Көмірмен сурет салу


МАЗМҰНЫ
І ТАРАУ.
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ РОЛІ МЕН МАҢЫЗЫ . . .
ІІ ТАРАУ.
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
ІІІ ТАРАУ.
СУРЕТ ДӘРІСХАНАСЫ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ПӘНІ . . .
К І Р І С П Е
Бейнелеу өнерінің даму жолы бірнеше ғасырларға созылған. Даму барысында жаңаша ойлар қалыптасты. Грекия, Мысыр, Россияда көркем сурет, сәулет өнерінің қалай дамығандығы, олардың дамуына кімдер ықпал еткендігі айтылады. Сол кездердегі өнер храм мен сарайларды сәулеттендіруден басталды. Өнеріді одан әрі дамыту үшін академиялық мектептер ашылып, шебер суретшілердің шығуына ықпал етті. Академия шәкірттері бүкіл әлемге өнерді тәрбиелеудің қаңдай деңгейде дамығанын көрсете білу.
Көркемсурет педагогикасының әдістемелік нұсқаулары берілді, яғни толық фигураны, жалаңаштанған денені, көркемдеудің қаңдай әдістері мен тәсілдері бар екендігі, тәрбиелік кеңестер беріліп жазылған.
Суретті салуда сауатты болуға үйретудің мәні бар. Бейнелеу теориясын меңгеріп қана қоймай, оны практикалық жүзеге асыруда шеберлікті меңгере отырып, орындау керектігі айтылады. Суретші педагогтардың ақыл-кеңестері, сурет салу барысында шеберлікке қалай ие болу керектігін, алған жерлерін салған сурет арқылы беруді үйрете отырып, жас үйреніп жүрген суретшіге бағыт береді. Практикалық жаттығуларды мұқият орындау керек. Сонда ғана табысты нәтижеге жетуге болады. Бір практикалық жұмысты дұрыс орындамаса, келесі жұмысқа көшу, оны түсіну, дұрыс беру мүмкін еместігі ашылып жазылған. Студенттер өздерінің қалталарында нобайлар үшін емес және этюд үшін кішкене альбом салып жүру керектігі, яғни дағды мен шеберлікті қалыптастыру барысында қолдың жаттығуына көп көмек керектері ойсыз. Сонымен бірге көрген, білгенді. Қиялдағыны қағаз бетіне дәл түсірудің өзі шеберліктің бірі болып табылады.
Сурет көрінісінде кескіндеменің алатын ролі айтылған. Заттарды бейнелеуде тон мен түс қатынасын, кеңестікті тиімді пайдалану керектігі жазылған. Кескіндемелік этюдта негізгі мәселе пластикалық форманы көрсету болып табылатындығы белгілі. Жарық - көлеңке заңдылығы, форманын сезімі суретті меңгеру барысында жасалынады.
Белгілі суретшілердің шығармаларын көшіріп алуды көмекші құрал ретінде қолдануға болатыны, бірақ оны жиі қолданудың тиімсіздігі ашық түрде берілген. Студенттердің сурет салу барысында өз таңдау болатынын, мысалы, тондық суретті емес, конструкциялық суретті қалайтындығын көруге болады.
Көрнекілікті оқытудың ең сенімді тәсілі әрине суретші педагогтың қолындағы бояу жаққыш жеке басының практикалығын кескіндемені бейнелеуде немесе оның жеке техникалық әдіс-тәсілдерінің процесінде көрсету болып табылады.
Кескіндеме заңдылығының көрнекілігін ашуда ерекше рольді, оның кескіндеме шығармасының тұс қатарын құрудағы колорит есебінде арнайы көрсетілетін модельдер орында алады.
Натюрморт көшіріп алу методы арқылы кескіндемені түсіну үшін шексіз бағалы материал болып табылады. реалистік бейнелеу сауатына кәсчіптік шеберлікке оқытудан басқа, студент өнердің жалпы мәселелерін, практика ұсынып отырған талас сұрақтарға, қазіргі көркемсурет өмірінде бағыт таба білуге деген мәселелерді ажырата білуі керек. Конкурс - бұл студент өз ойын айта алатын өзінің білімі мен тәжірибесін көрсете алатын, өздік шығармалық жұмыс. Конкурсқа студент кезінен бастап қатысу болашақ суретші-педагогтар үшін пайдалы.
Біздің табиғатта көрген нәрселеріміздің суретін сала білуіміз немесе мүсін жасай білуіміз (тастан тағы басқадан) бейнелеу өнері деп аталады.
Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте үлкен, оның қоғам өміріндегі ролі аса зор.
Көркем шығармалар бізді айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймайды, өзімізді өзіміз жете түсінуге де себін тигізеді, біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімдерімізге де игі әсерін тигізеді. Көркем шығармалардың қоғамдық маңызының үлкен екендігі осында.
Көркем шығармалар бізді ертедегі болған оқиғалармен, әлдеқашанғы замандарда немесе бертінде өмір сүрген ел-жұрттың тұрмысымен таныстырады. Көркем шығармалар өткендегіні көз алдымызға алып келгендей болады.
Бейнелеу өнері бізге өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Суретшінің салған нәрселерінің, оқиғаларының куәсындай боламыз.
Көркемөнер біздің өз тәжірибесізді өмірден алынған айқын да терең мағыналы суреттермен байыта түсуімен қабат, бізді дұрыс өмір сүруге, болып жатқан оқиғаларды дұрысырақ түсіне білуге үйретеді, өзімізді жақсырақ, ақылдырақ, демек, бақыттырақ етеді.
Суретші өзінің шығармаларында өмірді еш уақытта парықсыз көрсете алмайды. Ол өзінің шығармасында сол нәрсеге қандай көзбен қарайтындығын суреттейді, өзінің өмірде нені өте сұлу, нені көріксіз, жексұрын деп ұғынатынын жұртқа көрсетеді.
Суретшінің сұлулықты дұрыс түсіне білуінің маңызы, әрине, зор. Сұлулықты сан қилы пікірлер мен алуан түрлі талғамдардың жиынтығы деп, әр адам өзінше түсінетін нәрсе деп қарауға болмайды.
Халықты сүюшілік, оның бостандығы мен гүлденуі үшін күрес - міне, тамаша сұлулық осындай. өзінің барлық еңбегін адамзат игілігіне сарып етуші адам - тамаша сұлу адам. Ерлік, адалдық, айнымас достық сияқты сипаттар - тамаша сұлу қасиеттер. Осы қасиеттерге қарсы сипаттардың барлығы жиренішті нәрселер десек, жаңылғандық болмас еді.
Суретшінің өмір шындығын түсінуі, оның өмірді шығармасында көрсетуімен тығыз байланысты. Қалайда суретшінің көзқарасы оның шығармасынан көрініп тұруы тиіс. Реалистік көркемөнердің заңы сондай.
Буржуазиялық көркемөнер сыншылары әдетте көркемөнер мен өмір шындығының қатысы болмауға тиіс, суретшінің зор міндеті - жұрттың қоғамдық тіршілігіне араласпауында деп уағыздайды.
Сондықтан да буржуазиялық елдердегі қазіргі формалистік көркемөнер ақиқат тұрмысты шектеп тыс бұрмалайды немесе оны көрсетуден мүлдем бас тартады; «дерексіз көркемөнер» дегеннен мұны айқын көруге болады.
Көркемөнер қоғамдық пікір тартысында қашан болса да зор күш болып келді, солай болады да, өйткені көркемөнер адам санасына күшті әсер етеді, сол сананы прогрестік рухта қалыптастырады, әділеттілікті табуға көмектеседі, өмір қойған сұрақтарға дұрыс жауап табуға себепші болады, халықтардың реакцияға, езушілікке қарсы күресінде жәрдемдеседі.
Зерттеудің басты мақсаты - бейнелеу өнері заттарының технологиясы және терминологиясы жайлы және олардың теориялық, практикалық жағынан іске асыру. Бейнелеу өнері кабинетін жабдықтау барысында суреттің орны. Осы мақсаттарды іске асыру үшін бірнеше міндеттерді орындау қажет.
- Оқушыларды бейнелеу өнерге баулудың теориясының негізі;
- Сурет өнерін жоғары сынып оқушыларына үйретудің әдістемелері;
- Сурет өнерінің тарихын зерттеу және олардың анықтамалары;
- Бейнелеу өнері кабинетінде құрал жабдықтар атаулары;
- Сурет салуда сурет кабинетінде керекті құрал жабдықтар;
Жұмыстың болжамы:
Оқушыларға бейнелеу өнері заттарының технологиясын және терминологиясын жете меңгерту. Бейнелеу өнері кабинетін жаңаша безендіру.
Зерттеудің жаңалығы:
- Бейнелеу өнері кабинетінің өзіне тән ерекшеліктерін зерттеу;
- Сурет өнері түрлерінің мектепте өтілетін формаларын зерттеу.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы және нәтижелердің практикалық құндылығы:
- сурет материалдарының түрлері, құрал-саймандары, техникалық ерекшеліктерді анықтау, сурет сабағында түс-түрлерінің үйлесімдерін мұқият талдауды үйрену. Бейнелеу өнері кабинетінің жаңаша безендендіру технологиясын болашақ мұғалімдерге үйрету.
І ТАРАУ.
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ РОЛІ МЕН МАҢЫЗЫ.
1. 1. Бейнелеу өнерінің даму тарихы.
Адам баласының қоршаған ортаны бейнелеуге ынтасы ежелгі дәуірлерден басталған. Оған алғашқы адамдардың сүйектерге, мамонт мүйіздеріне және үңгірлерге бейнелеген суреттері дәлел. Ол бейнелер сол кездегі адамдардың тұрмыс-тіршілігін, қоршаған орта туралы көзқарасын көрсетеді. Біртіндеп осы бейнелер негізінде жазу пайда болды. Сөз жоқ, алғашқы адамдар жасаған бейнелеу өнерінің үлгілері аяқ астынан пайда болған жетістік емес, ол көптеген жылдар бойы дамып жетілген тәжірибе мен дәстүрдің жемісі болатын.
Алғашқы сурет салуға үйрену тікелей көргенді қайталау, яғни көргенді көшіру еді. Алғашқы бейнелер үлкендердің тіршілік үшін жасаған еңбек процесіне, тіршілік көзі болған табиғатқа, жануарларға байланысты болды.
Неолит дәуіріндегі (б. з. б. 5-6 мың. ж. ) жер өеңдеу мен қолөнердің пайда болуы адамдардың өнерге деген көзқарасын мүлдем өзгертті. Адамның сурет сала білу шеберлігі, қолөнер бұйымдарын, соның ішінде қыштан жасалған бұйымдарды безендіру басталды.
Нағыз өнерге оқыту, мектепте ұйымдастыру тек өркениет дәуірінде пайда бола бастады. Оған дәлел ретінде ежелгі Мысырда (Египет) дамыған жоғары дәрежелі мәденитті қарастыруға болады.
Тарихи деректер бойынша ежелгі Мысырда сурет салу мектепте сызу пәнімен қатар оқытылғанын білуге болады. Мектеп бітіруші жерді өлшеуді, бөлме жобасын, су құбырының кестесін сызуды білуге міндетті болды.
Мысыр мектептерінде оқушыларға сурет салуды оқытуға ерекше көңіл бөлінді, өйткені иероглифтік жазу әр түрлі заттар бейнелерінен тұрды. Мысалға А әрпі құс бейнесінде, Б әрпі адамның аяғының бейнесінде салынды (сурет) .
Мысыр мектебі.
Тәрбиелеу мен оқыту тәртібі бұл мектептерде өте қатал болды: мектеп немесе оқушы ережесін болмашы бұзушыларды таяқпен соққыға алып жазалауға дейін барды, тіпті кей жағдайларда оқушының қол-аяғын байлап ғибадатханалардың қараңғы бөлмесіне ұзақ уақытқа қамады. Ол мектептер заңында былай делінген: «Күнделікті жұмысқа ынталы бол, жігерлі бол. Бір күн де ерінбе, болмаса соққыға жығыласың».
Оқыту әдісі мен тәртібі барлық суретші педагогтарда бірдей болды. Алғашқыда болып ежелгі мысырлықтар жас ұрпақты сурет салу дағдысына оқытуда белгілі бір жүйеге негізделген теориялық заңдылықтарды жасай бастады. Олар сурет салуға оқыту процесін қоршаған ортаны тануға байқауға емес, сызбаларды, қағадаларды (канондарды) жаттау арқылы үлгілерді көшіруге негіздейді.
Ал Ежелгі Грек суретшілері оқыту мен тәрбие мәселесіне жаңаша тұрғыдан қарады. Олар қоршаған ортадағы өсімдікке, табиғи құбылыстарға көңіл бөлу қажеттілігін мойындап, бейнелеу өнерін оқытудың өзіндік ережелерін жасады. Гректер әдеміліктің мәні сымбаттылық, симметриялық, бөліктердің тұтастық үндестігі, дұрыс математикалық тепе-теңділік деп тұжырымдады.
Грекияда б. з. д. IV ғасырда бірнеше сурет мектептері болды. Олар - Сикиондық, Эфестік және Фивандық мектептер. Бұл мектептер әр түрлі әдістемелік бағыт ұстады. Фивандық мектеп жарық, көлеңке арқылы өмір шындығын және елесті көрсетуге бағытталды. Эфестік мектепте сыртқы сұлулыққа және табиғатты көркемдік тұрғыдан қабылдауға, соның ішінде шығармашылық, эстетикалық шабытқа үлкен мән берілді.
Сикиондық сурет мектебі жаратылыстанудың ғылыми мәліметтеріне және табиғат заңдарына негізделді. Сикион сурет мектебі оқыту әдістемесінің дамуына ғана емес, сонымен қатар жалпы бейнелеу өнерінің дамуына үлкен әсер етті. Бұл мектеп оқыту әдістемесін ғылыми негізде құрып, оқушыны табиғатты зерттеуге, оның заңдылықтарын ашуға жетелеп, табиғат сұлулығына деген сүйіспеншілік көзқарасын тәрбиелейді.
Сикиондық мектептен Памфил, Мелантий Павзий және ұлы Апелес сияқты атақты сурешілер шықты. Сикиондық мектептің басшысы болған Памфилдың арқасында сурет салуға оқытудың міндеті өмір шындығындағы заттарды тек көшіріп бейнелеу ғана емес, сонымен қатар, ол заттардың құрылысының заңдылықтарын зерттеп, тану екендігін алғаш рет Памфил дәлелдеді.
Ежелгі Римде де өнерге, соның ішінде бейнелеу өнеріне өте үлкен сүйіспеншіліпен қарады. Ауқатты адамдар грек суретшілерінің туындыларынан коллекциялар жинап, тіпті ақсүйектер мен үкімет қызметкерлері сурет және кескіндемемен (живопись) айналысты. Суретке оқыту Римдегі жалпы білім беру мектептерінде жүргізіллі.
Бірақ Римдіктер грек суретші педагогтарының жасаған бейнелеуге оқыту әдістемесін одан әрі дамытып жетілдірмеді, керісінше, кейбір оқыту әдістерін олар сақтай алмады. Грек суретші -педагогтары бейнелеу өнерінің басты мәселелерін шешуге талпынып, өз шәкірттерін бейнелеуге оқыту ғылым арқылы игеруге шақырып, бейнелеуге ұсақ кәсіп ретінде емес үлкен шығармашылық өнер ретінде қарау керектігін түсіндірсе, ал Рим империясының суретші-педагогтарын бейнелеу өнерін оқыту одан әрі дамыту мәселелері көп алаңдатады. Олар бейнелеу өнеріне ұсақ кәсіп ретінде қарап, бейнелеуге оқытуда тек үлгіден көшіру әдісімен шектеліп, ұлы грек шеберлерінің жұмыс тәсілдерін қайталады.
Сөйтіп римдік суретшілер гректер жасаған бейнелеуді оқыту әдістемелерін біртіндеп жоғалта бастады.
Ұлы Рим империясы құлаған соң орта ғасырда шынайы өнер жетістіктері мүлдем жоққа шығарылды. Суретшілер бейнені жазықтық бетінде тұрғызу ережелерін, гректер жасаған оқыту әдістерін (император Константин және папы Сильвестр тұсында) білмеді. Ағарту ісінің қарсы болған христиан шіркеулері грек шеберлерінің теориялық еңбектерін, сонымен қатар бейнелеу өнерінің аса құнды туындыларын аяусыз құртып талқандады. Өнерге деген сүйіспеншілік, өнерге табынушылық деп танылып қудаланды.
ІХ-ХІ ғасырлардағы дағдарыс-тоқыраудан кейінгі қайта өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің және оны оқыті әдістемесінің даму тарихына үлкен әсерін тигізді.
Бейнелеу мәселелері мен Ченнини Ченнино, Альберти, Леонардо да Винчи, Дюрер және т. б. бейнелеу өнерінің шеберлері айналыса бастады. Олар табиғи құбылыстар заңддылықтарын түсіну мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, бейнелеу өнерін ғылыммен байланыстырды. Жұмыстың нәтижелі болуына археологиялық қазбалардан табылған өнер үлгілері және Ежелгі Грекияның ұлы өнер жөніндегі тарихшылар қалдырған деректер көмектесті. Қайта өрлеу суретшілері антикалық өнер үлгілерін зерттеу барысында игерген теориялық білімдерін өздерінің шығарма, анатомия, пропорция ілімдерін зерттеп жетілдіруді басты мақсат етіп алды.
Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бейнелеуді оқыту әдістеріне байланысты біршама құнды пікірлер айтты. Олар бейнелеуді оқытудың негізі заттан қарай бейнелеу болу керек деді. Мысалға, Ченнино өзінің кескіндеме туралы трактатында «Байқасаң, салтанатты қақпа арқылы жетелеп өнерге апаратын ең жетілген жетекші - ол заттан қарай бейнелеу» деп жазған. Ченнино бейнелеуді оқытуда теориялық білім негіздерін игеру үшін мұғалімнің жүйеіл басшылығы қажет деп санады.
«Живопись туралы үш кітап» еңбегінде Леон Баттиста Альберти бірқатар құнды әдістемелік ережелер ұсынды. Ол бейнелеуді бмаңызды ғылыми пән ретінде қарастырды. өнерге оқытудың нәтижелі болуы ғылыми біліктілікке байланысты деп жазды. Альберти оқыту әдістемесіне ғылыми негіздеме бере отырып сурет салу тек қолды жаттықтыру емес, ақыл-ойды жаттықтыру деп қарастырды. Бұл қағиданы басшылыққа алып кейіннен Микеланджело «суретті қолмен емес баспен салады» деген болатын.
Альберти оқыту процесінің барлығын заттан қарап бейнелеуге байланысты құрауды ұсынды. Оның ұсынған әдістемелік оқыту жүйесіне көңіл аударсақ: бірінші нүктелер және түзу сызықтармен танысу, содан соң әрі түрлі бұрыштар, жазықтықтар, соңында көлемді денелермен таныстыруды ұсынған. Осыған орай «бейнелеуді енді ғана үйренуге кіріскен жастар бірінші әріптің бейнесін жеке-дара, яғни бұрынғылардың айтуынша элементтерін оқиды, содан соң буындарды оқиды, тек осыдан кейін сөзді қүрастыруды оқиды» деп жазды.
Альберти бірізділікті сақтай отырып, оқушыны сызықтық перспективаның негізгі қағидаларымен таныстырып ауа перспективасы жөнінде де әңгіме етеді. Оның жасаған кейбір ережелері әлі күнге дейін бейнелеу өнерін оқытуда қолданылып келеді. Әрине бейнелеуді оқыту әдістерінің одан әрі жетілуінің нәтижесінде Альбертидің бірқатар әдістері қате деп табылды. Ол екінші кітабындағы сурет салуда ілмені (завес) пайдалануды ұсынуы еді.
А. Дюрер. Перспективаны салу.
Ілмені пайдалану әдісіне дәлірек тоқталатын болсақ, бейнеленетін зат пен суретшінің арасына кергішке керілген мөлдір қағаз (калька) немесе жұқа мөлдір мата (кисея), кей жағдайда жіптерден торлап керілген кергіш қойылды. Суретті нәрсені әдейі әзірленген көздеу құралы арқылы нысанаға ала отырып ілме бетіне түсірді. Бұл әдіс перспектива заңдылықтарын дәл сақтап бейнелеуге мүмкіндік жасады, сонымен қатар айтарлықтай кемшілігі де болды: ол сурет салуды механикалық жобалауға айналдырды.
Дегенмен ХV ғасырда бейнелеу әдістемесінің дамуына суретші-ағартушы Альбертидің қосқан үлесі зор болды. Бейнелеу әдістемесінің дамуына үлкен әсерін тигізген Леонардо да Винчидің «Живопись туралы кітап» еңбегін айтыға болады. Альберти сияқты Леонардо да Винчи де бейнелеуге негізгі ғылыми пән ретінде қарады. Леонардо «ілме» арқылы бейнелеу тәсілі оқышыларға зиян екенін айтып: «Бұл ойластырылған құралдан бас тарту керек, өздігінен сурет сала алмайтын адамдар үшін бұл бағыт ақыл-ойларына зиян келтіреді және оның көмегінсіз ешбір жақсы дүние жасай алмайды» деп жазды.
Леонардоның болыды әдістерінің бірі өткен жаңа материады бекіту мақсатында есте сақтау арқылы сурет салу болды. Ол «Егер сен жаңа танысқан нәрсені жақсы есіңде сақтағың келсе, онда мына тәсілді пайдалан: бір нәрсені бірнеше мәрте көшіріп салған соң, ол есінде қалды деп ойласаң, онда оны үлгіден қарамай бейнелеп көр», - деп жазды.
Қайта өрлеу дәуірінің ұлы неміс суретшісі Альбрехт Дюрер бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі жөнінде, сондай-ақ жалпы өнер мәселелерә жөнінде аса құнды теориялық еңбектер қалдырды. Ол өзінің « . . . кімде-кім өзі нені болса да білсе, қажет еткен өзгелерге соны оқыту керек» деген гуманистік көзқарасымен де ерекшеленеді.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне енгізген Дюрердің «көлемді жалпылау» әдісі аса құнды жетістік болды. Сол кездегі ағартушы-суретшілер кеңінен пайдаланған бұл әдіс қазіргі кезде бе бейнелеуге оқытудың классикалық әдістерінің бірі ретінде қолданылып жүр.
А. Дюрер. Бастың сызықтық-құрылымдық суреті.
Осыған дәлірек тоқталатын болсақ: адам саусақтарын білезік буынына дейінгі бейнесін перспективада дұрыс бейнелеу өте қиын, ал оқуды жаңа бастаған адамға мүлдем алынбайтын қамал тәрізді. Осы қиындықты жеңілдету үшін қол саусақтарын бірінші қарапайым геометриялық пішінге айналдырып, яғни «көлемді жалпылап» бейнелеуді жеңілдету мақсатында Дюрер бейнелеудің алғашқы сатысында қолданылатын әр түрлі геометриялық пішіндерден тұратын, ағаштан шабылып жасалған тәрізді адам басының үлгісін жасады. Ол үлгі обрубовка деген атпен әлі де көптеген оқу орындарында пайдаланылып келеді.
А. Дюрер. Обрубовка.
Дюрердің күрделі пішіндергі талдау (анализ) жасау және адам басының құрылысын зерттеу ережелері қазіргі кездегі бейнелеу өнерін оқыту арналған әдістемелік әдебиеттердің барлығында дерлік кездеседі. Ол жалпы педагогика және оқыту мен тәрбиелеу мәселелері жөнінде де бірқатар пікірлер қалдырды.
Қайта өрлеу дәуірі суртешілерінің ісін қорытындылай келіп, олардың біріншіден, бейнелеу ережелерінің ғылыми-теориялық негіздерін жасаудағы шексіз еңбектерін атауға болады. Олардың перспектива заңдылықтары жөніндегі еңбектері кеңістіктегі үш өлшемді нәрселерді жазықтық бетіне бейнелеудегі қиындықтарды жеңуге көмегін тигізді.
Кейбір қайта өрлеу дәуірінің суретшілері барлық уақытын перспектива, жарық, көлеңке, пропорциялық заңдылықтарды ғылыми тұрғыдан зерттеуге арнады. Қайта өрлеу дәуірінің шеберлері практик-суретшілерге ғана емес, сонымен қатар педагогтарға бейнелеу өнерінің аса құнды үлгілерін, ереде заңдылықтарын қалдырғанмен, олар өз алдарына оқыту мен тәрбие жүйесін жасауды мақсат етіп қоймады.
Бұл маңызды жұмыспен ХVІ ғасырдың аяғында ашылған Көркем Академия айналыса бастады. Осы уақыттан бастап бейнелеуге оқыту арнаулы оқу орындарында жүргізілді.
ХVІІ ғасыр бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихындағы жаңа педагогикалық жүйе академиялық жүйенің қалыптасу кезеңі болды. Жаңа жүйе тек оқушыларға ғана емес, сонымен қатар педагогке де нақты талаптар қоя бастады. Оқыту әдістемесі және тәрбие табылып, академия ұстаздары «өнер, суретші жетістігі - ол құайдың сыйы емес, еңбек пен ғылыми танымның нәтижесі» деп уағыздады.
Академиялық жүйемен оқытудың ерекшелігі өнерге оқыту, ғылыми ағарту және биік мақсаттарға тәрбиелеумен қатар жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz