Салықтық емес түсімдер


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ БУЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
1. 1 Бюджет жүйесінің экономикалық мәні мен маңызы . . . 6
1. 2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері және оның атқаратын ролі . . . 11
1. 3 Мемлекеттік бюджет шығыстарының бағытталу ерекшеліктері . . . 14
2 НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ БУЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫҢ БӨЛІНУІН ТАЛДАУ
2. 1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамына және құрылымына талдау жасау . . . 20
2. 2 Бюджетке түсетін кіріс түсімдерін қалыптастырудың экономикалық қажеттілігін бағалау . . . 31
2. 3 Жалпы мемлекеттік сипаттағы қызметтерге жұмсалатын бюджет шығыстарының қаржыландырылуын талдау . . . 37
3 БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Мемлекеттік бюджет аясындағы кірістер мен шығыстардың тепе-теңдігінің қамтамасыз етілуін жетілдіру жолдары . . . 46
3. 2 Кірістер мен шығыстардың бөлінуін реттеудегі бюджеттік үдеріс қызметін дамыту шаралары . . . 49
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
КІРІСПЕ
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттердің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, алынған трансферттер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал олардың шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады. Сол себепті «Бюджет жүйесінің буындары арасындағы кірістер мен шығыстардың бөлінуін талдау» тақырыбында дипломдық жұмысты таңдадым.
Бюджет кірістері мемлекеттік функцияларды орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Олар ақша құралдар қоры қалыптасу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастарды сипаттайды. Бюджет кірістері түсінігі мемлекет кірістері түсінігінен біршама қысаң, бірақ олардың республиканың мемлекеттік кірістер құрылымында шешімді мәні бар.
Нарықтық қатынастар жағдайында бюджет шығындары қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты ретінде сипатталады. Мемлекеттің функцияларын іске асыру мүмкін, егерде олар материалдық құралдармен қамтамасыз етілсе, себебі мемлекеттің іс-әрекеті мемлекеттік құралдарды тікелей шығыстармен байланысты. Шығыстар нақты шығындардың көлемін көрсетеді. Сондықтан, бюджеттердің барлық деңгейлері бойынша мемлекеттік шығыстардың бір-бірімен өзара байланысты нақты түрлерінің жиынтығы әрбір мемлекеттің бюджет шығыстар жүйесі болып табылады. Шығыстар жүйесін құрайтын құралдарды арнаулы бағыттау, үнем режимі мен мемлекеттік құралдарды жұмсаудың қайтып оралмас принциптеріне негізделеді.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: бюджет түсімдерін қалыптастырудағы қолданылатын әдістердің тиімділігін анықтау арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жүргізілетін бюджет жүйесінің буындары арасындағы кірістер мен шығыстардың бөлінуін жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, дипломның мазмұнын және дәйектілігін анықтаған келесі міндеттерді шешу қажет:
- бюджет түсімдерінің қалыптасуына және оның тұрақтануына ықпал ететін факторлар әсерін анықтау;
- бюджет кірістері мен шығыстарының басқа да экономикалық салалармен тығыз байланыстылығына теориялық негізді сипаттама беру;
- бюджет жүйесінің буындары арасындағы кірістер мен шығыстардың бөлінуін арттыруды қамтамасыз ететін экономикалық шараларды айқындау;
- мемлекеттік бюджет аясындағы кірістер мен шығыстардың тепе-теңдігінің қамтамасыз етілуін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарауда бюджет жүйесінің экономикалық мәні мен маңызы, мемлекеттік бюджеттің кірістері және оның атқаратын ролі, сондай-ақ мемлекеттік бюджет шығыстарының бағытталу ерекшеліктері сипатталады.
Екінші тарауда мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамына және құрылымына талдау жасалынып, бюджетке түсетін кіріс түсімдерін қалыптастырудың экономикалық қажеттілігін бағалау мен жалпы мемлекеттік сипаттағы қызметтерге жұмсалатын бюджет шығыстарының қаржыландырылуы талданады.
Үшінші тарауда мемлекеттік бюджет аясындағы кірістер мен шығыстардың тепе-теңдігінің қамтамасыз етілуін жетілдіру жолдары, сондай-ақ кірістер мен шығыстардың бөлінуін реттеудегі бюджеттік үдеріс қызметін дамыту шаралары қарастырылады.
Қазіргі таңда бюджет түсімдерінің негізін салықтар мен алымдар түрлерінде жұмылдыратын төлемдер құрайды. Республика аумағында орналасқан меншік және шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті төлемдер төлеуге тартылады. Салықтар, алымдар мен төлем төлеушілер, яғни заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды уақытымен және толығымен төлеуге жауапкершіліктері тағайындалған.
Жалпы мемлекеттік шығыстар мақсатты белгілеулер бойынша қатаң іске асыруға тиіс, яғни бюджетте қарастырылған бағыттар бойынша. Құралдардың қайтып оралмас принципі негізінде әлеуметтік саланы қаржыландыру пайдаланады. Ал, егерде экономиканың дамуын қаржыландыру құралдары жөнінде айтсақ, онда нәтижелік инвестициялау орын алады, яғни бұл арада бөлінген бюджеттік құралдарды қайтару принципі әрекетте болады. Үнем режимін сақтау принципі - ол өз алды бюджет шығыстарын төмендетудің формалары мен әдістерінің жүйесі. Бұл жүйе бюджет ресурстарын нәтижелі және тиімді пайдалануды іске асыруға мүмкіншілік береді.
1 БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ БУЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
1. 1 Бюджет жүйесінің экономикалық мәні мен маңызы
Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды кұрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақша қорын бюджетті қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы қаржылық қатынастар, бюджеттік калыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалык қатынастар мен құқықтык нормаларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі.
2005 жылы қаңтар айыньң 1 жұлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе құрамьна келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген1:
- республикалық бюджеті;
- облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;
- аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті) .
Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрылымьнда Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.
Елдің бюджеттік жүйесінің орталық орнын келесі қаржы жылға Қазақстан Ресиубликасының заңымен бекітілетін республикалық бюджет алады. Жаңа Бюджеттік кодекс бойынша республикалық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік биліктің орталық органдарының функцияларын қаржымен қамту және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталған. Кодексте осыған сәйкес анықтамалар бюджеттің басқа түрлеріне де берілген. Олар жергілікті мемлекеттік органдардың функцияларын қаржымен қамту және аймақтар, мен аудандарда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған.
Республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптасатын және республикадағы төтенше немесе әскери жағдай кезінде енгізілетін бюджетті Төтенше мемлекеттік бюджет деп атайды. Мұндай бюджет тек қана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен енгізіледі және күшін жояды, егерде ел аумағьнда төтенше немесе әскери жағдай жарияланса.
Бюджеттік жүйе қызмет атқаруының негізі келесі қаржылық қатынастары:
- мемлекеттің кәсіпорындармен орталықтандырылған ақша қоры қалыптасу процесі жөнінде;
- мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерімен бюджет тарапынан қаржыландыру жөнінде;
- мемлекеттің халықпен бюджет кірісін қалыптасу және әр түрлі өтемақы төлеу мен әлеуметтік жәрдем жасау жөнінде;
- қаржы-банк жүйесінің мекемелері арасында (Қаржы министірлігі, Ұлттық банк және т. б. ) ;
- мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен.
Қаржылық қатынастардың барлық бұл формалары мемлекетпен реттеледі, жетілдіріледі және белгілі принциптер мен кұқықтық нормалар негізінде басқарылады.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ьнтымақтық, толығу, бірізділік, басымдылық, шьнайшылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық, тиімділік және нәтижелілік принциптерге негізделеді. Бұл принциптер арасында басты болып ынтымақтық және дербестік принциптері саналады, олар бюджеттік процесті ұйымдастырудьң да негізгі принциптері болып саналады. Бюджеттік кодексте жоғарыда айтылған принциптердің әр біреуіне түсініктеме берілген.
Осы принциптер негізінде әр мемлекет өз бюджеттік жүйесін жетілдіреді, бірақ біртұтас және федералды мемлекеттердің бюджеттік жүйелерін ұйымдастыруда мемлекеттік құрылымына байланысты ерекшеліктер бар. Мемлекеттің федералдық жайластырушылығына үшбуынды бюджеттік жүйе сәйкес. Мұндай жүйенің маңында орталық бюджет (одақтык, федералдық), федерация мүшелерінің бюджеттері (республика, штаттар) және жергілікті бюджеттер кіреді. Біртұтас мемлекеттерде екі буынды бюджеттік жүйе қолданылады - орталық (республикалық) бюджет және жергілікті бюджеттер.
Федералды жайластырушылықты мемлекеттерде бюджеттік жайластырушылық бюджеттік федерализм принциптеріне негізделеді. Федерализм басқару әдіс ретінде мемлекеттің барлық мүдделерін оның әрбір бөлімдерінің мүдделерімен тіркестіреді және аумақтардың өздеріне берілген сауалдарды шешу дербестігін сақтай отырып, елдің бірлігі мен тұтастығын қамсыз етеді.
Сондықтан, бюджеттік федерализмді федералдық билік пен ұлт-мемлекеттік және әкімші-аумақтық билік арасындағы әрбір деңгейдегі бюджет кірістерін оңтайлы, ғылыми-негізді бөлу мен олардың шығындарын қаржыландыру себебіндегі қатынастар деп анықтауға болады. Бюджеттік федерализм төменде көрсетілгендей негізделеді:
- федералдық бюджеттің бастаушы рөлін сақтап, аумақтық бюджеттердің дербестігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету арқылы мүдделерді тіркестіруге;
- әрбір буынның бюджеттер құқықтарының теңбе-теңдігі мен үшбуынды бюджеттік жүйе барлығына;
- аймақтарға қаржылық жәрдем көрсету мен олардың дамуын теңестіру мақсатына федералдық бюджеттен бөлінген құралдардың көлемі есебінің мемлекеттің барлық субъектілеріне біріккен критерийлерді пайдалану.
Кірістерді федералдық деңгейде орталықтандыру жалпы мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындау, мемлекет қаржыларының тұрақтылығын қамтамасыз ету мен аймақтар арасында қаржы ресурстарын қайта бөліс үшін өндіріледі. Кірістерді бюджеттер арасында бөлгенге дейін биліктің әрбір деңгейіне жүктелген өкілеттікке сәйкес олардың шығыстары шектелуі тиіс.
Федералды мемлекеттерде жергілікті бюджеттердің кіріс пен шығыстары федерация мүшелерінің бюджеттеріне, ал федерация мүшелері өз кірістері және шығыстарымен федералды бюджетке кірмейді. Біртұтас мемлекеттерде жергілікті бюджеттер өз кірістері және шығыстарымен республикалық бюджетке кірмейді, яғни олар дербесті болады. Жоғары экономикадық және әлеуметтік тиімділікке жету үшін шығыстар неғұрлым жергілікті әкімші-аумақтық бірлікке жақын болуы қажет, себебі сол бірлік мүдделеріне жұмсалатын шығыстар.
Мемлекет біртұтас немесе федералды болсын олардың бюжеттік жүйелерінде бюджеттер әр түрлі деңгейде оңашалану мен дербестігі болуы мүмкін, бірақ та орталық бюджет маңында әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандырылған деңгейге байланысты төменгі тұрған бюджеттерге катынасты белгілі бір реттеуші рөлі сақталады. Қазақстан Республикасында, екі буынды бюджеттік жүйе қолданылады - республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер.
Мемлекеттің кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен халық арасындағы қаржылық қатынастарды бюджеттік қатынастар деп атайды. Бұл қатынастардың қаржылық катынастар бөлігі ретіндегі ерекшелігі, біріншіден, олар мемлекет қатысатын бөліс процесінде болуынан, екіншіден, олар жалпы мемлекеттік мұқтаждықты қамтамасыз етуге арналған ақша қүралдарының орталықтандырылған қорды қалыптастыру және пайдалану байланысынан тұрады.
Бюджеттік құрылым - ол елдің мемлекеттік бюджеті мен бюджеттік жүйені ұйымдастыруы және олардың өзара байланысының ұйымдастырушылық формалары. Бюджеттік жайластырушылық түсінігі бюджеттік жүйенің кұрылымын, бюджеттік жіктеуді, бюджеттік жүйе мен бюджеттерді құру принциптерін енгізеді.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жайластырушылығы мемлекеттік құрылымның біртұтас формасына сәйкес, мұнда елдің әкімшілік-аумақтық бірліктерінде автономия да, мемлекеттілік те жоқ. Олар барлығы біріккен құқықтық актілерге, биліктің біріккен органдарына, саясаттық, экономикалық және әлеуметтік процестерді орталықтандырылған басқаруға бағынады. Жалпы айтканда, бюджеттік құрылым әрекеттегі негізгі қүқықтық актілер және экономикалық-әлеуметтік процестердегі бюджеттің рөлі мен мәні арқылы анықталады.
Бюджетаралық қатынастар жүйесі тек қана республикалық бюджет пен республиканың аймақтар бюджеттері арасындағы қатынастардан тұрмайды, оған аймақтар ішіндегі облыстық және аудандық бюджеттер арасындағы қатьнастар да кіреді. Бюджетаралық қатынастардың негізі болып мемлекеттік басқару деңгейлерінің өкілеттілігі мен функцияларын айқын шектеу, бюджет деңгейлері арасында кірістер мен шығыстарды бөлу әдістерінің бірлестігі табылады.
Бюджетаральқ қатынастар белгілі принциптерге негізделеді. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде келесі бюджетаралық прнциптер мазмұндалған: түсімдердің келесі шектеу критерийлерін есепке ала отырып, оларды тиімді бөлу:
- төмен тұрған бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттермен арақатынасындағы теңбе-теңдік;
- түсімдердің келесі шектеу критерийлерін есепке ала отырып, оларды тиімді бөлу:
а) төмен тұрған бюджеттер маңында тиянақты сипаттары бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;
ә) мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтерге төленген төлемдер салықтық және салықтық емес түсімдер ретінде сол қызметтерді қаржыландыратын бюджеттің кірісі болып түседі;
б) қайта бөліс сипатты және салықтық базасының жайғастыруы бір қалыпты емес салықтар бюджеттік жүйенің неғұрлым деңгейіне бекітіледі;
в) салықтар мен бюджеттің басқа міндетті түсімдері неғұрлым оларды жоғары дәрежеде жинайтын бюджет деңгейіне бекітіледі;
г) тиянақты аумақтық салықтық база бойьнша жинайтын салықтар жергілікті бюджеттер маңына бекітіледі.
- әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бюджеттік деңгейлерді қамтамасыз етуді теңестіру;
- жергілікті атқарушы органдардың мөлшерлес деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
- мемлекеттік кызметті максималды тиімді және нәтижелі көрсету, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуді неғұрлым соларды тиімділік және нәтижелік түрде өндіретін және көрсететін мемлекеттік органдар маңына бекіту;
- мемлекеттік кызмет көрсету деңгейді оларды алушыларға максималды жақындату, яғни мемлекеттік қызмет сапасын жоғарлату мен оларды алушылардың сұраныстарын жақсы білу үшін қызмет атқаруды бюджеттік жүйенің неғұрлым төменгі деңгейіне беру;
- алынған ресми трансферттер мен несиелерді тиімді және бекіткен мақсатта пайдалану маңындағы әрбір бюджет деңгейінің жауапкершілігі.
Трансферттер механизмі бюджеттік реттеуді біріккен әдістемемен қамтамасыз ету мен бюджетаралық қатынастар қалыптасуының субъективтік түрде болмауы үшін қолданылады. Трансферттер нормативті-бөлшекті әдіс негізінде есептеледі, сондықтан ол аумақтардың бюджеттік кірістерін көлбеулі теңестіру мен оларға қаржылық жәрдемді бәріне бірдей тәртіппен көрсетуге мүмкіншілік береді.
Жаңа Бюджеттік кодекске сәйкес республика бюджеті жаңа құрылымда қалыптасады. Құрылымға келесі бөлімдер кіреді:
1. Кірістер:
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капитал сатудың түсімдері;
- ресми трансферттер түсімдері.
2. Шығындар;
3. Операциалық қалдық;
4. Таза бюджеттік несиелеу - бюджеттік несиелер, бюджеттік несиелерді өтеу;
5. Қаржы активтер операциялары бойынша қалдық - қаржы активтерді сатып алу, мемлекеттің қаржы активтерді сатудың түсімдері;
6. Бюджет тапшылығы (профициті) ;
7. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - займдар түсу, займдарды өтеу, бюджет құралдары қалдығының қозғалысы.
Жоғарыда келтірілген кұрылым бойынша бюджеттің бекітуі мен оны атқару жөніндегі есеп беру құрастырылуы іске асады. Бұл арада бюджет кірістері мадында салықтық және басқа да міндетті, қайырылмайтын төлемдер, ресми трансферттер, бюджетке ақысыз берілетін ақшалар келтіріледі. Және де ресми трапсферттерден басқа кірістерде мақсатты арнаулары болмайды.
Бюджет шығындары маңында қайырылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік кұралдар алынады. Олар мемлекеттік мекемелерінің іс-әрекетін қамтамасыз ету, мемлекеттік саясатты іске асыруға қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу, жеке тұлғаларға ақшалы төлемдер мен занды тұлғаларға субсидиялар беруге пайдаланады. Бюджет шығындарына ресми трансферттер де жатады, себебі олар бір бюджеттен басқа деңгейдегі бюджет пен Ұлттық қорға төлейтін төлемдер.
1. 2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері және оның атқаратын ролі
Бюджет кірістері - ол мемлекеттік функцияларды орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Олар ақша құралдар қоры қалыптасу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастарды сипаттайды. Бюджет кірістері түсінігі мемлекет кірістері түсінігінен біршама қысаң, бірақ олардың республиканың мемлекеттік кірістер құрылымында шешімді мәні бар.
Бюджет кірістерінің басты материалды көзі - ол Ұлттық табыс. Ұлттық табыстың өсуі мемлекет кірістері мен мемлекеттік бюджет кірістері көлемінің тұрақты ұлғаюын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік кірістердің айтарлықтай бөлігі - ол өндіріс пен айналым салалары мен әр түрлі меншік формаларының кәсіпорындарында жасалынған қоғамның таза табысы. Сонымен бірге, мемлекет жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін әр түрлі кәсіптік іс-әрекетпен және өндірістік емес салаларда шұғылданатын азаматтардың табысының бөлігін өз кірістеріне алады.
Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі мөлшерде және тағайындаған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер түсініледі.
Бюджет түсімдерінің негізін салықтар мен алымдар түрлерінде жұмылдыратын төлемдер құрайды. Республика аумағында орналасқан меншік және шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті төлемдер төлеуге тартылады. Салықтар, алымдар мен төлем төлеушілер, яғни заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды уақытымен және толығымен төлеуге жауапкершіліктері тағайындалған.
Мемлекеттік бюджет кірістері салықтық түсімдерге, салықтық емес түсімдерге, негізгі капитал сатудың кірістеріне, ресми трансферттерге, мемлекетке ақысыз негізде берілген ақшаларға бөлінеді. Республикада бюджет кірістерінің құрылымында ең үлкен үлес салмақты салықтық түсімдер құрайды.
Салықтар, алымдар, баж салықтары арқылы экономиканың басымдылық салалары мен бөлек экономикалық аумақтарды жетілдіруге немесе олардың дамуын баялауға, тұрғындардың бөлек топтарының табыстарын реттеуге, белгілі бір экономикалық іс әрекеті ынталандыруға не болмаса одан бас тартуға мүмкіндік жасауға болады.
Анықтама бойынша салықтық түсімдер деп "ҚР бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер жөніндегі" ҚР Заңымен2 тағайындалған бюджетке төлейтін салықтар мен басқа да төлемдер айтылады. Сондықтан, салықтық түсімдердің экономикалық мазмұны солардың негізіндегі салықтар құрайды. Олар кірістердің материалдық көзі - Ұлттық табысты қайта бөлісуге қалыптасатын болғандықтан өндірістік қатынастардың арнайы формасын құрайды. Осыған байланысты салықтық түсімдер тұрақты ішкі белгілерімен, заңнамалықты даму мен ерекше формаларымен сипатталады. Олар нақты әрекеттегі ақшалай қатынастармен дәлелденеді және қаржы қатынастарының бөлігі ретінде үнемі қозғалыста болады.
ҚР-ның Бюджеттік кодексіне сәйкес барлық бюджет түрлерінің құрамына келесі салықтар кіреді:
- Корпорациялық табыс салығы
- Жеке табыс салығы
- Қосымша құн салығы
- Акциздер
- Үстеме пайдаға салық
- Экспорттайтын шикі мұнайға салық
- Бонустар
- Роялти
- Әлеуметтік салық
- Жер салығы
- Бірыңғай жер салығы
- Транспорттық құралдарға салық
- Мүлікке салық
- ҚР-ның өнім бөлігі бойынша үлесі
Салықтық түсімдерге Бюджеттік кодексімен бюджеттердің түрлері мен деңгейлері бойынша тағайындалған басқа да әр түрлі алымдар, ақылар мен баждар жатады.
Бюджеттік кодексте салықтық түсімдердің нақты түрлері бюджет жүйесінің тиісті деңгейлері бойынша бекітілген. Республикалық бюджет бойынша өте маңызды фискалды және экономикалық мәні бар салықтық түсімдер бекітілген. Бұл мемлекеттік мүддеде салықтардың қаржылық категория ретіндегі функцияларын пайдалану қажеттілікпен дәлелденеді, себебі салықтардың фискалдық функциясы мемлекетке экономикалық қатынастарды реттеуге объективтік шарттар туғызады. Мысалы, мемлекет салықтардың экономикалық функциясы арқылы ел экономикасында болып жатқан процестерге, қайта өндіріске, капитал қорландыруға, тұрғындардың төлем қабілеттілік сұранысына маңызды әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz