Жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5

1 ӘЛЕУМЕТТІК АЯДАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ

РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 8

1. 1 Жұмыспен қамтудың маңызы мен экономикалық мазмұны 8

1. 2 Жұмыспен қамтуды реттеудің негізгі принциптері

мен механизмдері 16

1. 3 Жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу 22

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АНАЛИЗІ 30

2. 1 Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтудың жағдайы 30

2. 2 Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің негізгі

элементтері 39

2. 3 Жұмыспен қамтуды реттеу аясындағы негізгі мәселелер 49

3 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ РЕТТЕУ АЯСЫНДАҒЫ

МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 57

3. 1 Шағын бизнесті дамыту - жұмыспен қамтуды қолдаудың 57

маңызды элементі ретінде

3. 2 Жұмыспен қамтуды реттеу процессін жетілдіру жолдары 67

ҚОРЫТЫНДЫ 84

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 86

ҚОСЫМШАЛАР 8

КІРІСПЕ

Экономикасы өтпелі елдердін экономикалық дамуының нарықтық бағдары халықты жұмыспен қамту саласында түбірімен жаңа әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарының қалыптасуын көздейді. Еңбеккерлерді жалдау жүйесін, олардың еңбегін толық немесе жартылай пайдалануды, азаматтардың жұмысқа жалдануына жағдай жасауды және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды қамтитын жұмыспен қамту саласының күрделі қарым-қатынастарын реттеу дәстүрлі емес жолдарды қажет етеді.

Халықты жұмыспен қамту саласында стратегия құру тек елдің және әрбір нақты облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ол тиімді инвестициялық саясатпен және экономиканың тұрақтануымен біртұтас байланыста болады.

Қазақстан экономикасын реформалау процесінің барысында 90-шы жылдардың ортасында кейбір макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақталуы байқалды, бұл стратегиялық бет алысты экономикалық өсу жағына қарай бұруға мүмкіндік берді. Еліміздің Президентінің «Қазақстан-2030» Жолдауында ең маңызды ұзак мерзімді басымдыктардың бірі ретінде шетел инвестициялары мен ішкі корлардың деңгейлері жоғары болатын ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталған.

Экономикалык өсу халықты жұмыспен толық қамту үшін қолайлы жағдай жасайды, өйткені, ол экономикалык өсудің алғышарты мен факторы ретінде қарастырылып келген болатын.

ҚР-ның тәуелсіз егемен ел ретінде қалыптасуы және оның халықаралық коғамдастыкқа кіруі бір жағынан одан жұмыспен қамту стратегиясын өз бетінше емес, экономиканың әлемдік ғаламдастырылуы құрамында кұруды талап етеді. Екінші жағынан жұмыспен қамтудың тұжырымдамасы мен саясатын құру, оның басымдықтарын таңдау республиканың әлеуметтік-экономикалык өсуі мен демографиялық дамуының аймақтык ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуге тиіс. Еңбек қатынастарын шұғыл реформалау елді қазіргі дағдарыс күйінен шығарудың бірден-бір шартына айналуы мүмкін.

Қазакстанның жаңа қалыптасып келе жатқан еңбек рыногы республиканың аймақтарындағы жұмыс рыноктарының қарама-кайшылыктарын бойына жинақтаған. Сондықтан да, жұмыс күші мен еңбек рыногын саралау үшін және соның негізінде макродеңгейде біртүтас стратегия кұру үшін облыстардағы жұмыспен қамту мәселесіне толық талдау жасау қажет. Республика экономикасын реформалаудың қазіргі кезеңінде ішінде ең маңыздысы толық өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болып табылатын облыстардағы әлеуметтік мәселелерді шешуді жандандыруға баса назар аударылып отыр. Бұл - кедейлікті азайтуға және облыстардағы әлеуметтік шиеленісті бәсеңдетуге алғышарттар жасайды.

Республика мен облыстардың халықты жұмыспен қамтудың жыл сайын белгіленетін бағдарламаларымен қоса шетел тәжірибесін ескере отырып жұмыспен қамту мен еңбек рыногының қалыптасуының шағын мәселелерін шешуге бағытталған мақсаттық бағдарламаларын құрып жүзеге асыру қажет. Оларда еңбек рыногының сегменттік қиыстырылуын, жүмыссыздық түрлерін, оның жастық, гендерлік, этникалық құрамын ескеретін арнайы зерттеулер көрініс табуы керек. Өз кезегінде ондай кіші бағдарламаларды жасау олардың көлемі мен қаржыландыру көздерін негіздеуді қажет етеді. Сонда ғана барып олар көзделген барлық шаралардың толық және пәрменді шешілуіне жол ашады.

Жұмыспен қамту мен еңбек рыногының қалыптасуының жоғарыда тізілген әлеуметтік-экономикалық мәселелері - жаңа тәуелсіз мемлекеттің бүгінгі таңдагы қоғамдық тіршілігінің өзекті мәселелері. Реформалардың алға басуы, республикадағы өзгерістерге әлеуметтік бағдар беруді қамтамасыз ету, Қазақстанның болашақта экономикалық және әлеуметтік ілгері басуы олармен тығыз байланысты. Оның шешілуі жұмыссыздықтың экономикалык категория ретіндегі, өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету ерекшеліктері туралы, іштей өзіндік реттелу тетігі мен әлеуметтік бақылау қажеттілігі туралы ғылыми көзқарастардың қаншалықты терең екендігіне белгілі дәрежеде байланысты.

1 ӘЛЕУМЕТТІК АЯДАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ РЕТТЕУДІҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Жұмыспен қамтудың маңызы мен экономикалық мазмұны

Экономикасы өтпелі елдердегі нарықтық түрлендірулердің белгілі бір кезеңдерінде экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету экономикалық өсудің нақты алғышарттарының пайда болуын талап етеді.

Экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізген күннің өзінде де, экономикасы өтпелі елдерде қалыптасқан әрі қарай өсудің бастапқы жағдайлары көптеген өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Әр ел үшін экономикалық өсудің анау немесе мынау үлгісін таңдау, оның аймақтық ерекшеліктері және қолайлы алғышарттар мен факторларының болуын ескере отырып жүзеге асырылуы қажет. Сонымен қатар, экономикалық өсудің дәстүрлі факторларының құндылығы да қайта қаралады. Бәрімізге белгілі, олар үш топқа бөлінеді: ұсыныс факторлары (табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, негізгі қапиталдың көлемі, технологиялар), сұраныс факторлары (жиынтық тұтынымдар деңгейі) және бөліс факторлары (ресурстарды тиімді пайдалану) . Осы факторлардың тығыз байланысы нақты ұлттық жалпы табыстың ұлғаюын және оның бір тұрғынға шаққандағы көлемінің өсуін қамтамасыз етеді.

Жұмыспен қамтуды қарастырғанда, экономикалық әдебиеттерде бұл факторлар жеке және заттық факторларға әсер етуі тұрғысынан талқыланады. Заттық факторлар дегенде - өндіріс кұралдарын, ал жеке факторлар дегенде - жұмыс күшін айтады. Бірақ біздің ойымызша жұмыспен қамту жұмыс күшінің тек өндіріс құралдарымен (нақты капиталмен) байланысына ғана қатысты емес, ол сондай-ақ оның табиғи ресурстармен байланысына да қатысты. Және де байланысу жолдары әртүрлі болуы мүмкін, себебі экономикалық ресурстардың меншік түрлері әртүрлі болады. Жоспарлы жүйеде жұмыс күші мен өндіріс құралдары қоғамдандырылған деп қарастырылатын, сондықтан да олардың байланысу жолдары да тікелей қоғамдық болды, атап айтқанда жұмысқа, оқуға қабылдау, өндіріс құралдарын кәсіпорындардың, экономика салаларының, секторларының арасында бөлу мәселелері қоғам атынан шешілді. Бұл жағдайда жұмыспен қамту мәселееі толық қамтылды деп және бұл социализмнің артықшылығы деп жарияланды.

Экономикалық өсуге, басқа, мысалы, елдің қолайлы әлеуметтік және саяси жағдейы, инвестициялық саясатты жүргізудегі мемлекеттің белсенділігі, отандық тауар өндірушілерге салынатын салық пен жасалатын қамқорлықтардың ойластырылған жүйесі сияқты факторлар да сөзсіз ықпал етеді. Жиынтықталып келгенде олар өтпелі экономикаға тән экономикалык дағдарыстан неғүрлым тез өту үшін, өндірістің құлдырауын жету үшін қажетті нақты алғышарттар туғызады.

Адам Смит, Давид Рикардо, Джеймс Стюарт Милль, Альфред Маршалл, Ж. Б. Сэй сияқты ХІХ-шы және ХХ-шы ғасырдың басындағы әйгілі экономистер ұсынған жұмыспен қамтудың классикалық теориясы нарыктық тепе-теңдік пен нарықтың іштей реттелуі туралы топшылауға негізделген. Бұл арада тұтынымдар деңгейі толық қамтылу кезінде өндірілетін өнімді сатып алуға жеткілікті деп есептеледі. Егер тұтынымдар деңгейі жеткіліксіз болса, баға мен еңбекақы сияқты тетіктерді іске қосу өндірістің нақты көлемінің, жұмыспен қамтудың, жұмыссыздықтың қысқаруына әкеліп соқпайды. Және де экономиканы толық қамтылудан тайдырып жіберетін уақытша жағдайлар қалыптасу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Бірақ классиктер, нарықтық экономиканың іштей реттелу қабілеті толық қамтылу жағдайындағы өндіру деңгейін тез арада-ақ өзінен-өзі қалпына келтіреді деп сендірді.

Классикалық теорияның негізін қалаушы А. Смит жұмыспен қамту жөнінде: «оның көлемі бір жұмысшының еңбекақысының орташа мөлшеріне байланысты анықталады, себебі олардың арасында тікелей байланыс бар: шамадан тыс жоғары еңбекақы төлеу жұмыспен қамтудың толық болмауына, еңбек ресурстарының толық пайдаланылмауына әкеліп соқтырады - деп атап көрсеткен. Ол қүбылмалы нарықтық механизм табиғи (қалыпты, орташа) еңбек ақыны белгілі бір деңгейде ұстай алады деп есептеді. Еңбекақының едәуір өсуі трғындардың, еңбек ресурстарының өсуіне, жұмыс күшінің ұсынысының ұлғаюына және жұмысшылардың арасындағы бәсекелестіктің күшеюіне әкеліп соқтырады.

А. Смиттің ілімін жалғастырушы Д. Рикардо еңбектің өзі мен еңбекақы (еңбектің нарықтық құны) тауар боп табылады және өз негізінде табиғи бағамен анықталады да оның маңайында ауытқиды деген. Құбылмалы реттеушінің әсерінен (елдің халқының қозғалысынан) еңбекақының ең аз мөлшері мен оңтайлы еңбек ұсынысының арасында өзіндік тепе-теңдік қалыптасады.

Ұсыныс пен сұраныстың байланысын зерттей келіп А. Маршалл: «кез келген саладағы еңбек ұсынысы пропорционалдылыққа жуық жолмен оған деген сүранысқа қарай дамиды» - деп жазған. «Бірақ . . . сұраныстың байланыста болуы оны біршама уақытқа мінсізірек немесе әлсізірек етуі мүмкін». Ол жұмыспен камтуды жоғарылату және жұмыс күші рыногында шиеленісті бәсеңдету үшін жұмыскерлердің білім деңгейін көтерудің, білікті мамандар рыногын кеңейтудің қажеттілігін атап көрсеткен. А. Маршаллдың: «еңбек рыногында басымдылық сатушылардан гөрі сатып алушылар жағында жиірек болады, себебі «әрбір жұмыс күшін сатушы оның тек бір данасына ғана қожа»»- деген сөздері де өте орынды. .

Жұмыспен қамту теориясының, экономика ғылымдарының белгілі бір саласы ретінде қалыптаса бастауына, көптеген елдерде жұмыссыздықтың орасан зор өсуін туғызған Ұлы тоқырау түрткі болды. Бұған дәл осы жылдары басылып шыққан, жұмыспен қамтудың экономикалық теориясындағы төңкеріс ретінде қабылданған, ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнстің басты еңбегі «Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» (1936) дәлел бола алады.

Кейнс бойынша реттелудің жеңілдетілген схемасы мынадай: пайыздың төмендеуі - пайда мөлшерінің өсуі - «инвестицияға бейімдіктің» артуы -өндірістің кеңеюі - «толық қамтылу» - ұсыныс пен сүраныстың жалпы теңесуі - күйзелісті жою. Кейнсшілдік концепцияға сәйкес бүл схема «мультипликатор» принципіне негізделген, бұл пайда өсімінің, жұмыспен қамтудың және тұтыныстың инвестициялар өсімімен салыстырғандағы еселеп артуы дегенді білдіреді. Мультипликация принципінің мәнісі белгілі бір бастапқы жұмсалымның еселенген немесе көбейтілген пәрменмен әсер ету идеясында.

Бұндай процестерді реттеуде Кейнс теориясы классикалық көзқарастардан бүтіндей өзгеше. Егер классиктер экономикалық тепе-теңдік және өздігінен реттелу теориясына сүйенсе және осыған байланысты мемлекеттің араласпау саясатының қажеттігін таныса, кейнсшілдер керісінше пайыз койылымының, баға мен еңбек ақы сәйкестігінің өздігінен реттелу тетігін жоққа шығарған. Бұдан шығатын қорытынды, төмендеу бағытындағы жиынтық сұраныстың тұрақсыздығы мен бағаның икемсіздігі дегеніміз нарықтық экономикадағы жұмыссыздықтың ұзақ уақыт бойына өсуінің және сақталуының мүмкіндігіне саяды. Сондықтан да кейнс теориясында инвестициялармен қатар жиынтық сұранысқа және оны реттеуге бағытталған мемлекеттің белсенді макроэкономикалық саясатының қажеттігіне баса назар аударылады.

Жиынтық сұраныс пен жұмыспен қамтуды нысаналы жүргізілетін инвестициялык және қазыналык саясат арқылы мемлекеттік реттеудің Кейнс ұсынған үлгісі белгілі батыс экономистері - П. Самуэльсонның, К. Макконеллдің, Стэнли Л. Брюдің, С. Фишердің және басқалардың еңбектерінде өз жалғасын тапты. Олар нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңдерінде, оның тұрақсыз, күйзелісті жағдайларында негіз қалаушы мағынаға ие болады.

Дамыған елдердің экономикасындағы күйзеліс жағдайы теорияшыл-экономистер - А. Филипсті, М. Фридманды, К. Виксельді және де басқаларды жаңа нұсқамалар мен концепциялар үсынуға итермеледі.

Ағылшын экономисі А. У. Филипс өзінің эмпириялық зерттеулеріне сүйеніп нарықтық экономикадағы инфляцияның жоғары қарқыны мен жұмыссыздыктың төменгі деңгейі немесе қамтылудың жоғары деңгейі қабаттаса жүруге тиіс деген қорытынды жасады. Ол инфляция мен жұмыссыздыктың арасында орнықты тәуелділіктің болатынын және жұмыссыздыктың деңгейін инфляция арқылы немесе инфляцияны жұмыссыздык немесе жұмыспен қамту арқылы реттеу мүмкіндігінің болатынын атап көрсетті. Американ теорияшылдары П. Самуэльсон мен Р. Солоу жасаған Филипс қисығының модификациясы бойынша баға мен жұмыссыздыктың арасындағы тәуелділік инфляциялық күтілулердің экономикалық циклдарының бағытымен анықталады.

Сонымен, жұмыспен қамтудың неоклассикалык теориясының негізгі қағидалары мынау: еңбек рыногындағы ұзақ мерзімді және орнықты тепе-теңдік жұмыссыздықтың табиғи деңгейі үшін қалыптасады, ол деңгей еңбек рыногындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі арқылы аныкталады; жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендету үшін мемлекет тарапынан жасалған кез келген әрекет ұзақ мерзімді аралықта еш нәтиже бермейді, ал қысқа мерзімді аралықта нақты қарқыны күтілгеннен асып түсетін инфляцияның өсуін туғызады; жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейіне сәйкес болған жағдайда мемлекет еңбек рыногына араласпауы керек.

Макроэкономика мен экономиканың аталған зерттеулерінде үнемі халықты жұмыспен толық қамту ұғымы үшырасады. Макроэкономикалык деңгейдегі жұмыспен толық қамту туралы бұндай көзқарастар оның барлық әлеуметтік-экономикалық индикаторлармен байланыстарын ескере отырып талдау жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл сондай-ақ жұмыспен қамтудың экономикалық, өсу факторларымен өзара әсерін анықтауға да мүмкіндік береді.

Жұмыспен толық қамтылуды макротұрақтылық пен экономикалық өсу тұрғысынан зерттеу жұмыспен қамтуды, оның болмыстық мазмүнын қарастыруды қажет етеді. Жұмыспен қамту аса күрделі жалпыэкономикалық категория бсгып табылады, оның дамуы мен мазмұны нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайлармен анықталады.

Жұмыспен қамту мен оның мазмұнын талқылаудың, әсіресе жоспарлы-орталықтандырылған экономикаға қатысты, көптеген жолдары бар. «Жұмыспен қамту» категориясының көптеген анықтамаларының пікірталас туғызатындай сипатта болуы осыған байланысты. Мысалы, М. Я. Сонин, В. Г. Костаков сиғқты экономистер жұмыспен камтуды халықтың әртүрлі топтарының еңбегін қоғамға пайдалы қызмет салаларында қолданудың әлеуметтік-экономикалық процесі ретінде қарастырған. Шынында, да жұмыспен қамту ең алдымен адамдардың еңбегінің белгілі бір қолданылу түрі немесе оларды тіршілік үшін қажетті құралдармен қамтамасыз ететін іс-әрекеттер ретінде айқындалады. Жұмыспен қамтуды бүлайша ұғыну оны адамның дамуының барлық дәуірлеріне тән жалпыэкономикалық категория ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Бүл бағытта А. Маршаллдың іс-әрекеттерге итермелеуші себептер мен адамның қалаған қызмет түрін таңдауы туралы зерттеулері құнды болып көрінеді. Басқа шарттар бірдей болғанда адамдар оларды кемсітпейтін, оларға қоғамда нық орын алуға мүмкіндік беретін т. б. қызмет түрін артық көреді, бұл артықшылықтарды әркім бірдей көрмегенмен, баршаға ортақ болатындықтан, олардың тартымдылығын балама болып табылатын ақшалай еңбек ақы арқылы бағалауға және өлшеуге болады.

Жұмыспен қамтуды еңбекке төленетін ақымен өлшенетін адамдардың белгілі саладагы қызметі ретінде анықтау жөн деп табылып, талас тудырмай келді. Ол көгггеген жағынан «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңындағы осы ұғымға сәйкес келеді, онда «Жұмыспен қамту азаматтардын жеке және қоғамдық қажетпліктерді қанағаттандырумен байланысты Конституцияға және ҚР-ның басқа да нормативтік актілеріне қайшы келмейтін, оларға еңбек ақы мен табыс әкелетін іс-әрекеттері» -делінген. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР жаңа Заңындағы жұмыспен қамтудың анықтамасының мәні де бұрынғымен салыстырғанда өзгерген жоқ.

Жұмыспен қамтуды экономикалық, әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарым ен байланыстыра отырып талқылау жоспарлы-орталықтандырылған экономика жағдайында толық қамтылу және жұмыссыздыктың жоқтығы туралы тезистің паш етілуіне негіз болды. Ең басты аргумент өндіріс құралдарының қоғамдық немесе мемлекеттік меншігіне негізделген өндіріс қатынастарының болуы. Экономикалық, әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарында басты жұмыс беруші мемлекет болатын.

Жұмыспен қамтудың мазмұнын зерттеу оның түрлері мен формаларын карастыруды көздейді. Жұмыспен қамту түрлерін қарастыруды қамтылған тұрғындардың экономика секторлары бойынша (меншік формалары бойынша) - мемлекеттік, жекеменшік, өндіріс кооперативтері; экономика салалары бойынша, мысалы, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, қызмет көрсету саласында бөлінуіне сүйене отырып жүргізуге болады.

Халықтардың әртүрлі категорияларының жұмыспен қамтылуының демографиялык белгілері бойынша да (жынысы, жасы) өзгешеліктері болады. Бұл әйелдердің, жастардың, жасөспірімдердің, зейнеткерлердің жұмыспен қамтылуы сияқты жұмыспен қамту түрлерін анықтайды. Бұлардағы жұмыспен қамту қатынастары тұрғындардың осы категорияларының әрқайсысыньц ерекшеліктерін ескеретін құқық нормаларымен реттеледі.

Ішінара қамтылу ерікті немесе еріксіз болуы мүмкін. Оның бүл екі түрінің кең тарауының бірқатар себептері бар: жұмыскерлердің кейбір категорияларының, әсіресе балалары бар әйелдердің, оқу мен ішінара жұмыспен айналысуды ұштастыратын жастардың, денсаулығына байланысты зейнеткерлердің толық емес жұмыс уақытына мұқтаждығы; ішінара қамтылу шартына негізделген еңбекті пайдалану тиімдірек болатын өндірістік емес салалар мен қызмет көрсетудің үлесінің өсуімен сипатталатын экономикадағы құрылымдық өзгерістер; өндірістің циклдық ауытқулары мен құлдыраулары; жұмыссыздық өсе бастағанда қосымша жұмыс орындарын жасау қажеттігі.

Нарыққа өтуге және жұмыспен қамту саласында нарықтық катынастардьщ орнығуына байланысты толық пәрменді жұмыспен қамтудың мазмұнына деген ескі көзқарастар трансформациялана бастады. Ол енді көбінесе қамтылмаудың белгілі көлемінің болуына қайшы келмейтін толық өнімді қамтылу ретінде ұғынылатын болды. Жұмыспен толық қамтудың мәнін ресурстарды пәрменді пайдалану тұрғысынан түсіндірудің әдіснамалық көзқарасы оның өндірістің толық көлемімен байланысына негізделеді. Бұдан оны өнімді толық қамту ретінде ұғынудың және экономикалық өсумен тығыз байланысының алғышарттары туындайды. Толық өнімді жұмыспен қамтуды осылайша түсіндіру қарсылық туғызбайды. Сол батыс экономистерінің зерттеулерінен де орын алған, олар жұмыспен толық қамтуды елдің экономикалық өсуімен, инвестициялармен, мемлекеттін фискальдык саясатымен, ресурстарды пәрменді пайдаланумен байланыстыра отырып қарастырады (П. Самуэльсон, Д. Кейс, К. Макконнел, Стэнли Л. Брю) .

Нарыққа өтуге және жұмыспен қамту саласында нарықтық катынастардьщ орнығуына байланысты толық пәрменді жұмыспен қамтудың мазмұнына деген ескі көзқарастар трансформациялана бастады. Ол енді көбінесе қамтылмаудың белгілі көлемінің болуына қайшы келмейтін толық өнімді қамтылу ретінде ұғынылатын болды.

  1. Жұмыспен қамтуды реттеудің негізгі принциптері мен

механизмдері

Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканың орын алуы, жұмыскерлердің жұмыспен қамтылуының шарттары мен еңбек аясының өзгеруі әрі қарайғы зерттеу мен жұмыспен қамтуды реттеудің толықтық механизмін жасауды қажет етеді. Қазақстан Республикасында бұл процесстер қазіргі кезде құрылып жатқан еңбек нарығы жағдайында өткізіліп жатқндықтан, негізгі мақсаттар болып еңбек күшінің сұранысы мен ұсынысын реттеу механизмінің жалпы және біріңғай көріністерін табу болып табылад. Олар заңмен бекітілген кепілдік деңгейін ұстанған кездегі жалақының және басқа да табыс түрлерінің еркін қозғалысын қарастырады.

Нарық жағдайында жалақының бірдей тұрақты деңгейге қатысты өсуі кәсіпорындар жағынан еңбек күшіне деген сұраныстың азаюына әкеледі және сонымен бірге жұмыс істегілері келетіндердің жағынан ұсыныстың жоғарылауына алып келеді. Жұмыс істегісі келетін индивидтердің бір бөлігі өздерінің мүмкіншіліктеріне қолданыс көзін таба алмайды. Бұл адамдар жұмыс істеген адамдармен бәсекелестікке түседі де, соның салдарынан жалақының бірдей тұрақты деңгейге дейін төмендеуі мүмкін. Жалақы бұл деңгейден төмен түскен жағдайда кәсіпорындар тарапынан жұмыс күшіне деген сұраныс өсіп, жұмыскерлер тарапынан ұсыныс азаяды. Бұл өз ретінде жалақының бірдей тұрақты деңгейге дейін өсуіне әкеледі.

Классикалық модельдерде еңбек күшіне деген сұраныс пен оның ұсынасының арасында тығыз байланыс орын алады. Негізгі тұрақтандырушы механизм болып еңбектің сыйақылауының төменгі деңгейі болып табылады. Ол еңбек күшінің сұранысы мен ұсынысының баланстанбағанына эффективті қимыл жасайды және соның арқасында экономикалық жүйе тұрақтылық жағдайына келеді.

Еңбек нарығының маңызды құрамдас бөлігі - оның жұмыс істеу тетігі. Еңбек нарығының тетігі - ол еңбек етуге қабілетті халық пен жұмыс берушілердің әр түрлі мүдделерінің өзара іс-қимылы мен келісімі. Оның құрамында еңбек сұранысы, ұсынысы, бағасы, бәсеке кіреді.

Жұмыскер күшінің ұсынысы - ол еңбек етуге қабілетті халықтың әр түрлі топтарының қажеттілігі жалдану жұмысын алу және соның негізінде өмір сүруге қаражат табу. Жұмыскер күшінің сұранысы белгілі жұмыскерлер санына әр белгіленген уақыттағы экономиканың қажеттілігін көрсетеді.

Төмендегі 1 суретте еңбек нарығындаңы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы ара-қатынас көрсетілген.

Жұмыскерлер саны

Сурет 1 Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Халықты жұмыспен қамту негізі
Халықты жұмыспен қамтудың мәні мен құрылымы
Халықты жұмыспен қамту туралы
ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
Жұмыссыздықты зерттеудің теориялық негіздері
Нарықтық қатынастар жағдайындағы жұмыссыздық мәселесін шешу технологиясы
Еңбек рыногындағы жұмысбастылық және жұмыссыздық теориясының негіздері
Дағдарыс жағдайындағы халықты жұмыспен қамтуды реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz