Тұрмағамбет ақын шығармасындағы пайғамбарлардың жырлануы



Жоспары:
І. Кіріспе
Тұрмағамбет ақын шығармашылығындағы дін тақырыбы
ІІ. Негізгі бөлім
а) Ақын шығармаларындағы пайғамбарлардың жырлануы
ә) Тұрмағамбет ақын шығармаларындағы пайғамбарлар тарихының Рабғузидің «Қиссас.ул әнбиасымен» үндесуі
б) Ақын жырларының замандас ақындарымен үндестігі
в) Жаралған Мұстафаның үмметі үшін (Мұхаммед пайғамбар жөніндегі жыр.дастандары)
ІІІ. Қорытынды
Тұрмағамбет ақын жырының тәрбиелік мәні
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармаларындығы дін, пайғамбарлар өміріның жырлаудағы оның мұсылманша өте сауаттылығы анық байқалады. Ақынның шығармаларына арқау болған пайғамбарлар дүниесі Құран кітаптан, Құран кітап негізінде жазылған Насреддин Рабғузидің «Қисса-ул әнбиядағы» хикаяттарынан алынғандығы мәлім. Осы кітаптарды негізге ала отырып Тұрмағамбеттің жырлауы және ақынның замандас ақындардың қалай жырлағандығы зерттеуге өзек болып табылады.

Зерттеу тақырыбының мақсат-міндеті:
Тұрмағамбеттің шығармаларын оқи отырып мынадай мақсат-міндеттерді орындау тиіс:
- Ақын шығармаларына негіз болған пайғамбарлар өмірінің қаншалықты дәрежеде жырланғандығын, ауқымын танып-білу;
- Өз замандас ақын-жырауларымен Тұрмағамбеттің пайғамбарларды жырлаудағы ортақ ұқсастықтарын айқындау;

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері:
Зерттеу жұмысын жалпы тұрамағамбеттану саласында және ақын-жыраулардың діни тақырыптардағы, соның ішінде пайғамбарлардың өміріне байланысты туындыларды оқу барысында пайдалануға болады.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері:
Ақын шығармашылығын зерттеу барысында өзге ақындардың туындыларымен салыстыру әдісі кеңірек пайдаланылды. Ақынның шығармаларына байланысты жүйелеу әдісі де қолданылды.

Зерттеудің дерек көздері:
«Назым» Ізтілеуов Тұрмағамбеттің шығармалар жинағы. Алматы -: «Жазушы» баспасы, 1982 жыл. 320 бет. Ізтілеуов Тұрмағамбет шығармалары – І том. Алматы -: «Жазушы», 2007 жыл. 312 бет. Тұрмағамбет Ізтілеуов шыңармалар жинағы – ІІІ том. Алматы -: «Жазушы», 2007 жыл. 296 бет. Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармалар жинағы. Алматы-: «Дешті Қыпшақ» баспасы, 2007 жыл, 588 бет.
1. Насреддин Рабғузи «Қисса-ул әнбия». «Фолиант» баспасы. Астана-2008.-552 б.
2. «Назым» Т.Ізтілеуов шығармалар жинағы. Алматы-: «Жазушы»,1982.320б.
3. Т.Ізтілеуов шығармалар жинағы – І том. Алматы-: «Жазушы»,2007. 312б.
4. Т.Ізтілеуов шығармалар жинағы – ІІІ том. Алматы-: «Жазушы»,2007. 296 б.
5. Т. Ізтілеуов шығармалар жинағы. Алматы-: «Дешті Қыпшақ». 2007. 588б.
6. М.Ж.Көпеев. Таңдамалы – І том. ҚазақССР «Ғылым» академиясы.,1990. 273 б.
7. М.Ж.Көпеев. Таңдамалы – ІІ том. ҚазақССР «Ғылым» академиясы.,1992.
8. М.Ж.Көпеев. Көп томдық шығармалар жинағы. ІІІ том.
9. М.Ж.Көпеев. Көп томдық шығармалар жинағы. 4-том. «Алаш»,2005.386 бет.
10. М.Ж.Көпеев. Көп томдық шығармалар жинағы. 5-том. «Алаш»,2005.
11. Ешниязұлы Кете Жүсіп, Қадірбергенұлы Қаңлы Жүсіп, Жүсіп Тойбайұлы. Шығармалары.-Астана: «Фолиант»,2009. 376 б.
12. Қоңыратбаев Ә. Көп томдық шығармалар жинағы. Алматы: «Мерсал»,2004. 516 бет
13. Әбдезұлы Қ. «Таным көкжиегі» Алматы: «Арыс», 2009. 272 бет.
14. Лекциялар.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
І. Кіріспе
Тұрмағамбет ақын шығармашылығындағы дін тақырыбы
ІІ. Негізгі бөлім
а) Ақын шығармаларындағы пайғамбарлардың жырлануы
ә) Тұрмағамбет ақын шығармаларындағы пайғамбарлар тарихының Рабғузидің Қиссас-ул әнбиасымен үндесуі
б) Ақын жырларының замандас ақындарымен үндестігі
в) Жаралған Мұстафаның үмметі үшін (Мұхаммед пайғамбар жөніндегі жыр-дастандары)
ІІІ. Қорытынды
Тұрмағамбет ақын жырының тәрбиелік мәні

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармаларындығы дін, пайғамбарлар өміріның жырлаудағы оның мұсылманша өте сауаттылығы анық байқалады. Ақынның шығармаларына арқау болған пайғамбарлар дүниесі Құран кітаптан, Құран кітап негізінде жазылған Насреддин Рабғузидің Қисса-ул әнбиядағы хикаяттарынан алынғандығы мәлім. Осы кітаптарды негізге ала отырып Тұрмағамбеттің жырлауы және ақынның замандас ақындардың қалай жырлағандығы зерттеуге өзек болып табылады.

Зерттеу тақырыбының мақсат-міндеті:
Тұрмағамбеттің шығармаларын оқи отырып мынадай мақсат-міндеттерді орындау тиіс:
Ақын шығармаларына негіз болған пайғамбарлар өмірінің қаншалықты дәрежеде жырланғандығын, ауқымын танып-білу;
Өз замандас ақын-жырауларымен Тұрмағамбеттің пайғамбарларды жырлаудағы ортақ ұқсастықтарын айқындау;

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері:
Зерттеу жұмысын жалпы тұрамағамбеттану саласында және ақын-жыраулардың діни тақырыптардағы, соның ішінде пайғамбарлардың өміріне байланысты туындыларды оқу барысында пайдалануға болады.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері:
Ақын шығармашылығын зерттеу барысында өзге ақындардың туындыларымен салыстыру әдісі кеңірек пайдаланылды. Ақынның шығармаларына байланысты жүйелеу әдісі де қолданылды.

Зерттеудің дерек көздері:
Назым Ізтілеуов Тұрмағамбеттің шығармалар жинағы. Алматы -: Жазушы баспасы, 1982 жыл. 320 бет. Ізтілеуов Тұрмағамбет шығармалары - І том. Алматы -: Жазушы, 2007 жыл. 312 бет. Тұрмағамбет Ізтілеуов шыңармалар жинағы - ІІІ том. Алматы -: Жазушы, 2007 жыл. 296 бет. Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармалар жинағы. Алматы-: Дешті Қыпшақ баспасы, 2007 жыл, 588 бет.

Зерттеудің негізгі мазмұны

Сыр өңірінің Абайы атанған Тұрмағамбет шайырдың шығармаларының тақырыбы сан алуан. Ол поэзияның барлық жанрына қалам тартқан ақын. Революциядан бұрын аты шыққан ақын совет тақырыбына да біраз қалам тартқан. Оқу-білім, тәлім-тәрбие, жалпы ғалам, дін тақырыптарын кең ауқымда қамтыған ақынның шығармашылығанда дін тақырыбының алатын орны ерекше. Тұрмағамбет мұсылманша өте сауатты кісі болған, ол сол заманда ең мықты білім орны саналатын Көкілташ медресесін тамамдаған. Кейбір көре алмаушылар мен күндеушілер Тұрмағамбет мұсылманша оқығандықтан оған молда деген атақ тағып, оны дін өкілі ретінде көрсетіп, өлеңдерінің бағасын кеміткендер де өз заманында табылып отырған. Алайда ақын ондай ұшқары сөздерге жасымай, Мен өзім - Мұхаммедпін, қолым - Алла! деген өлеңінде өз есімінің пайғамбар есімімен ұқсастығын және алақанды ашып сұқ саусақ пен бас бармақ арасында дөңгелек жасағанда Алла деген сөзге ұқсас белгінің шығатындығын айтады. Осы өлең жолдарына мағыналас, ұқсас болып келетін қатарлар ақынның біршама шыңһғармаларында кездеседі. Мәселен, Баянды басыңа Алла беріп бақтыжырында:
Мұхаммед - тұла бойың, қолың - Алла,
Құлшылық қол қусырып қыл не шақты[5.265],-дейді.
Осындай бірнеше жерде қайталанатын мағыналас, ұқсас сөздер ақын шығармаларын оқу барысында кездесті. Мысалы:
Құдайым - бір, дінім - хақ,
Пайғамбарым - Мұстафа[5.126],-деп жырласа, Жесір қатын хикаясында:
Құдай - бір, Құраны - шын, Пайғамбары - хақтың,
Демектің қауағы жоқ текке сынған[5.366],-дейді. Ақынның мұндай тіркестері Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Қаңлы Жүсіптің шығармаларында да жиі кездеседі:
Ғибрат үшін Алланың көрсеткені -
Құдай - бір, Құран - шын, Пайғамбар - ақ [9.243],-деп Ғалымның тағлымы деген өлеңінде жазады.
Қаңлы Жүсіп: Құдай - бір, Құран - шын, Пайғамбар - хақ[11.241]-деп пайдаланады.
Тұрмағамбет молда емес, медресе ашып, ақындық үрдіс қуған, көбіне жазба әдебиет үлгісін дамытқан ақын[12.229].
Тұрмағамбет ақынның шығармаларына дін тақырыбы соның ішінде пайғамбарлардың ғұмыры термелерінде де, жыр-толғау, мысал өлеңдерінде де көптеп кездеседі және де ақынның пайғамбарларға арналған дастандарының орны ерекше.
Тұрмағамбет пайғамбарлардың көбісін жырына қосқан, соның ішінде біршамасына тоқталып өтсем. Ең алғашқы пайғамбарымыз Адам пайғамбарды Тұрмағамбет ақын өз жырына былайша арқау етеді:Атамыз Адам менен Хауа ана да,Үш жүз жыл үй жоқ, күй жоқ жүрді аңырап[5.163], -дейді Ақырын Алла өзі оңғармаса өлеңінде. Бұл оқиғаның желісі Рабғузи еңбегінде де беріліп, уақыты дәл көрсетіледі.
Я, Алла, рақым ойла мұсылманға!
Сахисың сауға берер ұсынғанға
Кеңшілік қысылғанға көрсетушең
Өрт қаптап жан-жағынан қысылғанға
Қылғандай Қалиліңе отты бостан
Бізге де бер береке құштарлан да [3.176]-деп ақын Ибрахим пайғамбарды Мамрұқ патшаның отқа салғандағы оқиғасын мысал ретінде алады. Қалил деп ақын бұл жерде Ибрахим пайғамбардың лақап атын алып отыр, ол шын, адал дос деген мағынаны білдіреді. Ибрахим пайғамбардың отқа салынуын Шораяқтың Омары: Ибрахим Мамрұққа қарсы келіп: Саламат күймей шықты Жанған оттан[14]-дейді. Ал, Ж.Көпеев:
Намұрд кәпір отқа атқан
Мынжық илан дарға тұтқан,
От ішінде бостан болған
Халилла, сенен медет! [9.230]-деп жырлайды. Тұрмағамбет ақын мен Жүсіп ақынның басты ұқсастығы пайғамбарды лақап атымен жырға қосуы, ал үш үзіндінің үндестігі Құран кітапта, Рабғузи шығармаларында жазылған Ибрахим пайғамбардың өмірін жырлауы.
Сабырлылықтың символы іспетті Аюп нәбидің өмір жолын ақын өз жырына төмендегідей арқау етті:
Сабыр етіп Саттар Хақтың бәлесіне,
Айрықша Аюп нәби шырайланған [3.132]-десе, енді бір жырында:
Үлгісі ұмыт болып өткен жұрттың
Аюпке беріп едің бақ-дәреже,
Сауалтып сырқауынан жеген құрттың[3.180]-деп айтады. Ал, Қарасақал Ерімбет:
Құдайдың ойлап тұрсаң құдіреті көп,
Аюптің тәнін құртқа қорек етті [14]-дейді. Ақындардың айтпақ ойы Алла Тағаланың құдңреті, Аюп пайғамбардың ерекшке сырқатқа шалдықса да Жаратушыға сыйынып, сабырлылық таныта білуі болып табылады.
Өзінің сұлулығымен, ғашығы Зылихасымен аты аңызға айналған Жүсіп пайғамбар Тұрмағамбет шығармасында былайша көрініс табады:
Табаны талайлардың қышып болар
Сияқты ел - Зылиха ертеде өткен
Өздері - Жақыпұлы Жүсіп болар [3.176]. Бұл жырында ақын елдің Зылиха мен Жүсіп секілді өмірлерінің соңына дейін бақытты болғысы келетіндігін айтпақшы.
Кете Жүсіп:
Мысырдың Жүсіп нәби патшасына
Көп жүрген Зылиханың қадірі өтпей
Қырық жылдай маңайына жуыса алмай,
Жылаған оның зарын жүрді есітпей,
Қосылып содан кейін екі асыл зат,
Бір-бірін кетті өлгенше ренжітпей [11.35]-деп тағы да Зылиха мен Жүсіптің махаббаты жайлы жырлайды.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев:
Он ағасы дұшпан болған
Өтірік илан ғауға қылған,
Мысыр ішінде патша болған,
Иүсіп нәби,сенен медет! [9.230]-деп Жүсіптің Мысырда патшалық құрып, ағаларының оған қастық қылғандығын баян етеді.
Ақын-жыраулар арасында кең ауқымда жырланып, түрлі дастандар арналған пайғамбарымыз ол - Мұхаммед пайғамбар. Ақын-жыраулардың шығармаларына негіз болған пайғамбарымыздың туылған күнінен бастап өмір жолы баяндалып, ақирет күніне дейінгі хикаялары бірінде толық баяндалса, бірінде Мұхаммед пайғамбардың өмірінің белгілі бір кезеңдері жырланып отырды. Тұрмағамбет ақын өз жыр-термелерінде төмендегідей баяндалады:
Жаралған Мұстафаның үрметі үшін -
Күллісі - бейіш, дозақ, аспан, жерің.
Жаһанның жеңген жауын жеке жүріп,
Кенжесі Шаһариярдың - Әлі шерің [3.86]

Я,Алла, Әһлісламға арнат ықпал,
Жүргізіп достың дінін шақі Мұхтар [3.166]
Тұрмағамбеттің дастаншылық өнеріне тоқталғанда Мұхаммед туралы хикаятын айта кеткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
ХІХ ғасырдағы жазба айтыстүрлері
Сыр бойындағы ақындық мектеп және ақындық орта дәстүрі
ХІХ – ХХ ғасырдағы қазақ қиссалары (тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері)
ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт
Қазақ поэзиясындағы Абай бейнесі
Кітаби ақындардың шығармалығындағы Ясауи сопылық ілімінің көріністерін ашу, талдау, саралау
Тұрмағамбет – Сыр өңіріндегі қазақтың жазба әдебиетін қалыптастырушы
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ ақындарының Кәлилә мен Димнә ертегілерін жырлауы
Пәндер