымен таныстырғанда көп жағдайда мағыналық аспектісі қозғалады, жанрлық және тілдік ерекшеліктеріне мән берілмейді. Олардың қолданылуы көп жағдайда тек мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды жаттаумен ғана шектетіледі. Педагогтар балалармен сабақтарда бұл формаларды кейде ғана пайдаланады. Кейбір балабақшаларда оқыту мектепке дайындық ретінде қарастырылады, ал кей жерлерде оқуға үйретеді. Сөйлеуді дамыту бойынша сабақтар екінші орынға қалдырылады.
Сондықтан педагогтарда ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлердің құралдары арқылы балаларды әлеуметтендіру процесінің әдістемесін өңдеу қажеттілігі туындап отыр. Бұл процесс білім беру мекемесінің тек арнайы ұйымдастырылған сабақтарында ғана емес, сондай-ақ күнделікті өмірінде де жүруі керек. Бұл міндетті шешу үшін мектепке дейінгі білім беру мекемесінің педагогтары бұл процеске қызығушылық таныту керек, ал балалар бұл процестің белсенді субъектісі болуы керек (қосымша білімдер алуда өзбеттілік, қызығушылық таныта білу керек) .
Осыған орай Қазақстан Республикасындағы Гуманитарлық білім беру концепциясында (1994 ж. ) белгіленген: "республикадағы бұрынғы білім беру жүйесі өткеннің ғылыми білімдерінің үлгілеріне бағытталған болды, ол адам табиғатын, оның өмірлік қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қажетті түрде есепке алмай құрылды, сол себептен педагогиканың бұл бағытын қайта қарастыру керек, оның барлық құндылығын сақтай отырып, оны оқушылардың этникалық қажеттіліктеріне сәйкес қайта қалыптастыру қажет".
Бұл ойдың қабылдануы әлемдік деңгейдегі ұлттық дәстүрлі мәдени құндылықтардың техникалық және ақпараттық қамтылған білім беру мен тәрбие жүйесін құруды, тұлға үшін ана тілі мен мәдениетін қолдау мен маңыздылығын қамтамасыз етуді, тұлға мен қоғамның этномәдени сұраныстарын жүзеге асыруға бағытталған білім беру әрекетінің үздіксіздігін білдіреді.
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі Қазақстан Республикасының халықтарының рухани және барлық әлеуметтік-экономикалық аймақтарын, сондай-ақ білім беру жүйесін қамтып алған өзгерістермен анықталады. Қазақстан Республикасы Призиденті мемлекеттік саясат бойынша Ұлттық кеңеспен бекітілген, бірнеше жыл бұрын өңделген Қазақстан Республикасындағы Гуманитарлық білім беру концепциясында (1994), 2005-2010 жылдарға Қазақстан Республикасының білім аймағында мемлекеттік саясат концепциясында, Қазақстан Республикасындағы этномәдени білім концепциясында (1996) көпғасырлық дәстүрлі ұлттық мәдениетті есепке алмай құрылған алдыңғы білім беру жүйесін қайта қарастыру қажеттігі белгіленген [1] .
Бұл құжаттарда барлық құндылықтарды сақтай отырып білім беру жүйесін қайта құруда нақты этникалық қажеттіліктерге сай, Қазақстан Республикасының халықтарының мәдени-тарихи және ұлттық-мәдени дәстүрлерін ескере отырып құру қажеттігі ескертілген.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекетке айналуы, демократиялық реформаларға бет бұрыс, адам құқықтары мен еркіндігін мойындау ұлттық ерекшелігіне қарамастан барлық білім беру аймағын халықтың ұлттық-мәдени және тілдік қызығушылықтарын жүзеге асыруды, этномәдени білім жүйесін құруды, оның мазмұндық аспектілері мен ерекшеліктерін анықтауды талап етеді.
Халықтың көпұлтты құрамын ескеру қажет: 2009 жылғы халық санағы нәтижесі бойынша Қазақстанда 120 ұлт өкілдерінің 16 420 000 астам халық тұрып жатыр[2] .
Этникалық көпжақтылық, ірі дін конфессиялары, сондай-ақ халықтың екі тілде - мемлекеттік қазақ және орыс тілдерінде сөйлеуі зерттеу мәселесінің маңыздылығын арттыра түсіп отыр.
Қазақстан ғалымдары К. К. Қуантаева, Т. С. Садықов, А. П. Сейтешев, ГА. Уманов, Н. Д. Хмель және т. б. фундаменталды еңбектерінде Қазақстандағы білім берудің (үздіксіз әйел, жалпы орта, кәсіби-техникалық) түрлі жақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылған. Біздің зерттеуімізде келесі докторлық диссертациялардың маңызы ерекше орын алады, соның ішінде қазақ халқының педагогикалық ойының қалыптасу және даму тарихы қарастырылады (Қ. Б. Жарықбаев) [3], қазақ халық педагогикасының педагогикалық негіздері қарастырылған (С. К. Қалиев), қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы эстетикалық тәрбиенің заңдылықтары мен ерекшеліктері анықталды (С. А. Ұзақбаева) және қазақ дәстүрлі шығармашылық мәдениеті (М. Х. Балтабаев) және т. б. қарастырылды.
Сонымен қатар басқа да ғалымдардың этнопедагогика аймағындағы еңбектеріне тоқталып өттік: Г. Н. Волков, А. Ш. Гашимов, Ш. М. Мухтарова, А. Э. Измайлов, Я. Н. Ханбиков, Б. Л. Христова.
Ересек мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендіру мәселесінің жалпы теориялық сұрақтары Д. Б. Эльконин, А. Н. Гвоздев, Л. С. Выготский және т. б. еңбектерінде қарастырылды. Мектепке дейінгі балаларды ұлттық мерекелердің құралдарымен әлеуметтендіру мәселесінің кейбір аспектілерімен Ю. Г. Илларионова, Е. И. Тихеева, Ф. А. Сохин, А. М. Бородич, С. С. Бухвостова, О. С. Ушакова, А. П. Усова, А. Я. Мацкевич, И. В. Черная, К. Д. Ушинский, Я. А. Коменский, Н. В. Казюк, Е. Н. Водовозова, М. К. Боголюбская, В. В. Шевченко, Н. В. Шайдурова, О. И. Давыдова және т. б. айналысты.
Қазіргі уақытта жеткілікті дәрежеде оқу-тәрбие процесінде дәстүрлі мәдениетті қолданудың көптеген түрлі парциалды бағдарламалары пайда болды. Солардың ішінде М. Ю. Новицкая басып шығарған «Мұрағат», Е. Г. Боронинаның «Көзтимес», Ж. С. Ахметованың «Аруана» және т. б. бағдарламаларды бөліп көрсетуге болады.
Бірақ бұл бағдарламаларда да ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлердің құралдары арқылы әлеуметтендіру әдістемесінің өңделген нақты мазмұны жоқ, бұл бағыт бойынша әлеуметтендіру деңгейлерінің сапалы сипаттамалары және анықтамасы жоқ. Нәтижесінде мектепке дейінгі білім педагогтары нақты теориялық және әдістемелік жағдайларға бағытталмай, ұлттық мерекелер арқылы әлеуметтендірудің жеке тәсілдерін іздестіру керек. Сонымен ересек мектепке дейінгілерді әлеуметтендірудегі ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлердің мүмкіндіктері және мектепке дейінгі білім педагогтарының этномәдени білім әдістемелерімен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі арасында қарама-қайшылық туындайды.
Көрсетілген қайшылық ұлттық салт-дәстүр құралдары арқылы ересек мектепке дейінгілерді әлеуметтендірудің комплексті әдістемесін өңдеу мәселесіне бағыттайды. Бұл мәселенің шешілуі зерттеудің мақсатын қояды: ұлттық салт-дәстүр құралдары арқылы ересек мектепке дейінгілерді әлеуметтендірудің тиімді шарттарын анықтау.
Зерттеу объектісі - білім беру мекемесінде ересек мектепке дейінгілердің әлеуметтендірілу процесі.
Зерттеу пәні - ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлердің құралдары арқылы мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендіру процесі.
Зерттеу мақсаты, объектісі мен пәні келесі міндеттердің қойылуы мен шешілуі қажеттігін анықтады:
- Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің дамуы мен сақталуының этнопедагогикалық негіздерін қарастыру.
- Ересек мектепке дейінгі балалардың әлеуметтендірілуінің психологиялық-педагогкалық негіздерін талдау.
- Балаларды әлеуметтендіру процесінде ұлттық салт-дәстүрді қолданудың негізгі формаларын, әдістерін анықтау және олардың комплексті пайдалануының әдістемесін құрастыру.
- Эксперименталды жұмыс процесінде әлеуметтендірілу деңгейінің өзгеру динамикасын бақылау.
Осы зерттеудің болжамы келесі ұсыныстарға бағытталады, ересек мектепке дейінгілерді әлеуметтендіру деңгейі жоғарылайды, егер:
- мектепке дейінгі білім педагогтары әлеуметтендіру процесінің жетекшілеріне деген қызығушылық танытса;
- ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлерді қолдану арқылы арнайы оқыту мен тәрбиелеу тек арнайы сабақтарда ғана емес, сонымен қатар басқа да сәттерде ұйымдастырылса;
- оқыту мен әлеуметтендіру үшін ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлер адекватты түрде балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдап алынса.
Зерттеудің әдіснамалық негізін бала сөйлеуін дамыту теориялары (К. Д. Ушинский, Е. И. Тихеева, А. П. Усова, М. М. Алексеева, В. И. Яшина, Ф. А. Сохин, А. М. Бородич және т. б. ) ; сөйлеу ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық зерттеулері құрды (Д. Б. Эльконин, А. Н. Гвоздев, Л. С. Выготский және т. б. ) .
Зерттеу мәселесінің жағдайын қарастырғанда практикада келесі әдістер қолданылды: психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау, әлеуметтендірудің диагностикасының комплексті әдісі, эксперимент, бақылаулар, ата-аналарға арналған анкеталар, алынған мәліметтерді сандық және сапалық талдау.
Зерттеу базасы Ақтас поселкесінің №16 орта жалпы білім беретін мектебі болып табылады.
Зерттеу мерзімі. Зерттеу 01. 08. 2010ж. - 01. 03. 2011 ж аралығында жүргізілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі оның нәтижелерінің ендірілуінен тұрады:
- Ақтас поселкесінің білім беру мекемелерінің тәрбие процесіне, педагогика, этнопедагогика, психология, мәдениеттану және басқа да пәндер аймағында;
- педагогикалық ұжымдардың фольклорлық шараларды ұйымдастыру әрекетіне, көркем-шығармашылық проектілердің сайыстарына, халықтық қолданбалы-декоративті шығармашылығының көрмелеріне және басқа да жұмыс формаларына.
Дипломдық жұмыстың қорытындылары мен ұсыныстары аймағымыдың білім беру мекемелерінің тәрбие процесінде қолданыс таба алады. Ұсынылған өңдеу жұмыстарын жүзеге асыру Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарында дәстүрлі мәдениеттің дамуына өз ықпалын тигізеді.
Диплодық жұмыстың құрылымы келесілерден тұрады:
Бірінші тарауда мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендіру процесінің мәні мен мазмұны ашылды, сондай-ақ қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің дамуы мен сақталуының этнопедагогикалық негіздері берілді.
Екінші тарауда ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлерді жалпы білім беретін мекеменің мектепке дейінгі бөлімінің оқу-тәрбие процесінде қолдану әдістемесі көрсетілді. Балаларды мектепте оқуға дайындауда этномәдени мұраны қолдану бойынша тәжірибелі-эксперименталды жұмыстың анализі көрсетілді.
Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмысы бойынша қорытындылар мен оқыту мен тәрбиелеудің этномәдени құралдарын пайдалану аймағында практикалық ұсыныстар берілді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі 55 атаудан тұрады.
1 Ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлердің құралдары арқылы балаларды
әлеуметтендіру процесінің теориялық-әдіснамалық негіздері
1. 1 Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін сақтау мен дамытудың этнопедагогикалық негіздері
Қазіргі заманда этномәдени мұраны зерттеу халықтық педагогикалық ойды, ұлттық педагогикалық сананың көздерін талдау үшін бай және кең көлемді аумақ ашуда.
Халық ұрпақтан ұрпаққа өзінің қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын өсиет ретінде, қоғамның материалды және рухани мәдениетінің тарихын құра отырып, атадан балаға мұра ретінде қалдырып келеді.
Бұл жаңа ұрпаққа алдыңғы адамзат тарихының жасағанынан өзіне ең жақсысын таңдап алып және дамытуға, қоғамның көп түрлі рухани құндылықтарын жаңа жағдайларда көркейтіп дамытуына көптеген мүмкіндік береді. Бұл тарихи процессте халық тек материалды құндылықтарды алғашқы жасаушы күш қана емес, сонымен бірге құндылықтардың жалғыз және таусылмас қайнар көзі, алғашқы ақын және философ. Халық сонымен бірге уақыт бойынша алғашқы, дарынды педагог және тәрбиеші. Халықтың данасы жасаған отбасы тәрбиесінің педагогикасы - жалпы адамзат педагогикалық мәдениетінің негізі [3, 7б. ] .
Кейінгі онжылдықтарда Қазақстан ғалымдары этникалық педагогика және халықтық тәрбие аймағында қарқынды зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ы. Алтынсарин атындағы ҒЗИ-да К. Б. Жарықбаев пен С. М. Калиевтің басшылығымен бір топ ғалымдардың этнопедагогика аймағында мәселелерді зерттеуі жүзеге асырылды және жүзеге асырылуда; зерттеушілердің (К. Сейсембаев, Ж. Сакенов, Т. Иманбеков, Ж. Акпарова, С. Ұзақбаев, К. Қожахметова, К. Болеев және басқалар) ғылыми еңбектерінде отбасы этнопедагогикасының мәселелері, қазақ ұлттық педагогикасы материалдары негізінде мектепке дейінгі кезеңдегі балаларды тәрбиелеу мәселелері, халық педагогикасы құралдарымен оқушылар мен студенттерді тәрбиелеу мәселелері, дәстүрлі-шығармашылық мәдениет құралдары арқылы жастардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесі және т. б. қарастырылған.
Анализ көрсетіп отырғандай ТМД мен Қазақстан зерттеушілерінің арасында этнопедагогика түсінігін талқылауда біржақты көсқарастың жоқтығы байқалып отыр. Біреулері этнопедагогика - этнография, педагогика, фальклористика арақатынасындағы ғылым (Н. Г. Волков және басқалар) ; басқалары оны педагогикалық пән деп санаса (Е. Л. Христова) ; үшіншілері этнопедагогика - бұл этнография, әлеуметтану мен педагогика байланысындағы пәнаралық ғылым саласы деп есептейді (Штробах, Ю. В. Бромлей және т. б. ) . Зерттеушілердің келесі бір тобы этнопедагогиканы педагогикалық ғылымның базалық компоненті ретінде санап, құрамдас бөлігіне жатқызады (Г. Н. Волков, А. Э. Измайлов, Г. М. Храпченков, С. К. Қалиев, СА. Ұзақбаева және т. б. ) . Зерттеушілер арасында «халықтық педагогика», «этникалық педагогика» түсініктерінің арасындағы нақты айырмашылықтың бір жақты көзқарасы жоқ [4] .
«Этнопедагогика» терминін педагогикалық әдебиетте ең алғаш болып Г. Н. Волков қолданды, оны «өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу бойынша халықтардың тәжірибесі, олардың педагогикалық көзқарастары, тұрмыс педагогикасы, тайпа, халықтар мен ұлттар, отбасы педагогикасы ретіндегі» ғылым деп анықтады. Этникалық педагогика тарихи жағдайлардың әсер ету нәтижесінде, тәрбиенің ұлттық жүйесінің арқасында сақталған және халықтың педагогикалық мәдениетімен бірге, өмір жағдайларының эволюциясымен бірге қалыптаса отырған ұлттық мінез-құлық ерекшеліктерін зерттейді.
Бұл зерттеушінің еңбектері ("Чуваш халық педагогикасы", 1956 ж., "Этнопедагогика", 1974 ж. және т. б. ), чуваш халық педагогикасының аймағынан шыға отырып, халық педагогикасының тұжырымдамасын қалыптастыруда, оның пәнін, педагогикалық негіздерін, тәрбиенің әдістері мен құралдарын анықтауда үлкен рөл ойнады. Г. Н. Волков енгізген "этнопедагогика" түсінігі заңды балып есептеледі, зерттеушінің есептеуінше, "егер халық педагогикасы тәжірибеге қатысты болса, онда этнопедагогика - теориялық ғылым аймағы . . . " [5] .
Педагог және философ Г. Н. Филонов халық педагогикасына басқаша анықтама береді, сол жердің сол халқының қабылдаған бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін, адамның өмір сүру прцесінде игерілген тәрбие әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы ретіндегі жүйесі. Бірақ бұл пікірмен келісуге болмайды, себебі әрбір халық жеке өз ерекше халық педагогикасын құрмайды. Халық педагогикасының жалпы негізі бар, жалпы қабылданған, жалпыадамзат нормаларына, оқыту мен тәрбиелеу ережелеріне сүйенеді. Әрбір халық өз бетінше бұл жалпы ойлар мен білімдерді өз ұлттық салттары мен дәстүрлеріне бағыттала отырып жүзеге асырады [3, 363б. ] .
Халық педагогикасының мәнін анықтай отырып, тек берілетін білімдердің жиынтығын ғана ескермей, сондай-ақ адамдардың практикалық тәрбие әрекетінің көмегімен бұл білімдер іскерлік пен дағдыға айналатыны да ескеру қажет.
"Сібір мен Қиыр Шығыстың орыс емес халықтарының этнопедагогикасы" монографиясының авторы В. Ф. Афанасьев, халық педагогикасында күнделікті тәжірибеде қажетті белгілі білімдерді ересектер мен балалардың меңгеру процесін бастысы ретінде есептеп, мынадай анықтама береді: " . . . Халықтар көпшілігінің білімдер жиынтығы балалар мен халықтың өзінің күнделікті өміріне қажетті білімдерді меңгеруін қамтамасыз етті және қамтамасыз етіп келеді. Тәжірибеде жиналған және тексерілген осы білімдердің соммасы халық педагогикасыныңмәнін құрайды".
Автор біршама халық педагогикасының мәнінің түсінігін тек халықтың жинақтаған эмпирикалық біліміне мән бере отырып тар мағынаға ие қылды. Бірақ В. Ф. Афанасьевтің тәрбие объектісі ретінде тек ересектерге ғана емес, сондай-ақ балаларға да арналған халық педагогикасының екі жақты сипаттамасы туралы ойы қызығушылық танытарлық [3, 365б. ] .
Я. И. Ханбиков, халық педагогикасының мақсаты мен міндеттеріне тоқтала отырып, оның міндетіне назар аударады - оқыту мен тәрбие процесінің бір уақытта әсер етуінде іскерліктер мен дағдыларды өңдеу: "Халық педагогикасы деп халықтық оқыту мен тәрбиелеу іскерліктері мен дағдыларының, құралдарының жиынтығы, халық эмпирикалық білімдерінде тәрбие мақсаты мен міндеттері өз орнын табатын аймақ деп аталады" [3, 378б. ] .
Халық және этникалық педагогика ерекшеліктерінің нақты айырмашылықтары, сонымен қатар олардың белгілі этнос өмірінде диалектикалық байқалуы мен әсері М. И. Стельмаховичтің көзқарастарында айқын байқалады: "халық педагогикасы өзіне нақты этникалық қауымға жатпайтын эмпирикалық педагогикалық білімдерді және құралдарды жатқызады, ал этнопедагогика ұлттық өзіндігі байқалатын педагогикалық дәстүрлерге нақты этникалық тәуелділігімен байланысты".
Профессор С. А. Ұзакбаеваның анықтамасында халық педагогикасы ұрпақтан ұрпаққа берілетін халық шығармашылығы формасындағы салттар мен дәстүрлерді қалыптастыруға жетелейтін табиғи-тарихи процесс ретінде түсіндіріледі [3, 380б. ] .
Этнограф және педагог Г. С. Виноградов «Халық педагогикасы» термині мен түсінігінің болу құқығын айқындап көрсеткен. Ол бұл құбылыстың мәніне халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттама берді және халық педагогикасы "тек білімдер мен іскерліктер жүйесі ғана емес, сондай-ақ олардың соммасы" деп белгіледі. Ол халық педагогикасын белгілі бір бағытта тұлғаны қалыптастыру мақсатында халық қолданатын іскерліктер мен тәсілдер жиынтығы ретінде сипаттады. Ғалымның пікірінше, халық педагогикасы жайлы сөз болғанда, педагогикалық теория емес, педагогикалық практика туралы мән болады. Осыдан келіп Г. С. Виноградов жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мақсатында халық құралдарының әсер етуі, халық көзқарасының жиынтығын халық педагогикасы деп атау керек деп есептеді [3, 382б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz