Банктердің депозиттік емес тартылған қаражаттары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Банктің тартылған қаражаттары және олардың құрылымын жетілдіру

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2

I. БАНКТЕРДІҢ ТАРТЫЛҒАН ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ

1. Банктердің тартылған қаражаттарының экономикалық мәні ... ... ... ... .4

2. Банктердің депозиттік тартылған қаражаттары және олардың банк
ресурстарын құрудағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

3. Банктердің депозиттік емес тартылған қаражаттары ... ... ... ... ... ... 21

II. БАНКТЕРДІҢ ТАРТЫЛҒАН ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ

(Қазақстан Халық банкі АҚ материалдары негізінде)

2.1 Қазақстан Республикасы депозитнарығындағы тартылған қаражаттарды
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25

2.2. Қазақстан Халық Банкі АҚ ның депозиттік нарығындағы орны ... ..42
2.3. Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның тартылған қаражаттарының жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ ҚАРАЖАТТАРДЫ ТАРТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... 60

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
69

КІРІСПЕ

Нарықтық экономиканың өз деңгейінде тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін экономиканың негізгі инфрақұрылымдардың бірі -бұл елдің банк жүйесі.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының банк жүйесі ТМД елдері арасындағы
ең озық, алда десекте, экономиканың дамуында, бәсеке мен нарық механизмдері
сұраныс пен ұсыныстың тепе-тең дәрежесін қалыптастыру, өз кезегінде
банктерге делдалдық қызметін жүргізуде, мүмкіндігінше максималды қаражат
ресурстарын банк үшін тиімді тарту, банктердің қарқынды дамуына мүмкіндік
береді. Сондықтанда экономикамыздың алға ілгерлеу барысында еліміздің қаржы
және несие, облыстарда 2009-2010 жылдары бірнеше заңдарға толықтырулар мен
өзгерістер енгізілді.
Жалпы, банктердің негізгі табыстары делдалдық қызметпен байланысты
болғандықтан, банктер бүгінгі күні мүмкіндігінше елден кәсіпорындар мен
ұйымдардың, жеке азаматтардың бос ақша қаражаттарын банкке тартып -
шоғырландыру, оны ел экономикасына тартып қолдануы, тек банктердің ғана
қалыпты табысын қамтамасыз етіп қоймай жалпы экономиканы көтеруге мүмкіндік
беретін негізгі серпін күш. Бүл өз кезегінде Қазақстан Республикасы
экономикасының өсуіне, мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің уақытылы
түсуіне қоғамның әлеуметік дамуына мүмкіндік береді.

Жалпы, банктерге тартылатын негізгі қаржының көздеріне
депозиттер, тұрғын халықтың салымдары, банктер арасындағы есептеу-лер
жатады. Қазіргі кезде Қазақстан банктерінде 6 573 863 млрд теңге
депозиттері тартылған, тұрғындар салымы да 2010 жылы барлығы
2 249 814 млрд. теңгені құраған. Тұрғындардың өз кезегінде банктерге өз
ақшаларын салуы Қазақстанның негізгі коммерциялық банктерінің "Қазақстанның
салымдарға кепілдік беру қорының" қалыптасуымен банктерге салымдар артып,
олардың өз ақша қаражаттарын салатын банктерге сенімділіктері артты.
Нарықты экономикада экономиканың маңызды мәселелерінің бірі банктерді ғана
дамытпай, басқада несиелік-қаржылық институттардың қызмет етуіне мүмкіндік
берілуi қажет.

Қазіргі кезде Қазақстанның екінші деңгейлі банктері шетел
тәжірибелерінің жаңа прогрессивті, тиімді әдістері мен формаларды енгізу
арқылы, өздерінің банк қызметін жүргізу, негізгі табыстарғажетуде.
Соңғы жылдары қаржылық нарықтың қалыптасуы - ақша нарығы және капитал
нарығындағы үрдіс дамып отыр. Бұл өз кезегінде ақша және капитал нарығымен
тікелей байланысты, банк қызметі мен бәсекелік қабілетін тиянақты жүргізіп,
банк үшін тиімді қаражат көздерін тартуына жаңа мүмкінідктер мен
резервтерді іздеуді қажет етеді. Банктердің бұл облыстағы негізгі міндеті
өз клиенттеріне әртүрлі ынталандыру іс-шараларын жүргізуі
қажет, жаңа компьютерлік технология нәтижелерін қолдану арқылы, олардың
мүдделері мен қызығушылығын арттыру қажет.

Жалпы дипломдық жұмыс теориялық және практикалық негіздері осы
мәселелерді зерттеуші ғалым экономистердің шетел және өз елімі-здің
коммерциялық банктері қызметін талдау баспасөз мақалары мен статистикалық
мәліметтерінен материалдар алынды. Дипломдық
жұмыстың негізгі мақсаты - екінші деңгейлі банктердегі тартылған ақшалай
қаражаттардың ролі мен банк қызметін жүргізуден олардың үлес салмағын
құратып ерекшеліктеріне талдау жасап, Қазақстан Халық
Банк қызметінің үлесінде тартылған қаражаттардың негізгі факторларын
анықтап, оны тиімді шешу жолдарын қарастыру.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қаралған.

• банктердегі негізгі, тартылған қаражаттардың экономикалық мәнімен
олардың құрамын жіктеу
• Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктерінің және Қазақстан
Халық банкінің осы облыстағы тәжірибелеріне талдау жасау және бағалау.
• Тартылған қаражаттардың негізгі түрлері мен оны тарту
бағыттарын анықтау
• Осы облыстағы негізгі мәселелерді анықтап, оларды шешу
жолдарын қарастыру.

Жұмыстың, әдістемелік базасы (негізіне) Қазақстан Респуликасы
үкіметінің, ҚР Ұлттық Банктің, банк қызметін реттейтін заң және нормативті
актілер, ҚР статистика Агенттігінің статистикалық материалдары қолданылды.
Жұмыс барысында, жалпы ғылыми, статистикалық, және біршама экономикалық-
математикалық зерттеу әдістері қолданылды.

Дипломдық жұмыс III бөлімнен тұрады. I бөлімде банктің тартылған
қаражаттарының теориялық негіздері, II бөлімде өндірістік тәжірибе бойынша
Қазақстан Халық банкінің тартылған қаражаттары бойынша талдау және III
бөлімде бүгінгі таңдағы банктерде қаражаттарды тарту бойынша проблемалар
мен оларды щещу және жетілдіру жолдарын қарастырдым.
Зерттеу объектісі Қазақстан Халық банкінің нормативті, және қаржылық
құжаттары мен қаржылық көрсеткішітері.

I бөлім. БАНКТЕРДІҢ ТАРТЫЛҒАН ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ
КӨЗДЕРІ.

1.1. Банктердің тартылған қаражаттарының экономикалық мәні

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді
орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай
да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту
мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет
төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және
қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең
қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап
алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі
бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының
қалыптасуына ықпал етеді,ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша
бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа
мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының
экономикалық негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне
қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық
операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы" заңға
сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

• ақылы негізде депозиттерді тарату;
• клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға
кассалық қызмет көрсету;
• қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен заңды
және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
• инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық
жұмсалымдарды қаржыландыру;
• заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын
шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік
сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
• ақшалай нысандарды орындауды қарастыратын үшінші түлғалар үшін
кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
• тауар тасымалын талап ету құқығын, сатып алу және қызмет көрсету,
осындай талаптардың орындалуы және бұл талаптардың инкассациялық
(факторинг) тәуекелін өз мойына алу;
• банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
• клиенттер үшін құжаттар мен бағалықтарды сақтандыру бойынша
қызметтер (сейфтік бизнес);
• клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік
операцияларды(қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы
қағаздарды басқару);
• банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
• лизингтік операцияларды жүзеге асыру.

Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік
қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).

Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
• уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік
операциялар);
• Экономиканы және халықты несиелендіру
(активтік
операциялар);
• Қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
• инвестициялық қызметті;
• клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау коммерциялық
банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті
капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал - банктің
несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық
ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда
қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы
мынандай жағдайларымен түсіндіреледі біріншіден, банктер қаржылық
нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және
халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы
жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады.

Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл
салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге
тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде
орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және
нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы
барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған
ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс
қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін
бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және
еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі
кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал -банктің
қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз
міндетті қор болып табылады, банктіц тұрақтылығы мен оның жұмысының
тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның рөлі
өте жоғары.Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік
операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары
бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын жинақтайды.

Жалпы, банктің тартылған ресурстарының сызбасын келесі I суреттен
көруге болады:

1 - Сурет. Тартылған қаражаттардың түрлері

Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды.Депозит
пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз
салымдарының барлығы түсіндіріледі.Банктердің ақшалай қаражаттарды
салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары
депозиттік операциялар деп аталады.Осылардың негізінде коммерциялық
банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі қүралады.

1.2. Банктердің депозиттік тартылған қаражаттары және олардың банк
ресурстарын құрудағы ролі.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі
белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және
депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл
банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер
топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша
бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

• талап етуіне дейінгі депозиттер;
• мерзімді депозиттер;
• жинақ салымдары;
• бағалы қағаздар.
Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр
түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады:

• мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі
шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы
сақталатын қаражаттары;
• әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
• есеп айырысудағы қаражаттар;
• жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттар-
ындағы қаражаттар;

• басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат
қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері
үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың
жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдалан-ылады.
Ал кемшілігі бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама
төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың
мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

• ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шект-
еусіз жүзеге асырылады;
• шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде
немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
• банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды
сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де
мүмкін;
• талап етуге дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк
Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде
аударымдар жасайды.
Мерзімді салым (депозит) - белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз
төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.
Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк
айыппұл ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.
Мерзімді салымдар мен мерзімді
депозиттердін, ерекшеліктері болады:

• есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, эрі мүндай шоттарға
ешқандай да есеп айырысу қүжаттары толтырылмайды;
• шоттағы қаражат баяу айналады;
• түрақты пайыз төленеді;
• пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынан
реттеліп отырады;
• ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі
талап етіледі;
• бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған салымның түрі - жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды.Бұл салымдардың түрі
бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз
төленеді.Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері болады:
• ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
• шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай
даескерту талап етілмейді;
• ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті
түрдеақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін
жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын, жинақ салымдары
салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге
бөлінеді:

• мерзімді жинақ салымдары;

• қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
• ұтыс салымдары;
• ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
• мақсатты және ағымдық салымдар;
• алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
• валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім
өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады.Мерзімді жинақ салымдарына басқа
жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың
біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Қосымша жарна қосатын салымдар - бұл шоттағы қаражатқа алдын ала
келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын
салымды білдіреді.Бұл шотта жинақталған сома белгілі бір күнде (жаңа жылдық
салым, бойжеткен кезАғымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы,
үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын
қаражаттарды білдіреді.Мүндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз
төленеді.де және т.с.с).

Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз
төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды
білдіреді.Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары - бұл салым иесіне белгілі бiр
мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды
алуғақұқықберетінжәнеоныңшотындағыа қшалайқаражатыныңбарлығынкуәландыра тынэми
тентбанктіңжазбашакуәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып
келеді:

1. Атаулы сертификаттар;
2. Мәлімдеуші сертификаттар;
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары - бұл салым иелерінің
атына толтырылып беріледі.Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-
жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып
саналады.

Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және
көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем туралы немесе есеп айырысу
қызметін атқара алады.Делозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада
шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:

1. Аударылатын;
2. Аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар - салым иелерінің қолдарында
болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертификаттар - басқа бір тулғаларға скінші
нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.

Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады.Жинақ
сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын
құрайды.Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге
ұсынылуы мүмкін.Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ
төменгі мөлшерде пайыз төлейді.Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат
ресурстары жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге
түсуін сипаттайды.
АҚШ-тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік
шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шот және куәландырылған чектер
сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады.Нау-шоттар бұл пайыз
төленетін, чектік депозиттер болып табылады.

Нау-шоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады:

• бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;
• бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға
ашылады;
• салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуы,талап
етілмейді.
Куәландырылған чектер шоттары - бұл куәландырылған чектерді төлеу
үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы
қаражаттары.

Куәландырылған чектер - бұл банктің, шоттағы қаражатының барлығын
чектер арқылы куэландыруы.
Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит
түріне ақша нарығының депозиттік шоты жатады.

Оның мынадай ерекшелігі бар:
• ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің өзгеруіне
байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп
отыруы;
• шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;
• салымдардың сақтандырылуы;
• иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан
алты рет аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп
жазу жолымен, үшеуі телефон арқылы жүзеге асады.
Банктердегі депозиттер түріндегі бағалы қағаздар мынадай түрлерге
бөлінеді:

• кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардағы банктердің
акциялары мен облигациялары;
• банкке сақталуға берілген және ссудамен қамтамасыз етілген
акциялар мен облигациялар;
• шетелдік валюталармен жасалатын операциялар бойынша
бағалы қағаздар мен қүндылықтар.

Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

• банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай
жасауға;
• банк балансының оперативтік өтімділігін демек мақсатында
икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
• банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын
мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды үйымдастыру процесінде
ерекше назар аударылуы қажет;
• депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың
арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен
сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
• депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар қолдану.

Қажет уақытында талап ететін депозиттер шоттарда сақталатын
қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді:

• кәсіпорындар және ұйымдардың, фирмалардың, компаниялардың,
концерндердің және басқа да заңды тұлғалардың есеп айырысу және
ағымдық шоттардағы қаражаттар;
• экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы
шоттардағы қаражаттар;
• заңды тұлғалардың жекеленген шоттарындағы меншікті қаражаттары;
• есеп айырысудағы қаражатар;
• басқа банктермен есепайырысуларға байланысты корреспонденттік шоттағы
несиелік қалдықтар;
• шетелдік банк-корреспондентер шотындағы қаражаттардың несиелік
қалдығы.
Қажет уақытында талап ететін депозиттердің ерекшеліктері талап етілетін
депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді депозиттерге мынада: біріншіден,
ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз бөліктеп те,
толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма-қол формада
да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке шотты
пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір жазылған
чек үшін комиссиялық алым төлейді; төртіншіден, банк қажет уақытында талап
етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді депозиттерге қарағанда
ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға міндетті. Қажет уақытында
талап етілетін депозиттердің негізгі артықшылығы жоғары тиімділігі, оларды
төлем қаражаттары ретінде тікелей пайдалану мүмкіндігі болып табылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы,
есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала
ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа
аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең
төмен пайызтөлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем
төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым
салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі
формаларда қолма-қол ақшалармен, чектермен, аудырымдармен жүргізе алады.
Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық
жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде күнделікті төлем операцияларын жүргізу
біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды
қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол бенктердің шығындарының маңызды
факторы болып табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген
немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап еткенге дейінгі
шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, олар өз
шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз
дәрежеде компенсацияландырады. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің
ағымдағы шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе
аптадан кейін қайтадан толтырылып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Осы
қаражаттар қалдықтары мен талап еткенге дейінгі шоттар есебінен банктер 60,
90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.

2 - Сурет. Салым иелерінің категориялары бойынша депозиттер

Шот иесі оларды әр түрлі формаларда қолма-қол ақшалармен, чектермен,
аудырымдармен жүргізе алады.Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем
операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді.Банктерде күнделікті
төлем операцияларын жүргізу біраз шығындарды талап етеді,
алайда ЭЕМ-ді, компыотерлік техникаларды қолданумен ол біршама
азайды, әйтседе ол бенктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады.
Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған
бухгалтерлік өткізбелер жасалынады.Талап еткенге дейінгі шоттарды иеленуші
клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай
қаражаттарды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде
компенсацияландырады.Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкпен
пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен
қарызға берілуі мүмкін.Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы
шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан
кейін қайтадан толтырылып отырулары нәтижесінде қалыптасады.Бірақ көптеген
клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды.Бұл
экономиканың айналымдық сипатына негізделеді.Осы қаражаттар қалдықтары мен
талап еткенге дейінгі шоттар есебінен банктер 60, 90, 120 күнге вексельге
немесе нақты несие бере алады.

Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе контокорренттік
шоттарды орналастыруы мүмкін.Олардың арасында айырмашылықтар бар.Депозиттік
шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе аударуы
мүмкін, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады.Ал контокорренттік есеп
шоттарда - теріс немесе оң қалдықтар болуы мүмкін.Клиент кез келген уақытта
шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгілі бір уақытта несие алуы
мүмкін.Алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте-бірте шегерiледі.Қазіргі
кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан несие алуы мүмкін.Бұл
шоттар АҚШ-та трансакциялық немесе чектік шоттар деп аталады, сондай-ақ
оларға чек жазып берілуі мүмкін.
Бұл шоттардың жоғары өтімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз
пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі
кемшілік (салымшы үшін) - шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды
төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттрадың ерекш-елігі банк мерзімді салымдарға
қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті
және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.

АҚШ-та талап еткенге дейінгі шоттарға пайыздарды
коммерциялық банктерге төлеуге заң бойынша тыйым салады.Коммерциялық
банктер өз салымшыларын сақтап қалу мақсатымен депозиттік шоттың жаңа түрін
салымшыларға ұсынады, ол бір жағынан жоғары өтімділік деңгейін, шоттарды
есеп айырысу үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан
салымшыларға белгілі бір табыс алуды қамтамасыз етті.Бұл шот - наушот деп
аталады.Ол тек жеке түлғаларға ғана ашылады.Бұл үшінші тұлғаға төлемдер
үшін пайдалануы мүмкін есеп айырысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы
бұйрығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу тратталарын беруге болатын
депозитті шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрінде
табыс алуға болады.1981 жылдан бастап заң арқылы АҚШ-тың бүкіл аймағында
шоттың бұл формасы рұқсат етілді.

Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақты
пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек
қойылады.Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың,
кәсіпорындардың және ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгілі бір
мерзімге, әдетте 1 айдан кем емес, орналастырған қаражаттарын білдіреді.
Мерзімді депозиттердің ерекшеліктері мыналар болып
табылады: біріншіден, шоттардағы қаражаттар есеп айырысуға арналмаған және
оларға чектер жазылмайды; екіншіден, шотардағы қаражатгар жай айн-алады;
үшіншіден, мерзімді депозиттер бойынша пайыз төленеді (бұл кезде пайыздық
мөлшерлеменің ең жоғары деңгейі жекеленген кезендерде Орталық банк арқылы
реттелуі мүмкін); төртіншіден, мерзімді депозиттер үшін қажет уақытында
талап етілетіп депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің анағұрлым төлем
формасы белгіленеді.
Біздің банктік жүйеге қатысты мерзімді депозиттердің
біршама көп көрсетілген формасы - бұл жеке тұлғалардың жинақ
салымдары.Олардың қаражаттары белгілі бір шектеулермен алынуы мүмкін
(мысалы, алдын ала хабарлап).

Қазіргі уақытта нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде
депозиттерді жіктеуде екі жағдайды ескеруге негізделген:

1) депозиттің мерзімі,

2) салымшылардың категориясы.

Аталып өткендей депозиттердің мерзімі бойынша оларды потенциалда
банктік ресурстар ретінде пайдаланумен байланысты ерекшеліктері
бар.Салымшылардың категорияларына байланысты, әдетте, шоттардың келесі
түрлері бөлінеді: жеке тұлғалардың, корпорациялардың, акционерлік
компаниялардың, орталық үкіметтің, жергілікті үкімет органдарының, қаржылық
мекемелердің, шетелдік салымшылардың шоттары
Соңғы уақытта депозиттердің кейбір категорияларыныңарасындағы анық
шекара жойылуда, депозиттердің әр түрлі түрлерінің қасиеттерін біріктіретін
"гибридтік" шоттар пайда болуда (мысалы, қажет уақытында талап ететін және
мерзімді салымдарды бiріктіретін шоттар).

Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды.Терминнің өзінен
көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге
орналастырады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары
пайыздарды табу болып табылады.Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді,
өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды
ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады.Мерзімді салымдар
талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін
пайдаланылмайды.Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері алу
туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді
салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге
дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді.Егер шот иесі белгіленген
күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді
пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде кері ала
алады.

Ескертуі бар мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды кері алу
туралы арнауы арызын банкке алдан ала түсіруі талап етіледі.Әдетте ескерту
мерзімдері - 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға
дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланысты сәйкес пайыздық
мөлшерлемелер белгіленеді.Көбінесе тәжірибеде алдын ала ескертуге
(хабарламасы бар) мерзімді депозиттер қолданылады.

Депозиттердің үшінші түрі - жинақ салымдары.Тағы бір кеңінен таралған
депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ,
қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғышегі шектелген,
ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны
рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі
жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке
бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды
ауыстыруға мүмкіншілігі бар.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың
біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі
бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.
Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде олтырылады.

Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:

Ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;

Шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап
етілмейді;
Отандық банктік
тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операциясының
мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

- мерзімді жинақ салымдары;

- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;

- ақшалай заттай ұтыс салымдары;

- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі
белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар
жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда
жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.

Қосымша жарна қосатын салымдар бұл шоттағы
қаражатқа, алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы
қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған
соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және
т.с.с) толық төленеді. Ағымдық
жинақ салымдар негізінен жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу
үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай
салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік сертификат – заңды тұлғаның банкке салған
қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай
банктен немесе оның филиалдарынан салған сомасы мен сыйақы
мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.

Жинақ сертификаты – жеке тұлғаның
банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің
өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен
сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.

Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік
сертификаттардың мынадай екі түрі бар:

– аударылатын
– аударылмайтын
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып,
уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші
нарықта сатып алу сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға
арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі
мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек қана жеке тұлғаларға
беріледі. Мерзімді депозиттік және жинақ
сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда
банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді.
Коммерциялық банктер үшін
бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі
бір мерзімге түсуін сипаттайды. Халықтың салымдарын
тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа,
жастарға мақсатты және т.б. Әдетте олар халыққа қосымша қызметтерді
(почталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынуларымен бірге жүреді.
Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу
туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.
Жинақ
салымдары АҚШ-та мерзімді салымдардың ең ірі түрлерін құрайды.
Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі - мерзімді депозиттік
сертификаттар болып табылады. Ол банкке тұрақты пайыздық мөлшерлемемен
белгілі бір мерзімге банкіге қаражаттарды енгізгендігін куәландыратын
ақшалай құжат. Оларды компанияларға, фирмаларға және өте бай иемденушілерге
100 мың доллардан кем емес сомада беріледі. Олар екінші рет нарықта сатылуы
және басқа тұлғаға өтуі мүмкін - берілетін және салымшының өзінде қалатын,
берілмейтін болады. Ақшаны мерзімінің аяқталуымен, тек сертификаттарды
ұсыну арқылы банктен алуға болады, ал мерзімі - 14 күннен 18 айға дейін
болуы мүмкін.

Халықтың көбірек бөлігіне 500, 1000 және 2500 доллар номиналымен 1
айдан 5 жылға дейінгі мерзімге ұсақ жинақ сертификаттары шығарылуы мүмкін.
Коммерциялық банктер өз бастамалары бойынша депозиттік емес
ресурстарды жинақтайды. Бұл қаражаттар тартылған қаражаттар немесе жай
міндеттемелер деп аталады. Оларға банкаралық нарықтан займ алу бағалы
қағаздарды кері сатып алу шартымен сату, вексельдерді есепке алу және
Орталық банктен қарыз алу, кепілге салу қағаздарын, банктік облигацияларды
эмиссиялау және т.б. жатады.

1.3. Банктердің депозиттік емес тартылған қаражаттары

Банктің депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін
қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің
несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде
тартқан ресурстары, сондай ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы
нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.
Банкаралық несиелер банктің ресурстық потенциалының тұрақтылығын
қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі. Банкаралық несиелеу
банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады және
негізінен қысқа мерзімді сипаттаболады. Банкаралық займдар корреспонденттік
қатынастар шеңберінде жүреді және банк ресурстарының басқа көздеріне
қарағанда қымбат болады. Банкаралық несиелеу ерекшілегі
мынада: біріншіден, банкаралық ресурстар банкаралық ақша нарығынан
тартылады, екіншіден, әдетте, банкаралық несиелерді тарту клирингтік
орталықтағы корреспонеденттік шоттардың ақшалай қаражаттардың қалдықтары
шегінде жүзеге асырылады. Банкаралық ақша нарығында депозиттерді
берудің және қайтарудың іс жүзінде кез келген комбинациялы мерзімдермен
бірге жасайтын несиелік мәмілелердің әр түрлі шарттары кең тараған.
Осылайша ең қысқа мерзімді займ болып бір күндік қысқа мерзiмдi ақшалар
деп аталатын немесе овернайт депозиті болып (несиелік ресурстардың ертең
қайтарылуы мен бүгін берілуі) табылады. Бір күндік ақшалар ақша нарығында
жоғары сұранысқа ие, сондықтан, бұл займдар бойынша пайыздық мөлшерлеме
(сыйақы) кейде анағұрлым ұзақ мерзімдік несиелік ресурстар бойынша
мөлшерлеме деңгейінен бірнеше есе асып кетеді.
Банктердің нақтылы тартылған ресурстар
шегінде жұмыс істеуі банкаралық несиелеуде автоматизмді болдырмайды.
Коммерциялық банктердің несиелік ресурстарды тіпті бір күнге тартуының өзі
сәйкес мәмiлені жасауды және талапқа сай рәсімдеуді талап етеді. Бұл жағдай
коммерциялық банктердің жұмысын қауырт көрсетеді, оларды сағат сайын
несиелік жұмсалымдары қайта қаржыландыру мәселелерімен, яғни коршоттарға
уақытында дем беріп және баланстың тиімді құрылымын қолдап отыру үшін
нарықтан бос ресурстарды іздеумен айналысуға мәжбүр етеді. Соңғысы, банктің
міндеттемелері бойынша, төлейтін талаптардан ағымдық түсімдер есебінен дер

кезінде төлеуді қамтамасыз ететіндей арақатынастың сақталуын ұйғарады.

Егер ертең коммерциялық
банктің клирингтік орталығындағы коршотында тапшылық орын алатын болса,
онда, тіпті мерзімі бiрсiүнде белгіленген ірі ақшалай түсімдердің өзі және
банктің банк операциясының есеп айырысу тиімділігінің мүмкіндігі, оны
қаражаттарды ертең деп белгіленген мерзімге тарта отырып, мысалы,
бiрсiкүнде қайтару міндетінен босатпайды. Банкаралық ақша нарығында бос
несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда коммерциялық банк Орталық банктен
қысқа мерзімді несие ала алады, ол банктік жүйеде соңғы инстанциялы
кредитор қызметін орындайды және коммерциялық банкке өтімдіктің уақытша
дағдарысын жеңуде көмек көрсете алады. Банкаралық несиелік ресурстардың
екінші деңгейдегі банктер арасындағы қозғалысы, айналымдағы ақша массасы
көлемінің өзгеруіне әкелмейді. Ол тек қатаң бақыланатын ақша массасы
агрегаттарының МО, МІ М2, МЗ арасындағы өзгерістерді тудырады. Өйткені,
коммерциялық банктер мәмілелерді тек тартылған несиелік ресурстар және
Орталық банктің ақша эмиссиясы негізінде ғана жасайды.
Комерциялық банктер басқа кез келген
заңды тұлға сияқты ресурстарды бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар,
депозиттік және жинақ сертификаттарын шығару жолымен жинақтау құқығы бар.
Бұл қаражаттар несиелік ресурстардың депозиттік емес көздеріне жатады.
Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық
банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру
мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт
(бір түндік) және овердрафт.
Овернайт банктердің
Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына
байланысты бір түнге берілетін несие.

Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура
келеді. Кей жағдайда, бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе
жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.
Овернайт заемдары бойынша ҚР Ұлттық банкі сыйақы мөлшерлемесін белгілейді.

Овернайт заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі – ҚР
Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚР Ұлттық банкіндегі

корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен
аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.
Овердрафт банктік жұмыс күні ішінде
банктердің Ұлттық банкте ашқан кор. Шотында уақытша қаражат жоқтығына
немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау
мақсатында берілетін несие. Овердрафт заемдары бойынша ҚР Ұлттық
банкі сыйақы мөлшерлемесін белгілейді.

Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейдегі
банктерге бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелерді бермейді.

Бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімі (РЕПО операциясы)
қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді займның түрін
білдіреді.
Мұндағы қарыз алушының міндеттемесі, яғни ол
келісілген күні және алдын ала белгіленген бағада, өзінің сатқан бағалы
қағазын қайта сатып алуды көздейді.
Банктердің
мемлекеттің бағалы қағаздарымен жасайтын РЕПО және кері РЕПО операциялары
бойынша сыйақы мөлшерлемелерін ҚР Ұлттық Банкі беогілейді.
Банктік ресурстарды тартудың жаңа бір формасына банктің вексельдерін
жатқызуға болады. Банктер тек қарапайым вексельдерді ғана шығарады. Банк
вексельдерін шығарудығы артықшылықтарғы: біріншіден, вексельді тауарлар мен
көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысуда пайдаланылады; екіншіден,
вексельдер ссуда алу барысында кепілдік ретінде жүреді; үшіншіден,
вексельді жеке және заңды тұлғалар қолдана алады; төртіншіден,
вексельдердің өтімділігі жоғары; бесіншіден, вексельдер бойынша дисконт
мөлшерлемесі жоғары; алтыншыдан, вексельдің заңды және жеке тұлғаға өтуі
барысында шектеулік болмайды; жетіншіден, вексельдің мерзімі әр түрлі
болады.
Коммерциялық банктер өздерінің меншікті капиталы мен банктік ресурстар
көлемін ұлғайту мақсатында облигациялар арқылы қосымша қаражат тартады.
Облигацияларды отандық тәжірибеде көбіне ірі коммерциялық банктер шағарып
отыр. Мұндай қарыздық міндеттемелер түрлерін шығару бір жағынан, банк
капиталын, екінші жағынан, оның ресурстарын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл
операцияларды ұйымдастырудың басты мақсаты банктің өтімділігін жақсарту.

Банк қызметіндегі банктердің меншікті қаражаттарын басқа ресурстарымен
салыстырғанда мәнді ерекшеліктері бар. Қазіргі уақытқа банктік мекемелер
меншікті қаражаттары және резервтері есебінен ресурстарға деген жалпы
қажеттіліктің 10 пайызынан кем емесін қамтиды, ал банктік емес қаржы-несие
институттарда бұл арақатынас 40-50%-ды құрайды. Банктердің меншікті
қаражаттарының мұндай ерекшелігі бір қатар жағдайлармен байланысты.
Біріншіден, банктер өздерінің қаржы нарығындағы делдалдық роліне байланысты
өздерінің тұрғындардан, заңды тұлғалардан (фирмалардан, компаниялардан және
мемлекеттік мекемелерден) депозит түрінде бөгде ақша капиталын тартады;
екіншіден, салымдарды мемлекеттік қорғау жүйесі салымдары жаппай алу
қауiпін едәуір төмендетеді және банктерге өтімділікті қамтамасыз етуге
қажетті меншікті қаражаттардың бөлігін қысқартуға мүмкіндік береді;
үшіншіден, банктік активтер нарықта анағұрлым өтімді және тез өткізілетін
болғандықтан, бұл банктерге ақшалай ресурстарды біршама тез жинақтау
мүмкіндігін қаматамасыз етеді және осыған орай меншікті қаражаттарға деген
қажеттілікті төмендетеді. Меншікті қапиталды
қалыптастыру коммерциялық банктер қызметінің басталуы алдындағы міндетті
саты болып табылады. Меншікті капитал - бұл бәрінен бұрын қаржылық
ресурстарының көзі.Ол құрылтайшылар банк қызметінің бастапқы сатысында бір
қатар бірінші кезекті шығындарды жүзеге асырған кезде де қажет. Меншікті
қаражаттар ұзақ мерзімді актвитерге (ғимараттар, құрылғылар) жұмсалуы
мүмкін. Сонымен қатар, меншікті капитал құрамында: резервтік қорлар,
негізгі құралдар қоры, амортизациялар және банк ісін дамыту қоры есепке
алынады. Ерекше несиелік
ресурс болып эмиссиондық ресурс болып табылады. Оның несиелік ресурс
ретінде құралуы және пайдалану мүмкінідігі келесімен байланысты:
тұрғындардың қолма-қол ақша түрінде алатын ақшалай табыстары бірден
жұмсалмайды, сондықтан банктің кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың
осы кассаларға келіп түсетін түсімдерден бір жыл ішінде артық болуы
тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекетті
несиелуін білдіреді.

II. БАНКТЕРДІҢ ТАРТЫЛҒАН ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ

(Қазақстан Халық банкі АҚ материалдары негізінде)

1. Қазақстан Республикасы депозит нарығындағы тартылған қаражаттарды
талдау.

Қазақстан Республикасының депозит нарығы күрделi де қарқынды дамып
келе жатқан жүйе бола отырып, iшкi және сыртқы факторлардың әcepін әр
уақытта өзiне қабылдап отыр. Экономикадағы әр түрлi экономикалық, саяси
және әлеуметтiк жағдайлардың әcepi депозит нарығының дамуына да әсер eтeдi.
Бұл жағдайларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жариялаған және
өзіміз есептеген статистикалық мәлiметтер негiзiнде депозит нарығына
сипаттама бере отырып, оны сaлыстырмалы тaлдay негiзiнде көpceтyгe болады.

Халықтың банктердегі салымдары

млн.теңге
кезең соңына 1 - кесте.

07.2007 12.2007 12.2008 12.09 12.10
Халықтың салымдары 1034157 1447850 1500005 1506066 1623219
Оның ішінде
Теңгеде 689614 903128 871930 699986 611183
ЕАВ*- да 344283 544265 626741 804838 1010351
БВТ*-де 260 457 1334 1242 1684
Талап ету салымдары, барлығы163191 193157 198733 190291 191790
Оның ішінде
Теңгеде 121142 155597 163410 145923 142754
ЕАВ*- да 41854 37194 34952 43997 48493
БВТ*-де 195 366 370 370 543
Шартты салымдар, барлығы 2894 3914 3500 3424 3609
Оның ішінде
Теңгеде 2354 3443 2629 2542 2475
ЕАВ*- да 540 471 871 882 1133
БВТ*-де ____ _____ _____ ______ _______
Мерзімді салымдар, барлығы 868072 1250779 1297772 1312351 1427820
Оның ішінде
Теңгеде 566117 744088 705891 551521 465954
Қысқа мерзімді 117249 70361 54172 45205 38870
Ұзақ мерзімді 448869 673727 651719 506316 427085
ЕАВ*- да 301889 506599 590918 759958 960725
БВТ*-де 65 91 964 872 1141
Ескерту: мәліметтер ҚР Ұлттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
Банктің меншік капиталы
Пассивті операцияларды жүзеге асыру формасы
Банкттің таратылған қаржылары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру тәжірибесін талдау ("АТФ" АҚ мысалында)
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Банктегі макро/микро деңгейде пассивтерді басқару әдістері
Коммерциялық банктің пассивтік операциялары және олардың сипаттамасы
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары туралы
Коммерциялық банктердің пассивтерін басқару
Пәндер