Бастауыш мектептің дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Бастауыш мектептің дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І тарау. Бастауыш мектепте қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың теориялық негіздері.
- Педагогика тарихында қазақтың ұлттық ойындарының зерттелу жайы.
1. 2 Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың маңызы.
ІІ тарау. Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану әдістемесі.
2. 1 Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды ұйымдастырудың жолдары.
2. 2 . Озат мұғалімдердің іс - тәжірибесі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет тізімі
Кіріспе
Халқымыздың тарихи - мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай - қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени құндылықтардың бірі - ұлттық қимыл - қозғалыс ойындары. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі процесінде ұлттық қимыл - қозғалыс ойындарына жетекші роль беріледі. Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде көп қозғалысты ойындар сауықтыру және тәрбие - білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Бүгінде ойын халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтылмаса керек.
Қазақ халқы - материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыз оларды оқып үйреніп, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата - бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарын саралап, жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне, сөйтіп “мәңгүрттік” атаулыға тосқауыл қоюларына ұлт ойындары септігін тигізбек. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М. О. Әуезов: “Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойының өзінше бір ерекше мағыналы болған ”, - деп тегінен айтпаса керек.
Ұлттық қимыл - қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді. Ұлт ойындары халықтық әлеуметтік - экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Олай дейтініміз: осы ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып, арнайы материалдық әзірліксіз ойнала берілетіндігенде ғана емес, сонымен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланыстылығында. Ойын процесінде бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шарттарына бейімделіп, ептілік көрсетіп, сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсатты әрекет етеді.
Сондықтан ойында үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В. В. Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағанда: “Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты”. Міне, ойын дегеніміз - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялы мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ұлттық қимыл - қозғалыс ойындардың сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру маңызы сан салалы, бірақ мұны іске асыру үшін мұғалімнің шығармашылық көзқарасы және педагогтық шеберлігі қажет.
Дегенмен, мектеп тәжірибесінде ұлттық ойындарды дене тәрбиесінде жүйелі пайдалануда теория мен практиканың арасында қайшылық байқалады.
Осы қайшылықты шешу мақсатында диплом жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш мектепте дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану деп алып отырмыз.
Зерттеудің мақсаты. Қазақтың ұлттық ойындарының танымдық тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау, оларды бастауыш мектептегі оқу - тәрбие үрдісінде пайдаланудың жолдарын көрсету.
Зерттеу міндеті.
- Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі маңызын ашу.
- Бастауыш мектептің дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды ұйымдастырудың жолдарын анықтау.
- Озат мұғалімдерді іс - тәжірибелерін жинақтау.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сыныптардағы оқу - тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабақтарында пайдалану жолдары.
Зерттеу әдістері: Ғылыми - педагогикалық теориялық еңбектерді және озат іс - тәжірибелерді талдау, тұжырымдау, әңгімелесу, бақылау, әңгіме т. б.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Бастауыш мектептің оқыту процесінде қазақтың ұлт ойындарын пайдаланудың теориялық негіздері.
- Педагогика тарихында қазақтың ұлттық ойындарының зерттеу жайы.
Қазақ халқының бай және әртүрлі мәдени мұрасының арасында ең маңызды орын алатын ұлттық ойындары.
Қазақтар ежелден - ақ осы ұлттық ойындарын жақсы көрген. Ешбір тап ұлттық мейрамдар, ешбір үйлену тойлар күш шыдамдылық, ептілік бәсекелесінсіз өтпейтін болған. Рухани жағынан өте бай және өте күшті, шыдамды, өз халқының әділетті күресі үшін ешқандай қиындықтан қорықпайтын адамдар әрқашанда және барлық жерде де үлкен құрметке ие болды. Батырлық “Батырлар жыры” бұған дәлел бола алады. Қазақтардың ескілікті көптеген ұлттық ойындары біздің уақытымызға жетті. Және бұл қазіргі кезде республикада қызықты ұлттық спорт ойындары сияқты кеңінен таратылуда. Қазақ халқының ұлттық спорт ойындарын зерттеу - Қазақстан тарихындағы ең бір актуальды мәселелердің бірі болып отыр. Оны дұрыстап түсіндіру - қазақ халқының тарихы үшін саяси және ғылыми маңызы бар.
Ойындар арқылы көңіл көтеріп отырған бірде - бір халық шығармасын ойынсыз, өлең - әнсіз өтпейтін болған.
Қазақтар әртүрлі көңіл көтеретін ойындар өте жақсы көрген. Дәрігер этнограф Н. Зиландео еңбегін қазақтардың қоғамдық өміріне арнай отырып, олардың көңіл көтерулері қонақтарды сыйлаудын, күле сынаудан, бәгеден тұрады деп жазды. Қазақтардың жаппай көңіл көтеретін спорттық жаттығулар тарихи жағдайымен, соғысқа, жорыққа байланысты болады. Мұның өзі әрқашанда қорғауға және шабуыл жасауға дайындықта отыруын талап етті.
Сондықтан да олар өздерінің батылдыған, күштілігін және ептілігін дамытып отырды.
Мысалы: соғысу мақсатындағы ойын, “ аламыз бәйге” көп шоқпармен қаруланған екі салдаттың жекпе - жегі “ жамбы - ату” сияқты ойындар. Осы диплом жұмысында ұлттық спорт ойындарының түрлері көрестіледі және оларға талдау жасалады.
1927 жылы академик В. В. Бартольдтың - “История культурной жизни в Туркестане” - деген еңбегі жарық көрді. Тақырыптың атынан көріп отырғанымыздай мұның өзі де қазақ халқының мәдениетіне арналған жоқ. Мұнда көне заманнан бері Түркістан халықтарының материалдық және рухани тарихы түгелінен қаралады. Демек сүйікті өз отанының нағыз ұлттық мәдениетін жасау үшін, өз елін, өз халқының өткен мәдениетін тарихын оқып білу керек. Әр түрлі жағдайларда қазақтар ұлттық спорт ойындарының түрлері туралы мәліметтер М. Тәнікеевтің еңбегінде берілген. Сонымен қатар бұл еңбекте совет дәуіріндегі дене тәрбиесінің дамуының барысын көрсететін фактілер көрсетілген.
1974 жылы баспадан шыққан Ә. Бүркітбаевтың “Қазақтың ат спорты” туралы деген кітабы шықты. Мұнда қазақ халқының ұлттық ойындарының пайдасы жайлы айтылады.
Неғұрлым ересек балалардың өмірінен балалар үшін қызығылықты ойын бастауларды, жеңіл өлеңдерді, санамақтарды қамтитын әр түрлі қимылдар жасалатын халық ойындары орын алды.
Қазақ халқы - ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралған, сондықтан, көпшілігі бүгінгі күнге дейін жетпей, ұмыт қалып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталады. Оны алғаш жинап, Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Корпини болды. ХІІІ ғасырда Европа халқына Монғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан П. Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген ру - тайпалардың тұрмысы, әдет - ғұрыптары, ойын - сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинаған.
Одан кейінгі деректерді біз италияндық И. Новокалеискийдің, италияндық Марко Поланың, австралиялық С. Герберштейннің, орыс саяхатшысы П. И. Рычковтың, орыс ғалымы С. Полостың, венгер зерттеушісі А. Вамберидің, неміс этнографы Р. Картуцканың,, неміс ғалымы Гумбольдтың, поляк Б. Зелинскийдің т. б. жазбаланынан кездестіреміз.
Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинаған және оның ішінде ұлт ойнының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар А. Покройский, И. Ивановский, А. Алекторов, Ә. Диваев, А. Гарячкин, К. Ходырев, Е. Букин, О. Әлжанов, т. б. болды.
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты т. б. мінез - құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш - қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары прициптеріне негізделген.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, т. б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.
Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шарушылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды.
Қазақ халқының өмірінде ойын араласпаған бірді - бір тұрмыс шарушылық саласы жоқ десе де болады.
Қазақ халқының фольклорын, ұлт ойындарын жинаушы этнограф Ә. Диваев өзінің “ Қырғыз ( қазақ ) балаларының ойыны” деген еңбегінде оның бала тәрбиелеудегі маңызын айта келіп, сол кездегі қалыптасқан әдет - ғұрып жас ерекшелігіне қарай жасөспірімдерді негізінен үш топқа бөледі: бір жастан жетіге дейін - нәресте, жеті жастан он бес жасқа дейін - бозбала, ал он бестен отызға дейін - жігіт. Осының негізінде қазақ ойындарын да сәбилер ойыны, бозбала ойыны және жігіттер ойыны деп негізінен үш топқа бөледі.
Сонымен бірге Ә. Диваев мынаны атап көрсеткен: “ . . . бұл жерде менің айтарым, егер қыз баланың қолдан жасайтын қуыршақтары мен әр балалардың ойыншығы мүлде жоқ”.
Қазақтың ұлт ойындарының көбі дер кезінде қағаз бетіне түсіп үлгермегендіктен, бүгін ұмыт болған. Сәбит Мұқанов өзінің “Өмір мектебі” атты мемуарлық еңбегінде ертеректе “Орда” атты есеппен аталатын асық ойыны болғанын бірнеше рет атап өтеді. “Орда” атты асық ойыны қырғыз халқында да болған. Сондай - ақ Б. Төтенаев “Қазақтың ұлт ойындары” деген кітапшасында аты ғана сақталып қалған ойындардың аса бір маңыздыларының бірі деп “Абылайдың алты ағашы” атты ойынды атап көрсеткен. Дер кезінде қағаз бетіне түспей, жинаушылардың көзінен таса қалған ойындар әлі де көптеп кездеседі. Солардың арасында “Сары құлан”, “Сарыала қаз”, “Ақ аю”, “Ағызбақ”, “Бақай пісті”, “Жылмаң”, “Топай”, т. б. ойындар бар.
Дегенмен, халық ойынының неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімділік жақтарын да көре білді.
Белгілі педагог Н. К. Крупская өзінің “ Ұлт оқулығы” деген еңбегінде ұлт ойындарын жоғары бағалап, олардың зор мүмкіндіктеріне тоқтай келіп, былай деп жазды: “ Әрбір ұлттың аса қызық тұрмыс ойындары бар. Дәл көздей білу, атқа шаба білу, нысанаға тигізе білу осындай ойындарға жатады.
Бізге осының өзі қазақ халқының ұлт ойындарына әдейіленіп айтқандай әсер етеді.
Қазақтың ұлт ойындарының бірқыдыруы “ ойлануды қажет ететін ойындарға” жатады. Олар көбінесе, логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделген. Солардың төресі “ тоғыз құмалақ”.
“ Тоғыз құмалақ” ойынының фотосуреті мен ойнау тәртібін қиғиз бетіне алғаш түсірген этнограф Н. Пантусов 1906 жылы: “ Бұл ойын өте көне және кім ойлап тапқаны белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына тегіс таралған” деп жазды.
Қазір бұл ойынның тарихы жайлы Н. Пантусовтың көрсеткенінен гөрі анығырақ айтуға болатын тың деректер ашылды.
Көрнекті ғалым Ғ. Мұсабаевтың этнографиялық зерттеулері нәтижесінде “ Тоғыз құмалақтың” тас бетіне қашалып салынған таңбалары табылды. Ғалым мұны біздің заманымыздан бұрын салынған суреттермен қатарлас қарап, көне дәуірге жатқызады. Оймен келетін ойындарды сөз еткенде шахмат, дойбы ойындарына тоқталмасқа болмайды.
Өйткені Н. Пантусов жоғарыда аталған еңбегінде дойбы ойыны қазақтарда бар, бірақ ол біздікі, европалақ ойын дейді. Ал бүкіл пікірді теріске шығаратын деректер қазірде баршылық .
“ Мұнымен қоймай, ” деп жазды Ғ. Мұсабаев - шахмат, дойбы тақтасын таудың басына қашап сызғанын да көрдік. Шахмат, дойбы қазақтар мекендеген жерде ежелгі түрік заманынан белгілі екенін көрсететін деректер де бар.
Ғылыми зертеушілер Б. Төтенаев, Е. Сағындықов және басқалар өз жұмыстарында көп қырлы мәселенің түрлі жақтарын баяндайды. Бұл тақырып бойынша ғылыми әдебиет соңғы жылдары жаңа зерттеулермен толықты.
1. 2 Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың маңызы.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрлі, әдет - ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасағын қимылына сенімі артады.
Ұлттық ойындар өзінің бастауын халықтық педагогиканың тұңғиығынан алады. Сәби жасынан бала өзінің алғашқы жасаған қимылдарымен байланысты әсем ойыншықтармен ойнап, әзілдерді, күлдіргілерді естіп, қызық ойындарға кенеліп тәрбиеленеді.
Баланың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, ұйымдастырушылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады.
Бастауыш мектептердегі балалардың дене тәрбиесі процесінде қозғалмалы ойындарға жетекші роль беріледі. Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінді көп қозғалысты ойындар сауықтыру және тәрбие, білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік ашады.
Ол бала денесінің дамуына және сауығуына жан - жақты ықпал жасайды. Ойын процесінде балалардың қозғалғыш ширақтығы бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді, өмірлік тонустарын арттырады. Қимыл - қозғалыс ойындарын өткізу кезінде қол жеткен сауықтыру тиімділігі балалардың ойнау әрекеті процесінде пайда болған және баланың психикасына ізгілікті әсер ететін жағымды эмоциямен тығыз байланысты.
Қимыл - қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді.
Қимыл - қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл дағдыларын тірек ететін әр алуан ойын қимылдары оларға қолайлы дәлдікпен, қалыптылықтан, ептіліктен, ерекше мәнерліліктен көрінеді.
Ойындардың, әсіресе, халық ойындарының эстетикалық сипаты ойын бастаумен, әңгімелесумен, санамақпен байи түседі.
Балаларға музыка ерекше эстетикалық ықпал жасайды: ол балаларды жігерлендіреді, олардың көңіл - күйін біріктіреді, қимылға эстетикалық сипат береді.
Музыканың қимыл ойындарына енгізілуі, ең алдымен, оның эстетикалық - тәрбиелік ролін атқаруы керек. Балалардың музыкалық шығарманың ерекшелігі мен формасына сай қимылдауы маңызды. Осыны ескеріп, музыканы ойынның жекелеген бөлімдеріне енгізу керек.
Сөйтіп, эмоционалды - сауықтыру, танып - білу және тәрбие компоненттерінің қимыл ойындарына енгізілген бүкіл жиынтығын пайдалану жан - жақты тәрбие беру міндетін жүзеге асыруға көмектеседі.
Қимыл - қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасындағы балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет саласын туғызуы - осылардың бәрі қимыл - қозғалыс ойындарын балалардың күнделікті өмірінің ажырағысыз бағалы серігі ретінде айқындайды. Қимыл - қозғалыс ойындарын өткізу кезінде қол жеткен сауықтыру тиімділігі балалардың ойнау әрекеті процесінде пайда болған және баланың психикасын ізгілікті әсер ететін жағымды эмоциямен тығыз байланысты. Эмоциялық өрлеу балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын туғызады және тапсырман айқын түсінуінен қимылдардың жақсы үйлесімімен, кеңістікте және ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар белгіленуінен, тапсырманы жедел қарқынмен орындауынан көрінеді. Мақсатқа жетуге ұмтылу қуынышы баураған балалардың осындай әуестенуі кезінде әр түрлі кедергілерді жеңуге көмектесетін жігердің ролі артады.
Спорттық ойындар нышандары қолданыдатын ойындарға жатытындар - волейбол, баскетбол, бадминтон, городки, үстелде ойналатын теннис, хоккей, футбол.
Сюжетті қимыл - қозғалыс ойындары шартты формада өмірлік немесе ертегі оқиғасын бейнелейді. Балаларды ойында шығармашылықпен көрінетін ойын бейнелері қызықтырады.
Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болып келеді.
Ұлт ойындары тақырыбына, мазмұнына, көздеген мақсатына байланысты, негізінен, үш салаға бөлінеді. Атап айтқанда: ойын - сауық, тұрмыс - салт ойындары жәе оймен келетін ойындар. Швндап келгенде ұлт ойындары - ауыз әдебиетінің бір саласы. Олай болса, ұлан байтақ қазақ даласына ауызекі тарай келіп, ол түрленіп, өзгеріп отырған. Осыған орай, халық арасына кең тараған кейбір ойындардың бірнеше түрлерін қоса беруді жөн көрдік. Өйткені, олардың мазмұны кеңейіп, әрлене түседі. Жан - жануарларды бейнелейтін ойындардың кейбіреуі тұрмыстық, ойын - сауықтық мақсатта берілсе, кейбірі дене шынықтыру, спорттық мақсатты көздейді.
Ойын тегінде адам баласының ұжымдық шығармашылығы және орындалуы да көбіне ұжымдық түрде болғандықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым - қатынасқа әрекеттенуге, тәрбиеленуге мүмкіндік мол.
Ойынның тіл дамытудағы ролі ерекше. М. Горький айтқандай, бала сөзбен де ойнайды. Ол сөзбен ойнағанда, өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады.
Сонымен, нақтылай айтсақ, ұлт ойындары, тіпті жалпы ойын атаулы, біздің пікірімізше, тіл меңгерудің құралдарының бірі болып табылады. Ойын үстінде бала ешнәрсеге тәуелсіз. Өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз - барлық дамудың баспалдағы. Олай болса тәрбиенің баға жетпес құралы ретінде де ойынның айтарлықтай ролі бар. Ойын үстінде бала тілдің ішкі иірімдерін, ойлау жүйелерін, сөз қолдану әдістерін, сөйлеу дәстүрлерін, тілдік психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, еркін білуге мүмкіндік алады.
Бастауыш мектепте дене тәрбие барысында баланың психологиялық, физиологиялық, ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып мына мәселелерге қатты көңіл аударуды жөн деп санаймыз.
- Баланың мектепке дейінгі білім деңгейі, ұғымы, танымы еске алыну керек. Оқушының мектепке дейінгі тәрбиесі дағдысы оны қоршаған ортамен байланысты. Сондықтан мектеп қабырғысындағы дене шынықтыру сабағы мектепке дейінгі алған қимыл - қозғалыс дағдысына ұштастырып жүргізілуі керек.
- Бастауыш мектепте берілетін дене шынықтыру бағыты, ондағы өткізілетін қимыл - қозғалыс жаттығу ойындар болашақ орта мектепте жүргізілетін дене шынықтыру сабағына бағытталып жүргізілуі тиісті.
- Ойдың дамуы тіл арқылы жүзеге асатынын естен шығармай, дене тәрбие сабағында баланың түсінуіне жеңіл келетін термин - атаулардың ана тілінде дамып қалыптасуына ерекше жағдай жасалған жөн.
- Баланың үздіксіз дамуына ескере қолайлы жағдай туғызу мақсатында, әр сабақта белгілі бір пәнаралық байланыстарды жүзеге асырып отыру қажет.
- Баланың бойынан үйлесімділік табу үшін, әр күнгі дене шынықтыру сабақтарының кезеңдері мен элементтері арасында өзара байланыстылық болуы керек, ол үшін сабақтың кіріспе бөлімінде қолданылған жаттығу, қимыл, құралдар, негізгі бөлімде іске асырылып отыруы тиіс, ол - сабақтың құнды өтуінің кепілі.
- Дене шынықтыруға бағытталған қимыл - қозғалыс ойындары, жаттығулар балаға таныс, өздері білетін, қоршаған ортадан алынған болуы керек.
- Дене шынықтыру сабағындағы қолданылатын құралдар ( қамшы, доп, арқан, белбен, тұсау, асық, тұғыр т. б. ) балаға таныс табиғи күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген болса, тіпті жақсы. Дене шынықтыру сабағының жақсы, сапалы жүргізілуі, ол оқытушының іскерлігіне, іздемпаздығына, біліміне тікелей байланысты екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
- Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабағының мазмұнды болуы, оның шындық өмірден алынуы, немесе шындыққа жалғасуы оқушылардың бұл пәнге деген қызығуына себепші болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz