Көптік жалғаудың сөзбен сөзді байланыстырушылық қызметі
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .4
1.Қосымшалардың зерттелуі
1.1 Қосымшалардың түркі тіл білімінде зерттелуі
... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Қазіргі қазақ тіл біліміндегі қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2
2.Көптік жалғаулардың қызметі
2.1. Көптік жалғаудың мағыналық реңктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.2. Көптік жалғаудың сөз түрлендірушілік қызметі
... ... ... ... ... ..39
2.3. Көптік жалғаудың сөзбен сөзді байланыстырушылық
қызметі

... ... ... ... ... .44
2.4. Көптік жалғаудың стилистикалық қызметі
... ... ... ... ... ... ... ..48
Қорытынды

... ... ... .56
Пайдаланған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
Кіріспе
Зерттеу жұмысы қазақ тіліндегі көптік форма оның тілдегі қызметіне
арналған. Көптік жалғаудың қызметін саралау барысында, қазақ тіліндегі
қосымшаларды жіктеу мәселесін де қамтуға тырыстық. Өйткені бүгінгі күні
қазақ тіл білімінде қосымшаларды жіктеуде біржақты пікір жоқ. Жұмыста
Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Ы.Маманов, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, С.Исаев секілді
және тағы басқа ғалымдардың бірнеше зерттеу еңбектері арқау болды.
Тақырыптың өзектілігі. Тілде жалғаудың алатын орны ерекше екені
белгілі. Оның ішінде көптік жалғауының рөлі ерекше. Қазақ тіл білімінде
көптік форма мәселесі зерттеліп жүргенімен, осы уақытқа дейін олардың
қызметі сараланып, арнайы зерттеу нысаны болмаған. Әрі тілдегі –лар, -лер,
-дар, -дер, -тар, -тер формалары жалғау қатарына қосылу керек пе, әлде сөз
түрлендіруші жұрнақтардың қатарында қарастырылу керек пе деген сауалдар әлі
шешімін таппаған мәселелердің қатарына жатады. Осы тұрғыдан тілдегі көптік
жалғаудың қызметін талдаудың маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты. Қазақ тіліндегі көптік форманың қызметін саралау. Осы
мақсатқа сәйкес төмендегі міндеттерді шешуді көздедік:
- қазақ тілінде қосымшаларды жіктеуде кездесетін пікірлерді саралай
отырып, оны жүйелеу;
- көптік форманың мағыналық реңктерін анықтау;
- көптік жалғаудың сөз түрлендірушілік қызметін саралау;
- көптік жалғаудың сөзбен сөзді байланыстырудағы қызметін талдау;
- көптік жалғаудың стилистикалық қызметін анықтау;
Жұмыстың зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі –лар, -лер, -дар, -дер, -тар,
-тер қосымшалары, оның негізгі қызметі негізгі зерттеу нысаны болып
табылады.
Жұмыстың әдістері. Сипаттама, талдау, баяндау, түсіндіру секілді
әдістер пайдаланылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жұмыста көптік жалғаудың сөзбен сөзді
байланыстырудағы қызметі, сөз түрлендірушілік қызметі көмекші сөз есебінде
қолданылу ерекшеліктері жан-жақты сөз болды. Бұл мәселе қазақ тіл
білімінде ғылыми мақалалар деңгейінде ғана қарастырылғаны белгілі.
Сондықтан бұл жұмыстың жаңалығы болып табылады.
Жұмыстың теориялық мәні. Зерттеу жұмысындағы морфологияның теориялық
мәселелері туралы ой-пікірлер қазақ тіл біліміндегі осы мәселелердің дамуы
мен қалыптасуына жәрдемін тигізеді деп ойлаймыз.
Жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, 2 тарау, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1.Қазақ тіліндегі қосымшалардың зерттелу мәселесі
1.1.Қосымшалардың түркі тіл білімінде зерттелуі
Қазақ тіл білімінде қосымшалар морфеманың бір түрі ретінде мағыналық
ерекшеліктері мен қызметі жағынан жалғау мен жұрнақ болып екіге бөлініп
жүргені белгілі. Сөздің морфологиялық құрамды бір бөлігі ретінде, ішкі
категориялық мағыналары мен қызметтеріне қарап қосымшаларды сөз
туындыратын формалар, сөз түрлендіретін (форма тудырушы) формалар және сөз
жалғастыратын формалар деп үлкен үш салаға саралау дәстүрі де бар.
Түркі тілдерінде көне дәуірлеріне қатысты мұралар тілінде де жекелік
мәнді білдіретін арнайы аффикстер болмағаны мәлім. Көптік мән арнайы
жалғаулар немесе сөздің лексикалық мағынасы және сөз тіркестері арқылы да
берілген.
Көптік мағынаны тудырудың негізігі жолы – көптік жалғаулары. Орхон-
Енисей жазбаларының тілінде көптік жалғауларының екі түрі кездеседі: -лар,
-т, -лар жалғауы көптік мағына тудырудың негізгі тәсілі, сондықтан
ескерткіштер тілінде бұл жалғау бастан аяқ қолданылады. Мысалы, беглер
(бектер), күнчилер (әйелдер, ханымдар) т.б. Жинақтық мән беретін сөздер
көбіне -лар жалғауынсыз қолданылғанға ұқсайды. Мысалы: тоқуз оғуз беглері
будуну бу сабымен егүті есід қатығды тынла деген сөйлем құрамында бег (бек)
сөзі көптік жалғаумен келсе, жинақтық мән беретін будун (халық) сөзіне
жалғанбаған. Кейінгі дәуір жазбаларында да -лар көптік мән берудің басты
тәсілі есебінде қолданылған: Білге кетік кішілер менім сөзүм ешідіңлер
(К.К). Қазіргі қазақ тіліндегі -лар жалғауының қолданылуымен
салыстырғанда, көне түркі жазбаларында бұл ретте кейбір ерекшеліктер
кездеседі. Олар мына төмендегідей: сан есіммен бір тіркесте келген зат
есімдер де кейде –лар жалғауын қабылдайды: маңа төрт йеклер йақын келті
(З.Б). Кейде алдында сан есім айтылған бірыңғай мүшелердің әр қайсысына
–лар жалғанып қолданылады: төрт атларым, йылқыларым (З.Б). Әрине, бұл жерде
алдыңғы сан есім бірыңғай мүшелерінің әр қайсысына жеке-жеке қатысты деп те
ойлауға болар еді. Қос сөздердің әр сыңарларына жалғанады: куртлар –
қоңызлар (З.Б). Кейде жинақтық мән беретін сөздерге де –лар жалғанып
келеді: Қар, буз қамуғ ерішді. Тағлар суғы ақышты. Көкшін бұлт өршүді.
Қайғұқ болуб егіршүр (МҚ). Ал осы тәрізді сөздер ыңғайына қарай жекелік
тұлғада қолданылады: Құлан түгел құмурты, арқар, соқпақ йумутты (М.Қ).
(Құландарды түгелімен аудырды. Арқар, киіктерді жиды). Қолданылу мәні
тұрғысынан соңғы сөйлем құрамындағы арқар, құлан сөздерінің алдыңғы тау
сөзінен айырмашылығы жоқ. Сірә, бұл ретте –лар аффиксінің стильдік
қолданылуын ғана байқауға болар.
А.М.Шербак -лар аффиксінің Х-ХІІІ ғасырлар жазбаларында былайша
қолданылғанын көрсетеді: -лар жалғауы изафеттің бірінші сыңарына ғана
жалғанып келеді: Талғар сувы (МҚ). Кейде -лар изафеттің екі сыңарына
бірдей жалғанып келеді: көб кушлар авлағулары. Кейде -лар изафеттік соңғы
басыңқы сыңарына ғана жалғанады: Ашур улу йазлықлы турмен менің йаман
ішлерімден, йаман сағынчымдан. (Менің жаман істерімнен, жаман сезімімнен
аса жазықты болып тұрмын). -лар афииксінің изафеттің құрамында осы
қолданысы қазіргі қазақ тілінің кейбір заңдылықтарын барлап қарауға
мүмкіндік береді. Изафеттің алғашқы сығары көптік жалғаулы болып келуі
қазақ тілінде тек мынандай ыңғайларда ғана мүмкін: Кісілердің келісі,
үйлердің төбесі т.б. Екінші сөзбен, изафеттік тіркестің бірінші
сыңарларының көптік жалғаулы болып не көп нәрсеге заттың ортақтығын, не көп
затқа көп заттың тәндігін білдіруімен байланысты. Бірақ соңғы ыңғайда сөз
жинақтылығы мақсатымен екінші сыңары жалғаусыз айтылады. Изафеттің сыңарына
бірдей көптік жалғау жалғану қазақ тілінде стильдік мақсатпен ұштасып
жатады. -лар аффиксінің қолданылуының үшінші түрі қазақ тілінде бір затқа
көп нәрсенің тәндігін білдіру тәсілі есебінде жиі кездесетіні мәлім.
Қысқасы, -лар аффиксі өзінің мәні мен қолданылуы тұрғысынан көне түркі
тіліндегі негізгі ерекшеліктерін сақтаған, -лар аффиксінің этимологиясы
жайлы көп пікірлер айтылды. Поляк ғалымы Т.Ковальский өзінің осы мәселеге
арналған зерттеуінде өзінен бұрынғы пікір – жорамалдардың барлығына талдау
жасай келіп, -лар аффиксінің арғы төркіні болжалды санды (бірнеше, көп
сөздері тәрізді) білдірген сөз болу керек деп есептейді. В.А.Богородицкий
бұл аффикстің қалыптасуын ІІІ жақ жіктеу есімдігі мен -ар жұрнағының
арасындағы ығысудың нәтижесі деп қарайды. Н.А.Баскаковтың зерттеулерінде
-лар аффиксі құранды есебінде қаралады. Есім түбірлерден етістік жасайтын
-ла (балта-ла, қылыш-та, тас-та т.б.) істің қайталанатындығын,
дүркінділігін білдіреді. Мұның өзі, Баскаковтың ойынша, келер шақ
есімшесінің тұлғасы -р -мен бірігіп барып, ішкі семантикалық өзгерістің
нәтижесінде көптік мән берудің қосымшасы есебінде қалыптасуға мүмкіндік
береді.
-т қосымшасы Орхон-Енисей жазбаларында атақ-дәрежені білдіретін азын-
аулақ сөздердің ғана құрамында кездеседі: тарқан-тарқат, шад-апыт, тігін-
тігіт т.б. Зерттеушілер бұл қосымшаны монғол тілінен ауысқан деп есептейді.
Солай екендігі –т қосымшасының сөзге жалғану тәртібі де дәлелдейтін сияқты.
Бұл қосымша жалғанғанда сөздің жеке түріндегі соңғы дыбысы мүлдем түсіп
қалады: тарқан-тарқат. Бұл қосымша Орхон-Енисей жазбаларынан кейінгі
дәуірден кейін қалған ескерткіштердің ешқайсында да көптік мән туғызудың
өнімді тәсілі ретінде ұшыраспайды. Х-ХІІ ғасыр жазбаларында -т аффиксімен
келген бірен-саран сөздер ұшырасқанмен, сол сөздердің өзі кейде көптік
жалғаудың өнімді түрі -лар-ды қабылдайды. П.М.Мелиоранский Күлтегін
ескерткішінде кейбір сөздер құрамында кездесетін -т қосымшасын түбірден
бөліп алып қарауға болмайды дейтін пікір айтады. Бірсыпыра зерттеушілер
сүт, алпауыт сөздерінің құрамындағы -т -ны да көптік жалғау деп қарайды.
Осы ізбен кете берсек, қазақ тіліндегі сәлем-сауқат дегендегі -т да осы
жалғау деп қаралу қажет. Өйткені, қазақ тілінде оның сауға дейтін -т-сыз
айтылатын да вариянты бар.
Қазіргі түркі тілдерінің ішінде бұл қосымша якут тілінде айтылды.
А.Н.Кононов якут тілінде -лар көптік жалғауы есімдерге -т арқылы
жалғанатындығын айтады: уол-аттар. Мұндай ерекше жалғаныс, әрине -т
қосымшасының өзінің бұрынғы мәнінен ажырап қалуының салдары. -т
қосымшасының ескіруі, сөйтіп өз мағынасынан ажырауы орта ғасырлардың соңғы
кезеңдеріне қатысты болса керек. Бабурнама тілінде де жаңағы якут
тіліндегідей ерекшелік ұшырасады: бекетлер: бек есіміне әуелі -т одан соң
ғана -лар жалғанған.
Сақышымдын муһäндіслäр уйалур- оны тас кеспекке шұғылдандыр. Латіфлар
көңлі ізаган тетүк йар – сүйіктілер көңлі іздеген сияқты жар. Мäлік сäвнүб
сäкірмäккä тілäді – хан сүйеніп секіргісі келді. Қадғу бахры һäм түнлä
батығрағ – қайғы теңізі де түнде қатты батады. Бұл мысалдардағы
муһäндіслäр, Латіфлар, Мäлік сөздері жекеше түрде алынған. Тек муһäндіс,
латіф сөздеріне -лäр көптік жалғауын жалғап пайдаланған. Ал көпше түрде
енген сөзге мысал келтірер болсақ. Кечүргäймäн ош онда бақі äййам –
кешіргеймін сонда мәңгі күндер. Бұл сөйлемдегі äййам сөзі иаум – күн
сөзінің көпше түрі. Көптік мағынада қолданылып тұр. Көрäр өз жäддіні
түшіндä ол түн – көрер өз ата–бабаларын түсінде ол түн. Деген мысалда
жäддін сөзі ﺟﺩ араб тіліндегі ата деген сөзді білдіреді, ал мысалда
ата–бабалар деген көптік мағынада қолданылып тұр.
Көне түркі тілін зерттеушілердің біразы (Габен т.б.) ол тілде көптік
жалғаудың тағы бір түрі -(а) н болған деген жорамал айтады. А.Габен ерен
сөзін көптік жалғауда тұрған, көптік білдіретін сөз деп қарайды.
А.Н.Кононов оғлан сөзінің құрамынан да осы аффиксті көреді. Бұған,
сірә, көне түркі тілінде оғлан, қазіргі тілдерде ұл тұлғаларының айтылуы
себеп болса керек. Қазақ тілінде ерен сөзі тек жекелік мағынада ғана
айтылады. Алайда, сыртқы ұқсастығын еске алсақ, үшем (кейде үшен) сөзінің
құрамындағы -ем (ен) қосымшасын осыған жатқызуға болар еді. Дегенмен мұнда
жалпылама көптікті білдіруден гөрі топтау мәні басым[1,138].
С.Е.Малов көне түркі тілінде көптік мағына туғызған қосымшаның бірі деп
біз есімдігінің құрамындағы -з-ны көрсетеді. Бірақ, Орхон-Енисей
жазбаларының өзінде -з көптік мән туғызатын еркін аффикс есебінде
қолданылмаған. С.Е.Малов бұл аффиксті тек әлгі айтылған есімдіктер
құрамынан ғана ажыратады. С.Е.Малов мынандай фактілерді келтіреді: меңіз
(бет), көкүз (көкірек), ағуз (ауыз). С.Е.Малов біз, сіз есімдіктерінің
құрамын былайша түсіндіреді: бі-з, сі-з. Монғол тілінде мен есімдігі
бі, сен есімдігі сі түрінде айтылады. Сонда түркі тілдеріндегі біз,
сіз сөздері жіктеу есімдіктерінің жеке түрі мен -з көптік жалғаудың
қосындысынан құралған болады. Ал, А.М.Шербак Х-ХІІ ғасыр жазбалары тілінен
мына сөздерді келтіреді: көз, мүйіз, ікіз (егіз), тіз (е) йодаз (тізе –
алтайша). Осымен байланысты Қашқаридың мына бір ескерпесін келтіре кетудің
артықтығы жоқ: Сіз – үлкендерді құрметтеу мәнінде сен мағынасында
айтылатын сөз. Асылында мұның беретін мағынасы сіздер. Кішілерге сен
делінеді (ІІІ.376).
Бұған қарағанда, сірә Махмут Қашқари дәуірінде сіз есімдігінің
сыпайылық мәні мен көптік мәні қатар жүрсе керек. Түркі тілдерін
зерттеушілердің кейбірі бұл қосымшаны ескі дәуірдегі екілік категориясының
көрінісі деп те қарайды. Айталық, ауыз, көз, егіз сөздері жұп немесе екі
бөліктен тұратын заттардың атаулары, сол себептен бұл сөздер з дыбысына,
екілік категориясының қосымшасына бітеді деп қаралады. Алайда, түркі
тілдерінің бірі қазақ тілінде екі бөліктен тұратын атаулардың бәрі бірдей
з-ға аяқталмайды. Мысалы, құлақ, аяқ, қол, бет т.б з-ға аяқталатын атауыш
сөздер санаулы: көз, егіз т.б. ғана. Екінші жағынан қазақ тілінде з-ға
аяқталатын кей сөздердің р-ға бітетін етістік варианттары бар. Мысалы, көз
– көр, семіз – семір т.б. Сол сияқты көне түркі тіліндегі бедіз сөзінің
қазақ тіліндегі бедер вариантын салыстырайық. Бұған қарағанда, з қазақ
тілінде есім сөздің көрсеткіші тәрізді де, р бір етістік сөздің көрсеткіші.
Ал, з- ға аяқталатын әлгі сөздердің ешбір екілік, не көптік мән бермейтіні
айқын. Бұған қоса ескеретін бір жайт: түркі тілдері арасында (чуваш тілі
мен басқа тілдер арасында) қалыптасқан р-з сәйкестігі. Соның кейбір
қалдықтары қазақ тілінде де кездеседі.
Сонымен, -з аффиксінің жіктеу есімдіктерінің құрамында сақтаулы әбден
мүмкін жай да, басқа есімдер құрамында сақталуына келгенде, ойлана түсу
мақұл. Айталық, қазақ тіліндегі егіз сөзінің құрамынан екі сан есімімен
салыстырғанда осыны көруге болады. Сол сияқты А.Н.Кононовтың ізімен жүз,
сегіз, отыз, тоғыз сан есімдерінің құрамындағы -з да осы қосымша деуге
болады. Бірақ кез келген сөз құрамындағы з-ны осы қосымша деуге болмайтыны
белгілі[1,140]. Соның бір үлгісі ретінде Диуани хикмет тілінде көптік
жалғауларының қолданылуына тоқталсақ.
Диуани хикмет - қыпшақ-оғыз тілінде, түркі халықтары жеке ұлт болып
қалыптаса қоймаған дәуірлерде жазылған туынды. Хикмет тіліндегі тәуелдік,
жіктік және көптік жалғауының жалғануының қолданысын зеттеу нәтежесі
туындының орта ғасырлардағы ескерткіштер тілінен, қазіргі түркі тілдерінен
өзіндік ерекшеліктерімен ұқсастықтары бар екенін байқатады.
Диуани хикмет тілінде көптік жалғауларының қатаң-ұяң варианттары
жоқ. Бұл орта ғасырлардағы қыпшақ-оғыз тілдерінде қатаң-ұяңдық
оппозициясының әлі белең алмаған кезінің болғанын байқатады. Мысалы, мәні
хихмәтләрім – менің хихметтерім, һәмма сөзлер – барлық сөздер, мәні
йазуқларым – менің күнәларым т.б.
Айта кететін жайт, Диуани хикмет тілінде көптік жалғаулардың -лар,
-ләр варианттары ғана қолданылады, қазіргі тіліміздегі -тар, -тер, -дар,
-дер формаларының қатаң, ұяң варианттарының әлі қалыптаспағандығынна тағы
да бір дәлел. Диуани хикмет тіліндегі -лар аффиксі тек ғана көптік мән
беріп қоймай, кеңшілік қызметте атқарған. Мәні хихмәтләрім һамма сөзләр
ічіндә би бәдәл дүр сөйлеміндегі сөзләр сөзінің беретін мағынасы көп сөз
емес, автор ойының жиынтығы дегенді білдіріп тұр. Яғни, -лар аффиксі
жалғанғанмен, сөзде көптіктен гөрі, жинақтық мән білінеді. Ал дене
мүшелерінің атауларына жалғанғанда, көптік мәнді емес, жұптылықты немесе
автордың субъективті көзқарасын білдіріп тұр. Мысалы, Һу дегәндә
сүйік+ләр+ің чақмақ чақсун – Алла дегенде сүйектерің зікір салсын (22а.2),
Ғайбәт қылған тіл+ләр+імні йүз мың тілсәм – өсек айтқан тілдерімді жүз мың
рет кессем (14а.5) т.б.
-Лар аффиксі уақытқа қатысты сөздерге жалғанғанда көптік мағынаны
білдірмейді, мезгіл үстеу мәнін білдіреді. Бұндай сөздердің мағынасында
шамамен, дәл емес деген сема байқалады. Түркі тілдерінде -лар аффиксі
арқылы үстеу тұлғасын білдіру қазіргі өзбек тілінде кездеседі. Мысалы,
Сахар+лар+ы ерте туруб хаққа йансам – ертеңгісін ерте тұрып, хаққа
жалбарынсам (14б.2), Кечә намаз күндуз+ләр+і сайим болдум – Түнде намаз
оқып, күндіз ораза тұтушы болдым (25а.5). т.б.
-Лар аффиксі сан есіммен келген сөздерге жалғанғанда, көптік мән
беруден гөрі, стильдік мақсатты көздеген. Мысалы, Бу әләмда менің төрт
дәфтарым бар – Бұл әлемде менің төрт дәптерім бар (10а.2). Кечә күндуз уч
йуз алтмыш тамур батар аңа – Кешке-күндіз үш жүз алпыс тамыр батар саған
(113а.3) т.б.
Сөздердің тіркесі арқылы көптік мән беру Диуани хикмет тілінде де
кездеседі. Айталық, сан есім мен зат есім ешқандай қосымшасыз тіркесіп,
көптік мән береді. Мысалы, Бу аламда мәні төрт дәфтарым бар – бұл жалғанда
менің төрт дәптерім бар (10а.3), Мәні төрт дәфтәрім аламға сығмас – менің
төрт дәптерім ғаламға сыймас (10а.8) т.б..
Кейде –лар аффиксі жинақтық мән беретін сөздерге жалғанып, белгісіз
көптікті (неопределенное множество) білдірген. Белгісіз көптікті немесе
жинақтаушы көптікті білдіру үшін Диуани хикмет тілінде барча, һәмма, көп,
бу дегенн сияқты есімдіктер жиналған. Мысалы, Башым кетсә бу йол+лар+дан
қайтарым йоқ – басымды алса да, бұл жолдан (дін жолынан) қайтпаймын (18б.9)
т.б.
-Лар көптік жалғауы есімшеге жалғанып сөзді заттандырып, көптік
мағынаға ие болуы хикмет тіліндегі мынадай мысалдарда байқалады: Қамуғ
дүний йыққан+лар+ны хәлін көрдүм – Дүниеге қамыққандардың хәлін көрдім
(17а.4), Ернәләрның сухбатында дәйім болмай – Ергендердің сұхбатында үнемі
болмай (43а.5) т.б.
Негізінен Диуани хикмет тілінде есімше мен сын есімдер көптік
жалғауынсыз да заттық мәнге ие болған. Ал оларға –лар, -ләр аффиксінің
жалғануы заттық мәнін күшейте түсу үшін қолданылған тәсіл болған. Мысалы,
Құл мән дебан хақ әмріні тутмаған+лар - құлмын деп, бірақ хақ әмірін
ұстанбағандар (101б.5) т.б. Қудратыны көруб ибрат алмаған+лар – құдіретін
көріп тұрып, одан ғибрат алмағандар (101б.6).
-Лар аффиксінің көптік мәнді білдіретін сөздерге жалғануы стильдік
мақсатты көздейді. Диуани хикмет тілінде бұл ереже мынадай мысалдарда
байқалады: Ол дәрийаға чомдым ажаб таш+лар+ы бар – ол дәрияға шомылдым,
сондай ғажап тастары бар (100.б9), Замана+лар ахир болды хойуң кетті –
Замандар өтті, өңің кетті (16б.2) т.б..
Кейде -лар аффиксі қазіргі кейбір түркі тілдері секілді (өзбек, түрік
т.б.) етістік түбірге жалғанып, ІІІ жақ жіктеу есімдігінің не көпше, не
жекеше формаларын білдірген. Мысалы, Тынмай рауан болурлар санссыз такбир
айтулар – Тынбай рауан болғандар, сансыз тәкпір айтқандар (87а.3), Мухиб
қуллар махбубына айрылулар – Ғашық құлдар махаббатпен қауышады (84б.9) т.б.
-Дек теңеу жұрнағымен келгенде, түбірге –лар, -лер көптік жалғауы
жалғанып қолданылады. Демек, Диуани хихметте теңеу тудыратын қосымшалар
көптік жалғауымен қабаттаса қолданылып, стильдік мақсат көздеген. Мысалы,
Хақ дидарын марданлар дек көрсә болмас – Хақ дидарын көре алмас (43а.10),
Бустандағы булбуллар дек уәлә болса – Бустандағы бұлбұлдардай ессіз ғашық
болса (96а.10) т.б.
Кейде –лар аффиксі жалғанып, кейде жалғанбай қолданған зат есімдер де
кездеседі. Мысалы, чоллар кезіб – шөл кезіп, қанлар йутуб – қан жұтып және
қан йутмаса – қан жұтпаса. Мынадай тіркестер автордың өлең өлшеміне, ырғақ,
ұйқас шарттарының роліне байланысты берілуі мүмкін немесе автордың
субъективті көзқарасын, ішкі ойын айқындап көрсету мақсатында жұмсалуы
мүмкін[2,14].
Содай-ақ Диуани хикмет тілінде араб тіліндегі көптіктің бұрыс
көптік, деп аталатын тұлғасы кездеседі. Оның саны аса көпте емес, бірлі-
жарым тұстарда кездеседі. Мысалы, машайиқ (шайх), халайиқ (халық), мәләйик
(мелек). Айта кететін жайт, араб тілінде көптік мән беретін қосымша арқылы
жасалған сөздерге түркі тіліндегі көптік мән беретін қосымшаның қабаттаса
жалғануы кездеседі. Мысалы, Он алтымда жүмлә әруах үлүш берді – Он алтымда
барлық әруақ үлес берді (12а.2), Малаиклар зәнжир салыб алыб йүргәй -
періштелер шынжыр салып, алып жүргей (82а.2) т.б.
Сонымен, қорыта келгенде Қ.А.Яссауидың Диуани хикмет туындысында
көптік жалғауларының қолданысы туралы мынадай:
- Көптік жалғаулары дене мүшелерін білдіретін атауларға жалғанып,
жұптық мәнін және авторлық субъективті көзқарасын білдірген. Ал уақытты
білдіретін сөздерге жалғанып, көпттік жалғаулары көптік мән емес, үстеудің
белгілі бір тұлғасын жасап тұр;
- араб тілінің бұрыс көптік тұлғасы арқылы жасалған сөздердің үстіне
–лар, -ләр көптік жалғаулары қабаттасып қолданылған.
Сонымен, Диуани-хикмет шығармасында қоданылған көптік жалғаулады
топтастырса:
- көптік жалғауының ІІІ жақ жедел өткен шақта жіктелген етістікке
жалғануы жиі байқалады (келділер, бардылар). Бұл орта ғасыр
ескерткіштерінің тіліне тән тілдік тәсіл болған. Тәсіл қазіргі түркі
тілдерінің кейбірінде, мысалы өзбек, түрік тілдерінде жиі кездесіп, қимыл
іс-әрекетті орындаушылардың көптігін білдіреді. Алайда, мұндай қолданыс
қазіргі қазақ тілінде кездеспейді;
- -лар, -лер көптік жалғауы көптік мән берумен қатар, жинақтық ұғымын
да білдірген. Көптік жалғаулары дене мүшелерін білдіретін атауларға
жалғанып, жұптық мәнін және автордық субъективті көзқарасын білдірген
(көзләрім, тілләрім). Қазақ тілінде мұндай қолданыс тек жыраулар
поэзиясында көрініс тапқан;
- уақытты білдіретін сөздерге жалғанып, көптік жалғаулары көптік мәнін
емес, үстеудің белгілі бір тұлғасын жасап тұр (сахарлары, кечалары). Мұндай
қолданыс қазіргі қазақ тілінде кездеспейді;

-лар, -лер көптік жалғаулары қабаттасып қолданылған (машайықтар,
халайықтар, әруақтар). Бұндай тәсіл – қазіргі түркі тілдерінде, соның
ішінде қазақ тілінде де қалыптасқан құбылыс;
- көптік мән беретін сөздердің құрамында көптік жалғауы өлең өлшемі,
ырғақ, ұйқас секілді шарттарды орындау үшін қолданылған (чөлләр кезіб – чөл
кезіб, қанлар йұтты – қан йұтты). Қазіргі қазақ тілінде мұндай қолданыс
кездеспейді[2,18];
1.2.Қазіргі қазақ тіл біліміндегі қосымшалар
Түркологияда қосымша ұғымы аффикс деген терминмен белгіленеді де, ол
көбіне өз ішінде әрі қарай жіктелмей, өте кең мағынада қолданылады, сөйтіп,
аффикс деген термин, бір жағынан, қазақ тілінің грамматикасында
қолданылып жүрген қосымша мәнінде, екінші жағынан, әрі жалғау, әрі жұрнақ
мәнінде бірдей жұмсалады. Бұнымен бірге аффикс термині мағынасы мен
қызметтік ерекшеліктері жағынан кейде сөз түрлендіруі (словоизменительный),
сөз тудырушы (словообразующий), форма тудырушы (формаобразующий) болып та
бөлініп отырады. Ал мағынасы мен қызметіне қарай жұрнақтарды сөз тудыратын
және форма тудыратын жұрнақтар деп екі салаға бөлуге болады. Сонымен қатар
кейбір жұрнақтар әрі сөз тудыратын, әрі форма тудыратын синтетикалық
морфема есебінде де қызмет ете береді[3,82]. Жұрнақтар мен жалғаулардың бір-
бірінен ажыратарлық шеті олардың мағыналары мен қызметтерінен
айқындалатындығы көрсетіліп, атап айтқанда, жалғаулар сөйлем ішіндегі
сөздердің аралығындағы әрқилы аса жалпы қатынастарды білдіріп, олардың түр-
түрлерінің көрсеткіштері есебінде қызмет етсе, жұрнақтар ол қатынастарды
білдірмейді, тек өздері жалғанған сөздерге жаңа лексикалық мағыналар
үстеумен ғана тынады, делініп жүрсе де [3,26-29], кейде сөз тудыратын
морфемалар (қосымшалар) сөз түрлендіретін морфемалар (қосымшалар) және сөз
жалғастыратын морфемалар (қосымшалар) болып бөлініп, соған лайық әрқайсысы
сөз тудырушы, сөз түрлендірушілер, сөз жалғастырушылар болып[4,174] жеке
терминдерге, ие болып жүктелу үлгісі бар. Ал Ы.Маманов қазақ тіліндегі
қосымшаларды орыс тілінің үлгісімен сөз түрлендіруші (словоизменение), сөз
тудырушы (слово образование) және форма тудырушы (формаобразование) деп
үшке бөліп қарастырудан гөрі қазақ тілінің материалы оларды жаңа мағыналы
сөз тудыру және сөздің граматикалық формасын тудыру қызметіне сәйкес сөз
тудырушы және форма тудырушы деп көрсетіп екі топқа бөліп қарау арқылы ғана
сөздің морфологилсақ: ялық құрылымын лингвистикалық тұрғыдан дұрыс тануға
болады, - деп көрсетіп, сөз түрлендіруші (кейде форма тудырушы) жұрнақтар
мен жалғаулар деп аталатын қосымшалар түрін бір топқа енгізіп, қасиет
қызметтері бірдей тұлғалар деп қарайды [3,49].
Жұрнақ пен жалғаулардың салыстырмалы ерекшеліктеріне тоқтасақ:
• Қосымша морфемалардың ең басты граммматикалық белгісі – мағыналық және
тұлғалық дербестігінің болмауы.
• Жалғаулардың қолданыс жиілігі жұрнақтарға қарағанда жоғары. Жалғаулар
белгілі бір табына жататын сөздердің бәріне талғамай жалғана беретін
болса, жұрнақтар өздері жалғанатын сөздерді талғайды. Мысалы,
етістіктердің бәрі де жіктеледі, яғни жіктік жалғауымен түрленеді, ал
зат есімдер септеледі, көптеледі, тәуелденеді, сонымен бірге осы
жалғаулар заттанған басқа сөз таптарына да жалғана береді.
• Жұрнақтар кез келген сөзге талғамай жалғана алмайды. Мысалы, -шы, -ші
жұрнағы кәсіпті, мамандықты атайтын зат есмідерді, атауларды тудырып,
сөз талғайды. Етістіктен туынды зат есімдер тудыратын -ыш, -іш
қосымшалары да етістік атаулының бәріне талғаусыз жалғанбайды. Тек
адамның ішкі сезімін, эмоциясын білдіретін етістіктерге жалғанады:
сүйін-ші, күйін-іш, т.б.
• Сөз тудырушы қосымшалардың негізігі ерекшекшелігі сөздің лексикалық
мағынасын өзгерте алатын қасиетінің болуы. Жұрнақтардың жалғануы
нәтижесінде пайда болған туынды сөздер бірбүтін лексикалық единицаға
айналады, жаңа сөз жасалады.
• Жалғаулар мен түбірлердің мағыналары (бірі – лексикалық, бірі –
грамматикалық) бір-бірімен жымдасып, бір-бірінен ажырағысыз күйде
кірігіп кетпейді, сондықтан жалғаулардың қосалық тілдік элемент екені
байқалып тұрады.[5,32-33]
Қайткен күнде де қазақ тіл білімінде қосымшаларды белгілі бір түрлерге
жіктеуде негіз болатын қасиеттері қосымшалардың мәні, мағыналық сыр-сипаты,
қолданыстық қызметі, жүктеу жүйесі толық айқындалды деуге болмайды.
Қосымшалардың қазақ тілі грамматикасында көрсетіп жүрген айырым белгілері,
мағыналық, қызметтік түрлері оның сөз құрамының бір морфемалық бөлігі
ретінде, әсіресе семантикалық мәні мен грамматикалық-тұлғалық, қызметтік
дербестігі жоқ, түбірден өзгеше морфема ретінде ерекшеліктері қажетті
сипаты болып саналғанымен, ол қосымшалардың өз ішіндегі құрылымдық-
мағыналық қасиетін, қызметтік-мәндік ерекшеліктерін, соларға байланысты
тілдің граммматикалық құрылысын, оның сырын айқындап, соған байланысты
жіктелу түрін толық таныта алмайды. Өйткені аффикс деген термин де,
қосымшада бұл тілдік құбылыстың сипатын саралай алмайды.
Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлы зат есімнің жекелік
және көптік түрін көрсетеді: Зат есімде екі айырым бар: 1) жекелік, 2)
көптік.
Жекелік айырыс нәрсенің жеке күйіндегі есімнің түрі, мәселен: ата,
дене, омырау, белбеу, ой, сырнай, керней, ашу, шыны, қаз, құнан, аяқ,
шелек.
Көптік айырыс: нәрсенің көп күйіндегі есімнің түрі, мәселен: аталар,
денелер, омыраулар, белбеулер, ойлар, сырнайлар, кернейлер, ашулар,
шынылар, қаздар, құнандар, аяқтар, шелектер (жети екжузбур). Ғалымның
мұндағы жекелік, көптік айрыс деген терминін қазіргі қолданыстағы
жекеше, көпше түр деп түсінеміз және көпше түрдің (-лар, -лер, -дар,
-дер, -тар, -тер) жұрнақтары арқылы берілетіндігін аңғарамыз[6,201].
Зат есімнің жекелік – көптік мағына ғылымда танылған. Бірақ 1954 жылғы
оқулықта көптік категориясы ғана сөз болды. Ал кейінгі грамматикаларда
(1962, 1967) зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі жеке тақырып етіп
берілген, алайда бұл жекелік мағынағы көңіл бөлінбеген, тек қана көптік
мағына мен оның берілу жолдары көрсетілген. А.Ысқақовтың оқулығында көптік
мағына талданған. Ғалымның пікірінше, Сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп,
түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін
морфологиялық формалар жалғаулар дей келе, қазақ тілінде көптік жалғау,
тәуелдік жалғау, септік, жіктік жалғау деп төрт түрін көрсетеді. Тілімізде
көптік категориясы да, көптік жалғау категориясыда бар. Ал осы екеуі бір де
емес және бірдей де категориялар емес. Көптік категориясы деген ұғым тым
жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы – одан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым.
Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: лексикалық
тәсіл арқылы да, морфлогиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады.
Сөз атауының қай-қайсысы болса да жалпыланған, жинақталған ұғымды
білдіреді. Мысалы, ағаш, шөп, жылқы, ет, қағаз деген әрбір сөз саралауға
(даралауға) болатын біртектес заттарды жинақтай атап, жалпылама ұғымның
сипатын (атын) білдіріп тұр. Осындай мағынасы жалпылама ұғымды білдіретін
сөздердің өздеріде біркелкі емес. Олардың ішінде ешқандай қосымша
формаларсыз-ақ тұрып, тікелей көптік ұғымды білдіретін сөздер де бар.
Мұндай сөздерге жеке-даралап санауға (есептеуге) келмейтін заттардың аттары
(су, сүт, сорпа, қымыз, тұз, ұн, жарма, жүн т.б.), ру, халық, ұлт, украин,
француз, қыпшақ, найман, үйсін, т.б.), әр қилы жәндіктер, аң, хайуанат,
аттары (көбелек, құрт-құмырысқа, шіркей, қоңыз, түлкі, қой, қоян, т.б.),
өсімдік аттары (шөп, арпа, сұлы, көде, жусан, мақта, бидай, тары, т.б.),
қоғамдық өмірдегі әр алуан әлеуметтік ұғымдардың аттары (социализм,
капитализм, дін, мәдениет, әдебиет, астрономия, ботаника, т.б.), адамның
ішкі құрылысының, дүниедегі сын-сипаттардың, іс-әрекеттердің, күй-жайлардың
аттары (алданыш, ермек, қуаныш, ақыл, достық, ізгілік, кәрілік, жалқаулық,
білірлік, түс, еріншектік, жүріс т.б.), жатады. Міне, көптік ұғымды
осылайша сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық
тәсіл деп аталады[18,83].
Көптік ұғымдардың сөзге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы
морфологиялық тәсіл деп аталады. Қазақ тілінде көптік ұғымды білдіру үшін
жалғанатын үш түрлі морфологиялық форма бар. Олардың бірі -ыз, (-із, -з)
формасы, екінші -қ, (-к) формасы, үшіншісі -лар, (-лер, -дар, -дер, тар,
-тер) формасы. Алғашқы аталған -ыз, (-із, -з) формасы қазіргі тілімізде
көне заманнан сақталған сөздерде ғана ұшырасады, оның мағынасы да,
атқаратын қызметі де жоғарыдан өзгеше. Мысалы, жіктеу есімдінгінің бірінші
жағы мен және біз, екінші жағы сен және сіз екені аян. Осы біз, сіз
дегендердегі -з (-із) формасы қазіргі кезде өз алдына қолданылмайтын, өлі
форма ретінде сақталып, тек біз, сіз, көз, егіз сияқтанған бірен-саран
сөздерде ғана кездесіп, олардың бөлінбейтін бөлшегіне айналған. Бұл -з, (-
із, -з) формасы әуелде көптік жалғау емес, жұп, егіз, екеу болып келетін
заттардың (дене мүшелердің) аттарына жалғанатын қосымша болған.
• Ал, онымен төркіні бір болса да, қазақ тілінен одан мағынасы да,
қызметі де басқа -з, (-із, -з) формасы бар. Бұл форма оңаша
тәуелденудегі екінші жақтың сыпайы түріне (мысалы: ат-ың-ыз, іс-ің-
із), ортақ тәуелденудегі бірінші жаққа (мысалы, ат-ым-ыз),екінші
жақтың сыпайы түріне (мысалы, ат-ың-ыз, ат-тар,ың-ыз) қосылатын тірі
форма ретінде қалыптасқан. Сонымен қатар, бұл форма -з, (-із, -ыз)
қазақ тіліндегі жіктік жалғаудың екінші жағының жекеше және көпше
түрлеріндегі сыпайы форманың көрсеткіші болып қызмет етеді. Мысалы,
сіз бардыңыз, сіздер бардыңыздар; сіз жазсаңыз, сіздер жазсаңыздар.
• Етістіктің ашық райдың жедел өткен шағының (мысалы, біз бардық, біз
келдік), бұйрық райдың (біз барайық, біз келейік), шартты райдың көпше
түрінің (біз барсақ, біз келсек) бірінші жағына қосылатын жіктік
жалғау әрқашан -қ, -к болып келеді. Бұл форма да ( -қ, -к) ерте
кезедегі көптік мағынаны білдіретін морфологиялық формалардың бірі
болғанға ұқсайды.
• Қазіргі тілімізде көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық
форма -лар, (-лер, -дар, -дер, тар, -тер) екені белгілі. Осы себептен
бұл заңды түрде көптік жалғауы деп аталады. Бұл жалғау сөздің соңғы
буыны мен соңғы дыбысының әуеніне қарай өзгеріп, -лар, -лер, -дар,
-дер, тар, -тер формаларының бірінде жұмсалады[3,41].
Одан әрі А.Ысқақов көптік категориясының жасалу жолдарын тілдік нақты
мысалдармен дәлелдеген, бірақ көптік жалғау категориясы деген ұғымның
сипаты ашылмаған. Осыны жіті аңғарған профессор С. Исаев ол термин және
ұғым (көптік жалғау категориясы) сипаты көптік жалғау дегенмен барабар болу
керек. Мұнда, біріншіден, категория (әрине грамматикалық категория мәнінде)
деген термин, белгілі бір тұрақты грамматикалық құбылыстың аты ретінде
белгілі бір принциппен қолданылған. Екіншіден, көптік жалғау категориясы
деген термин грамматикалық формалар жүйесі арқылы берілетін тектес,
ыңғайлас әрі өзі ішінде бір-біріне қарама-қайшы болып келетін грамматикалық
мағыналардың жиынтығы деп анықталатын грамматикалық категория ұғымын
тіпті жоққа шығарады[7,59], - деп қарсылық білдіреді. Көптік ұғым бар
жекелік ұғым да болатындығы даусыз. Жекелік мағына зат есімнің лексикалық
мағынасымен бірге түбір сөзде беріледі, бірақ оның қосымшасы жоқ. Осы бір-
біріне қарама-қайшы екі ұғымның жиынтығы арқылы және жекеліктің арнайы
тұлғасы болмай, көптік ұғым көптік жалғау арқылы берілуінен көптік
категориясының сипаты ашылады. Осымен байланысты С.Исаев Көптік мағына
грамматикалық тұрғыдан жекелік мағынаға қарама-қайшы мағына ретінде заттың
сандық ұғымының шеңберінде өмір сүреді. Сондықтан бұл категория көптеген
тілдерде қазақ тіліндегідей көптік категориясы деп емес, сан категориясы
(мысалы, орыс тілінде категрия числа, қазіргі қырғыз тілінде сан
категориясы) деп аталынады [8,67], - дей келіп, көптік категориясын осы
еңбегінде Сан-мөлшер (көптік) категориясы деп атаған.
Қазақ грамматикасында (2002) Зат есімдерді жекеше, көпше деп
аталытын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық
сыртқы белгі – оларға көптік жалғауының жалғануы. Көптік жалғауын жалғау
сөзге көптьік мағына берудің негізгі жолы болғанмен, бірден-бір ғана жолы
емес. Ана тілімізде зат есімде көптік мағына пайда болудың бұдан басқа амал-
тәсілдері бар[4,454] - деп көрсетіліп, тек ғана көптік мағынаның арнаулы
қосымшасы – көптік жалғауының ерекшеліктері сөз болған.
Көптік ұғымының ғылымда танылып жүрген берілу жолдары мынадай:
а) Көптік ұғымды сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру
лексикалық тәсіл деп аталады.
Тілімізде лексикалық тәсілмен көптік ұғымды білдіретін сөздер тобы
бірнешеу:
- жеке-даралап санауға келмейтін заттардың аттары (су, сүт, ұн, т.б).
- ру, халық, ұлт, ел аттары (қазақ, қырғыз, өзбек т.б).
- өсімдік аттары (арпа, бидай, сұлы, жусан т.б).
-адамның ішкі құбылыстарының, дүниедегі сын-сипаттардың, іс-
әрекеттердің, күй-жайлардың аттары (ермек, қуаныш, ізгілік т.б).
ә) Көптік мағынаның сөз тіркесі арқылы берілу жолы синтаксистік тәсіл
деп аталады. Мысалы, жиырма үй, сексен трактор, тау-тау астық, бірталай жыл
т.б.
Ал мұны С.Исаев сан есімдер, сандық мәні бар сөздер, қайталама қос
сөздер зат атауының алдынан келіп, оны анықтап тұрса ол зат біреу емес,
бірнешеу (көп) екенін түсінеміз [9,53], - дей келіп, көптік мағынаның
осылайша берілуін аналитикалық тәсіл деп атаған.
А.Ысқақов сөздердің қосарлануы арқылы да (бала-шаға, кәрі-жас, т.б.)
көптік ұғым білдіреді деп есептеп, оны лексика-семантикалық тәсіл деп
атаған [3, 41].
б) көптік мағынаның сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу
жолы морфологиялық тәсіл деп аталады.
Сөзге жалғанғанда көптік ұғым беретін қосымшалардың ғалымдар көрсетіп
жүрген үш-төрт түрі кездеседі:
- тіліміздегі көне құбылыс ретінде саналатын, яғни Орхон-Енисей
жазбаларында көптік жалғау ретінде жұмсалған – т қосымшасы бар. Бірақ бұл
қосымша сол кездің өзінде атақ-дәрежені, шенді білдіретін тарқан-тарқат,
тігін-тігіт секілді азын-аулық сөздердің құрамында кездескен [19, 88].
- сондай-ақ біз, сіз, көз, егіз деген сөздердің құрамында кездесетін -
з, (-ыз, -із) формалары да көптік мағынаны білдіреді деп есептелді. Бірақ
бұл қосымшалар әуелде көптік жалғау емес, жұп, егіз, екеу болып келетін
заттардың (дене мүшелерінің) аттарына жалғанатын қосымша болған.
- І-жақ жіктік жалғау тұлғасы -қ, -к қосымшасы ерте кезде көптік
мағынаны білдіретін морфологиялық формалардың бірі болған деп есептелді
(біз болдық, келдік т.б.).
- қазіргі тілімізде көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық
формалар -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер). Сондықтан бұл форма заңды
түрде көптік жалғау деп саналады.
Бірақ көптік жалғау сөзге жалғанған кезде көптіктен басқа да стильдік
мән үстейді. Мысалы, Үй маңындағы ағаштар ерекше бір шеберлікпен
егіліпті.(Ғ.Мұстафин) Осы сөйлемдегі ағаштар нақты ағаштың санын емес, осы
сөз арқылы аталатын заттардың тобын, жинағын, яғни үй айналасына
отырғызылаған ағаштарды жалпылап тұр. Немесе, Абай қаршыға салған
үлкендердің қасына өткен жазда кеп еріп еді.(М.Әуезов)
Мұндағы үлкен сын есімін –дер көптік жалғауы заттандырып, әрі оған
көптік мағына үстеп тұр.
Осындай көптік жалғаудың семантикалық мағынасы да, стилистикалық рөлі
де ғалымдар еңбектерінде кеңінен сипатталған. Мысалы, А.Ысқақов көптік
жалғаудың 12 түрлі ерекшелігін көрсеткен[3,43-46].
Көптік жалғаудың С.Исаев көрсеткен тағы бір ерекшелігі – оның сөз
байланыстырушылық сипатының болмауы. Сондықтан ғалым көптік жалғауын осы
сипатына қарап қосымшаның жалғау түрінен гөрі форма тудыратын жұрнақтар
қатарына өте жақын - дейді[8,69]. Мысалы, Қолдың саласындай тарамданған
арықтардың біреуі бара-бара ұлғайып ... қарауытқан сай болды (Б.М).
Зеректік, ойшылдық, сезімталдық – ана сүтімен бірге бітетін қасиеттер
(І.Е). Осы сөйлемдердегі арықтардың, қасиеттер сөздеріндегі –тар, -тер
көптік жалғауы сөздерді байланыстырып тұрған жоқ, өйткені бұл жалғауларды
алып тастағаннан сөйлемдегі сөздердің байланысы бұзылмайды - Қолдың
саласындай тарамданған арықтың біреуі бара-бара ұлғайып...қарауытқан сай
болды. Зеректік, ойшылдық, сезімталдық – ана сүтімен бірге бітетін қасиет.
Бұл сөйлемдердегі көптік жалғауы арықтың, қасиеттің көп екендігін көрсетіп,
көптік ұғым қосып тұр.
Бірақ, көптік жалғау 2-жақта жіктік жалғаумен келгенде ғана сөз
байланыстыруға қатысады екен: сендер студентсіңдер, сіздер студентсіздер
т.б.
А.Қалыбаева да қосымшаларды үшке бөліп, туынды жұрнақ, сөз
байланыстыратындарды жалғау деп, ал форма тудыратындарды жұрнақша деп
бөлуді ұсынады да, жұрнақтар туынды түбір тудырса, жұрнақшалар туынды сөз
немесе туынды сөз табын (мысалы, етістік) жасайды деп көрсетеді[4,185].
Бұл пікірлерден қосымшаларды жіктеуден, біріншіден, ұстанатын басты
критерийміз қандай болмақ қосымшалардың қандай белгілерін негізге алуға
тиістіміз деген мәселенің басы ашық емес екенін аңғарамыз.
Екіншіден, қосымшалардың білдіретін мағыналық мәні, қызметі, олардың
өзіндік сипаты деген ұғымдар бір-бірінен ажыратылмай сапырылысып кеткен.
Үшіншіден, қосымшаларды жіктеуде ең алдымен неге сүйену керек, олардың
мағыналық ерекшеліктері негізге алынуы, негізі неде дегеннің басы ашылмай
қалады.
Қосымшалар морфеманың бір түрі ретінде қандай сипаттары арқылы
ерекшеленеді және түбір морфемадан қандай қасиеттері мен белгілері арқылы
ажыратылады. Міне, осыдан барып қосымшалардың басты белгілері мен негізгі
сипаттары айқындалып, оларды жіктеуге нақты критерий туындайды. Осы жағынан
келсек, қосымша морфеманың ең бірінші және басты лексика-грамматикалық
белгісі – мағыналық және тұлғалық дербестігі жоқ болумен қатар (түбірге
жалғанбай ешбір мән-мағына білдіре алмайды, демек, өз бетімен жеке дара
қолданылмайды және түбірдің дыбыстық ыңғайына, әуеніне лайық үндестік заңы
негізінде құбылып, вариантталып түбірге жалғанады) түбірге жалғану арқылы
жаңа мағына білдіріп, жаңа сөз тудыру немесе әр түрлі қосымша мағына үстеу
болып табылады. Соның нәтижесінде барып қосымшалар белгілі бір қызмет
атқара алады. Сөйтіп, қосымшалардың білдіретін және беретін мағынасы оның
ең бірінші басты қасиеті де, атқаратын қызметі сол мән-мағынасы арқылы
жүзеге асатын екінші қасиеті болып саналады. Сондықтан қосымшаларды
жіктегенде, олар өзі жалғанған сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп, жаңа
лексикалық мағына тудыра ма, жоқ түбірдің лексикалық мағынасына ешбір
өзгеріс енгізбей, тек қосымша грамматикалық мағына үстей ме - осыған қарап
қосымшаларды сөз тудырушы және форма тудырушы деп екі топқа бөліп қараған
жөн.
Сөз тудыратын қосымшалар форма тудыратын қосымшалармен сөздің белгілі
бір морфологиялық құрамды бөлшегі болып, морфема ретінде бір топ
құрғанымен, олардан мағыналық, қызметтік жағынан мүлде өзгеше екенін баса
айту керек. Сөз тудыратын қосымшалар өзі жалғанған түбірдің лексикалық
мағынасын өзгертіп жіберіп, жаңа мағыналы сөз тудырады, сөйтіп барып, сөз
тудыру процесінің бір тәсілі ретінде грамматикалық мәннен гөрі лексика-
семантикалық қасиетке ие болып, сөз тудыру қатарындағы белгілі бір үлгі
ретінде өнімді – өнімсіздік, құнарлы – құнарсыздық сипатта көрініп отырады.
Форма тудырушы қосымшалар, бір жағынан, белгілі бір сөз табының
парадигмалық түрлену жүйесінің тұлғалық көрсеткіші болып саналса, екінші
жағынан, сол сөз табын, оны жеке сөз табы ретінде тануға негіз болатын
осындай морфологиялық белгілері арқылы басқа сөз таптарынан
ерекшелендіретін грамматикалық тұлғалар жүйесі, яғни морфологиялық
критерийдің негіз болатын, сөз табының грамматикалық сипатының басты
көрінісі екенін ескеру қажет[4,186].
Сөйтіп, қосымшаларды сөз тудырушы қосымшалар және форма тудырушы
қосымшалар деп екі топқа бөлудің ғылыми да, практикалықта мәні бар.
Өйткені, одан, бір жағынан, қосымшалардың басты грамматикалық қасиеттерін,
мағыналық ерекшеліктерін айқындау арқылы олардың мәні мен қызметін, тілдік
қабаттардан алатын орнын анықтаймыз, екіншіден соның негізігі сөз тудыру
қатарының үлгісі ретінде лексикалық құбылыстың грамматикалық мәнін, олардың
ара қатынасын ашамыз.
Жалғаудың басқа форма тудыратын қосымшалардан синткасистік қызметі
жағынан үлкен айырмашылығы бар, яғни жалғаулар өзі жалғанған сөзге белгілі
бір грамматикалық мағына үстей отырып, сөйлем ішінде сөз бен сөзді
байланыстырып, олардың сөзге үстейтін грамматикалық мағыналары сол
байланысқан сөздер арасындағы қатынастар негізінде айқындалып отырады.
Мұндай қызметтік қасиеттер жалғаудан басқа форма тудыратын қосымшаларға тән
емес.
Зат есімнің көптік категориясының көрсеткіші деп танылып жүрген –лар,
-лер, -дар, -дер, -тар, -тер қосымшасын жалғау деп қарау әлі де дау туғызып
жүрген мәселелердің бірі. Егер жалғаудың сөйлемдегі негізгі қызметі сөз бен
сөзді байланыстыру болса, бұл қасиет көптік жалғауларында барлық жағдайда
көріне бермейтіні белгілі. Осы ерекшеліктеріне негіздей отырып, көптеген
ғалымдар көптік жалғауын грамматикалық жұрнақтар қатарында беруді ұсынады.
Бұл топта есімше, көсемше, рай, шақ формалары қарастырылады. Бұлар көбіне
сөздің семантикасына қосымша грамматикалық мағына қосумен қатар, лексикалық
мағынасына семантикалық реңкте қосады.
2.Қазақ тіліндегі көптік жалғаудың қызметі
2.1.Көптік жалғаудың мағыналық реңктері
Көптік мағынаны білдіретін -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер
қосымшалары зат есімдерге, есімдіктерге, субстантивтенетін (зат есім
қызметін атқаратын) өзге де сөз таптарына және етістіктің жіктелетін
формаларының екінші жақтарына қосылып, көптік мағынаны білдіретін негізгі
морфологиялық форма есебінде қызмет етеді.
Көптік жалғауының негізгі грамматикалық мағынасы – заттың көптігін
білдіру:
ауыл-дар, үй-лер, кітап-тар, адам-дар, доп-тар т.б.
Осы негізгі мағыналарымен бірге көптік жалғау басқада мағыналық
реңктерді, мәндерді білдіре алады.
Көптік мағынаның арнаулы қосымша арқылы пайда болуы, негізінен алғанда,
көптік жалғаудың қызметіне байланысты. Қазақ тілінде көптік жалғауы -лар,
-лер, -дар, -дер, -тар, -тер деген алты түрлі фонетикалық нұсқаға ұшырайды.
Мұның:
-лар, -лер нұсқасы аяғы дауысты дыбыс пен й, у, р дыбыстарына біткен
сөздерге (балалар, үйлер, таулар, нарлар);
-дар, -дер нұсқасы аяғы мұрын дыбыстары мен л, з, ж дауыссыздарының
біріне біткен сөздерге (киімдер, қыздар);
-тар, -тер нұсқасы аяғы қатаң дауыссыздар мен ұяң б, г дыбыстарына
біткен сөздерге (қонақтар, арабтар, филологтар) жалғанады. Көптік жалғауы
жалғанған зат есімдер көптік мағынамен қоса өзінің бастапқы лексикалық
мәніне орай сөйлем ішінде мынадай мағыналық реңктерге ие болады[7,61].
Көптік жалғауы (-лар) зат еcімдерге жалғанғанда сол сөз арқылы аталатын
заттардың көптігін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz