Әлеуметтік сақтандыру қызметінің ұйымдастырылу ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6

1. 1 Әлеуметтік сақтандыру түсінігі және оның экономикалық мәні . . . 6

1. 2 Әлеуметтік сақтандыру қызметінің ұйымдастырылу ерекшеліктері . . . 13

1. 3 Республикада сақтандыру жүйесінің қалыптасуы және оның іс-әрекет сфералары . . . 15

2 САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН АТҚАРАТЫН РОЛІН БАҒАЛАУ («Темір Ат» САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ МЫСАЛЫНДА) . . . 23

2. 1 «Темір Ат» сақтандыру компаниясының атқаратын қызметі мен даму бағыттарын талдау . . . 23

2. 2 Жұмыс жоғалтқан кездегі әлеуметтік сақтандыру шараларын сипаттау . . . 26

2. 3 Жауапкершілікті сақтандыру - әлеуметтік сақтандыру жүйесінің дербес бөлігі . . . 29

3 ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РОЛІН АРТТЫРУ . . . 38

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 52

КІРІСПЕ

Әлеуметтік сақтандыру әлеуметтік қамтамасыз ету деген үлкен жүйенің бір бөлігі болып танылады. Бұл жүйенің экономикалық қатынастар арасындағы ерекшелігі азаматтық еңбек қызметіне қатынасы және еңбекке қабілетсіздер үшін қорларды құру тәсілімен сипатталады.

ХІХ-ХХ ғасырда «әлеуметтік сақтандыру» ұғымы бірінші рет пайда болды. Бұл ұғым еңбек табысын жоғалтқан кездегі пайда болған әлеуметтік сақтандыру, жұмысшыларды сақтандыруды реттейтін құжаттарда кеңінен реттейтін құжаттарда кеңінен қолданыла бастады.

«Әлеуметтік сақтандыру» ұғымы өзара сақтандыруды ұйымдастырудағы барлық процестерді қамтиды. Міндетті әлеуметтік сақтандыру тек қана жалдамалы жұмысшыларға ғана емес басқа да мамандарды, олардың жанұясын, тіптен жұмыс істемейтіндердің, яғни қарттар мен мүгедектерді де сақтандыруды қамтиды. Жалпы міндетті әлеуметтік сақтандыру арнайы өзін-өзі басқаратын қоғамдар арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ мемлекет тек қана сақтандырудың тәртібі мен шарттарын реттеп отырады.

Қазіргі кезде халықты әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі қалыптасқан: бірінші деңгей - мемлекттік бюджеттен төленетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар: зейнетақы төлемдері, мүгедектік бойынша жәрдемақылар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар, әлеуметтік қорғау мекемелері арқылы әлеуметтік көмек; екінші деңгей әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда және жұмысынан айырылған жағдайда төленетін төлемақылар; үшінші деңгей жұмыс берушің жауапкершілігін сақтандыру.

Әлеуметтік сақтандырудың экономикалық қажеттілігі сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғау барысында немесе әлеуметтік сақтандыру келісімшартында белгіленген оқыс оқиғалардан туындаған кезде сақтанушының әлеуметтік мүделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенімен айқындалады.

Сонымен әлеуметтік сақтандыру дегеніміз - бұл азаматтардың жұмысқа қабілетін, жұмысын және денсаулығын жоғалтқан кезде, сондай-ақ асыраушысынан айырылған жағдайда материалдық көмек түрінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлумен байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы және азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі болып табылады. Сондықтан да, «Әлеуметтік сақтандырудың экономикалық қажеттілігі» тақырыбында дипломдық жұмысты таңдауыма себеп болды.

Диплом жұмысының мақсаты - азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағытталған әлеуметтік сақтандыру қызметінің атқаратын ролін, міндеттерін, ерекшеліктерін, сондай-ақ әлеуметтік сақтандыру қорының халықты әлеуметтік қамсыздандыру мен қорғаудағы жүргізетін іс-шараларын ашып көрсету.

Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесідей міндеттер қарастырылды:

  • әлеуметтік сақтандыру мәнін мен атқаратын қызметін ашып көрсету;
  • нарықтық қатынастар жағдайындағы әлеуметтік сақтандырудың экономикалық қажеттілігін теориялық негіздеу;
  • азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мақсатындағы жауапкершілікті сақтандырудың қажеттігін айқындау;
  • әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорының қалыптасуы мен ұйымдастырылу ерекшеліктерін сипаттау;
  • жұмыс жоғалтқан кездегі әлеуметтік сақтандыру шараларын анықтау.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Диплом жұмысының бірінші тарауында әлеуметтік сақтандыру түсінігі және оның экономикалық қажеттілігі, сонымен қатар нарықтық қатынастар жағдайындағы әлеуметтік сақтандыру қызметінің ұйымдастырылу ерекшеліктері сипатталады.

Екінші тарауда «Темір Ат» сақтандыру компаниясының қалыптасуы мен атқаратын қызметі, сондай-ақ жұмыс жоғалтқан кездегі әлеуметтік сақтандырудың шаралары талданып, әлеуметтік сақтандыру қызметінің атқаратын ролі қарастырылады.

Үшінші тарауда сақтандыру жүйесі құрамындағы әлеуметтік сақтандырудың экономикалық ролін жетілдіру жолдары мен даму бағыттары баяндалады.

Жалпы әлеуметтік сақтандыру саласы өзара сақтандыруды ұйымдастырудағы барлық процестерді қамтиды. Міндетті әлеуметтік сақтандыру тек қана жалдамалы жұмысшыларға ғана емес басқа да мамандарды, олардың жанұясын, тіптен жұмыс істемейтіндердің, яғни қарттар мен мүгедектерді де сақтандыруды қамтиды. Жалпы міндетті әлеуметтік сақтандыру арнайы өзін-өзі басқаратын қоғамдар арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ мемлекет тек қана сақтандырудың тәртібі мен шарттарын реттеп отырады.

Қазақстан Республикасының аумағындағы сақтық ұйым қызметінің «әлеуметтік сақтандыру» саласы бойынша әлеуметтік сақтандырылуға жататындар жұмыскерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, сондай-ақ қайтыс болған асыраушысының асырауында болған отбасы мүшелері болып табылады.

Әлеуметтік сақтандырудың ұлттық жүйелері экономикалық дағдарыс шеңберінде күйзеліске ұшырады. Әлеуметтік сақтандыруды дамытуда экономикалық дағдарыс үлкен зардабын тигізді. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік сақтандырудың жалпы ұлттық дамуын мемлекет тек қана реттеп қоймай, өзінің қатысуымен тікелей қаржылық көмек көрсеттетіп отырды немесе мақсатты бюджеттік қаржылар бөлу арқылы бұл сақтандырудың дамуына жағдай жасады. Екіншіден, экономикалық дағдарыс жұмыссыздықты ерікті сақтандырумен айналысатын мекемелердің банкротқа ұшырауына байланысты мемлекеттің жұмыспен қамту сферасын реттеуін талап етті. Үшіншіден, экономикалық дағдарыстың залалын төмендету үшін көптеген мемлекеттер әлеуметтік сақтандырудың міндетті түрлерін енгізе бастады.

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Әлеуметтік сақтандыру түсінігі және оның экономикалық мәні

ХІХ-ХХ ғасырда «әлеуметтік сақтандыру» ұғымы бірінші рет пайда болды. Бұл ұғым еңбек табысын жоғалтқан кездегі пайда болған әлеуметтік сақтандыру, жұмысшыларды сақтандыруды реттейтін құжаттарда кеңінен реттейтін құжаттарда кеңінен қолданыла бастады1.

«Әлеуметтік сақтандыру» ұғымы өзара сақтандыруды ұйымдастырудағы барлық процестерді қамтиды. Міндетті әлеуметтік сақтандыру тек қана жалдамалы жұмысшыларға ғана емес басқа да мамандарды, олардың жанұясын, тіптен жұмыс істемейтіндердің, яғни қарттар мен мүгедектерді де сақтандыруды қамтиды. Жалпы міндетті әлеуметтік сақтандыру арнайы өзін-өзі басқаратын қоғамдар арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ мемлекет тек қана сақтандырудың тәртібі мен шарттарын реттеп отырады.

Бірінші рет әлеуметтік сақтандыру туралы жиынтық заң - Германияда қабылданды. Бұл заңда сырқаттанып, жұмысқа қабілеттілігін жоғалтқан кездегі сақтандыру, жазатайым жағдайлардан сақтандыру, мүгедектерді сақтандыру, қарттарды сақтандыру, асыраушысы қайтыс болған жағдайда сақтандыруды жүргізу тәртібі бекітілді. Басқа елдерде мұндай заң қабылданғанымен, «әлеуметтік сақтандыру» ұғымы кең қолданыла қоймады. Мысалы, Ұлыбританияда ұлттық сақтандыру заңы, Францияда - Әлеуметтік кодекс, Норвегияда - Ұлттық сақтандыру жүйесі қабылданды. Бұл заңдар шеңберінде мынадай міндеттемелер жүктелді: бірінші, ұйымдар мен мекемелерде арнайы сақтандыру кассаларын ұйымдастыру; екінші, бұл кассаларға жарналарды жұмысшыларда, жұмыс берушілер де төлеу қажет деп табылды; үшінші, жәрдемақылар мен зейнетақылар бекітілген тәртіп бойынша төленуі қажет. Жарнаның 2/3 бөлігін - жұмысшы, 1/3 бөлігін жұмыс беруші төлеуі қажет. Сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің тәртібі заң жүзінде бекітілді.

1920-1930 жылдары әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму жылдары деп айтуға болады. Бұл бағыттың экстенсивтік дамуы 3 арнамен жүргізілді. Біріншіден, әлеуметтік сақтандырудың нормалары халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен топтарына, ауылшаруашылық жұмысшыларына, мемлекет қызметкерлеріне қолданыла бастадаы. Екіншіден, міндетті әлеуметтік сақтандырудың жаңа түрлері енгізіле бастады. Мысалы, жұмыссыздықтан сақтандыру осы кездегі көптеген елдерде енгізілді. 1912 жылы міндетті әлеуметтік сақтандырудың түрлері 13 мемлекетке енгізілген болса, 1938 жылы 30 елде қалыптаса бастады.

1919 жылы Версаль келісім шарты шеңберінде құрылған Халықаралық еңбек ұйымдастыру органы әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамытуға өз үлесін қосты. Осы ұйымның №1, №2 конвенциялары жұмыссыздықтан сақтандыру мәселелерін шешуге арналған 1927-1933 жылдар арасында жұмысқа уақытша қабілеті жоқ адамдарды, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселлеріне арналған конвенцияларды экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі талданып, әлеуметтік сақтанырудың нормалары мен тәртібін жақсарту туралы ұсыныстар берілді.

Әлеуметтік сақтандырудың ұлттық жүйелері экономикалық дағдарыс шеңберінде күйзеліске ұшырады. Әлеуметтік сақтандыруды дамытуда экономикалық дағдарыс үлкен зардабын тигізді. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік сақтандырудың жалпы ұлттық дамуын мемлекет тек қана реттеп қоймай, өзінің қатысуымен тікелей қаржылық көмек көрсеттетіп отырды немесе мақсатты бюджеттік қаржылар бөлу арқылы бұл сақтандырудың дамуына жағдай жасады. Екіншіден, экономикалық дағдарыс жұмыссыздықты ерікті сақтандырумен айналысатын мекемелердің банкротқа ұшырауына байланысты мемлекеттің жұмыспен қамту сферасын реттеуін талап етті. Үшіншіден, экономикалық дағдарыстың залалын төмендету үшін көптеген мемлекеттер әлеуметтік сақтандырудың міндетті түрлерін енгізе бастады. АҚШ-та 1935 ылы әлеуметтік сақтандырудың ұлттық бағдарламасы қабылданды, бұл Ф. Д. Рузвельттің саясатының базалық элементі болып табылады. Бұл 1930 жылдардағы тоқыраудан шығу үшін дайындалған әлеуметтік-экономикалық бағдарламаның негізгі буыны деп қарастырылады. Біздің көзқарасымызша осы кезеңде, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жаңа модельдері енгізіле бастады. Бұған кіретіндер:

- жұмысшылар мен жұмыс берушілердің жарналарынан, мемлекеттік қаржылардан құралатын сақтандыру қорларын қалыптастыру арқылы әлеуметтік көмекті қаржыландыру;

- сақтандыру өтілі мен айлық көлеміне қарай заң түрінде бекітіліген тәртіп бойынша әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу;

- әлеуметтік тәуекелдіктің түрлеріне қарай әлеуметтік сақтандырудың салларын дамыту. Қарттарды, мүгедектерді, асыраушысы қайтыс болған отбасыларын және жұмысшыларды өндірістегі жазатайым жағдайлардан сақтандыру;

- әлеуметтік сақтандыруды мемлекеттік реттеу және бақылау, заңнамалық және нормативтік реттеуден тікелей мемлекеттік басқаруға дейін шаралар қабылдау;

- мемлекеттік қаржылары тарапынан мұқтаж азаматтарға күнкөріс минимумын қамтамасыз ету.

Әлеуметтік сақтандыру дамуының жаңа сатысы 1950-1970 жылдарда кең етек алды. Экономикалық өсудің даму қарқыны жоғарылаған сайын, халық топтарының әлеуметтік-саясаттық интеграциялануы, азаматтарды қорғауда мемлекет кепілдігінің өсуі демократиялық мемлекеттердің әлеуметтік саясатының негізгі тұжырымдамасы болуына жағдай жасады. 1940-1960 жылдары міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізген елдер саны 58-ден 120-ға барды.

1960-1970 жылдардағы қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдай, сақтандыру төлемдерінің барлық азаматтарға таралуына, лдан кейін сақтандыру жарналарын, табысқа салынатын салықты жинаудың бірегейленуі және әлеуметтік сақтандырудың млекеттік бюджет арқылы ұйымдастырылуы әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандырудың арасындағы айырмашылықты жоюға алып келді.

Осы факторлардың барлығы әлеуметтік сақтандырудың әмбебап жұйесінің пайда болуына жағдай жасады. 1975 жылдары ЖІӨ-дегі әлеуметтік сақтандыруға арналған шығындар еуропа елдерінде 20-25 пайызды құрады. әлеуметтік сақтандыруғаға арналған шығындардың абсолюттік көлемі 1950 жылмен салыстырғанда 1975 жылы 5 рет өсіп, 1980 жылдары 10 есе өсіп отырды.

Жалпы экономиканың жақсаруы мен жеке сақтандыруға арналған шығындардың өсу арақатынасы бір бірімен байланысты емес. Қазіргі кезеңде әлеуметтік сфераны мемлекеттік реттеуде көптеген өзгерістер енгізілді. Мемлекет әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз етуде өз міндеттерінен қашпайды, дегенмен, осы кепілдіктерді ерікті жеке немесе ұжымдық өзін-өзі қаржыландыру жүйесіне ауыстыруға ықпал жасаған жөн.

Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қорғау жүйесінің даму тарихына, яғни оның дамуындағы сабақтастық пен циклдық дамуына мазмұндама берген жөн: өзін-өзі көмектен өзін-өзі сақтандыруға, ынтымақтасты қағидатты негіздегі мемлекеттік сақтандыруға, қазіргі жағдайда мемлекет иелігінен алу мен әлеуметтік тәуекелдікті ерікті сақтандыру жүйесін жаңғыртуға жағдай жасалады. Біздің көзқарасымыз бойынша, халықты әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму негізі өзара сақтандыру болып табылады. Өзара сақтандыру әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сай ұйымдастық және қаржылық нысандарға ие болып, адамзаттың өркениетті дамуына жаңадан өзгерістер алып келеді.

Әлеуметтік сақтандыру әлеуметтік қамтамасыз ету деген үлкен жүйенің бір бөлігі болып табылады.

Әлеуметтік сақтандыру дегеніміз - бұл азаматтардың жұмысқа қабілетін, жұмысын және денсаулығын жоғалтқан кезде, сондай-ақ асыраушысынан айырылған жағдайда материалдық көмек түрінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлумен байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы және азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі.

Сақтандыру нарығында әлеуметтік сақтандырудың экономикалық мәні сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғау барысында немесе әлеуметтік сақтандыру келісімшартында белгіленген оқыс оқиғалардан туындаған кезде сақтанушының әлеуметтік мүделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенімен айқындалады.

Әлеуметтік сақтандыру түрлі өлшемдер бойынша жүйеленеді (Қосымша №1) .

Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізудің мынадай мақсаттары бар2: негізгі әлеуметік тәуекелдер болған жағдайда экономиканың секторындағы жұмыскерлерге қосымша әлеуметтік қорғау жүйесін қалыптастыру. Қазіргі жағдайда ондай жағдайлар туған жағдайда азаматтар мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуларына құқтары бар, ол шығындар республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Бұл төлемдердің көлемі жоғалтқан еңбек табысына байланысты емес және бюджет мүмкіндігіне қарай анықталады.

Қазіргі кезде халықты әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі қалыптасқан: бірінші деңгей - мемлекттік бюджеттен төленетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар: зейнетақы төлемдері (Кесте-1), мүгедектік бойынша жәрдемақылар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар, әлеуметтік қорғау мекемелері арқылы әлеуметтік көмек; екінші деңгей әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда және жұмысынан айырылған жағдайда төленетін төлемақылар; үшінші деңгей жұмыс берушің жауапкершілігін сақтандыру (еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін сақтық төлемақылары) .

Сонымен халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігі келесідей әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидаттарына сүйенеді:

  • Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын сақтау мен орындаудың жалпыға бірдейлігі;
  • әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларға мемлекеттің кепілдік беруі;
  • әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндеттілігі;
  • заңға сәйкес әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік төлемдерге пайдалану;
  • әлеуметтік төлемнің көзделген шарттар бойынша міндеттілігі;
  • әлеуметтік төлемдердің мөлшерін саралау;
  • әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық.

Кесте-1. Ынтымақтастық зейнетақы жүйесінің негізгі индикаторы, 2007 жыл

Жасына қарай берілетін зейнетақы алушылар саны, мың адам
1, 616
Жасына қарай берілетін зейнетақы алушылар саны, мың адам: Зейнетақының ең жоғары көлемі, теңге
1, 616: 17924
Жасына қарай берілетін зейнетақы алушылар саны, мың адам: Зейнетақының орташа көлемі, теңге
1, 616: 9800
Жасына қарай берілетін зейнетақы алушылар саны, мың адам: Күнкөріс минимумы, теңге
1, 616: 6427
Жасына қарай берілетін зейнетақы алушылар саны, мың адам: Нақты зейнетақының индексі, %
1, 616: 97, 6

Бүгінгі күні әлеуметтік сақтандыру қызметі Қазақстан Республикасының «Сақтандыру туралы» Заңы талаптарына орай орындалады. Әлеуметтік сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен осы заңмен, сонымен қатар сақтық қатынастарды реттейтін құқықтық актілермен белгіленген жағдайларда келісім-шарт жасасуы міндетті. Әлеуметтік сақтандырудың келісімшарты өзінің қызметтерін ұсынған кез келген сақтандырушымен жасалуы мүмкін. Әлеуметтік сақтық ұйымы үшін мұндай келісімшарт жасасу оның міндеттілігі болып табылады.

Қазақстан республикасының аумағында сақтық ұйымның қызметі «әлеуметтік сақтандыру» саласы бойынша әлеуметтік сақтандырылуға жататындар жұмыскерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, сондай-ақ қайтыс болған асыраушысының асырауында болған отбасы мүшелері болып табылады.

Осы ретте шетелдік азаматтар, өз қызметін Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асыратын азаматтығы жоқ адамдар еңбек ету қабілетін жоғалтуынан, жұмысынан айырылуынан, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты қорғалу құқығын әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері арқылы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимі қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар мынадай мөлшерде белгіленді:

  • 2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 1, 5 пайыз;
  • 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 2 пайыз;
  • 2007 жылдың 1-ші қантарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 3 пайыз.

Нарықтық қатынастар жағдайында әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорының қалыптасуының екі қағидатын ашып көрсетуге болады:

1) ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жана ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;

2) әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.

Бірінші қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

1) зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;

2) әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы жарналарының топтастырылуы;

3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.

Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық камтылуы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болды. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.

90-жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салды, бұл жарналарды төлеудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауына да, сондай-ақ әлеуметтік қорларға оларды толық және уақтылы аударып отыруға төлеушілер мүдделігінің болмауы да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдылығының төмен деңгейінде көрінетін еді; бұл зейнеткер мен жәрдемақылар алатындар алдында берешектің үлкен көлеміне жеткізді; әлеуметтік қорлар қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің күнкөрістің ең төменгі деңгейіндегі қажеттіліктерін қамтамасыз етпеді және қорлар қаражаттарының аса шектеулігі жағдайында әлеуметтік төлемақылары өнбойы индекстеп отыру қажеттігін тудырады.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады:

  • зейнетақымен камтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
  • зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін күнкөрістің ең төменгі деңгейін сақтау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;
  • зейнетақы жинақ ақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;
  • зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;
  • еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымеы қамсыздандыруы үшін жеке жауапкершілігі;
  • инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақ ақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;
  • қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;
  • зейнетақы жинақ ақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына жәрдемдеседі.

Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан басқа мемлекеттік емес зейнетақылық сақтандыру - зейнетақылық келісімшартқа сәйкес жұмыскерлердің және олардың жұмыс берушілерінің ерікті жарналары есебінен қосымша зейнетақы қалыптастыру арқылы және мамандандырылған мемлекеттік емес зейнетақы қорлары аркылы зейнетақылар төлеу жолымен азаматтарды әлеуметтік қорғау қатынастары колданылды.

Қорланымдардың ынтымақтастық негізіндегі жүйесінен дербес қорланымдар жүйесіне өтпелі кезең зейнеткерлердің еңбек сіңірген зейнетақыларын алу құқықтарын сақтау қажеттігімен, сонымен бірге зейнеткерлік алдындағы жасы келген азаматтардың көбін мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде жеткілікті зейнетақылық жинақтаудың мүмкін еместігімен сипатты болып отыр. Сондықтан зейнеткерлер болғандарға мемлекеттік зейнетақы қорларынан алатын зейнетақылары мөлшерінің сақталуына мемлекет кепілдік береді. Зейнетақы реформасы басталғаннан кейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың мемлекеттік зейнетақылырының мөлшері олардың мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде мүмкін болған қатысуының жылдар санына үйлесімді түрде қысқартылады.

1. 2 Әлеуметтік сақтандыру қызметінің ұйымдастырылу ерекшеліктері

Сақтық жүйесі ел экономикасының сенімді орі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, әлеуметтік сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық мәні
Қаржы түсінігі
Қазақстан Республикасының банк жүйесінде бөлшек банкингтің теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының бюджетінің түсімдері мен шығыстарын құқықтық реттеу
Сақтандыру пәнінен дәрістер тақырыбы
Банктің ұйымдастырылу құрылымы және оның функционалдық қызметтері мен әдістері
Салықтық бақылауды ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Қаржылық құқықтың сипаттамасы
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
ҚР мемлекеті мен кұкық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz