Айналым қаражат көзі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1Кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының экономикалық маңызы

1. 1. Кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының экономикалық маңызы . . . 7

1. 2. Кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарын қалыптастыру көздері . . . 9

1. 3. Кәсіпорындағы дебиторлық борыштарды басқару және есебі . . . 11

1. 4. Қазіргі кезде кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының тиімділігін арттыру олдары . . . 14

2 Айналым капиталының экономикалық маңызы ( Дельта Ойл ЖШС мәліметтері негізінде)

2. 1. Айналым капиталының экономикалық маңызы және жіктелімі . . . 18

2. 2. Айналым капиталын қаржыландыру көзі . . . 24

2. 3. Айналым капиталын қажеттілігін анықтау . . . 26

3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың дамыту жолдары

3. 1 Кәсіпорынның ақпараттық саласын дамыту аспектілері . . . 46

Қорытынды . . . 57

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 62

Қосымшалар . . . 64

Кіріспе

Нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген активтері туралы мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады.

Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның айналым капиталының тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Соңғы жылдары Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдай өндірістік құлдырау тенденцияларымен, ақша айналым жүйесінің бұзылуымен, инфляцияның жоғарлауымен, тұрғындардың тұрмыс деңгейінің төмендеуімен сипатталады. 1993 жылы ұлттық валютаны енгізу ақша-несие және бюджеттік салаларда жаңа экономикалық саясат жасауға және жүргізуге, бағаны және тарифтерді сыртқы экономикалық қызметі либеризациялауға әкеп соқты. Бұл өтпелі кезеңнің бастапқы сатысына да байланысты.

Экономикаылқ саясатта технологияның потенциалдық дамуын шетелдік жаңа технологиямен тиімді үйлестіру қажет болды. Бұл жаңа технологияның тепе-теңділігі тұрақты оперативтік кешендер жасауға, пропорционалдық бұзылуды жою үшін қажет. Қазақстанда акционерлік кәсіпорындар және компаниялар пайда болды. Кәсіпкерлік дамып келді. Бүгінгі күнде ол қажетті жетістіктерге жетпегенмен болашақта біздің экономикамыздың негізгі саласы болады.

Қазақстан экономикасы біртіндеп жоғарылау фазасына келеді. Бірақ ары қарай оның даму қарқыны жоғарылай береді. Стратегиялық тұрғыдан республика әлемдік технологияларды енгізуді мақсат етеді.

Нарықтық жағдайларда кәсіпорынның маңызды мәселелері әрбір материалдық, ақшалай және қаржылық шығындар данасына өнімді өндіру көлемін біршама жоғарылатуға қол жеткізуден тұратын оның экономикалық тиімділігін жоғарылату, табыс табу болып табылады. Кәсіпорынның жеткілікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне тәуелділігі күшейді. Кәсіпорынның жеткілікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, олардың тиімді пайдаланылуын еңбек өнімділігінің жоғарғы деңгейі,, өнім көлемін жоғарлату және өндіріс тиімділігін көтеру үшін маңызды болып табылады.

Кәсіпорын экономикасын ары қарай көтеру мәселелерін табысты шешу үшін ресурстарды тиімді пайдалану қажет, резервтер ашып, өндірісте пайдаланылмаған резервтерді өндірістік қызметке пайдалану, интенсивті технологиялар енгізу, өндіріс басқаруының экономикалық әдістерін жетілдіру, технологиялық прогресстің дамуымен өндірістің негізгі құралдар жағдайы және пайдаланылу деңгейіне және кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне тәуелділігі күшейді. Кәсіпорынның жеткілікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі олардың тиімді пайдаланылуын еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, өнім көлемін жоғарылату және өндіріс тиімділігін көтеру үшін маңызды болып табылады.

Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.

Қаржы жұмыстарын ұйымдастырудың бұрынғы тәсілдері жаңа тәсілдермен сәйкес келмеді, кәсіпорындардың қаржылық қызметтерінің алдына жаңа талаптар қойыла бастады. Оның маңызды себептерінің бірі экономиканың нақты секторларындағы реформаның «тежелуі».

Дельта Ойл ЖШС басшылары мен менеджерлері алдында қаржы ресрстарын тиімді пайдалану мәселесіне көбірек көңіл бөліне бастады. Өйткені кәсіпорындар қызметін жоспарлауға алдын қолданылған көрсеткіштер мен процедуралардың, мысалы, өндірілген өнімнің көлемінің құнының өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы салдарынан жеңісті бәсекелестікке әкелмейтіндігі анықталады және бәсекелестердің пайда болуы дәстүрлі пайданы алуға кедергі келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар кей жағдайларда пайданы ең төменгі деңгейге дейін жеткізеді.

Дельта Ойл ЖШС басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т. б. осындай басты мәселелерді шешу диссертациялық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.

Сонымен қатар, ЖШС-те әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін, қаржы ресурстарын басқару жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі де бар. Қазақстанның жеке меншік иелігіндегі және өз қызметінің ерекше салалық, өндірістік және технологиялық ерекшеліктеріне ие, мақта тазалау өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін оның жеткіліксіз жасалуымен күшейеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның дебиторлық қарызын төмендету жолында басқару есебінің атқаратын ролі мен мәнін ашып көрсету.

Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері болып келесілер табылады:

- айналым капиталының экономикалық маңызы және жіктелімін ашып көрсету;

- кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі дебиторлық есебінің атқаратын ролін ашып көрсету;

- кәсіпорынның ақпараттық саласын дамыту аспектілерін талдау.

Қаржы ресурстарын басқару жүйесіннің тәжірибесі ЖШС-тің қаржы ресурстарын қалыптастыру процесін талдауға мүмкіндік береді. Қаржы ресурстары туралы ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді.

Нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру арнайы кешенді талдауды талап етеді.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы болып ҚР заңдары, ҚР Президентінің нұсқаулары мен қаулылары, статистикалық және нақты мәліметтер қолданылды.

1Кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының экономикалық маңызы

1. 1. Кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының экономикалық маңызы

Кәсіпорынның іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт- қолда бар айналым қапиталының болуы. Айналым капиталы - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағанда айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің ара қатынасын айтады. Кәсіпорындағы айналым капиталының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бүл мезетін сипаттады. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс аруы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражатты және оларды дебитолрлық пайдалануын өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражатының оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.

Кәсіпорындарда айналымнан тыс капиталының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым капиталының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т. б. байланысты болады.

Түрлі салаларда айналым капиталының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс құрамында әр түрлі, мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым капиталын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау және олардың құрамы мен құрылымын, қалыптастырудың көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т. б.

Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын аспаптар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.

Өндірістің нәтижелігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеген кезде кәсіпорындардың өндіріс процесінің маңызды заттық элементі болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн.

Айналымнан тыс қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысанын өзгертіп) тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын (айналым қорларын) сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі - дайын өнімге (таруар нысанына) айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай - әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.

Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:

А - Қ - Ө - Д - А1.

Мұнда, А - шаруашлық субъектілерін авнсалаудағы ақша қаражаттары;

Қ - өндіріс құралы;

Ө - өндіріс;

Д - дайын өнім;

А1 - өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары.

Шарушалықыты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда оны айналым қаражаттарымен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар.

Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы - айналым қаражатының айналымдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады:

Қ ақ = Ө қ ⁄ О о ,

Мұнда, Ө қ - белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны (өнімді өткізуден алынған түсім),

О қ - сол кезеңдегі айналым қаражаттарының орташа қалдығы.

Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым қаражаттарының орташа қалдығы да сол жылға алынады.

Аналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығымен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражаттарының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.

Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, коммуналдық және т. б. шаруашылықтар және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.

Тауар өткізу, қоймадағы дайын өнімдердің қорлануы жөнідегі мәселерді жеткілікті, терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақ та, кез келген жағдайда алдағы кезде межеленген сату болжамы болуы керек. Олай болмаған күнде шығарылған өнімдер қоймада ұзақ жатып қалада және ақшалай қаржыларының едәуір бөлігі айналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның қаржы жағдайының орнықтылығына әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін.

1. 2. Кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарын қалыптастыру көздері

Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады ( капитал) . Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетте өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырай ды - орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.

Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражаттарының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.

Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналыммында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданылады, бірақ оған жатпайды.

Орнықты пассивке жататындар:

  • Жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға, зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;
  • Ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;
  • Аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;
  • Салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.

Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.

Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:

  • өндірістің маусыздылығы;
  • тауар - материалдық құндылықтарды жеткізудің әркелкілігі;
  • қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы және т. б.

Әрбір кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін оның айналым қоры болуы керек. Ол ақша қаражаты есебінен айналым және айналыс және айналыс қорларын сатып алуға пайдаланылады.

Айналым қордың заттық мазмұны - еңбек заттары. Негізгі қордан айырмашылығы сол - айналым қор өндіріс процесінде бір рет қана қатысады да, сол жолы түгелдей пайдаланылып кетеді және өзінің бүкіл құнын пайда болған жаңа өнімге қосады.

Айналым қордың оңтайлы және үнемді жұмсау - кәсіпорынның бірінші кезектегі міндеті болып саналады. Себебі, материалдық шығындар 3⁄4 өнеркәсіп өнімдерінің өзіндік құнын құрайды.

Айналым қорының құрамы, оның құрылымы өндірісті мамандандыруға байланысты.

Кәсіпорындарда айналым қорларды пайдаланудың маңызды экономикалық көрсеткіштері оның айналғыштығы болып табылады. Ол есепті мерзім ішінде қанша рет айналғанымен және айналым мерзімімен бағаланады. Әрбір кәсіпорын айналым қорының айналғыштығын тездетіп, сол арқылы оған деген өзінің қажетсінуін азайта алады.

Нарықтық экономиканың негізгі шегі - кәсіпорындарда айналым қорлардың жетіспеушілігі. Осы мақсатта кәсіпорындарда өндіріс қажет ететіндей мөлшерде өндірістік босалқы қорлар жасаған дұрыс. Оларда материалдардың артық қоры болмағаны жөн.

1. 3. Кәсіпорындағы дебиторлық борыштарды басқару және есебі

Дебиторлық борыш - деп белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарларды, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады. Ол субъектіге берешек борышы бар кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына келесілер жатады:

  • ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық төлемдер;
  • тапсырылған шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
  • вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
  • негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктігі арасындағы түрлі операциялар негізіндегі туындаған дебиторлық борыштар;
  • акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының дебиторлық борышы;
  • басқадай дебиторлық борыштар;

Кәсіпорындарда дебиторлық борыштарды басқару оның бухгалтерлік есебін дұрыс жүргізумен тікелей байланысты. ҚР Бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы № 2 «Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздер туралы» деп аталатын қаулысына сәйкес «Дебиторлық борыш иелік ету құқықтарымен қоса, заңды құқықтарына байланысты актив болып саналады. Яғни дебиторлық борыш - бұл иелік ету құқын қосқандағы заңды хұқтармен байланысты активте қамтылған болашақтағы экономикалық тиімділік болып табылады». Мысалы, американдық FASB - пен /қаржылық есептің стандарттарын жасау бойынша құрылған кеңесі/ сәйкес, дебиторлық борыштың активі маңызды үш сипаттамаға ие болады:

  1. ол, ақша қаражаттарының тікелей немесе жанама өсуіне мүмкіндікті қамтамасыз ететін /немесе басқа активтермен бірге/ болашақтағы тиімділікті қамтиды.
  2. активтер дегеніміз - шаруашылық субъектісі басқара алатын ресурстар болып табылады.
  3. Тиімділікке немесе потенциалдық қызметтерге деген хұқтар, заңды болуы немесе оларды алудың заңды дәлелдемелері болуы керек;

Бүгінгі таңда шоттар корреспонденциясын көрсетудің жеңіл нысаны ретінде компьютерлік өңдеулер белгілі бір бағдарламалық пакеттер қолдануда. Айта кететін жағдай көптеген ағылшын тілдес мемлекеттерде, мысалы, АҚШ -та біртұтас шоттар жоспары жоқ. Әрбір корпорацияның мамандары өздеріне ыңғайлы, тиімді деп санайтын жоспарды өздері құрайды. Бір жағынан мұндай шешім бухгалтер мамандарының әдістемелік шешімдер таңдауына біршама тәуеклсіздігін көрсетсе, екінші жағынан мәліметтерді сәйкестендіруде немесе мамандардың бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысуы кезінде қиындық туғызады. Алайда кәсіпорындардағы құрылатын шоттар жоспарына халықаралық стандарттар мен ұлттық кәсіби бірлестіктермен қалыптасқан белгілі бір бухгалтерлік стандарттар ықпалын тигізеді.

Кәсіпорындарда шетелдік сатушылар, сатып алушылардың сатып алған тауарлары үшін төлемдерін басқа бір үшінші тұлғаға несиелік карточкалардың көмегімен аударып есеп айырысуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда сатып алушы несие берушімен несиелік карточка алады және оны сатып алу кезінде қолданылады. Егер сатушы ақша орнына карточка алса, онда ол несие берушіге шот жазып береді. Ол шотта сатып алу барысындағы несиелік карточканың штампы мен сатып алушының қолы тұрады. Несиелік карточкалар бойынша сату есебін жүргізудің екі тәсілі бар:

1/ сатушы несие беруші кампанияның төлемін төлемін күтуі керек;

2/ сатушы сату барысында бірден ағымдағы шотқа квитанциясын енгізеді.

Соңғы тәсіл банк жүйесімен байланысты несиелік карточкамен жүргізілетін сатуға тән, ыңғайлы тәсіл болып келеді.

Дебиторлық борыштар субъектілердің қаржы -шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарындағы 3- «Дебиторлық борыштар» бөлімінің шоттарында есепке алады.

30- Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы;

31- Күдікті қарыздар бойынша резервтері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні
Корпорация капиталының құны мен құрылымы
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері
Ақшалай қаражат қорлардың экономикалық мазмұны
Кәсіпорынның айналым капиталын бағалау
Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері. (меншікті және несиелік айналым капиталы)
Кәсіпорында қаржылық ресурстарды құру және қолдану
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ЖШС СП «FIAL» мысалында қаржылық коэфиценттерін бағалау
Кәсіпорынның айналым капиталының мазмұнының теориялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz