Қашықтан қадағалау тетігі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 Банктер және олардың атқаратын қызметі
1.1 Нарықтық экономикадағы банктердің ролі, олардың
дамуы ... ... ... ... ... ..7
1.2. Банктердің іс - әрекетін, олардың атқарымы мен маңызын
ашу ... ... ... ...10
2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметтерін ұйымдастыру және оларды
реттеу жолдары( статистикалық және баспасөз мәліметтері негізінде)
2.1Екінші деңгейлі банктердің атқаратын қызметін ұйымдастыру және
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2.Банктік қадағалау әдістері мен банк қызметін пруденциалдық
реттеу ... 19
2.3. 2010 жылғы екінші деңгейдегі банктердің несие нарығының жай-күйі және
өлшемдерінің
болжамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 41
2.4. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық дағдарыс кезіндегі тұрақтандыру
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
3Нарық жағдайындағы екінші деңгейлі банктердіңэкономикалық тұрақтылығын
арттыруға бағытталған іс-шаралар
3.1.Екінші деңгейлі банктердің қызметін арттыру
мәселелері ... ... ... ... ... ...52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..66
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктер несие беру
жүйесінің негізгі буыны ретінде сипатталады. Сондай-ақ, бұл банктердің
негізгі несие орталығы ретінде несие берудің мол мүмкіндіктерін ашатындығын
білдіреді. Нарықтық қатынастардағы коммерциялық банктер – бұл активті
іскерлік банктер болып саналады және олар барлық елдердің банк жүйесінде
айрықша орын алады. Бұл банктер бүкіл экономикаға қызмет көрсете отырып,
шаруашылықтарға, кәсіпкерлерге, жекелеген тұлғаларға несиелер береді,
тұтынушыларға неғұрлым жақындай отырып, өндіріс саласы мен айналым дамуына
зор ықпалын тигізеді.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық
шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта
бөлудің банктік механизмі өндірістің обьективтік қажеттілігіне байланысты
шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік
туғызады.
Жалпы, коммерциялық банктер клиенттер үшін бүкіл операциялық
қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап буыны ретінде
қатысады.
Сондықтанда, Қазақстандағы коммерциялық банктердің қалыптасу және
даму ерекшеліктері нарықтық экономиканың басты жүйелі әлементтерінің бірі
ретінде тақырыбында дипломдық жұмысты таңдауыма себеп болды.
Кез келген коммерциялық банктің жұмысы, негізінен, қаржы нарығында
орындалатын операцияларға негізделеді. Осы жерде оның клиенттер санын
көбейту және сақтау, болашаққа, жеке және заңды тұлғаларға қаржылық қызмет
көрсетудің орталығына айналуға деген оның ұмтылысы туындайды. Сондықтан
клиентін ұстап тұру үшін банк нақты қажеттіліктерді қанағаттандыруға
бағдарлануы тиіс.
Бүгінгі күні, коммерциялық банктер өздерінің дәстүрлі базалық
қызметтері негізінде жұртшылық арқылы қабылданады, олар клиенттерге сан
алуан қаржылық қызметтер көрсетеді, трасталық операциялар жасайды,
клиенттер үшін бағалы қағаздар сатып алады, қозғалмайтын мүлік пен кепілдік
міндеттемелерді басқарады.
Бұл тақырыпты таңдаған себебім: қазіргі нарықтық экономикада
Қазақстан банктерінің құрылуы мен олардың дамуымен халыққа қызмет етуін
және көптеген операцияларының жүргізілуін, олардың атқаратын қызметтерінің
маңызын білу болып келеді.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұны мен
дәйектілігін анықтаған келесі міндеттерді шешу қажет:
- коммерциялық банктердің экономикалық қажеттілігін теориялық
негіздеу;
- екінші деңгейлі банктердің қаржы нарығында атқаратын
қызметтері мен операцияларын айқындау;
- коммерциялық банктердің экономикалық тұрақтылығының нарық
талабына сай қамтамасыз етлуін талдау;
- нарықтық экономика жағдайындағы коммерциялық банктердің
өтімділігі мен төлем қабілеттігін сипаттау;
- коммерциялық банктердің ұйымдық-құқықтық ұйымдастырылу
ерекшеліктерін анықтау.
Диплом жұмысының құрылымы қысқартылған сөздер тізімі мен кіріспеден,
үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарауда коммерциялық банктердің экономикалық мәні мен
тиімділігі, сонымен қатар банктердің пассивтік операциялары мен
ресурстарының атқаратын ролі және активтік операциялардың экономикалық
қажеттілігі қарастырылады.
Екінші тарауда Қазақстанның банк жүйесіндегі коммерциялық
банктердің атқаратын қызметі сипатталып, банк қызметін реттеу әдістері
талданады.
Үшінші тарауда нарық жағдайындағы екінші деңгейлі банктердің
экономикалық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар қарастырылып,
коммерциялық банктердің қызмет ету аясын нарыққа сай жетілдіру жолдары
сипатталады.
Несие жүйесінің негізгі буыны, коммерциялық бастауларда қаржы
қызметтерінің кең ауқымын көрсететін және тікелей халық шаруашылығына
қызмет көрсететін, дербес банк мекемелерінің тармақтарынан тұрады. Бұл
коммерциялық, кооперативтік және меншік банктер коммерциялық банктердің
жалпы атауынан банктік заңдылықтарда бірлескен.Коммерциялық банктер, меншік
формасы бойынша мемлекеттік, акционерлік, кооперативтік болып бөлініп және
жарналық негіздерде ұйымдасады. Коммерциялық банктер меншік формаларға
қарамастан экономиканың дербес субъектілері болып саналады. Олардың
клиенттермен қатынасы коммерциялық сипатқа ие. Коммерциялық банктердің
негізгі қызмет көрсету мақсаты – неғұрлым көп пайда алу.
Коммерциялық банктер мәртебесі, мақсаты және бағыттары бойынша теңдей
емес, дегенмен барлық банктердің балансының және оның құрылымының болуы;
негізгі қызметтер мен операциялардың сипаты, өзінің қызметінен кірістер алу
сияқты орталық негіздері бар.
Коммерциялық банктер сондай-ақ несие беру жүйесінің негізгі буыны
ретінде сипатталады. Бұл банктердің негізгі несие орталығы ретінде несие
берудің мол мүмкіндіктерін ашатындығын білдіреді. Банк жүйесінде несиені
орталық банк, екінші деңгейдегі банктер, арнаулы несие институттары береді.
Нарықтық экономика жағдайындағы коммерциялық банктер – бұл активті іскерлік
банктер болып саналады және олар барлық елдердің банк жүйесінде айрықша
орын алады. Бұл банктер бүкіл экономикаға қызмет көрсете отырып,

Нарық бәсекесі жағдайында әрбір банк өзінің басымдықтарын айқындайды,
өзіне несие жүйесінің негізгі буыны ретінде бекітеді.
Диплом жұмысының ақпараттық негізі болып, ҚР Президентінің жыл сайынғы
Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Ұлттық Банкісінің, Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің, Қаржы нарығын бақылау және реттеу
бойынша Агенттігінің, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі
Агенттігінің нормативтік актілері мен статистикалық мәліметтері табылады.
Сонымен қатар, отандық және шет елдік экономист-ғалымдардың банк саласына
байланысты жазған еңбектері, сондай-ақ, Банки Казахстана, Ақиқат, Аль-
Пари, Қаржы-қаражат атты мерзімді басылымдар дипломдық жұмысты жазу
барысында пайдаланылды.

1.1. Нарықтық экономикадағы банктердің ролі, олардың дамуы
Банктің пайда болу тарихы, қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуымен
және саудалық мәмілелердің, төлемдердің өсуімен тығыз байланысты.Адам
қоғамы дамуының бастапқы кезеңіңде ақша орнына, маңызды тұтыну бұйымдары
пайдаланылған (астық,мал,аң терілері,т.б) яғни, тауарлы – ақша
болған.Айырбастау операцияларының өсуі осындай ақша баламасын жинау
қажеттігін туғызды.
Ежелгі Шығыс елдерінде осындай тауарлы ақшаны сақтаудың сенімді жері,
діни ғимараттары – храмдар болды.Ол мемлекеттің сақтандыру қоры болды,
яғни елдің басқа елдер мен халықтармен айырбастауға арналған барлық
өнімдері жиналатын болған. Храм шаруашылықтарының орнықтылығы оларға
ғасырлар бойы орын алып келген халықтар мемлекеттің сенімділігіне
негізделген.Оның салыстырмалы тұрақтылығы ақша айналымын қолдауда
маңызды жағдай болды.Осы тұрақтылық храмдарға ақша операцияларын
жүргізуге, тауарлы ақшаны сақтауға мүмкіншілік берді.Тауарлы ақшаның
табиғи бұзылуы, бағасының төмендеуі оларды жаңартып отырудың қажеттігі,
храмдарға ақша айналымын реттеу атқарымын жүктеді.Өз кезегінде, бұл
атқарымды орындау қосымша ақша операциясын жүргізуді талап етті: есептеу
және есеп айырысу.Шығыстың храмдық шаруашылықтарының тауарлы ақшаның
сақталуын қамтамасыз еткені, банк құрудың алғашқы қадамы болды.
Есептеу, есеп айырсу операциялары салмақ өлшемімен жүргізілетін
болды,яғни үлкен көлемді тауарлы ақшаны жинақтау,сақтау,есептеу,сұрыптау
қиынға түсетін болды.Бірте-бірте жалпыға бірдей лайықты етіп тауар металл
түрінде болды(мыс,қола,күміс,алтын).Күміс пен алтын іріктеліп шықты,
олардың басқа металдардан ерекшелігі:ықшамдылығы, құны жоғары, ал көлемі
кішкентай,сырты орталықта орнықты.Осындай әртүрлі ақша операциялары Ежелгі
Грецияға, Римге, орта ғасырларда Европа елдеріне тарады.
Қазақстанда банк мекемесі ХIХ-ғасырдың аяғында пайда болған.Олар
қазыналық палаталар түрінде,1860 жылы құрылған Ресейдің мемлекет банкісінің
бөлімшелері түрінде шықты.
Осындай бөлімше ең бірінші болып Орал қаласында ашылған (1876жылы),
Петропавл қаласында (1886жылы), кейін Семейде (1887жылы)ашылған.
Қазан революциясына дейін Верныйда Петербург қаласындағы коммерциялық
банктердің бірнеше бөлімдері мен бөлімшелері болған.1987-1990 жылдары
Кеңес Одағының банк жүйесінің реформалары болды.1987 жылғы банк реформасы
банк жүйесінің құрылымын, оның жұмысының мазмұнын, әдістерін жетілдіру
мақсатымен басталған.
ТМД-ның басқа елдеріндегідей жаңа банк жүйесі Қазақстанда да тәуелсіз
елдің қажетті құрылымы, қажетті атрибуты ретінде 1991-1993 ж.ж арасында
қалыптаса бастады.
Нарықтық қатынастарға ауысудың бастапқы кезеңінде банктер
коорперативтік, коммерциялық жеке меншіктік, бірлескен банк болып
құрылды.Оның үстіне жаңа құрылған нарықтық банктер бұрынғы мемлекеттік
мамандандырылған банктер жүйесімен қатар істеді.Кейіннен барлық екінші
дәрежелі банктер ашық немесе жабық акционерлік банк болып қайта құрылды.
1999 жылдың басында Қазақстанда 76 екінші дәрежелі банк істеді.Оның
ішінде 1 мемлекетаралық 6-мемлекттік 20 шетелдік капитал мен бірлескен
банктер болды. Бұл 1994 жылы істеген банктердің тек 33%.
1997 жылдан бастап Ұлттық банк барлық екінші дәрежелі банктерден
халықаралық стандартқа сәйкес болуды талап ете бастады.Сол үшін көптеген
көрсеткіштер бекітілді.Ұлттық банк жоғарыда көрсетілген 76 банкті үш топқа
бөлді.Бірінші топқа ең ірі, негізгі қорлары 1,0 млрд.теңгеге жеткен 29 банк
енді, екінші топқа көрсеткіштері орташа, бірақ 2000 жылдың басына дейін
негізгі қорды 1 млрд. Теңгеге жеткізуге мүмкіншіліктері бар 31 банк
енді.Қалған 16 банк ешқандай келешегі жоқ, жабылуға тиісті банктер болып
танылды.Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстанда банктердің саны жылдан-жылға
кеміп келеді (2000 жылдың басында 56 банк, 2006 жылдың басында 34 банк
қалды).
Ресей Академигі О.И.Лаврушин банк жөнінде : “Банк ақшалай, несиелік
және қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақшасыз, есеп айырсу операцияларының
жиынтығын бір орталыққа шоғырландырылған ақша шаруашылығының даму
сатысы.Банк басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім
шығаратын айрықша кәсіпорын.Ол тек тауар емес, ерекшк тауар- ақша және
есеп айырсудың құралдарын шығарады”.Банк- ақша, несие институты, барлық
қолма-қол және қолма- қолсыз нысанда жүзеге асырылатын төлем айналымының
реттеушісі.
Әкімшіл-әміршіл жүйесінде банк мемлекеттің оларға үстемдік жасауымен
сипаттандырылады.Банктер экономиканы басқарудың құралы бола тұра, өзінің
қызметін тек мемлекеттік мүддені қорғауға бағыттайтын.Барлық ақша-несие,
қаржы ресурстарын банктер арқылы мемлект тарататын.Банктерде ешқандай
дербестік болмайды,тіпті, олар пайда табуға да мүдделі болмайтын.Өйткені,
пайдаларының барлығы дерлік, мемлекеттік бюджетке алынатын, ал оларға ең
керектісібелгіленген мөлшерде ғана қалдырылатын.
Нарықтық экономикада керісінше, мемлекеттің банктерге үстемдігі
жоқ.Банктерге әртүрлі меншік нысандары бар.Кез келген заңды немесе жеке
тұлғалар банк ашып алуға құқықты.Қолма-қол немесе қолма-қол емес ақшаларды
айналымға шығару атқарымы бөлінген.Қолма-қол ақшаны айналымға Ұлттық банк
шығарады,қолма-қол емес ақшаны – екінші дәрежелі банктер шығарады.Қолма-
қолақшамен қолма-қолсыз ақшасыз есеп айырсудың арасында ешқандай шек
жоқ.Қазіргі банктер тек өзінің акционерлеріне, сайлаған қадағалаушы
кеңеске, басқармаларға бағынады.
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер.Себебі,масштабы және маңызы
жөніне несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банк
италиян сөзі bank- орындық, айырбас орындығы айырбас орныдегенді
білдіреді.Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда
құрылады.Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әртүрлі
монеталарымен жасалған.Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда
капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды
әртүрлі елдің ақшаларына айырбастауға мамандандырып отырған.Уақыт өте келе,
айырбастаушылар бұл салымдарды, ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу
үшін пайдалана бастайды.Айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге
айналады.Банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне
біртіндеп есеп айырсу қызметін де көрсетті.Есеп айырысулар банктердегі
салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы
жүргізілді.Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс
қалмады.Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті.Банктің ерекше
кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен
өзара ажыратылады, ол қызмет көрсету аясында шағын және күрделі несие
береді.
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.Банктердің және тауарлы ақшалай қарым-қатынастардың
дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз
байланысты.Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі
басқарумен тікелей байланысты болды.Одар ұдайы өндіріс үрдісіне
қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады.Осы
кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын,
халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде боаған басқа да бос
ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына
береді, ақшалай есеп айырылсу жүргізеді және экономика үшін басқа да
көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен
қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.Өз
қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен
міндеттемелерді жасады.Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит
деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа
талап қойды.Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық
делдалдықтың негізін құрайды.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық
қаржылық капитал арқылы нақты басқарады.Банктер шаруашылық өмірдің
орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні.Экономиканы басқару органы
ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк
ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады.Банктер
басқарудың экономикалық әдістері несиелеу арқылы экономикалық әртүрлі
буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әртүрлі несиелермен
немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет
етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз
қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін
айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында
қайтармағандығы үшін жоғары пайыз дарды алумен өзінің мүддесін ғана емес,
бұл операцияға қатысушылардың да мүддесін қорғайды.Банктер өз қызметтерін
орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар,
компания,фирмалар)және аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен
өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.Банктердің айналасында өздеріне әрбір
банктерді таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады.Олар басқа
жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін
опрацияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа
мүмкіндіктер ашылуда.Меншікті жекешелендіру мемемлекетсіздендіру
нәтижесінде жеке меншік,меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері,
кооперативтік кәсіпорындар құрылуда.Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша
экономикада, қоғамда банктердің экономикалық ролі күшеюде.
1.2. Банктердің іс - әрекетін, олардың атқарымы мен маңызын ашу
Банкілерді ашу, тіркеу, іс-әрекетін тоқтату Банкілер және банк іс-
әрекеті заңында қаралған.Қазақстан Республикасының территориясында банк
құру туралы рұқсат Ұлттық банк арқылы беріледі. Ұлттық банк рұқсат берер
кезде бір қатар банк операцияларын орындауды көздейді. Банк ашу үшін рұқсат
қағазын алу үшін келесідей құжаттар дайындалады:
- Рұқсат беру туралы арыз;
- Экономикалық мінездеме;
- Іс жоспары (алда келе жатқан 2-3 жылдық жорамал туралы
толық ақпарат);
- Банкінің төрағасы мен бас бухгалтерінің кәсіби жарамдылығы
туралы мәлімет;
- Құрылтайшылардың құжаттары;
- Құрылтайшылардың келісім шарты;
- Банк басшыларын бекіту туралы протакол және банк уставын
қабылдау туралы мәлімет;
- Жарғылық қорға салынған қаражат туралы құжат.
Банк заңды тұлға статусын тек ұлттық банкіден тіркеуден өткеннен кейін
заңды тұлға деп есептеледі.
- Егер құрылтайшылардың келісім-шарттарымен жарғы заңға
қайшы келсе;
- Банк басшыларының кәсіби жарамсыздығы;
- Ұсынылған ақпараттар сенімсіз болса;
- Экономикалық норматив жиі орындалмаса;
- Банк банкрот болған жағдайда немесе жарғылық қорға
салынған қаражат.
Банктің жабылуы құрылтайшылардың шешімімен және Ұлттық банкінің ұсынысымен
жабылады. [ 4,16б.]
Банктің атқарымы олардың жүргізетін операцияларына байланысты. Банк
атқарымының үш түрі бар: оның біріншісі, кәсіпорындардың және жеке
тұлғалардың уақытша бос ақшаларын олардың банктегі шоттарына, депозитке,
әртүрлі салымдарға шоғырландыру болып табылады. Осы кезде банктер
кәсіпорындарға, жеке тұлғаларға несие беру үшін тиісті ресурстар жинайды.
Ал басқа субъектілер де маңызды шараларын іске асыру үшін қаржы жинаулары
мүмкін, бірақ мұндай ақша жинау мен банктің ақша шоғырландыруының арасында
көптеген айырмашылық бар: біріншіден, банк өз ақшасы емес басқалардың
уақытша бос ақшасын жинайды; екіншіден, банк жинаған ақшасын өзінің тікелей
қажетіне жұмсайды, ал клиенттерге тұтынуға береді; үшіншіден,
шоғырландырылған ақша банктің меншігі бола алмайды, оны банкіге салған
субъектілердің меншігі болып қала береді; төртіншіден, басқа заңды не жеке
субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру, банкке заңды
түрде бекітілген құқық.
Банктің екінші атқарымы болып – ақша айналымын реттеу болып табылады.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің, елдің төлем айналымы банктер
арқылы өтеді. Ол үшін банктер әртүрлі төлем құралдарын шығарады, несиелер
береді. Осының нәтижесінде ақша айналымы Заңмен бекітілген құқығы.
Банктің үшінші атқарымы – делдалдық. Банктер өнімін немесе қызметін
сатушы мен оларды сатып алушының ортасында, олардың тапсырмасы мен әр түрлі
төлемдерді іске асырушы болғандықтан, олардың жұмысы делдалдық болып
көрінеді. Банктің делдалдық жұмысы несиелік ресурстарды шаруашылық
жүргізуші субъектілердің арасында, олар мен халық арасында, шаруашылықтың
әр түрлі салаларының арасында ауысып жүруінен көрінеді және олардың тиімді
пайдаланылуы мен барлық шаруашылықтың қызметтерінің жақсаруына үлкен әсер
етеді, өйткені олардың біреулері бос ақшасын банкіге салып, олардан процент
түрінде сыйақы алады,ал екіншілері, уақытша қосымша қаржыға қажеттігін
банкіден алған несиемен жауып, өндіру мен өткізу процесстерінің
үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Банктің маңызы. Банктің мазмұны мен атқарымдары оның экономикадағы маңызын
көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндетке байланысты :
Өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етеді, бос
капиталды, ресурстарды шоғырландыру; ақша айналымын реттеу.
Уақытша бос ресурстарды шоғырландыру атқарымынан көрінгендей, банктер
бір жағынан уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан,оларды
басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж,шаруашылық жүргізетін субъектілерге
беруші.Банктер уақытша бос ақшаның ағымын жинастырып, ақша ресурстарының
орасан зор ағымына айналдырады.
Банктердің ақша қаражатын шоғырландыру,оларды қайта бөлу өндіріс пен
айналымның үздіксіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы
өндірістің процесін жеделдетеді. [5,10б.]
Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайында шағын және орта бизнестердің
ауыл шаруашылық өндірістердің дамуы маңызды. Банктің сан жағынан
бағалағанда көптеген салаларға қанша несие бергендігіне көңіл аудару қажет.
Ресми деректерге сүйенсек, жылдың басында барлық экономикаға салынған банк
ресурстарының ос мақсатқа берілген.Банктің берген несиесі үлкен сомада,
бірақ бұл соманың басым көпшілігі сатып алу, қайта сату, (коммерция) үшін
беріліп, өнім өндірушілер қаржы жағынан тапшылық көріп жатса, банктің ел
экономикасын дамытудағы маңызын төмен деуге болады.
Егер банктің маңызын сапс жағынан қарастырсақ, оның әрекеттерінің елдің
және бөлек субъектілердің экономикасының өсуіне қандай дәрежеде ықпал
еткенін бағалау керек. Мысалы, банкіден алған несиені пайдаланудың
нәтижесінде Отандық өндірушілер қанша,қандай сапада өнім шығарады, қанша
жұмыс орнын құрды, халыққа және шаруашылықтарға керекті өнімдер қаншаға
өсті, банктің несиесін және қызметтерін пайдалану кезінде қанша пайда түсті
деген мәселелерді қарау керек.
Банктің төлем құралдарын шығару ақша бірлігінің тұрақтылығына,
өндірістің тиімділігіне әсер етеді. Ол осы жағдайда банк міндеттемесіне
айналады.Банк айналымға ақша шығара отырып,оның бүкіл өндіріске және
айналымға қалай ықпал ететіні мен байланыстыру керек. Өйткені,айналымға
артық ақша шығып кетсе, ұлттық ақша бірлігінің сатып алу қабілеті
кемиді,инфляциялық ахуал тууы мүмкін, капитал мен жиналған құндылықтардың
құны төмендейді, ал айналымдағы ақша жиынының жеткіліксіздігі өндірілген
өнімді өткізуді қиындыққа апарады, өйткені төлем құралы жетіспегендіктен
оны сатып алушылар уақытында төлей алмайды, соның салдарынан өндірісті
қысқартуға тура келеді, ал оның салдарынан жұмыссыздық пайда болады.
Сонымен банктің жұмысынан ақша бірлігінің тұрақтылығы тәуелді, ал мұның өзі
банк жұмысының,оның экономикадағы міндеттеріне сәйкес екенін дәлелдейтін
маңызды компоненті. Банк әр уақытта да несиені көбірек беруге ұмтылмайды.
Өндірістің даму бағытын, нарықтың жағдайын ескермей есепсіз берілсе,
өндірісте де, банктің өз жұмысында да жағымсыз жағдайлар тууы мүмкін.
Сондықтан несиенің қайтпай қалу қаупі банкті сабырлы несие саясатын ұстауға
мәжбүр етеді.
Дегенмен, банктің неге арналғандығын ұмытпау керек, өзінің
жеке мүддесін, бүкіл қоғамның мүддесімен байланыстыруы керек.
Сондықтан Қазақстан экономикасының осы уақытқа дейін (тәуелсіздік
алғанымызға 15 жыл өтті) дағдарыстан толық шығып кете алмай отырғаны,
тікелей банктердің жұмысымен байланысты деуге болады. Оларды бүгінгі күнгі
экономикадағы маңызы өте төмен, ішкі мазмұндары, экономикалық субъектілер
ретінде, неге арналғандығына сәйкес келмейді. Көптеген банктердің жабылып
жатқанының бір себебі осында. Өйткені арам айла амалдардың жолы қысқа,
ұзаққа бара алмайды.
“Банктер өндірістің экономикалық субъектісінің бірі бола тұрып, өзі
өсіп,өркендеп келе жатқан елдің, қоғамның азаматы”.
Банктің атқаратын қызметтерін төмендегідей топтастыруға болады:
• Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына
айналдыру.
• Кәсіпорындарға, мемлекетке,жеке адамдарға несие беру, бағалы
қағаздармен операция жүргізу.
• Ақша айналымын реттеу. Банк әртүрлі шаруашылық субъектілерінің төлем
айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы
клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік
туғызады.
• Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша
бос ақша қаражаттарымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік
чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді.
• Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және
эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға)
құқы бар Орталық банк. Бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі. Оның
негізгі мақсаты айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ақша
белгісін сату және банк жүйесінің несие есеп, эмиссиялық жұмысын басқару.
Ол елдің екі деңгейлі банк жүйесінің жоғарғы деңгейіндегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға
құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық,
инновациялық, ипотекалық банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге
көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал
басқа банктер бір екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа
ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады,яғни олар облигация,акция және
басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып,кецін ұзақ мерзімге қарызға
береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық
банктер технологиялық жаңалықтарды өңднуді және оны игеруді несиелейді.
Ипотекалық банктер жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке
алып,ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация,акция және басқа
бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинайды.

2.1. Екінші деңгейлі банктерінің атқаратын қызметін ұйымдастыру және
бақылау
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995
жылы 30 науырызда қабылданған Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі және
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған қазақстан Республикасындағы банктер
және банктік қызмет туралы Қазақстан республикасының заңдарын басшылыққа
алады.
Коммерциялық банктер – банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді.
Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға
кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге
асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап
қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің не бары он төрт жылдық
тарихы бар.
90 – шы жылдың басында банктердің саны 200 – ден асты, әрине бұл,
олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен
бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің инсенситвтік өсуімен
байланыстыруға болады.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық
банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін
лицензияны дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы банк қызметінде мемлекеттік органдар
банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, иполтекалық
қызметтерді жүзеге асырады жэәне т.б. қазақстандық банктер бағалы
қағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа
Қазақстан Республикасы Ұлттық банктен валюталық лицензия оларға өз
қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен
корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай – ақ дамыған шет елдерде
филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы
металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан республикасы
Ұлттық банкі лицензия береді.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған Қазақстан республикасындағы
банктер және банктік қызмет туралы Қазақстан республикасының заңына
сәйкес қазақстан республикасында банкті ашу немесе оның қызметін
ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3) Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу;
Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашуға рұқсат алу
өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
▪ Рұқсат алу үшін беретін өтініш;
▪ Құрылтайшылық шарт (түп нұсқа);
▪ Банктің дағдарысы (түп нұсқа);
▪ Банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы
хаттама;
▪ Құрылтайшылар туралы мәліметтер (Ұлттық банктің белгілеген
тізімі бойынша);
▪ Құрылтайшылардың соңғы еселік жылдағы бухгалтерлік балансы
(заңды тұлғалар үшін);
▪ Құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық
қорытынды;
▪ Егер бір немесе одан да көп құрылтайшыларды Қазақстан
республикасының резидент болмаса, ондай жағдайда сол
мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан
жазбаша келісім қажет;
▪ Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда: оның жарғысы,
құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған
бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы
аудиторлық қорытынды;
▪ Банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар
туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас
бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардың
орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші
жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде – бір жылдық еңбек
тәжірбиесі болуы және т. с. с.;
▪ Жаңадан құрылғн банктің толық ұйымдастырылу құрылымы
(банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс);
▪ жаңадан құрылатын банктің бизнес – жоспары болу керек, оның
ішінде; банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы,
қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық
(операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы
есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру),
еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары);
▪ тапсырылған бизнес - жоспарына сәйкес дайындық шарлары
туралы құрылтайшылардың есебі;
▪ нотариальдық түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан
өтініш беруге құзыретінің барлығын растайтын құжаттың;
▪ басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы
мәліметтер.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде
алты ай мерзімі ішінде Ұлттық банкте қаралады.
Ұлттық банк ашуға рұқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді.
Екінші кезеңде, жаңадан құрылатын банк Ұлттық банк рұқсат берген
күннен бастап, бір ай ішінде әділет Министрлігінде банк мемлекеттік
тіркеуге алынады. Оған, Ұлттық банк ашуға берген рұқсатын және, Ұлттық
банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде, банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Ұлттық
банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен
күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
- ұйымдастырушылық – техникалық шараларды орындау, оның ішінде:
Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал –
жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
- жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды
орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан
бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі
шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі
көрсетіледі.
Аталған заңның 30 – бабына сәйкес операцияларға мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу
және жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу
және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және
жүргізу;
- кассалық операциялар, банкнота мен монетаны қабылдау, беру,
қайта санау, айырбастау, ұстау, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен
байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін
және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару
шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент – банктердің
тапсырмаларына байланысты олардың банктік шоттары бойынша есеп
айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім (траст) операциялары: сенім білдіріушінің тапсырмасы бойынша
және оның мүддесіне сай, ақшасын құйма бағалы металын және бағалы
қағаздарын басқару;
- клиринигтік операциялар; төлемдерді жинау, тексеру және растау,
сондай –ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және
клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтік операциялар; клиенттердің құжаттары формада шығарылған
бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін
көрсету, сондай – ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
- ломбардтық операциялар; тез іске асатын бағалы қағаздар мен
жылжымайтын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнота мен монеталарды және бағалы заттарын инкассациялау және
жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдер, басқаларын);
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепіл - хаттарды
беру;
- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін
банктік кепілдеме беру.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін
жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
- брокерлер – мемлекеттік бағалы қағаздармен;
- дилерлік – мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздарымен;
- кастодиандық;
- клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді
(бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.
Сонымен қатар, Қазақстан республикасындағы екінші деңгейдегі банктер
өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ –
кассаларын, сондай – ақ еншілес банктерін Аша алады.
Банктің филиалы - филиал туралы ережеде немесе лицензияда
көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің
дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік
мекеме.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің
келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:
- Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;
- Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы
ереже;
- бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы
мәліметтер.
Шетелдік банктердің Қазақстан Республикасы аумағында филиалдарын
ашуға заңмен тиым салынады.
Банктің өкілдігі - банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни
банктің тапсырмасы мен және оның атынан әрекет ететін банктің
орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын
банктің құрылымдық бөлімшесі.
Банк өкілдігі Ұлттық банктің келісіммен ашылады. Шетелдік банкктер
өкілдіктерін ашу үшін Ұлттық банкке мынадай құжаттарын тапсырады:
- өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;
- өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;
- Қазақстан Республикасы аумағында өкілдік ашу туралы өтініш
жасаушы банктің шешімі;
- өтініш жасаушы банктің банктік қызметін жүргізуде арналған
лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау
органының жазбаша расталымы;
- аудиторлық ұйым куәландырылған өтініш жасаушы банктің соңғы
қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;
- өтініш жасаушы банктің Қазақстан Республикасы аумағында өкілдігін
ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банкті қадағалау
органының жазбаша хабарламасы;
- өкілдікке жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі
туралы мәліметтер;
Еншілес банк – жарғылық капиталдың елу пайзыдан астамы бас банкке
тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға.
Есеп айырысу – кассалық бөлімі (жинақ кассасы) – Қазақстан
Республикасы аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін
орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға немесе
Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтық
бөлімшесі.
Қазақстан республикасының ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктерді
ашуға берген рұқсаты мынадай негіздерге байланысты қайтарып алу
мүмкін;
- банк тарапынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы шешім
қабылдау;
- банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк
қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам
уақытқа дейін банк операцияларын жүргізіп лицензиясын алмаған жағдайда;
- банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген
операцияларды жүзеге асыруы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін
жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеуі;
Қазақстандық тәрбиеде басқа дамыған шетелдік тәжірбиелер сияқты
жарияланған жарғылық капиталдарын төлеген жарғылық төленген капиталдан
айырмашылық болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес, банк
тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50 % - да кем емес
бөлігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа
да материалды бағалылыққтар мен (ғимарат, техникалар, автокөлік)
төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50 % -ға жуығы жыл бойына
салынуға тиіс.
Жарияланған жарғылық қордың 50 % - ның ақшалай түрдегі сомасы сол
банктің корроспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдық бағалықтары
бірлескен түрде бағалауына байланысты банкті құрушы акционерлердің
жалпы жиналысындағы акті бойынша қабылданады.
2.2. Банктік қадағалау әдістері мен банк қызметін пруденциалдық реттеу
Экономикаға мемлекеттің араласукөлемінің қысқаруы және қаржылай
ырықтандырылудың орын алуы, еліміздегі банк жүйесінің тұрақтылығы мен
өміршеңділігіне ықпал етері сөзсіз. Бірақ бұл жерде банк мекемелерінің
қаржы дедалдары ретінде халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын тартып,
оларды тұтынышылар арасында орналастыратын ескерсек, банктердің тұрақтылығы
туралы мәселені мемлекеттің назарынан тыс қалдыру дұрыс емес. Сондықтан
дамыған елдер тәжірибесінде кеңінен қолданылып отырған банк жүйесінің
қызметін мемлекет тарапынан қадағалау және реттеу қажеттігі туындайды.
Жалпы банктік қадағалаудың қажеттігінің мынадай негізгі себептерін
бөліп атауға болады:
– банк жүйесіне деген қоғамның сенімділігін қамтамасыз ету, сол арқылы
банктердің салымшыларының, несие берушілерінің және акционерлерінің
мүдделерін қорғау;
– банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, олардың банктік
заңдылықтарды және нормативтік актілерді бұзу жолдарының алдын алуға
бағытталған инспекциялық тексерулер жүргізу;
– сырттай (қашықтан) және іштей тексерулер негізінде банктің басынан
кешкен мәселелерін және оның себептерін анықтап, сондай-ақ оларды қалпына
келтіруге байланысты нақты шаралар қолдану және ұсыныстар жасау.
Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу 2004 жылға
дейін Ұлттық Банктің Банктік қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асты.
Қазіргі кезде 2003 жылдың шілде айында қабылданған Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы Қазақстан
Республикасы Заңына сәйкес, елімізде банктік қадағалауды жаңадан құрылған
мемлекеттік өкілетті орган – Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау
және реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі жүзеге асырады. Бұл
орган тек қана банктерге қадағалау жүргізбейді, сондай-ақ өзге де қаржы
ұйымдары мен жалпы қаржы нарығының қызмет етуіне қадағалау жүргізеді.
Банктік қадағалау – бұл банк қызметіндегі қандай да бір ауытқуларды
білу мақсатында бақылауды сипаттайды.
Банктік қадағалаудың басты міндеттерінің бірі – бұл банктердің қызметін
реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік
сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал, ол міндетті шешуде банк
-тердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану
мәселесі туады.
Бұл қашықтан (дистанционды) қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.
Қашықтан (сырттан) қадағалау әдісі – бұл банктердің қадағалау орган
-дарына мәліметтер беру түрінде жүргізілетін пруденциялық қадағалау әдісі.
Қашықтан қадағалау тетігі 1-суреттегі тәртіпте жүзеге асырылады.
Қашықтан қадағалау
Ақпараттық есеп Қаржылық Салыстырмалы
беру базасы талдау топтық талдау
Капиталды Өтімділікт Активтер сапасын Табыстар мен
талдау і талдау талдау шығыстарды
талдау
Қашықтан талдау CAMEL жүйесі
нәтижесі бойынша бойынша тәуекелді
ұсыныстар бағалау
1-сурет. Қашықтан қадағалау тетігі.
Ақпараттық есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын
ақпараттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен
қаржылық есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік
деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған
қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір
кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке
бір банктердің қызметінің мандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық талдаудың мақсаты – енді пайда болып келе жатқан мәселелерді
қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Мұндай мәселелерді айқындау
банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да
ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен
аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық
ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.
Қашықтан талдау жүргізетін мамандар мынадай міндеттерді шешеді:
1) Банктердің пруденциялық нормативтер мен сақтауға міндетті басқа да
нормалар мен лимттертерді, резервтік талаптар және күмәнді қарықдарға қарсы
провизияларды құру барысының орындалуын тексеру.
2) Банктердің қаржылық қызметін қарастыру, оның болашақтағы жұмысы мен
дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған ұқсас банктердің
нәтижелерімен салыстыра отырып бағалау.
Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің
қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты төмендегідей маңызды
сұрақтарды қамтиды:
1) капитал;
2) активтердің сапасы;
3) пайдалылық пен рентабельділік;
4) өтімділік.
Қаржылық талдаумен айналысатын мамандар банкік мәселелердің пайда
болуының мүмкін болар жақтарын айқындауы тиіс.
Капиталды талдау.
Капитал – банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіші болып
табылады.
Капитал жеткіліктілігі, оның табыстылығы сияқты қашықтан бақыланып
отыруға тиіс. Сондықтан банктің капитал бойынша ұстанымын жан-жақты талдау,
кез келген банкті қашықтан тексерудің маңызды элементтерін білдіреді.
Жалпы капитал жеткіліктілігі туралы өзінің ойын қалыптастыратын
талдаушы мынадай сұрақтарды ескеруі қажет:
● Банк капиталы стандарттарға жауап бере ме?
● Ең төменгі мөлшерден асқан жағдай бар ма?
● Капитал деңгейінің банктің өзіне алған тәуекелге қатынасы қандай?
● Ең төменгі стандарттармен жеткіліксіз есептеуге алынған тәекелдер бар
ма?
● Банк капиталының деңгейінің өзгеру үрдісі қандай?
Оның көбеюі мен азаюының себептері неде?
● Банк капиталының сапасы қандай?
Капиталдың кез келген бөлігін банк үшін тұрақты қаражаттар көзі деп
санамауға себептер бар ма?
Активтердің сапасын талдау. Банктің активтерінің сапасы банктік
операциялардың барлық акпектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарыз алушы
өзінің қарыздарын қайтармайтын болса және олар бойынша пайызды төлемейтін
болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал пайдасының азаюы, өз кезегінде
өтімділіктің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Таза пайданың тұрақсыздығы
банк капиталын көбейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының
нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себептердің салдарынан
бантердің төлем қабілетсіздікке ұшырауы мүмкіндігі туындайды.
Активтердің сапасын қашықтан бақылау мен талдау банктердің қызметін
реттеу тетігінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Қашықтан бақылаудың
талдаушысы банк активтерінің жалпы сапасының нашарлауы бойынша банк
басшылығына хабарлайды және инспекторлық тексеру кезінде зерттелетін
факторлардың қатарына қосуы мүмкін. Бірақ қашықтан басқарудың тиімділігі
банк беретін ақпараттардың сапалылығымен ғана шектеледі. Ал активтердің
сапасын нақты көрсететін мәліметтерді алу үшін, банкте проблемалық
қарыздарды анықтауға және оларды тиісті түрде жіктеуге мүмкіндік беретін
активтердің ішкі талдау жүйесі болу қажет. Сонымен қатар, банкл\тердің
болашақтағы активтерінің сапасы қазіргі уақытта берілетін жаңа қарыздарға
байланысты болады.
Жалпы активтердің сапасын қашықтан талдау кезінде тексеруші мынадай
сұрақтарды көрсетуі керек:
● Өткен тоқсанда банктің несие тәуекелі жағдайында ерекше өзгерістер
байқалды ма?
● Жалпы банк активтеріндегі кешіктірілген және аударылмаған активтердің
үлесі қандай?
● Банктің капиталына қатысты сапасыз активтердің деңгейі қандай?
● Өткен тоқсанда немесе алдыңғы жылда сапасыз активтер сомасының
жоғарылауы немесе төмендеуі қалай болуы мүмкін? Банктің сапасыз қарыздардың
құрылымы қандай?
● Үмітсіз қарыздарды баланстан шығару. Шығарылған ссудалардың негігі
түрлері және олардың өсуі немесе төмендеуі?
● Банктің несиелік қызметінің шығынын жабу үшін құрылған банктің жалпы
резервтерінің (провизиялар) сомасы. Банктің құрған резервтерінің
(провизиялар) жоғарылауы немесе төмендеуі?
● Ұлттық Банктің нормативті талаптарының сақталуы?
Табыстар мен шығыстартарды талдау. Капитал, банкің қаржылық жағдайының
ең маңызды көрсеткіштерінің бірі дедік. Ал капиталдың тұрақты жағдайын,
сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емес. Банк неғұрлым рентабельді жұмыс
жасаған сайын, соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толықтырып және
акционерлеріне пайда беріп отырады. Акционерлер банктің одан әрі дамуына
жағдай жасайды. Ал шығындар, банктің капиталын азайтып немесе жойып жіберуі
мүмкін. Өз табыстарын қайтара алмаған акционерлер капиталды инвестициялауды
тоқтатып, соның салдарынан банк банкротқа ұшырауы мүмкін.
Сондықтан банктің табыстарын үздіксіз қашықтан бақылау қажет.
Банк табысын талдау барысында талдаушы мынадай негізгі үш сұраққа жауап
береді:
● Банктің табысының деңгейі қандай? Оның деңгейі банк капиталын құруға
және қолдауға жеткілікті ме?
● Табыстардың үрдісі (тенденциясы) қандай? Қазіргі экономикалық
жағдайда оның келесі жылда жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін бе?
● Табыстардың тұрақтылығы қандай? Егер нарықтық пайыз мөлшер
-лемелерінің жоғарылаған немесе төмендеген жағдайында ол тұрақты болып
қалуы мүмкін бе?
Банк өз қызметін жүзеге асыру барысында көптеген банктік операцияларды
жүргізеді.
Операцияларды жүргізуде пайыздық, пайыздық емес және басқа да шығындар
болады. Банк осы операцияларды жүргізуге арналған ғимараттары, құрылғылары
және қызметкерлері болғандықтан, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz