Кәсіпорынның шығынының жалпы сипаттамасы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.Кәсіпорынның өндіріске және сатуға жұмсалатын шығыны, оны қаржыландыру
көзі
1.1. Кәсіпорынның шығынының жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Өнім (жұмыс, қызмет) өндірісіне және сатуға жұмсалатын
шығын ... ... ... ...8
1.3 Қызметтің дағдылы түрлері бойынша ағымдағы шығынды жоспарлау
(бюджет) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
1.4. Шығындардың жіктелу
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.Кәсіпорынның шығын мәселесін талдау ( ЖШС ОЛЖАН мәліметтері негізінде )
2.1. Шығындар әдістері және де олардың
есептелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 33
2.2. Кәсіпорынның өнім өткізу шығындарын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 42
2.3.ОЛЖАН ЖШС-тің қаржылық тәуекелін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .45
3.Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және қаржымен қамтамасыз ету мәселелері
3.1.Кәсіпорынды қайта ұйымдастырудың қаржы
аспектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... 52
3.2.Кәсіпорын банкрот болған жағдайда тарату тәртіптемесін қаржымен
қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...64
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
Кіріспе
Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі
бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және
модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде
кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық
жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің
өзгерісін негізге алды.
Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материял, жанармай, электроэнергия,
тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі (амортизациялық) мен жұмыс күшін сатып
алуға кететін шығындарды енгізеді. Тауарды дайындауға кәсіпорынның жұмсаған
шығындарды тұрақты және өзгермелі капитал сомасына тең. Айналым шығындарды
өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатындығын көрсетеді, сөйтіп
тауардың өлшем-орауын, сорттауын, тасымалдауын және сақталуын енгізеді.
Батыс елдері ғылым – экономистерінің жасаған өндіріс шығындарының
қазіргі тұжырымдамасы бұл ұғымды тіпті басқаша түсіндіреді. Олар
экономикалық ресурстардыңбарлық түрлерінің шектеулігімен және оларды
баламалы қолдану мүмкіндіктерін ескереді.
Барлық керекті тұтыныстарды қанағаттандыру үшін ресурстар ешқашан
жеткілікті болған емес . Осы жағдайда қатысты өндіріс туралы мәселені қайсы
бір шешу кейбір заттардан бас тарту қажеттілігін туғызады. Сондықтан да
барлық шығындар балама шығындарды құрайды. Балама өндіріс шығындары басты
кедергі болып табылады және олармен фирма өткеру процесіне өзінің пайдасын
көбейту мүмкіндігінде ұшырайды.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындарының қаржылық өмірінде
күрделі өзгерістер жүруде. Қаржы жұмыстарын ұйымдастырудың бұрынғы
тәсілдері жаңа тәсілдермен сәйкес келмеді, кәсіпорындардың қаржылық
қызметтерінің алдына жаңа талаптар қойыла бастады. Оның маңызды
себептерінің бірі экономиканың нақты секторларындағы реформаның тежелуі.
Кәсіпорындар қызметін жоспарлауға алдын қолданылған көрсеткіштер мен
процедуралардың, мысалы, өндірілген өнімнің көлемінің құнының өнімнің
өзіндік құнының жоғары болуы салдарынан жеңісті бәсекелестікке
әкелмейтіндігі анықталады және бәсекелестердің пайда болуы дәстүрлі
пайданы алуға кедергі келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар кей жағдайларда
пайданы ең төменгі деңгейге дейін жеткізеді.
Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы
ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары
мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол
осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу
жолдарын жетілдіру.
Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында,
ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ
банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды
әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін
жетілдіру.
Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып
алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел
жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз
болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын
қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі
бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін
уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер
қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.
Тәуекел мөлшеріне және дәрежесіне стратегия және қаржылық
менеджмент әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм арқылы нақты
әсер етуге болады. Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел-
менеджменті болып табылады. Тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелді анықтау
және төмендету бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты – кәсіпорын шығын мәнін
толығырақ ашып, нақты кәсіпорын мысалында кәсіпорын шығын жүйесін талдау
және оны төмендету бойынша ұсыныстар беру.
Мақсатқа сәйкес мынадай міндеттері қойылды:
- кәсіпорынның шығыныныңтеориялық аспектісін зерттеу;
- өнім (жұмыс, қызмет) өндірісіне және сатуға жұмсалатын шығын түрлерін
қарастыру;
- қызметтің дағдылы түрлері бойынша ағымдағы шығынды жоспарлауды жетілдіру
жолдарын қарастыру;
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның шығынына жалпы
сипаттама берілген.
Екінші бөлімде ЖШС ОЛЖАН негізінде шығын мәселелері талданған.
Үшінші бөлімде кәсіпорынның қаржымекн қамтамасыз
мәселелері қарастырылған.
Қорытындыда зерттеулердің нәтижелері келтірілген.
Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы болып ҚР заңдары, ҚР
Президентінің нұсқаулары мен қаулылары, статистикалық және нақты мәліметтер
қолданылды.

1.1. Кәсіпорынның шығынының жалпы сипаттамасы
Ұйым шаруашылық қызмет процесінде ақшамен бағалануы мүмкін
ақшалай және өзге де шығын мен шығыс кешенін іске асырады.
Шығынды өтеу (мысалы, өндіріс шығындары) қарастырылады, ал
шығысты өтеуді қарастырылмайды (мысалы, негізгі қорды қайта бағалауға
жұмсалатын шығыс).
Шығын мен шығыс айқын (сандық көрсеткіште көрсетілген) және күнгүрт
(мысалы, кәсіпорынның меншік иесінің еңбек шығынының мөлшері анықталмаған).
Айқын шығын бухгалтерлік, ал күңгүрт шығын – экономикалық деп аталады.
Шығын мен шығыс экономикалық мағынасы мен тағайындалуы бойынша
төмендегі бірнеше топқа біріктіріледі:
Негізгі және айналым капиталын ұдайы жаңғыртуға жұмсалатын. Бұл шығын
негізгі және айналым капиталын құрумен, қайта жаңартумен және кеңейтумен
байланысты және кәсіпорынның меншікті қаражаты мен пайдасының есебінен
жүзеге асырылады;
Өнім (жұмыс, қызмет) өндірісіне және сатуға жұмсалатын. Бұл шығын
негізгі және айналым капиталын, сондай- ақ еңбек ресурсын тиісті мақсатта
пайдаланумен байланысты; ол өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түсетін
түсіммен өтеледі;
Әлеуметтік-мәдени бағдарламаларға жұмсалатын.
Оған мысалы, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, кадр даярлау,
қызметкерлерге тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығын енгізіледі және
ол кәсіпорынның меншікті қаражатынан немесе пайдадан өтеледі;
Біржолғы шығыс.
Шығын орнын толтыру көзі бойынша төмендегілердің есебінен
қаржыландырылатындарға бөлінеді:
Меншікті және сырттан тартылған көз;
Бюджеттің және бюджеттен тыс қордың қаражаты;
Кредит ресурс.
Шығын қабылданатын шешімге орай мына түрлерге бөлінеді: жүктелме
(міндетті) және баламалы (оңтайлылық көзқарастан алып қарағанда ықтимал);
өндірістік және сауда.
Сонымен бірге барлық шығысы:
Шартты тұрақты (өндірістің және өнім, жұмыс, қызмет сатудың мөлшерінен
дербес) және шартты ауыспалы (осы мөлшерге тәуелді);
Тікелей (өнімге тікелей әдіспен бөлінетін) және жанама (жанама әдіспен
бөлінетін);
Ағымдағы және күрделі;
Негізгі және қосалқы (үстеме);
Бір элементтік және көшенді;
Нормаланатын және нормаланбайтынға бөлінеді.
Ұйымның барлық шығысы өзіндік құнға кіретін мынадай шығын
элементтеріне бөлінеді:
Материалдық шығын;
Еңбекақы төлеу шығыны;
Әлеуметтік қажетке аударылатын аударымның (Міндетті әлеуметтік
сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі ҚР Заңына және 2003жылғы 29
желтоқсанда өзгерістер енгізілген ҚР Салық кодексіне сәйкес) әлеуметтік
салықты және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымды қоса
алғанда аударым;
Амортизациялық аударым;
Өзге шығын.
Осылай бөлу қанша шығын жұмсалғанын көрсетеді. Сонымен бірге шығысы
кәсіпорын дербес немесе әдістемелік ұсынымның негізінде белгілейтін шығын
баптары бойынша бөлінеді және осы шығын өнімнің, жұмыстың, қызметтің қай
түріне жататынын көрсетеді.
Экономикалық мағынасы мен тағайындалуы бойынша өндіріске және өнім
сатуға жатқызылатын шығын мен шығыс шығасы деп аталады.
Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорынның нақты өнімнің белгіленген мөлшерін
өндірумен және сатумен байланысты барлық шығынның көрсеттетін экономикалық
санат.
Өзіндік құн былайша бөлінеді:
- цехтық, оған жауапкершілік орталықтарының шығыны кіреді;
- өндірістік, оған өнім (жұмыс, қызмет) шығарумен байланысты барлық
шығынның жиынтығы кіреді;
- сауда, ол өнім (жұмыс, қызмет) өндірісі мен оны сатуға жұмсалатын
барлық шығын кіреді. [13,51б.]
Өзіндік құнды есептегенде шығын екі белгі бойынша, яғни өндіріс
процесінде тағайындалуы және шығынды өзіндік құнға жатқызу тәсілі бойынша
жіктеледі. Сондықтан өзіндік құн шығын баптары бойынша тікелей және жанама
шығынға бөлініп есептеледі.
Алдымен өндіріспен және нақты өнімді сатумен тікелей байланысты шығын
анықталады. Бұл ретте тікелей шот әдісі пайдаланылады.
Өндіріске қызмет көрсетумен және басқарумен байланысты шығын өзінді
құнда тура ескерілуі мүмкін емес және аталмыш шығын өзіндік құнға жанама
енгізіледі.
Өзіндік құн кәсіпорында бірнеше сатыда есептеледі. Бірінші сатыда
өнімнің белгіленген мөлшерін өндірумен байланысты шығын ғана анықталады.
Екінші кезеңде жалпы өнімнің өзіндік құны өндірілген өнімнің өзіндік құнын
алдағы кезеңдегі шығыстың қалдығының өзгеруіне нақтылау арқылы анықталады.
Алдағы кезеңнің шығысына: жаңа өндірісті, құрылғаны, агрегатты
игерумен байланысты шығыс; кейінгі кезеңнің жалға алу төлемінің жарнасы
және есепті айда жұмсалған, алайда кейінгі айларда немесе жылдарда өнімнің
өзіндік құнына енгізілуі тиіс өзге шығын жатады. Осы шығын қалдығының
ұлғаюы өндіріс шығынының мөлшерімен шегеріледі, ал кемуі осы мөлшерге
қосылады.
Қалдық 10 млн теңгеге кеміді деп қарастырайық. Бұл осы шығынды
өндірілген өнімнің өзіндік құнына енгізетін уақыттың келгенін көрсетеді.
Егер өндірілген өнімнің өзіндік құнын 12498 млн теңге мөлшерінде
қабылдасақ, онда жалпы өнімнің өзіндік құны 124999 млн теңгені құрайды.
Үшінші кезеңде тауарлық өнімнің өзіндік құны анықталады. Бұл ретте
жалпы өнімнің өзіндік құны аяқталмаған өндіріс қалдығының өзгеруіне
нақтыланады. Аяқталмаған өндіріс қалдығының өсуі өзіндік құнды төмендетеді.
Жыл соңындағы қалдық жыл басындағы қалдықтан 20 млн теңгеге жоғары
деп шартты түрде алайық. Демек, тауарлық өнімнің өндірістік өзіндік құны
12479 млн теңгеге тең болады.
Өндірістік шығыннан басқа тауарлық өнімнің толық өзіндік құнына
өндірістен тыс шығыны өнімді сатумен байланысты шығын,мысалы, жарнамаға,
өнімді жөнелту станциясына жеткізуге жұмсалатын шығын, делдалдың қызметін
төлеу, кәсіпорын орналасқан жерден тысқары орналасқан база мен қоймада
ұстауға жұмсалатын шығын енгізіледі. Егер өндірістен тыс шығын 20.7 млн
теңге мөлшерінде деп қабылдасақ, онда тауарлық өнімнің толық өзіндік құны
12500 млн теңгегег тең болады. Өнім өндірісінің мөлшерін біліп ( шартты
түрде 1 млн бірлік), тауарлық өнім бірлігінің кәсіпорынның көтерме сауда
бағасын қалыптастыру үшін база болып табылатын толық өзіндік құнын
анықтаймыз.
1.2. Өнім (жұмыс, қызмет) өндірісіне және сатуға жұмсалатын шығын
Бухгалтерлік есепте шығынды есептеу әдісі (жөнелту) бойынша
көрсетіледі. Қаржы (салық) есептерінде шығынды кассалық әдіс (төлем
бойынша) көрсетіледі.
Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесіне сәйкес шығыс жіктелімі
бірнеше топтан (шығасы жеке бөлінбей) құралады, сонымен бірге шарт болуы
және кәсіпорын нәтижесінің сомасы мен оның кемуі анықталуға тиіс.
Төмендегі талаптар сақталған жағдайда, бухгалтерлік есепте мыналар
шығыс ретінде танылады:
шығыс нақты шартқа, заңнамамен нормативтік актінің талаптарына,
іскерлік қатынас дәстүріне сәйкес жұмсалса;
шығыстың сомасы анықталуы мүмкін болса;
ұйым актив берген немесе активті беру қатысында белгісіздік болмаған
жағдайда, нақты операцияның нәтижесінде ұйымның экономикалық пайдасының
кемитініне шүбә келтірілмесе.
Егер ұйым жұмсайтын кез келген шығыс қатысында аталған
талаптың бірі болса да орындалмаса, онда ұйымның бухгалтерлік есебінде
дебиторлық берешек пайда болды деп танылады.
Амортизация амортизациялық аударым мөлшеріне негізделген шығыс деп
танылады. Ол амортизацияланатын активтің құнының, пайдалы пайдалану
мерзімінің және ұйымда қабылданған амортизация есептеу тәсілінің негізінде
анықталады.[13,62б.]
Шығыс бухгалтерлік есепте түсім, операциялық немесе өзге кіріс
алу ниетіне және шығысты жұмсау нысанына қарамастан сол есепті кезеңде
жұмсалды (шаруашылық қызмет фактісінің уақытын анықтауға жол беру) деп
танылады.
Кіріс пен шығыс жөніндегі есепте шығыс:
жұмсалған шығыс пен алынған түсім арасындағы байланыс ескеріліп (кіріс
пен шығыстың үйлесімі);
шығыс бірнеше есепті кезең ішінде кіріс алуды қарастырса және кіріс пен
шығыс арасындағы байланыс айқын анықталуы мүмкін емес немесе жанама жолмен
анықталатын жағдайда оны есепті кезең арасында негізді бөлу арқылы;
шығыстан экономикалық пайда (кіріс) немесе активтің түсімі алынбағаны
анықталған есепті кезеңдегі танылған шығыс бойынша;
салық салынатын базаны есептеу мақсаты үшін қалай қабылданатынына
қарамастан, сондай-ақ тиісті активті танумен байланысты емес жағдай
туындағанда.
Ұйымның шығысы деп активтің (ақшалай қаражаттың, өзге мүліктің) істен
шығу нәтижесінде экономикалық пайданың кемуі және (немесе) қатысушылардың
(мүлік иелерінің) шешімі бойынша салымның кемуін қоспағанда, осы ұйымның
капиталының кемуіне әкеп соқтыратын міндеттемелердің пайда болуы танылады.
Бухгалтерлік есепте мыналар шығыс ретінде танылмайды:
айналымнан тыс активті (негізгі құрал-жабдықты, аяқталмаған құрылысты,
материалдық емес активті және т.б.) сатып алумен (құрумен) байланысты
шығыс;
басқа ұйымның жарғылық (қалыптасу) капиталын салынатын салым;
акционерлік қоғамның акциясын және өзге де бағалы қағаздарды қайта сату
(сату) мақсатында емес сатып алу;
комиссия шарттары, агенттік және комитенттің, принципалдың және т.б.
пайдасына өзге осындай шарт бойынша жұмсалатын шығыс;
материалдық-өндірістік запасты және өзге де құндылықты, жұмысты,
қызметті алдын ала төлеу;

қызметті төлеу есебіне кепілдікті қардар;
• ұйым алған кредитті, қарызды өтеу.
Қызметтің кәдімгі түрі бойынша өнім жасаумен және оны сатумен, тауар
сатып алумен және сатумен байланысты шығын танылады. Жұмыс орындаумен,
қызмет көрсетумен байланысты жүзеге асырылатын шығасы да осындай шығын
болып саналады.
Қызметтің кәдімгі түрі бойынша негізгі құрал-жабдықтың,
материалдық емес активтің және амортизациялық аударым түрінде жүзеге
асырылатын өзге де амортизацияланатын активтің құнын өтеу де шығыс болып
саналады.
Қызметтің кәдімгі түрі бойынша жұмсалатын шығыс бухгалтерлік есепте
ақшаға шағылған, ақшалай немесе өзге нысандағы төлем мөлшеріне немесе
кредиторлық берешектің мөлшеріне тең сомада қабылданады.
Егер төлем танылған шығыс бөлігінің ғана орнын толтырса,
онда бухгалтерлік есепке қабылданатын шығыс төлемнің және кредиторлық
берешектің сомасы ретінде ғана анықталады (төлемнің орны толтырылмаған
бөлігінде).
Қызметтің кәдімгі түрі бойынша шығыс мынадан қалыптасады:
шикізат, материал, тауар мен өзге де материалдық-өндірістік запас сатып
алумен байланысты жұмсалатын шығыстан;
өнім өндірісі, жұмыс орындау, қызмет көрсету және оларды сату
мақсатында материалдық-өндірістік запасты қайта өңдеу (пысықтау) процесінде
пайда болатын шығыстан;
тауар сату (қайта сату) процесінде пайда болатын шығыстан (негізгі
құрал-жабдықты және өзге де айналым активін ұстау және пайдалану, сондай-ақ
оларды түзік жағдайда ұстауға жұмсалатын шығыс);
коммерциялық шығыстан;
басқарушылық шығыстан.
Қызметтің кәдімгі түрлері бойынша шығысты қалыптастырғанда оны
шығын мен шығыстың мына элементтері бойынша топтау қажет:
материалдық шығын;
еңбекақыға жұмсалатын шығын;
әлеуметтік қажетке жұмсалатын шығын;
амортизация;
өзге шығын.
Бухгалтерлік есепте басқару мақсатында шығын баптары бойынша есеп
ұйымдастырылады. Ұйым шығын баптарының тізбесін дербес белгілейді.
Ұйым қызметтің кәдімгі түрінің қаржысының нәтижесін қалыптастыру
мақсатында сатылған тауардың, өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын
анықтайды. Өзіндік құн есепті жылы да, өткен есепті жылы да шығын ретінде
танылған шығыстың, сондай-ақ кейінгі есепті жылы кіріс алуға қатысты
ауысқан шығыстың негізінде өнім өндірісінің ерекшеліктеріне, жұмысты
орындау мен қызмет көрсетудің және оны сату, сондай-ақ тауарды сату (қайта
сату) ерекшеліктеріне байланысты нақтыланып қалыптастырылады. Мұның өзінде
кезең шығысы есепті жылы толықтай сатылған өнімнің (тауардың, жұмыстың,
қызметтің) өзіндік құнында болуы мүмкін.
Кезең шығысына:
тауар (жұмыс, қызмет) сатуға жұмсалатын шығыс;
жалпы және әкімшілік шығыс;
пайызға жұмсалатын шығыс (банк кредиті, жеткізушінің кредиті, мүлікті
жалға алу бойынша пайыз төлеу және т.б.) жатады.
Тауар (жұмыс, қызмет) caтy шығысына:
1) өткізу (сату) бөлімі қызметкерлерінің еңбекақысы;
2) өткізу (сату) бөлімі қызметкерлерінің еңбекақысынан заңнамада
белгіленген норма бойынша - әлеуметтік және медициналық сақтандыру
органдарына аударылатын аударым;
тауарды өткізу процесіне және тауардың өзіне қызмет көрсететін
кәсіпорынның мүлкін сақтандыруға жұмсалатын шығыс;
өткізу (сату) бөлімі қызметкерлерінің іссапарларына жұмсалатын шығыс;
тауар сату процесіне қызмет көрсететін негізгі құрал-жабдықтың
амортизациясы;
сату процесіне қызмет көрсететін негізгі құрал-жабдықты ұстауға
жұмсалатын шығыс;
жүкті шартта белгіленген пунктке дейін тасымалдау. Тиеу-түсіру жұмысы.
өткізу нарығын зерттеу және нарықта тауарды жылжытуға жұмсалатын шығыс
(маркетингке жұмсалған шығыс);
жарнамаға жұмсалған шығыс;
10) өнімнің ыдысы мен қаптамасына жұмсалған шығын (шарт ережесінде
өнімді ыдыссыз және қаптамасыз босату немесе ыдыстың құны қойма кірісіне
алынған өнімнің өзіндік құнының құрамына алынатыны қарастыралатын жағдайды
қоспағанда);
11) өнім өткізетін ұйым белгіленген шарт бойынша өнім сату үшін
төлейтін комиссиялық жиын немесе аударым;
12) өнімді сақтау және тасымалдау кезінде жыл ішінде сатылған өнімге
жаткызылатын табиғи кему норма шектеріндегі билогиялық ысырап;
13) тауар өткізумен байланысты жұмсалатын өзге шығын жатады.
Жалпы және әкімшілік шығысқа:
әкімшілік қызметкерлерге жатқызылатын қызметкерлерге еңбекақы төлеу;
қызмет көрсететін өндіріс пен шаруашылықта жұмыс істейтін
қызметкерлерге еңбекақы төлеу;
әкімшілік қызметкерлерінің және қызмет көрсетуші шаруашылықта жұмыс
істейтін қызметкерлердің еңбекақысынан заңнамада белгіленген норма бойынша
аударылатын аударым;
әкімшілік басқару аппаратын, субъектінің құрылымдық бөлімшелеріне,
материалдық-техникалық және көлік қызметін көрсететін қызметкерлерді
ұстауға, оның ішінде қызметтік жеңіл автокөлікті және жеке жеңіл
автокөлікті қызмет бабында пайдалану үшін төленетін өтемақыға жұмсалатын
шығыс;
техникалық басқару құрал-жабдығын, байланыс торабын, сигнализация
құралын, есептеу орталығын және өндіріске (жалпы шаруашылық
тағайындалыстағы негізгі құрал-жабдықтың тозуы) жатпайтын басқа да
техникалық басқару құрал-жабдығын ұстауға және қызмет көрсетуге жұмсалатын
шығыс. Жалпы шаруашылық тағайындалыстағы ғимаратты, құрылыс пен құрал-
сайманды ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын шығын;
тау-кен өндіру саласындағы дайындау жұмысына жұмсалатын шығыс, егер
олар күрделі шығынға жатқызылмаса (яғни негізгі қор ретінде
капиталданбаса);
салынып жатқан субъектінің дирекциясын, егер ол болмаса - техникалық
қадағалау тобының дирекциясын ұстауға жұмсалатын, сондай-ақ жаңа ұйым мен
объектіні пайдалануға қабылдаумен байланысты шығын;
жобалау және құрылыс-монтаж жұмысындағы кемшілікті, запасты объектінің
жанындағы қоймаға тасымалдаған кезде оның зақымдануын және түрінің өзгеруін
жоюға жұмсалатын шығыс, ақау себебінен тексеруге (жабдықты бөлшектеуге)
жұмсалатын және басқа да осындай шығыс;
әкімшілік басқару жүйесі мен құралын құру және оны жетілдіруге
жұмсалатын шығыс;
банкінің қызметін төлеу;
субъектінің штат кестесінде сол немесе басқа функционалдық қызмет
қарастырылмаған жағдайда, бөгде ұйым жалпы шаруашылық басқару жөнінде
жүзеге асыратын қызметті төлеу;
әкімшілік басқару қызметкерлерінің іссапар шығысына жұмсалатын шығыс;
әкімшілік басқару аппараты қызметкерлерін ауыс тырған кезде төленетін
көтерме ақы;
кеңсе, баспахана, пошта-телеграф және телефон шығысы. Өкілдік шығыс;
15) қызмет көрсетуші өндіріс пен шаруашылықты ұстауға (үй-жайды тегін
беру, қоғамдық тамақтану ұйымына коммуналдық қызмет құнын төлеу және т.б.)
жұмсалатын шығыс;
16) жұмыс күшін ұйымдастырып жинақтауға, мамандарды оқытуға жұмсалатын
шығыс, қызметкер жұмыстан босатылған кезде төленетін өтемақы, комиссиялық
шығыс;
17) жалпы тағайындалыстағы негізгі құрал-жабдықты жалға алуға
жұмсалатын шығыс. Мүлікке, жылжымайтын мүлікке салынатын салық, жиын мен
аударым;
коммуналдық қызметке, қызметкерлердің еңбегін қорғауға, субъектіні
күзету, өртке қарсы қорғауға жұмсалатын шығыс; сауықтыру іс-шараларын
өткізуге, директорлар кеңесін ұстауға жұмсалатын шығыс және басқа да жалпы
шаруашылық сипаттағы басқа да шығыс;
нормативтіктен тыс ысырап, қоймадағы тауарлық-материалдық запастың
бүлінуі мен жетіспеуі және басқа да өндірістік емес шығыс пен ысырап;
еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалтқан жағдайда нақты еңбекақыға
дейін қосымша ақы төлеу;
өндірістік емес қызметкерге жұмыс істеген жылдары үшін қолданыстағы
заңнамаға сәйкес біржолғы сыйақы төлеу;
консультациялық (аудиторлық) және акпараттық қызметті төлеу;
абаттандыру жөніндегі жұмысты орындауға жұмсалатын шығыс;
қосымша берілген демалысты төлеу, қызметкердің отбасы мүшелерінің
демалыста пайдаланылатын жерге барып-қайту жолын төлеу;
қызметкердің жұмыс орнына барып-қайтуын төлеу;
қайта ұйымдастыруға, штат санын қысқартуға байланысты ұйымнан
босатылатын қызметкерлерге төлем төлеу;
сот шығасысы;
тағайындалған немесе мойындалған айыппұл, өсім, тұрақсыздық айыбы және
шаруашылық шарттың ережесін бұзу үшін белгіленген басқа да санкция түрі;
кірісті жасыру үшін салынған айыппұл, өсім;
кінәлі анықталмаған ұрлықтан немесе қажет соманы кінәлі тараптың
есебінен өтеу мүмкін болмаған жағдайда шегілген залал жатады.
Негізгі емес қызметтің шығысына мыналар жатқызылады:
ұйым активін төлем үшін уақытша пайдалануға (уақытша иелену мен
пайдалану) берумен байланысты шығыс;
өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге және интеллектуалдық меншіктің басқа
түріне берілген патенттен туындайтын құқықты төлем үшін берумен байланысты
шығыс;
басқа ұйымның жарғылық капиталына қатысумен байланысты шығыс;
негізгі құрал-жабдықты және ақшалай қаражаттан өзгеше басқа активті,
тауарды, өнімді сатумен, істен шығарумен және өзгедей есептен шығарумен
(шетел валютасын қоспағанда) байланысты шығыс;
бухгалтерлік есеп ережесіне сәйкес құрылатын бағалау резервіне (күмәнды
борыш бойынша, құнды қағазға салынған салымның ықтимал құнсыздануына)
аударылатын аударым;
өзге шығыс.
Төтенше шығыс құрамында шаруашылық қызметтің төтенше жағдайдың
салдарынан (дүлей апат, өрт, авария, мүлікті мемлекет меншігіне айналдыру
және т.б.) пайда болатын шығыс көрсетіледі.
Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесіне сәйкес материалдық шығынға мына
актив жатқызылады:
сатуға (жұмыс орындауға, қызмет көрсетуге) арналған өнім өндірісінде
шикізат, материал ретінде пайдаланылатын;
сатуға арналған;
• ұйымның басқарушылық қажеті үшін пайдаланылатын.
Материалдық-өндірістік запасты сатып алуға арналған нақты шығынға
мыналар жатқызылады:
жеткізушіге (сатушыға) шартқа сәйкес төленетін сома;
материалдық-өндірістік запас сатып алумен байланысты ақпараттық және
консультациялық қызмет үшін ұйымға төленетін сома;
кеден бажы;
материалдық-өндірістік запастың бірлігін сатып алумен байланысты
төленетін өтелмейтін салық;
сол арқылы материалдық-техникалық запас сатып алынатын делдалдық ұйымға
төленетін сыйақы;
материалдық-өндірістік запасты дайындау және оны пайдаланатын жерге
дейін жеткізуге жұмсалатын шығын, сонымен бірге сақтандыруға жұмсалатын
шығыс.
Материалдық-техникалық запастың нақты өзіндік құны:
ұйымның өзі жасаған запастың өзіндік құны оның өндірісімен байланысты
нақты шығынға байланысты анықталады;
ұйымның жарғылық (қалыптастыру) капиталына салым есебіне енгізілгеннің
нақты өзіндік құны, егер заңнамада басқадай көзделмесе, онда ұйымның
құрылтайшылары (қатысушылары) келіскен ақшалай бағаға негізделіп
анықталады;
ұйым сыйға тарту шарты бойынша немесе тегін алған, сондай-ақ негізгі
құрал-жабдық пен басқа мүлік істен шыққаннан кейін қалғанның нақты өзіндік
құны бухгалтерлік есепке қабылданған күні олардың ағымдағы нарықтық құнына
сәйкес анықталады. Ағымдағы нарықтық құн деп көрсетілген активті сату
нәтижесінде алынуы мүмкін ақшалай қаражаттың сомасын білдіреді;
міндеттемені (төлеуді) ақшалай емес құралмен орындау қарастырылатын
шарт бойынша алынған материалдық-өндірістік запастың өзіндік құны деп
ұйымға табыс етілген немесе табыс етілуі тиіс активтің құны деп саналады;
ұйым табыс еткен немесе табыс етуі тиісті материалдық-өндірістік
запастың нақты өзіндік құны ұйым салыстырмалы жағдайда әдетте осындай
активтің құнын анықтайтын құнға орай белгіленеді.
Материалдық-өндірістік запасты (сату құны бойынша есептелетін тауарды
коспағанда) өндіріске босатқанда немесе басқадай істен шығарғанда ол мына
тәсілдің бірімен бағаланады:
әрбір бірліктің өзіндік құны бойынша;
орташа өзіндік құн бойынша;
уақыты бойынша бірінші сатып алынған материалдық-өндірістік запастың
өзіндік құны бойынша (ФИФО тәсілі);
уақыты бойынша соңғы сатып алынған материалдық-өндірістік запастың
өзіндік құны бойынша (ЛИФО тәсілі).
Материалдық-өндірістік запас тобы (түрі) бойынша көрсетілген тәсілдің
бірі есептік саясатты жүйелі түрде қолдану мүмкіндігіне орай қолданылады.
Ұйым ерекше тәртіппен пайдаланатын материалдық-өндірістік запас (бағалы
металл, асыл тас және т.б. немесе әдеттегідей бірін-бірі алмастыра алмайтын
запас осы запастың әрбір бірлігінің өзіндік құны бойынша бағалануы мүмкін.
Материалдық-өндірістік запасты орташа өзіндік құн бойынша запастың
әрбір тобы (түрі) бойынша запас тобының (түрінің) жалпы өзіндік құнын оның
санына, сондай-ақ өзіндік құны мен айдың басындағы қалдыққа және осы айдың
ішінде келіп түскен запасқа бөлу арқылы бағаланады.
Уақыты бойынша бірінші сатып алынған материалдық-өндірістік запастың
өзіндік құны бойынша бағалау (ФИФО тәсілі) осы запас бір ай ішінде немесе
олар сатып алынуына (түсуіне) орай жүйелі түрде пайдаланылады деген пікірге
негізделеді, яғни өндіріске (сатуға) бірінші болып түскен запас айдың
басында есепте бар запастың өзіндік құны ескеріліп уақыты бойынша бірінші
сатып алынған запастың өзіндік құны бойынша бағалануы тиіс. Осы тәсіл
қолданылғанда айдың соңында запастағы (қоймадағы) ма-териалдық-өндірістік
запас уақыты бойынша соңғы сатып алынған запастың нақты өзіндік құны
бойынша бағаланады, ал сатылған тауардың, өнімнің, қызметтің өзіндік
құнында уақыты бойынша бұрын сатып алынған запастың өзіндік құны
ескеріледі.
Уақыты бойынша соңғы сатып алынған материалдық-өндірістік запастың
өзіндік құны бойынша бағалау (ЛИФО тәсілі) өндіріске (сатуға) бірінші болып
түскен осы запас сатып алынуына орай жүйелі түрде соңғының өзіндік құны
бойынша бағалануы тиіс. Осы тәсіл қолданылғанда айдың соңында запастағы
(қоймадағы) материалдық-өндірістік запас уақыты бойынша бұрын сатып алынған
запастың нақты өзіндік құны бойынша бағаланады, ал сатылған тауардың,
өнімнің, қызметтің өзіндік құнында уақыты бойынша кейін сатып алынған
запастың өзіндік құны ескеріледі.
Запастың әрбір тобы (түрі) бойынша есепті жыл ішінде бағалаудың бір
тәсілі қолданылады. Запас есепті жылдың соңында істен шыққан запасты (сату
құны бойынша есептелетін тауарды қоспағанда) бағалаудың қабылданған
тәсіліне байланысты, яғни өзіндік құны орташа запастың әрбір бірлігінің
өзіндік құны, сондай-ақ уақыты бойынша бірінші немесе соңғы сатып алынған
запастың өзіндік құны бойынша бағаланады. Запас бухгалтерлік есеп-қисапта
өзінің жіктеліміне (топ (түр) бойынша бөлінуіне) сәйкес, өндірісте өнімді
пайдалану, жұмысты орындау, қызмет көрсету тәсілі немесе ұйымның
басқарушылық қажеті негізге алынып көрсетіледі. Запас есепті жылдың соңында
бухгалтерлік баланста өзі бағаланған тәсілге байланысты анықталған құн
бойынша көрсетіледі.[13.81б]
Еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығын мен әлеуметтік қажетке аударылатын
аударым ұйым шығысының элементі ретінде салық заңнамасында көрсетілген
шығынға ұқсайды.
Еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығын деген элементте кәсіпорынның
өндірістік қызметкерлерінің еңбекақы шығысы, жұмысшылар мен қызметшілерге
өндірістік нәтижелері үшін төленетін сыйақы, ынталандыру және өтемақы
төлемі, сондай-ақ кәсіпорынның негізгі қызмет штатына кірмейтін
қызметкерлерге еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыс көрсетіледі. Еңбекақыға
жұмсалатын шығыстың құрамына:
орындалған жұмыс үшін кәсіпорында қабылданған еңбекақы төлеу нысаны мен
жүйесіне сәйкес келісімді баға, тарифтік ставка мен лауазымдық жалақы
негізге алынып есептелген еңбекақы;
ынталандыру сипатындағы төлем: өндірістік нәтиже үшін төленетін сыйақы
(табиғи сыйақының құнын қоса алғанда), тарифтік ставка мен жалақыға кәсіби
шеберлігі, еңбектегі жоғары жетістіктері және т.б. үшін үстеме;
жұмыс тәртібімен және еңбек жағдайымен байланысты өтемақы сипатында
төленетін төлем, оның ішінде: түнгі уақытта жұмыс істеу, жұмыс уақытынан
тыс жұмыс істеу, кеп ауысымды тәртіптегі жұмыс істеу, демалыс және мереке
күндерінде жұмыс істеу, кәсіптерді қатар атқару, қызмет көрсету аясын
кеңейту, ауыр, зиян, ерекше зиян еңбек жағдайында жұмыс істеу және
заңнамада белгіленген т.б. жағдайлар үшін тарифтік ставка мен жалақыға
үстеме мен қосымша ақы;
экономиканың жекелеген салаларының қызметкерлеріне қолданыстағы
заңнамаға сәйкес тегін көрсетілетін коммуналдық қызметтің, тамақтың,
өнімнің құны, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлеріне қолданыстағы заңнамаға
сәйкес берілетін тегін тұрғын үйді төлеуге жұмсалатын шығыс (тегін тұрғын
үй берілмегені, коммуналдық қызмет көрсетілмегені және т.б.) үшін ақшалай
өтемақының сомасы);
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тегін берілетін, тұрақты жеке
пайдаланыстағы қалатын заттардың (нысандық киім-кешекті, жабдықты қоса
алғанда) құны (немесе оны төмендетілген бағамен сатуға байланысты жеңілдік
сомасы);
6) кезекті және қосымша демалысты (пайдаланылмаған демалыс үшін
өтемақы), сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді орындаумен, медициналық
тексеруден өтумен байланысты уақытты қолданыстағы заңнамаға сәйкес төлеу;
7) кәсіпорынның, ұйымның қайта ұйымдастырылуына, сондай-ақ заңнамада
белгіленген жағдайда қызметкерлер санының және штаттың қысқаруына
байланысты жұмыстан босатылатын қызметкерлерге төленетін төлем;
8) қызмет атқарған жылдар үшін (осы кәсіпорында мамандық бойынша
еңбегі үшін төленетін үстеме) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төленетін
біржолғы сыйақы;
9) аудандық, экологиялық коэффициент, сондай-ақ елсіз, сусыз және
биік таулы жерде жұмыс істегені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес
төленетін коэффициент; еңбекақыға заңнамада экологиялық жағдайы қолайсыз
аудандардағы үздіксіз жұмыс өтілі үшін қарастырылған үстеме;
жоғары немесе арнайы орта оку орнын бітірген жас маманға жұмысты
бастар алдындағы демалысты төлеу;
жұмысшылар мен қызметшілерге берілетін оқу демалысын қолданыстағы
заңнамаға сәйкес төлеу;
заңнамада көзделген жағдайда төмен теленетін жұмыс орындағаны үшін
төленетін төлем; уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда заңнамада
белгіленген нақты еңбекақыға дейін қосымша ақы төлеу;
13) басқа кәсіпорын мен ұйымнан белгіленген мерзім бойы бұрынғы жұмыс
орнындағы лауазымдық жалақысьшың мөлшері сақталып жұмысқа орналастырылған
қызметкерлерге төленетін, сондай-ақ уақытша басқа қызметкердің орнына жұмыс
істеген кезде жалақылардағы айырманы төлеу (заңнамаға сәйкес);
кәсіпорын орналасқан жерден (жинау пункті) жұмыс орнына және кері
қайтатын жолдағы күн үшін вахтадағы жұмыс кестесіне сәйкес, сондай-ақ
метеорологиялық жағдай бойынша және көлік ұйымының кінәсінен жолда кешіккен
күн үшін тарифтік ставка, жалақы мөлшерінде төленетін сома (жұмыс вахта
әдісімен орындалғанда);
кәсіпорын мен ұйымның жұмысшысына, басшысына біліктідікті арттыру және
қызметкерлерді қайта даярлау жүйесінде өндірістен қол үзіп оқыған уақытта
негізгі жұмыс орны бойынша төленетін еңбекақы;
16) донор қызметкер тексеруден еткен, қан тапсырған және қан
тапсырғаннан кейін берілетін әрбір демалыс күні үшін төленетін төлем;
17) кәсіпорын штатында кірмейтін қызметкерге, егер орындалған жұмыс
үшін қызметкермен есеп айырысуды кәсіпорынның өзі тікелей жүргізген
жағдайда, мердігерлік шартты қоса алғанда азаматтық-құкықтық сипатта
жасалған шарт бойынша ол орындаған жұмыс үшін еңбекақы төлеу. Бұл ретте
қызметкердің мердігерлік шарт бойынша жұмыс орындағаны үшін еңбекақыға
теленетін қаражаттың мөлшері осы жұмыс (қызмет) сметасына және төлем
құжаттарына және т.б. сәйкес анықталады.
Әлеуметтік сақтандыру аударымдары деген элементте бюджетке
аударылатын әлеуметтік салық сомасымен қоса мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына белгіленген норма бойынша аударылатын аударым
көрсетіледі.
Негізгі қаражат бухгалтерлік есепке бастапқы құн бойынша қабылданады.
Төлем үшін сатып алынған негізгі құрал-жабдықтың бастапқы құны ретінде,
қосылған құн салығына салынатын салық пен өзге де өтелетін салықты
қоспағанда (заңнамада көзделген жағдайды қоспағанда) ұйымның осы құрал-
жабдықты сатып алуға, салуға және жасауға жұмсаған нақты шығынының сомасы
танылады.
Негізгі кұрал-жабдықты сатып алуға, салуға және жасауға жұмсаған нақты
шығынына:

ұйымға мердігерлік құрылыс шарты және өзге де шарт бойынша жұмысты
орындағаны үшін төленетін сома;
ұйымға негізгі құрал-жабдық сатып алумен байланысты ақпараттық және
консультациялық қызмет көрсету үшін төленетін сома;
негізгі кұрал-жабдық объектісіне құкық сатып алуға (алуға) байланысты
төленген тіркеу жиыны, мемлекеттік баж және басқа да осындай төлем;
кеден бажы;
негізгі құрал-жабдық объектісін сатып алумен байланысты төленетін
өтелмейтін салық;
сол арқылы негізгі құрал-жабдық объектісі сатып алынған делдал ұйымға
теленетін сыйақы;
негізгі құрал-жабдық объектісін сатып алумен, салумен және жасаумен
тікелей байланысты өзге шығын. Атап айтқанда, негізгі құрал-жабдық
бухгалтерлік есепке қабылданғанға дейін осы объектіні сатып алуға, салуға
немесе жасауға тартылған қарыз қаражат бойынша есептелген пайыз.
Негізгі құрал-жабдықты сатып алуға, салуға немесе жасауға жұмсалған
нақты шығынға, осы шығын негізгі құрал-жабдықты сатып алумен, салумен
немесе жасаумен тікелей байланысты емес жағдайды қоспағанда, жалпы
шаруашылық және өзге де ұқсас шығын кірмейді.
Негізгі кұрал-жабдық объектісінің құны амортизация есептеу арқылы
өтеледі.
Негізгі құрал-жабдық объектісінің амортизациясы мына тәсілдің бірімен
есептеледі:
сызықтық;
азаймалы қалдық;
пайдалы пайдалану мерзімінің жыл санының сомасы бойынша құнды есептен
шығару;
құнды өнім (жұмыс) мөлшеріне үйлесімді есептен шығару.
Есепті жыл ішінде негізгі құрал-жабдық объектісі бойынша амортизациялық
аударым қолданылатын тәсілге қарамастан жылдық соманың 112 мөлшерінде ай
сайын есептеледі. Өндірісі маусымды сипаттағы ұйымда пайдала-нылатын
негізгі құрал-жабдық бойынша амортизациялық аударымның жылдық сомасы ұйым
есепті жылда жұмыс істейтін кезең бойы біркелкі есептеледі.
Негізгі құрал-жабдық объектісі пайдалы пайдалану мерзімін ұйым
объектіні бухгалтерлік есепке қабылдағанда анықтайды. Негізгі құрал-жабдық
объектісін пайдалы пайдалану мерзімі болжамды өнімділік немесе қуатқа
сәйкес осы объектінің болжамды пайдалану мерзіміне; пайдалану тәртібіне
(ауысым санынан) байланысты болжамды табиғи тозуға; табиғи ортаға және
агрессиялык ортаның ықпалына; жөндеу жүргізу жүйесіне; осы объектіні
пайдаланудың нормативтік-құқықтық және басқа да шектеулерге сәйкес
анықталады. Негізгі құрал-жабдық объектісінің бастапқы қабылданған
нормативтік жұмыс көрсеткіші оны қайта жаңарту немесе жаңғырту нәтижесінде
жақсарған (жоғарылаған) жағдайда, ұйым осы объектінің пайдалы пайдалану
мерзімін қайта қарайды. Мұның өзінде негізгі құрал-жабдық объек-тісін
жаңғырту және қайта жаңарту аяқталғаннан кейін оған жұмсалған шығын осы
объектінің бастапқы құнын ұлғайтуы мүмкін.
Амортизация есептелетін материалдық емес активті бухгалтерлік есепке
қабылдаған кезде (жағымды нәтижесін бермеген ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-
конструкторлық және технологиялық жұмысты; аяқталмаған және заңнамада
белгіленген тәртіппен ресімделмеген ғылыми-техникалық, тәжірибелік-
конструкторлық және технологиялық жұмысты; ғылым, әдебиет, өнер, ЭЕМ-ға
арналған бағдарлама мен дерекқор бар материалдық объектіні қоспағанда)
келесі талаптар орындалуы тиіс:
• материалдық-мүліктік (табиғи) құрылымның болмауы;
• осы материалдық емес активтің деректерін сәйкестендіру
мүмкіндігі (оны басқа мүліктен жеке болу немесе ажырату);
материалдық емес активті ұйымның басқарушылық қажеті үшін өнім
өндіруде, жұмыс орындағанда немесе қызмет көрсеткенде пайдалану;
материалдық емес активті ұзақ уақыт бойы, яғни ұзақтығы 12 айдан немесе
егер 12 айдан асатын қалыпты операциялық циклден асатын пайдалы пайдалану
мерзімі бойы пайдалану;
ұйым осы мүлікті кейін қайта сатуды қарастырмайды;
ұйымға келешекте экономикалық пайда (кіріс) әкелу қабілеті;
активтің барын және ұйымның интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне ерекше
құқығының барын растайтын тиісінше ресімделген құжаттың (патент, куәлік,
басқа қорғау құжаттары, патентті, тауарлық белгіні беру (сатып алу) шарты)
болуы.
Материалдық емес активке, сондай-ақ интеллектуалдық меншік объектісі
(интеллектуалдық қызмет нәтижесіне ерекше құқық), патент иесінің жаңалыққа,
өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге ерекше құқығы; ЭЕМ-ға, дерекқорға
ерекше авторлық құқық; автордың немесе басқа құқық иеленушінің интегралдық
микросхема топологиясына мүліктік құқығы; меншік иесінің тауарлық белгіге
және қызмет көрсету белгісіне, тауардың шығатын жерінің атауына ерекше
құқығы; патент иесінің селекциялық жетістікке ерекше құқығы жатқызылуы
мүмкін. Материалдық емес актив құрамында сондай-ақ ұйымның іскерлік беделі
мен ұйымдастыру шығыны да (құрылтай құжаттарға сәйкес қатысушылардың
(құрылтайшылардың) ұйымның жарғылық (ортақ) капиталға салымының бөлігі
ретінде танылған шығын) ескеріледі.
Материалдық емес актив құрамына ұйым қызметкерлерінің интеллектуалдық
және іскерлік қабілеті, олардың біліктілігі мен еңбек ету қабілеті
кірмейді, өйткені олар өздерінің иелерінен ажырамайды және оларсыз
пайдалануы мүмкін емес.
Материалдық емес актив бухгалтерлік есепке бастапқы құн бойынша
қабылданады. Төлем үшін сатып алынған материалдық емес активтің бастапқы
құны қосылған құн салығы мен өтелетін өзге салықты қоспағанда (заңнамада
көзделген жағдайды қоспағанда) сатып алуға жұмсалған нақты шығынның сомасы
ретінде анықталады.
Материалдық емес активті сатып алуға жұмсалатын нақты шығынға:
құкық иесіне (сатушыға) беру (сатып алу) шартына сәйкес төленетін сома;
ұйымға материалдық емес актив сатып алумен байланысты ақпараттық және
консультациялық қызмет үшін төленетін сома;
тіркеу жиыны, кеден бажы, патент бажы мен құқық иесінің ерекше құқығын
берумен (сатып алумен) байланысты төленген басқа да осындай төлем;
материалдық емес актив объектісін сатып алумен байланысты төленетін
өтелмейтін салық;
ол арқылы материалдық емес актив объектісі сатып алынған делдалдық
ұйымға төленетін сыйақы;
материалдық емес актив сатып алумен тікелей байланысты өзге шығын.
Материалдық емес актив сатып алуға, жасауға жұмсалатын нақты шығынға,
актив сатып алумен тікелей байланысты емес басқа жалпы шаруашылық және өзге
ұқсас шығын кірмейді.
Ұйымның жарғылық (ортақ) капиталына енгізілген материалдық емес
активтің бастапқы шығыны, заңнамада өзгедей көзделмесе, ұйымның
құрылтайшылары (қатысушылары) келіскен осы материалдық емес активтің
ақшалай бағасына орай анықталады.
Ұйым сыйға тарту шарты бойынша алған (тегін) материалдық емес активтің
бастапқы құны материалдық емес актив бухгалтерлік есепке қабылданған күнгі
нарықтық құнына байланысты анықталады.
Міндеттемені (төлемді) ақша емес қаражатпен орындау қарастырылатын шарт
бойынша алынған материалдық емес активтің бастапқы құны ұйымға табыс
етілген немесе табыс етілуі тиіс тауардың (активтің) құнына байланысты
анықталады.
Материалдық емес активтің құны амортизация арқылы өтеледі. Материалдық
емес активтің амортизациясы амортизациялық аударымы мына есептеу тәсілінің
бірімен есептеледі

Есепті жыл ішінде материалдық емес актив бойынша амортизациялық аударым
қолданылатын тәсілге қарамастан жылдық соманың 112 мөлшерінде ай сайын
есептеледі. Маусымды өндірісте материалдық емес актив бойынша
амортизациялық аударымның жылдық сомасы ұйым есепті жылда жұмыс істейтін
кезең бойы біркелкі есептеледі. Материалдық емес активтің пайдалы пайдалану
мерзімін ұйым объект бухгалтерлік есепке қабылдағанда анықтайды.
Материалдық емес активтің пайдалы пайдалану мерзімі патенттің, куәліктің
және интеллектуалдық меншік объектісін пайдалану мерзімін заңнамаға сәйкес
басқа да шектеудің қолданылу мерзіміне; ұйым экономикалық пайда (кіріс)
алуы мүмкін осы объектіні пайдаланудың болжамды мерзіміне сәйкес
анықталады. Материалдық емес активтің жекелеген тобы үшін пайдалы пайдалану
мерзімі осы объектіні пайдалану нәтижесінде алу болжанатын өнімнің немесе
жұмыс мөлшерінің өзге табиғи көрсеткішінің санына сәйкес анықталады.
Пайдалы пайдалану мерзімін анықтау мүмкін емес материалдық емес активтің
амортизациялық аударым нормасы жиырма жылға межеленіп (ұйым жұмыс істейтін
мерзімнен аспайтындай) белгіленеді. Материалдық емес активті пайдалы
пайдалану мерзімі ұйымның қызмет мерзімінен аспауы тиіс.
Материалдық емес активтің амортизациялық аударымы осы объекті
бухгалтерлік есепке қабылданған күннен кейінгі айдың бірінші күнінен бастап
жүргізіледі және осы объектінің құны толық өтелгенше немесе ұйым
интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне ерекше құқықты беруіне (жоғалтуына)
байланысты осы объект бухгалтерлік есептен шығарылғанға дейін есептеледі.
Материалдық емес актив бойынша амортизациялық аударым осы объектінің құны
толық өтелген немесе осы объект бухгалтерлік есептен шығарылған айдан
кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Аударым есепті кезеңнің өзі жатқызылған бухгалтерлік есепте көрсетіледі
және ұйым қызметінің нәтижесіне қарамастан келесі екі тәсілдің бірімен:
жекелеген шотта тиісті соманы жинақтау арқылы немесе объектінің бастапқы
құнын кеміту арқылы есептеледі.
Ұйымның ұйымдастыру шығысының амортизациялық аударымы бухгалтерлік
есепте бастапқы құнды жиырма жыл бойы (алайда ұйым қызметінің мерзімінен
аспайтын) біркелкі кеміту арқылы көрсетіледі.
Өнім шығару, жұмыс орындау және қызмет көрсету мақсаты үшін немесе
ұйымның басқарушылық қажеті үшін пайдалану тоқтатылған (патенттің,
куәліктің, басқа қорғау құжаттарының қолданылу мерзімінің аяқталуына,
интеллектуалдық қызмет нәтижесіне ерекше құқықты беруге (сатуға)
байланысты) материалдық активтің құны есептен шығарылуы тиіс. Егер қайсыбір
материалдық емес актив бойынша амортизациялық аударым бухгалтерлік есепте
тиісті соманы жинақтау арқылы көрсетілсе, онда осы объектінің құнын есептен
шығарумен қатар жинақталған амортизациялык аударымның сомасы да есептен
шығарылуы тиіс. Активтің кірісі ұйымның қаржы нәтижесіне жатқызылады.
Ұйымның бухгалтерлік есебінде интеллектуалдық меншік объектісін
пайдалану құқығын берумен (алумен) байланысты операцияны ұйымдастыру
(тауардың шыққан жерінің атауын пайдалану құқығынан басқа) құқық иеленуші
мен пайдаланушы арасындағы лицензиялық шартқа (айрықша, айрықша емес, ашық
лицензия), авторлық шартқа (ғылым, әдебиет, өнер туындысын пайдалануға
айрықша, айрықша емес құқықты беру туралы), коммерциялық концессия шартына
және белгіленген заңнамаға сәйкес жасалған басқа да ұқсас шартқа негізделіп
көрсетіледі.
Ұйымның сатып алынған іскерлік беделі жиырма жыл бойы (ұйым жұмыс
істейтін мерзімнен аспайды) амортизацияланады. Ұйымның жағымды іскерлік
беделінің амортизациялық аударымы бухгалтерлік есепте оның бастапқы құнын
біркелкі кеміту арқылы көрсетіледі. Ұйымның жағымсыз іскерлік беделі
ұйымның қаржы нәтижесіне біркелкі жатқызылады.
Бухгалтерлік есепте материалдық активтің түрі бойынша есепті жылдың
басында және соңында есептелген амортизацияның бастапқы құны мен сомасы,
есептен шығару мен өсімнің құны, материалдық емес актив қозғалысының өзге
де жағдайлары көрсетіледі. Ұйымның есептік саясаты жөніндегі ақпараттың
құрамында; бухгалтерлік есепте ақшалай емес, қаражат үшін емес, сатып
алынған материалдық емес активті бағалау тәсілдері; ұйым қабылдаған
материалдық емес активті (жекелеген топ бойынша) пайдалы пайдалану мерзімі;
материалдық емес активтің жекелеген топтары бойынша есептеу тәсілі;
бухгалтерлік есепте материалдық емес актив бойынша амортизациялык аударымды
көрсету тәсілі жөніндегі барынша аз мөлшердегі ақпарат баяндалуы тиіс.
1.3. Қызметтің дағдылы түрлері бойынша ағымдағы шығынды жоспарлау
(бюджет)
Жоспарлау (пайдалану) - ағымдағы шығынды басқарудың негізгі әдісі болып
табылады. Жоспарлауда алдағы кезеңнің шығынын және оның мөлшерінің орынды
құрылымын белгілеу басты мақсат ретінде қойылады. Ағымдағы шығынды
жоспарлаудың негізгі нысаны бюджеттендіру болып табылады. Жоспарлы бюджет
жалпы кәсіпорын бойынша, жекелеген бөлімшелер мен жауапкершілік
орталықтарына (шығыс, кіріс және пайда) бөлініп жасалады. Шығын бюджеті
ағымдағы қызметтің кіріс және шығыс жоспарына енгізіледі.
Пайдалану шығынын жоспарлаудың ең маңызды сатыларына:
есепті кезеңнің шығынын талдау;
жоспарлау үшін қажетті бастапқы база дайындау;
шығынның мөлшері мен құрылымына ықпал ететін факторлардың өзгеру
болжамы;
бұйым түрлеріне жоспарлы калькуляция жасау;
жауапкершілік орталықтарының жоспарлы бюджетін әзірлеу;
жалпы кәсіпорын бойынша жиынтық жоспар (бюджет) әзірлеу жатады.
Операциялық талдау процесінде өндірістік циклдің қалыпты барысында
қарастырылмаған артық шығынның пайда болу себебіне ерекше назар аударылады.
Артық шығынның құрамына мына шығын кіреді:
шикізаттың, материалдың және энергия ресурсының нормативтіктен тыс
шығыны;
еңбекақы төленетін қаражаттың артық шығыны;
материалдық құндылықтың артық запасын ұстауға жұмсалған шығын;
амортизациялық саясаттың өзгеруі;
салық салу ставкасының және бюджеттен тыс қорға төленетін жарна
тарифінің деңгейі;
тартылатын қарыз қаражаттың пайыздық ставкасының деңгейі;
сатып алынатын материалдық ресурстың, қуат көзінің баға деңгейінің және
көлік тасымалы тарифінің өзгеруі;
ағымдағы (операциялық) шығынның мөлшеріне айтарлықтай ықпал ететін өзге
факторлар.
Жекелеген бұйымның (біртектес бұйым тобының) жоспарлық калькуляциясы
пайдалану шығынының есептік номенклатурасының белгіленген баптарына бөлініп
салыстырылып есептеледі. Бұйымның жоспарлық калькуляциясын жасау процесінде
шығынды калькуляциялау жүйесі (тапсырыстық, қайта бөлістік, нормативтік)
және операциялық шығынның тікелей және тікелей емес (жанама) мөлшері
анықталады. Кәсіпорын калькуляциялық бірлік тізбесін өзінің пайдалану
қызметінің ерекшеліктеріне байланысты дербес белгілейді.
Батыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz