Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудің мәселелері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру»
Алматы, 2011
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-5
І тарау Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері
1. 1. Құқықтық тәрбиенің педагогика тарихындағы сипаттамасы…… . . . 6-20
1. 2. Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудің мүмкіндіктері . . . 21-29
ІІ тарау Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудің жолдары
2. 1. Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудің формалары мен әдістері . . . 30-38
2. 2. Оқушыларға тәрбие үрдісінде құқықтық тәрбие берудің тиімділігі . . . 39-55
Қорытынды . . . 56-57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 58-59
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі
Өркениеттілікке, жарқын қоғамға қол жеткізу үшін жастар саналы тәрбие, сапалы білім алуы керек. Қазіргі кезенде ұлттық тәрбиенің үлгілерін заман талабына сай қайта жаңғыртып, жас ұрпақ тәрбиесіне қолданып, жоғарғы оқу орындарында болашақ педагогтарды дайындау жүйесіне енгізу жаңа ізденістерді қажет етеді. Қоғамдағы шынайылықтың обьективті ақиқат қисынын тек зиялы, білімді қоғам өзінің дамуының барысында, демократияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жан-жақты аша түсетінін мемлекеттің тәжірибесі дәлелдеп отыр. Демократияның қанат жайып көркеюінің басты кепілі-құқықтық тәрбиенің жан-жақты дами түсуі.
Мемлекеттің өркендеуінде табиғи байлық, халық саны, жердің кеңдігі қандай рөл атқарған болса, қазақ халқының құқықтық тәрбиесі оның құндылықтарының бірі болады. Қазақстанның ғылым мен білім саласында жеткен жетістіктерін болашақ ұрпақтың бойына сіңіріп, ұрпақ сабақтастығын басты назарда ұстау қажеттілігі туындайды. Сонда ғана біз алдыңғы қатарлы елдердің деңгеіне көтеріле аламыз. Демек, алдын-ала құқықтық тәрбие беру жұмыстарын жетілдіре түсу керектігі белгілі.
Конституцияда адам құқығын қорғау, теңдік адамды рухани жетілдіру, оның қоғамдық имандылығын көтеру құқығына сәйкес міндеттер атқару, әр адамның қадір-қасиетіне, ар-ождан бостандығына қол сұқпау т. б. құндылықтарды белгілеуде. Сондықтан да мектеп оқушыларына өзі өмір сүріп отырған қоғам идеясын ұғындыруда конституцияның талаптарына сүйену керек.
Қазіргі біздің қоғамымыздың басты талабы-мемлекеттік және халықаралық деңгейге сай, бәсекеге икемді жан-жақты дүние танымы кең, әлеуметтік-адамгершілік талаптар мен этикалық нормаларды меңгерген, Отан сүйгіш, патриоттық сезімде тәрбиеленген ұрпақтар қалыптастыру болып табылады. Құқықтық тәрбиені қалыптастыру-үйлесімді тәрбиені білім беретін оқу орындарында пайдалану, оны жетілдіру, өзге тәрбие нысандарымен байланыстыра отырып, оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруда, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруда қолдану басты іс болып табылады.
Жалпы құқықтық тәрбиенің және оның ішінде оқушылардың құқықтық тәрбиеге қатысты мәселелер Отандық танымал заңгер ғалымдар - С. З. Зимонов, М. Т. Баймаханов, Ж. Д. Бусурманов, С. С. Сартаев, С. Н. Сабікенов, Г. С. Сапарғалиев, Н. Б. Мухитдинов, Т. Ағдарбеков, Н. Ө. Өсеров, С. Ө. Өзбекұлы, Е. К. Нүрпейсов, А. К. Мұхтарова, Е. Б. Абдрасулов, С. Ф. Ударцев, З. Ж. кенжалиев, А. С. Ибраева, У. А. Бейсенова, С. Б Бейсебаева т. б. ғалымдар зерттеген.
Оқушылардың құқықтық тәрбиесін жетілдірудің мәселелерімен айналысушы ресейлік ғалымдар-С. С. Алексеев, В. А. Александров, Н. А. Крашенников, М. А. Супатаев, И. Е. Синицина, А. Х. Солдатов, С. А. Батова, Л. М. Голубеева, В. В. Оксамытный т. б.
Құқықтық тәрбиені ғалымдар жан-жақты зерттеген, алайда жалпы білім беретін орта мектепте қарастырылмаған, міне осы қарама-қайшылықтан диплом жұмысымыздың тақырыбын «Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу объектісі: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру процесі.
Зерттеу пәні: Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудің мәселелері.
Зерттеудің мақсаты: Құқықтық тәрбие беруді педагогикалық тұрғыда негіздеп оның әдістемелік жолдарын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
1. Құқықтық тәрбиенің теориялық негіздерін айқындау;
2. Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдерін анықтау;
3. Педагогикалық практика кезеңіндегі жинақталған тәжірибелерімізді қорытындылау.
Зерттеу әдістері:
1. Педагогикалық әдебиеттерді талдау
2. Бақылау
3. Озат тәжірибені жинақтау, танысу, талдау.
Диплом жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері
1. 1 Құқықтық тәрбиенің педагогика тарихындағы сипаттамасы
Жеке тұлғаға дұрыс құқықтық тәрбие беру - қазақ халқында ежелден келе жатқан өзекті мәселелердің бірі. Қазақ даласындағы құқықтық тәрбие әдет-ғүрып нормаларының негізінде жүзеге асырылып отырды. Қазақтың әдет-ғүрып нормалары міндеттемелік, меншік, неке, қылмыстық құқықтарды реттейді. Бұл норма бойынша жасалынған қылмыс деңгейіне қарай жаза тағайындалып отырған. Ол заманда қылмыс жасаған адам халық алдында масқараланып, жер аударылған немесе айып ретінде құн төлеген немесе зынданға қамалған. Міндеттемелік құқық нормаларының реттелінуі арқылы адамның санасына өз міндеттері мен құқықтарын ұғындырып отырған. Мысалы: жылу (апат немесе т. б. табиғи құбылыстардан зардап шеккендерге берілетін көмек) ; асар (егін егу немесе үй салу барысында ауыл болып көмек беру) ; аманат (жеке тұлғаға белгілі бір мерзімге берілетін мүлік, мал) және т. б. Осы аталған қүқық салаларының жүзеге асуы негізінде заң нормаларын, міндеттерін уақытылы орындайтын саналы азамат қалыптастыруға болатындығына көзіміз жетеді.
Қазақ даласында сот билігіне иелі, яғни сот процесін жүргізетін және әртүрлі дауларды шешетін сот қызметін билер атқарған.
Қазақ билері арасында бір заманда өмір сүрген және тарих беттерінде өздерінің ерекше қасиеттерімен көзге түсіп, мәңгілік есте қалған Майқы би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің болғандығы белгілі жайт. Қазақ даласындағы ұлы заңгер, әрі реформатор ретінде әйгілі Үйсін Майқы би қазақ халқының бейбіт болашағын армандап, оны жүзеге асыруға бар күшін салған.
Қазақ даласындағы әдет-ғүрып нормалары және басқа да "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" сияқты заң нормалары "Жеті Жарғы" заңының негізгі қайнар көздері. Майқы бидің бастауы-мен жарық көрген "Жеті Жарғы" шамамен 450 жылдан кейін XVIII ғасыр-да Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би талқылап, Тәуке хан қолдап шыға-рған "Жеті Жарғы " заң нормасымен айырмашылықтары көп емес.
Сәкен Өзбекұлы өзінің "Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық. Пра-во кочевой цивилизации казахов" атты монографиясында "Жеті Жа-рғы" заңына көп көңіл бөлген. Онда: «Жеті Жарғы" негізінде жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалар-дың жиынтығы. Бір сөзбен айтқанда, жеті Жарғылык, жер дауы, жесір дауы, қүн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету". "Жеті жарғы" заң нормасы қылмыстық, мүліктік, елшілік, жұртшылық (міндеттемелік), әскери заңдарды қамтыған. Аталынған заң салалары әдет-ғүрып нор-маларымен қоса жаза шаралары арқылы, сонымен бірге көшпелі қазақ халқына тән әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларды қамти отырып қоғам-дағы, мемлекеттегі тәртіп мәселесін шешіп отырған.
Ерте заманнан келе жатқан қазақ даласында тәрбие мәселесі орта ғасыр, жаңа дәуір, сондай-ақ қазіргі заманға дейін өз маңызын жоғалт-қан жоқ. Қазақ жерінде өмір сүрген Қорқыт ата, әл-Фараби, Жүсіп Бала-сағұни, Махмүд Қашғари, Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгінеки, Молла Ахмет әл-Женди, Құсайын Уағыз Кашифи, Асан Қайғы, Мұхаммед Қай-дар Дулати, Қадырғали Қосымулы Жалаири, Бүхар жырау, Сүйінбай Аронүлы, Махамбет Өтемісүлы, т. б. ғүламалар керемет болашақтың орнауына негізгі себепкер - бала тәрбиесі екендігін айтып кеткен.
Соның ішінде, әл-Фарабидің философиялық жүйесі орта ғасырлық философияның барлық мәселелерін жан-жақты қамтыған, олар: түрмыс жөнінде, білім беру, ана жөніндегі мәселе мен адамның танымдық әрекеттерін дамыту мәселелері; логика мәселесі; адамның қоғамдық әрекетіндегі санасы мен оның рөлі жөніндегі мәселелер; этика мен педагогика мәселелері және т. б. Өзінің "Мемлекет қайраткерлерінің афоризмдері" сынды трактатында азаматтық қоғамның пайда болуы, адам түрмысының түрлі қалыптары, іс-әрекеттердің этикалық норма-лары туралы ой қозғаған. Оның ойынша әртүрлі табиғи қасиеттері бар адамдар өз тәрбиелілігімен ерекшеленеді, жақсы тәрбиеленген адам гәрбиесіз адамнан едәуір жоғары дәрежеде екені көзге бірден түседі. "Азаматтық саясат" атты еңбегінде әл-Фараби қүқықтық тәрбие мәселесін адамгершілік тәрбиесі негізінде қозғайды.
Қарастырып өткен ерте және орта ғасырдағы үлы ойшылдар мен ағартушылардың негізгі армандаған мақсаты - қүқықтық мемлекет қүрып, азаматтық қоғам мен тәртіп орнату.
Қазақтың үлы ғалымы Ш. Уәлиханов 1862 жылы Атбасар округінің аға сүлтаны болуға ризалық білдірді. Қүқықтық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі - сот әділдігі болып табылатындықтан Шоқан қазақ даласындағы әділ сот органын қүруды көздей отырып, Омбы облыс-тық басқармасындағы заң алқасының қүрамына қатысқан, Шоқан қазақ халқының саяси-экономикалық қүқықтары мен мүдделерін ғылыми түрғыдан дәлелдеп, қорғады. Сондай-ақ, ол халық мүддесіне қайшы келетін және империяның отаршылдық заңдары мен соттарының рөлінің артуын қолдайтын Ресей империясының соттық реформасына қарсылық білдіріп, билер сотын қолдады.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың түңғыш ағартушысы Ы. Алтынсарин "Мұсылманшылықтың түтқасы" атты еңбегінде қазақ жастарының діни білімділігінің дамуы қазақ тілінің басқа тілдермен араласпауы үшін арнағанын кіріспе бөлімінде айтады. Ыбырайдың бұл еңбегін зерттей келе С. Қалиев былай дейді, "Ыбырайдың бұл кітабының құндылығы, біріншіден, мүсылман дінінің шариғат заңдарына ана тілінде түсінік беруі болса, екіншіден, діни терминдердің мән-мағынасын ашу-ына зер салуында, үшіншіден, (ең бастысы) шариғат заңын өмір тіршілігімен, адам тәрбиесімен тығыз байлданыстыра талдауында болып отыр. Ол діннің өзін тәрбиенің құралы деп қарайды".
Абай Қүнанбаев шығармаларында адамның рухани әлемі, ғарыш түңғиығы мен жердегі өмір біртүтас қубылыс ретінде қарастырылады. "Адам бол" этикалық өсиетінде адам бойындағы философиялық қасиеттерді орталықтандырады: ерік, жігер, сезім мен ақылдың адамды алға қойған мақсатына жеткізетін қасиеттер екендігі көрсетіледі. Ұлы Абай өзінің 3-ші сөзінде әрбір старшина басы мен би сайлау сая-сатын сынай отырып, былай дейді: "Бүл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бүған бүрынғы Қасым сал-ған қасқа жолын, Есім салған ескі жолын, әз Тәуке ханның Күлтөбенің басындағы күнде кеңес болғанда Жеті жарғысын білмек керек", - деп бекер айтпаған. Тәуелсіздік қадамы нығайып, қүқықтық мемлекет бо-луға үмтылып отырған қазіргідей шақта, жас үрпаққа қүқықтық тәрбие беру туралы үлы ғүламалар ой-пікірлерін оқытудың маңызы зор деп есептейміз. Бұл орайда Абай мүрасындағы "Әділет" түсінігі арқылы айқындалып, өріс алған қүқықтық тәрбие идеяларының аясы кең.
Бес арыстың бірі Мағжан Жүмабаев "Педагогика (баланы тәрбия қылу жолдары) " атты еңбегінде былай дейді: " . . . қысқасынан айтқан-да, тәрбиядан мақсүт - адам деген атты қүр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару".
"Алаш" партиясын қүрушы Ахмет Байтүрсынов қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін армандап, сол үшін күресіп, құқықтық мемлекет орнату мақсатын қолдаған. Азаматтық қоғам қүру мәселесін жеке түлғалар-дың тең қүқылығы және оның мемлекетпен қорғалу маңыздылығымен байланыстыра отырып көтерген. Сондай-ақ, қүқықтық мемлекет азаматын жоғары қүқықтық білімді, тәртіпті түлға ретінде сипаттаған.
Құқықтық тәрбие - оқушыларға еңбек әрекеті саласында заңдар мен заңдық күші бар нормалар туралы мәліметтер беру болып табылады. Құқықтық тәрбие адамның құқықтық мәдениетімен байланысты. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттық рухани мәдениет мазмұнына енеді. Сондықтан да құқықтық тәрбие адамгершілікті адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырылады. Құқықтық тәрбиенің мақсаты-оқушының мемлекет заңдары мен қоғамда өмір сүру ережелерін құрметтеуге, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздікке, қоғамдық тәртіпті тәрбиелеу. Құқықтық тәрбиенің бір жолдық жүргілізу нысандары: лекция, баяндама, әңгіме, пікірталас, олимпиада, кештер, сайыстар т. б. Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адамдылығы мен шыншылдылығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдылығы қалыптасады.
Дегенмен, қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда аға ұрпақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасты тәжірибесін негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн.
Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Өкінішке орай, күнделікті күбең тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ожданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі мектептің алдына жас ұрпақтың шынайы құқықтық тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр.
Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады. Біріншісі кең мәнінде. Бұл құықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық, педагогикалық және психологиялық мәнәне қарау. Құқықтық тәрбиенің мақсаты - оқушыны мемлекет заңдары мен қоғамда өмір сүру ережелерін құрметтеуге, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімділікке, қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу. Тұлғаның осы сапалары болашақ қоғам азаматының құқықтық мәдениетінің мәнін құрайды. Құқықтық тәрбиенің құқықтық лекторийлер, кинолекторийлер, жасөспірімдердің заң тану мектебі, құқықтық білім клубтары және т. б нысандары бар. Олардың мақсаты- жеткіншектер мен жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін білдіруге тәрбиелеу, құқықтық білімдерді меңгерту, оны насихаттау. Құқықтық тәрбиенің бір жолдық жүргізілу нысандары: лекция, баяндама, әңгіме, пікірталас, олимпиада, кештер т. б.
Талантты педагог В. А. Сухомлинскийдің "қоғамды мазасыздандырып отырған құбылыстардың басты себебі мектептегі оқу жылдарындағы зиялылық мұраттарының бишаралығы және қуыс кеуделілігінің негізінде дамып отырған жас өспірімдер мен жастар арасындағы мазкүнемдік, бұзақалақ, уақытты мағынасыз өткізу " деген тұжырымымен толық келісуге болады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттық рухани мәдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды. Сондада құқтық тәрбиені адамгершілікті адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Қоғамды қайта құру кезеңінде құқықтық мәдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу ерекше орын алады. Бұл жұмыс нәтижелі жүріп және көздеген мақсатқа жету үшін ол кемшіліктерді жақсы біліп, олардың жеке адамға және қоғамға қандай зиян келтіретінін білу керек.
Құқық бүкіл қоғам және сол қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтытып жатады. Адамның құқықтық мәдениеті мектеп жасынан бастап қалыптасатынынына көз жеткізу қиын емес. Осыған қарамай оқушылардың біраз бөлігі көп жағдайда қылмысқа тартылудың шектеулі жас кезеңдері бар екенін біле білмейді. Қылмысты істер үшін кейде 14 жаста, кейде 16 жастан жауапқа тартылатынын сезбейді. Оқушылардың көпшілігі заң алдындағы жауапкершілігіне кәмелетке жеткен уақыттан, яғни 18 жастан деп біледі. Адамның құқықтық мәдениеті - күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемілекеттің көптеген маңызды жағын бейнелейді. "Барлығы да салыстыру арқылы танылады" деген халық даналығы тегін емес. Ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский кез келген түсіну мен кез-келген ойлаудың негізгі салыстыру деген болатын.
Педагогикалық тұрғыда мұны В. А. Сухомлинский өте жетік тұжырымдады "Сіздің қалауыңыз - бұл жақындықтарыңыздың қуанышы немесе көз жасы. Өз қылықтарыңызды саналы тексеріңіз. Қылықтарыңызбен зұлымдыққа, жағымсыздыққа, ыңғайсыздыққа барып тұрған жоқсыз ба? Өзіңізді қоршаған адамдарға жақсы боларлықтай іс орындаңыз", - деді ол. Құқыққа қатынасымызды бастан кешіруміз құқықты біз үшін құнды етеді. Оның қажет екендігіне сене бастаймыз, біздің өміріміздгегі оның ролі мен қызыметін түсінеміз. Біздің санамыздағы заңдардың мағынасы бізге қымбат әділдік, игілк, қайырымдылық, қамқоршылық, табандылық, жақсылық ұғымдарына тығыз жақындайды. Мемілекеттік құқық, мемілекеттік Герб, Ту, Әнұранына деген құрмет пайда болады. Заңдылық сезімі бекиді. Осымен қатар құқыққа құштарлық өсе түсіп, оарға күнделікті тұрмыстық қатынастан арылуға үңіле түсіп, теориясы мен тарихына сын көзбен қарай бастаймыз.
Жалпы құқық теориясында қүқықтық тәрбие мәселесі әртүрлі аспектілерде, ракурстарда қарастырылып жүрген өте ауқымды меселенің бірі болып саналады. Себебі, қүқықтық тәрбие бір түсініктің аясында толығымен ашып көрсету мүмкін емес. Қүқықтық тәрбие - әлеуметтік феномен ретіндегі күрделі құбылыс. Ол - өзінің бойына әртүлі маңызды белгілер мен критерийлерді топтастыра алған ете ауқымды жүйелік қүрылым.
Құқықтық тәрбиенің теориялық жөне методологиялық мөселелерімен терең айналысқан ғалымдардың бірі В. П. Сальников құқықтық табиғатын ашуға байланысты көзқарастардың дамуыньщ кейбір қырларына тоқтала келе, XX ғасырдын 60-ы жылдары мен 70-і жылдарының басында құқықтық тәрбиелуде екі бағыт тұрғысынан: қоғам дамуының белгілі кезеңіндегі идеялық құқықтық жағдай мен құқық туралы білім жиынтығы, зандарды қолдана білу және оған деген құрметке қатысты көзқарас қырынан келгендігін сөз етеді. Құқықтық тәрбие үғымын беруде әртүрлі ғалымдар кұқықтық тәрбиенің табиғатын сипаттайтын белгілерінің біріне ғана басымдық беріп, оны құқықтық тәрбиенің "приматы" ретінде сипаттауға тырысады. Енді осыларға жеке-жеке кіші-гірім талдау жасайтын болсақ, бірінші - белсенді- қызметтік бағыт бойыкша құқықтық тәрбие адамның белсенді қызмет жасау аясында қарастырып және оны негізге ала отырып, құқықтық тәрбие ұғымын жанаша тұжырымдауға ұмтылыстар жасаған болатын. Осы бағыттың бұл түріне кұқықтық тәрбие ұғымын беруде субъектінің әлеуметтік қызмет ету әдістерін негізге жатқызатын «технологиялық" деген атпен белгілі түрін жатқызуға да болады. Әрине, бүл көзқараста құқықтық тәрбиенің құндылық қыры да көзден таса қалмайды. Сонымен қатар, бұл бағытты сот әділдігі мен сот ісін жүргізуді тәрбиеге қатысты еңбектерінде А. Л. Ликас пен Н. Ф. Волкодаев сот әділдігінің мәдениетін қызметтік әдіс ретінде өрбіте отырып дамытты.
Құқықтық тәрбие ұғымы мағынасын ашып көрсетуге қатысты екінші бір көзқарастар легін құқықтық сана аясында өрбітуін жатқызуға болады. Бүл бағыт құқыктық тәрбие беру, оны қалыптастыру мәселесінде құқықтық сананың атқаратын рөлін және құқықтық тәрбие мен құқықтық сананың арақатынасының жай-күйі арнайы еңбектерде негізінен орын алған болатын.
Сонымен бірге, біз бүл бағыттағы еңбектерден құкықтық тәрбиенің түсінігіне қатысты алдын-ала көзделген мақсатты айқын аңғарамыз. Себебі, бүл бағытты қолдаушылар негізінен акцентті құқықтық тәрбиенің өлшемдері мен көріністеріне бұрады. Бұл бағытты қолдаушылар мен әрмен қарай дамытушыларға К. А. Моралев, Р. С. Могилевский, В. В. Орехов, В. И. Каминская, А. Р. Ратинов және т. б. жатқызуға болады. Белгілі ресей ғалымы А. Б. Венгеровтың құкыктық тәрбие - құқықтық сананың жоғары жөне аукымды денгейі деуі, оны да осы бағыттың қолдаушылары қатарына жатқызуға мүмкіндік береді деп есептейміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz