ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ


Тақырыбы: «Жеке адамға қарсы қылмыстардың сипаттамасы»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ . . . 7
1. 1 Адам өміріне қарсы қылмыстар . . . 7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДА ЖЕКЕ АДАМДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ . . . 29
2. 1 Адам денсаулығына қарсы қылмыстар . . . 29
2. 2 Адам өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын қылмыстар . . . 38
2. 3 Адамның жыныстық дербестігі мен жыныстық бостандығына қарсы қылмыстар . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
КІРІСПЕ
Қоғамдық құндылықтар жүйесіндегі өмір сүру, денсаулық, жыныстық қол сұқпаушылық пен жыныстық еркіндік, сол сияқты ар-ождан құқықтары біздің мемлекетіміз сияқты бүкіл әлемде де әлеуметтік құқықтардың маңыздысы ретінде сипатталады. Бұл туралы 1948 жылдың 10 желтоқсанында адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының жариялаған БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында атап өтілген болатын.
ҚР Конституциясының 1-бабына сай адам құқықтары мен бостандықтары, оның ар-намысы мен қадір-қасиеттері қоғамның және мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде бекітіліп, Қазақстанның өркениетті мемлекеттер қауымдастығына енуін айқындады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 - бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Қазақстан халқын толғандыратын мәселелердің қатарында соңғы жылдары әрбір азаматтың өмір сүруіне қауіпсіз жағдайлар қалыптастыру, бостандық және жеке басқа қол сұғушылық конституциялық құқығын сенімді қорғауды қамтамасыз ету мәселелері де алдыңғы қатарға шыға бастады. Азаматтардың конституциялық құқықтарына қылмыстардың ауыр және ерекше ауыр санаттары ең үлкен зиян тигізеді. Адамды саудаға салу қылмысы да осы санатқа жатады.
Жеке адамға қарсы қылмыстар мен күрестің құқықтық механизимдер тиімділігін арттыру мәселесі үнемі назар аударуды талап етеді.
Жеке басты, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіндегі мәнділік жеке басқа мейілінше қауіпті, қол сұғушылықтың жолын кесумен жазалауға арналған қылмыстық заңнаманы иеленеді.
ҚР қылмыстық заңнамасы жеке басқа қол сұққаны үшін жауапкершілік мәселелерін жаңаша шешеді.
Алайда жеке басқа қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік туралы сот тергеу тәжірибесімен қазіргі заңнаманы талдау жекелеген теориялық және тәжірибелік мәселені көрсетеді. Осы әрекеттерді саралау мәселелерін қарастыру қажеттілігі құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде меншікке қол сұғу қылмыстарын қате қылмыстық құқықтық бағалау оқиғалары жиі кездесетіндігімен түсіндіреді.
Қылмыстық заңнама айтарлықтай өзгерістер бастан өткізуіне байланысты, соның ішінде нормативтік базаның, жекелей алғанда 1994 жылдың 23 желтоқсанындағы “Азаматтардың өмір мен денсаулығына қол сұққаны үшін жауапкершілікті реттеуші заңнаманы соттың қолдану туралы” №7 және 1996 жылдың 20 желтоқсанында өзгертілген №11 ҚР Жоғары сот Пленум Қаулысы және 1993 жылдың 23 сәуіріндегі “Зорлағаны үшін жауапкершілікті реттеуші заңнаманы соттың қолдану тәжірибесі туралы” ҚР Жоғары сот Пленумын №1 қаулысы жекелеген сұрақтарды түсіндірумен байланысты Жоғары соттың жаңа нормативтік қаулыларын қабылдау қажеттігі туады.
Қылмыстылықпен тиімді күресуге ықпал ететін бағыттардың бірі - қылмыстық заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда адамды сату үшін қылмыстық жауапкершілікті бекітетін бөлігінде. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру бірқатар бастапқы қылмыстық - құқықтық ережелерді қайта қарастырумен қатар, қылмыстық - құқықтық нормаларды қалыптастыру үшін елеулі маңызы бар салыстырмалы түрде жеке мәселелерді шешуді талап етеді. Олардың бірі - қылмыстық кодекстің ерекеше бөліміндегі кейбір нақты нормалардың құрылымдарын нақтылап анықтау қажеттілігі. Бұл адамды сату құрамына да қатысты. Сондықтан да берілген тақырып қазіргі таңда өзекті болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең жоғары құндылықтар деп жариялайды.
1961 жылғы Қаз ССР ҚК-іне қарағанда бұл ҚР ҚК-інде «Жеке адамға қарсы қылмыстар» бірінші тұр, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі содан басталады.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау болып табылады. Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтарының Казақстан Республикасының Конституциясында толық, жан-жақты көрініс табуы болып табылады.
Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген Конституцияның 1, 2-тармағында. Яғни "Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады" (Конституцияның 12-бабының 3-тармағы) . Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс (5-тармақ) . Конституцияның II бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге көзқарасына тағы басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріледі (14-баптың 2-тармағы) . Конституцияда адам және азаматтық туралы арнайы тарау бар. Азаматтық құқық пен бостандыққа; саяси құқықтар мен бостандықтарға; экономикалық және әлеуметтік құқықтарға Қазақстан Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды .
Дипломдық жұмыстың мақсаты. ҚР Қылмыстық құқығының жеке адамға және өмірге қарсы қылмыстардың мәнін, мақсатын, түрлерін зерттеу.
Адам құқықтарын және бостандықтарының сақталуына бақылауды және қорғауды жүзеге асыратын маңызды институттардың бірі үкіметтік емес құқықтарын қорғау ұйымдары болып табылады. Қазақстанда қоғамдық сектордың бастапқы құрылуы 90 жылдардың басына келеді, яғни бұл кез мемлекеттің өмірінде экономикалық және қоғамдық - саяси реформаның болып жатуымен сипатталады. Тәуелсіздікті алғаннан бері Қазақстанның үкіметтік емес секторын қалыптасу және ұйымдастыру процестерін өтті. Қазір олар қызметтің 30-ға жуық бағыттарын қамтиды, құрамында тұрақты негізде 35 мыңға жуық адам, қызмет жасайды, уақытша негізде 50 мың адам, консультант, сарапшы қызметтерін атқарады, ал ерікті негізде - 100 мың өз еркімен қатысушылар жұмыс жасайды. Қазақстанда 3, 5 мың әр түрлі үкіметтік емес құқық қорғау органдары тіркелеген.
Қазақстан Республикасының Конституциясы әр адамның денсаулығын қорғауға кепілдік береді (29-бап) . Осы конституциялық ережені жүзеге асырудың бір нысаны - денсаулыққа, қарсы жасалған қылмыс үшін жауаптылық белгілеу.
Денсаулыққа қарсы қылмыстарға денсаулыққа зиян келтірудің әртүрлі тәсілдері жатады, олар үшін жауаптылық КҚ-тің 110-111-баптарында көзделген.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
1. 1 Адам өміріне қарсы қылмыстар
ҚР ҚК адам өміріне қарсы қылмыстарға адам өлтірудің (ҚР ҚК 96-100 баптар) сол сияқты абайсызда кісі өлтірудің (ҚР ҚК 101-бап) және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізудің түрлерін жатқызады. Соңғы екеуінен басқа барлық аталған адам өміріне қарсы қылмыстар адам өлтіруге жатады.
Қылмыстың бұл құрамдары өмір сүру құқығы сияқты бұлар да адамның табиға және маңызды құқықтарын қорғау туралы сөз болғандықтан бірінші орынға орналастырылған. Қылмыстық кодекс адам өмірін қорғау міндетін адам өміріне қарсы қылмыстар құрамының белгілерін қалыптастыра отырып және олардың істелуіне қатаң санкция мен белгілей отырып, өзіне тән әдістермен шешеді.
Бұл топтағы барлық қылмыстарды біріктіретіні әрқайсысының объектісі адам өмірі екендігі. Қылмыс объектісі ретінде өмір, бір жағынан табиғи физиологиялық процесс ретінде, екінші жағынан қоғамда жеке бастың тіршілік ету мүмкіндігін заңмен қамтамасыз ету ретінде түсінідіріледі. Екінші жақтың арқасында өмір жеке бас пен қоғамдық қатынастарға (қоғамдық мүддеге) логикалық бағынады және «жеке бастың мүддесінің оның өзінен бөлуге содан соң жеке бастық қоғамдық қатынастар шегінен шығаруға болмайды».
Адамға өлім келтіруші әрекет егер құқыққа қайшы әрекет, қылмыстық заңда қарастырылса қылмыс деп табылады.
Кінәлі адамның әрекеті механикалық, физикалық, химиялық (тіпті психикалық, бірақ олар сирек кездеседі) және адам өміріне әсер ететін басқа да тәсілдер болуы мүмкін. Өлім адамға әрекетісіздік жолымен де берілуі мүмкін.
Адам өміріне қол сұғу тәсілі ретінде әрекетсіздік кінәлі қамқорлық танытатын әрекетсіздік ететін, қажетті шаралар қабылдайтын сияқты адам өміріне зиян тигізбеуге тұлғаның міндеттілігін білдіреді.
Адам өміріне қарсы қылмыстарда әрекет немесе әрекетсіздік құқыққа қайшы сипатына иеленеді. Адам өміріне қылмыстық әсер ету тек адам өмірі жағдайында ғана аяқталған қылмыс құрамын құрайды. Адам өміріне қарсы қылмыстың денсаулыққа қарсы қылмыстан айырмашылық белгісі - соңғысының зардаптары өз мазмұны бойынша қай органға зиян келгендігіне, қандай ауру күшімен, денсаулыққа зиян келу нәтижесінде еңбек қабілеттілігі жоғалту дәрежесінің қандайлығымен анықталады.
Адам өміріне қарсы қылмыстардың субъективті жағы қасақана да, абайсыз кінәмен де сипатталады. Кінәлі өзінің қоғамға қауіпті әрекеті нәтижесінде басқа адамның денсаулығына зиян келтіруде зардаптардың бөлу мүмкіндігінің немесе құтылмайтындығын алдын-ала көреді де қалайды (тікелей ниет) және бұған саналы түрде жол береді немесе оған селқос қарайды (жанама ниет) .
Осы санаттағы қылмыстың субъектісі қылмыстық жауапкершілік жасына жеткен, яғни 16 жастағы есі дұрыс адам, тек қылмыс кодексінің 15-2 баптарына сай адам өлтірегені үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Саралау үшін кінәлі өзінің қоғамқа қауіпті іс-әрекетінің нәтижесінде басқа адамның денсаулығына жеңіл зиян келетіндігін ұғынуға және қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін немесе қалайда болатындығын алдын-ала білуге тиіс және соны тілеуге не сапалы түрде оған жол беруге немқұрайлы қарауға тиіс. Денсаулыққа абайсызда жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстың жауаптылығы қарастырылмаған. Қылмыстың субъектісі жасы 16-ға толған есі дұрыс адам.
Адам өлтіру жеке адамға қарсы қылмыстардың ең ауыр түрінің бірі. ҚК 96-бабының бірінші бөлігінде адам өлтіру басқа адамға құқыққа қарсы қасақана өлім келтіру деп анықтама берілген. Адамның өмірі әр адамға туғаннан берілетін табиғаттың ерекше сиы және әлеуметтік құндылығы да ерекше.
Қазақстан Республикасы ҚК адам өлтірудің анықтамасын заңдық тұрғыдан алғаш рет белгілеп берді: «басқа адамға құқыққа қарсы қасақана өлім келтіру» (ҚК 96-бабының 1-бөлігі) . Кеңестік дәуірдегі қылмыстық кодексте адам өлтірудің анықтамасын бермеген еді. Сол кезеңдегі заң шығарушылар қылмыстық құқықтағы «адам өлтіруге» жалпы қабылданған ұғымнан жеке бөліп қарамаған сыңайлы.
Қарапайым адам өлтірудің құрамы (Қазақстан Республикасы ҚК 96-бабының 1-бөлігі) .
Қарапайым адам өлтірудің ұғымы - сараланбаған немесе күрделіленбеген адам өлтіру. Ол үшін қылмысмтық жауаптылық Қазақстан Республикасы ҚК 96-бабының 1-бөлігінде қарастырылған. Бұл адам өлтірудің негізгі түріне жатады. Қарапайым адам өлтірудің құрамын талдауда басқа да адам өлтірулерден айырмасы бар, сондықтан бұны «жалпы адам өлтіруді» талдау деп қарауға болады.
Адам өлтірудің обьектісі - адамның өмірі, ол адамның азаматтығына, ұлтына және нәсіліне, шыққан тегіне және жасына, әлеуметтік жағдайына, немен айналысатынына, денсаулық ахуалына, біліміне, т. б. байланысты емес. Қылмыстық заң жәбірленушінің еркіне қарсы адам өлтіру де, оның келісімімен қаза келтіру де (эфтаназия) бірдей дәрежеде адам өлтіруге жатқызылады. Жәбірленушінің кім екенін білмей қалу қасақана адам өлтіргендігі үшін жауаптылыққа әсер етпейді.
Өмірге қастандық жасау обьектісінің бар-жоғы туралы мәселені шешу үшін оның бастапқы жіне ақырғы кезеңдерін анықтау қажет.
Қылмыстық-құқықтық тұрғыдан алғанда, адамның туғаннан өлгенге дейінгі аралықта өмір бар деп саналады.
Қылмыстық заңда адамның өлген кезі деп биологиялық өлімді, яғни ми қабаты клеткаларының біржола ыдырауы нәтижесінде ми қызметінің толық тоқтауы кезін алады. Биологиялық өлімнен басқа «клиникалық өлім» деген түсінік бар, бұл жағдайда адамның жүрегі тоқтап қалады.
Адамға клиникалық өлім келтірсе, мұндай іс-әрекет адам өлтіруге оқталғандық болып саналады. Сонымен қатар, клиникалық өлім жағдайындағы адамға қастандық жасауды өлтіру деп санауға болады.
Қылмыстың обьективтік жағы материалдық құрамды қылмыстар сияқты үш элементтің жиынтығынан тұрады: 1) басқа адамның өмірін қиюға бағытталған әрекет (әрекетсіздік) ; 2) жәбірленушіні өлтірудегі міндетті аяқталу қорытындысы; 3) кінәлі мен жәбірленушіге қаза келтірудегі әрекет (әрекетсіздіктің) арасындағы себепті байланыс.
Адамды өмірінен күш қолданып та, (жарақаттау, тұншықтыру, уландыру, т. б. ) психикалық ықпал жасап та (қорқыту, үрейлендіру, жалған лақап тарату, т. б. ) айыруға болады.
Қылмыстың субьективтік жағы кінәнің қасақана жасалуымен сипатталады. Айыпты өзінің басқа адамның өліміне алып келетін іс-әрекет жасап отырғанын, ондай зардаптың болу мүмкін екенін немесе қалайда болмай қоймайтынын біледі, соны тілейді - яғни тікелей ниет танытады, егер ол өлімнің болуына аналы түрде жол берсе не ондай зардаптың болуына немқұрайды қараса - жанама ниет танытады.
Адам өлтірудің субъектісі (ҚК 96-бабы) 14 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады. Басқа да адам өміріне қарсы бағытталған қылмыстар үшін жауаптылық 16 жастан басталады.
ҚК 96-бабы 2-бөлімінде қарастырылған адам өлтіруаса қоғамдық қауіпті қылмыстарға жататындықтан оны жасағаны үшін аса қатаң шаралар қолдану қарастырылған. Сараланған адам өлтіруге ҚК 96-бабы 2-бөлімінде қарастырылған жағдайлардың (сараланған белгілер) кем дегенде бірі болғанда адам өлтіру деп аталады. Әрине адам өлтірудің барлық басқа да негізгі белгілері міндетті түрде болуы керек. Егер кінәлінің әрекеттерінде екі немесе бірнеше сараланған белгілер болса, олардың барлығы айып таққанда жәбірленушіне үкім шығарғанда көрсетілуі керек. Бірақ олар қылмыстың жиынтығын құрамайды, және жаза бірдей қолданылады. Қазақстан Республикасы 96-бабы 2-бөлімі 13 тармақтан тұрады. Көп белгілер бұрынғы қылмыстық заңда болған. Кейбір сараланған белгілер нақтыланған және бірнеше жаңа түрлері енгізілді. Тұңғыш рет осы сараланған белгілер белгілі-бір қатаң тәртіпте орналастырылып, соған байланысты мынадай түрлерге бөлінді.
Объектіге қатысты белгілер («а», «б», «в», «г»-тармақтары) - екі немесе оданда көп адамға қатысты («а»-т. ) ; қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарына қатысты («б»-т. ) ; дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды өлтіру, сол сияқты адамды ұрлауы («в»-т. ) ; жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелге («г»-т. ) .
Қылмыстың объектілік жағына қатысты белгілер («д», «е»-т. ) - аса қатігездікпен адам өлтіру («д»-т. ) ; көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен адам өлтіру («е»-т. ) . кейбір авторлар объективтік жаққа адамды өлтіруді адамдар тобы, алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топтың жүзеге асыруын («ж»-т. ) жатқызады.
Субъектілік жаққа қатысты белгілер («з», «и», «к», «л», «м»-т. ) - пайда табу мақсатымен, сол сияқтыжалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен, не бандитизммен ұштасқан адам өлтіру («з»-т. ) ; бұзақылық ниетпен адам өлтіру («и»-т. ) ; басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынасс сипатындағыкүш қолдану әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру («к»-т. ) ; әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша адам өлтіру («л»-т. ) ; жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында жасалған адам өлтіру («м»-т. ) .
Субъектіге қатысты белгілер («ж», «н»-т. ) - адамды өлтіруді адамдар тобы, алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топтың жүзеге асыру арқылы адам өлтіру («ж»-т. ) ; ҚК 97-100-баптарында көзделген әрекеттерден басқа, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру («н»-т. ) .
Бұл саралауды шартты деп қарастыру керек. Себебі кез-келген объектілік белгі қылмыстың субъективтік жағынан көрініс тауып жатады. Ал адам өлтірудің аса жоғары қауіптілігі қарақшылықпен, бандитизммен немесе бопсалаушылықпен астасып жатыр. Бірақ осылайша саралау ҚК 96-бабы 2-бөлімі бойынша нақты адам өлтіру түрін дұрыс саралауға көмектеседі.
Жалпы Қазақстан Республикасы ҚК-нің адам өлтіруді бұлайша саралауы толық сипатқа ие. Адам өлтірудің кейбір түрлерін ажыратуда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумындағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қол сұғушылыққа жауаптылықты белгілейтін заңдылықтарды соттардың қолдануы туралы» 1994 жылғы 23-желтоқсанындағы № 7 қаулысы (1996 жылы 20-желтоқсанында № 11 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) маңызды рөл атқарады.
Зардаптарының аса ауырлығымен сипатталады. Осыған ұқсас белгі бұрынғы Қылмыстық кодексінде де болған, сондықтан сот практикасы оны бағалаудың өзіндік критериін жасаған болатын. Екі немесе одан да көп адамдарды өлтіру біртұтас қылмысты білдіреді. Барлық жәбірленушілерге зиян не бір мезгілде, немесе қысқа уақыт аралығында жасалады, яғни ең бастысы айыптының іс-әрекеті бір ниетке бағытталған - екі немесе одан да көп адамдарды өлтіру.
Уақыт аралығының алшақтығы немесе басқа да бірегей ниетін білдіретін жағдайларда адам өлтіру ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімі «а»-тармағы бойынша сараланбайды. Мұндай жағдайларда ҚК 96-бабы 2-бөлімі «н»-тармағы қолданылады (ҚК 97-100-баптарында көзделген әрекеттерден басқа, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру) .
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумындағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қол сұғушылыққа жауаптылықты белгілейтін заңдылықтарды соттардың қолдануы туралы» 1994 жылғы 23-желтоқсанындағы № 7 қаулысында (1996 жылы 20-желтоқсанында № 11 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) былай деп көрсетілген: «егер қылмыс бір немесе бірнеше әрекет арқылы қысқа уақыт аралығында орындалса жәбірленушіне де айыптының бірнеше адам өлтіруге тікелей немесе жанама ниетінің болғаны анықталса ол екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтірген жағдай деп саралануы керек. Айыптының ниеті бірнеше адамды өлтіруге бағытталып, бірақ аяқталған қылмыс ретінде - екі немесе одан да көп адамды өлтіргендік деп қарастырмайды, себебі - қылмыс субъектісінің еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша оның бірнеше адамды өлтіру ойы жүзеге аспай қалды». Бұл жағдайда айыптының әрекетін ҚК 96-бабының 1-бөлігі және 24-баптың 3-бөлігі бойынша және басқа сараланатын белгілердің болуына қарай ҚК 96-бабы 2-бөлімі «а»-тармағы бойынша саралануы керек.
Мұнда айыптының бір мезгілде бір адамды өлтіріп, екінші адамды өлтіру мақсатында шабуыл жасау әрекетінің еш қатысы жоқ. Себебі екі адамды өлтіру бір қылмысты білдіреді. Осынысымен де ол бірнеше рет жасалған адам өлтіруден ерекшеленеді. Осы жағдайда жазаны бірегей қылмыс жиынтығы ережелері бойынша белгілеу дұрыс болар ма екен. Қылмыстық құқық ғылымында оны шешудің бірнеше жолдары көрсетілген болатын. Мысалы, Л. В. Иногамова-Хегайдың ойынша бір адамды өлтіру туралы норма «екі немесе одан да көп адамдардың өміріне қауіп төндіру нормасының бүтіні емес, мазмұнының бөлігі ғана», ал «бүтін мен бөлікті салыстырғанда бүтіннің жеңетіні белгілі». Барлық әрекеттерді бір қылмыс деп есептеу бұл қылмыстың қауіптілігін төмендетіп, айыптының жауапкершілігін жұмсартар еді. Осыған байланысты сот практикасы заң талап етіп отырғандай мұндай жағдайларда саралау жолымен қарастыруы керек.
Дегенмен, бұл жолдың да өз қиыншылығы бар. Қылмыстың жиынтығы деп танылған жағдайда жаза 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру ретінде қолданылады. Ол айыптының бастаған ісін аяқтауға, яғни тірі қалған куәгерлерді де өлтіруге итермелейді, бұл жағдай қылмыс жиынтығына жатпайды. Мұндай қарама-қайшылықты шешу үшін заңды қолдану керек, яғни жиынтық деген ұғымды нақтылау қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz