ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘЖБҮРЛЕУДІҢ ТҮСІНІГІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Бұлтартпау шараларды қолдану заңдылығына прокурорлық қадағалау»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1. ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘЖБҮРЛЕУ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ

  1. ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘЖБҮРЛЕУДІҢ ТҮСІНІГІ6

1. 2 ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘЖБҮРЛЕУДІҢ МАҚСАТТАРЫ, НЕГІЗДЕРІ …. . 26

1. 3 БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. . 30

2. БҰЛТАРТПАУШАРАНЫҢ ҚОЛДАНУ ЗАҢДЫЛЫҒЫНА ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ

2. 1 ЕШҚАЙДА КЕТПЕУ ЖӘНЕ ӨЗІН ДҰРЫС ҰСТАУ ТУРАЛЫ ҚОЛХАТ БЕРУ, ЖЕКЕ КЕПІЛДІК ҚОЛДАНУ ЗАҢДЫЛЫҒЫНА ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ41

2. 2 ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР КОМАНДОВАНИЕСІНІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ БАЙҚАУЫ, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДЫ ҚАРАУЫНА БЕРУ БҰЛТАРТПАУ ШАРАНЫ ҚОЛДАНУ ЗАҢДЫЛЫҒЫНА ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ43

2. 3 КЕПІЛ, ҮЙДЕ ҚАМАП ҰСТАУ БҰЛТАРТПАУ ШАРАНЫ ҚОЛДАНУ ЗАҢДЫЛЫҒЫНА ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ. 44

2. 4 ҚАМАУ ТҮРІНДЕГІ БҰЛТАРПАУ ШАРАНЫҢ ҚОЛДАНУ ЗАҢДЫЛЫҒЫНА ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ 51

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 1-тармағына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі [1] .

Қылмыстық процесте қоғамдық өмірдің басқа сферада сияқты адам құқығы және оған кепілдік берілуі мен заңдылығы өз алдына ажырамайтын байланыс құбылысын білдіреді. Адам құқықтары мен бостандықтарының сақталу дәрежесі қылмыстарды тергеуге және қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуге өкілеттігі заңмен көзделген қылмыстық қудалау органдар қызметіндегі заңдылық деңгейінің көрсеткішін көрсетеді. Алдын ала тергеу және анықтау органдарымен кең қолданылатын процессуалдық мәжбүрлеу шаралары аталған адамның конституциялық құқықтарын шектеумен сипатталады. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеуді қолдану кезіндегі құқықтық кепілдіктерді сақталуы және заңдылықты бұлжытпай орындауын қамтамасыз ету қажеттілігі әлеуметтік құндылықтарымен сипатталады.

Зерттеліп отырған дипломдық жұмыстың тақырыбы болып: «Бұлтартпау шараны қолдану заңдылығына прокурорлық қадағалау» табылады. Біз келтірілген мәселе төңірегінде қылмыстық процесте кең түрде қолданылатын процессуалдық мәжбүрлеу шаралардың құқықтық мәнін ашуын және оларды қолдану заңдылығын прокурорлық қадғалаудың негізгі бағыттарын ашып көрсеткен болатымыз.

Жоғарыда келтірілген тақырыбын дипломдық жұмыстың жүйесі бойынша ашып көрсетеміз. Дипломдық жұмыс II тараудан құралады.

I-тарауында: Процессуалдық мәжбүрлеудің түсінігі; Бұлтартпау шаралардың түсінігі және түрлері сияқты құқықтық институттардың құқықтық мәні ашылады.

II тарауында Бұлтартпау шараның ҚІЖК-нің 140-бабында келтірілген жеке түрлерін қолдану заңдылығына прокурорлық қадағалау бағыттары көрсетіледі.

Процессуалдық мәжбүрлеу деп- қылмыстық процестің алдына қойған мақсаттарға кедергісіз жетуіне бағытталған қылмыстық-құқықтық қатынастың қатысушыларға заң нормасында бекітілген арнайы ықпал ету тәсілдерінде көрінетін қылмыстық-процессуалдық реттеу әдісі ретінде түсінуге болады. Солардың ішінде болып қылмыстық процессуалдық бұлтартпау ерекше орынға ие. Қылмыстық процестегі бұлтартпау шаралары деп қылмыстық процесті жүргізуші орган заңда көзделген тәртіпте, яғни айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін жеке құқықтар мен бостандықтарды шектеумен байланысты, мүліктік кепілдігі мен жеке кепілдігін алумен және бақылау жолымен қолданылатын шаралар болып саналады. Олдарды қылмыстық процестің мақсаттарын шешу үшін қолданылуының әлеуметтік құныдлығы олардың заңдылық, негізділік және этикалық тұрғыдан жіберу белгісінде көрінеді.

Прокурорлық қадағалау функциялары Қазақстан Республикасы 1995 жылы 21 желтоқсандағы қабылданған Прокуратура туралы заңымен реттеледі. Осы заңның 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының прокуратурасы- Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президент Жарлықтарының және өзге нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган.

Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Прокуратурасымен алдын ала тергеу органдарымен қолданылатын процессуалдық бұлтартпау шараны қолдану кезінде заңның дәл қолданылуына және адамның конституциялық құқытары мен бостандықтарын сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру керек.

Аталған бұлтартпау шараның құқықтық мәні мен олардың қолдану заңдылығына прокурорлық қадағалау мәселені зерттеу нәтижесінде бізбен қолданылған әдебиеттерді үш топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топта біз Қазақстан Республикасы заңнама базасындағы нормативтік-құқықтық актілерін қолданылған едік. Оларға ҚР Конституциясы, ҚР Прокуратура туралы заңы, ҚІЖК және басқа заңға бағынышты актілері жатады. Екінші топтағы әдебиеттерге танымал процессуалист ғылымдарының еңбектері. Олдардың ішінде З. П. Еникеев, З. З Зинатулина, З. Ф. Коврига, А. Н. Ахпанов, С. К. Журсимбаев, В. И. Басков, Б. В. Коробейников және көптеген басқа ғылымдары. Үшінші топтағы әдебиеттерге біз қазіргі басылым беттеріне жарық көретін көптеген ғылымдардың мақалаларын келтіруге болады. Оларға М. Пакирдинов, К. Балтабаев, К. Ж. Капслямов және т. б.

Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараны алдын ала тергеу мен анықтама органдарымен қолданылуы және оған прокурордың қадағалау функциясына тәжірибе тұрғыдан анализ жасайтын болсақ, аталған сұрағын одан қарастыруы және зерттеуі қажет.

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты болып бұлтартпау шаранының қолдану заңдылығын прокурорлық қадағалау әдістері арқылы қаматамасыз ететін сұрақтарын зерттеуі болып табылады.

1. ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘЖБҮРЛЕУ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ

  1. ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘЖБҮРЛЕУДІҢ ТҮСІНІГІ

Қылмыстық іс жүргізу құқығы мемлекттік мәжбүрлеудің қолданылуы мүмкіндігін заң талаптарын орындамайтын тұлғаларға немесе осындай орындамауды алдын алу үшін көзделеді. Ол әр түрлі нысанда болады және әр түрлі мазмұнға иеленеді.

Бұл жеке тұлғалардың құқыққа қарсы іс-әрекеттермен күресуге және бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге бағытталған ықпал ету шаралары және іс жүргізуге қатысушылардың немесе өзге субъектілердің қылмыстық сот іс жүргізудің міндеттерін орындауға құқықтық қарсылығын бұлтартпауға немесе алдын алуға қолданылатын шаралар болуы мүмкін. Олар азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, қылмыстық-құқықтық және қылмыстық- процессуалдық мазмұнға иеленуі мүмкін. Іске қатысушы тұлғалардың жүріс-тұрысына ықпал ету әдісі ретінде қолданылатын қылмыстық процессуалдық сипаттағы шараларды қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шаралары деп аталады.

Басқа мемлекеттік мәжбүрлеу шараларынан қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шаралардың айырмашылығы болып, олар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде қолданылады және процессуалдық мазмұнға ие болады; мемлекеттің уәкілетті органдардың өз өкілеттігі шегінде қолданылады; іске қатысушы тұлғалардың іс-әрекеті қылмыстық істі объективті тергеуге бөгет жасаса немесе ондай мүмкіндігін туындаған жағдайда қолданылады; сот өндірісінің жалпы міндеттерінен туындайтын нақты мақсаттарды көздейді; заңдылық және негізділік тәртібімен кепілденетін заңда көзделген негзідер мен себептері болған жағдайда қолданылады; олар өз алдына ерекше мәні мен мазмұнымен сипатталады [2] .

Мәжбүрлеу қоғамдық қатынастарды реттеуіндегі эффективті құрал қызметін атқарады және оның туындауы осы қоғамдық қатынастардың құқықтық, нормативтік мазмұнымен негізделеді.

Процессуалдық мәжбүрлеу деп- қылмыстық процестің алдына қойған мақсаттарға кедергісіз жетуіне бағытталған қылмыстық-құқықтық қатынастың қатысушыларға заң нормасында бекітілген арнайы ықпал ету тәсілдерінде көрінетін қылмыстық-процессуалдық реттеу әдісі ретінде түсінуге болады.

Процессуалдық мәжбүрлеу шаралардың мәнін сипаттайтын белгілерге келетін болсақ, олар көбінесе өкімдік әрекеттер түрінде көрінеді. Қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу мемлекеттік органдардың сот өндірісіне қатысушы тұлғаларға физикалық, материалдық, психологиялық және моральдық ықпал етуінде көрінуі мүмкін.

Қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеу әрқашанда процесске қатысушылардың қандай да бір құқықтар мен бостандықтарын шектеумен байланысты болады. Яғни құқықтық шектеуші критерийі бұл процессуалды шараны мәжбүрлеу шаралардың қатарына жатқызылуын анықтайды.

Қылмыстық-процесуалдық мәжбүрлеудің қолданылуын сипаттайтын тағы бір мәнді белгісі бұл заң күшінің жоғарлығы және құқықтық нормаларды бұлжытпай орындау қажеттілігіне көндіруі жеткіліксіз болған жағдайда қолданылады. Процесске қатысушылардың өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындағанда мәжбүрлеудің қолдану қажеттілігі туындамайды. Сонымен бірге қылмыстық процесс кезінде даулы жағдай туындағанда, егер де процесске қатысушысы қандай да бір қарсылығын білдірсе немесе өзінің процессуалдық міндеттерін орындамаса, онда қылмыстық процессуалды мәжбүрлеудің қолданылуына негіз туындайды.

Қылмыстық- процессуалдық мәжбүрлеу шаралардың тағайындаудың негізі болып, олардың қылмыстық процесстің өзге міндеттерін жүзеге асыруына жағдай жасайды, яғни кінәні анықтау және оларды қылмыстық заңға сәйкес әшкерелеу, әрбір кінәсіз адамды жазықсыз қылмыстық жауаптылыққа тартылуынан және жазалаудан алдын алу болып табылады.

Қылмыстық- процессуалдық мәжбүрлеу қылмыстық істердің тергеу және сот өндірісі кезінде алдын алу міндеттерін шешуге өз үлесін қосады.

Процессуалдық мәжбүрлеу шаралардың заңды табиғаты тұлғаның қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылуымен байланысты қылмыстық құқықтық санкциясы ретінде емес сипатталады. Ол қылмыстық құқықтағы санкцияға қарағанда қалыпты қылмыстық процессуалдық қызметті қамтамасыз етуге бағытталған, нақты жағдайларда қылмысты жасауды алдын алу, сот үкімдерін орындатуға, сонымен қылмыстық іс-әрекетпен келтірілген материалдық зиянды толтыруға жәрдемдеседі.

Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің көмегімен қылмыстық процестің мақсаттар мен міндеттерін қамтамасыз ету және мәжбүрлеу шараларын қолданудағы қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі- аталған мәселелер құқықтық мемлекетті құру жағдайында қылмыстық сот өндірісінің демократиялық нысандар мен әдістерінің талаптарына толығымен сәйкес келе алатын құқықтық институттардың қажетті нұсқауларды іздестіру жылдарда елеулі маңыздысы болып саналады [3] .

Заң әдебиеттерінде процессуалдық мәжбүрлеу шаралардың жіктелуі әртүлі негіздер бойынша жүргізіледі.

Сондықтан процессуалдық мәжбүрлеу шаралардың қолдану мақсатына орай келесі топтарға бөледі:

  1. бұлтартпау шаралары;
  2. дәлелдемелерді алу мақсатымен сипатталатын шаралар (тінту, алу, куәландыру және т. б. ) ;
  3. мүліктік айыппұлмен байланысты үкімдерді орындауды қамтамасыз ететін шаралар (мүлікке тыйым салу) ;
  4. тергеу мен сот органдарының шақыруы бойынша тұлғаның келуін және сот өндірісінің тәртібінің сақталуын қамтамасыз ететін шаралар (тергеушіге, анықтаушыға, сотқа келу туралы міндеттеме, алып келу) ;

И. Л. Петрухин процессуалдық мәжбүрлеу шараларды 5 топқа жіктейді:

  1. Айыпталушының (сезіктінің) қылмыстық іс-әрекетпен шұғылдануды бұлтартпауға немесе алдын алуға бағытталған процессуалдық мәжбүрлеу шаралары. Оларға сезіктіні ұстау, бұлтартпау шаралары;
  2. Дәлелдемелердің жинау, тексеру және бағалау процессін және қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауды қамтамасыз ететін шаралар. Бұл сезіктіні, айыпталушыны, куәні алып келу, тінту және алу болып табылады;
  3. Тергеу процессін және сот өндірісін және ондағы айыпталушының қатысуын қамтамасыз ететін шаралар. Ол процесске қатысушыларды шақырту қағаздары арқылы шақыру, алдын ала тергеу мәліметтерін жария етпеу туралы міндеттеме, сотта тәртіпті бұзғаны үшін сот залынан шығару;
  4. Сот үкімдердің орындалуын қаматамасыз ететін шаралар. Оларға бұлтартпау шаралары жатады;
  5. Қылмыстық іс-әрекетпен келтірілген зиянды өтеуге бағытталған және мүлікті тәркілеу мүмкіндігі бар шаралар. Оған мүлікке тыйым салу, тінту жатады.

З. Ф. Коврига барлық процессуалдық мәжбүрлеу шараларды 2 негізгі топтарға жіктейді:

  1. Сот төрелігінің мүдделеріне қауіп төндіретін құқыққа қарсы іс-әрекеттердің бұлтартпау әдістері ( бұлтартпау шаралары, келу туралы міндеттеме, ұстау, алып келу, іздестіруге салу, айыпталушыны қызметінен уақытша шеттету) ;
  2. Процесстің міндеттерін орындауды қамтамасыз ететін әдістер (тінту, алу, сараптаманы жүргізу үшін айыпталушыны немесе сезіктіні медициналық мекемелерге орналастыру, мүлікке тыйым салу) .

Сонымен процессуалдық мәжбүрлеу шаралардың топтарға жіктелу шарты екендігін көрсетуіміз қажет, себебі олардың барлығы қылмыстық процестің міндеттерін орындауды толығымен қамтамасыз етуге тиіс.

Әрекет етуші қылмыстық процессуалдық заңда процессуалдық мәжбүрлеу шаралардың келесі жіктелуі көзделген:

  1. Сезіктіні ұстау (ҚР ҚІЖК 17-тарауы) ;
  2. Бұлтартпау шаралары (ҚР ҚІЖК 18-тарауы) ;
  3. Процессуалдық мәжбүрлеудің өзге де шаралары (ҚР ҚІЖК 19-тарауы) ;

Қоғам әлі қылмыстан арылған жоқ. Сондықтан ол қылмыспен күресетін қымбат мемлекеттік аппаратты ұстауға мәжбүр . Құқық қорғау органдарының қызметіне, куәгерлер, жапа шегушілер, аудармашылар, мамандар, сарапшылар және т. б. ретінде әртүрлі іс-жүргізу рөлдеріне көптеген азаматтар тартылады. Негізінде азаматтарды өндірістік жұмыстан, жеке істерінен, демалысынан қол үздірмеген абзал, бірақ мемлекет осылай істеуге мәжбүр, азаматтардың атсалусынсыз қылмыспен күресу мүмкін емес. Мемлекет азаматтардың қажетті іс-жүргізу міндеттемелерді орындауды талап ете отыра, олармен қылмыспен күресу ауыртпалығын бөліседі. Бұндағы қоғамның қылмыстан бос еместігі, азаматтардың қылмыстық сот жүргізуге қатысудың әлеуметтік қажеттілігінен бос еместігін және соған байланысты болатын ыңғайсыздық пен шығындарды көтеретіндігін көрсетеді. Бірақ бостандықтың танылған қажеттілік екені бесенеден белгілі емес пе?!

Қылмысты түбірімен жою қажеттігін түсінген және өзін қылмыстық - іс жүргізу құқықтық қатынастарының саласына еркін қосқан тұлға мәжбүрлеуді қажет етпей, еркін әрекет жасайды. Көріп отырғанымыздай бостандық пен мәжбүрлеу диалектикалық бірлікте: қылмыспен күресуге әлеуметтік тұлғыда мәжбүрленген адам, нақты іс бойынша қылмыстық соттың іс жүргізуге қатысқан кезде өз өнегелік позициясын таңдау бостандығын сақтай алады. Бұлай қатысу еркін /еркін бостандығы сақталады/ және мәжбүрлеуге /қоғамдық мүдделерге қарама-қарсы еркін жанышталады/ бөлінеді [4] .

Айыпталушылар мен күмәнділер, оларға тағылған қылмысты жасарда ерік бостандығын сақтады, яғни іс-жүргізу сипатындағы мәжбүрлеу шараларын оларға қолдану, олардың белгілі бір мінезді таңдау бостандығының нәтижесі.

Қылмыстық сотты іс-жүргізуге қатысушылардың көпшілігі /айыпталушы мен күмәндіден басқасы/ қылмыстық іс жүргізу құқы нормаларын жүзеге асыру қажеттілігіне сенеді, сондықтан осы нормалардың шаралары көп жағдайда әрекет етпейді, кейбір іс жүргізу әрекетінің барысы тұлғаның негізгі құқықтарын шектеумен байланысты болған жағдайда да мәжбүрлеу қолданылмайды.

Қылмыстық процесте мінез-құлықтың бірнеше түрінің мүмкіндігі бар іс-жүргізу міндеттемесін еркін орындаудан мәжбүрлеуді қолдануға дейін. Бұл мүмкіндіктер ауыспалығы адам жауап беруге куәгер ретінде келерде пайда болады:

  1. іс жөнінде бірдеңе белгілі тұлға өз еркімен, шақырусыз жауап беруге келді (азаматтың оянуы заң шығарушының еркімен үндесіп кетеді) ;
  2. адам жауап алуға шақырылды, және еш қисақтамай келді (субъектінің еркі заң шығарушының мүддесіне қайшы емес) ;
  3. тұлға жауап алуға шақырылған болатын; бұл шақыру белгілі бір себеппен оған қиын, оғаш көрінді, сондықтан себептер күресін туғызды; бірақ күмән сейіліп, тұлға жауап алуға бару туралы саналы шешім қабылдап, оны еркін түрде орындады;
  4. өткендегі жағдай сияқты жауап алуға шақыру оған қажетсіз болып, себептер арпалысын туғызды, бірақ ол жауап алуға бару қажеттілігі туралы шешіммен аяқталды, бірақ бұл шешім шақыру қағазындағы мәжбүрлеп жеткізу және куәлік беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы қорқыту қысымымен қабылданған болатын яғни еріксіз, мәжбүрлік болады.
  5. тұлға жауап алуға шақырылған болатын, бірақ ол саналы түрде шақыруға келген жоқ, сондықтан күштеп әкелуге мәжбүрлік туды.

Алғашқы үш жағдайда біз іс жүргізу міндеттемесін еркін орындау оқиғасын көрдік, кейде шешім күмәнсіз қабылдана бермейді, ол соңғы екі жағдайда міндеттеме психикалық немесе тәни мәжбүрлеу арқылы жүзеге асады.

Іс-шаралық міндеттемелерді орындау азаматты қызметтік істерінен қол үздіреді, жеке жоспарларына өзгертулер енгізеді ал кейде тұлғаның конституциялық құқын да шектейді. Сондықтан адамның қылмыстық процестік қатысуы туралы ішкі шешімі моралдік шиеленіс жағдайында қабылданады.

Жеке мүдде /отбасы, бос уақыт т. б/ мүддесінің /қылмысты ашу, кінәліні жазалау, кінәсіздердің жапа шегуіне жол бермеу/ біреуін таңдауға тура келеді. Әрине мұндай жағдайларда адамның ішкі шешіміне іс шара міндеттемесін орындаудан бас тартқан жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеудің қолданылатыны әсер етпей қоймайды. Негізінде процесс субъектісінің өз іс-шаралық міндеттемесін еркін құптай отыра орындау оқиғасы мен ол оны жауапкершіліктен қауіптену себепті істеу немесе мүлде істемеу оқиғасын бөліп қарауға болады. Бұл жерде өзінің құндылықтарға деген қатынасынды анықтау керек және олардың біреуін таңдау қажет. Бір адамға әделетті, қажетті, пайдалы болып көрінген басқаға әділетсіз, қажетсіз, пайдасыз боп көрінуі мүмкін. Осыдан бір адаммен құпталатын және басқамен мүлдем қолданбайтын іс шара міндеттемесіне деген қатынас туады [5] .

Алғашқы сәтте түгел қылмыстық процесс мемлекеттік мәжбүрлеудің кең және интенсивті қолданылуы саласын пайда болдырады. Қылмыстық істерді жүргізу жіктелген лауазымды тұлғалар және мемлекет органдары дәлелдеме алу туралы, тінту жүргізу туралы, куәләндіру туралы басқа да іс шара әрекеттерін жүргізу туралы қылмысқа қатысты және оны жасағандар жөнінде мәліметтер алуға бағытталған талаптары арқылы азаматтарға үн қатады.

Қажетті жағдайларда айыптаушыға қатысты алдын ала қамау, қызыметінен шеттету, мүлкіне тыйым салу сияқты шекті шаралар қолданылады. Өзінің іс - шаралық міндеттемелерін бұзған тұлғалар айыпқа тартылады. Кейбір жағдайларда мәжбүрлеу процеске қатысушылардың құқын толық жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Сот ісін жүргізетін лауазымды тұлғалардың заңсыз және негізсіз іс-әрекеттері мен актілеріне қатысты сол актілерді тоқтату немесе өзгерту, істі тоқтату, кінәсізді ақтау, істі қайтару сияқты механизм жұмыс істейді.

Қылмыстық-іс жүргізу ғылымында қылмыстық-іс жүргізу арқылы мәжбүрлеуге кейбір тергеулік іс-әрекеттер /алу, тінту, куәландыру, салыстырмалы түрде зерттеу үшін үлгілер алу, тұлғаны медициналық мекемеге жатқызу және т. б. с. с. / толығымен және тұтастай жатады деген пікір қалыптасқан. Әрине бұл іс шаралық әрекеттер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеумен байланысты /тұлғаның дербестігі, хат жазысу құпиясы, тұрғын-жайдың дербестігі, жеке өмірге құқы/. Көптеген жағдайларда көрсетілген шктеулер саналы өзіндік шектеулер болып табылады.

Мысалы, кейбір азаматтардың ұрланған заттарды қайтаруы олар алғанда оның ұрланғанын білмесе де. Көптеген куәгерлер мен жапа шегушілер еркін түрде және саналы түрде өздерін тергеушінің ырқына береді.

Олардың жақын туыстарын күмәндінің, айыпталушының құқықтары мен бостандықтарын шектейтін кейбір іс-шара әрекеттерін жүргізу осы тұлғаларға тиімді болса, іс-шаралық мәжбүрлеу шараларына жатқызуға болмайды. Мысалы айыпталушы мен олардың туыстары ұрланған затты сенімді жерге тығып қойса, өздерінің үйіне тінту жүгізілгенің қалайды, өйткені ұрланған заттың олардың үйінде болмауы, айыпталушыны ақтайтын дәлел ретінде қаралуы мүмкін.

Сонымен қоса ұстау және із кесу шарасын таңдау айыпталушы мен күмәндіге қатысты мәжбүрлеу шаралары болып табылады. Бұл жерде әңгіме, тұлғаның кінәсін мойындап келуінде, ол өзінің ұсталатының, жазаға тартылатындығын біліп саналы түрде келеді бұған оның қолымен істегенін мойнымен көтеру қағидасы әсер еткен. Мұндай мысалдар өмірде сирек кездеседі.

Екі түсініктің арасын ашып алған жөн: тектік - “қылмыстық процестегі мәжбүрлеу” және түрлік-”қылмыстық - іс жүргізу арқылы мәжбүрлеу” /бұл терминология белгілі бір шекте шартты/. Бірінші түсінік /қылмыстық процестегі мәжбүрлеу/ процесс субъектісіне әсер етудің барлық түрлерін қамтиды, нәтижесінде ол іс жүргізу міндеттемесін өз еркіне қайшы келсе де орындауға мәжбүр. Оған, субъектіге психикалық әсер етудің келесі шаралары қолданылады : а/ іс шаралық /кез келген іс шаралық міндеттемені мәжбүрлеп орындау немесе күштеп әкелу қаупі/; б/ тәртіптік /мысалы, сарапшы сотқа, тергеушіге келіп қортынды жасаудан бас тартса, тәртіптік жазаға ұшырау қаупі/; в/ қылмыстық-құқықтық /мысалы, куәгер мен жапа шегуші жауап берушіден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі/; г/ азаматтық -құқтық /мысалы, соттың қарауға қатысушыдан, сотқа салмақты себепсіз келмегені үшін сот процесін кейінге жылжытуға байланысты туған шығындарды өндіріп алу қаупі/ ; д/ қоғамдық /мысалы, ұятсыз қорғаушынықорғаушылар алқасының жалпы жиналысын салу/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өртке байланысты қылмысты тергеу әрекеттері
Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУ ҚАУЛЫЛАРЫ
Қоғамдағы құқықтық нормалардың бұзылуының ұйымдастырылуы мен құқық бұзушылықтың негізгі қағидаларын, сонымен қатар құқық бұзушылық нәтижесіндегі заңды жауапкершілікті қарастыру
Қылмыстық істі жүргізу
Алдын ала тергеу жүргізу заңдылығына прокурорлық қадағалау
Қылмыстық істі қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау
Анықтама мен тергеудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың түсінігі, міндеттері және оның шегі
Қылмыстық процестегі адамның жеке басына тиіспеушілік принципі
Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде-құқық бұзушылық туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz